UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.84K videos
8.29K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
📌 Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шаруаларды қолдау шараларын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады: ➤ егіс науқанын жеңілдікпен қаржыландыру көлемі өткен жылы 580 млрд теңгеге дейін және несиелеуді мерзімінен бұрын іске қосу…
📌 Кездесу барысында өсімдік шаруашылығы және бау-бақша, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы, өнімді өңдеу және экспорттау сияқты аграрлық сектордың түрлі бағыттарының өкілдері сөз сөйледі.

🔵 Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығын басқаратын және Қостанай облысындағы екі құс фабрикасына иелік ететін «Жас-Қанат 2006» ЖШС бас директоры Қайрат Маишев құстың тұтас етін бөлу және қайта өңдеу көрсеткішінің өсіп келе жатқан үрдісін атап өтті. Осыған байланысты, қайта өңдеушілер үшін айналым қаражатын жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын іске қосу шикізатты дайындауға, үздіксіз өндірісті қамтамасыз етуге және өнімді нарыққа жеткізу үшін тауарлық-материалдық қорларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

🔵 «Агрофирма «Родина» ЖШС бас директоры Иван Сауэр биылға жоспарланған алдағы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы мәселелеріне тоқталды. Ақпарат жинау және Қазақстанның АӨК қатысушыларының мәртебесін айқындау үдерісін жетілдіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін есепке алудың бірыңғай базасын құру қажеттігі атап өтілді.

🔵 «AmalBio» ЖШС директоры Асқар Сабыров ауыл шаруашылығының өндірістік үдерістеріне инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу, ауылдық жерлерде инженерлік инфрақұрылым салу мәселелерін көтерді.

🔵«Зенченко и К» КТ директоры Геннадий Зенченко мемлекеттік қолдаудың кеңейтілген шараларымен қатар бизнестің өз тарапынан жауапкершілікті одан әрі арттырудың маңыздылығын атап өтті. Саланы дамытудың басты факторы адам ресурстары болып саналатынын жеткізді. Осыған байланысты Геннадий Зенченко әріптестерін сала мамандарының жалақысының тартымды болуын қамтамасыз етуге және жоғары оқу орындарымен бірлесіп білікті кадрлар даярлауды ынталандыруға шақырды. Ауылды дамытуға, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы компанияларының әлеуметтік бастамаларға, оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешуге, білім беру және медициналық инфрақұрылымды дамытуға қатысуына ерекше назар аударылды.



📌 В ходе встречи выступили представители различных направлений аграрного сектора, таких как растениеводство и садоводство, животноводство и птицеводство, переработка и экспорт продукции.

🔵 Генеральный директор ТОО «Жас-Канат 2006» Кайрат Маишев, возглавляющий Ассоциацию яичных производителей Казахстана и руководящий двумя птицефабриками в Костанайской области, отметил растущую тенденцию на разделку и переработку туш. В этой связи запуск программы льготного кредитования оборотных средств для переработчиков позволяет заготавливать сырье, обеспечивать бесперебойное производство и формировать товарные запасы для поставки продукции на рынок.

🔵 Генеральный директор ТОО «Агрофирма «Родина» Иван Сауэр затронул вопросы предстоящей Национальной сельскохозяйственной переписи, которая запланирована на текущий год. Отмечена необходимость совершенствования процесса сбора информации и определения статуса участников АПК Казахстана, а также создания единой базы учета запчастей на сельхозтехнику.

🔵 Директор ТОО «AmalBio» Аскар Сабыров поднял вопросы внедрения инновационных и цифровых решений в производственные процессы сельского хозяйства, строительства инженерной инфраструктуры на селе.

🔵 Директор КТ «Зенченко и К» Геннадий Зенченко наряду с расширяющимися мерами государственной поддержки подчеркнул важность дальнейшего повышения ответственности со стороны самого бизнеса. Отмечено, что главным фактором развития отрасли являются человеческие ресурсы. В этой связи Геннадий Зенченко призвал коллег обеспечивать привлекательность заработной платы специалистов отрасли и совместно с вузами стимулировать подготовку квалифицированных кадров. Особое внимание уделено развитию села, в частности участию сельхозкомпаний в социальных инициативах, в т.ч. в решении жилищных вопросов, развитии образовательной и медицинской инфраструктуры.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 Кездесу барысында өсімдік шаруашылығы және бау-бақша, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы, өнімді өңдеу және экспорттау сияқты аграрлық сектордың түрлі бағыттарының өкілдері сөз сөйледі. 🔵 Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығын басқаратын және…
📌 Сондай-ақ кездесу барысында «Aitas-KZ» АҚ вице-президенті Рабиға Тоқсейітова, «МВ4» ЖШС директоры Азамат Шалмағамбетов, «Еуразия Инвест LTD» ЖШС құрылтайшысы Иван Георгиади, «Asyl Farms» басшысы Ғабиден Балғынбеков, «Масло-дел» ЖШС бас директоры Павел Селиванов, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Райымбек Баталов сөз сөйледі.

Шаруалар Инвестициялар туралы келісім, инженерлік инфрақұрылым салу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді арзандатылған газбен қамтамасыз ету бойынша жеңілдікті несие алушылар санатын кеңейту жөнінде ұсыныстар айтты. Сонымен қатар мәселелер инвестициялық мақсаттарға тікелей жеңілдетілген несие беру, асылдандыру материалы, астық пен өсімдік майын терең өңдеу, ауыл шаруашылығын сақтандыру, ішкі нарықты тұрақты толтыру, экспортты дамыту, цифрландыру, реттеуші және салық саясаты, сондай-ақ ауылдық жерлерде баспана мәселесін шешу тұрғысынан өзектендірілді.

🔷 Мемлекеттік органдар тарапынан көтерілген тақырыптар бойынша Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин пікір білдірді. «Бәйтерек» ҰБХ басшылығының айтуынша, қазір Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарында жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Болашақта бұл тәжірибені бүкіл еліміз бойынша тарату жоспарланып отыр.



📌 Также в ходе встречи выступили вице-президент Холдинговой компании АО Aitas-KZ Рабига Токсеитова, директор ТОО МВ4 Азамат Шалмагамбетов, учредитель ТОО «Евразия Инвест LTD» Иван Георгиади, руководитель Asyl Farms Габиден Балгинбеков, Генеральный директор ТОО «Масло-дел» Павел Селиванов, а также председатель президиума Национальной палаты предпринимателей «Атамекен» Раимбек Баталов.

Аграриями озвучены предложения по расширению категории получателей льготных кредитов по Соглашению об инвестициях, строительству инженерной инфраструктуры, а также обеспечению сельхозтоваропроизводителей удешевленным газом. Кроме того, актуализированы вопросы прямого льготного кредитования на инвестиционные цели, племенного материала, глубокой переработки зерна и растительного масла, сельхозстрахования, стабильного наполнения внутреннего рынка, развития экспорта, цифровизации, регуляторной и налоговой политики, а также строительства жилья в сельской местности.

🔷 Со стороны государственных органов с комментариями по поднятым темам выступили заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин, министр сельского хозяйства Айдарбек Сапаров, председатель правления АО НУХ «Байтерек» Рустам Карагойшин. По информации руководства НУХ «Байтерек», в селах Северо-Казахстанской области в настоящее время реализуется пилотный проект по строительству арендного жилья. В дальнейшем этот опыт планируется масштабировать на всю страну.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 Сондай-ақ кездесу барысында «Aitas-KZ» АҚ вице-президенті Рабиға Тоқсейітова, «МВ4» ЖШС директоры Азамат Шалмағамбетов, «Еуразия Инвест LTD» ЖШС құрылтайшысы Иван Георгиади, «Asyl Farms» басшысы Ғабиден Балғынбеков, «Масло-дел» ЖШС бас директоры Павел Селиванов…
📌 Премьер-министр агроөнеркәсіп кешенін экономиканың технологиялық және инновациялық секторына айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатқа назар аударды. Ол үшін әрбір ауыл шаруашылығы өндірушісі заманауи агротехнологияларды енгізуге, еңбек өнімділігін арттыруға, тиімділігі жоғары және экспортқа бағдарланған өнімдер түрін кеңейтуге ұмтылуы тиіс.
«Мемлекет аграрлық кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсететін болады, олар өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймайды, сонымен қатар тұрақты әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін ауылдық қоғамдастықтарды қалыптастыра отырып, ауылдағы тұрмыс сапасын арттыруға нақты үлес қосады.
Бірлескен жұмыстың нәтижесі қазақстандықтарды өз өндірісіміздің сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде көрінуі тиіс. Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласында бәсекеге қабілетті ел ретінде танылуы керек»,

— деп түйіндеген Олжас Бектенов жиынның барлық қатысушысына мол өнім алуды және ауыл шаруашылығы өндірісінің әрі қарай дамуына тілектестігін білдірді.

🔷Сондай-ақ Премьер-министр агроөнеркәсіп кешеннің отандық өнімдері көрмесін тамашалады. Сүт және ет өңдеу салаларының жобалары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және тамақ өнеркәсібі саласындағы шешімдер ұсынылды. Олардың қатарында қуаттылығы тәулігіне млн данадан астам жұмыртқа өндіретін Ақмола облысында жұмыртқаны терең өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жоба бар. Кәсіпорынның Орталық Азияда баламасы жоқ және жұмыртқа ұнтағынан бастап арнайы тағам қоспаларына дейін терең өңделген өнімдердің кең түрін шығаруға мүмкіндік береді. Шығарылатын өнім түрін ұлғайту үшін AmalBio кәсіпорнының өндірістік тізбегіне енгізілген инновациялық шешімдер таныстырылды, Премьер-министрге экспорт нарығының кеңеюі туралы баяндалды.

🔘 Сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарын суару жүйесін салу, құрғақ мұздатылған кептірілген бие сүтін өндіру, тамақ өнімдеріне арналған қаптамалардың жаңа түрлері және басқа да жобалар таныстырылды.



📌 Премьер-министр акцентировал внимание на стратегической цели - превращении агропромышленного комплекса в технологичный и инновационный сектор экономики. Для этого каждому сельхозпроизводителю следует стремиться к внедрению современных агротехнологий, повышению производительности труда, расширению ассортимента высокорентабельной и экспортоориентированной продукции.
«Государство будет оказывать всестороннюю поддержку аграрным предприятиям, которые не только наращивают объемы производства, но и вносят реальный вклад в повышение качества жизни на селе, формируя устойчивые и самодостаточные сельские сообщества.

Результатом совместной работы должно стать обеспечение казахстанцев качественными и доступными продуктами питания собственного производства. Казахстан должен быть конкурентоспособным игроком в сфере глубокой переработки сельскохозяйственной продукции»,

— подытожил Олжас Бектенов и пожелал всем участникам встречи высокого урожая и дальнейшего роста сельхозпроизводства.

🔷 Премьер-министр также осмотрел выставку отечественной продукции агропромышленного комплекса. Были представлены проекты молочной и мясоперерабатывающей отраслей, а также решения в области сельхозмашиностроения и пищевой промышленности. В их числе инвестиционный проект по строительству завода по глубокой переработке яйца в Акмолинской области мощностью более миллиона яиц в сутки. Предприятие не имеет аналогов в Центральной Азии и позволяет выпускать широкий спектр продуктов глубокой переработки – от яичного порошка до специализированных пищевых добавок. Презентованы инновационные решения, внедренные в производственную цепочку предприятия AmalBio, для увеличения ассортимента выпускаемой продукции, Премьер-министру доложено о расширении рынка экспорта.

🔘 Кроме того, презентованы проекты по строительству системы орошения сельскохозяйственных культур, производству сухого сублимированного кобыльего молока, новых видов упаковок для пищевой продукции и др.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM