UKIMET
18.3K subscribers
10.1K photos
1.75K videos
8.18K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 Сондай-ақ Премьер-министр жүгеріні терең өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаның құрылыс алаңына барды. Инвестиция көлемі $800 млн-ды құрайды. Және өндірістік қуаттылығын жылына 1 млн тонна жүгеріден әрі қарай 3 млн тоннаға дейін ұлғайта отырып, тігінен интеграцияланған өнеркәсіп паркін құру жоспарлануда.

🔘 Жобаны биоферментация индустриясындағы әлемдік көшбасшы – қытайлық Fufeng Group компаниясы жүзеге асыруда. Өнеркәсіп кешен құрамына крахмал зауыты және үш биоферментация кәсіпорны кіреді. Зауыттан: лизин, глутамин, глутамин қышқылы, лейцин, треонин, жем және тағы да басқа жоғары қосылған құны бар өнімдер шығарылады деп күтілуде.

✔️ Өнеркәсіп паркінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін инвестор көмір жылу электр стансасы мен ағынды суларды тазарту стансасын салуды да жоспарлап отыр. Ары қарай тұз қышқылы мен сұйық аммиакты қоса алғанда, химиялық компоненттер шығаратын зауытты іске қосу қарастырылғаны атап өтілді. Негізгі нысандарды пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған. 1,5 мыңға дейін жұмыс орнын ашу көзделуде.

🔘 Олжас Бектенов бұл жобаны жүзеге асыру ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу деңгейін арттыруда, экспорттық әлеуетті дамытуда және заманауи агротехнологияларды тартуда маңызды қадам болатынын атап өтті.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 Сондай-ақ Премьер-министр жүгеріні терең өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаның құрылыс алаңына барды. Инвестиция көлемі $800 млн-ды құрайды. Және өндірістік қуаттылығын жылына 1 млн тонна жүгеріден әрі қарай 3 млн тоннаға дейін ұлғайта отырып…
📌 Премьер-министр Сарысу ауданында «Qazaq Soda» ЖШС кальцийленген сода шығаратын зауыт құрылысының барысын тексерді. Yildirim Holding атқарушы директоры Исмаил Джейлан мен «Qazaq Soda» ЖШС директоры Рамазан Ибраимов жоба туралы баяндады. 42 гектар алқапта бірінші кезеңде қуаттылығы жылына 500 мың тонна өнім өндіретін өндіріс кешені іске асырылып, кейіннен 1 млн тоннаға дейін ұлғайтылады. Жергілікті шикізат пайдаланылатын болады. Өндіріс үдерісінде қалдықтарды нөлдік деңгейде қамтамасыз ететін технологияларды қолдану жоспарлануда.

🔘 Кальцийленген сода металлургия, шыны, тамақ, тоқыма және химия өнеркәсібінде, сондай-ақ тұрмыстық химия өндірісінде қолданылады. Бүгінде еліміздің содаға деген қажеттілігі жылына 350-400 мың тоннаны құрайды. Жобаны жүзеге асыру импортты толық алмастыруды қамтамасыз етуге және ТМД елдері мен Қытайға экспортты бастауға мүмкіндік береді.

✔️ Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары 30%-ға орындалды, негізгі жабдықтарды жеткізу жүзеге асырылуда. Зауытты пайдалануға беру 2026 жылдың тамыз айына жоспарланған. Жоба аясында 1 мың жұмыс орны, оның ішінде 400 тұрақты жұмыс орны ашылады. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен $400 млн-ды құрайды.

⚡️ Премьер-министр Қазақстанды әлемдегі жетекші кальцийленген сода өндірушілердің қатарына қосатын, импортқа тәуелділікті төмендететін және еліміздің химия өнеркәсібін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын жобаны уақтылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Аталған жобаны жүзеге асыра отырып, еліміз Қытай, Түркия, АҚШ және Ресей сияқты әлемдегі жетекші сода өндірушілерінің қатарына қосылады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 Премьер-министр также посетил строящуюся площадку инвестиционного проекта по строительству завода по глубокой переработке кукурузы. Планируется создание вертикально интегрированного промышленного парка с объемом вложений $800 млн и производственной мощностью до 1 млн тонн кукурузы в год с дальнейшим увеличением до 3 млн тонн.

🔘 Проект реализуется китайской компанией Fufeng Group — мировым лидером в индустрии биоферментации. Промышленный комплекс будет включать в себя завод по производству крахмала и три предприятия по биоферментации. На выпуске ожидается продукция с высокой добавленной стоимостью: лизин, глутамин, глутаминовая кислота, лейцин, треонин, корма и т.д.

✔️ Для обеспечения нужд промышленного парка инвестором также запланировано строительство угольной теплоэлектростанции и станции по очистке сточных вод. Отмечено, что в дальнейшем планируется запуск завода по выпуску химических компонентов, включая соляную кислоту и жидкий аммиак. Ввод в эксплуатацию ключевых объектов запланирован на 2026 год. Планируется создание до 1,5 тыс. рабочих мест.

🔘 Олжас Бектенов отметил, что реализация данного проекта станет важным шагом в повышении уровня переработки сельхозпродукции, развитии экспортного потенциала и привлечении современных агротехнологий.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM