UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.84K videos
8.29K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Елімізде тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша 67 жоба жүзеге асырылуда

📌 Елімізде тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) жинауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер арнайы кәсіпорындардың шығындарын жабуды қамтамасыз етпейді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

✔️ Республикада жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам қалдықтар түзіледі, бұл ретте 2024 жылы қайта өңдеу деңгейі шамамен 26%-ды құрады, бұл жоспарланған 30%-дан төмен. Аталған мәселені шешу үшін министр мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетігін енгізуді ұсынды. Осы тетік шеңберінде ТҚҚ-ға шекті, экономикалық негізделген тарифті бекіту, сондай-ақ оны әкімдіктер деңгейінде белгілеу жөніндегі құзіретті айқындау ұсынылуда. Ол бойынша қазіргі және ұсынылатын тарифтер арасындағы айырмашылықты утиль алымдары есебінен жабу жоспарланып отыр.

✔️ Бұған қоса, Мемлекет басшысының ірі қалаларда қоқыс өңдеу зауыттарын салу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде утиль алымдары есебінен жеңілдікпен қаржыландыру тетігі бекітілді. Ол утиль төлемі есебінен қаржыландырылатын, төлемдер бойынша екі жылға дейінгі демалысы бар жылдық 3%-дан 15 жылға дейінгі қарыздарды қамтиды. Бүгінгі таңда Министрлік әкімдіктер ұсынған құны шамамен 317 млрд теңге болатын 67 жобаны мақұлдады, оның 43-і қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған.

🔘 Министрлік жүргізген талдау өңірлерде жобаларды іске асыру және қайталама шикізатты барынша өндіру кезінде тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі қуаттарды ұлғайту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін көрсетті.



67 проектов по переработке ТБО реализуют в Казахстане

📌 В Казахстане тарифы на сбор, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов (ТБО) не обеспечивают покрытие затрат специализированных предприятий. Об этом на заседании Правительства под председательством Премьер-министра РК Олжаса Бектенова сообщил министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев.

✔️ Ежегодно в республике образуется более 4,5 млн тонн отходов, при этом уровень переработки в 2024 году составил порядка 26%, что ниже запланированных 30%. Для решения данной проблемы министр предложил внедрить механизм государственно-частного партнерства (ГЧП). В рамках этого механизма предлагается утвердить предельный, экономически обоснованный тариф на ТБО, а также определить компетенцию по его установлению на уровне акиматов. По нему, разницу между текущим и предлагаемым тарифами планируется покрывать за счет утилизационных сборов.

✔️ В дополнение к этому, в рамках реализации поручения Главы государства по строительству мусороперерабатывающих заводов в крупных городах, утвержден механизм льготного финансирования за счет утилизационных сборов. Он включает в себя займы под 3% годовых сроком до 15 лет с каникулами по выплатам до двух лет, финансируемые за счет утилизационного платежа. На сегодняшний день 67 проектов на сумму порядка 317 млрд тенге, представленные акиматами, уже одобрены Министерством экологии, из которых 43 проекта касаются переработки отходов.

🔘 Проведенный Министерством анализ показал, что при реализации проектов в регионах и максимальном извлечении вторичного сырья, имеется значительный потенциал для увеличения мощностей по переработке ТБО.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream finished (37 minutes)
Елімізде экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 405 айыппұл салынды

📌 Елімізде қалдықтарды басқару талаптары бойынша экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 2022 жылдан 2024 жылға дейін 14,3 млрд теңге сомасына 405 айыппұл салынды. Бұл туралы Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

✔️ Ең маңызды жағдайлардың қатарында қалдықтарды қажетті экологиялық рұқсаттан артық жинағаны үшін «Каспий Мұнай» АҚ-ға салынған 13,7 млрд теңге мөлшеріндегі айыппұл бар. «AltyntauKokshetau» АҚ және «Қаржы-инвестициялық корпорация» АҚ нормативтен тыс қалдықтарды жинағаны үшін жауапқа тартылды, олар тиісінше 145 млн теңге және 108,7 млн теңгені құрады.

🔘 Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір кәсіпорын қалдықтардың көлемін азайту мақсатында ең үздік қолжетімді техниканы пайдалануды ескере отырып, Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеуге міндетті екенін атап өткен жөн.



405 штрафов за нарушение экологического законодательства наложено в Казахстане

📌 За нарушение экологического законодательства в части управления отходами в Казахстане с 2022 по 2024 годы наложено 405 штрафов на сумму 14,3 млрд тенге. Об этом на заседании Правительства сообщил министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев.

✔️ Среди наиболее значительных случаев – штраф в размере 13,7 млрд тенге, наложенный на АО «Каспий Нефть» за накопление отходов без необходимого экологического разрешения. АО «AltyntauKokshetau» и АО «Финансово-инвестиционная корпорация» также привлечены к ответственности за сверхнормативное накопление отходов, составившие 145 млн тенге и 108,7 млн тенге соответственно.

🔘 Важно отметить, что в соответствии с действующим законодательством, каждая компания обязана разрабатывать Программу управления отходами, учитывающую использование наилучшей доступной техники, с целью минимизации объема отходов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда 330 млрд теңгеге өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жобалар іске асырылуда

📌 ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында Қазақстанда 330 млрд теңгеге өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 25 жоба іске асырылып жатқанын хабарлады.

🔘 Ол 133 млрд теңге сомасына 8 жоба енгізілгенін атап өтті. Биыл 110 млрд теңге сомасына 7 жаңа жобаны іске қосу жоспарлануда.
«Сынықтарды, пластмассаларды, шыныларды және басқа да өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша іске асырылып жатқан жобалар қалдықтарды тұрақты басқару, экологияны жақсарту және саланың экономикалық тиімділігін арттыру үшін негіз болады»,

— деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.



В Казахстане реализуются проекты по вторичной переработке промышленных отходов на 330 млрд тенге


📌 Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства сообщил, что в Казахстане реализуется 25 проектов по вторичной переработке промышленных отходов на сумму 330 млрд тенге.

🔘 Он отметил, что уже введены 8 проектов на сумму 133 млрд тенге. В этом году планируется запустить 7 новых проектов на сумму 110 млрд тенге.

«Реализуемые проекты станут основой для устойчивого управления отходами, улучшения экологии и повышения экономической эффективности отрасли»,

— подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ТМҚ өңдеуге жеңілдетілген лицензияны енгізу мәселесін қарастырады

📌 ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында Қазақстанда жинақталған техногендік-минералдық қалдықтармен (ТМҚ) проблеманы шешу бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндады.

🔘 Ол елді мекендер маңында жинақталған техногендік-минералды қалдықтарға қатысты мәселені шешу үшін оларды елді мекендерден тыс жерлерге әкетуге және қайта өңдеуге мүмкіндік беретін заңнамаға өзгерістер енгізу пысықталып жатқанын атап өтті.
«Бұл әсіресе ТМҚ елеулі экологиялық проблемалар туғызатын моноқалалар үшін өте маңызды. Бұдан басқа, министрлік ТМҚ өңдеу үшін арнайы жеңілдетілген лицензияны енгізу мәселесін пысықтайтын болады. Ұсынылған шаралар экологиялық жағдайды
жақсартуға, сондай-ақ өндіріске жаңа шикізат көздерін тартуға мүмкіндік береді»,

— деп толықтырды Ерсайын Нағаспаев.



Ввести упрощенную лицензию на переработку ТМО хотят в Казахстане

📌 Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства доложил о планируемых мерах по решению проблемы с накопленными техногенно-минеральными образованиями (ТМО) в Казахстане.

🔘 Он отметил, что для решения проблем с накопленными техногенно-минеральными образованиями близ населенных пунктов, прорабатывается вопрос внесения изменений в законодательство, которые позволят вывозить и перерабатывать их за пределами населенных пунктов.
«Это особенно важно для моногородов, где ТМО создают экологические проблемы. Кроме того, министерством будет проработан вопрос введения специальной упрощенной лицензии для переработки ТМО. Предлагаемые меры позволят улучшить экологическую ситуацию, а также вовлечь в производство новые источники сырья»,

— добавил Ерсайын Нагаспаев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушылар қалдықтарды азайту үшін жаңа технологияларды қолдана бастады

📌 ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отын-энергетика кешеніндегі қалдықтарды басқару мәселелері қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің ақпараты бойынша, жер қойнауын пайдаланушылар қоршаған ортаға әсерді азайту мақсатында экологиялық заңнаманы, стандарттар мен нормаларды сақтай отырып, өнеркәсіп қалдықтары және мұнай қалдықтарымен жұмыс жүргізуде.

Атап айтқанда, қалдықтарды өндіру, кәдеге жарату, қайта өңдеу немесе басқа салаларда пайдалану сатысында пайда болатын қалдықтардың көлемін азайтуға бағытталған технологиялар қолданылады.
«Мұнай шламының пайда болуына жол бермеу шаралары жүйелі түрде жүргізіледі. Оның құрылуына қарай не өз күшімен, не мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, жинау және қайта өңдеу жүргізіледі, мұнай шламын көмуге жол берілмейді. Өндіріс процесінде пайда болған мұнай шламы жинақтау кезеңін айналып өтіп, дереу өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жіберіледі»,

— деп атап өтті энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

🔘 Мәселен, «Қаражанбасмұнай», «ӨзенМұнайГаз», «МаңғыстауМұнайГаз» және «ЕмбіМұнайГаз» компанияларының нысандарында тарихи мұнай қалдықтарын кәдеге жарату және ластанған жерлерді тазарту жұмыстарын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жүргізуде.

✔️ 2018–2024 жылдар аралығында шамамен 4,5 млн тонна тарихи мұнай қалдықтары өңделді, оның 1 млн тоннаға жуығы 2024 жылы өңделді.



Новые технологии для минимизации отходов начали применять недропользователи Казахстана

📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра РК Олжаса Бектенова рассмотрены вопросы управления отходами в топливно-энергетическом комплексе. По информации Министра энергетики Ерлана Аккенженова, в целях минимизации воздействия на окружающую среду, недропользователи проводят работу в области обращения с промышленными отходами и нефтешламом с соблюдением экологического законодательства, стандартов и норм.

В частности, используются технологии, направленные на минимизацию объема образующихся отходов на стадии добычи, реутилизации отходов, переработки или использования в других отраслях.
«На регулярной основе принимаются меры по предотвращению образования нефтешлама. По мере его образования, производится сбор и переработка либо собственными силами, либо с привлечением специализированных организаций, захоронение нефтешлама не допускается. Нефтешлам, образующийся в процессе производства, незамедлительно направляется на переработку или утилизацию, минуя стадию накопления»,

— отметил министр энергетики Ерлан Аккенженов.

🔘 Так, например, АО «НК «КазМунайГаз» проводит работы по утилизации исторических нефтесодержащих отходов и очистке загрязненных земель на объектах компаний Каражанбасмунай, ОзенМунайГаз, МангистауМунайГаз и ЭмбаМунайГаз.

✔️ За 2018-2024 годы переработано порядка 4,5 млн тонн исторических нефтеотходов, из них порядка 1 млн тонн в 2024 году.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қайта өңдеу деңгейі 26%-ды құрайды. Олжас Бектенов қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды іске асыру жұмысын күшейтуді тапсырды

📌 ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында коммуналдық және өндірістік қалдықтарды басқарудың жай-күйі мен алдағы жоспарлары қаралды.

🔵 Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдықтар түзіледі, ал 2024 жылы кәдеге жарату деңгейі шамамен 26%-ды құраған.

🔻 Премьер-министр экологиялық ахуалға, халықтың денсаулығы мен тұрмыс сапасына әсер ететін қалдықтарды басқарудың маңыздылығын атап өтті.

«Қалдықтарды басқару жүйесін дамыту үшін былтыр елімізде арнайы жеңілдікпен қаржыландыру тетігі бекітілген болатын. Бүгінде 94 жобадан тұратын пул жасақталды. Алайда, оларды іске асыру барысы мүлдем мардымсыз. Бүгінде 67 жоба қаралған. Соның 6-уы ғана 4 млрд теңге сомасында қаражатпен қамтамасыз етілген. Бұл жобаларды дайындау барысында әкімдіктердің тарапынан үйлестіру шараларының жеткіліксіз екенін білдіреді. Жобаларды іске асыру, жабдықтарды жаңарту, жаңа технологияларды енгізу бойынша барынша белсенді жұмыс жүргізу керек»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔘 Экология және табиғи ресурстар министрлігіне Өнеркәсіп қорымен және әкімдіктермен бірлесе, қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды іске асыру жұмысын күшейту тапсырылды. Үш ай мерзімде бекітілген тізімнің ішінен қаржы бөлінген жобалар санын кемінде 5 есеге арттыру қажет. Бұл ретте, өңір әкімдіктері қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі әрбір жобаға олар іске қосылғанша толық қолдау көрсету маңызды.



Уровень переработки отходов составляет 26%. Олжас Бектенов поручил активизировать работу по реализации проектов, модернизации оборудования и внедрению новых технологий

📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра РК Олжаса Бектенова рассмотрены текущая ситуация и планы по развитию управления коммунальными и промышленными отходами.

🔵 По данным Министерства экологии и природных ресурсов, ежегодно в стране образуется порядка 5 млн тонн коммунальных отходов, а уровень переработки в 2024 году составил около 26%.

🔻 Премьер-министр подчеркнул важность вопроса обращения с отходами, который оказывает влияние на экологическую ситуацию, здоровье и качество жизни населения.

«Для развития системы управления отходами в Казахстане в прошлом году утвержден специальный механизм льготного финансирования. Сформирован пул из 94 проектов. Однако их реализация находится на крайне низком уровне. На сегодня рассмотрено 67 проектов. Профинансировано только 6 на сумму 4 млрд тенге. Это свидетельствует о слабой их проработке со стороны акиматов. Нужна активная работа по реализации проектов, модернизации оборудования, внедрению новых технологий»,

– отметил Олжас Бектенов.

🔘 Министерству экологии и природных ресурсов совместно с Фондом промышленности и акиматами поручено активизировать работу по реализации проектов в сфере управления отходами. В трехмесячный срок необходимо увеличить число профинансированных проектов из утвержденного списка минимум в 5 раз. При этом акиматам регионов важно обеспечить полное сопровождение каждого проекта по сортировке и переработке отходов до ввода их в эксплуатацию.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов коммуналдық және өндірістік қалдықтарды басқару, мониторинг жасау және бақылау жүйесін цифрландыруды тапсырды

📌 Үкімет отырысында коммуналдық және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.


«Жыл сайын отандық кәсіпорындарда 1 млрд тоннаға жуық қалдық жинақталып қалады. Оларды қайта өңдеу көлемі шамалы, небәрі 11%-ды құрайды. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 70-80%-ға жетеді. Сонымен қатар кен орындарындағы үйінділердің құрамында бағалы және сирек кездесетін металл қоспалары бар. Оларды алу үшін тиімді жаңа технологияларды қолдану қажет. Энергетика кәсіпорындарының күл үйінділері де көбейіп барады.
Барлық қалдықтарды тиімді басқарудың айқын жүйесін жасап, оны цифрландыру қажет. Дұрыс тәсілдерді қолдану арқылы қалдықтарды жойып қана қоймай, олар өңделіп, қайтадан кәдеге жаратылуға тиіс»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

⚡️ Экология, Өнеркәсіп, Энергетика және Цифрландыру министрліктеріне коммуналдық және өндірістік қалдықтарды басқару, мониторинг жасау және бақылау саласында цифрлық шешімдер әзірлеу тапсырылды.

🔘 Премьер-министр бүгінде отандық тау-кен компаниялары қалдықтарды қайта өңдеп, оның ішінде құрылыс материалдары мен тыңайтқыштар және басқа да 30-ға жуық өнім түрін шығаратын жобаларды бастағанын атап өтті.



Олжас Бектенов поручил оцифровать систему управления, мониторинга и контроля за коммунальными и промышленными отходами

📌 В ходе заседания Правительства особое внимание уделено вопросам реализации проектов по переработке коммунальных и промышленных отходов.

«Казахстанскими предприятиями ежегодно складируется около 1 млрд тонн отходов. При этом объем их переработки – всего 11%. В развитых странах этот показатель составляет 70-80%. Вместе с тем отвалы на месторождениях содержат примеси драгоценных и редких металлов. Для их извлечения необходимо применять новые эффективные технологии. Также постоянно растут золоотвалы энергетических предприятий.
Для эффективного управления всеми отходами нужно выстроить четкую систему и оцифровать ее. При правильном подходе отходы должны утилизироваться, перерабатываться и использоваться повторно»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

⚡️ Министерствам экологии, промышленности, энергетики и цифровизации поручено разработать цифровые решения в сфере управления, мониторинга и контроля за коммунальными и промышленными отходами.

🔘 Премьер-министр отметил, что на сегодня отечественными горнорудными компаниями уже начата переработка отходов и производство порядка 30 видов продукции, включая строительные материалы, удобрения и др.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасы 1 қыркүйекке дейін әзірленеді. Қалдықтар өңдейтін кәсіпорындарды қолдау шаралары қарастырылады

📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Экология және табиғи ресурстар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін қалдықтарды басқару процестерін орталықтандыруға, барлық мүдделі тараптарды тартуға, циклдік экономика моделін құруға бағытталған қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

🔵 Өнеркәсіп және Энергетика министрліктеріне өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындарды қолдау мен ынталандырудың нақты шараларын әзірлеу тапсырылды. Бұл көмір химиясы, құрылыс материалдарын жасау, жерде сирек кездесетін металдарды алу салаларында жаңа өндірістер құруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

🔵 Экология, Энергетика министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, екі апта мерзімде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату саласындағы жобалар тізбесін анықтауы қажет. Әлеуетті инвесторлар тарту үшін сәуір айында аукцион ұйымдастыруы керек.



Концепцию управления всеми видами отходов разработают до 1 сентября текущего года. Будут предусмотрены меры поддержки для предприятий по переработке отходов

📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов дал поручение Министерству экологии и природных ресурсов совместно с заинтересованными госорганами до 1 сентября т.г. разработать Концепцию управления всеми видами отходов, нацеленную на централизацию процессов, вовлечение всех заинтересованных сторон и построение модели циклической экономики.

🔵 Министерствам промышленности и строительства, энергетики поручено выработать конкретные меры поддержки и стимулирования для промышленных и энергетических предприятий по переработке промышленных отходов. Отмечено, что это позволит создать новые производства в сфере углехимии, по выпуску стройматериалов, извлечению редких и редкоземельных металлов.

🔵 Министерствам экологии, энергетики совместно с акиматами необходимо в двухнедельный срок определить перечень проектов в сфере энергетической утилизации отходов. Уже в апреле должен быть организован аукцион для привлечения потенциальных инвесторов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ұлытау облысында жаңа ҚТҚ полигоны мен қалдықтарды қайта өңдеу цехы салынады

📌 Ұлытау облысында қағаз, пластик және резеңке өңдеу цехын және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Дастан Рысбеков мәлімдеді.

🔘 Оның айтуынша, жалпы құны 840 млн теңгені құрайтын жобаны жеке инвестор жүзеге асыруға ниетті. Ол өз қаражатынан 134 млн теңге бөледі және Өнеркәсіпті дамыту қоры мақұлдаған лизингтік қаржыландыру шеңберінде 705 млн теңге тартады.

✔️ Қазіргі уақытта жобаны іске асыру үшін облыс басшылығы ауданы 16 га жер телімін бөлді. Сондай-ақ суды пайдалануға және электрмен жабдықтауға арналған техникалық шарттар берілді.

✔️ Жаңа кешен жылына 50 мың тоннаға дейін қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарата алады деп күтілуде. Бұл өңірдегі экологиялық жағдайды едәуір жақсартады.



Новый полигон ТБО и цех по переработке отходов появятся в области Ұлытау

📌 В области Ұлытау планируется построить полигон твердых бытовых отходов с установкой цеха по переработке бумаги, пластика и резины. Об этом на заседании Правительства сообщил аким региона Дастан Рыспеков.

🔘 По его словам, проект, общая стоимость которого составляет 840 млн тенге, намерен реализовать частный инвестор. Он выделит 134 млн тенге из собственных средств и привлечет 705 млн тенге в рамках лизингового финансирования, одобренного Фондом развития промышленности.

✔️ В настоящее время для реализации проекта руководством области выделен земельный участок площадью 16 га, а также получены технические условия на водопользование и электроснабжение.

✔️ Ожидается, что новый комплекс сможет перерабатывать и утилизировать до 50 тыс. тонн отходов в год, что значительно улучшит экологическую ситуацию в регионе.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Павлодар облысында Президенттің өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС және «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-ға барып, кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Онда Мемлекет басшысының өнеркәсіпті дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі тапсырмаларының іске асырылу барысы мен шаралары талқыланды.

✔️ Премьер-министр «Бозшакөл» мыс кеніші алаңында технологиялық үдерістермен танысты. Зауыт жылына 30 млн тонна кен өңдейді. Өткен жылы 105 мың тонна мыс өндірілді, сонымен қатар мұнда мыс, алтын, күміс және концентраттағы мырыш өндіріледі. Дайын өнім Қытай, Түркия, Өзбекстан мен Бельгияға экспортталады. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жас мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл кәсіпорын ақылы тағылымдамадан өту үшін 200-ден астам студент тартуды жоспарлаа отыр. Бүгінде компанияда 14 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

🔘 Премьер-министрге өндірістік алаңдарда заманауи технологияларды енгізу, оның ішінде жасанды интеллект жүйелерін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді. Толық диспетчерлеу кенді ұсақтаудан бастап концентрат шығаруға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. Сондай-ақ карьерлерді 3D модельдеу үшін өндірістік процестерді модельдеу жүйелері мен дрондар қолданылады. Бұл жұмыстың дәлдігі мен тиімділігін едәуір жақсартады.
«Еліміз өңдеу саласына көшу керек, жоғары өңделген тауарлар өндіруді арттыру қажет. Мемлекет басшысы осындай міндет қойып отыр. Салық кодексінде жоғары өңделген тауарлар өндіретіндер салықты аз төлейтін қосымша жеңілдіктер қарастырылған. Бұның барлығы өңдеу саласын ынталандыру үшін жасалып жатқан қадамдар. Яғни, қаражат өз елімізде қалады деген сөз. Қазір көптеген елдер қазақстандық шикізат өңдеуді дамытуда. Ол өзімізге керек. Оның үстіне “Қазақмыс” және “KAZ Minerals” сияқты ірі кәсіпорындардың инвестиция салуға мүмкіндігі бар»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

✔️ Премьер-министр Екібастұздағы «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС аумағында әмбебап жартылай жүк вагондарын, жабық вагондарды, вагон-платформаларды отандық өндірушінің ағымдағы өндірістік қуаттарымен, сондай-ақ жүк тасымалы көлемінің жыл сайынғы өсуін ескере отырып, көрсеткіштерді одан әрі арттыру жоспарларымен танысты.
«SMP Group» ЖШС бас директоры Ержан Қуанғанның айтуынша, кәсіпорын құрылғалы бері 9 мыңнан астам жартылай вагон, 26 платформа және 2 жабық вагон шығарған. Өндірістік қуаты айына 100-ден 240 вагонға дейін артты. Бүгінде 3 мың жартылай вагон жеткізуге жасалған келісімшарт мерзімінен бұрын орындалды. Шарт мамыр айында аяқталады деп жоспарланған. Көлік-логистикалық кешенді дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.

«Біздің еліміз транзит пен логистикада орасан зор әрі толық ашылмаған әлеуетке ие. Теміржол жүйесі вагондарды жаңартуды қажет етеді. Сондықтан біз кәсіпорындардың өндірісті кеңейту бастамаларын қолдаймыз,

— деп атап өтті Премьер-министр және көлік, ұлттық экономика министрліктеріне, «ҚТЖ» мен «Бәйтерек» холдингіне кәсіпорынды қолдау мәселелерін пысықтауды, оның ішінде жартылай вагондар мен жабық вагондарды жеткізуге ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттарын жасасу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, кәсіпорын басшылығы жергілікті қамту үлесін кееңейту қажет, бүгінде ол 57%-ды құрайды.
— Ең бастысы – локализациялауды арттыру. Ішкі өндірісті одан әрі ынталандыру керек».

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM