UKIMET
18.6K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.28K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
Геология саласын дамыту перспективалары ✔️ Қазақстан перспективалы аумақтарды зерделеу және геология саласына инвестициялар тарту үшін шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуде. Бүгінгі таңда минералды-шикізат базасы қатты пайдалы қазбалардың…
Перспективы развития геологической отрасли

✔️ Казахстан активно расширяет сотрудничество с зарубежными партнерами для изучения перспективных территорий и привлечения инвестиций в геологическую отрасль. Сегодня минерально-сырьевая база включает 987 месторождений твердых полезных ископаемых и динамика их разведки остается положительной. К тому же, в Казахстане обнаружены перспективные площади редкоземельных металлов. В рамках государственного геологического изучения недр проводятся поисковые работы на 12 участках.

🔹 По результатам геологоразведочных работ в 2024 году на государственный учет поставлены 17 месторождения, содержащие минеральные запасы и ресурсы.

📍 Кроме того, учтены 6 месторождений подземных вод: Долинное, Жиланды, Бала-Урпек, Дарбазинский групповой водопровод, Тургай Палеозой и Королевское.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты

🇰🇿🇷🇺 Мәскеуде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Іс-шара Бауман атындағы ММТУ алаңында өтті, онда делегация мүшелеріне Ресей жоғары оқу орындарында оқитын ТМД елдері студенттерінің инженерлік жобалары мен ғылыми әзірлемелері таныстырылды.

🔵 Кеңес отырысына ТМД-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары: Әзербайжан Республикасы – Әли Асадов, Беларусь Республикасы – Роман Головченко, Қырғызстан Республикасы – Ақылбек Жапаров, Ресей Федерациясы – Михаил Мишустин, Тәжікстан Республикасы – Кохир Расулзода, Өзбекстан Республикасы – Абдулла Арипов, сондай-ақ, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян; Достастықтың қауымдастырылған мүшесі ретінде Түрікменстан Республикасының ТМД жарғылық және өзге органдары жанындағы Тұрақты өкілі Назаркұлы Шакулыев, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев қатысты.

📎 Сауда-экономикалық кооперацияны нығайту, көлік дәліздерін дамыту және жеткізілім көлемін ұлғайту, қоршаған ортаны сақтау, мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыру және ғылыми әлеуетті іске асыру мәселелері қаралды.

➡️ Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту Достастыққа мүше мемлекеттер үшін басым міндет болып қала береді. Кеңес отырысында сөз сөйлеген Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның сыртқы саудасының төрттен бір бөлігі ТМД елдері нарығына тиесілі екеніне тоқталды. Осыған байланысты кедергілерді жүйелі түрде анықтау және жою қажеттілігі туындап отыр. Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Достастық жәрмеңкесі» мемлекетаралық бағдарламасын құру ТМД елдері арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

➡️ Көлік дәліздерін кеңейту сауда-экономикалық кооперацияны дамытудың маңызды факторы саналады. Олжас Бектенов ТМД-ға трансқұрлықтық көлік ағындарында, атап айтқанда «Батыс – Шығыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттарында алатын орны ерекше екеніне тоқталды. Қазақстан тарапы әзірлеген ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін күре жолдарды өзара ұштастыру тұжырымдамасы 2024 жылдың қазан айында ТМД-ның Атқару комитетіне жолданды. Аталған жоба Достастық елдерінің көлік өткізу мүмкіндігін арттыруға серпін береді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты 🇰🇿🇷🇺 Мәскеуде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Іс-шара Бауман…
📌 Олжас Бектенов экология саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесіне ерекше назар аударды. Климаттық сын-қатерлердің алдын алу және олардың салдарын жою аймақтық және жаһандық тұрақты дамуға ықпал етеді.

«“Алтай” трансшекаралық биосфералық резерваты бірегей табиғи экожүйелерді сақтау бойынша өңірлік табысты кооперацияның мысалы бола алады. Ол “Қатонқарағай ұлттық табиғи паркі” және “Катун биосфералық қорығы” базасында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен күш-жігерінің арқасында құрылды. 2017 жылы ол Азиядағы алғашқы бірлескен резерват болып, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне қосылды. Бүгінгі таңда осы бірегей жоба негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, конференциялар өткізілуде, бірігіп істеу және тәжірибе алмасу жолға қойылған. Осылайша, Алтайда ерекше қорғалатын аумақтар базасында табиғи құндылықтарды сақтау саласындағы трансшекаралық ынтымақтастықтың бірегей моделі пысықталды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа, оның ішінде азаматтық кеме жасау мен кеме жинақтаушы жабдықтарын өндіруді дамытудағы, көлік кешенін цифрлық трансформациялау саласындағы ынтымақтастық туралы және басқа да құжаттарға қол қойылды.

🔵 Н.Э. Бауман атындағы ММТУ ғимаратында делегация басшылары студенттердің жобаларымен және әзірлемелерімен танысты. «Квантум паркі» ғылыми-зерттеу кластері кванттық, фотондық және флюидтік технологиялардың түйіскен жерінде практикалық мәселелерді шешу үшін арнайы жобаланып, салынған. Ұсынылған жобалардың авторлары ТМД елдерінің студенттері мен аспиранттарының «Шекарасыз Университет: әркімнің идеясы – баршаның болашағы» стратегиялық сессиясының финалистері болды. Бауман атындағы ММТУ студенті, Орынбасар Жантөреев таныстырған «Каспий орбитасы» жобасы әлемдегі ең ірі жабық су айдынының таяздану проблемаларын шешу үшін ғарыштық мониторинг және ұтымды трансшекаралық су пайдалану технологияларын енгізуді көздейді. «Жасыл киберферма» әзірлемесін Мәскеу авиация институтының студенті, Әмина Жексембаева таныстырды. Жоба тұрақты, жоғары тиімді ауыл шаруашылығына арналған жаңартылатын энергетикалық роботтық платформаны ұсынады.

⚡️ ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің келесі отырысы 2025 жылдың мамыр айында Душанбе қаласында өтеді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты 🇰🇿🇷🇺 Мәскеуде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Іс-шара Бауман…
Олжас Бектенов принял участие в заседании Совета глав правительств СНГ в Москве

🇰🇿🇷🇺 В Москве Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов принял участие в заседании Совета глав правительств Содружества независимых государств. Мероприятие прошло на площадке МГТУ имени Баумана, где членам делегаций также презентовали инженерные проекты и научные разработки студентов стран СНГ, обучающихся в российских вузах.

🔵 В заседании Совета участвовали главы правительств государств-членов СНГ: Республики Азербайджан – Али Асадов, Республики Беларусь – Роман Головченко, Республики Кыргызстан – Акылбек Жапаров, Российской Федерации – Михаил Мишустин, Республики Таджикистан – Кохир Расулзода, Республики Узбекистан – Абдулла Арипов, вице-премьер Республики Армения Мгер Григорян; а также от ассоциированного члена Содружества принял участие Постоянный полномочный представитель Республики Туркменистан при уставных и других органах СНГ Назаркулы Шакулыев, Генеральный секретарь СНГ Сергей Лебедев.

📎 Рассмотрены вопросы усиления торгово-экономической кооперации, развития транспортных коридоров и наращивания объема поставок, сохранения окружающей среды, укрепления культурно-гуманитарных связей и реализации научного потенциала.

➡️ Расширение торгово-экономических связей остается приоритетной задачей для государств-членов Содружества. Выступая на заседании Совета, Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул, что четверть внешней торговли Казахстана приходится на рынки стран СНГ. В связи с этим существует необходимость системного выявления и устранения существующих барьеров. Руководитель Правительства отметил, что учреждение инициированной Президентом Касым-Жомартом Токаевым межгосударственной программы «Ярмарка Содружества», будет способствовать укреплению экономических связей между странами СНГ.

➡️ Важным фактором развития торгово-экономической кооперации является расширение транспортных коридоров. Олжас Бектенов акцентировал внимание на том, что СНГ отводится особая роль в трансконтинентальных транспортных потоках, в частности, в направлении «Запад-Восток» и «Север-Юг». Разработанная казахстанской стороной Концепция сопряжения главных транспортных артерий СНГ направлена в Исполнительный комитет СНГ в октябре 2024 года. Данный проект позволит повысить транспортную пропускную способность стран Содружества.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов принял участие в заседании Совета глав правительств СНГ в Москве 🇰🇿🇷🇺 В Москве Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов принял участие в заседании Совета глав правительств Содружества независимых государств. Мероприятие прошло…
📌 Олжас Бектенов уделил особое внимание вопросу усиления сотрудничества в сфере экологии. Предупреждение климатических вызовов и устранение их последствий способствует устойчивому региональному и глобальному развитию.

«Примером успешной региональной кооперации по сохранению уникальных природных экосистем может послужить трансграничный биосферный резерват «Алтай». Он создан совместными усилиями Казахстана и России на базе «Катон-Карагайского Национального природного парка» и «Катунского биосферного заповедника». В 2017 году он был включен во Всемирную сеть биосферных резерватов ЮНЕСКО, став первым совместным резерватом в Азии. Сегодня на базе этого уникального проекта ведутся научно-исследовательские работы, проводятся конференции, налажен обмен опытом и наработками. Таким образом, на Алтае отработана уникальная модель трансграничного сотрудничества в сфере сохранения природных ценностей на базе особо охраняемых территорий», — отметил Олжас Бектенов.


По итогам заседания Совета глав правительств Содружества независимых государств подписан ряд документов, в том числе о сотрудничестве в развитии гражданского судостроения и производства судового комплектующего оборудования, в области цифровой трансформации транспортного комплекса и др.

🔵 В стенах МГТУ имени Н. Э. Баумана главы делегаций ознакомились с проектами и разработками студентов. Научно-исследовательский кластер «Квантум Парк» был спроектирован и построен специально для решения практических задач на стыке квантовых, фотонных и флюидных технологий. Авторы представленных проектов стали финалистами стратегической сессии студентов и аспирантов стран СНГ «Университет без границ: идеи каждого – будущее для всех». Проект «Орбита Каспия», презентованный студентом МГТУ им. Баумана Орынбасаром Джантуреевым, предполагает внедрение технологий космического мониторинга и рационального трансграничного водопользования для решения проблем обмеления крупнейшего закрытого водоема в мире. Разработку «Зеленая киберферма» представила студентка Московского авиационного института Амина Джексембаева. Проект демонстрирует роботизированную платформу на возобновляемых источниках энергии для устойчивого высокоэффективного сельского хозяйства.

⚡️ Следующее заседание Совета глав правительств СНГ состоится в мае 2025 года в г. Душанбе.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Студенттер тобы халықаралық жоба аясында Каспий теңізінің таяздану мәселелерін шешуді ұсынады

⚡️Қазақстан, Өзбекстан, Армения, Ресей, Беларусь және Әзербайжаннан келген студент зерттеушілер тобы Каспий теңізінің таяздану мәселесін шешуге бағытталған «Каспий орбитасы» жобасын ұсынды. Қатысушылардың бірі атап өткендей, Арал теңізіндегідей толық тайызданудың алдын алу мақсатында жоба шеңберінде жағалау жағдайын, су деңгейі мен ластану факторларын бақылау үшін спутниктер ұшыру жоспарланып отыр.

«Мен Ақтауданмын, Каспий теңізінің жағасында тұрамын және су деңгейінің төмендеп жатқанын өзім көрдім. Жобада мен жылдар бойы тайыздау динамикасын есептеумен айналыстым. Бұл жоба өзгерістерді бақылап қана қоймай, Каспий маңы елдерінің барлығы үшін нақты басқару стратегиясын ұсынуға көмектеседі», — деді Н.Э. Бауман атындағы ММТУ студенті Орынбасар Жантөреев.


Жоба таныстыру сатысында, оның авторлары мәселеге көңіл бөліп, өз идеяларын жүзеге асыру үшін қолдау табатынына үмітті.



Проблемы обмеления Каспийского моря команда студентов предлагает решать в рамках международного проекта

⚡️ Команда студентов-исследователей из Казахстана, Узбекистана, Армении, России, Беларуси и Азербайджана представила проект «Орбита Каспия», направленный на решение проблемы обмеления Каспийского моря. В рамках проекта планируется запуск спутников для мониторинга состояния берегов, уровня воды и факторов загрязнения. Как отметил один из участников, чтобы не допустить полного обмеления, как было с Аральским морем.

«Я из Актау, на берегу Каспийского моря живу и сам видел, как уровень воды снижается. В проекте я занимался вычислением динамики обмеления с годами. Этот проект поможет не только отслеживать изменения, но и предложить реальную стратегию управления для всех прикаспийских стран», — рассказал Орынбасар Джантуреев, студент МГТУ им. Н.Э. Баумана.


Проект находится на стадии представления, и его авторы надеются привлечь внимание к проблеме и найти поддержку для воплощения своей идеи.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жасыл киберферма. МАИ магистранты орнықты ауыл шаруашылығына арналған роботтық платформа жобасын ұсынды

⚡️ Агровольтаика технологиялары мен роботтық жүйелерді пайдалана отырып, орнықты ауыл шаруашылығы жүйесін құру. Мәскеу авиациялық институтының магистранты Әмина Жексембаева пікірлестерімен бірге осындай мақсат қойып отыр. Олар жасанды интеллектке негізделген басқару жүйелерімен жаңартылатын энергияға негізделген әмбебап роботтық платформа жобасын жасады.

⚡️ Жасанды интеллект пен автоматтандыруды енгізу тұқым отырғызу жылдамдығын 3 есе арттыруға және өндіріс шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді, ал күн батареяларымен интеграция дәстүрлі отын көздерінен толығымен бас тартуға мүмкіндік береді.

Жүйені егуді автоматтандыру үшін, суаруға, тыңайтқышты дәлме-дәл енгізу және топырақ жағдайын бақылау үшін пайдалануға болады.

«Біз пестицидтерді дәлме-дәл енгізуді жасай аламыз және зиянды заттармен байланысын азайту арқылы жұмысшылардың денсаулығына ауыртпалықты азайтуға мүмкіндік бар. Химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтердің құнын төмендете аламыз», — деді студент.




Зеленая киберферма. Магистрант МАИ представила проект роботизированной платформы для устойчивого сельского хозяйства

⚡️ Создать систему устойчивого сельского хозяйства с использованием технологий агровольтаики и роботизированных систем. Такой целью задалась магистрант Московского авиационного института Амина Джексембаева вместе с единомышленниками. Они разработали проект универсальной роботизированной платформы на основе возобновляемых источников энергии с системами управления на базе искусственного интеллекта.

⚡️ Внедрение ИИ и автоматизации позволяет увеличить скорость посадки семян в 3 раза и значительно снизить затраты на производство, а интеграция с солнечными батареями позволит полностью отказаться от традиционных источников топлива.

Систему можно применять для автоматизации посева, полива, точечного внесения удобрений и мониторинга состояния почвы.

«Мы можем сделать точечное внесение пестицидов и снизить нагрузку на здоровье работников за счет уменьшения их контакта с вредными веществами. Можем снизить затраты на химические удобрения, пестициды», — рассказала студентка.



📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Амман қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен Иордания Хашимит Корольдігінің Өнеркәсіп, сауда және жабдықтау министрі Яруб Әл-Кудтың бірлескен төрағалығымен Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан–иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтті.

📎 Екі елдің делегация өкілдері сауда және инвестиция, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, туризм, денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

• Қатысушылар екі елдің іскер топтарының, оның ішінде екіжақты сауда-экономикалық миссияларды ұйымдастыру арқылы тікелей өзара әрекеттесуінің қажеттігін атап өтті. Осы мақсаттарда қазақстан–иордания Іскерлік кеңесінің жұмысы жанданатын болады, оның отырысын келесі жылы Астанада өткізу ұсынылды.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



📌 В Аммане состоялось 5-е заседание казахстанско-иорданской межправительственной комиссии по торгово-экономическому и культурно-гуманитарному сотрудничеству под совместным председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Республики Казахстан Нурлана Байбазарова и министра промышленности, торговли и снабжения Иорданского Хашимитского Королевства Яруба Аль-Куда.

📎 Представители казахстанской и иорданской делегаций обсудили вопросы взаимодействия в сфере торговли и инвестиций, сельского хозяйства, энергетики, транспорта, туризма, здравоохранения, культуры и образования, а также обмена опытом в области цифровизации.

• Участники подчеркнули необходимость прямого взаимодействия бизнес-кругов двух стран, в том числе посредством организации двусторонних торгово-экономических миссий. Для этих целей будет активизирована работа казахстанско-иорданского Делового совета, заседание которого предложено провести в Астане в следующем году.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның су инфрақұрылымын жаңғырту

🔹 Елімізде ауыл шаруашылығы жерлерін тұрақты суаруды қамтамасыз ететін су қоймаларын, бөгеттер мен каналдарды қосқанда, 13 мыңнан астам гидротехникалық құрылыстар бар.
        
➤ 2024 жылы еліміздің оңтүстік аймақтарындағы егістік алқаптарды суару үшін 10,9 км3 су жіберілді, ол суаруға арналған су қабылдаудың жалпы көлемінің 97%-ын құрайды. Талас және Шу өзендері бойынша көрсеткіштер айтарлықтай жақсарды, бұл сумен жабдықтау және суару бойынша іске асырылып жатқан іс-шаралардың тиімділігінің айғағы. Биыл Шардара су қоймасына 4,8 млрд м3 су келді, яғни, 2023 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.
        
Мемлекет басшысы жедел ден қоюды талап ететін бірқатар негізгі бағыттарды атап өтті. Олардың ішінде – су инфрақұрылымын жаңғырту, тарифтік саясатты қайта қарау, су үнемдеу технологияларын енгізу және заңнамалық базаны жетілдіру ісі бар.
        
• Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері еліміздің су шаруашылығы саласын түбегейлі өзгертуге бағытталған ауқымды реформаларды бастады.
        
📎 Жаңа нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды: жаңа Су кодексінің жобасы әзірленді, Мәжілісте алғашқы тыңдаулар өткізілді, 2030 жылға дейін су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы бекітілді, сондай-ақ 2028 жылға дейін су саласын дамытудың кешенді жоспары және 2026 жылға дейін су үнемдеу жөніндегі Жол картасы әзірленді.
        
🔖 Бұл құжаттар су саласын жаңғыртуға, су үнемдеу технологияларын енгізуге және климаттың өзгеруінің салдарына орнықтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. 20 жаңа су қоймасын салу, сондай-ақ 14 мың шақырымнан астам суару каналдарын қосқанда, қолданыстағы 15 су қоймасын қайта жаңарту жоспарланған.
        
✔️ 2024 жылы Қазақстанда 93 гидротехникалық құрылысқа тексеру жүргізілді, жалпы ұзындығы 592,9 км болатын 260 бөгет салынып, нығайтылды. Сондай-ақ ауылдарды және шалғай аудандарды сумен қамтамасыз етуде маңызды қадамдар жасалды. 39 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды, ал 166 елді мекенде блок-модульдер орнатылды. 

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Модернизация водной инфраструктуры Казахстана

🔹 В стране насчитывается более 13 тыс. гидротехнических сооружений, включая водохранилища, дамбы и каналы, обеспечивающие регулярное орошение сельскохозяйственных земель.

➤ В 2024 году было подано 10,9 км3 воды для орошения в южные регионы страны, что составляет 97% от общего объема водозабора на орошение. Значительно улучшены показатели по рекам Талас и Шу, что подтверждает эффективность реализуемых мероприятий по водоснабжению и ирригации. Шардаринское водохранилище в 2024 году получило 4,8 млрд м3 воды, что в 2 раза больше, чем в 2023 году.

Глава государства выделил ряд ключевых направлений, требующих незамедлительного реагирования. Среди них – модернизация водной инфраструктуры, пересмотр тарифной политики, внедрение водосберегающих технологий и усовершенствование законодательной базы.

• С момента своего создания Министерство водных ресурсов и ирригации инициировало масштабные реформы, нацеленные на глубокую трансформацию водохозяйственной отрасли страны.

📎 Проделана большая работа по разработке новой нормативно-правовой базы: разработан проект нового Водного кодекса, проведены первые слушания в Мажилисе, утверждена Концепция развития системы управления водными ресурсами до 2030 года, а также разработаны Комплексный план развития водной отрасли до 2028 года и Дорожная карта по водосбережению до 2026 года.

🔖 Эти документы направлены на модернизацию водной отрасли, внедрение водосберегающих технологий и обеспечение устойчивости к последствиям изменения климата. Запланировано строительство 20 новых водохранилищ, а также реконструкция 15 действующих, включая более 14 тыс. км ирригационных каналов.

✔️ В 2024 году в Казахстане проведены обследования 93 гидротехнических сооружений, построены и укреплены 260 дамб общей длиной 592,9 км. Также были сделаны важные шаги в обеспечении водоснабжения сельских и отдаленных районов. В 39 селах введено централизованное водоснабжение, а в 166 населенных пунктах установлены блок-модули.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін цифрландыру

📌 2024 жылы Қазақстан су секторын цифрландыру саласында елеулі қадам жасады. Су ресурстарын тиімдірек басқаруға және ықтимал табиғи апаттарды болжауға көмектесетін заманауи ақпараттық және аналитикалық жүйелер енгізілді.

📊 Қазақстан «Tasqyn» су тасқынын болжау жүйесін белсенді түрде әзірлеуде. Аталған ақпараттық жүйе ықтимал төтенше жағдайларды модельдеуге және нақты болжамдар жасауға мүмкіндік береді, бұл ауыр зардаптардың алдын алу үшін уақтылы шаралар қабылдауға көмектеседі.

📌 Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің 3,5 мың км суару желілерін цифрландыру жұмысы жүргізілуде. Атап айтқанда, Қызылорда облысында Жаңашиелі, О-2, Келінтөбе, Әйтек және Сунақата сияқты бес арнада суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, су жинау стансаларын қайта құру жобасы іске асырылуда. Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарында – 2024 жылдан 2026 жылға дейін 16 суару каналы автоматтандырылады. Сондай-ақ Қызылорда облысында 16 магистралды және шаруашылықаралық каналдарды автоматтандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Арналарды автоматтандыру судың сапалы әрі дәл есебін қамтамасыз етеді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін цифрландыру 📌 2024 жылы Қазақстан су секторын цифрландыру саласында елеулі қадам жасады. Су ресурстарын тиімдірек басқаруға және ықтимал табиғи апаттарды болжауға көмектесетін заманауи ақпараттық және аналитикалық…
Цифровизация управления водными ресурсами Казахстана

📌 В 2024 году Казахстан сделал серьезный шаг в области цифровизации водного сектора. Были внедрены современные информационные и аналитические системы, которые помогают более эффективно управлять водными ресурсами и прогнозировать возможные природные катастрофы.

Казахстан активно разрабатывает систему для прогнозирования паводков – «Tasqyn». Эта информационная система позволит моделировать возможные чрезвычайные ситуации и создавать точные прогнозы, что поможет принимать своевременные меры для предотвращения ущерба.

📌 Кроме того, по поручению Главы Государства проводится работа по оцифровке 3, 5 тыс. км оросительных сетей страны. В частности, в Кызылординской области реализуется проект реконструкции водозаборных станций с установкой автоматизированной системы учета воды на пяти каналах: Новошиелинский, О-2, Келинтобе, Айтек и Сунаката. В области Жетісу, Туркестанской и Жамбылской – с 2024 по 2026 год будут автоматизированы 16 оросительных каналов. Также ведется разработка проектно-сметной документации для автоматизации 16 магистральных и межхозяйственных каналов в Кызылординской области. Автоматизация каналов позволит обеспечить качественный и точный учет воды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар

🔜 Қазақстан су дипломатиясын белсенді дамытуды жалғастыруда. Биыл еліміз Халықаралық Аралды құтқару қорына үш жылдық төрағалық етуді бастады және көршілермен сумен жабдықтау мәселелері бойынша маңызды келіссөздер жүргізді. Жыл басынан бері Қытаймен, Ресеймен және Орталық Азия елдерімен трансшекаралық өзендер бойынша 35-ке жуық отырыс өткізілді.

✔️ Қырғызстанмен және Өзбекстанмен Шу, Талас және Сырдария трансшекаралық өзендері арқылы Қазақстанға су беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қытаймен 20-дан астам өзен, соның ішінде Ертіс және Іле өзендері бойынша келіссөздер жүргізілуде.

➡️ Трансшекаралық су ресурстарын әділ бөлуге ықпал ететін Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы БҰҰ Конвенциясына Қазақстанның қатысуы маңызды қадам болды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM