UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.86K videos
8.3K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Премьер-министр Павлодар облысының ТжКБ дамыту және жұмысшы мамандықтарын қолдау бойынша тәжірибесін кеңейтуді тапсырды

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «Түсті металлургия жоғары колледжінде» болып, онда Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде жұмысшы мамандар даярлау сапасын арттыру және жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

🔹 Олжас Бектеновке өңірдегі өнеркәсіпте сұранысқа ие болашақ мамандардың біліктілігі мен дағдыларының картасы ұсынылды. Жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерімен қатар, жас мамандарды қолдау шараларына назар аударылды. Кәсіптік техникалық білім беруді дамыту шеңберінде облыста «Жаңа кәсіптер атласы» енгізілуде және «Колледждер мен ERG компаниясының альянсы» құрылуда.

✔️ Президенттің тапсырмасына сәйкес, жастардың жұмысшы мамандығына деген ынтасын арттыру және олардың беделін көтеру үшін кешенді шаралар іске асырылуда. Үкімет өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары саласындағы жұмысшы мамандарына бағытталған «Наурыз жұмыскер» жаңа ипотекалық бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама негізінде 72 млрд теңгеге 2 440 қарыз беріледі. Тұрғын үй мәселесін шешуге қолдау көрсету жұмысшы мамандығында оқуға айтарлықтай ынталандырады.

🔵 Бұдан басқа, инфрақұрылымды жаңғыртудың ауқымды жобалары жарияланды, оларды іске асыру үшін техникалық білімі мен жетілдіруге ұмтылысы бар жастар қажет.

Сонымен қатар инновациялар мен цифрлық шешімдерді қолданудың маңыздылығы атап өтілді. Оқу-ағарту министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп, Павлодар облысының тәжірибесі негізінде «Колледждер мен кәсіпорындардың альянсын» құру тапсырылды. Сондай-ақ Павлодар облысының «Жаңа кәсіптер атласы» шеңберінде әзірленген біліктілік арттыруды аяқтағаннан кейін диплом алу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеліміне енгізу қажет.

🔘 Техникалық мамандықтардың студенттері Премьер-министрге таңдаған мамандықтары, оқудағы жетістіктері және болашақта жұмысқа орналасу жоспарлары туралы айтып берді.
«Темір жонушы мамандығы – машина жасауда кең таралған әрі сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Менің бұл саланы таңдауыма себепші болған және алғаш осы мамандыққа қызығушылығымды оятқан – менің ағам. Алдағы уақытта өзімнің білімім мен білігімді арттырып, өндірістік салада жұмыс істеуді жоспарлап отырмын»,

— деді «темір жону ісі» мамандығының 2 курс студенті Қайсар Дәулетбаев.

🔵 «Электр жабдықтары» мамандығы бойынша 2 курс студенті Александр Беляев WorldSkills байқауына қатысу жоспарлары туралы айтып берді.
«Мен электр қозғалтқышын реверсивті басқару схемасы «жұлдыз-үшбұрышты» құрастырдым. Бұл схема металлургия өндірісінде, шикізатты тиеу-түсіру және болат балқыту цехтарында, конвейерлерді, диірмендерді іске қосу үшін кеңінен қолданылады»,

— деп атап өтті студент.

Сондай-ақ, 4 курс студенті Илья Горловтың WorldSkills және ERG Skills байқауларында жеңімпаз атанған жұмыстары көрсетілді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Премьер-министр Павлодар облысының ТжКБ дамыту және жұмысшы мамандықтарын қолдау бойынша тәжірибесін кеңейтуді тапсырды 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «Түсті металлургия жоғары колледжінде» болып, онда Мемлекет басшысы…
Премьер-министр поручил масштабировать опыт Павлодарской области по развитию ТиПО и поддержке рабочих профессий

📌 В рамках рабочей поездки в Павлодарскую область Премьер-министр посетил «Высший колледж цветной металлургии», на примере которого проверил ход исполнения поручений Главы государства по повышению качества подготовки рабочих специалистов и расширению взаимодействия с работодателями в рамках объявленного Года рабочих профессий.

🔹 Олжасу Бектенову представили карту востребованных в промышленности региона навыков и компетенций будущих специалистов. Внимание уделено мерам поддержки молодых кадров, включая вопросы трудоустройства и обеспечения жильем. В рамках развития профессионального технического образования в области внедряется «Атлас новых профессий», создается «Альянс колледжей и компании ERG».

✔️ По поручению Президента реализуется комплекс мер для стимулирования интереса молодежи к рабочим профессиям и повышения их престижа. Правительством запущена новая ипотечная программа "Наурыз жұмыскер", которая ориентирована на специалистов рабочих профессий в промышленности, энергетике, транспорте, сельском хозяйстве и сфере водных ресурсов. По ней будут выданы 2 440 займов на 72 млрд тенге. Содействие в решении жилищных вопросов даст серьезный стимул обучаться на рабочие специальности.

🔵 Кроме того, объявлены масштабные проекты модернизации инфраструктуры, для реализации которых нужна молодежь, обладающая техническими знаниями и стремлением к совершенствованию.

Отмечена важность применения инноваций и цифровых решений. Министерству просвещения совместно с акиматами областей на основе опыта Павлодарской области поручено создать профильные «Альянсы колледжей и предприятий». Вместе с тем квалификации, разработанные в рамках «Атласа новых профессий» Павлодарской области, необходимо внести в Классификатор специальностей технического и профессионального, послесреднего образования для получения диплома по завершении обучения.

🔘 В ходе посещения колледжа студенты технических специальностей рассказали Премьер-министру о выбранных профессиях, своих достижениях в учебе и планах на дальнейшее трудоустройство.
«Профессия токаря — одна из самых распространенных и востребованных в машиностроении. Мой брат поспособствовал тому, что я выбрал эту сферу деятельности, пробудил во мне интерес к ней. Я продолжу совершенствовать свои знания и навыки и планирую работать в производственной отрасли»,

– сообщил студент 2 курса по специальности «Токарное дело» Кайсар Даулетбаев.

🔵 Студент 2 курса по специальности «Электрооборудование» Александр Беляев рассказал о планах по участию в конкурсе WorldSkills.
«Я собрал схему подключения реверсивного управления электродвигателем: звезда-треугольник. Данная схема широко используется на металлургическом производстве в цехах погрузки-разгрузки сырья, сталеплавильных цехах, для запуска конвейеров, мельниц»,

– отметил учащийся.

Также были продемонстрированы работы студента 4 курса Ильи Горлова, который стал победителем конкурсов WorldSkills и ERG Skills.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент тапсырмасымен ашылған Екібастұздағы «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы 9 мың жас талантты қабылдауға лайықталған

📌 Президент тапсырмасымен Екібастұзда ашылған «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы қала балаларына шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше мүмкіндіктер ұсынады. Орталық 9 мыңнан астам жас талантты, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды да қабылдай алады.

✔️ «Самғау» орталығында түрлі шеберлік сабақтары мен шығармашылық дәрістер өткізетін 50-ден астам білікті педагог жұмыс істейді. Орталық Екібастұз қаласы балаларының 70%-на дейін қосымша біліммен қамтып, олардың қабілеттерін ашып, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі.

🔵 Бірінші қабатта би және театр залдары, сондай-ақ жеке музыка дәрістеріне арналған бөлмелер мен 275 орындық көрермен залы орналасқан. Балалар хореографиямен, театр өнерімен, вокалмен және аспапта орындау шеберлігімен айналыса алады.

🔵 Екінші қабатта биология зертханасы, ландшафтық архитектура мен флористикалық дизайн студиялары, дебат және медиа орталықтар, сондай-ақ fashion-студия бар. Үшінші қабат толығымен IT-технологияларға арналған: мұнда робототехника мен компьютерлік модельдеу клубтары орналасқан.

Сонымен қатар Орталықта психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттері, үстел теннисі аймақтары және жаттығу залы бар.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Президент тапсырмасымен ашылған Екібастұздағы «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы 9 мың жас талантты қабылдауға лайықталған 📌 Президент тапсырмасымен Екібастұзда ашылған «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы қала балаларына шығармашылық қабілеттерін…
Открытый по поручению Президента Центр детского творчества «Самғау» способен принимать 9 тыс. юных талантов в Экибастузе

📌 Центр детского творчества «Самғау» в Экибастузе, открытый по поручению Президента, предоставляет детям города уникальные возможности для развития творческих способностей. Центр способен принимать более 9 тыс. юных талантов, включая детей с особыми потребностями.

✔️ В «Самғау» работают более 50 квалифицированных педагогов, которые организуют различные мастер-классы и творческие занятия. Центр охватывает дополнительным образованием до 70% детей Экибастуза, помогая им раскрыть свои таланты и реализовать творческий потенциал.

🔵 На первом этаже расположены танцевальный и театральный залы, а также комнаты для индивидуальных музыкальных занятий и зрительный зал на 275 мест. Дети занимаются хореографией, театром, вокалом и инструментальным мастерством.

🔵 Второй этаж включает научно-биологическую лабораторию, студии ландшафтной архитектуры и флористического дизайна, дебатный и медиацентры, а также fashion-студию. Третий этаж полностью посвящен IT-технологиям с клубами по робототехнике и компьютерному моделированию.

Также в Центре предусмотрены кабинеты психолого-педагогической поддержки, зоны для настольного тенниса и тренажерный зал.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Олжас Бектеновтің Павлодар облысына жұмыс сапары.



📌 Рабочая поездка Олжаса Бектенова в Павлодарскую область.

🎥 @KZgovernment