UKIMET
18.5K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.28K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы активіне жаңа әкімді таныстырды

📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты.

🔷 Жиналыс барысында депутаттарға Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына екі кандидат – ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен ШҚО Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосыновты ұсыну туралы хаты оқылды.

✔️ Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша депутаттар Нұрымбет Сақтағановтың кандидатурасын қолдады, оған 148 депутаттың 104-і дауыс берді, Арман Бекбосыновты 41 депутат жақтады.

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановты тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.



Олжас Бектенов по поручению Президента представил активу Восточно-Казахстанской области нового акима


📌 По поручению Главы государства Премьер-министр Олжас Бектенов и руководитель Администрации Президента Айбек Дадебай приняли участие в собрании депутатов маслихатов Восточно-Казахстанской области.

🔷 В ходе собрания депутатам было зачитано письмо Главы государства о выдвижении на должность акима Восточно-Казахстанской области двух кандидатов – первого заместителя акима ВКО Нурымбета Сактаганова и акима Уланского района ВКО Армана Бекбосынова.

✔️ По результатам открытого голосования депутатами поддержана кандидатура Нурымбета Сактаганова, за него проголосовали 107 из 148 депутатов, за Армана Бекбосынова свои голоса отдали 41 депутат.

Главой государства подписан Указ о назначении акимом Восточно-Казахстанской области Сактаганова Нурымбета Амановича.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Облыс активімен кездесуде Олжас Бектенов Ермек Көшербаевқа нәтижелі жұмысы мен өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысына шамамен 1,5 трлн теңге инвестиция тартылғаны атап өтілді. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Облыста инфрақұқрылымдық және әлеуметтік жаңа нысандар іске қосылды.

🔘 Жаңа әкімді таныстырған Премьер-министр Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысы басшылығы алдына қойған міндеттерге тоқталды. Іске асыру халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, өңір экономикасының дамуына серпін беретін перспективалы бағыттар айқындалды. Басым жобалар қатарына шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, цифрлық шешімдерді енгізу жатады. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

🔷 Табиғи демалыс аймақтары мен тарихи-мәдени орындарды дамыту арқылы туристік әлеуетті ашуға ерекше назар аударылды. Бұқтырма су қоймасы арқылы еліміздегі ең ірі көпірдің ашылуы, Қатонқарағай және Зайсан курорттық аймақтарында әуежайлардың салынуы сала мен жалпы экономиканың дамуына қосымша серпін береді.

Басым міндеттер қатарында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, өнеркәсіпте заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдер қолдану және басқа да мәселелер белгіленген.



📌 На встрече с активом области Олжас Бектенов поблагодарил Ермека Кошербаева за эффективную работу и вклад в развитие региона. Отмечено, что за последние годы в Восточно-Казахстанскую область привлечено порядка 1,5 трлн тенге инвестиций, что позволило создать новые рабочие места и обеспечить экономический рост. В регионе введены новые инфраструктурные и социальные объекты.

🔘 Представляя нового акима, Премьер-министр отметил задачи, поставленные Главой государства перед руководством Восточно-Казахстанской области. Обозначены перспективные направления, реализация которых позволит обеспечить занятость населения и даст импульс развитию экономики региона. Среди приоритетных - поддержка малого и среднего бизнеса, переработка сельскохозяйственной продукции, внедрение цифровых решений. Подчеркнута важность усиления работы по обеспечению населения качественной питьевой водой, модернизации инженерной инфраструктуры.

🔷 Отдельное внимание уделено раскрытию туристического потенциала посредством развития природных зон отдыха и историко-культурных мест. Открытие крупнейшего в стране моста через Бухтарминское водохранилище, строительство аэропортов в курортных зонах Катон-Карагай и Зайсан дадут дополнительный импульс развитию отрасли и экономики в целом.

Среди приоритетных задач также обозначены вопросы создания комфортных условий для инвесторов с обеспечением инженерной инфраструктурой специальных экономических и индустриальных зон, применения современных технологий и инновационных подходов в промышленности и др.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Абай облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Абай облыстық мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты.

🔘 Депутаттарға Мемлекет басшысының Абай облысының әкімі лауазымына екі кандидатты – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мен Абай облысы Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиевті ұсыну туралы хаты оқылды.

✔️ Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 126 депутаттың 102-сі Берік Уәлидің кандидатурасына дауыс берді. Болат Әбдіралиевтің кандидатурасын 24 депутат жақтады. ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды.



Олжас Бектенов представил активу области Абай нового акима


📌 По поручению Главы государства Премьер-министр Олжас Бектенов и руководитель Администрации Президента Айбек Дадебай приняли участие в собрании депутатов маслихатов области Абай.

🔘 Депутатам было зачитано письмо Главы государства о выдвижении на должность акима области Абай двух кандидатов – советника Президента – Пресс-секретаря Президента Республики Казахстан Берика Уали и акима города Курчатов области Абай Болата Абдралиева.

✔️ По результатам открытого голосования 102 из 126 депутатов отдали свои голоса за кандидатуру Берика Уали. За кандидатуру Болата Абдралиева проголосовали 24 депутата. Соответствующим Указом Президента РК акимом области Абай назначен Берик Уали.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Абай облысының активіне жаңа әкімді таныстырды 📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Абай облыстық мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты. 🔘 Депутаттарға…
📌 Облыс активімен кездесуде Премьер-министр өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін Нұрлан Ұранхаевқа алғыс білдірді.

🔷 Олжас Бектенов облыстың жаңа әкімі Берік Уәлиді таныстырды. Өңір басшылығы алдына Президент экономиканы әртараптандыруға және инвестициялық ахуалды жақсартуға баса назар аудара отырып, өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде ауқымды міндеттер қойғаны атап өтілді. Алакөл көлінің, өңірдегі тарихи және мәдени орындардың әлеуетін аша отырып, туризм саласына ерекше көңіл бөлу қажет.

Абай облысы Ресей және Қытаймен шектеседі, халықаралық транзиттік сауда торабы саналады, сондықтан қолда бар транзиттік әлеуетті барынша пайдалану қажет. Аягөз-Тачэн бағытындағы теміржол және «Бақты» құрғақ порты құрылысы бойынша маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін бақылауда ұстау тапсырылды.

🔘 Сондай-ақ өңір халқын сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың маңыздылығы атап өтілді.



📌 На встрече с активом области Премьер-министр поблагодарил Нурлана Уранхаева за внесенный вклад в развитие региона.

🔷 Олжас Бектенов представил нового акима области - Берика Уали. Отмечено, что перед руководством региона Президентом поставлены масштабные задачи по социально-экономическому развитию с упором на диверсификацию экономики и улучшение инвестиционного климата. Особое внимание необходимо уделить сфере туризма с раскрытием потенциала озера Алаколь, исторических и культурных мест региона.

Область Абай граничит с Россией и Китаем и является узлом международной транзитной торговли, в связи с чем необходимо максимально использовать имеющийся транзитный потенциал. Поручено держать на контроле вопросы реализации важных инфраструктурных проектов по строительству железной дороги в направлении Аягоз-Тачэн и сухого порта «Бахты».

🔘 Также подчеркнута важность развития переработки сельскохозяйственной продукции для обеспечения населения региона качественными и доступными продуктами питания.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM