UKIMET
18.5K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.29K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
СҚО-дағы су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда – әкімдік

📌 Су тасқыны басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйлерді су басуға жол берілген жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді.

🔷 Ол Республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда 27 жерден су тасып өту жағдайы тіркелгенін, олар 4-5 күн ішінде тоқтатылғанын атап өтті. Қазіргі таңда 2 учаскеде су тасуы әлі де жалғасуда.

✔️ Өңірде 8 қорғаныс бөгетін қалпына келтіру және нығайту, Петропавл су торабы маңындағы айналма каналды салу және Соколовка маңындағы Есіл өзенінің арнасын түзету жұмыстары аяқталды. Шаруашылық есебінен Новоникольское ауылында су басу қаупін азайту мақсатында айналма канал салынды. Аталған каналдардың жұмысы тиімділігін көрсетті.

Елді мекендерден 1,5 млн текше метр қар шығарылды, 400 мың текше метр еріген су сорылды, 200 мың қап құм төселді, сондай-ақ жару жұмыстары жүргізілді. Бұл тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарын су басудан сақтап қалуға септігін тигізді.

Су тасқыны жағдайы 8 дрон арқылы бақылануда, бұл дрондар кейін өрт қаупі кезеңінде қолданылмақ.

«Өзендер мен көлдердің деңгейі тәулік бойы бақылауда. Қазіргі жағдай бойынша Петропавлда су тасқынының бірінші және екінші толқындарының шарықтау кезеңі өтіп жатыр. Су деңгейі тұрғын үйлер мен инфрақұрылым үшін қауіпті межеге жеткен жоқ. Үшінші толқынның шарықтау кезеңі сәуір айының соңында Жабай және Калутон өзендерінің Ақмола облысындағы тасу есебінен облыс орталығына жетеді деп күтілуде. Бұл елді мекендерге қауіп төндірмейді. Су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда»,

— деп атап өтті Ғауез Нұрмұхамбетов.



Паводковая ситуация в СКО находится на постоянном контроле – акимат


📌 С начала паводкового периода в Северо-Казахстанской области подтоплений жилых домов не допущено. Об этом сообщил аким региона Гауез Нурмухамбетов на заседании Правительства.

🔷 Он отметил, что в области зарегистрировано 27 переливов на автодорогах республиканского и местного значения, которые в течении 4-5 дней прекратились. Остаются переливы на 2 участках.

✔️ В регионе завершены работы по восстановлению и укреплению 8-ми защищающих дамб, обустройству обводного канала у Петропавловского гидроузла и исправлению русла реки Есиль в районе с.Соколовка. За счет хозяйствующего субъекта построен обводной канал в селе Новоникольское для снятия угрозы подтопления населенного пункта. Работа данных каналов показала свою эффективность.

Из населенных пунктов вывезено более 1,5 млн. м3 снега, откачано 400 тыс. м3 талой воды, уложено 200 тыс. мешкотары, а также проведены взрывные работы, что способствовало не подтоплению жилых домов и инфраструктуры.

Мониторинг паводковой ситуации ведется с использованием дронов, которые в последствии будут переориентированы на пожароопасный период.

«Ведется круглосуточный мониторинг уровней рек и озер. На сегодня пики первой и второй волны паводка проходят по городу Петропавловск. Ожидается пик третей волны, за счет поднятия рек Жабай и Калутон Акмолинской области с приходом к областному центру к концу апреля. Угрозы населенным пунктам это не представляет. Паводковая ситуация находится на постоянном контроле»,

— подчеркнул Гауез Нурмухамбетов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкіметте су тасқыны жағдайы қаралды: жалпы республика бойынша су тасқыны кезеңі бірқалыпты өтіп жатыр

📌 Премьер-vинистр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты мәселе қаралды.

Жалпы республика бойынша су тасқыны кезеңі бірқалыпты өтіп жатыр.

Сонымен қатар Ақмола облысында сәуір айының басында 100-ден астам үй-жайды су шайып кетті. Қазір ахуал тұрақталды, қауіп сейілді деуге болады.Тосын жағдай елді мекендерді қорғау бойынша инженертік жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуінен орын алған. Яғни, су тасқынына қарсы іс-шараларды жоспарлау мен орындаудың сапасыз болғаны көрініп тұр. Мәселен, Ескі Қалқұтан аулында Қалқұтан өзенін тазарту, жағалауын бекіту және тереңдету жұмыстары 3 шақырымдай ғана учаскеде жүргізілген. Ал жоба бойынша 11 шақырым бекітілуге тиіс болатын. Сонымен қатар Макинск қаласына да су жайылды.
«Айта кетейік, өңірде дәл осы елді-мекендерді жыл сайын су басады. Демек, Ақмола облысында қабылданып жатқан шаралар тиімсіз. Марат Мұратұлы, жоспарды қайта қарап, биыл барлық қажетті жұмыстарды іске асырыңыз. Баспаналары мен жер телімдері су астында қалған тұрғындарға жәрдемдесіп, көмек көрсетіңіздер»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



В Правительстве рассмотрели паводковую ситуацию: в целом по республике наблюдается стабильное прохождение периода


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос о паводковой ситуации в стране.


В целом по республике наблюдается стабильное прохождение паводкового периода.

Вместе с тем в Акмолинской области в начале апреля оказались подтопленными свыше ста жилых домов. На сегодня ситуация признана не критичной, пик пройден. Причинами подтопления названы ненадлежащее проведение инженерных работ по защите населенных пунктов, некачественное планирование и проведение противопаводковых мероприятий. К примеру, в селе Старый Колутон работы по очистке, берегоукреплению и дноуглублению реки Колутон проведены только на участке 3 км, при этом проектом было предусмотрено работы на 11 км. В результате из-за разлива реки были подтоплены дома. Кроме того, оказался подтопленным город Макинск.
«Следует отметить, что в регионе ежегодно подтоплениям подвергаются одни и те же населенные пункты. Значит, в Акмолинской области недостаточно эффективны принимаемые меры. Марат Муратович, пересмотрите Ваши планы и в текущем году выполните всю необходимую работу. Окажите необходимое содействие и помощь людям, чьи дома и участки были подтоплены»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстарында және БҚО-да уақтылы қабылданған шаралар үйлерді су басуға жол бермеді

Олжас Бектенов СҚО мен ШҚО-дағы су тасқыны жағдайының мониторингін жалғастыруды тапсырды

📌 Еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты мәселе қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар тарапынан жеделдікті және тәулік бойы мониторингімен қамтамасыз етуді тапсырды.

🔘 Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында уақтылы қабылданған шаралар үйлерді су басуға және осы өңірлердің тұрғындарына зиян келтіруге жол бермеді. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі болжануда. Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында әлі де шамамен 50% қар қоры бар.
«Төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастыруды тапсырамын. Күштер мен құралдар әрдайым жедел әрекет етуге дайын болуы тиіс»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



Своевременно принятые меры в Актюбинской, Атырауской, Костанайской областях и ЗКО позволили не допустить подтопление домов


Олжас Бектенов поручил продолжить мониторинг паводковой ситуации в СКО и ВКО

📌 На заседании Правительства, где был рассмотрен вопрос о паводковой ситуации в стране, Премьер-министр Олжас Бектенов поручил обеспечить оперативность и круглосуточный мониторинг со стороны госорганов.

🔘 Так, своевременно принятые меры в Актюбинской, Атырауской, Западно-Казахстанской и Костанайской областях позволили не допустить подтопление домов и нанесение ущерба населению этих регионов. Вместе с тем, прогнозируется повышение уровня воды на реке Есиль в Северо-Казахстанской области. В горных районах Восточно-Казахстанской области еще имеются снегозапасы – порядка 50%.
«Министерству по чрезвычайным ситуациям совместно с заинтересованными госорганами поручаю продолжить проведение круглосуточного мониторинга за паводковой ситуацией. Силы и средства должны быть всегда готовы к оперативному реагированию»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тәулік бойы мониторинг жүргізу, Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шұғыл әрекет ету: Олжас Бектенов министрлер мен әкімдерге су тасқыны жағдайына қатысты бірқатар тапсырма берді

Үкімет отырысы соңында Премьер-министр Олжас Бектенов министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді:

➤ Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері су тасқыНына байланысты жағдайдың ушығып кетуіне жол бермеу үшін барлық шара қабылдасын. Жауапкершілікпен әрі шұғыл қимылдап, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ел басшылығын хабардар ету қажет. Тұрғындармен кері байланыс орнатып, олардың өтініштеріне дереу құлақ асу керек.

➤ Су ресурстары министрлігі мен әкімдіктер, әсіресе еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде орналасқан су қоймалары мен нысандардағы судың деңгейін ерекше бақылауда ұстау қажет. Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.

➤ Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктері мен өңір әкімдіктеріне ахуал күрделене түскен жағдайда оны бақылауда ұстауды тапсырамын. Қажет болса, қосымша күштер мен құралдарды жұмылдыру керек.

➤ Көлік министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге зақымданған жол инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдасын. Жолдар мен көпірлердің жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізу қажет.

➤ Экология министрлігі ауа райы болжамының нашарлауына қатысты ақпарат алған кезде дауылды ескертулер туралы тиісті мемлекеттік органдарды жедел хабардар етсін.

➤ Цифрлық даму министрлігі су тасқыНын болжау және модельдеу жұмыстарын жалғастырсын. Tasqyn ақпараттық жүйесін оның жұмысына қатысты айтылған сын мен анықталған кемшіліктерді ескере отырып жетілдірсін.

➤ Былтырғы су тасқынын ескере отырып, төтенше жағдай зардаптарын жою және тұрғындарға көмек көрсету мәселелері бойынша барлық нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру жұмысын бір апта мерзімде аяқтау қажет.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Тәулік бойы мониторинг жүргізу, Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шұғыл әрекет ету: Олжас Бектенов министрлер мен әкімдерге су тасқыны жағдайына қатысты бірқатар тапсырма берді Үкімет отырысы соңында Премьер-министр Олжас Бектенов…
Круглосуточный мониторинг, безопасность гидросооружений и оперативное реагирование: Олжас Бектенов дал ряд поручений министрам и акимам касательно паводковой ситуации

По итогам заседания Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов дал ряд поручений министерствам и акиматам:

➤ Акиматам Акмолинской, Абайской, Восточно-Казахстанской и Северо-Казахстанской областей необходимо принять все меры по недопущению осложнения паводковой ситуации, ответственно и оперативно реагировать, информировать уполномоченные государственные органы и руководство страны. Также нужно установить четкую обратную связь с населением и незамедлительно реагировать на их обращения за помощью.

➤ Министерству водных ресурсов и акиматам поручено держать на особом контроле наполняемость водохранилищ и водных объектов, особенно расположенных в северных и восточных регионах страны. Кроме того, необходимо обеспечить безопасность гидротехнических сооружений.

➤ Министерствам по чрезвычайным ситуациям, внутренних дел и акиматам регионов при осложнении ситуации – обеспечить контроль за ситуацией. В случае необходимости осуществить переброску сил и средств.

➤ Министерству транспорта совместно с акиматами регионов – принять меры по восстановлению поврежденной дорожной инфраструктуры. Надо обеспечить постоянный мониторинг за состоянием дорог и мостов.

➤ Министерству экологии при получении информации об ухудшении прогноза погоды оперативно доводить до заинтересованных государственных органов штормовые предупреждения.

➤ Министерству цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности – продолжить работу по прогнозированию и моделированию паводков, доработать информационную систему Tasqyn.

➤ С учетом прошлогоднего паводка в недельный срок завершить работу по актуализации всех нормативных правовых актов по вопросам ликвидации последствий ЧС и оказания помощи населению.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Экология және табиғи ресурстар министрі қазақстандықтарды табиғатқа шығып от жаққан кезде мұқият болуға шақырды

📌 Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қазақстандықтарды қазіргі өрт қаупі жоғары кезеңде табиғатқы шығып от жаққан кезде аса сақ болуға шақырды.

🔘 Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Ерлан Нысанбаев табиғаттағы өрттердің негізгі себебінің бірі адами фактор болып саналатынын атап өтті.
«Құрметті журналистер және еліміздің тұрғындары! Мен бүгінгі брифингті пайдаланып, сіздерге өрт қаупі жоғары кезең туралы өтініш айтқым келеді. Айтайын дегенім, өткен жыл өте ылғалды болды, далада және ормандарда былтырдан қалған өте биік шөптер бар, бұл биыл өртке қатысты мәселелерді тудыруы мүмкін. Бұл жерде сіздердің көмектеріңіз ауадай қажет, сондықтан мен өздеріңізге жүгініп, өртке, әсіресе далада от жаққанда аса қырағы болуларыңызды сұраймын. Егер сіз өртті көрсеңіз, жақын маңдағы арнайы мекемелерге хабарласыңыз немесе ТЖМ арнайы телефон нөміріне қоңырау шалыңыз»,

— деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

🔻 Сонымен қатар министр азаматтарды орман алқаптарында да сақ болуға шақырды.

«Сіздер орманда, табиғатта боласыздар. Сіздерден от жаққан кезде өте мұқият болуларыңызды сұраймын, өйткені өрттің көбі адам факторына байланысты туындайды»,

— деді Ерлан Нысанбаев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Министр экологии и природных ресурсов призвал казахстанцев быть осторожными при разжигании костров на природе

📌 Министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев обратился к казахстанцам с просьбой быть осторожными с разжиганием костров на природе в наступивший пожароопасный период.

🔘 На пресс-конференции по итогам заседания Правительства Ерлан Нысанбаев отметил, что одной из основных причин пожаров на природе является человеческий фактор.
«Уважаемые журналисты и жители нашей страны! Я хотел воспользоваться сегодняшним брифингом и обратиться к вам по поводу пожароопасного периода. Хочу сказать, что прошлый год был очень увлажненный, в степи и в лесах сохранился очень высокий травостой прошлого года, который в этом году может создать проблемы с пожарами. Здесь без вашей помощи не обойтись, поэтому я обращаюсь к вам и прошу быть бдительными к пожарам, особенно к степным. Если вы видите возгорание, то просьба обратиться в ближайшие специализированные организации или позвонить на специальный телефонный номер МЧС»,

— отметил Ерлан Нысанбаев.

🔻 Министр также призвал граждан быть осторожными и в лесных зонах.

«Вы бываете в лесу, на природе. Я хотел бы попросить, чтобы вы были очень осторожны с разжиганием костров, потому что многие пожары происходят из-за человеческого фактора. Большая просьба быть бдительными!»,

— подчеркнул Ерлан Нысанбаев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ТЖМ өрт қаупі жоғары кезеңнің басталуына байланысты азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады


📌 ҚР ТЖМ өрт қаупі жоғары кезеңнің басталуына байланысты азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев қазақстандықтарға осындай үндеу жасады.

Спикер қазіргі кездегі құрғақ ауа райын мен температураның жоғары болуы ормандарда, далада, саяжайларда және елді мекендер маңында өрт қаупін айтарлықтай арттыратынын атап өтті.
«Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет. Ең алдымен, әрбір азаматымыз табиғат аясында және тұрғын үйлердің жанына жақын жерде от жақпасын, құрғақ шөптерді, қоқысты және тұрмыстық қалдықтарды өртемесін. Шала сөндірілген темекіні немесе сіріңкені тастамаңыз. Түтінді немесе отты байқаған жағдайда бірден “101” немесе “102” нөміріне хабарласыңыз. Осындай бірлескен жұмыстардың нәтижесінде біз үлкен қиындықтардан, қайғылы оқиғалардан өз азаматтарымыздың өмірін сақтап, жерімізді аман алып қаламыз. Сондықтан әрбір қазақстандық өз отбасын, үйін және айналасындағы қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін қырағы болғаны қажет. Біз сіздерге осындай өтініш айтамыз»,

— деп атап өтті Кеген Тұрсынбаев.



МЧС призывает граждан соблюдать меры предосторожности в связи с наступлением пожароопасного периода


📌 МЧС РК призывает граждан соблюдать меры предосторожности в связи с наступлением пожароопасного периода. С таким обращением к казахстанцам выступил на пресс-конференции по итогам заседания Правительства вице-министр по чрезвычайным ситуациям Кеген Турсынбаев.

Спикер отметил, что в настоящее время погодные условия значительно увеличивают риск возникновения пожаров в лесах, степях, на дачных участках и вблизи населенных пунктов.
«Чтобы избежать несчастных случаев, необходимо соблюдать простые правила. Каждый из наших граждан, во-первых, на природе и вблизи жилых домов не должен жечь костры, сухую траву, мусор и бытовые отходы. Не бросайте непотушенные сигареты или спички. В случае обнаружения дыма или огня, сразу звоните по номеру «101» или «102». В результате такой совместной работы мы сможем избежать больших неприятностей, трагедий, сохраним жизни наших граждан и свою землю. Поэтому каждому казахстанцу необходимо быть бдительным в вопросах безопасности своей семьи, дома и окружающей среды. Мы обращаемся к вам с такой просьбой!»,

— подчеркнул Кеген Турсынбаев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Үкімет отырысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық және еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты мәселелер қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты министрліктер басшылығы БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.



⚡️ В Правительстве на заседании рассмотрены вопросы готовности к пожароопасному периоду и текущая паводковая ситуация в стране. Премьер-министр Олжас Бектенов дал ряд поручений.

По итогам заседания руководство ответственных министерств традиционно ответили на вопросы представителей СМИ.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

📌 ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

🔹 Отырыс барысында 2023–2029 жылдарға арналған Тіл саясаты тұжырымдамасын іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды. Әсіресе, мемлекеттік тілдің ұлт бірегейлігінің іргетасы және дамудың стратегиялық ресурсы ретіндегі рөлін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

🔘 Отырыс қорытындысында Комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Ермек Көшербаев алдағы жұмыстың басым бағыттарын атап өтіп, тілдік ортаны жүйелі жаңғыртуға, цифрлық дәуірдің сын-қатерлерін ескере отырып, нормативтік-құқықтық базаны бейімдеуге күш салуды тапсырды.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



Состоялось заседание Комиссии по реализации государственной языковой политики

📌 Под председательством заместителя Премьер-министра РК Ермека Кошербаева состоялось заседание Комиссии по реализации государственной языковой политики при Правительстве РК.

🔹 В рамках заседания обсуждены ключевые направления реализации Концепции языковой политики на 2023–2029 годы. Особое внимание уделено вопросам укрепления позиций государственного языка, как основополагающего элемента национальной идентичности и стратегического ресурса развития.

🔘 По итогам заседания утвержден план работы Комиссии на 2025 год. Ермек Кошербаев обозначил приоритеты предстоящей работы, поручив сосредоточить усилия на системной модернизации языковой среды с учетом вызовов цифровой эпохи и необходимости адаптации нормативно-правовой базы.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Әлеуметтік қолдау шаралары есебінен өңірлердегі дәрігерлер тапшылығы 19%-ға, орта медицина қызметкерлері тапшылығы 7%-ға азайды

📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау жүйесін дамыту шеңберінде елімізде еңбек жағдайын жақсарту, кәсіптің беделін арттыру және медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау жұмыстары жүргізіліп келеді.

💠 2024 жылдың сәуір айында медицина мамандарын құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді күшейтетін Заңның қабылдануы маңызды қадам болды. Ол дәрігерлерге кәсіби жауапкершілік жүйесін енгізуді қолға алып, ауылдарға медициналық кадрларды тартуға ынталандыру жасауға мүмкіндік берді. Бүгінде 164 мың медицина қызметкері сақтандыру жүйесінің қорғауымен қамтылған.

✔️ Өңірлерде жұмыспен қамтуды әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Қазірдің өзінде 600-ге жуық дипломды жас маман осы бағдарламаларды пайдаланды. Қосымша 207 дәрігердің әрқайсысына 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлемдер берілді. Бұл қаражат қаржылай қолдау көрсетуге, ипотекалық несиелерді ресімдеуге көмектесуге және ауылдық жерлерде медицина кадрларын тұрақтандыру үшін жағдай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ ел Президентінің бастамасымен алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы үш дәрігерге берілді, ал «Мамандығы бойынша үздік» республикалық байқауының 16 жеңімпазы 500 АЕК-ке теңестірілген немесе 1,8 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.

✔️ Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы бағыттарының бірі – кадрлық әлеуетті дамыту. Осы мақсатта белгілі бір сала мамандарын даярлауға арналған квоталар саны 2,5 мың орынға дейін ұлғайтылды. Шәкіртақы мөлшері бакалаврлар мен интерндерге 20%-ға, резиденттер, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға өсті. Сондай-ақ өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап медициналық колледж студенттеріне ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері 50%-ға көтерілді. 2024 жылы медицина саласындағы түлектердің жалпы саны 10 570 адамды құрады, оның 52%-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыды. Әлеуметтік қолдау шаралары есебінен өңірлердегі дәрігерлер тапшылығын 19%-ға, ал орта медициналық персоналдың тапшылығын 7%-ға төмендетуге мүмкіндік туды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 270 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 81 285 дәрігер және 190 644 орта медицина қызметкерінің өкілі жұмыс істейді. Саланы қаржыландыруға биыл 2 трлн теңге жоспарланған, 2024 жылы 2,8 трлн теңге, 2023 жылы 4,467 трлн теңге бөлінді.

🔘 Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, кадрлық әлеуетті дамытуға және саланы жетілдіруге бағытталған тапсырмаларын орындауды жалғастырады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Әлеуметтік қолдау шаралары есебінен өңірлердегі дәрігерлер тапшылығы 19%-ға, орта медицина қызметкерлері тапшылығы 7%-ға азайды 📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау жүйесін дамыту шеңберінде елімізде еңбек жағдайын жақсарту, кәсіптің…
Дефицит врачей в регионах сокращен на 19% за счет мер соцподдержки, среднего медперсонала - на 7%

📌 В рамках развития системы здравоохранения по поручению Главы государства в Казахстане ведется работа по улучшению условий труда, повышению престижа профессии и социальной защите медицинских работников.

💠 Важным шагом стало принятие в апреле 2024 года Закона, усиливающего юридическую и финансовую поддержку медицинских специалистов. Он дал старт реализации системы профессиональной ответственности врачей и позволил создать стимулы для привлечения медицинских кадров в села. Сегодня страховой защитой охвачены уже 164 тыс. медработников.

✔️ Для трудоустройства в регионах предусмотрены меры социальной поддержки. Уже около 600 молодых дипломированных специалистов воспользовались этими программами. Дополнительно 207 врачам предоставлены единовременные выплаты в размере 8,5 млн тенге каждому. Эти средства направлены на оказание финансовой поддержки, помощь в оформлении ипотечных кредитов и создание условий для закрепления медицинских кадров на селе.

Также впервые по инициативе Президента страны почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» присвоено трем врачам, а 16 победителей республиканского конкурса «Лучший по профессии» получили денежное поощрение в размере 500-кратного МРП или 1,8 млн тенге.

✔️ Одним из направлений работы Министерства здравоохранения является развитие кадрового потенциала. В этих целях увеличено количество квот на подготовку профильных (узких) специалистов до 2,5 тыс. мест. Повышена стипендия на 20% бакалаврам и интернам, на 15% резидентам, магистрантам и докторантам. Также с 1 сентября прошлого года на 50% увеличен размер ежемесячных государственных стипендий для студентов медколледжей. Общее количество выпускников медицинского профиля в 2024 году составило 10 570 человек, из них 52% обучались по госзаказу. За счет мер соцподдержки удалось снизить дефицит врачей в регионах на 19%, а нехватку среднего медперсонала уменьшить на 7%.

В настоящее время в сфере здравоохранения Казахстана трудятся свыше 270 тыс. медицинских работников, включая 81 285 врачей и 190 644 представителя среднего медперсонала. На финансирование отрасли в этом году запланировано 2 трлн тенге, в 2024 году выделялось 2,8 трлн тенге, в 2023 году – 4,467 трлн тенге.

🔘 Правительство в лице Министерства здравоохранения продолжит выполнение поручений Главы государства, направленных на повышение доступности и качества медицинской помощи, развитие кадрового потенциала и совершенствование отрасли.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM