UKIMET
18.2K subscribers
10.1K photos
1.73K videos
8.14K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр John Deere компаниясы өкілдерімен кездесу өткізді

📌 Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ТМД елдері мен John Deere компаниясының Орталық Азия бойынша президенті Чаба Лейкомен кездесті. Кездесу барысында локализациялау бағдарламасы, сервистік қызметті дамыту, жұмыс орындарын ашу, қазақстандық инженерлерді оқыту, сондай-ақ Қазақстанның техника мен қосалқы бөлшектерді жеткізу бойынша ТМД елдеріне арналған орталық логистика хабына айналу мүмкіндігі талқыланды.

🔷 Кездесу барысында Роман Скляр жаңа өндірістің іске қосылуы отандық машина жасау саласының дамуы мен ауыл шаруашылығы секторына заманауи технологияларды енгізудегі маңызды қадам екенін атап өтті.

John Deere — ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы. Қазақстанда оның өнімдерін локализациялау саланың дамуына серпін беретін маңызды кезеңі болады.

🔘 John Deere өндірісін локализациялау Үкіметтің ауылшаруашылық техникасы паркін жаңарту бойынша шараларын нығайтатынын атап өткен жөн.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



Первый заместитель Премьер-министра Роман Скляр провел встречу с компанией John Deere


📌 Первый заместитель Премьер-министра РК Роман Скляр встретился с Президентом компании John Deere по странам СНГ и Центральной Азии Чабой Лейко. На повестке – программа по локализации, развитие сервиса, рабочие места, обучение казахстанских инженеров и возможность Казахстану стать центральным логистическим хабом поставки техники и запасных частей в СНГ.

🔷 В ходе встречи Роман Скляр подчеркнул, что запуск нового производства знаменует важный шаг в развитии отечественного машиностроения и внедрении передовых технологий в аграрный сектор Казахстана.

John Deere – мировой лидер в производстве сельскохозяйственной техники и локализация его продукции в Казахстане станет ключевым этапом в развитии отрасли.

🔘 Важно отметить, что локализация производства John Deere усилит меры Правительства по обновлению парка сельскохозяйственной техники.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан индустрия көшбасшысымен бірге тау шаңғысы туризмін әлемдік стандарттарға сай дамытуға ниетті

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов PGI Management компаниясының президенті Джоан Виладоматпен тау шаңғысы туризмін дамытудағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді. Жиында Алматы кластеріне көңіл бөлінді.

🔷 Туризм саласының жаһандық үрдістері және оның елдер экономикасының өсуіне қосқан үлесі талқыланды. Тау шаңғысы бағыты таулы аудандар мен жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды құралы екені айтылды.

Джоан Виладомат туризмге назар аударуды ескере отырып, бірқатар елдің экономика құрылымдарын трансформациялау бойынша жобаларды іске асыру нәтижелерімен бөлісті. Бүгінгі таңда компанияда 120-дан астам жоба бар, оған Давос және Сент-Мориц (Швейцария), Куршевель (Франция), Ишгл және Тироль (Аустрия), Вейл және Аспен (АҚШ), Уистлер-Блэккомб (Канада) сияқты қысқы туристік брендтер, сондай-ақ өткен жылы келушілер саны 9,6 млн адамды құраған, 80 мың халқы бар Андорра курорттары кіреді. 60 жылдан астам уақыт бойы компания тау шаңғысы кешендерін дамытуда әлемдік көшбасшыға айналды.

✔️ Тараптар Алматы тау кластерін бірлесіп дамыту келешегін қарастырды. Бүгінгі таңда туристік ағын жылына 2 млн адамды құрайды, жалпы маусымдық 2 мың жұмыс орны ашылды. Жалпы ұзындығы 41 шақырым трассадан және 16 көтергіштен тұратын қолданыстағы инфрақұрылым күніне 6 мың адамды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте отандық және шетелдік туристер тарапынан сұраныстың артуы маусымдық туристік дестинация ретінде тау шаңғысы туризмін дамытудың мемлекеттік стратегиясын одан әрі жетілдіруді талап етеді. Талдау нәтижесіне сәйкес, трассалар ұзындығын 227 шақырымға, көтергіштер санын 58-ге дейін арттыру арқылы кластер инфрақұрылымын дамыту ағымдағы өткізу қабілетін 5,6 есеге, күніне 34 мың адамға дейін жеткізуге, 10 мың тікелей жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Осылайша, 2029 жылға қарай Алматы тау кластері жылына 7,5 млн-ға дейін турист қабылдай алады. Сонымен қатар еншілес және сервистік экономиканың дамуына тұрақты әсер күтілуде.

Инклюзия да маңызды сала ретінде аталды. Инфрақұрылымды жаңғырту балалардың қысқы спорт түрлерін меңгеруі және отбасылық бос уақытын ұйымдастыру үшін білім беру бағдарламаларын кеңінен дамытуға мүмкіндік береді.

Премьер-министр қазіргі жаһандық экономикалық жағдайда әртараптандыруға басымдық берілгенін атап өтті. Туризм саласы өңдеу өнеркәсібі, цифрландыру, көлік және логистика сияқты салалармен қатар экономикалық өсудің жаңа бағытына айналуы тиіс.

🔘 Кездесу соңында қатысушылар халықаралық стандарттарға бейімделген инфрақұрылымды жаңғырту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қазақстан индустрия көшбасшысымен бірге тау шаңғысы туризмін әлемдік стандарттарға сай дамытуға ниетті 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов PGI Management компаниясының президенті Джоан Виладоматпен тау шаңғысы туризмін дамытудағы ынтымақтастық мәселелері бойынша…
Казахстан намерен развивать горнолыжный туризм по мировым стандартам совместно с глобальным лидером индустрии

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел встречу с президентом компании PGI Management Жоаном Виладоматом по вопросам сотрудничества в области развития горнолыжного туризма. Внимание уделено Алматинскому кластеру.

🔷 Обсуждены мировые тенденции туристской отрасли и ее вклад в рост экономики стран. Отмечено, что горнолыжное направление является серьезным инструментом социально-экономического развития горных районов и страны в целом.

Жоан Виладомат поделился результатами реализации проектов по трансформации структур экономики ряда стран с учетом ориентации на туризм. На сегодня компания имеет свыше 120 реализованных проектов, среди которых такие бренды зимнего туризма как Давос и Сент-Мориц (Швейцария), Куршевель (Франция), Ишгль и регион Тироль (Австрия), Вейл и Аспен (США), Уистлер-Блэккомб (Канада), а также курорты Андорры, где количество посетителей за прошедший год составило 9,6 млн человек при населении в 80 тыс. За более чем 60 лет компания стала мировым лидером в сфере развития горнолыжных комплексов.

✔️ Стороны рассмотрели перспективы совместного развития Алматинского горного кластера. На сегодня туристический поток составляет 2 млн человек в год, всего создано 2 тыс. сезонных рабочих мест. Существующая инфраструктура из трасс суммарной протяженностью 41 км и 16 подъемников позволяет обеспечивать пропускную способность в 6 тыс. человек в день. При этом растущий спрос со стороны внутренних и зарубежных туристов требует дальнейшего совершенствования государственной стратегии развития горнолыжного туризма как всесезонной туристской дестинации. Согласно анализу, развитие инфраструктуры кластера посредством доведения протяженности трасс до 227 км, подъемников – до 58 позволит в 5,6 раза нарастить текущую пропускную способность, до 34 тыс. человек в день, создать 10 тыс. прямых рабочих мест. Таким образом, АГК к 2029 году сможет принимать до 7,5 млн туристов в год. Кроме того, ожидается устойчивый эффект по развитию смежной и сервисной экономики.

Важным направлением также названа инклюзия. Модернизация инфраструктуры позволит шире развивать образовательные детские программы по обучению зимним видам спорта, а также семейный досуг.

Руководитель Правительства подчеркнул, что в условиях текущей глобальной экономической ситуации приоритетом работы является диверсификация. Туризм наряду с такими отраслями, как обрабатывающая промышленность и цифровизация, транспорт и логистика, должен стать новой точкой экономического роста.

🔘 По итогам встречи участники выразили намерение совместной работы по модернизации инфраструктуры, адаптированной к международным стандартам.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Аптаны жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз

🔸 Заңсыз иемденілген 610 млрд теңгеге жуық активтер елге қайтарылды: Олжас Бектенов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
🔸 Үкімет отырысы:
Өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселесі, сондай-ақ су тасқынының алдын алу жағдайы қаралды:
✔️ Премьер-министр әкімдіктерге жаз мезгілінің құрғақ болуы туралы болжамдарды ескере отырып, өрт қаупі жоғары кезеңге дайындықты күшейтуді тапсырды
✔️ Олжас Бектенов мемлекеттік органдардың назарын өрттерді сөндіру кезінде жедел ден қою және өзара іс-қимыл жасау үшін мүдделі органдар іс-қимылдарының жаңа алгоритмін орындау қажеттігіне аударды
✔️ Әкімдіктерге әуе кемелерін тарту үшін жанар-жағармай материалдарының қажетті қорларын қамтамасыз ету, өрт сөндіру көліктері мен тікұшақтарға қажетті су көздерін дайындау тапсырылды
✔️ Олжас Бектенов СҚО мен ШҚО-да орналасқан су қоймалары мен нысандардағы судың деңгейін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды
🔸 Жамбыл облысына жұмыс сапары:
✔️ Олжас Бектенов мультипликативтік әсері бар бірқатар ірі жобаны жүзеге асырылуын мысалға ала отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты
✔️ Премьер-министр жаңадан қолға алынған өнеркәсіп нысандарының: толық циклді металлургиялық кешен мен жүгеріні терең өңдейтін зауыт құрылысының барысымен танысты
🔸 Премьер-министр Chevron басшысы Майкл Уиртпен мұнай газ салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
🔸 Олжас Бектенов CITIC Construction Co., Ltd. төрағасы Ян Цзяньцянмен кездесті. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды
🔸 Тау шаңғысы туризмін дамыту: Олжас Бектенов PGI Management компаниясының президенті Джоан Виладоматпен кездесті
🔸 Елімізде Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілд
🔸 Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр энергетикалық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді
🔸 Роман Скляр мен John Deere компаниясының ТМД елдері және Орталық Азия бойынша президенті Чаба Лейко Қазақстанның техника мен қосалқы бөлшектерді жеткізу бойынша ТМД елдеріне арналған орталық логистика хабына айналу мүмкіндігін талқылады
🔸 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында автомобиль және теміржолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды
🔸 Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаева Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді: Мемлекеттік тілдің рөлін нығайту мәселелері талқыланды
🔸 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауғанстанға 36 вагон гуманитарлық көмек жөнелтілді
🔸 Серік Жұманғариннің төрағалығымен Қазақстанның экономикалық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында балық өсіру шаруашылықтары мен Каспий теңізі итбалықтарының табиғи резервінің сақталуы мәселелері қаралды

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Подводим итоги прошедшей недели в воскресном дайджесте

🔸 Порядка 610 млрд тенге незаконно выведенных активов возвращено в страну: Олжас Бектенов провел заседание Комиссии по вопросам возврата государству незаконно приобретенных активов
🔸 Заседание Правительства:
Рассмотрены вопросы готовности к пожароопасному периоду, а также противопаводковую ситуацию:
✔️ Руководитель Правительства поручил акиматам обеспечить готовность к пожароопасному периоду с учетом прогнозов о засушливом лете
✔️ Олжас Бектенов обратил внимание госорганов на необходимость исполнения нового Алгоритма действий государственных органов для оперативного реагирования и взаимодействия при тушении пожаров
✔️ Акиматам поручено подготовить источники воды для водозабора и обеспечить необходимые запасы ГСМ для противопожарной работы
✔️ Олжас Бектенов поручил продолжить мониторинг паводковой ситуации в СКО и ВКО
🔸 Рабочая поездка в Жамбылскую область:
✔️ Олжас Бектенов ознакомился с социально-экономическим развитием региона на примере реализации ряда крупных проектов, имеющих мультипликативный эффект
✔️ Руководитель Правительства ознакомился со стартом строительства новых промышленных объектов: металлургического комплекса полного цикла и завода по глубокой переработке кукурузы
🔸 Премьер-министр обсудил с главой Chevron Майклом Уиртом вопросы сотрудничества в нефтегазовой отрасли
🔸 Олжас Бектенов провел встречу с председателем CITIC Construction Co., Ltd. Ян Цзяньцянем. Внимание уделено сотрудничеству в области реализации крупных инфраструктурных проектов
🔸 Развитие горнолыжного туризма: Олжас Бектенов провел встречу с президентом компании PGI Management Жоаном Виладоматом
🔸 Концепцию по продвижению в обществе идеи закона и порядка на 2025–2030 годы утвердили в Казахстане
🔸 Первый заместитель Премьер-министра Роман Скляр провел совещание по вопросам реализации энергетических проектов
🔸 Возможность Казахстана стать центральным логистическим хабом поставки техники и запасных частей компании John Deere в СНГ обсудили Роман Скляр и президент компании по странам СГ и Центральной Азии Чаба Лейко
🔸 На штабе по экономическому росту под председательством заместителя Премьер-министра - министра национальной экономики Серика Жумангарина рассмотрены инвестиционные проекты по развитию автомобильных и железных дорог
🔸 Заместитель Премьер-министра Ермека Кошербаев провел заседание Комиссии по реализации государственной языковой политики: обсуждены вопросы укрепления позиций государственного языка
🔸 В Афганистан по поручению Главы государства прибыли 36 вагонов гуманитарной помощи
🔸 Сохранность рыбоводных предприятий и природного резерва Каспийских тюленей рассмотрели на заседании штаба по экономическому росту под председательством Серика Жумангарина

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Михаил Мишустинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

🇰🇿🇷🇺 Ресей Федерациясына ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді.

🔷 Екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, оның ішінде өзара тауар айналымын $30 млрд-қа дейін арттыруға назар аударылды. Көлік-транзиттік ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, энергетика және газ, ғарыш салаларындағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

✔️ Өткен жылы екіжақты тауар айналымы көлемі шамамен 3%-ға өсіп, $27,8 млрд-қа жетті. Бизнес субъектілері 45,4 мыңға жуық жұмыс орнын ашу арқылы бірлесіп 171 жобаны іске асырады.

Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – агроөнеркәсіп кешеніндегі өзара іс-қимыл. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, екіжақты негіздегі өзара шектеулерді алып тастау нәтижесінде саладағы тауар айналымы 4,5%-ға өсіп, $3,8 млрд-ты құрады.

Көлік-транзиттік бағытта өткен жылдың қорытындысы бойынша «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізінің Шығыс тармағы бойынша жүк ағынының көрсеткіштері 2,4 млн тоннаға дейін өсті.

Тараптар өзара сауданың оң динамикасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Екіжақты сауда айналымын арттыруда және өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін шешуде Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі ерекше маңызға ие.

🔘 Келіссөздер қорытындысы бойынша өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту ниеттері расталды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Михаил Мишустинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 🇰🇿🇷🇺 Ресей Федерациясына ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин арасында…
Олжас Бектенов обсудил с Михаилом Мишустиным вопросы торгово-экономического сотрудничества

🇰🇿🇷🇺 В ходе официального визита в Российскую Федерацию состоялись двусторонние переговоры Премьер-министра Республики Казахстан Олжаса Бектенова и Председателя Правительства Российской Федерации Михаила Мишустина.

🔷 Внимание уделено практической реализации достигнутых на уровне глав государств договоренностей, в том числе по увеличению взаимного товарооборота до $30 млрд. Рассмотрено транзитно-транспортное сотрудничество, взаимодействие в области сельского хозяйства, охраны окружающей среды, энергетической и газовой, космической сферах, а также культурно-гуманитарные связи.

✔️ За прошедший год объем двустороннего товарооборота вырос почти на 3% и достиг $27,8 млрд. Субъекты бизнеса совместно реализуют 171 проект с созданием порядка 45,4 тыс. рабочих мест.

Одним из важных направлений двустороннего сотрудничества является взаимодействие в агропромышленном комплексе. По итогам прошлого года в результате снятия взаимных ограничений в двустороннем порядке товарооборот в сфере вырос на 4,5% и составил $3,8 млрд.

В транзитно-транспортном направлении показатели грузопотока по Восточной ветке международного коридора «Север-Юг» по итогам прошлого года выросли до 2,4 млн тонн.

Стороны подчеркнули важность сохранения положительной динамики взаимной торговли. Особое значение в решении широкого круга вопросов двустороннего взаимодействия и увеличения торгового оборота имеет деятельность Межправительственной комиссии по сотрудничеству.

🔘 По итогам переговоров подтверждены намерения по укреплению взаимовыгодного торгово-экономического сотрудничества.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АҢДАТПА

📍Сәрсенбі, 23 сәуір күні, сағат 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі:

• газ саласын дамыту мен цифрландыру мәселелері;
• ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілету шаралары.

📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында,
Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

- энергетика министрі Ерлан Ақкенженов,

- мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысады.

БАҚ өкілдерін аккредиттеу 22 сәуір сағат 17:00-ге дейін жалғасады (press.kpm@mail.ru электронды адрес).

📢📢 Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.



АНОНС

📍В среду, 23 апреля, в 09:00 часов в Үкімет үйі состоится заседание Правительства.

На повестке заседания вопросы:

• О развитии и цифровизации газовой отрасли;
• О мерах по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО.


📢📢 Заседание Правительства будет транслироваться в режиме онлайн на сайте PrimeMinister.kz, официальном YouTube-канале,в социальной сети Facebook, на Telegram-канале UKIMET.

По итогам заседания состоится пресс-конференция с участием:

- министра энергетики – Ерлана Аккенженова,

- министра культуры и информации – Аиды Балаевой.

Аккредитация журналистов продлится до 17:00 часов 22 апреля (адрес электронной почты press.kpm@mail.ru).

📢📢 Онлайн-трансляция пресс-конференции будет на официальном YouTube-канале и в социальной сети Facebook.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
АҢДАТПА 📍Сәрсенбі, 23 сәуір күні, сағат 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібі: • газ саласын дамыту мен цифрландыру мәселелері; • ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілету шаралары. 📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы…
📢📢 Қазақстан Үкіметінің отырысы (23.04.2025)

Күн тәртібі:

• газ саласын дамыту мен цифрландыру мәселелері;

• ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілету шаралары.



📢📢 Заседание Правительства Казахстана (23.04.2025)

На повестке заседания вопросы:

• О развитии и цифровизации газовой отрасли;

• О мерах по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО.


🎞 https://www.youtube.com/watch?v=S2RFPsN0JnA

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream started
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM