UKIMET
18.4K subscribers
10.3K photos
1.76K videos
8.24K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Олжас Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында энергетиканы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Президенттің энергетика саласына қатысты тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Олжас Бектенов Екібастұзда ГРЭС-1-ді жаңғырту нәтижелерімен, таза көмір технологиясын пайдалана отырып, ГРЭС-2-ні реконструкциялау және ГРЭС-3 стансасы құрылысы жобаларын жүзеге асырудың басталуымен танысты. Мұнда экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктері, жаңа өндіріс орындарын іске қосу және белсенді цифрландыру аясында саланы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті.

🔘 Болат Нұржанов атындағы ГРЭС-1 және ГРЭС-2 құрамына кіретін Екібастұз энергия торабы нысандарының жалпы белгіленген қуаты 5 мың МВт-қа жетеді, бұл Екібастұзды электр энергиясын өндіруде стратегиялық маңызды орталыққа айналдырады. Жалпы, Павлодар облысы республикадағы электр энергиясының 40%-дан астамын өндіреді. ГРЭС-1-ді жаңғырту аясында өткен жылдың желтоқсан айында қуаты 540 МВт болатын №1 энергоблок қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді. 2026-2028 жылдары отынмен қамтамасыз ету жүйелерін реконструкциялау және жаңа түтін мұржасын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар процестерді автоматтандыру, шығарындыларды бақылау және қандай да бір оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша баяндама жасалды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында энергетиканы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді 📌 Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Президенттің энергетика саласына қатысты тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Олжас…
Олжас Бектенов провел республиканское совещание по вопросам развития энергетики на территории Экибастузской ГРЭС

📌 В ходе рабочей поездки в Павлодарскую область Премьер-министр проверил исполнение поручений Президента в сфере энергетики. В Экибастузе Олжас Бектенов ознакомился с результатами модернизации ГРЭС-1, а также началом реализации проектов по реконструкции ГРЭС-2 и строительству станции ГРЭС-3 на технологии чистого угля. Здесь же состоялось республиканское совещание по вопросам развития отрасли на фоне растущих потребностей экономики, запуска новых производств и активной цифровизации.

🔘 Общая установленная мощность объектов Экибастузского энергоузла, в состав которого входят ГРЭС-1 имени Булата Нуржанова и ГРЭС-2, достигает 5 тыс. МВт, что делает Экибастуз стратегически важным центром энергогенерации. В целом Павлодарская область вырабатывает свыше 40% электроэнергии республики. В рамках модернизации ГРЭС-1 был восстановлен и введен в эксплуатацию в декабре прошлого года энергоблок №1 мощностью 540 МВт. В 2026-2028 годы планируется реконструкция системы топливоподачи и строительство новой дымовой трубы. Дополнительно было доложено об автоматизации процессов, контролю за выбросами и предотвращению внештатных ситуаций.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 Отырыс барысында металлургия, ауыл шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету және басқа да салаларда қызмет ететін кәсіпкерлер өзара іс-қимылды жақсарту бойынша идеялары мен ұсыныстарын бөлісті.

«АЭМЗ» ЖШС бас директоры Марат Ахметжанов тарифтік саясаттың өңірдің металлургия саласына әсері мәселесін көтерді. Ол ірі жобаларды іске асырудың барлық кезеңіне арналған электр энергиясына жеңілдігі бар инвестициялық тарифті бекітуді жеделдетуді сұрады. Оның пікірінше, бұл әлемдік нарықтарда экспортқа бағдарланған өнімнің бәсекеге қабілеттілігін сақтауға, Қазақстанға жаңа инвесторлар тартуға және металлургия өндірісінің орталығы ретінде еліміздің имиджін нығайтуға мүмкіндік береді.

«Едіге Шоң» ЖШС бас директоры Тоғжан Мұзапаров АӨК бағдарламаларын мысалға ала отырып, жеңілдігі бар пайыздық мөлшерлемемен тікелей қаржыландыру тетігін енгізуге қатысты ұсынысын айтты. Кәсіпкердің пікірінше, бұл қолдау алуды жеделдетіп, кәсіпкерлердің қаржылық тұрақтылығын күшейтеді әрі бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасайды.

«Галицкое» ЖШС директоры Александр Касицин пайыздық мөлшерлемелерді тікелей субсидиялауды және жылдық 6%-бен «тазаланған» қарыздар беруді қосқанда, аграрлық секторды мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ кәсіпкер Президенттің өндіріс көлемін ұлғайтуға, өнім сапасын жақсартуға және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірыңғай ауыл шаруашылығы салығын енгізу туралы бастамасын қолдады. Сонымен қатар ол диқандар көктемгі дала жұмыстарына тиісті қаражатты толық көлемде ала бастағанын және қажетті ЖЖМ-ның жартысын жеткізгенін атап өтті. Алдын ала егіске қаражат бөлінетін бұл тәжірибені Үкімет былтыр алғаш рет енгізген болатын.

«ECO CITY PAVLODAR» ЖК басшысы Махаббат Анаева Павлодар облысында 56 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі барын, олардың жартысы әйелдер екенін атап өтті. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылды, бұл қоғамның бірқатар маңызды әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

«Fonet Er-Tai AK Mining» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Азамат Әлжапаров Павлодар облысында құны 9,4 млрд теңгені құрайтын катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауыттың құрылысы туралы хабарлады. Бүгінгі таңда компания геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, электр беру желісі салынды. Сонымен қатар кәсіпкер экологиялық құжаттарды келісу бойынша рәсімдердің ұзақтығын атап өтті.

«ЭкоДом-Павлодар» ЖШС директоры және Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі салалық кеңесінің мүшесі Марина Рейдина мемлекеттік қолдаудың, атап айтқанда жеңілдетілген несиелеудің, субсидиялардың және акселерациялық бағдарламаларға қатысудың арқасында төрт жыл ішінде шағын өндіріс сүт өнімдерінің 150-ден астам түрін шығаратын заманауи кәсіпорынға айналғанын айтты.

🔵 Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр Павлодар облысының әкімдігіне, Ұлттық экономика министрлігіне және басқа да мемлекеттік органдарға «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесіп айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM