UKIMET
18.5K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.28K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Үкіметте энергетикалық жобаларды іске асыру барысы қаралды

📌 Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша Үкімет жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» АҚ бірінші басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.

💠 Жиынға қатысушылар Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО-ның, Қашаған кен орны мен Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауыттарының, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының құрылысы сияқты стратегиялық жобалардың ағымдағы мәртебесі туралы баяндады.

🔘 Кеңес барысында тиісті тапсырмалар берілді.



Ход реализации энергетических проектов рассмотрели в Правительстве

📌 В рамках проводимой Правительством работы по исполнению поручений Главы государства первый заместитель Премьер-министра Роман Скляр провел совещание с участием министра энергетики Ерлана Аккенженова, председателя АО «ФНБ «Самрук-Казына» Нурлана Жакупова, а также первых руководителей АО «НК «КазМунайгаз», АО «НК «QazaqGaz», АО «Самрук-Энерго» и АО «KEGOC».

💠 Участники совещания доложили о текущем статусе стратегических проектов, таких как строительство ТЭЦ в Кокшетау, Семее и Усть-Каменогорске, газоперерабатывающих заводов на месторождении Кашаган и в г. Жанаозен, магистрального газопровода «Бейнеу – Бозой – Шымкент».

🔘 В ходе совещания даны соответствующие поручения.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов CITIC Construction басшысы Ян Цзяньцянмен инфрақұрылымды дамытудағы ынтымақтастық мәселесін талқылады

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов CITIC Construction Co., Ltd. төрағасы Ян Цзяньцянмен кездесті. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.

🔘 Сондай-ақ ұзындығы 768 шақырымды құрайтын «Талдықорған – Өскемен» және 363 шақырым болатын «Қарағанды – Балқаш» автожолдарын реконструкциялау, Сaspi Bitum жол битумын өндіру зауытын жаңғырту бойынша бірлескен жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

🔷 Премьер-министр құрылыстың сапалы әрі уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

🔘 Өз кезегінде CITIC Construction Co., Ltd. төрағасы Ян Цзяньцян агроөнеркәсіп секторындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов CITIC Construction басшысы Ян Цзяньцянмен инфрақұрылымды дамытудағы ынтымақтастық мәселесін талқылады 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов CITIC Construction Co., Ltd. төрағасы Ян Цзяньцянмен кездесті. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы…
Олжас Бектенов обсудил с главой CITIC Construction Ян Цзяньцянем сотрудничество в сфере развития инфраструктуры

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел встречу с председателем CITIC Construction Co., Ltd. Ян Цзяньцянем. Внимание уделено сотрудничеству в области реализации крупных инфраструктурных проектов.

🔘 Обсуждены итоги совместной работы по реконструкции автодорог Талдыкорган – Усть-Каменогорск и Караганда – Балхаш протяженностью 768 км и 363 км соответственно и модернизации завода по производству дорожного битума Caspi Bitum.

🔷 Руководитель Правительства отметил необходимость обеспечения высокого качества и сроков строительства, выразил готовность к продолжению взаимовыгодного сотрудничества.

🔘 В свою очередь председатель CITIC Construction Co., Ltd. Ян Цзяньцян выразил заинтересованность в расширении сотрудничества в агропромышленном секторе и реализации совместных проектов в области глубокой переработки сельскохозяйственной продукции.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Экономиканың өсуіне жаңаша серпін: Олжас Бектенов Қордайдағы көлік-логистикалық кешен салу жұмысының барысын тексерді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, мультипликативтік әсері бар бірқатар ірі жобаны жүзеге асырылуын мысалға ала отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев негізгі экономикалық көрсеткіштер туралы баяндады. Жалпы өңірлік өнім өткен жылдың соңында 2,2 трлн теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 188 млрд теңгеге жетсе, оның 122,5 млрд теңгесі өңдеу саласына тиесілі.

Премьер-министр «Алатау» индустриялық сауда логистикалық кешенін мысалға ала отырып, өңірде экономиканың жаңа өсу бағыттарын қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді.

🔷 Қордай ауданында Қазақстан тарапындағы «Қарасу» және Қырғызстан тарапынан «Ақ-Тілек» өткізу бекеттеріне іргелес жатқан индустриялық сауда-логистикалық кешеннің (ИСЛК) аумағын аралады. Аталған жоба екі мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров қойған өзара тауар айналымын $3 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі міндеттері аясында жүзеге асырылуда. ҚР Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаев пен Қырғыз Республикасының экономика және коммерция министрі Бақыт Сыдықов жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстар туралы айтты.

Бүгінгі таңда сүт, ет, жидек және көкөніс, тоқыма, фармацевтика және басқа да өнімдер өндірісі саласындағы кооперациялық жобалар үшін инфрақұрылым құрылуда. Жаңадан тауарлар өндіру және оларды халықаралық тауар өткізу жүйелеріне тиімді интеграциялау арқылы әрі қарай сату басты мақсат болып отыр.

«Romsey Holdings KZ» ЖШС индустриялық кешен компаниясының басқарушы директоры Абзал Мыңбаев индустриялық сауда-логистикалық кешен (ИСЛК) аумағына инвестиция тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін, пластик ыдыстарды қайта өңдеу, кабельдік өнімдер мен фарфор ыдыстарын дайындайтын өндіріс орындарын ашу туралы жоспарларын баяндады. Аталған жобалар бойынша инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 40 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар ИСЛК-ті Jibek JOLY арнайы экономикалық аймағының қосалқы аймағы ретінде қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде, бұл инвестициялық тартымдылықты арттырады.
«Мемлекет басшысы таяуда өткен кеңесте ел экономикасының өсу қарқыны мен тартылған инвестиция көлемін төмендетпеу міндетін қойды. Ауқымды индустриялық сауда-логистикалық кешеннің құрылуы өнеркәсіптік өндірісті дамытуға, дайын өнімді өткізудің тиімді жүйесін құруға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта инвестициядан бастап жеткізуге дейінгі барлық тізбек бойынша белсенді жұмыс істеу маңызды. Жобаға жәрдемдесу үшін инженерлік инфрақұрылым мәселелерін мүмкіндігінше қысқа мерзімде шешу қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

💠 Сондай-ақ «KORCEM» ЖШС цемент зауытында Премьер-министр өңірдің құрылыс индустриясының дамуымен танысты. Өткен жылы іске қосылған кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1,3 млн тонна цементті құрайды. Өнімдер ішкі нарықта сатылады, сонымен қатар Өзбекстан, Ресей және Қырғызстанға экспортталады. «KORCEM» ЖШС бас директорының орынбасары Станислав Щербаков қалдықтар мен шаң жинау құрылғылардың жоғары сүзу жүйелерін қамтитын озық технологияларды өндірісте қолдану туралы хабардар етті. Зауытта халықаралық стандарттарға сәйкес DCS интеллектуалды жүйесі енгізілді. Барлық технологиялық цикл механикалық үдерістерді басқаруға мүмкіндік беретін орталық басқару пультінен жүзеге асырылады.

⚡️ Премьер-министр Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қазақстандық нарықты отандық цементпен қамтамасыз ету және экспорттық нарықтарды кеңейту ісінде зауытқа жәрдемдесуді тапсырды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Экономиканың өсуіне жаңаша серпін: Олжас Бектенов Қордайдағы көлік-логистикалық кешен салу жұмысының барысын тексерді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, мультипликативтік әсері бар бірқатар ірі жобаны жүзеге асырылуын…
Новые точки роста экономики: Олжас Бектенов проверил в Кордае работу по строительству транспортно-логистического комплекса

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов с рабочей поездкой посетил Жамбылскую область, где ознакомился с социально-экономическим развитием региона на примере реализации ряда крупных проектов, имеющих мультипликативный эффект.

Аким Жамбылской области Ербол Карашукеев доложил об основных экономических показателях. Валовый региональный продукт по итогам прошлого года составил 2,2 трлн тенге. Объем промышленной продукции достиг 188 млрд тенге, из них в обрабатывающем секторе — 122,5 млрд тенге.

На примере индустриального торгово-логистического комплекса «Алатау» Премьер-министр проверил проводимую в регионе работу по формированию новых точек роста экономики.

🔷 В Кордайском районе посещена территория индустриального торгово-логистического комплекса (ИТЛК), прилегающего к пунктам пропуска «Карасу» со стороны Казахстана и «Ак-Тилек» со стороны Кыргызстана. Проект реализуется в рамках поставленных главами двух государств Касым-Жомартом Токаевым и Садыром Жапаровым задач по увеличению взаимного товарооборота до $3 млрд. Чрезвычайный и Полномочный Посол РК в КР Рапиль Жошыбаев и министр экономики и коммерции Кыргызской Республики Бакыт Сыдыков рассказали о проводимой совместной работе.

На сегодня создается инфраструктура для кооперационных проектов в области производства молочной, мясной, ягодно-овощной, текстильной, фармацевтической продукции и др. Главная цель — производство новых товаров и их дальнейшая реализация с эффективной интеграцией в международные товаропроводящие системы.

Директор управляющей компании индустриального комплекса ТОО «Romsey Holdings KZ» Абзал Мынбаев доложил о проводимой работе по привлечению инвестиций на территорию ИТЛК и планах по открытию на территории Казахстана производств по переработке сельскохозяйственной продукции, пищевого пластика, изготовлению кабельной продукции и фарфоровой посуды. Общая сумма инвестиций по данным проектам составляет порядка 40 млрд тенге. Кроме того, ведется работа по реорганизации ИТЛК в субзону специальной экономической зоны JIBEK JOLY, что повысит инвестпривлекательность.
«Глава государства на недавнем совещании поставил задачу не снижать темпы экономического роста страны и объемы привлекаемых инвестиций. Создание масштабного индустриального торгово-логистического комплекса позволит нам развивать как промышленное производство, так и выстраивать эффективную систему сбыта готовой продукции, а также создавать новые рабочие места. В данном направлении важно проактивно проработать всю цепочку от инвестиций до поставок. Для содействия проекту в кратчайшие сроки необходимо решить вопросы инженерной инфраструктуры»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

💠 Также на примере цементного завода ТОО «KORCEM» Премьер-министр ознакомился с развитием строительной индустрии региона. Производственная мощность запущенного в прошлом году предприятия составляет 1,3 млн тонн цемента в год. Продукция реализуется на внутреннем рынке, а также экспортируется в Узбекистан, Россию и Кыргызстан. Заместитель генерального директора ТОО «KORCEM» Станислав Щербаков проинформировал о применении на производстве передовых технологий, которые включают в себя системы повышенной фильтрации выбросов и пылеулавливающих устройств. В соответствии с международными стандартами на заводе внедрена интеллектуальная система DCS. Весь технологический цикл контролируется с центрального пульта управления, что позволяет управлять механическими процессами.

⚡️ Премьер-министр поручил Министерству промышленности и строительства оказать содействие заводу в насыщении казахстанского рынка отечественным цементом и расширении экспортных рынков.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Бұл – екі мемлекеттің өзара іс-қимылы аясындағы өте маңызды жоба. Елдеріміздің президенттері алдымызға тауар айналымын ұлғайту міндетін қойды, сондықтан бұл жобаға деген қызығушылығымыз ортақ. ИСЛК бізге тауар айналымын арттыруға және бірлескен индустриялық және логистикалық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жобаның стратегиялық маңызы зор. Ешқандай кідіріс болмауы тиіс. Біз өз тарапымыздан мемлекет ретінде міндеттемелерімізді орындап жатырмыз»,

— деді Олжас Бектенов.


«Очень важный проект в рамках взаимодействия между двумя государствами. Два президента нам поставили задачу по увеличению товарооборота, поэтому у нас взаимный интерес. ИТЛК даст возможность нам наращивать товарооборот, реализовывать совместные индустриальные и логистические проекты. Проект имеет стратегическое значение. Никаких задержек не должно быть. Мы со своей стороны, как государство, наши обязательства выполняем и будем выполнять»,

— отметил Олжас Бектенов.

🎥
@KZgovernment
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қордай ауданындағы цемент зауытында 500-ден астам жұмыс орны ашылады

💠 Жамбыл облысы Қордай ауданындағы цемент зауытында 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Кәсіпорынның жалпы өндіріс қуаты – жылына 1,5 млн тонна цемент. Өнімдер ішкі нарықта сатылады, сонымен қатар Өзбекстанға, Ресейге және Қырғызстанға экспортталады. Бүгінгі таңда өндіріске 50 млрд теңге инвестиция салынып, 260 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін негізінен жергілікті тұрғындар үшін тағы 280 жұмыс орны ашылады.

«Жалпы өндіріс қуаты – жылына 1,5 млн тонна цемент. Бүгінгі таңда 50 млрд теңге игерілді. Осы жылдың бірінші, екінші тоқсандарында 260 жұмыс орны ашылды. Төртінші тоқсанның соңына дейін негізінен Қордай ауданының тұрғындарына арналған 280 жұмыс орны ашылады»,


— деді «KORCEM» ЖШС бас директорының көмекшісі Тимур Кузубаев.



Более 500 рабочих мест создадут на цементном заводе в Кордайском районе


💠 Свыше 500 рабочих мест будет создано на цементном заводе в Кордайском районе Жамбылской области. Общая производственная мощность предприятия - 1,5 млн тонн цемента в год. Продукция реализуется на внутреннем рынке, а также экспортируется в Узбекистан, Россию и Кыргызстан. На сегодняшний день в производство инвестировано 50 млрд тенге, и открыто 260 рабочих. До конца года будет создано еще 280 рабочих мест, преимущественно для местных жителей.

«Общая производственная мощность – 1,5 млн тонн цемента в год. На сегодняшний день было успешно освоено 50 млрд тенге. Создано 260 рабочих мест в первом и втором кварталах этого года. До конца четвертого квартала будет еще создано 280 рабочих мест, преимущественно из жителей Кордайского района»,


— рассказал помощник генерального директора ТОО «KORCEM» Тимур Кузубаев.

🎥 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Жамбыл облысында Jibek Joly арнайы экономикалық аймағындағы жаңа ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

📌 Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар жоба аясында Президенттің экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп өндірісі көлемін ұлғайту және экономиканың түрлі салаларында қайта өңдеу қарқынын арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

🔘 Премьер-министрге Jibek Joly арнайы экономикалық аймағының аумағында химия, өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, энергетика, металлургия салаларындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ қажетті инфрақұрылымның дамуы туралы баяндалды. Мұнда барлығы 18 қатысушы тіркелген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірге салынған инвестициялар көлемі 506 млрд теңгені құрады, 2025 жылы 9 жобаны салу нәтижесінде шамамен 850 млрд теңгеге дейін артады деп күтілуде.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек АЭА инфрақұрылымын, оның ішінде газ және электрмен жабдықтауды, су құбырын, теміржол кірме жолдарын дамыту туралы баяндады. Қабылданған шаралар салынып жатқан өндіріс орындарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға негіз қалыптастырады.

🔘 Сонымен қатар Премьер-министр жаңадан қолға алынған өнеркәсіп нысандарының, атап айтқанда, толық циклді металлургиялық кешен мен жүгеріні терең өңдейтін зауыт құрылысының барысымен танысты. Аталған жобалар былтырғы қараша айында Олжас Бектеновтің ҚХР-ға жұмыс сапары аясында өткен кездесулер мен қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде жүзеге асырылуда.

✔️ Қытайлық инвестор Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясының қатысуымен жалпы құны шамамен $1,2 млрд-ты құрайтын еліміздегі ең ірі металлургия зауыттарының бірінің құрылысы басталды. Жобаны қаржыландыру инвестордың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Кәсіпорын арматура, созба сымдар, жолақ және профильді болат, сондай-ақ металл өнімдерінің басқа да түрлерін шығарады.

Fujian Hengwang Investment Co., Ltd басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянь 2027 жылы бірінші кезеңді іске асыру аясында зауыттың өндіріс қуаты жылына 1 млн тоннаға жететінін баяндады. 2027–2029 жылдар аралығындағы екінші кезеңде өндіріс көлемін жылына 3 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ кәсіпорынның қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін газ турбиналы электр стансасының құрылысы қарастырылған. 2,5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Циклдің маңызды элементі – темірді тікелей тотықсыздандыратын қоршаған ортаға зиянсыз технология қолдану.

Қазақстан темір рудасының қоры бойынша әлемде 9-шы орын алады. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, өндіріс көлемі 37 млн тоннаға жетті. Толық циклді металлургия кешенінің жаңа жобасы отандық металлургияның дамуына айтарлықтай үлес қосып, экологиялық таза технологияларды қолданудың үлгісіне айналады.
«Аталған жоба еліміздегі темір рудасын терең өңдеудің толық циклі бар қара металдар мен металл өнімдерін шығаратын ірі өндірушілердің біріне айналады. Үкімет бұл зауыттың құрылысына жан-жақты қолдау жасап, оның сәтті іске қосылуына қажетті көмек көрсетеді»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM