UKIMET
18.3K subscribers
10.1K photos
1.75K videos
8.18K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Әлеуметтік қолдау шаралары есебінен өңірлердегі дәрігерлер тапшылығы 19%-ға, орта медицина қызметкерлері тапшылығы 7%-ға азайды

📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау жүйесін дамыту шеңберінде елімізде еңбек жағдайын жақсарту, кәсіптің беделін арттыру және медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау жұмыстары жүргізіліп келеді.

💠 2024 жылдың сәуір айында медицина мамандарын құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді күшейтетін Заңның қабылдануы маңызды қадам болды. Ол дәрігерлерге кәсіби жауапкершілік жүйесін енгізуді қолға алып, ауылдарға медициналық кадрларды тартуға ынталандыру жасауға мүмкіндік берді. Бүгінде 164 мың медицина қызметкері сақтандыру жүйесінің қорғауымен қамтылған.

✔️ Өңірлерде жұмыспен қамтуды әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Қазірдің өзінде 600-ге жуық дипломды жас маман осы бағдарламаларды пайдаланды. Қосымша 207 дәрігердің әрқайсысына 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлемдер берілді. Бұл қаражат қаржылай қолдау көрсетуге, ипотекалық несиелерді ресімдеуге көмектесуге және ауылдық жерлерде медицина кадрларын тұрақтандыру үшін жағдай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ ел Президентінің бастамасымен алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы үш дәрігерге берілді, ал «Мамандығы бойынша үздік» республикалық байқауының 16 жеңімпазы 500 АЕК-ке теңестірілген немесе 1,8 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.

✔️ Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы бағыттарының бірі – кадрлық әлеуетті дамыту. Осы мақсатта белгілі бір сала мамандарын даярлауға арналған квоталар саны 2,5 мың орынға дейін ұлғайтылды. Шәкіртақы мөлшері бакалаврлар мен интерндерге 20%-ға, резиденттер, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға өсті. Сондай-ақ өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап медициналық колледж студенттеріне ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері 50%-ға көтерілді. 2024 жылы медицина саласындағы түлектердің жалпы саны 10 570 адамды құрады, оның 52%-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыды. Әлеуметтік қолдау шаралары есебінен өңірлердегі дәрігерлер тапшылығын 19%-ға, ал орта медициналық персоналдың тапшылығын 7%-ға төмендетуге мүмкіндік туды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 270 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 81 285 дәрігер және 190 644 орта медицина қызметкерінің өкілі жұмыс істейді. Саланы қаржыландыруға биыл 2 трлн теңге жоспарланған, 2024 жылы 2,8 трлн теңге, 2023 жылы 4,467 трлн теңге бөлінді.

🔘 Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, кадрлық әлеуетті дамытуға және саланы жетілдіруге бағытталған тапсырмаларын орындауды жалғастырады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Әлеуметтік қолдау шаралары есебінен өңірлердегі дәрігерлер тапшылығы 19%-ға, орта медицина қызметкерлері тапшылығы 7%-ға азайды 📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау жүйесін дамыту шеңберінде елімізде еңбек жағдайын жақсарту, кәсіптің…
Дефицит врачей в регионах сокращен на 19% за счет мер соцподдержки, среднего медперсонала - на 7%

📌 В рамках развития системы здравоохранения по поручению Главы государства в Казахстане ведется работа по улучшению условий труда, повышению престижа профессии и социальной защите медицинских работников.

💠 Важным шагом стало принятие в апреле 2024 года Закона, усиливающего юридическую и финансовую поддержку медицинских специалистов. Он дал старт реализации системы профессиональной ответственности врачей и позволил создать стимулы для привлечения медицинских кадров в села. Сегодня страховой защитой охвачены уже 164 тыс. медработников.

✔️ Для трудоустройства в регионах предусмотрены меры социальной поддержки. Уже около 600 молодых дипломированных специалистов воспользовались этими программами. Дополнительно 207 врачам предоставлены единовременные выплаты в размере 8,5 млн тенге каждому. Эти средства направлены на оказание финансовой поддержки, помощь в оформлении ипотечных кредитов и создание условий для закрепления медицинских кадров на селе.

Также впервые по инициативе Президента страны почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» присвоено трем врачам, а 16 победителей республиканского конкурса «Лучший по профессии» получили денежное поощрение в размере 500-кратного МРП или 1,8 млн тенге.

✔️ Одним из направлений работы Министерства здравоохранения является развитие кадрового потенциала. В этих целях увеличено количество квот на подготовку профильных (узких) специалистов до 2,5 тыс. мест. Повышена стипендия на 20% бакалаврам и интернам, на 15% резидентам, магистрантам и докторантам. Также с 1 сентября прошлого года на 50% увеличен размер ежемесячных государственных стипендий для студентов медколледжей. Общее количество выпускников медицинского профиля в 2024 году составило 10 570 человек, из них 52% обучались по госзаказу. За счет мер соцподдержки удалось снизить дефицит врачей в регионах на 19%, а нехватку среднего медперсонала уменьшить на 7%.

В настоящее время в сфере здравоохранения Казахстана трудятся свыше 270 тыс. медицинских работников, включая 81 285 врачей и 190 644 представителя среднего медперсонала. На финансирование отрасли в этом году запланировано 2 трлн тенге, в 2024 году выделялось 2,8 трлн тенге, в 2023 году – 4,467 трлн тенге.

🔘 Правительство в лице Министерства здравоохранения продолжит выполнение поручений Главы государства, направленных на повышение доступности и качества медицинской помощи, развитие кадрового потенциала и совершенствование отрасли.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Пренаталды скринингпен қамту 90%-ды құрады: Елімізде нәресте мен ана өлімі азайды

📌 Үкімет Денсаулық сақтау министрлігі арқылы аналар мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырып келеді. Босандыру қызметі мамандарының білікті әрі үйлесімді жұмысының арқасында 2024 жылы 367 мың әйел сәтті босанды. Пренаталды скринингпен қамту 90%-ды құрады.

✔️ Жаңа медициналық технологияларды енгізу және хаттамаларды жетілдіру неонаталды өлім-жітімді 19%-ға төмендетуге, сондай-ақ соңғы 10 жылда нәрестелердің шетінеп кетуін 8,3%-ға және ана өлімін на 12%-ға азайтуға мүмкіндік берді. Туа біткен ақауларды ерте анықтау үлесі 10%-ға өсті.

➤ Генетикалық аурулар мен туа біткен ақауларды ерте анықтау мақсатында 15 перинаталды орталықта «Бір күндік клиникалар» ашылды. Бүгінгі таңда 50 мыңнан астам жүкті әйел тексеруден өтті. Нәтижесінде, 7 мыңнан астам әйелде ұрықтың дамуындағы ақаулар анықталды. Перинаталды орталықтар базасында «Ұрық медицинасы» жобасы да жүзеге асырылуда, оның шеңберінде 37 жатырішілік ота жасалды.

➤ Жастар мен бала тууға қабілетті жастағы әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мақсатында арнайы іске қосылған «Аналар саулығы» бағдарламасы шеңберінде жүктілікті жоспарлаған әрбір әйел денсаулық жағдайын анықтау үшін медициналық тексеруден өтуіне мүмкіндік жасалды. Акушерлік-гинекологиялық көмектің 25 клиникалық хаттамасы өзектендірілді.

➤ Акушерлік салада инновациялық технологиялардың үш түрі енгізілді. Мамандардың біліктілігін арттыру шеңберінде 2 мыңнан астам акушер-гинеколог, 400 реаниматолог оқытылды және 100 үйлестіруші даярланды.

➤ Босандыру және ана мен балаға көрсетілер қызметті дамытумен қатар, мемлекеттің жүйелі күш-жігері амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған.

➤ Денсаулық сақтау министрлігі халықтың сапалы және қауіпсіз дәрілік заттарға үздіксіз қол жеткізуі үшін бірқатар қадам қабылдады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 2,9 млн науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Дәрі-дәрмектерді тиімді пайдалану үшін стационарларда 78 госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды. Препараттарды қабылдауды дербестендірілген есепке алудың жаңа әдістемесі енгізілді.

➤ Дәрі-дәрмектердің шекті бағалары мен үстемелерін реттеу ережелеріне өзгерістер енгізілді, бұл амбулаториялық қамтамасыз ету шеңберінде де, бөлшек дәріхана желісінде де дәрілік заттардың құнын төмендетуге мүмкіндік берді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Пренаталды скринингпен қамту 90%-ды құрады: Елімізде нәресте мен ана өлімі азайды 📌 Үкімет Денсаулық сақтау министрлігі арқылы аналар мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырып келеді.…
Охват пренатальным скринингом составил 90%: в Казахстане сокращена младенческая и материнская смертность

📌 Правительство в лице Министерства здравоохранения реализует комплекс мер, направленных на повышение качестве оказания медициской помощи матерям и новорожденным. В результате квалифицированной и слаженной работе специалистов службы родовспоможения в 2024 году благополучно принято 367 тыс. родов. Охват пренатальным скринингом составил 90%.

✔️ Внедрение новых медицинских технологий и совершенствование протоколов позволили снизить неонатальную смертность на 19%, а также зафиксировать снижение младенческой смертности на 8,3% и материнской смертности на на 12% за последние 10 лет. Доля ранней выявляемости врожденных пороков увеличилась на 10%.

➤ Для раннего выявления генетических заболеваний и врожденных пороков развития в 15 перинатальных центрах открыты «Клиники одного дня». На сегодня обследования прошли более 50 тыс. беременных. В результате выявлены нарушения развития плода у более 7 тыс. женщин. На базе перинатальных центров также реализуется проект «Фетальная медицина», в рамках которого проведены 37 внутриутробные операции.

➤ Для сохранения репродуктивного здоровья молодежи и женщин фертильного возраста каждая женщина, планирующая беременность, может пройти осмотр у врача для определения состояния здоровья в рамках специально запущенной программы «Аналар саулығы». Актуализированы 25 клинических протоколов акушерско-гинекологической помощи.

➤ Внедрены три вида инновационных технологий в акушерстве. В рамках повышения квалификации специалистов обучено более 2 тыс. акушер-гинекологов, 400 реаниматологов и подготовлены 100 координаторов.

➤ Наряду с развитием родовспоможения и материнско-детской службы, системные усилия государства направлены на совершенствование амбулаторного лекарственного обеспечения.

➤ Министерством здравоохранения принят ряд шагов для бесперебойного доступа населения к качественным и безопасным лекарственным средствам. По итогам 2024 года, бесплатными препаратами обеспечено 2,9 млн пациентов. Для эффективного использования лекарств в стационарах открыты 78 отделений госпитальной фармации. Внедрена новая методика персонифицированного учета потребления препаратов.

➤ Внесены изменения в правила регулирования предельных цен и наценок на лекарства, что позволило снизить стоимость медикаментов как в рамках амбулаторного обеспечения, так и в розничной аптечной сети.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа ауруханалар салу, дәрігерлерге қолжетімділікті кеңейту және цифрлық технологияларды енгізу: Мемлекет басшысының тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда

📌 Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін жақсарту және қызмет сапасын арттыру жөніндегі жүйелі шараларды іске асыруды жалғастыруда. Аталған жұмыстың негізгі бағыттары – инфрақұрылымды дамыту, медициналық қызметтерге қолжетімділікті жеңілдету және саланы ауқымды цифрландыру.

💠 Президенттің тапсырмасына сәйкес, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық нысандардың ауқымды құрылысы жүргізілуде. Жоспарланған 655 медициналық нысанның 460-ы аяқталды. Оның 361-і 2024 жылы, ал биыл тағы 195 медициналық мекеме пайдалануға беріледі.
Бұрын медициналық мекемелер болмаған 200 ауылда алғаш рет дәрігерлік амбулаториялар, ФАП және медициналық пункттер салынды. Енді оларда күндізгі стационарлар, физиотерапия, зертханалық қызметтер және талдау тапсыруға болады – аудан орталықтарына барудың қажеті жоқ.

🔵 Онкологиялық көмекті дамытуға баса назар аударылуда. Қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеуге арналған бірегей техникалық және технологиялық жабдықтары бар Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың жаңа корпусының құрылысы аяқталды. Радиациялық, ядролық медицина орталықтары, радиофармпрепараттар өндірісі бар жаңа клиника жылына 6 мың науқасқа жоғары технологиялық көмек көрсетуге есептелген. Ол протон терапиясын жүргізуге арналған циклотроны бар Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз орталық болады. Қатерлі ісік диагностикасы мен терапиясының жоғары тиімді қызметтерінің болуы онкологиялық науқастардың жоғары сапасы мен өмір сүру ұзақтығын қамтамасыз етеді. Аймақтық онкологиялық орталықтарда 6 желілік үдеткіш орнатылды, бұл науқастарды сәуле терапиясымен қамтуды 41%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Өңірлік онкологиялық орталықтар базасында АІЖ қатерлі ісігін ерте анықтау үшін 15 сараптамалық эндоскопиялық орталық ашылды.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі Алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қол жеткізуді кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта бүгінде Қазақстанда 36 нормативтік-құқықтық акт жаңартылды. Белгілі бір сала мамандарына жолдама алу және диагностикаға жазылу ережелері өзгертілді, бұл жалпы тәжірибелік дәрігерлерге бірнеше рет жүгіну қажеттілігін азайтты. Жалпы тәжірибелік дәрігерлерге қаралуға өздігінен жазылу қолжетімділігі 3,5 есеге, арнайы мамандарға жазылу 16 есеге артты. Науқасты жоспарлы емдеуге жатқызуға дайындауды жеңілдету үшін талдаулар мен аспаптық зерттеулердің санын азайту бойынша жұмыстар жүргізілді.

🔵 Созылмалы аурулары бар науқастар үшін динамикалық бақылау алгоритмі және міндетті талдаулар тізімі енгізілді. Диспансерлік науқастарды қамту 15%-ға, 2,2 млн адамға жетті. 2024 жылы олар 12 млн-нан астам консультациялық-диагностикалық қызмет алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 10%-ға өсті.

✔️ 3,4 млн қазақстандық созылмалы жұқпалы емес ауруларға қарсы скринингтен өтті, 2,5 млн адам жатыр мойны обыры, сүт безі және тоқ ішек қатерлі ісігіне тексеріліп, 2,7 мың қатерлі ісік ауруы анықталды. Бұл ретте I кезеңде анықталған жатыр мойны обырының үлесі 72%-ды, сүт безі обыры 56%-ды құрады.

✔️ Онкологияға қарсы скринингтің екінші кезеңі үшін 14 сараптамалық эндоскопиялық орталық ашылды. Келесі жылдан бастап инсультпен күресу мақсатында 50 жастан 70 жасқа дейінгі ер адамдар үшін амбулаториялық коронарография және брахиоцефалиялық тамырлардың УДЗ – қосымша скринингі енгізіледі. Жылжымалы медициналық кешендер қызметін 1,3 млн ауыл тұрғыны пайдаланды.

Жалпы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітімді – 3,5%-ға, инфекциялық және паразиттік ауруларды – 8,9%-ға, туберкулезді – 16,7%-ға төмендету бойынша оң динамика байқалады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Жаңа ауруханалар салу, дәрігерлерге қолжетімділікті кеңейту және цифрлық технологияларды енгізу: Мемлекет басшысының тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда 📌 Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсетудің…
💠 Медициналық көмектің сапасын одан әрі жақсарту үшін денсаулық сақтау саласын цифрлық трансформациялау жүріп жатыр. Бірыңғай цифрлық инфрақұрылым құрылуда, емделушілерге ыңғайлы болу және медицина қызмеркері жұмысының тиімділігі үшін жаңа тәсілдер енгізілуде. Қазірдің өзінде медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесін енгізу бойынша пилоттық тестілеу жүргізілуде. Сондай-ақ цифрлық денсаулық сақтаудың негізі болатын Медициналық деректердің бірыңғай қоймасы қалыптастырылды.

🔘 Дәрілік заттардың ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыру үшін таңбалау және қадағалау жүйесі енгізілді. «Әлеуметтік әмиян» қызметі арқылы науқастар 1,7 млн электронды рецепт бойынша дәрі-дәрмек алды – енді бұл жоба барлық мемлекеттік медициналық мекемелерді қамтиды.

Сонымен қатар анықтамалардың сегіз түрі, соның ішінде еңбекке жарамсыздық парағы мен медициналық кітапшалар электронды форматқа ауыстырылуда, бұл емделушілер мен дәрігерлердің уақытын айтарлықтай үнемдейді.

Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде жүзеге асырылып жатқан кешенді шаралар жаңа ауруханалар салудан бастап, медициналық көмекті қолжетімді, сапалы әрі заманауи ететін цифрлық шешімдерге дейінгі денсаулық сақтау саласының жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM