UKIMET
18.5K subscribers
10.6K photos
1.81K videos
8.26K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Елімізде балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды

📌 Елімізде мектепке дейінгі білім беруді қолжетімді ету және оның сапасын арттыру мақсатында балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды. Жаңа өзгеріс бойынша ата-аналар баласына балабақшаны өзі таңдай алады және баланың білім алуына қажетті қаржы мемлекеттен тікелей мектепке дейінгі ұйымға емес, баланың артынан таңдалған мекемеге берілетін болады. Мұндай механизм жекедегі және мемлекеттік балабақшалар арасында бәсекелестік қалыптастыруға бағытталған. Өйткені олардың басшылығы мүмкіндігінше көбірек бала тарту үшін білім беру сапасын арттыруға және білікті тәрбиешілерді жұмысқа алуға мәжбүр болады.

🗺 Қазіргі уақытта бұл механизм Қазақстанның төрт қаласында – Таразда, Шымкентте, Түркістанда және Оралда пилоттық режимде енгізілген. Алдағы уақытта оны бүкіл ел бойынша масштабтау жоспарлануда.

Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналары үшін 4,2 мыңнан астам консультациялық пункт жұмыс істейді. Бұл тармақ балаларды тәрбиелеу мен дамытуға маңызды көмек көрсетеді, оларды оқыту мен мектепке дайындаудың тең бастапқы жағдайларын қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылы 328 мыңнан астам ата-ана мен балаға әдістемелік және педагогикалық қолдау көрсетілді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Елімізде балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды 📌 Елімізде мектепке дейінгі білім беруді қолжетімді ету және оның сапасын арттыру мақсатында балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды. Жаңа өзгеріс бойынша ата-аналар баласына балабақшаны өзі…
Система финансирования детских садов пересмотрена в Казахстане

📌 В целях повышения доступности и качества дошкольного образования в Казахстане пересмотрена система финансирования детских садов. Суть нововведения заключается в том, что родители получают право самостоятельно выбирать детский сад для своего ребенка и средства необходимые на его воспитание идут следом за ним, а не напрямую от государства к дошкольной организации. Внедрение такого механизма рассчитано на создание здоровой конкуренции между частными и государственными детскими садами, так как их руководству придется повышать качество образования и нанимать профессиональных воспитателей, чтобы привлечь к себе как можно больше малышей.

🗺 В настоящее время такой механизм в пилотном режиме внедрен в четырех городах Казахстана – Таразе, Шымкенте, Туркестане и Уральске. В последующем его планируется масштабировать на всю страну.

Кроме того, открыли более 4,2 тыс. консультационных пунктов для родителей детей, не посещающих дошкольные организации. Они оказывают важную помощь в воспитании и развитии детей, обеспечивая равные стартовые условия для их обучения и подготовки к школе. В текущем году методическую и педагогическую поддержку получили более 328 тыс. родителей и детей.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер әлемдік жетістіктермен танылып, марапаттар иеленді

💠 Биылғы жылдың ең үлкен жетістіктерінің бірі - халықаралық олимпиаданың әрбір екінші қатысушысы елімізден жүлделі орындармен оралды.

⚡️ IChO химия бойынша ең беделді халықаралық олимпиадада және «First Global Challenge» робототехника бойынша әлем чемпионатында қазақстандық оқушылар 190 елдің өкілдерін басып озып, екі Олимпиадада үш дүркін әлем чемпионы атанды. Еліміздің құрама қоржыны барлығы 563 медальмен толықтырылды, оның ішінде 77 алтын, 201 күміс және 285 қола. Үздік 7 беделді олимпиадада жүлделі орындарға ие болған 26 қазақстандық оқушы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

✔️ Екі жыл қатарынан ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 10 есеге артты, бұл мыңдаған балаларға жаңа мүмкіндіктер ашты.

🎖 Ел тарихында тұңғыш рет бірден екі педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болып, ерекше құрмет белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені табысталды. Бұл еліміздің педагогтарының еңбегіне Президент көрсеткен жоғары баға, құрмет пен сенім. Сонымен қатар Мемлекет басшысының қолынан 27 педагог «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша тағы 64 педагог «Үздік педагог» мәртебесіне ие болды. Барлық 93 педагогқа 3,9 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік сыйлық тағайындалды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер әлемдік жетістіктермен танылып, марапаттар иеленді 💠 Биылғы жылдың ең үлкен жетістіктерінің бірі - халықаралық олимпиаданың әрбір екінші қатысушысы елімізден жүлделі орындармен оралды. ⚡️ IChO химия бойынша ең беделді…
Казахстанские школьники и учителя отмечены мировыми достижениями и наградами

💠 Одним из крупных достижений этого года стало то, что каждый второй участник международной олимпиады от нашей страны вернулся с призовыми местами.

⚡️ На самой престижной Международной олимпиаде по химии IChO и мировом чемпионате по робототехнике «First Global Challenge» казахстанские школьники обогнали представителей 190 стран, став трехкратными чемпионами мира на двух олимпиадах. Всего копилка сборной нашей страны пополнилась 563 медалями, из которых 77 золотых, 201 серебряная и 285 бронзовых. 26 казахстанских школьников, завоевавших призовые места на ТОП-7 престижных олимпиадах, получили денежные премии.

✔️ Второй год подряд проводится Республиканская предметная олимпиада для учащихся сельских школ. По ее итогам количество сельских школьников, занявших призовые места, увеличилось почти в 10 раз, что открыло новые возможности для тысяч ребят.

🎖 Впервые в истории страны сразу два педагога удостоились звания «Қазақстанның Еңбек ері» с вручением знака особого отличия – Золотой звезды и ордена «Отан». Это высокая оценка, уважение и доверие, оказанные Президентом, труду педагогов нашей страны. Кроме того, из рук Главы государства 27 педагога удостоились звания «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы». Еще 64 педагога завоевали статус «Лучший педагог» по итогам республиканского конкурса. Всем 93 педагогам назначено государственная премия в размере 3,9 млн тенге.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Кәсіптік оқыту жүйесіндегі негізгі аспектілер мен заманауи тәсілдер

⚡️ Бүгінде елімізде 772 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 565 мың студент оқиды, оның 177 мыңы биыл қабылданды.

✔️ Қосарлы оқыту жүйесімен 94 мың студент қамтылды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 143 мың орынға ұлғайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90% құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік тапсырыстың 65% машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерияны қоса алғанда, техникалық мамандықтарға бағытталған. Қазақстанда колледж түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші 79% құрайды.

🔷 Колледждерде кадрлар даярлау өңірлік экономиканы ескере отырып жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 195 колледжді бейіндеу және үлкейту жұмыстары басталды.

📊 Бұдан бөлек, колледждерде 160 стартап-жоба іске қосылды, 104 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Кәсіби стандарттардың, жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Оқытуда тиімді озық әдістемелер мен тәсілдерді тарату мақсатында локомотив-колледждер айқындалды, қазіргі заманғы колледждер базасында 3 IT-орталық құрылды.

Колледж студенттерін қолдау мақсатында стипендиялық төлемдердің мөлшері екі есеге ұлғайды: 2023 ж. – 50%, 2024 ж. – 50%, 300 мыңнан астам студент қамтылды. Жатақханаға мұқтаж студенттердің 87%-дан астамы жатақханаларда орындармен қамтамасыз етілген. Биыл 1,2 мың орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Кәсіптік оқыту жүйесіндегі негізгі аспектілер мен заманауи тәсілдер ⚡️ Бүгінде елімізде 772 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 565 мың студент оқиды, оның 177 мыңы биыл қабылданды. ✔️ Қосарлы оқыту жүйесімен 94 мың студент қамтылды.…
Ключевые аспекты и современные подходы в системе профессионального обучения

⚡️ Сегодня в стране функционируют 772 организации технического и профессионального образования, в которых обучаются 565 тыс. студентов, из них 177 тыс. поступили в этом году.

✔️ Дуальным обучением охвачено 91 тыс. студентов. По итогам 2024 года объем государственного образовательного заказа в колледжах страны увеличился на 143 тыс. мест, что на 10 тыс. больше по сравнению с прошлым годом. Охват студентов бесплатным техническим и профессиональным образованием, по востребованным специальностям, составил 90%. По поручению Главы государства 65% госзаказа направлены на технические специальности, включая машиностроение, транспорт, энергетику, IT, строительство и инженерию. Показатель трудоустройства выпускников колледжей в Казахстане составляет 79%.

🔷 Подготовка кадров в колледжах осуществляется с учетом региональной экономики. На сегодня начата работа по профилизации и укрупнению 195 колледжей.

📊 Кроме того, запущено 160 стартап-проектов, обновлена материально-техническая база 104 колледжей. С учетом требования профстандартов, ГОСО и стандартов WorldSkills разработано около 8 тыс. образовательных программ. В целях распространения эффективных передовых методик и подходов в обучении определены локомотивы-колледжи, на базе современных колледжей созданы 3 IT-центра.

В целях поддержки студентов колледжей в два раза увеличены размеры стипендиальных выплат: 2023 г. – 50%, 2024 г. – 50% с охватом более 300 тыс. студентов. Более 87% из числа нуждающихся студентов обеспечены местами в общежитиях. В этом году в эксплуатацию сдано 4 общежития на 1,2 тыс. мест.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мектеп инфрақұрылымын жаңартудың оқу процесіне оң әсері

✔️ Жыл қорытындысы бойынша елімізде 200 мыңнан астам оқушы орны құрылды. Оның ішінде білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 23 нысан бар. Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ инвестициялар тарту есебінен – 126 мектеп.

➡️ Бұрын-соңды болмаған мектеп салу шаралары үш ауысыммен байланысты проблемаларды айтарлықтай қысқартты. Бүгінде елімізде 3 мыңға жуық мектеп бір ауысымда жұмыс істейді. Сонымен қатар 254 орта оқу орны күрделі жөндеуден өтті, 967 мектеп үшін 1621 заманауи пәндік кабинет (робототехника, химия, биология, физика, STEM) сатып алынды. 1 мың ауылдық мектеп жаңғыртылды. 10 мыңнан астам білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйелерімен техникалық жарақтандырылуы арттырылды.

⚡️ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім беруді цифрландыру процесін жеделдету бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша интернет жылдамдығы мектептердің 19%-дан 90%-ға дейін ұлғайды. Қазақстандық мектептерде сапалы интернет көрсеткіші 3 есеге артты. Бұл ретте мектеп оқулықтарының 100%-ы цифрлық форматқа ауыстырылды және 11 платформада қолжетімді.

🔷 Астана, Маңғыстау, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарының 215 мектебінде тиісті санаттағы балаларды тегін тамақтандыруға арналған «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы іске асырылуда.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Мектеп инфрақұрылымын жаңартудың оқу процесіне оң әсері ✔️ Жыл қорытындысы бойынша елімізде 200 мыңнан астам оқушы орны құрылды. Оның ішінде білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 23 нысан бар. Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай…
Как обновление школьной инфраструктуры способствует улучшению учебного процесса

✔️ По итогам года в стране создано более 200 тыс. ученических мест. Из них за счет Фонда поддержки инфраструктуры образования 23 объектов. За счет средств республиканского и местного бюджетов, а также привлечения инвестиций – 126 школ.

➡️ Беспрецедентные меры по строительству школ значительно сократили существующие проблемы с трехсменкой. Наряду с этим капитально отремонтировано 254 средних учебных заведений, приобретены 1621 современных предметных кабинетов для 967 школ. Проведена модернизация 1 тыс. сельских школ. Повышена техническая оснащенность системами безопасности более 10 тыс. организаций образования.

⚡️ По поручению Главы государства проведена комплексная работа по ускорению процесса цифровизации сферы образования. По итогам 2024 года скорость интернета увеличена с 19% до 90% школ. Показатель качественного интернета в казахстанских школах увеличен в 3 раза. При этом 100% школьных учебников переведены в цифровой формат и доступны на 11 платформах.

🔷 В 215 школах Астаны, Мангистауской, Акмолинской и Западно-Казахстанской областей реализуется пилотный проект «Социальный кошелек» для бесплатного питания детей соответствующих категорий.

@KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді

📌 Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңесте Президенттің экологиялық тепе-теңдікті сақтау және еліміздің тұрақты экономикалық прогресін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары әкімдерінің «жасыл экономика» индикаторларына қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы баяндамалары тыңдалды.

💠 Негізгі экологиялық сын-қатерлер, атап айтқанда ауаның ластануы, қалдықтарды басқару және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту және басқа да шаралар қаралды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша еліміздің 15 қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары, оның ішінде Алматы және Қарағанды қалаларында бұл көрсеткіш «өте жоғары» деңгейде.

Сондай-ақ Кеңес отырысына сарапшылар: «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, қазақстандық KazWaste қалдықтарды басқару қауымдастығының атқарушы директоры Вера Мұстафина қатысып, сөз сөйледі.

👇👇👇

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 📌 Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңесте Президенттің экологиялық тепе-теңдікті сақтау және еліміздің…
Алматының экологиялық бағдарламасы

📌 Алматы әкімі Ерболат Досаев Премьер-министрге «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы баяндады. Қазіргі таңда ауаның ластануын азайту, орман қорын дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану мен қалдықтарды басқару, ESG-қағидаттарын енгізу және «жасыл» облигациялар шығару бойынша жұмыстар басым бағыттар ретінде айқындалған.

Мамандардың есептеуі бойынша, Алматы агломерациясында ауаға шығарылатын зиянды заттардың жалпы көлемі 225,2 мың тоннаға жетеді, оның шамамен 84%-ы мегаполистің өзіне тиесілі. Қалада зиянды қалдықтардың ең көп үлесін, яғни, 60%-ын автокөліктер, ал 27%-ын өнеркәсіп кәсіпорындары шығарады. Әкім Алматыда Атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа ережелері әзірленгенін, ол 2025 жылдың бірінші тоқсанында Мәслихаттың қарауына ұсынылатынын атап өтті. Олар жылжымалы және стационарлық көздерді қатаң реттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ЖЭО жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде, ауаға тарайтын зиянды заттар көлемі 93%-ға, яғни 37,3 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін төмендейді. 2026 жылы жылу көзі көмірден газға ауысады деп күтілуде. Сондай-ақ жеке тұрғын үй секторын газбен қамтуға ерекше назар аударылуда, бүгінгі таңда үйлердің 99,4%-на тиісті инфрақұрылым тартылды.

✔️ Алматы қаласының ауасына автокөліктің теріс әсерін азайту мақсатында 2024 жылдан бастап дизель отынымен жұмыс істейтін қоғамдық көлікті сатып алуға тыйым салынды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша троллейбус паркі 100%-ға жаңартылды, автобус паркін жаңғырту 2025 жылы одан әрі жалғасады. Бұл ретте, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еліміздегі электромобилдердің 58%-ы немесе 7 875 бірлікті құрайтын ең көп саны Алматыда тіркелген.

🔷 Сондай-ақ Ерболат Досаев Мемлекет басшысының «Алматы – бақ-қала» мәртебесін жандандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. 2030 жылға дейін 2,5 млн жасыл желек отырғызу жөніндегі жол картасына сәйкес, 2023-2024 жылдар кезеңінде мегаполисте 643 мың ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар Жасыл желектерді қорғау мен күтіп-ұстаудың жаңа ережелеріне сәйкес, суару жүйесін міндетті түрде жүргізу нормасы енгізілді. Осының нәтижесінде 2 жыл ішінде 500 км автосуару және тамшылатып суару желілері орнатылды.

Сапалы сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін 2024 жылы жалпы қуаты тәулігіне 54,3 мың м3 болатын жаңа су көздері пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2025 жылы толығымен аяқтау жоспарланып отырған тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау инфрақұрылымын жаңғырту барысы туралы да баяндалды. Алматы әкімі Ерболат Досаев қытайлық Shanghai SUS Environment Co. Ltd компаниясымен бірлесіп қуаты тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауытын салу жоспарланып отырғанын атап өтті.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Алматының экологиялық бағдарламасы 📌 Алматы әкімі Ерболат Досаев Премьер-министрге «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы баяндады. Қазіргі таңда ауаның ластануын азайту, орман қорын дамыту, су ресурстарын тиімді…
Шығыс Қазақстан облысы: жаңартылатын энергия көздерін дамыту және қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту

«Жасыл экономикаға» көшу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев баяндады. Өңірде 2030 жылға дейін жалпы қуаты 74,3 МВт болатын 5 ГЭС салу жоспарланған. Бүгінгі таңда облыста қуаты 1,6 ГВт болатын 8 энергия өндіруші ұйым жұмыс істейді, жаңартылатын энергия көздері жалпы көлемнің 4%-ын алады. Су ресурстарын басқаруға қатысты бүгінгі таңда егін алқаптарының 856 мың гектары тамшылату әдісімен суарылады. 2024 жылы халықты тұрақты түрде сумен қамтамасыз ету үшін құны 15,4 млрд теңгені құрайтын 26 жобаның 11-і іске қосылды, 15 жоба бойынша жұмыстар 2025 жылы жалғасады. Ауыл тұрғындарының 98,3%-ы үшін таза ауыз сумен қамтамасыз ететін 220 шақырымнан астам су құбыры желілері салынды және жаңғыртылды.

✔️ Ермек Көшербаев қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударды. Өңірде жыл сайын 145 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар түзіледі, оның 22%-ы қайта өңделеді. 2025 жылы жылына 36 мың тонна қалдықты сұрыптауға, жылына 10 мың тонна тауарлық битум мен 10 мың тонна биоотын алуға мүмкіндік беретін жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

📊 Ауаның ластану деңгейін төмендету мақсатында бірқатар жоба іске асырылды. Заманауи технологияларды енгізудің арқасында 25 жыл ішінде «Қазмырыш» ірі кәсіпорнының шығарындылары 4 еседен астамға қысқарды. Бүгінгі таңда тау-кен металлургия кәсіпорны күкірт қышқылы зауытының қалдық газдарын толық тазарту қондырғысы құрылысын бастады, бұл атмосфераға бөлінетін күкірт диоксиді көлемін 1,6 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өңірдегі өндіріс орындары, соның ішінде Қазмырыш, ҮМЗ, Өскемен ЖЭО, Бұқтырма цемент кәсіпорны эмиссия мониторингінің автоматтандырылған жүйелерімен жабдықталған. Экологиялық жағдайға қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын «Өскемен тынысы» экологияны қорғау бюросы жұмыс істейді. Жалпы, соңғы жылдары облыс орталығында зиянды заттар көлемі 5,2 мың тоннаға немесе 9,5%-ға төмендеген.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Шығыс Қазақстан облысы: жаңартылатын энергия көздерін дамыту және қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту «Жасыл экономикаға» көшу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев баяндады. Өңірде 2030 жылға дейін…
Қарағанды облысы: шығарындыларды азайту және орман алқаптарын көбейту

Қарағанды облысында ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар көлемін азайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Әкім Ермағанбет Бөлекпаев 2024 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың көлемі 14,5 мың тоннаға азайғанын баяндады. Жеке секторларды көгілдір отынмен қамту жұмыстары жалғасуда. 7 621 үйге газ тарату желілері салынып, 3 573 үй қосылды. Өңірдегі ірі 10 кәсіпорында эмиссия мониторингінің автоматтандырылған жүйесі орнатылған.

✔️ Қалдықтарды басқару бойынша алға қойылған міндеттерді ескере отырып, үш жылдық перспективада Балқаш, Абай, Қарқаралы қалаларында және Бұқар жырау, Шет, Нұра аудандарында сұрыптау желісі бар 6 тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу жоспарлануда. 2024 жылдың 9 айында облыс бойынша түзілген қалдықтардың көлемі 258,8 мың тоннаны құрады, оның ішінде қайта өңделген қалдықтардың үлесі 55%-ға жетті.

📊 Ермағанбет Бөлекпаев орман алқаптарын көбейту бойынша жоспардың орындалуы мен нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу туралы баяндады. Бір ғана «Таза Қазақстан» акциясы аясында бүгінде Қарағандыда 42 мың ағаш отырғызылды. Су ресурстарын басқару саласындағы жұмыстардың нәтижелері атап өтілді. Мәселен, 2 су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, Тоғызқұдық, Тихоновка, Жастілек бөгеттерін және Таңатбай су қоймасын реконструкциялау бойынша 4 жоба әзірленіп жатыр. 2024 жылы су үнемдеу технологияларын қолданатын суармалы жер көлемі 4,9 мың гектарға артып, 35,2 мың гектарға жетті. Энергия тиімділігін арттыру үшін облыстағы 4 электр станциясында жаңа 3 қазандық пен 4 турбинаны іске қосу жоспарланып отыр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 📌 Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңесте Президенттің экологиялық тепе-теңдікті сақтау және еліміздің…
Олжас Бектенов провел заседание Совета по переходу к «зеленой экономике»

📌 В Правительстве состоялось заседание Совета по переходу к «зеленой экономике» под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова. Рассмотрен ход исполнения поручений Президента по сохранению экологического равновесия и обеспечению устойчивого социально-экономического прогресса страны. Заслушаны доклады акимов г. Алматы, Восточно-Казахстанской и Карагандинской областей о реализации Плана мероприятий по достижению индикаторов «зеленой экономики».

💠 Рассмотрены ключевые экологические вызовы, включая вопросы загрязнения воздуха, управления отходами и меры по сокращению негативного воздействия на окружающую среду. По данным Министерства экологии и природных ресурсов, 15 городов в Казахстане имеют высокий уровень загрязнения воздуха, при этом в Алматы и Караганде он характеризуется как «очень высокий».

К диалогу были также приглашены эксперты: директор Научно-образовательного центра «Зеленая Академия» Бахыт Есекина, председатель Правления ОЮЛ «Ассоциация экологических организаций Казахстана» Айгуль Соловьева, исполнительный директор Казахстанской ассоциации по управлению отходами «KazWaste» Вера Мустафина.

👇👇👇

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов провел заседание Совета по переходу к «зеленой экономике» 📌 В Правительстве состоялось заседание Совета по переходу к «зеленой экономике» под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова. Рассмотрен ход исполнения поручений Президента…
Экологическая программа Алматы

📌 Аким Алматы Ерболат Досаев доложил Премьер-министру о реализации Плана мероприятий по переходу к «зеленой экономике». В числе приоритетных направлений работы – снижение загрязнения воздуха, развитие лесного фонда, эффективное использование водных ресурсов и управление отходами, внедрение ESG-принципов и выпуск «зелёных» облигаций.

По подсчетам специалистов, объем валового выброса вредных веществ в Алматинской агломерации достигает 225,2 тыс. тонн, где на сам мегаполис приходится порядка 84%. Наибольшую долю выброса в городе занимает автотранспорт – 60% и промышленные предприятия – 27%. Аким подчеркнул, что в Алматы разработаны новые Правила охраны атмосферного воздуха, которые будут внесены в Маслихат уже в первом квартале 2025 года. Они позволят ввести жесткое регулирование передвижных и стационарных источников. Кроме того, продолжается работа по модернизации ТЭЦ, в результате которой выбросы вредных веществ снизятся на 93% – с 37,3 тыс. тонн до 2,7 тыс. тонн. Переход теплоисточника с угля на газ ожидается в 2026 году. Особое внимание уделяется газификации частного сектора, на сегодня доступность соответствующей инфраструктуры обеспечена для 99,4% домов.

✔️ С целью снижения негативного влияния автотранспорта на воздушный бассейн города Алматы с 2024 года введен запрет на приобретение общественного транспорта, работающего на дизельном топливе. По итогам работы за 2024 год троллейбусный парк обновлен на 100%, модернизация автобусного будет продолжена в 2025 году. При этом, по состоянию на 1 декабря 2024 года, в Алматы зарегистрировано наибольшее количество электромобилей по стране – 7 875 единиц или 58% от общего количества.

🔷 Ерболат Досаев также доложил о проводимой работе в рамках исполнения поручения Главы государства по возрождению статуса Алматы как города-сада. Согласно Дорожной карте по высадке 2,5 млн зеленых насаждений до 2030 года, за период 2023-2024 годов в мегаполисе высажено 643 тыс. деревьев и кустарников. Вместе с тем новыми Правилами защиты и ухода за зелеными насаждениями внедрена норма по обязательному подведению поливочной системы. В результате этого за 2 года установлено 500 км сетей автополива и капельного орошения.

Для обеспечения качественного водоснабжения в 2024 году введены в эксплуатацию новые источники общей мощностью 54,3 тыс. м3/сутки. Также доложено о ходе модернизации инфраструктуры сбора ТБО, которую полностью планируется завершить в 2025 году. Аким Алматы Ерболат Досаев подчеркнул, что совместно с китайской компанией «Shanghai SUS Environment Co., Ltd» планируется строительство завода по энергетической утилизации отходов мощностью до 2 тыс. тонн в сутки.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM