⏩ Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кино саласындағы заңнаманы күшейту бойынша басталған жұмыстар, балаларға арналған қазақ анимациясын дамыту жоспары туралы баяндады. Президенттің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шарттарын қайта қарау және үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнаманы жетілдіру туралы тапсырмаларын орындау мақсатында ҮЕҰ өкілдерінің арасынан сараптамалық комиссия құрылды. Сондай-ақ ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдени мұраны сақтау және ілгерілету жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленгені атап өтілді.
✔️ Білім беру саласында «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өскелең ұрпақты зорлық-зомбылықтан қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сапалы білім мен медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізуге, ерекше қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндіктер беруге бағытталған арнайы заң әзірленетін болады. Елімізде 11 аутизм орталығы жұмыс істейді, әр аймақта тиісті мекемелер ашу қажеттілігі атап өтілді. Сонымен қатар сұранысқа ие мамандықтарды даярлау үшін жағдай жасау да алдағы жоспарлардың қатарында тұр. Сапалы инфрақұрылымды дайындауға ерекше назар аударылатын болады. Мәселен, 1,2 мың орындық халықаралық колледж салу жоспарланған.
➖ ⏩ Министр культуры и информации Аида Балаева доложила о начатой работе по усилению законодательства в области кино, планах по развитию казахской анимации для детей. В целях исполнения поручений Президента о пересмотре критериев государственного социального заказа и совершенствованию законодательства о неправительственных организациях создана экспертная комиссия из представителей НПО. Также отмечено, что разработан проект Комплексного плана по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО.
✔️ В сфере образования в рамках единой программы «Дети Казахстана» будет разработан специальный закон, направленный на обеспечение безопасности и защиты подрастающего поколения от насилия, доступ к качественному образованию и медобслуживанию, предоставление равных возможностей детям с особыми потребностями. В стране функционируют 11 аутизм-центров, отмечена необходимость открыть соответствующие учреждения в каждом регионе. Кроме того, среди предстоящих планов – создание условий для получения востребованных профессий. Особое внимание будет уделено формированию качественной инфраструктуры. К примеру, запланировано строительство международного колледжа на 1,2 тыс. мест.
📱 @KZgovernment