UKIMET
18.4K subscribers
10.7K photos
1.82K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды. Кеңеске Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, «Отбасы банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылығы қатысты.

🔷 «Отбасы банкін» даму институтына айналдыру және саланы одан әрі дамыту үшін жеке қаражатты тарту жөніндегі жұмысты жандандыру тәсілдері, сондай-ақ жеңілдікті бағдарламаларды қаржыландыру, оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерін қолдау және жаңа өнімдерді шығару бойынша ұсыныстар талқыланды. Бүгінде «Қаражанбасмұнай», «Шұбаркөл көмір», «Еуроазияттық энергетикалық корпорация», «ССКӨБ», «Қазхром» ТҰК», «Қазақстан алюминиі», «Қазақстан электролиз зауыты» сияқты ірі кәсіпорындар және басқа да ұйымдармен жұмысшы кәсіп мамандары отбасыларының тұрмысын жақсарту жұмыстары басталды.

➡️ Премьер-министр Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарға арналған ипотекалық және жалға берілетін жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажеттігін атап өтті. Банктің трансформациясы оның «бір терезе» қағидаты бойынша мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысын күшейтуге және жалпы алғанда еліміздің экономикасын дамытуға бағытталған.

✔️ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша, 2024 жылдың қорытындысында Қазақстанда рекордтық 18,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға артық. Саланың нақты көлем индексі бір жылда 113,1%-ды құрады. 2029 жылға қарай 111 млн шаршы метрге жеткізу жөніндегі Президент қойған міндеттерді орындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

🔘 Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде азаматтарға жалға берілетін, несиелік баспанамен қамтамасыз етуі, «2-10-20», «5-10-20» және басқа да бағдарламалар іске асырылуда. 2024 жылы «Отбасы банкі» 1,29 трлн теңге сомасында 71 452 несие берді, оның 39,8%-ы бастапқы тұрғын үй сатып алуға арналған. «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша жалпы 251,9 млрд теңгеге 10 003 қарыз берілді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында…
Олжас Бектенов провел совещание по вопросу доступного жилья

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам дальнейшего развития жилищного строительства и повышения доступности жилья. Рассмотрен ход работы по исполнению поручений Главы государства, озвученных в интервью газете «Ana tili». Участие в совещании приняли руководство министерств промышленности и строительства, национальной экономики, финансов, АО «Отбасы банк», АО ФНБ «Самрук-Казына», АО «НУХ «Байтерек».

🔷 Обсуждены подходы по трансформации «Отбасы банк» в институт развития и активизации работы по привлечению частных средств для дальнейшего развития отрасли, а также предложения по финансированию льготных программ, включая поддержку работников промышленных предприятий и запуск новых продуктов. На сегодня уже начата работа по улучшению жилищных условий семей специалистов рабочих профессий с крупными предприятиями, такими как «Каражанбасмунай», «Шубарколь комир», «Евроазиатская энергетическая корпорация», «ССГПО», «ТНК «Казхром», «Алюминий Казахстана», «Казахстанский электролизный завод» и другими организациями.

➡️ Руководитель Правительства отметил необходимость расширения льготной программы ипотечного и арендного жилья для технических специалистов в рамках объявленного Года рабочих профессий. Трансформация Банка нацелена на усиление его работы по предоставлению жилья нуждающимся гражданам по принципу «одного окна» и в целом на развитие экономики страны.

✔️ По данным Министерства промышленности и строительства, по итогам 2024 года в Казахстане введены рекордные 18,9 млн кв. м жилья, что на 6,4% больше по сравнению с предыдущим годом. Индекс физического объема отрасли за год составил 113,1%. Ведется работа по исполнению поставленной Президентом задачи по достижению показателей в 111 млн кв.м к 2029 году.

🔘 В рамках мер государственной поддержки гражданам предоставляется арендное, кредитное жилье, реализуются программы «2-10-20», «5-10-20», и др. В 2024 году «Отбасы банк» было выдано 71 452 займа на сумму 1,29 трлн тенге, из которых 39,8% – на приобретение первичного жилья. Совокупно по программам «Отау» и «Наурыз» выдано 10 003 займов на сумму 251,9 млрд тенге.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, онда Қызылорда облысының инвестициялық дамуы қаралды.

🔷 ҚР СІМ Инвестициялар комитеті қатысушыларға Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны яғни инвесторлардың, мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың өзара іс-қимылы үшін бірыңғай терезе мүмкіндіктерін таныстырды. Бүгінде платформа пулында 836 жоба бар, оның 246-сын осы жылы жүзеге асыру жоспарлануда.

Кеңесте облыстағы екі ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қатысты түйткілді мәселелер талқыланды. Бұл «Шалқия» полиметалл кен орнының тиімділігін арттыру және кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салу.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



📌 Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин провел совещание по вопросам развития реального сектора экономики, на котором рассмотрено инвестиционное развитие Кызылординской области.

🔷 Комитет по инвестициям МИД РК презентовал участникам совещания возможности Национальной цифровой инвестиционной платформы – единого окна для взаимодействия инвесторов, госорганов и квазигосударственного сектора. На сегодня в пуле платформы – 836 проектов, из которых 246 запланированы к реализации в 2025 году.

На совещании рассмотрели проблемные вопросы реализации двух крупных инвестпроектов региона. Это повышение эффективности месторождения полиметаллических руд «Шалкия» и строительство завода по производству кальцинированной соды.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбе облысы техникалық колледж түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда

📌 Білікті кадрларды даярлау аясында Ақтөбе облысының көптеген ірі кәсіпорындары өңір колледждері үшін әлеуметтік әріптес ретінде әрекет етті. Оқу орындарымен бірлесіп оқыту бағдарламасы әзірленді, қажетті жабдықтар сатып алынуда, сондай-ақ өндірісте тәжірибеден өту жөнінде келісімдер жасалып жатыр.

💬 «Біз 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланғанын қуана әрі қызығушылықпен қабылдадық. Біздің компания үшін басты байлық – ол жұмысшы мамандардан құралған қызметкерлеріміз, біздің ұжым – бұл болашақта табысты жұмысымыздың кепілі әрі берік негізі. “Қазхром” ТҰК 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Ол жұмысшы мамандықтарын танымал ету, қолдау, оқыту, мансаптық тұрғыдан өсуді дамыту сияқты бағыттарды қарастырады. Біз оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатырмыз. Оқу орындарының бағдарламалары біздің қатысуымызбен әзірленді. Біз колледж оқушыларына жұмысқа орналасуға 100% кепілдік бергенімізді мақтан тұтамыз. Оқу орны мен мамандықты таңдағанда жастарымыз ертең жоғары ақы төленетін жұмысқа орналасатынына сенімді болады», — деп атап өтті «Қазхром» ТҰК» АҚ Бас директоры Сергей Прокопьев.

💬 «Біз тау-кен металлургия саласына кадрлар даярлаймыз. Негізгі әлеуметтік әріптесіміз – ERG, атап айтқанда “Қазхром” ТҰК”. Біз дуальды оқытуды 100% енгіздік. Бұл біздің балаларымызға өндірісті ортаға тез бейімделуге көмектеседі. Ең жақсы көрсеткішіміз – біздің түлектердің жұмысқа орналасуы, ол 95-97%-ды құрайды. Әлеуметтік серіктестерімізбен бірлескен жұмыстың нәтижесінде түлектеріміз әрқашан сұранысқа ие», — деп атап өтті Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің директоры Бағдашжан Молдашева.

💬 «Біз оқу орындарымен өзара іс-қимылды дамытуға, жұмысшы мамандықтарының жаңа блогының түрлерін танымал етуге дайынбыз. Біздің жұмысшыларымыз әрқашан әлеуметтік қамқорлыққа ие болады, олардың қажырлы еңбектеріне имидждік тұрғыда лайықты баға беріледі», — дейді «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Бас директоры әкімшілігі басшысының орынбасары Юрий Шикарев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Актюбинской области один из самых высоких показателей трудоустройства выпускников технических колледжей

📌 В рамках подготовки квалифицированных кадров многие крупные предприятия Актюбинской области выступили в качестве социального партнера для колледжей региона. Совместно с учебными заведениями составляется программа обучения, закупается необходимое оборудование, а также заключаются соглашения о прохождении практики на производстве.

💬 «Сегодня существует множество профессий, которые пользуются большим спросом в нашей экономике и жизни. Среди них – электрики, инженеры-машиностроители, специалисты по ремонту и обслуживанию автомобилей, а также по информационным технологиям. Совместно с работодателями и социальными партнерами нами приняты меры по их подготовке. В ближайшие дни мы собираемся реализовать эту работу. Наша главная цель – повысить статус работающего человека. Сегодня в нашем колледже учатся 2,5 тыс. студентов. 92% из них работают полный рабочий день. Наш главный успех – это тесное взаимодействие с работодателями», — рассказала директор Актюбинского высшего политехнического колледжа Женискул Мухамбетпаизова.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бюджеттік-салықтық реформалар жобасы сарапшылармен бірге талқыланды

📌 Премьер-министрдің бюджеттік-салықтық саясатты реформалаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу туралы тапсырмасына сәйкес, вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҰЭМ жанындағы Сараптамалық кеңестің бірінші отырысын өткізді.

🔷 Кеңес отырысына қаржы министрі Мәди Такиев, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов, ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, 20-дан астам сарапшы, оның ішінде, ірі қаржылық, инвестициялық, талдау және консалтингтік ұйымдардың, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің, «Атамекен» ҰКП басшылары қатысты.

🔵 Жиынға қатысушылар бюджет табыстылығын арттыру шараларын, атап айтқанда, жаңа Салық кодексін әзірлеу шеңберінде ұсынылған жаңа және қазірдің өзінде ұсынылған шаралар кешенін талқылады. Қатысушылардың көпшілігі кодекстің жаңа редакциясында ұсынылып отырған бірқатар қолданыстағы салық жеңілдігін алып тастау, банктер мен қаржы ұйымдары үшін корпоративтік табыс салығының (КТС) мөлшерлемесін арттыру, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға салық салуды енгізу мерзімдерін 2030 жылдан 2026 жылға ауыстыру, ойын бизнесіне салық салуды қайта қарау жөніндегі шаралармен келісті. Аталған шаралар жиынтығында бюджетке түсетін кірістер табыстылығын 1 трлн теңгеден астамға арттыруға арналған.

Алайда, бұл шаралар шығындар мен бюджет кірістері арасындағы қалыптасқан алшақтықты жабу үшін жеткіліксіз. Кеңесте атап өтілгендей, жыл сайын бюджетке түсетін салмақ артып келеді, әлеуметтік шығындар өсуде, ал экономиканың нақты секторын дамыту бюджет шығыстарының 10%-ынан азын құрап отыр. Салықтық-бюджеттік салаларда реформаларсыз жағдайды түзеу мүмкін емес.

🔵 Кездесуге қатысушылар ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздікті теңестіру әрі салық салу жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды. Біз өткен жылдардағы кейінге қалдырылған ұзақ уақытқа созылған реформаларды қабылдауға мәжбүр боламыз. Бұл – мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындауды жалғастыра алатындай бағаны нарықтық жағдайға келтіру. Өкінішке қарай, қазір салықтарға қатысты жағдайды түзету, оларды әкімшілендіруді жақсарту, тіпті кейбір жағдайларда мөлшерлемелерді қайта қарау үшін бірқатар танымал емес реформаларды қабылдауымыз керек. Ең бастысы, мұны Ұлттық қорды сақтау үшін емес, экономиканың нарықтық экономикаға айналуы үшін жасауымыз керек. Жаңа Салық кодексі, бүгін біз талқылаған ұсыныстардың кейбірі көп ұзамай көпшіліктің игілігіне айналады. Мен барлығын өз пікірін айтуға шақырамын», — деді «NAC Analytica» КҚ» (NU) басқарма төрағасы Расул Рысмамбетов.



«
Бүгін біз ҚР Ұлттық экономика министрлігімен дайындалып жатқан жаңа Салық кодексі туралы әңгіме қозғадық. Сөз ұсынылып жатқан көптеген өзгерістер турасында болды. Сол себепті қазір қарастырылып жатқан Салық кодексі ең алдымен еліміздің болашағы үшін өте маңызды. Әрине, салықтық әкімшілендіруді жақсарту, салық мөлшерлемесін көтеру немесе азайту сынды көптеген ұсыныстар бар. Осы орайда бізге халқымыздың болашағын жақсартуға үлес қосатын шешімдер қажет. Бүгінгідей кездесулердің маңыздылығы да осында жатыр», — деп атап өтті экономист Ғалымжан Айтқазин.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Проект бюджетно-налоговых реформ обсудили с экспертами

📌 По поручению Премьер-министра о разработке новых подходов к реформе бюджетно-налоговой политики зампремьера-министр национальной экономики Серик Жумангарин провел первое заседание Экспертного совета при МНЭ.

🔷 В заседании Совета приняли участие министр финансов Мади Такиев, заместитель председателя Нацбанка Акылжан Баймагамбетов, вице-министр национальной экономики Азамат Амрин и более 20 экспертов, в числе которых – руководители крупных финансовых, инвестиционных, аналитических и консалтинговых организаций, Совета Ассоциации финансистов Казахстана, НПП «Атамекен».

🔵 Участники обсудили меры по повышению доходности бюджета. В частности, комплекс новых и уже предложенных в рамках разработки нового налогового кодекса мер. Большинство участников согласились с предлагаемыми в новой редакции кодекса изменениями по исключению ряда действующих налоговых льгот, повышению ставки корпоративного подоходного налога (КПН) для банков и финансовых организаций, переносу сроков введения налогообложения вознаграждений по государственным ценным бумагам с 2030 года на 2026 год, пересмотру налогообложения игорного бизнеса. Эти меры призваны увеличить доходность поступлений в бюджет на более чем 1 трлн тенге.

Однако этих изменений недостаточно для покрытия существующего разрыва между расходами и доходами бюджета. Как было отмечено на совещании, ежегодная нагрузка на бюджет увеличивается, растут социальные расходы, в то время как на развитие реального сектора экономики приходится меньше 10% расходов бюджета. И без реформ в налогово-бюджетной сфере исправить ситуацию практически невозможно.

🔵 Участники встречи выразили свое мнение и предложения по выравниванию разбалансированности между денежно-кредитной и фискальной политиками и повышению эффективности системы налогообложения.

«2025 год для Казахстана будет непростым. Нам придется принимать давно назревшие реформы, которые откладывались в предыдущие годы. Это приведение цен в рыночное состояние, чтобы государство могло продолжать исполнять свои социальные обязательства. Нам нужно, к сожалению, сейчас принять ряд непопулярных реформ, чтобы выправить ситуацию с налогами, улучшить их администрирование, где-то возможно даже пересмотреть ставки. Самое главное, нам нужно это делать даже не для того, чтобы сохранить Нацфонд, а чтобы экономика продолжила быть рыночной. Новый налоговый кодекс, часть предложений в который мы сегодня обсуждали, скоро будет в общественном доступе. Призываю всех высказать свое мнение», — отметил председатель правления «КФ NAC Analytica» (NU) Расул Рысмамбетов.



«Сегодня мы говорили о новом Налоговом кодексе, который готовит Министерство национальной экономики Республики Казахстан. В ходе обсуждения основное внимание уделялось многочисленным предлагаемым изменениям. Рассматриваемый сейчас Налоговый кодекс, прежде всего, очень важен для будущего нашей страны. Конечно, есть много предложений, например, по улучшению налогового администрирования, повышению или снижению налоговых ставок и т. д. В этой связи нам нужны решения, которые будут способствовать улучшению будущего нашего народа. Вот в чем заключается важность таких встреч, как сегодня» — подчеркнул экономист Галымжан Айтказин.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АШМ: Картоп қоры ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткілікті
 
📌 Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері елдегі картоп нарығындағы қалыптасқан ахуалға тұрақты түрде бақылау жүргізуде.

🔷 Көрші елдердің, әсіресе Өзбекстан тарапынан сұраныстың артуына және экспорттық бағаның жоғары болуына байланысты биыл картоп экспорты 1,5 есеге, яғни 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға дейін өсті. Картопқа деген аса жоғары сұраныс ішкі нарыққа әсер еткені атап өтілді. Мәселен, соңғы аптада экспортқа бағытталған өндірушілер арасында бағаның күрт өсуі (170 теңгеден 270 теңгеге дейін) тіркелді.

🔵 Осыған байланысты, ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында 2025 жылғы 18 қаңтарда өткен Сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында картопты үшінші елдерге әкетуді 6 ай мерзімге шектеу туралы шешім қабылданды. Бұл шара ЕАЭО елдеріне қолданылмайды, алайда бұл бағыттағы экспортқа бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар қалыптасқан жағдайды ескере отырып, биылғы 16 қаңтарда экспортқа фитосанитариялық сертификаттар беру толығымен тоқтатылды.

➤ Қабылданған шаралар картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге және нарыққа қатысушылар тарапынан алыпсатарлық әрекеттерге жол бермеуге бағытталған.

🔵 Сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық органдары монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, жағдайға күшейтілген қадағалау жүргізеді және сауда қызметі мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы бұзған жағдайда олар нарыққа қатысушыларға шұғыл ықпал ету шараларын қабылдайды.

➤ ҚР АШМ деректері бойынша, бүгінгі таңда қолда бар қорлар 2025 жылғы ерте егін жинау науқанына дейін ішкі қажеттілікті толық жабу үшін жеткілікті. 19 қаңтардағы жағдай бойынша қорлар сауда желілеріндегі қорларды есепке алмағанда 850 мың тоннадан асады (картоп өсірушілер қауымдастығы бойынша 600 мың тонна, тұрақтандыру қорларындағы 68 мың тонна, жеке қосалқы және шағын шаруашылықтардағы жертөлелерде 200 мың тоннадан астам).
 
Анықтама үшін:
2024 жылы картоптың жалпы өнімі 2,9 млн тоннаны құрады (оның ішінде ерте өнім - 300 мың тонна). 2024 жылы импорт 56 мың тоннаны құрады. Нарыққа тарату үшін картоптың көлемі 2024 жылдың тамыз айынан бастап 2,6 млн тоннаны құрайды, халықтың жалпы қажеттілігі – 1,5 млн тонна (оның ішінде қалалық 954 мың тонна) ерте егін жинау науқанына дейін (қаңтар-сәуір). 2024 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін – 844 мың тонна, экспортталды – 620 мың тонна (2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін). 2025 жылға арналған болжамды тұтыну көлемі (қаңтар-сәуір) – 675 мың тонна.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM