UKIMET
18.5K subscribers
10.5K photos
1.79K videos
8.25K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Үкімет экономиканың нақты секторын ауқымды қаржыландыруға кірісуде

📌 Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және экономикаға инвестициялар тарту туралы тапсырмасы бойынша Үкімет қаржылық даму институттары арқылы ШОБ өңдеу өнеркәсібі және ірі бизнес саласындағы инвестициялық жобаларды, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін және құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, жүк тасымалдау, негізгі жобаларды, ШОБ дамыту үшін экоорта қалыптастыратын инфрақұрылымдық және кластерлік жобаларды қолдаудың ауқымды науқанын бастайды.

✔️ 2025 жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ кәсіпкерлікті қолдауға, тұрғын үй құрылысын дамытуға және 2027 жылға қарай қаржыландыру көлемін одан әрі 10 трлн теңгеге дейін арттыра отырып, негізгі ұлттық және инвестициялық жобаларды іске асыруға 8 трлн теңге бағыттайды. Ауқымды қаржыландыру шеңберінде бизнесті, экспорттық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған қолдаудың жаңа тетіктері іске қосылады, қаржыландыру және әлеуметтік бастамалар құралдары кеңейтіледі. Олардың ішінде:

🔵ШОБ пен ірі бизнесті қолдау үшін екі кепілдік қоры құрылады

ШОБ-ты қолдау үшін 2025 жылы «Даму» кепілдік қоры құрылады. Бұл үшін «Даму» функциялары жаңа міндеттермен толықтырылады, кепілдік беру құралы бойынша өнім желісі кеңейтіледі, ұсынылатын кепілдіктердің мөлшері ұлғайтылады, кепілдендіруге жататын экономика секторларының (ЭҚЖЖ) тізбесі кеңейтіледі. Жаңа өнімдерге кепілдіктерді қайтарымсыздық және шартсыздық қағидаттары бойынша шығару жоспарлануда. Кепілдік қорын құру мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені қосымша қаржыландыру көздерінен қаражат тарту есебінен азайтады, бизнес субъектілерін кепілдік беру түріндегі қолдау шарасымен қамтуды ұлғайтады және банктердің өтімділігін экономикалық айналымға тиімді тартуға мүмкіндік береді.

🔘Кепілдік қорын іске қосу 2028 жылға қарай кепілдіктер портфелін 1 трлн теңгеге дейін арттыруға (2023 жылмен салыстырғанда +148%) және жыл сайын 50 мыңнан астам жобаны қолдауға мүмкіндік береді (2023 жылы кепілдік беру құралы арқылы 8 212 жобаға қолдау көрсетілді).

2025 жылы «Даму» қоры 1,7 трлн теңгені құрайтын ШОБ-тың кемінде 30 мың жобасына қолдау көрсетеді.

Бәйтеректің ірі бизнеске арналған кепілдік қоры ірі және стратегиялық маңызды жобаларды кепілмен қамтамасыз етудің жеткілікті болуы мәселесін шешеді.

Жобаны қаржыландыру кезінде екінші деңгейлі банктердің және/немесе ҚДБ-ның несиесі жоба құнының 80%-ын құрауы мүмкін. Кепілдік беру кепілмен қамтамасыз етудің жеткілікті болуы мәселелерін шеше отырып, жоба құнының 30%-на дейінгі сомаға берілетін болады.

➤ Бәйтеректің қаржыландыру сомасы 7,3 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 2025 жылға 3,7 трлн теңге қарастырылған. Холдингтің кепілдігі 2,2 трлн теңгеге немесе 30%-ға дейін жетуі мүмкін, оның ішінде 1,1 трлн теңгеге дейінгі кепілдік 2025 жылға қарастырылған. Бұл ретте 50% – болашақ бизнес серіктестің кепілдігі. Бәйтерек жобаның капиталына кіре алады, содан кейін кәсіпкердің жеке қатысу мөлшері 20%-дан төмен болуы мүмкін. Осылайша, ірі жобаларда кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселесі шешілуде.

➤ Ірі бизнес субъектілерін қаржыландыру үшін құны 7 млрд теңгеден басталатын жобалар бойынша кепілдіктер берілетін болады.

➤ Екінші деңгейлі банктер үшін бұл несиелендіру көлемінің ұлғаюын және кепіл көлемі жеткіліксіз болған кезде несиелендіру тәуекелдерінің төмендеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

➤ Кепілдіктер беру өңдеу өнеркәсібі секторларында жоспарланып отыр. Кепілдіктердің қайтарымсыздығы банктердің қызығушылығын арттыруға, ал бизнес субъектілері үшін кепілдіктердің ақылы болуы кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейтуге арналған.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкімет экономиканың нақты секторын ауқымды қаржыландыруға кірісуде 📌 Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және экономикаға инвестициялар тарту туралы тапсырмасы бойынша Үкімет қаржылық даму институттары арқылы ШОБ өңдеу өнеркәсібі және ірі бизнес…
🔵 Корпоративтік/жобалық қаржыландыру – «Қазақстанның даму банкі» АҚ (ҚДБ) тек қана ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға қайта бағдарланады. Холдингтің еншілес компаниясы – Qazaqstan Investment Corporation АҚ (QIC) кәсіпкерлерге үлестік қаржыландыру мүмкіндіктерін ұсына отырып және бизнестің мемлекеттік саясаты мен инвестициялық міндеттемелеріне қойылатын талаптарды ескере отырып, жобаларды іске асыруда толыққанды әріптес ретінде private equity дамытуға назар аударады.
   
🔵 Экспортты кеңейту – сыртқы нарықтарды дамыту стратегиясы шеңберінде сауда қорын және экспортты қолдаудың арнайы құралдарын әзірлеу жоспарланып отыр. «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-ның сақтандыру, қайта сақтандыру, кепілдік құралдары және композиттік қызметтер бойынша қызметі кеңейтілді, бұл қазақстандық компанияларға бәсекеге қабілетті өнімдермен жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік береді.
         
Сонымен қатар «Бәйтерек» холдингі екінші деңгейлі банктермен және халықаралық қаржы институттарымен бірге еліміздің экономикалық дамуына және мемлекет басымдық беріп отырған, оның ішінде отандық тауар өндірісін қолдауға бағытталған инфрақұрылымдық бағдарламаларды қаржыландыруға дайын.

🔵 ТКШ инфрақұрылымын қаржыландыру (ұлттық жоба)
        
«
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы инженерлік желілердің тозуын төмендету жөніндегі мәселелерді уақтылы шешу мақсатында инвестициялардың жалпы көлемі 13 трлн теңгеден асатын ескірген инфрақұрылымды ауқымды жаңарту көзделіп отыр, оның 4,7 трлн теңгесі Холдингке тиесілі.
        
✔️ Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу шеңберінде елішілік құндылық үлесін арттыру үшін отандық өндіріс тауарларын пайдалануды күшейту жұмыстары жүргізіледі. Бұл тәсіл ішкі бәсекеге қабілеттілікті арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, импортқа тәуелділікті азайтуға және жалпы нарықтағы «жергілікті» кәсіпорындардың ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді.
        
➤ Жаңғырту мен құрылыстың белсенді кезеңі басталғанға дейін инфрақұрылымды жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы туралы отандық тауар өндірушілерді ақпараттандыру бойынша кешенді жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.
        
➤ Отандық тауар өндірушілер өнімін шығаруға шамамен 4,9 трлн теңге қажет болады.
        
🔘Сонымен қатар Үкімет жекелеген салаларды дамыту мақсатында жекелеген салаларда – IT, логистика, туризм, жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау салаларында «инвестицияларға тапсырыс» жариялайды. Мүдделі тұлғалар Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментіне, «Даму» қорына, «Бәйтерек» холдингіне жүгінуі қажет.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Photo
Правительство приступает к масштабному финансированию реального сектора экономики

📌 По поручению Главы государства о диверсификации экономики и привлечении в экономику инвестиций Правительство через финансовые институты развития начинает масштабную кампанию поддержки инвестиционных проектов сфере обрабатывающей промышленности МСБ и крупного бизнеса, среди которых легкая, химическая промышленность, производство продуктов питания, стройматериалов, машиностроение, грузоперевозки, якорные, инфраструктурные и проекты-кластеры, образующие экосреду для развития МСБ.

✔️ В 2025 году АО «Национальный управляющий холдинг «Байтерек» направит 8 трлн тенге на поддержку предпринимательства, развитие жилищного строительства и реализацию ключевых национальных и инвестиционных проектов с дальнейшим увеличением объема финансирования до 10 трлн тенге к 2027 году. В рамках масштабного финансирования запускаются новые механизмы поддержки, направленные на развитие бизнеса, экспортных возможностей, расширяются инструменты финансирования и социальных инициатив, среди которых:

🔵 Для поддержки МСБ и крупного бизнеса создаются два гарантийных фонда

Для поддержки МСБ в 2025 году будет создан гарантийный фонд «Даму». Для этого функции «Даму» будут дополнены новыми задачами, расширена продуктовая линейка по инструменту гарантирования, увеличен размер предоставляемых гарантий, расширен перечень секторов экономики (ОКЭД), подлежащих гарантированию. По новым продуктам гарантии планируется выпускать на принципах безотзывности и безусловности. Создание Гарантийного фонда снизит нагрузку на государственный бюджет за счет привлечения средств из дополнительных источников финансирования, увеличит охват субъектов бизнеса мерой поддержки в виде гарантирования и позволит с пользой вовлечь ликвидность банков в экономический оборот.

🔘 Запуск гарантийного фонда позволит к 2028 году увеличить портфель гарантий до 1 трлн тенге (+148% по отношению к 2023 году) и поддерживать ежегодно более 50 тыс. проектов (в 2023 году по инструменту гарантирования было поддержано 8 212 проектов).

В 2025 году Фонд «Даму» поддержит не менее 30 тыс. проектов МСБ на сумму 1,7 трлн тенге.

Гарантийный фонд Байтерека для крупного бизнеса решит вопрос достаточности залогового обеспечения крупных и стратегически важных проектов.

При финансировании проекта кредит от банков второго уровня и/или БРК может составлять 80% от стоимости проекта. В то время как гарантия будет предоставляться на сумму до 30% от стоимости проекта, решая проблемы достаточности залогового обеспечения.

➤ Сумма финансирования Байтерека составляет 7,3 трлн тенге, из которых 3,7 трлн тенге предусмотрено на 2025 год. Гарантия холдинга может достигать 2,2 трлн тенге, или до 30%, из них до 1,1 трлн тенге – в 2025 году. При этом 50% - это залог будущего бизнеса партнера. В отдельных случаях холдинг Байтерек может входить в капитал проекта, и тогда размер собственного участия бизнесмена может быть ниже 20%. Таким образом, решается проблема недостатка залогового обеспечения у крупных проектов.

➤ Для финансирования крупных субъектов бизнеса будут предоставлены гарантии по проектам стоимостью от 7 млрд тенге.

➤ Для банков второго уровня это позволит обеспечить увеличение объемов кредитования и снижение рисков кредитования при недостаточности залоговой массы.

➤ Предоставление гарантий планируется в секторах обрабатывающей промышленности. Безотзывность гарантий призвана повысить заинтересованность банков, а платность гарантий для субъектов бизнеса - ответственность предпринимателей.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Правительство приступает к масштабному финансированию реального сектора экономики 📌 По поручению Главы государства о диверсификации экономики и привлечении в экономику инвестиций Правительство через финансовые институты развития начинает масштабную кампанию…
🔵 Корпоративное/проектное финансирование – переориентация АО «Банк Развития Казахстана» (БРК) исключительно на развитие крупнейших индустриальных и инфраструктурных проектов. Дочерняя компания Холдинга – АО «Qazaqstan InvestmentCorporation» (QIC) сосредоточится на развитии private equity, предоставляя предпринимателям возможности долевого финансирования и выступая полноценным партнёром в реализации проектов с учётом государственной политики и требований к инвестиционным обязательствам бизнеса.

🔵 Экспортная экспансия – в рамках стратегии развития внешних рынков планируется создание торгового фонда и специализированных инструментов поддержки экспорта. Уже расширена деятельность АО «Экспортно-кредитное агентство Казахстана» в части страхования, перестрахования, гарантийных инструментов и композитных услуг, что позволит казахстанским компаниям выходить на новые рынки с конкурентоспособными продуктами.

Кроме того, холдинг «Байтерек» готов вместе с банками второго уровня и международными финансовыми институтами финансировать инфраструктурные программы, направленные на экономическое развитие страны и поддержку государственных приоритетов, в том числе отечественного товаропроизводства.

🔵 Финансирование инфраструктуры ЖКХ

В рамках Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов» для своевременного решения вопросов по снижению износа инженерных сетей в сфере жилищно-коммунального хозяйства предусматривается масштабное обновление изношенной инфраструктуры с общим объемом инвестиций свыше 13 трлн тенге, из которых 4,7 трлн тенге приходится на участие холдинга.

✔️ Для увеличения доли внутристрановой ценности в рамках модернизации и строительства энергетической и коммунальной инфраструктуры будет проведена работа по усилению использования товаров отечественного производства. Этот подход позволит не только повысить внутреннюю конкурентоспособность, но и создать новые рабочие места, сократить зависимость от импорта и укрепить позиции «местных» предприятий на рынке в целом.

➤ До начала активной фазы модернизации и строительства планируется проведение комплексной работы по информированию отечественных товаропроизводителей о масштабной программе модернизации инфраструктур.

➤ На выпуск продукции отечественных товаропроизводителей потребуется порядка 4,9 трлн тенге.

🔘 Помимо этого, в целях развития отдельных отраслей, правительство объявляет «заказ на инвестиции» в отдельных отраслях – IT, логистика, туризм, легкая, химическая промышленность, производство продуктов питания, стройматериалов, машиностроение. Заинтересованным необходимо обратиться в департамент развития отраслей экономики Министерства национальной экономики, Фонд «Даму», холдинг «Байтерек».

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Агроөнеркәсіп секторын дамытуға кем дегенде 1,5 трлн теңге бағытталады

Аграрлық сектор саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту үшін 2025 жылы Аграрлық несие корпорациясы (АНК) және ҚазАгроҚаржы арқылы шамамен 1,5 трлн теңге қаражат бағытталады. Қаражат көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын жүргізуге, инвестициялық жобаларды іске асыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға, ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне беріледі.

Жобаларды несиелендіру кезінде келесідей бағыттарға басымдық жасалады:

🔵 Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және азық-түлік өнімдерін өндіру (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне басымдық)

🔵 Суару жүйесін дамыту (жаңбырлату қондырғылары, суару құрылыстары, тамшылатып суару)

🔵 Өнеркәсіптік жылыжайлар (көкөніс бағасының маусымдық ауытқуының төмендеуі)

🔵 Инфрақұрылымды дамыту (орау, сақтау, тасымалдау)
Өнеркәсіптік ауқымда жемшөп өндірісін дамыту.

Инвестициялық жобаларды несиелендіру АӨК инвестицияларын ұлғайту, азық-түлік инфляциясының импортын азайту үшін ішкі өндірісті дамыту және ішкі нарықты отандық өніммен тұрақты қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорттық әлеуетті іске асыру жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталмақ.

➤ Жобаларды қамтуды ұлғайту үшін АНК арқылы жобаларды несиелендіру лимиттері 7 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін артады. Сондай-ақ Бәйтеректің Кепілдік қорының, Дамудың кепілдерін Аграрлық несие корпорациясының ұзақ мерзімді ірі жобаларына қолдану кеңейтіледі, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын қолдауға арналған мандаты күшейтіледі.

➤ ҚазАгроҚаржы лизингтік бағдарламалары шеңберінде отандық ауыл шаруашылығы техникасына басым түрде қолдау көрсетіледі. Бұл фермерлерді қолдаудың осы шарасының өнеркәсіптік кәсіпорындарға мультипликативтік әсерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, «Бәйтерек» холдингі құс фабрикаларының пулын қалыптастырып, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің экспорттық мүмкіндігін арттыруды жалғастырады. Малайзиямен жаңа өткізу нарықтарын игеру, сондай-ақ астық экспортын $200 млн-ға дейін ұлғайтатын жаңа сауда қорын құру жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ұзақ мерзімді перспективада аталған көрсеткішті $1 млрд-қа дейін арттыру жоспарлануда.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Агроөнеркәсіп секторын дамытуға кем дегенде 1,5 трлн теңге бағытталады Аграрлық сектор саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту үшін 2025 жылы Аграрлық несие корпорациясы (АНК) және ҚазАгроҚаржы арқылы шамамен 1,5 трлн теңге қаражат бағытталады. Қаражат…
Экспортты кеңейту және жаңа нарықтар

🔘 Экспорттық стратегия шеңберінде отандық өндірушілер үшін сақтандыру, қайта сақтандыру және кепілдік құралдары кеңейтілуде. Жаңа нарықтарға шығу және қазақстандық экспорт үшін кешенді шешімдер ұсыну маңызды міндет болып отыр.

Осыған байланысты, «Бәйтерек» сауда қорын іске қосып, құс шаруашылығы кәсіпорындары мен өсімдік шаруашылығын дамытуды қосқанда, экспортқа бағдарланған жобалар пулын қалыптастырады.

Экспорттың негізгі бағыттары:

• Экспорттық арналарды кеңейту үшін өсімдік шаруашылығы өнімдерінің (дәнді, майлы және бұршақ дақылдары) ірі өндірушілері мен трейдерлерін шоғырландыру.
• Тұрақты экспорттық жеткізу тізбегін құру және экспорт географиясын кеңейту (ҚХР, Орталық Азия, ЕО).
• Баға белгілеудегі алыпсатарлық факторлардың төмендеуі және нарықты тұрақтандыру.
• Ірі шетелдік сатып алушылармен әріптестік (COFCO және басқалар).
• Инвестициялық қолдау және сауда қызметіне жеке секторды тарту.
• Көлік-логистикалық қызметтер бойынша агроөндірушілер үшін жағдайды жақсарту.
• Келешекте – қорды Food Security Fund-қа КОВА және Таяу Шығыс елдерінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеңірек мандатпен трансформациялау.

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) арқылы экспортты қолдау құралдарына келесілер кіреді:

• кепілдіктер,
• қайта сақтандыру,
• композиттік қызметтер.

Бұл шаралар қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға шығаруға және отандық өндірушілердің позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. ЭКА екінші деңгейлі банктермен де, «Бәйтерек» тобы ішіндегі басқа қаржы институттарымен де жұмыс істейді. Бұл ретте қолдау құралдары бизнестің локализациялау, индустрияландыру және инвесторларды тарту жөніндегі міндеттемелеріне айырбас ретінде ұсынылады.

Тұрғын үй құрылысын дамыту

Моноқалаларда, шағын қалаларда және облыс орталықтарында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды іске асыру жұмыстың маңызды бағыты болады. Бұл халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар кадрлардың жергілікті жерде тұрақтап қалуын ынталандырады. Әсіресе, ол биылғы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында маңызды.
2025 жылы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша жұмысшы мамандықтар: өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары мамандықтарына бағытталған «Наурыз жұмыскер» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды.

Бағдарламаның негізгі параметрлері:

• 72 млрд теңге сомасына 2 440 қарыз;
• Өтінімдерді қабылдауды бастау – 2025 жылғы 17 наурыз;
• Жеңілдетілген ипотекаға қол жеткізуді кеңейте отырып, «Наурыз жұмыскер» бағдарламасын «Наурыз» бағдарламасына енгізу.

🔘 «Бәйтерек» холдингі жергілікті әріптестерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды, оның ішінде «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ тетіктері арқылы іске асыруға белсенді түрде тартуда. Бірлескен жобалар тұрғын үй мәселелерін шешіп қана қоймай, өңірлерде білікті кадрлардың тұрақтап қалуына көмектеседі.

Бұл бастамалар экономиканың теңгерімді дамуын және Қазақстанның стратегиялық басымдықтарына сәйкес келетін тұрақты қаржы жүйесін құруды қамтамасыз етеді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Агроөнеркәсіп секторын дамытуға кем дегенде 1,5 трлн теңге бағытталады Аграрлық сектор саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту үшін 2025 жылы Аграрлық несие корпорациясы (АНК) және ҚазАгроҚаржы арқылы шамамен 1,5 трлн теңге қаражат бағытталады. Қаражат…
На развитие агропромышленного сектора будет направлено не менее 1,5 трлн тенге

📌 Для развития инвестиционных проектов в сфере аграрного сектора в 2025 году через Аграрную кредитную корпорацию (АКК) и КазАгроФинанс будет направлено финансирование в сумме порядка 1,5 трлн тенге. Средства будут направлены на проведение весенне-полевых и уборочных работ, реализацию инвестиционных проектов, закуп основных и пополнение оборотных средств, лизинг сельхозтехники.

При кредитовании проектов приоритет будет отдаваться следующим направлениям:

🔵 Переработка сельхозпродукции и производство продуктов питания (приоритет на социально значимые продукты питания)

🔵 Развитие орошения (дождевальные установки, ирригационные сооружения, капельное орошение)
Промышленные теплицы (снижение сезонных колебаний цен на овощи)

🔵 Развитие инфраструктуры (упаковка, хранение, транспортировка)

🔵 Развитие кормопроизводства в промышленном масштабе.

Кредитование инвестиционных проектов будет сфокусировано на решении задач по увеличению инвестиций в АПК, развитию внутреннего производства для уменьшения импорта продовольственной инфляции и устойчивому обеспечению внутреннего рынка отечественной продукцией, а также реализации экспортного потенциала.

➤ Для увеличения охвата проектов будут расширены лимиты кредитования проектов через АКК с 7 до 15 млрд тенге, распространено действие Гарантийного фонда Байтерека, гарантий Даму на крупные долгосрочные проекты АКК, расширен мандат Экспортно-Кредитного Агентства Казахстана на поддержку экспорта сельхозпродукции.

➤ В рамках лизинговых программ КазАгроФинанс приоритетная поддержка будет оказана отечественной сельхозтехнике, что позволит расширить мультипликативный эффект данной меры поддержки фермеров на промышленные предприятия.

Кроме того, Холдинг «Байтерек» формирует пул птицефабрик, а также продолжает расширять экспортные возможности для сельхозпроизводителей. Ведутся переговоры с Малайзией по освоению новых рынков сбыта, а также созданию нового торгового фонда, который позволит увеличить объем экспорта зерна до 200 млн долларов США. В долгосрочной перспективе планируется нарастить этот показатель до 1 млрд долларов США.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
На развитие агропромышленного сектора будет направлено не менее 1,5 трлн тенге 📌 Для развития инвестиционных проектов в сфере аграрного сектора в 2025 году через Аграрную кредитную корпорацию (АКК) и КазАгроФинанс будет направлено финансирование в сумме…
Экспортная экспансия и новые рынки

🔘 В рамках экспортной стратегии расширяются инструменты страхования, перестрахования и гарантий для отечественных производителей. Важной задачей становится выход на новые рынки и предоставление комплексных решений для казахстанского экспорта.

В этой связи, «Байтерек» запускает торговый фонд и формирует пул экспортоориентированных проектов, включая развитие птицеводческих предприятий и растениеводства.

Ключевые направления экспорта:

• Консолидация крупных производителей и трейдеров продукции растениеводства (зерновые, масличные и бобовые культуры) для расширения экспортных каналов.
• Создание стабильных экспортных цепочек поставок и расширение географии экспорта (КНР, Центральная Азия, ЕС).
• Снижение спекулятивных факторов в ценообразовании и стабилизация рынка.
• Партнерство с крупными зарубежными покупателями (COFCO и другие).
• Инвестиционная поддержка и привлечение частного сектора к торговой деятельности.
• Улучшение условий для агропроизводителей по транспортно-логистическим услугам.
• В перспективе – трансформация фонда в Food Security Fund с более широким мандатом для обеспечения продовольственной безопасности в странах КОВА и Ближнего Востока.

Инструменты поддержки экспорта через АО «Экспортно-кредитное агентство Казахстана» включают:

• гарантии,
• перестрахование,
• композитные услуги.

Эти меры позволят вывести казахстанскую продукцию на новые рынки и укрепить позиции отечественных производителей. ЭКА будет работать как с банками второго уровня, так и с другими финансовыми институтами внутри группы «Байтерек», при этом инструменты поддержки предоставляются в обмен на обязательства бизнеса по локализации, индустриализации и привлечению инвесторов.

Развитие жилищного строительства

Важным направлением работы станет реализация проектов по обеспечению жильем в моногородах, малых и областных центрах. Это не только улучшит жилищные условия населения, но и создаст стимулы для удержания кадров на местах, особенно в рамках объявленного Года рабочих профессий.
В 2025 году по поручению Премьер-министра РК Олжаса Бектенова запущена новая ипотечная программа «Наурыз жұмыскер», ориентированная на специалистов рабочих профессий: промышленность, энергетика, транспорт, сельское хозяйство и водные ресурсы.

Основные параметры программы:

• 2 440 займов на сумму 72 млрд тенге;
• Запуск приема заявок – 17 марта 2025 года;
• Включение «Наурыз жұмыскер» в программу «Наурыз», расширяя доступ к льготной ипотеке.

🔘 Холдинг «Байтерек» активно привлекает местных партнеров к реализации программ по обеспечению жильем, в том числе через механизмы АО «Казахстанская жилищная компания». Совместные проекты помогут не только решить жилищные вопросы, но и удержать квалифицированные кадры в регионах.

Эти инициативы обеспечат сбалансированное развитие экономики и создание устойчивой финансовой системы, соответствующей стратегическим приоритетам Казахстана.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов халықаралық бизнес қоғамдастығы өкілдерімен инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерін талқылады

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында халықаралық бизнес қоғамдастықтығының Қазақстан Үкіметімен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері қаралды.

➤ Еліміздің инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыру, оның ішінде салық саясатын жетілдіру мәселелеріне назар аударылды.

🔘Отырысқа қатысушылар Үкіметтің қолайлы бизнес-орта құруға, өсу серпінін сақтауға және экономикалық даму сапасын арттыруға бағытталған реформалары туралы хабардар болды.

Әзірленіп жатқан жаңа Салық кодексі шеңберінде әкімшілендірудің сервистік моделін енгізу, салық есептілігін 30%-ға қысқарту және салық төлемдері түрлерінің санын 20%-ға азайту көзделгені атап өтілді. Өз өнімін өндірушілер үшін табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесі енгізіледі, шикізатты қайта өңдеушілер жабдықтың импорты бойынша ҚҚС төлеу мерзімін ұзартады. Сонымен қатар роялтиге салық салудағы өзгерістер түсіндірілді.

➤ Отырыста Қазақстандағы Америкалық сауда палатасының атқарушы директоры Джефф Эрлих, АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Мишель Йеркин, Ұлыбритания елшісі Кэти Лич, ЕО-ның Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Мачей Мадалиньский, Deloitte серіктесі Елдос Сыздықов, Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі EY басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков, Beeline Қазақстан бас директоры Евгений Настрадин, ExxonMobil Қазақстан бойынша басқарушы директоры Сесиль Раулин, Pfizer аймақтық директоры Дмитрий Козенков сөз сөйледі.

🔵 Көтерілген тақырыптарға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, қаржы министрі Мәди Такиев түсініктеме берді.

➤ Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы ҚҚС қайтару аясында рекордтық 1,2 трлн теңге төленген. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықты қайтару рәсімінің тиімділігі мен ашықтығын арттыратын жаңа ақпараттық жүйе қолданысқа енгізіледі.

Жиынды қорытындылаған Премьер-министр Олжас Бектенов айтылған ұсыныстар мен бастамалар үшін алғысын білдірді. Қазақстан Үкіметі ашық диалог пен өзара үйлесімді іс-қимылға дайын.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов халықаралық бизнес қоғамдастығы өкілдерімен инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерін талқылады 📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында халықаралық бизнес қоғамдастықтығының…
Олжас Бектенов обсудил с представителями международного бизнес-сообщества вопросы улучшения инвестиционного климата

📌 На заседании Совета по улучшению инвестиционного климата под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены актуальные вопросы взаимодействия международного бизнес-сообщества с Правительством Казахстана.

➤ Внимание было уделено вопросам дальнейшего повышения инвестиционной привлекательности страны, в т.ч. совершенствованию налоговой политики.

🔘 Участников заседания проинформировали о реформах Правительства, направленных на создание благоприятной бизнес-среды, сохранение динамики роста и улучшение качества экономического развития.

Отмечено, что в рамках разрабатываемого нового Налогового кодекса предусмотрено внедрение сервисной модели администрирования, сокращение налоговой отчетности на 30% и уменьшение количества видов налоговых платежей на 20%. Для производителей продукции собственного производства вводится пониженная ставка подоходного налога, переработчики сырья получат отсрочку по НДС на импорт оборудования. Кроме того, разъяснены изменения в налогообложении роялти.

➤ На заседании выступили исполнительный директор Американской торговой палаты в Казахстане Джефф Эрлих, Генеральный консул США в Алматы Мишель Йеркин, посол Великобритании Кэти Лич, Временный поверенный в делах ЕС в Казахстане Мачей Мадалиньский, партнер Deloitte Елдос Сыздыков, управляющий партнер EY в странах Кавказа и Центральной Азии Ерлан Досымбеков, генеральный директор Beeline Казахстан Евгений Настрадин, управляющий директор ExxonMobil Казахстан Сесиль Раулин, региональный директор Pfizer Дмитрий Козенков.

🔵 Поднятые темы прокомментировали заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин, министр финансов Мади Такиев.

➤ По данным Министерства финансов, в 2024 году в рамках возврата НДС были выплачены рекордные 1,2 трлн тенге. С 1 января 2026 года будет введена в эксплуатацию новая информационная система, которая повысит эффективность и прозрачность процедуры возврата налога.

Подводя итоги заседания, Премьер-министр Олжас Бектенов поблагодарил за внесенные предложения и инициативы. Правительство Казахстана остается приверженным открытому диалогу и конструктивному взаимодействию.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Аптаны дәстүрлі жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз

#Үкімет_отырысы:

🔸 Авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды. Үкімет инфрақұрылымды дамытуға және жүк тасымалдаушылар үшін жағдай жасауға баса назар аудара отырып, алты ірі әуежайдың аумағында арнайы экономикалық аймақтарды ашады.

🔸 Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы ТЖ себептерін тексеру және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының қауіпті өндіріске тартылған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Бірқатар тапсырмалар берілді.

🔸 Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» МК кенішіндегі төтенше жағдай салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларына бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады.

🔸 Олжас Бектенов: Инвестиция тарту – әкімдер мен министрлердің басым міндеті. Премьер-министр Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын қарау жөнінде кеңес өткізді.

🔸 Премьер-министр халықаралық бизнес қоғамдастығы өкілдерімен инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерін талқылады. Еліміздің инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыру, оның ішінде салық саясатын жетілдіру мәселелеріне назар аударылды.

🔸 Премьер-министр кәсіпкерлермен және салалық министрліктер басшылығымен көлік-логистика саласын дамытудың өзекті мәселелері мен келешегін талқылады.

🔸 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Елішілік құндылық үлесін арттыру мәселелері талқыланды.

#Экономиканың_нақты_секторын_дамыту

🔸 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қаржылық даму институттары арқылы өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобаларды қолдаудың ауқымды науқанын бастайды.

- «Бәйтерек» кәсіпкерлікті қолдауға, тұрғын үй құрылысын дамытуға және инвестициялық жобаларды іске асыруға 8 трлн теңге бағыттайды;

- ТКШ саласында инвестициялардың жалпы көлемі 13 трлн теңгеден асатын ескірген инфрақұрылымды жаңарту көзделіп отыр;

- АӨК дамытуға кемінде 1,5 трлн теңге бағытталатын болады.

🔸 Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы активіне жаңа әкім – Нұрымбет Сақтағановты таныстырды.

🔸 Сондай-ақ Олжас Бектенов Абай облысы активіне жаңа әкім – Берік Уәлиді таныстырды.

🔸 Роман Скляр East Hope Group (ҚХР) бас директоры Мэн Чанцзюнмен кездесу өткізді. Компания Қазақстанда түсті металдардың тігінен кіріктірілген өндірісін құру жөніндегі ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

🔸 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша кеңес өткізді. Вице-премьер тұрақтандыру қорларынан өнімдерді шығаруды жеделдетуді және еліміздің өңірлері мен мегаполистерде апта сайын жәрмеңкелер өткізуді қайта бастауды тапсырды.

🔸 Премьер-министрдің орынбасарлары Қанат Бозымбаев пен Серік Жұманғарин Оман инвестициялық банкінің өкілі Ибрагим Әл-Эйсеримен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа форматтарын талқылады.

🔸 Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысы өтті.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 Аптаны дәстүрлі жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз #Үкімет_отырысы: 🔸 Авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды. Үкімет инфрақұрылымды дамытуға және жүк тасымалдаушылар үшін жағдай жасауға баса назар аудара отырып, алты ірі әуежайдың…
📌 Подводим итоги прошедшей недели в нашем традиционном воскресном дайджесте

#Заседание_Правительства:

🔸 Рассмотрены вопросы развития и цифровизации авиационной отрасли. Правительство откроет специальные экономические зоны на территории шести крупнейших аэропортов, уделяя особое внимание развитию инфраструктуры и условий для грузоперевозчиков.

🔸 В связи с ЧС в Жанааркинском районе области Ұлытау создана правительственная комиссия по расследованию причин и оказанию помощи пострадавшим. В рамках реализации поручений Главы государства Премьер-министр Олжас Бектенов провел рабочее совещание по вопросам обеспечения безопасности граждан, задействованных на опасных производствах. Дан ряд поручений.

🔸 Семьям шахтеров, погибших в результате чрезвычайной ситуации на руднике ГК «Казахмыс» в области Ұлытау, будут назначены государственные пособия из бюджета и социальные выплаты из Государственного фонда социального страхования по потере кормильца.

🔸 Олжас Бектенов: привлечение инвестиций является приоритетной задачей акимов и министров. Премьер-министр провел совещание по рассмотрению хода исполнения поручений Главы государства по привлечению инвестиций в экономику страны.

🔸 Премьер-министр обсудил с представителями международного бизнес-сообщества вопросы улучшения инвестиционного климата. Внимание было уделено дальнейшему повышению инвестиционной привлекательности страны, в том числе совершенствованию налоговой политики.

🔸 Руководитель Правительства обсудил с предпринимателями и руководством отраслевых министерств проблемы и перспективы развития транспортно-логистической отрасли.

🔸 Под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова состоялось заседание Совета директоров АО «Национальный управляющий холдинг «Байтерек». Обсуждены вопросы увеличения доли внутристрановой ценности.

#Развитие_реального_сектора_экономики:

🔸 По поручению Главы государства Правительство через финансовые институты развития начинает масштабную кампанию поддержки инвестиционных проектов в сфере обрабатывающей промышленности.

- На поддержку предпринимательства, развитие жилищного строительства и реализацию инвестпроектов «Байтерек» направит 8 трлн тенге;

- В сфере ЖКХ предусмотрено обновление изношенной инфраструктуры с общим объемом инвестиций свыше 13 трлн тенге;

-
На развитие АПК будет направлено не менее 1,5 трлн тенге.

🔸 Олжас Бектенов по поручению Президента представил активу Восточно-Казахстанской области нового акима - Нурымбета Сактаганова.

🔸 Также Олжас Бектенов представил активу области Абай нового акима - Берика Уали.

🔸 Роман Скляр встретился с генеральным директором East Hope Group (КНР) Мэн Чанцзюнем. Компания планирует реализовать проект по созданию вертикально интегрированного производства цветных металлов.

🔸 Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин провел совещание по стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары. Поручено ускорить разбронирование запасов из стабфондов и возобновить еженедельные ярмарки в регионах и мегаполисах страны.

🔸 Заместители Премьер-министра Канат Бозумбаев и Серик Жумангарин обсудили новые форматы сотрудничества между двумя странами с представителем Оманского инвестиционного банка Ибрагимом Аль-Эйсери.

🔸 Состоялось заседание штаба по реализации Дорожной карты по исполнению Предвыборной программы партии «AMANAT» на 2023-2027 годы «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!».

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM