UKIMET
18.4K subscribers
10.7K photos
1.82K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
Активтерді қайтару: Үкімет Ақтауда облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының құрылысын қаржыландыруға 4,6 млрд теңге бөлді   📌 Президенттің тапсырмасын орындау аясында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру мақсатында…
Возврат активов: Правительством выделено 4,6 млрд тенге на строительство областной станции скорой медицинской помощи в Актау
 
📌 В рамках исполнения поручения Президента по реализации социально значимых проектов за счет возвращенных активов в городе Актау построят областную станцию скорой и неотложной медицинской помощи на 100 тыс. выездов в год. На эти цели Правительством выделено 4,6 млрд тенге из Специального государственного фонда.

🔷 Строительство объекта планируется на земельном участке площадью 2,6 га в мкр. 34 А г. Актау. Станция скорой и неотложной медицинской помощи будет включать в себя учебно-симуляционный центр, ремонтную и моечную базу для санитарных автомашин.

🔵 Общая стоимость проекта оценивается в 4,8 млрд тенге. Часть средств в размере 100 млн тенге выделена из местного бюджета. На сегодня готовность объекта составляет 10%: выполнены земляные работы, осуществлено строительство внутренних инженерных сетей. Средства из Специального государственного фонда позволят завершить реализацию проекта согласно графику.

🔵 На сегодня в Актау проживают 200 тыс. человек. Регион занимает лидирующие позиции по рождаемости. За последние 7 лет в городе построено 10 новых микрорайонов. Строительство новой станции скорой помощи позволит обеспечить население доступной и качественной медицинской помощью.  

✔️ Всего на сегодня Правительством из Специального государственного фонда выделено порядка 55,2 млрд тенге на строительство социально значимых объектов. В их числе 4 школы, из которых 1 музыкальная, а также 2 спортивных комплекса, многофункциональный больничный комплекс, общежитие, 2 детских сада. Также за счет средств субъектов Закона «О возврате государству незаконно приобретенных активов» ведется строительство ряда объектов социальной инфраструктуры в городах Аркалык, Астана, Алматы.

➡️ Работа продолжается.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 «2025 жылдың үшінші тоқсанында біз облыстық жаңа жедел және шұғыл медициналық көмек станциясын ашу жоспарланып отыр. Бұл стансаның құрылысы Президент бастамасымен Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында жоспарланған болатын. Биыл бұл жоба мақұлданып, қаржыландыру көзі анықталды. Бұл жобаны «Заңсыз алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы» заң аясында Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл үш қабаттан тұратын үлкен ғимарат болады. Аталған стансаның ашылуы күрделі 3 мәселені шешеді. Біріншіден, бұл халыққа жедел медициналық көмек көрсету уақытын жеделдетеді, бұл елімізде қазір жиі кешіктіріліп жатады, жаңа стансаның іске қосылуы бұл көрсеткішті бірнеше есе жеделдетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл стансаның жеке оқу-симуляциялық орталығы болады. Оған қоса, құрал-жабдықтар жаңартылады, оның 35%-ы ескірген», — деп атап өтті Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Биб3зада Дүйсенбаева.



💬 «В третьем квартале 2025 года у нас планируется открытие новой областной станции скорой и неотложной медицинской помощи. Строительство данной станции было запланировано по инициативе нашего Президента в ходе его рабочего визита в Мангистаускую область. В этом году этот проект был утвержден, а также определен источник финансирования. За счет средств из Специального государственного фонда в рамках Закона “О возврате государству незаконно приобретенных активов” планируется реализация этого проекта. Это будет большое здание, состоящее из трех этажей. Открытие этой станции решит 3 сложных вопроса. Во-первых, это ускорит время оказания скорой медицинской помощи населению, сейчас оно у нас часто затягивается, ввод новой станции позволит в несколько раз ускорить этот показатель. Во-вторых, в этой станции будет свой учебно-симуляционный центр. Плюс будет обновлена техника, 35% которой у нас устарело», — отметила заместитель руководителя Управления здравоохранения Мангистауской области Бибизада Дуйсенбаева.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Юджин Джонгпен кездесу өткізді.

🔵 Кездесуде тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

✍️ Кездесу аясында Samsung Electronics Central Eurasia мен Silkroad Electronics зауыты арасында келісімге қол қойылды, оның шеңберінде Samsung компаниясының алғашқы қазақстандық теледидарлары 2025 жылдың екінші тоқсанында сатылымға шығады.

🔵 Сондай-ақ кездесу барысында тұрмыстық техника өндірісі және тығыз кооперациялық байланыстарды одан әрі дамыту саласындағы басқа да бірқатар мәселе талқыланды.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



📌 Первый заместитель Премьер-министра Роман Скляр провел встречу с президентом компании Samsung Electronics Central Eurasia Юджин Джонг.

🔵 На встрече стороны обсудили актуальные вопросы сотрудничества.

✍️ В рамках встречи состоялось подписание соглашения между Samsung Electronics Central Eurasia и заводом Silk Road Electronics, в рамках которого первые казахстанские телевизоры Samsung поступят в продажу уже во втором квартале 2025 года.

🔵 Также в ходе встречи был обсужден ряд других вопросов в сфере производства бытовой техники и дальнейшего развития тесных кооперационных связей.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Өткен аптадағы маңызды жаңалықтар – біздің дәстүрлі дайджестте

🔸Премьер-министр: Үкімет Президенттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асырады

🔸Кедергісіз сауда, бизнес үшін қолайлы жағдай және туризм: Олжас Бектенов Алматыда ЕҮАК-тың кеңейтілген және шағын құрамдағы отырыстарына қатысты

🔸Digital Almaty 2025 цифрлық форумы: инновациялық даму перспективалары және AI-дің экономикаға, өнеркәсіптік экожүйелерге, медицинаға, білімге және басқа да салаларға интеграциясы мәселелері қаралды

🔸Халықаралық ынтымақтастық:
✔️Олжас Бектенов ҚХР-дың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады: қазақстандық астықтың қытай нарықтарына экспортын арттырудың маңыздылығы атап өтілді, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды

✔️Астанада Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады: Екі ел арасындағы ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту жоспарлары қаралды

✔️Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері АӨК, өнеркәсіп және су саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

✔️Олжас Бектенов Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад-Реза Арефпен кездесті: екі ел арасындағы агроөнеркәсіп тауарлары айналымы бір жылда 25%-ға өсті

🔸Активтерді қайтару: Үкімет Ақтауда облыстық жедел медициналық көмек көрсету стансасы құрылысын қаржыландыруға 4,6 млрд теңге бөлді

🔸Көлеңкелі экономика үлесін төмендету жөніндегі KPI мемлекеттік органдардың даму жоспарына енгізілетін болады

🔸Үкіметте Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Юджин Джонгпен кездесу өтті: ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды
📌Итоги прошедшей недели – в нашем традиционном дайджесте

🔸Премьер-министр: Правительство обеспечит реализацию поручений Президента по росту экономики и повышению уровня жизни граждан

🔸Безбарьерная торговля, благоприятные условия для бизнеса и туризм: Олжас Бектенов принял участие в заседаниях ЕМПС в узком и расширенном составах в Алматы

🔸Цифровой форум Digital Almaty 2025: рассмотрены вопросы перспектив инновационного развития и интеграции AI в экономику, промышленные экосистемы, медицину, образование и другие сферы

🔸Международное сотрудничество:
✔️Олжас Бектенов обсудил с Послом КНР в РК Хань Чуньлинем вопросы торгово-экономического сотрудничества: отмечена важность наращивания экспорта казахстанского зерна на рынки Китая, рассмотрены вопросы реализации совместных инвестиционных проектов

✔️Олжас Бектенов и Михаил Мишустин обсудили в Астане вопросы торгово-экономического сотрудничества: рассмотрены планы по расширению научно-технического и культурно-гуманитарного сотрудничества между странами

✔️Премьер-министры Казахстана и Кыргызстана обсудили взаимодействие в АПК, промышленности и водной сфере

✔️Олжас Бектенов встретился с первым вице-президентом Ирана Мохаммадом-Реза Арефом: товарооборот агропромышленных товаров между странами за год увеличился на 25%

🔸Возврат активов: Правительством выделено 4,6 млрд тенге на строительство областной станции скорой медицинской помощи в Актау

🔸KPI по снижению доли теневой экономики будет включен в планы развития госорганов

🔸В Правительстве состоялась встреча с президентом компании Samsung Electronics Central Eurasia Юджин Джонг: обсуждены актуальные вопросы сотрудничества
📍Сейсенбі, 4 ақпан күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

• Автожол саласын дамыту және аталған салада цифрлық технологияларды енгізу.

📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша көлік министрі Марат Қарабаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.



📍Во вторник, 4 февраля, в 10.00 часов в Үкімет үйі состоится заседание Правительства.

На повестке заседания вопрос
:

• развитие автодорожной отрасли и внедрение цифровых технологий в данной сфере.

📢📢 Заседание Правительства будет транслироваться в режиме онлайн на сайте PrimeMinister.kz, официальном YouTube-канале, в социальной сети Facebook, на Telegram-канале UKIMET

По итогам заседания состоится пресс-конференция с участием министра транспорта Марата Карабаева, председателя Правления АО «НК «ҚазАвтоЖол» Дархана Иманашева, генерального директора РГП «Национальный центр качества дорожных активов» Болатбека Айтбаева.

Онлайн-трансляция пресс-конференции будет на официальном YouTube-канале и в социальной сети Facebook.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream started
2025 жылы жаңа магистралдар құрылысы мен 13 мың шақырым жол жөндеу жұмысы басталады

📌 Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында 2025 жылы жөндеу жұмысы 13 мың шақырым жолды қамтитыны жоспарланғанын айтты. Оның 9,5 мың шақырымы қажетті қаржымен қамтамасыз етілген, қалған шақырымын қаржыландыру мәселесі пысықталуда. Жаңа жобалар бойынша құрылыс маусымы басталғанға дейін мердігерлерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер өткізіледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша республикалық жолдардың нормативтік жағдайы 94%-ды, ал жергілікті жолдарда – 91%-ды құрайды.

🔷 Өткен жылдары басталған ұзындығы 1,08 мың шақырым жобалардың: Қалбатау – Майқапшағай (405 км), Күрті – Қонаев (67 км), Қызылорда – Жезқазған (398 км) және Ұзынағаш – Отар (42 км) құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 1 045 шақырым бірінші техникалық санаттағы жаңа магистралдардың құрылысы басталады.

Министр мердігерлерді таңдау кезінде отандық компанияларға немесе шетелдік әріптестердің қатысуымен консорциумға артықшылық берілетінін, бұл қазақстандық құрылыс секторының одан әрі тұрақты дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Бұдан басқа, Президенттің тапсырмасы бойынша, 2029 жылға дейін 3 мың шақырым жолды бірінші және екінші санаттарға ауыстыра отырып, реконструкциялау жоспарланып отыр. Бұл аталған сала мен ел экономикасының дамуына жаңа серпін береді.

Ағымдағы жөндеумен 6,6 мың шақырым қамтылады. Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін өңіраралық және аудандық жолдарды қосу. Биыл Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Абай облыстарында ауқымды жұмыстар жоспарланған.

🔵 Жөндеу жүргізілмегеніне 30 жылдан 50 жылға дейін болған жолдар, Петропавл – Жезқазған (703 км), Қандыағаш – Шалқар (246 км), Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы (156 км), Қарағанды – Аягөз – Боғас (452 км) толық жөндеуден өтеді.



В 2025 году начнется строительство новых магистралей и ремонт 13 тыс. км дорог

📌 Министр транспорта Марат Карабаев на заседании Правительства доложил, что в 2025 году планируется охватить ремонтом 13 тыс. км дорог. Из них 9,5 тыс. км уже обеспечены необходимыми финансовыми средствами, по остальным – прорабатывается вопрос о финансировании. По новым проектам проводятся конкурсные процедуры для определения подрядчиков до начала строительного сезона. По итогам 2025 года нормативное состояние республиканских дорог составит 94%, а местных – 91%

🔷 Продолжается строительство проектов, начатых в предыдущие годы протяженностью 1,08 тыс. км: Калбатау – Майкапчагай (405 км), Курты – Конаев (67 км), Кызылорда – Жезказган (398 км) и Узынагаш – Отар (42 км). Также начнется строительство новых магистралей общей протяженностью 1,05 км первой технической категории.

Министр подчеркнул, при выборе подрядчиков будет отдано предпочтение отечественным компаниям или консорциумам с участием иностранных партнеров, что поспособствует дальнейшему развитию казахстанского строительного сектора.
Кроме того, по поручению Президента до 2029 года планируется реконструировать 3 тыс. км дорог, переведя их в первую и вторую категории. Это придаст новый импульс развитию отрасли и экономики страны.

Текущим ремонтом будут охвачены 6,6 тыс. км. Главная цель - соединение межрегиональных и районных дорог для улучшения благосостояния населения. Масштабные работы в этом году запланированы в Северо-Казахстанской, Акмолинской и области Абай.

🔵 Дороги, которые не ремонтировались от 30 до 50 лет, Петропавловск – Жезказган (703 км), Кандыагаш – Шалкар (246 км), Жанаозен – гр. Туркменистана (156 км), Караганда – Аягоз – Бугаз (452 км) будут полностью отремонтированы.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақылы жолдардан түсетін кірістер 2026 жылы 100 млрд теңгеге жетуі мүмкін — Көлік министрлігі

📌 Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардан түсетін табыстың айтарлықтай өскені туралы баяндады. 2024 жылы түсім сомасы 48 млрд теңгеге жетті. Биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы учаскені іске қосу жоспарлануда, бұл кірісті 60 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Келесі жылы бұл көрсеткіш 100 млрд теңгеге дейін өсуі мүмкін.

«Бұл ретте, осы ақылы жолдардан түскен қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстарына алынған қарыздардың пайыздық мөлшерлемелерді өтеуге жұмсау мәселесі қарастырылуда», — деп атап өтті министр.

🔷 Бюджетке түсетін жүктемені азайту әрі өзін-өзі ақтау мақсатында реконструкциялау және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде «ақылы жол» мәртебесін кезең-кезеңімен енгізу жалғасуда. Қазіргі уақытта бүкіл еліміз бойынша ұзындығы 3,2 мың шақырым ақылы жол жүйесі жұмыс істейді.

Сонымен қатар министр жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының дамуын атап өтті. Бүгінде елімізде 1 446 жол бойы сервистік объектілері жұмыс істейді, оның 90%-ы ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді. 2025 жылы бұл көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізу, сондай-ақ 400-ден астам заманауи қызмет көрсету нысандарын салу үшін ірі инвесторларды тарту жоспарлануда.

«2029 жылға дейін 60 бірлік кешенді объектілердің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 10 бірлігі осы жылы жүзеге асырылады. Инвестиция көлемі 120 млрд теңге. Оларда жатын орын, TIR тұрағы және жанармай бекеттері қарастырылған. Жол бойы сервистік объектілерін дамытудың негізінде елімізде бірінші рет отандық қонақүйлер жүйесі және олардың франшизасы қалыптасатын болады. Бұл жол бойы объектілерінің тасымал процессімен қатар, автотуризмнің де дамуына септігін тигізеді», — деп атап өтті Марат Қарабаев.




Доходы от платных дорог в 2026 году могут достичь 100 млрд тенге — минтранспорта

📌 На заседании Правительства министр транспорта Марат Карабаев доложил о значительном росте доходов от платных дорог. В 2024 году сумма поступлений достигла 48 млрд тенге. В текущем году планируется ввод дополнительных 4 тыс. км платных участков, что позволит увеличить доходы до 60 млрд тенге. В следующем году эта цифра может вырасти до 100 млрд тенге.

«При этом рассматривается вопрос о том, чтобы часть средств, полученных с платных дорог, направить на погашение процентных ставок по кредитам, взятым для строительных работ», — отметил министр.

🔷 С целью снижения нагрузки на бюджет и обеспечения самоокупаемости на участках, где завершены реконструкция и ремонтные работы, продолжают вводить поэтапно статус «платной дороги». На данный момент по всей стране действует платная дорожная система протяженностью 3,2 тыс. км.

Кроме того, министр упомянул развитие сервисных объектов вдоль дорог. В стране функционируют 1 446 сервисных объектов, 90% из которых соответствуют национальным стандартам. В 2025 году планируется довести этот показатель до 100%, а также привлечь крупных инвесторов для строительства более 400 современных сервисных объектов.

«До 2029 года планируется строительство 60 комплексных объектов, из которых 10 единиц будут реализованы в этом году. Объем инвестиций составит 120 млрд тенге. В этих объектах будут предусмотрены места для отдыха, стоянки для TIR и автозаправочные станции. На основе развития сервисных объектов вдоль дорог в стране будет сформирована первая национальная сеть гостиниц и их франшиза. Это не только повлияет на развитие транспортного процесса, но и поспособствует развитию автотуризма», — отметил Марат Карабаев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда жолдарды басқару үшін «E-Joldar» бірыңғай цифрлық платформасы әзірленеді

📌 Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде жол инфрақұрылымын басқаруды жаңғырту үшін негіз болатын «E-Joldar» бірыңғай цифрлық платформасы енгізілетінін айтты. Платформа қолданыстағы цифрлық жүйелерді біріктіреді және барлық автомобиль жолдары – халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық жолдар туралы ақпаратты жинау және есепке алу үдерістерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Платформаның негізгі қызметінің бірі жол саласын дамытуда ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жол активтерін сенімді бақылау және тиімді басқару. Сонымен қатар «E-Joldar» автожол пайдаланушылары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және жол активтерін басқаруға жауапты мамандар арасында тығыз байланыс орнатуға жағдай жасайды.

🔵 Министрдің айтуынша, платформаны енгізу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған, бұл жол қызметтерінің сапасын едәуір арттыруға және инфрақұрылыммен байланысты мәселелерді шешуді жеделдетуге мүмкіндік береді.



В Казахстане создадут единую цифровую платформу «E-Joldar» для управления дорогами

📌 Министр транспорта Марат Карабаев сообщил, что в Казахстане будет внедрена единая цифровая платформа «E-Joldar», которая станет основой для модернизации управления дорожной инфраструктурой. Платформа будет интегрировать существующие цифровые системы и позволит автоматизировать процессы сбора и учета информации о всех автомобильных дорогах – международных, республиканских, областных и районных.

Одной из ключевых функций платформы станет обеспечение прозрачности в развитии дорожной отрасли, а также надежный контроль и эффективное управление дорожными активами. Кроме того, «E-Joldar» создаст условия для более тесной связи между пользователями автодорог, местными органами власти и специалистами, ответственными за управление дорожными активами.

🔵 По словам министра, внедрение платформы запланировано на первую половину 2026 года, что позволит значительно повысить качество дорожных услуг и ускорить решение проблем, связанных с инфраструктурой.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов: жол құрылысы бойынша жобалардың қымбаттап кетуіне жол бермеу үшін жерді жедел сатып алуды заңнамалық тұрғыдан пысықтау қажет

📌 Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа жол жобалары бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу мәселесін көтерді.

Көлік министрі Марат Қарабаев жерді уақтылы алып, карьерлерге лицензия беру қарқыны туралы баяндады.

🔻 Премьер-министр құрылыс жұмыстарының кешеуілдеуіне және олардың құны қымбаттауына жол бермеу үшін алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу қажеттігін баса айтты.

«Алдағы уақытта жобалардың қымбаттап, мерзімдердің созылып кетуіне жол бермеу үшін барлық дайындық жұмыстарын ерте бастан жүргізу керек», — деп атап өтті Премьер-министр.

🔹 Әкімдіктерге болашақ жобалар үшін учаскелерді резервке қойып, ол жерлерді беруге және нысаналы мақсатын өзгертуге мораторий жариялау тапсырылды. Өнеркәсіп министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, автожол жобаларына тартылған карьерлердің құжаттарын рәсімдеуі қажет. Көлік министрлігі жол салуға қажетті жерлерді мемлекет мұқтажы үшін жедел сатып алуды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтасын.



Олжас Бектенов: Для недопущения удорожания проектов по строительству дорог нужно законодательно проработать ускоренный выкуп земель


📌 В ходе заседания Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов поднял вопрос своевременности работ по новым дорожным проектам.

О темпах изъятия земель и выдачи лицензий на карьеры доложил министр транспорта Марат Карабаев.

🔻 Руководитель Правительства подчеркнул, что для недопущения затягиваний строительства проектов и их удорожания необходимо заранее проводить подготовительную работу.

«Всю подготовительную работу надо провести заранее, чтобы в будущем избежать затягивание строительства проектов и их удорожание», — отметил Премьер-министр.

🔹 Акиматам поручено обеспечить резервирование участков под будущие проекты, объявить мораторий на выдачу этих земель и изменить их целевое назначение. Министерству промышленности совместно с акматами - подготовить документальное оформление карьеров, задействованных в автодорожных проектах. Министерству транспорта - проработать вопрос законодательного регулирования ускоренного выкупа земель под государственные нужды для строительства автодорог

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда жолдардың сапасы жақсарды – Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы

📌 Үкімет отырысында «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев автомобиль жолдарының сапасын сараптау жұмыстары туралы баяндады.

🔵 Ол 2024 жылдың қорытындысында кәсіпорын сапа сараптамасымен қамтуды республикалық автомобиль жолдары желісі бойынша 100%-ды, жергілікті желі бойынша 99%-ды құрағанын хабарлады. 47 мыңға жуық жол-құрылыс материалының сынамалары зертханалық сынақтан өткізіліді. Автомобиль жолдарының 22 мың шақырымына аспаптық тексерулер және диагностика жүргізілді.

«Жалпы, 2023-2024 жылдардағы нәтижелерді салыстыра келсек, жолдардың сапасы бойынша оң динамикасы байқалады. 2023 жылы жергілікті желіні қамту 89%-ды құраса, 2024 жылы 99%-ға дейін жетті. Сәйкес келмейтін жол-құрылыс материалдары мен ақаулар саны 16%-ға азайды. Сапасыз жұмыстарды қайта құру 5%-ға дейін төмендеді. Диагностика қорытындысы бойынша, орташа жөндеу жұмыстары есебінен жол жабынының тегістігі 5%-ға жақсарды.
Аталған көрсеткіштер уақтылы қабылданған шешімдердің арқасында, нәтижесін берді», — деп атап өтті Болатбек Айтбаев.



Качество автодорог улучшилось в Казахстане – Национальный центр качества дорожных активов

📌 Генеральный директор РГП «Национальный центр качества дорожных активов» Болатбек Айтбаев на заседании Правительства доложил о работе по экспертизе качества автомобильных дорог.

🔵 Он сообщил, что по итогам 2024 года предприятием охват экспертизой качества составил по республиканской сети автомобильных дорог 100%, по местной сети 99%. Испытано 47 тыс. проб материалов. Проведено инструментальное обследование и диагностика на 22 тыс. км автомобильных дорог.

«В целом, сравнивая итоги 2023-2024 года, наблюдается положительная динамика улучшения качества автомобильных дорог. Охват местной сети в 2023 году составил 89%, в 2024 году увеличился до 99%. На 16% уменьшилось количество несоответствующих дорожно-строительных материалов и дефектов. Снизились объемы переустройства несоответствующих работ на 5%. За счет среднего ремонта по итогам диагностики ровность покрытия улучшилась на 5%.
Указанные показатели дали результат благодаря своевременно принятым решениям», — отметил Болатбек Айтбаев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Елімізде жол жабынының ақауларын автоматты түрде тану жүйесі қолданылады

📌 Үкімет отырысында «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев автомобиль жолдарының сапасын сараптау саласында цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары туралы баяндады.

🔵 Ол адами факторының әсерін азайту мақсатында кәсіпорын сапаны бақылау жұмыстарына цифрлық технологияларды дамытып, енгізіліп жатқанына тоқталды. Сондай шешімдердің бірі жол жабынындағы ақауларды автоматты түрде анықтау жүйесі, ол жасанды интеллект қағидаттарына негізделген. Бұл әр 100 шақырым үшін диагностикалық деректерді өңдеу уақытын 4 күннен 4 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
«Кәсіпорын ведомстволық сараптама үшін бірыңғай электрондық портал әзірледі. Ол бизнес-процестердің ашықтығы мен бақылауын, құжаттарды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз етеді. Портал қажетті құжаттар санын 15-тен 5-ке дейін қысқартуға, рәсімдеу уақытын 3 айдан 15 күнге дейін азайтуға және сараптамалар санын 5 есеге арттыруға мүмкіндік берді», — деп толықтырды Болатбек Айтбаев.



Систему автоматического распознавания дефектов автодорожного покрытия применяют в Казахстане

📌 Генеральный директор РГП «Национальный центр качества дорожных активов» Болатбек Айтбаев на заседании Правительства доложил о работе по внедрению цифровых технологий в сфере экспертизы качества автомобильных дорог.

🔵 Он отметил, что в целях минимизации человеческого фактора предприятие развивает и внедряет цифровые технологии контроля качества. Одним из таких решений является система автоматического распознавания дефектов дорожного покрытия, основанная на принципах искусственного интеллекта. Это позволило сократить время обработки данных диагностики с 4 дней до 4 часов на каждые 100 км.
«Предприятием создан единый портал ведомственной экспертизы. Он обеспечивает прозрачность и контроль бизнес-процессов, надежное хранение документов. Портал позволил сократить количество необходимых документов с 15 до 5, время оформления с 3 месяцев до 15 дней и увеличить количество экспертиз в 5 раз», — добавил Болатбек Айтбаев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream finished (49 minutes)
Республикалық маңызы бар барлық жолдар 2027 жылға қарай интернетпен қамтамасыз етіледі

🔷 Республикалық жолдарды 100% интернетпен қамту 2027 жылға қарай жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Оның айтуынша, 2024 жылы дыбыс деңгейін өлшеу және интернетсіз учаскелерді анықтау арқылы автожолдарды зерттеу және егжей-тегжейлі талдау аяқталды. Олардың нәтижесі бойынша антенна-діңгек құрылыстарын қосымша орнату қажет 243 нүкте анықталды. 104 станса құрлысы бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды.



Все трассы республиканского значения будут обеспечены интернетом к 2027 году


🔷 100% интернет-покрытие республиканских трасс ожидается к 2027 году. Об этом на заседании Правительства сообщил министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев. По его словам, в 2024 году были завершены обследования и детализированный анализ автодорог с проведением замеров уровня сигнала и определению участков без интернета. По их результатам выявлено 243 точки, где необходимо дополнительно установить антенно-мачтовые сооружения. По 104 станциям уже получены положительные заключения.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан электромобильдер мен ұшқышсыз көлік нарығын дамыту жөніндегі бағдарламаға бастамашы болады

🔵 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі электромобильдерді қолдау және ұшқышсыз технологияларды енгізу бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Ол электр қозғалтқышы бар машиналар үшін инфрақұрылымды дамытуды, сондай-ақ оларды сатып алуға ынталандыруды қамтиды. Мысалы, автотұраққа жеңілдіктер жасау және қоғамдық көлік жолағын пайдалануға рұқсат беру. Ұшқышсыз көлік үшін реттеуші құмсалғышты іске қосу көзделген, оның шеңберінде НҚА қабылданады, пилоттық іске қосу үшін тест алаңдары және Waymo (Google), Tesla, Baidu, Mobileye, Yandex, Huawei халықаралық серіктестерімен бірлесіп технологияларды тестілеу таңдалады.

«Бұл бізге автономды автомобильдерге арналған зерттеулерге, инфрақұрылымға және компоненттерді өндіруге шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді. Мысалы, БАӘ-де реттеуші құмсалғыш WeRide және Cruise компанияларына Дубайда пилотсыз таксилерді сынауға мүмкіндік берді, бұл көлікті жергілікті цифрландыруды жеделдетті. Сондай-ақ бұл пилотсыз технологиялар саласындағы жергілікті стартаптардың дамуына ықпал ететін болады. Аталған бастамаларды іске асыру нәтижесінде Қазақстан өңірлік технологиялық хаб мәртебесін нығайтады», — деп түйіндеді министр.



В Казахстане инициируют программу по развитию рынка электромобилей и беспилотного транспорта


🔵 Разработать программу по поддержке электромобилей и внедрению беспилотных технологий предложил министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности. Она включает в себя развитие инфраструктуры для машин с электрическим двигателем, а также стимулы для их приобретения. Такие как, например, скидки на парковку и использование полос для общественного транспорта. Для беспилотного транспорта предусмотрен запуск регуляторной песочницы, в рамках которой будут приняты НПА, выбраны тестовые площадки для пилотного запуска и тестирование технологий совместно с международными партнерами: Waymo (Google), Tesla, Baidu, Mobileye, Yandex, Huawei.

«Это позволит нам привлечь иностранные инвестиции в исследования, инфраструктуру и производство компонентов для автономных автомобилей. К примеру, в ОАЭ регуляторная песочница позволила компаниям WeRide и Cruise тестировать беспилотные такси в Дубае, что ускорило локальную цифровизацию транспорта. Также это будет способствовать развитию локальных стартапов в сфере беспилотных технологий. В результате реализации озвученных инициатив Казахстан укрепит статус регионального технологического хаба», - резюмировал министр

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкіметте жолдардың сапасы туралы мәселе қаралды: бір жылда 12 мың шақырым жол салынып, жөнделді

Биыл 10 мың шақырым жолды жаңарту жоспарланған

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автожол саласын дамыту мен цифрлландыру мәселесі қаралды.

🔷 Көлік министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы 12 мың шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылған, нәтижесінде республикалық жолдардың қалыпты жағдайы 93%-ға, жергілікті маңызы бар жолдар 89%-ға жеткен. Ұзындығы 7 мың шақырымды құрайтын бірқатар ірі жол жобалары аяқталды. Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Шамалған стансасын айналып өтетін жол өтпесі және Түркістан облысында орналасқан елдегі алғашқы туннель пайдалануға берілді, сондай-ақ Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахан, Казталов – Жәнібек және Өнеге – Сайқын жолдарында жаңа асфальтбетон жабыны бар жолмен қамтамасыз етілді.

🔵 2025 жылы Мемлекет басшысының жыл сайын жолдарды жаңарту жөніндегі тапсырмасы аясында 9,5 мың шақырым жол жұмыстары, 2,5 мың шақырым жөндеу жүргізу жоспарланған.

🔻 Отырыс барысында Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталған жаңа инфрақұрылымдық жобаларды дайындауға ерекше назар аударылды.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында инфрақұрылымды дамыту ісін жаңа деңгейге көтеру, оның ішінде көлік-логистика саласына баса мән беру қажеттігін айтты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жақсы нәтижелер бар, бірақ қарқынды арттыра түсу қажет. Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған жаңа жобаларды дайындауға кірісу керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Қаржыландыру және жер учаскелерімен қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешу тапсырылды.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкіметте жолдардың сапасы туралы мәселе қаралды: бір жылда 12 мың шақырым жол салынып, жөнделді Биыл 10 мың шақырым жолды жаңарту жоспарланған 📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автожол саласын дамыту мен цифрлландыру…
В Правительстве рассмотрен вопрос качества дорог: за год построено и отремонтировано 12 тыс. км

В текущем году запланировано обновление 10 тыс. км дорог.

📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены вопросы развития автодорожной отрасли и внедрения цифровых технологий в данной сфере.

🔷 По данным Министерства транспорта, в 2024 году дорожными работами охвачено 12 тыс. км, в результате нормативное состояние республиканских дорог достигло 93%, местных – 89%. Завершен ряд крупных автодорожных проектов протяженностью 7 тыс. км. Введены в эксплуатацию мост через Бухтарминское водохранилище, путепровод в обход станции Шамалган и первый тоннель в стране, расположенный в Туркестанской области, а также обеспечен проезд на дорогах Караганда – Алматы, Талдыкорган – Усть-Каменогорск, Актобе – Атырау – Астрахань, Казталовка – Жанибек и Униге – Сайхин с новым асфальтобетонным покрытием.

🔵 В 2025 году в рамках поручения Главы государства по ежегодному обновлению дорог запланированы работы на 9,5 тыс. км, ремонт 2,5 тыс. км.

🔻 Особое внимание в ходе заседания было уделено подготовке новых инфраструктурных проектов, направленных на укрепление позиций Казахстана как ключевого транзитного хаба в Центральной Азии.

«На расширенном заседании Правительства Глава государства уделил особое внимание переходу на новый уровень инфраструктурного развития, в том числе транспортно-логистической сферы. По итогам прошлого года имеются хорошие результаты, однако темпы нужно наращивать. Необходимо приступить к подготовке новых проектов, направленных на укрепление позиции Казахстана в Центральной Азии как основного транзитного хаба», — отметил Олжас Бектенов. Поручено оперативно решить вопросы резервирования земельных участков, финансирования.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тұрғындар жолдардың сапасына наразы: Олжас Бектенов жергіліктіжолдарға да баса мән беруді тапсырды

Премьер-министр сондай-ақ көлік ағынын басқару ісіне заманауи IT-технологиялар енгізуді тапсырды

«Жергілікті жолдарға да баса мән беру керек. Облыстық және аудандық жолдарды күрделі жөндеуге қомақты қаражат бөлінуде. Оның ішінде республикалық бюджеттен де қарастырылған. Алайда, кейбір өңірлерде, жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі жеткіліксіз болып отыр. Атап айтқанда, бұл – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарына да қатысты мәселе. Тұрғындар жолдардың сапасына наразы»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов. Өткен жылы азаматтардан жолдар мен көшелер мәселесіне қатысты ресми түрде 40 мыңнан астам арыз-шағым келіп түскен.

«Өңірлерде жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарында құрылыс технологияларын сақтамау және мерзімдерді кешіктіру байқалып отыр. Әкімдер бұл мәселелерді бақылауға алуға тиіс. Көлік ағынын басқару ісіне заманауи IT-технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

📌 Мәселені қарау қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.



Население недовольно качеством дорог: Олжас Бектенов поручил уделить внимание развитию местной сети

Премьер-министр также поручил внедрять современные IT-технологии в управление транспортными потоками

«Особое внимание стоит уделить развитию местной сети.
На реконструкцию областных и районных дорог выделяются значительные средства, в том числе из республиканского бюджета. Однако в некоторых регионах отмечается низкое финансирование из местного бюджета. В частности, это касается Западно-Казахстанской, Северо-Казахстанской и Абайской областей. Население недовольно качеством местных дорог»,

— подчеркнул Олжас Бектенов. За прошлый год поступило более 40 тыс. официальных обращений от граждан по вопросу ненадлежащего состояния дорог и улиц.

«Модернизация и развитие дорожной инфраструктуры в областях сопровождается несоблюдением технологий строительства и реконструкции, а также затягиванием сроков реализации. Акимы должны взять на контроль эти вопросы.
В управление транспортными потоками необходимо внедрять современные IT-технологии и искусственный интеллект»,

— отметил Олжас Бектенов.

📌 По итогам рассмотрения вопроса даны соответствующие поручения.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM