Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға сәйкес Арнаулы мемлекеттік қор қаражатынан қаржыландырылатын ел өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жүзеге асырылуда.
📎 Үкімет Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Мыңадыр стансасында 80 орындық мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.
➤ Жұмыс істеп тұрған мектеп осы аймақтағы жалғыз білім беру мекемесі болып саналады. Ғимарат 1981 жылы салынды, 2000 жылдары қосымша кеңейтілді. Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған: жобадағы 60 орынның орнына мұнда 123 оқушы оқып жатыр. Мектепте химия, биология, физика және география бойынша зертханалық кабинеттер, спорт залы, шеберхана, еңбек кабинеттері жоқ.
✔️ Құрылысты бастау 2025 жылдың I тоқсанына жоспарланған. Жобаны іске асыру оқушы орындарының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді және заманауи білім беру талаптарына сәйкес балаларды оқыту үшін қажетті қолайлы жағдай жасайды.
🔹 Бұған дейін Үкімет бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдаған болатын. Олардың қатарында Зеренді ауылында (Ақмола облысы) спорт кешені, Темірлан ауылында (Түркістан облысы) музыка мектебі, Арқалықта дарынды спортшы балаларға арналған спорт орталығы, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығы, Ақтөбеде ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Жамансор ауылында (Атырау облысы) мектеп, Риддердегі көпсалалы аурухана құрылысын аяқтау, сондай-ақ Шымкентте «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешеніндегі жатақхана құрылысы секілді жобалар бар.
📍 Жұмыс жалғасады.
📱 @KZgovernment
📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға сәйкес Арнаулы мемлекеттік қор қаражатынан қаржыландырылатын ел өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жүзеге асырылуда.
➤ Жұмыс істеп тұрған мектеп осы аймақтағы жалғыз білім беру мекемесі болып саналады. Ғимарат 1981 жылы салынды, 2000 жылдары қосымша кеңейтілді. Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған: жобадағы 60 орынның орнына мұнда 123 оқушы оқып жатыр. Мектепте химия, биология, физика және география бойынша зертханалық кабинеттер, спорт залы, шеберхана, еңбек кабинеттері жоқ.
🔹 Бұған дейін Үкімет бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдаған болатын. Олардың қатарында Зеренді ауылында (Ақмола облысы) спорт кешені, Темірлан ауылында (Түркістан облысы) музыка мектебі, Арқалықта дарынды спортшы балаларға арналған спорт орталығы, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығы, Ақтөбеде ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Жамансор ауылында (Атырау облысы) мектеп, Риддердегі көпсалалы аурухана құрылысын аяқтау, сондай-ақ Шымкентте «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешеніндегі жатақхана құрылысы секілді жобалар бар.
📍 Жұмыс жалғасады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді 📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға сәйкес Арнаулы мемлекеттік қор қаражатынан…
Правительство направило свыше 1,2 млрд тенге возвращенных активов на строительство новой школы в области Ұлытау
📌 По поручению Главы государства осуществляется реализация социально значимых проектов в регионах страны, финансируемых из средств Специального государственного фонда в соответствии с Законом «О возврате государству незаконно приобретенных активов».
📎 Правительством принято решение о выделении более 1,2 млрд тенге на строительство школы на 80 мест на станции Манадырь Жанааркинского района области Ұлытау.
➤ Действующая школа является единственным образовательным учреждением в этой местности. Здание было построено в 1981 году, в 2000-х годах добавлена пристройка. На сегодняшний день школа значительно перегружена: при проектной мощности на 60 мест здесь обучаются 123 ученика. В школе отсутствуют лабораторные кабинеты по химии, биологии, физике и географии, спортивный зал, мастерская, кабинеты для труда.
✔️ Начало строительства планируется в I квартале 2025 года. Реализация проекта позволит увеличить количество ученических мест и создаст необходимые комфортные условия для обучения детей в соответствии с современными образовательными требованиями.
🔹 Ранее Правительство приняло решения о финансировании ряда социально значимых проектов. В их числе строительство спортивного комплекса в селе Зеренда (Акмолинская область), музыкальной школы в селе Темирлан (Туркестанская область), спортивного центра для одаренных детей-спортсменов в Аркалыке, реабилитационного центра для детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата в Астане, тренировочного центра для людей с особыми потребностями в Алматы, специализированного детского сада для особенных детей в Актобе, школы в селе Жамансор (Атырауская область), завершение строительства многопрофильной больницы в Риддере, а также комплекса «Сайрамская вспомогательная школа-интернат-колледж» в Шымкенте.
📍 Работа продолжается.
📱 @KZgovernment
📌 По поручению Главы государства осуществляется реализация социально значимых проектов в регионах страны, финансируемых из средств Специального государственного фонда в соответствии с Законом «О возврате государству незаконно приобретенных активов».
➤ Действующая школа является единственным образовательным учреждением в этой местности. Здание было построено в 1981 году, в 2000-х годах добавлена пристройка. На сегодняшний день школа значительно перегружена: при проектной мощности на 60 мест здесь обучаются 123 ученика. В школе отсутствуют лабораторные кабинеты по химии, биологии, физике и географии, спортивный зал, мастерская, кабинеты для труда.
🔹 Ранее Правительство приняло решения о финансировании ряда социально значимых проектов. В их числе строительство спортивного комплекса в селе Зеренда (Акмолинская область), музыкальной школы в селе Темирлан (Туркестанская область), спортивного центра для одаренных детей-спортсменов в Аркалыке, реабилитационного центра для детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата в Астане, тренировочного центра для людей с особыми потребностями в Алматы, специализированного детского сада для особенных детей в Актобе, школы в селе Жамансор (Атырауская область), завершение строительства многопрофильной больницы в Риддере, а также комплекса «Сайрамская вспомогательная школа-интернат-колледж» в Шымкенте.
📍 Работа продолжается.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мыңадыр стансасының тұрғындары қайтарылған активтер есебінен мектеп салу туралы: Балаларымыз спортзалда ойнап, үйірмелерге барғысы келеді
📍 Ұлытау облысындағы Мыңадыр стансасында жаңа мектеп құрылысы халық санының қарқынды өсіп келе жатқанын ескере отыра, мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешеді. Қазір қолданыстағы мектеп толып кеткен, қажетті оқушы санына сәйкес келмейді. Бұдан бөлек, мектепте спорт залы жоқ. Ал жаңа 80 орындық мектептегі кабинеттер сапалы білім беру процесімен қамтамасыз ету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталып, қолданыстағы мектеп жүктемесін жеңілдетеді.
➖
Жители ст. Манадырь о строительстве новой школы за счет возвращенных активов: Наши дети хотят играть в спортзале, ходить на кружки
📍 Строительство новой школы в станции Манадырь области Ұлытау решит вопрос с дефицитом ученических мест с учетом быстрорастущей численности населения. Действующая школа переполнена и не рассчитана на необходимое количество учащихся. В учебном заведении также отсутствует спортивный зал. Кабинеты новой двухэтажной школы, рассчитанной на 80 мест, будут оснащены современным оборудованием для обеспечения качественного образовательного процесса и разгрузят действующее учебное заведение.

«Мектебіміз заманауи талаптарға сай емес. Оқушылар саны жыл сайын көбейіп келеді. Осыған байланысты заман талабына сай жаңа мектептің салынуы біз үшін өте маңызды. Бізге спорт залы қажет. Мысалы, қыста балалар дене шынықтыру сабағын кабинетте өткізеді. Балалар спорт залында ойнап, түрлі үйірмелерге қатысқысы келеді. Бірақ бұның ешқайсысы қарастырылмаған. Мен көпбалалы анамын. Барлық ата-ананың арманы балаларымыз осы жерде 11-сыныпқа дейін оқыса дейміз. 9-сыныптан кейін балаларды басқа жерлерге, бөтен адамдардың үйінде тұруға жібергіміз келмейді. Бұл көптеген қолайсыздық тудырады. Сондықтан заманауи талаптарға сай мектептің салынуын сұраймыз», — деп атап өтті Мыңадыр стансасының тұрғыны Манар Ақантай.
➖
Жители ст. Манадырь о строительстве новой школы за счет возвращенных активов: Наши дети хотят играть в спортзале, ходить на кружки
📍 Строительство новой школы в станции Манадырь области Ұлытау решит вопрос с дефицитом ученических мест с учетом быстрорастущей численности населения. Действующая школа переполнена и не рассчитана на необходимое количество учащихся. В учебном заведении также отсутствует спортивный зал. Кабинеты новой двухэтажной школы, рассчитанной на 80 мест, будут оснащены современным оборудованием для обеспечения качественного образовательного процесса и разгрузят действующее учебное заведение.
«Наша школа не соответствует современным требованиям. Количество школьников с каждым годом увеличивается. В этой связи нам необходимо строительство новой школы, соответствующей требованиям времени. Нам необходим спортзал. К примеру, в зимнее время дети проводят занятия по физкультуре в кабинете. Наши дети хотят играть в спортзале, ходить на кружки. У нас ничего этого не предусмотрено. Я сама являюсь многодетной матерью. Мечта всех родителей, чтобы наши дети здесь обучались все 11 классов, после 9-го класса никому не хочется отправлять детей для обучения в другие места, где им приходится жить в домах чужих людей. Все это создает неудобства. Поэтому мы просим, чтобы у нас построили современную школу, соответствующую всем требованиям», — отметила жительница станции Манадырь Манара Ахантай.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мыңадыр стансасында жаңа мектеп салу мәселесі 4-5 жылдан бері көтеріліп келеді – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының білім бөлімі
📍 ««Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қордан 1,2 млрд теңгеден астам қаражатты Ұлытау облысы Мыңадыр стансасында орта мектеп құрылысына бөлу жергілікті балаларға тиісті білім беру жағдайын қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Қолданыстағы мектепте толыққанды оқу процесін жүргізуге жағдай жоқ, спорт залы да жоқ. Жаңа мектептің құрылысы қолданыстағы мектеп жүктемесін азайтып, орын тапшылығын шешуге және толыққанды білім беру процесіне қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді.
➖
Вопрос строительства новой школы на станции Манадырь поднимается уже на протяжении 4-5 лет – отдел образования Жанааркинского района области Ұлытау
📍 Выделение свыше 1,2 млрд тенге из Специального государственного фонда в рамках Закона «О возврате государству незаконно приобретенных активов» на строительство средней школы в станции Манадырь области Ұлытау решит вопрос обеспечения надлежащих условий для обучения местных детей. В действующей школе нет условий для полноценного ведения учебного процесса, отсутствуют спортивный зал. Строительство новой школы позволит разгрузить действующую школу и решит вопрос дефицита мест, а также создаст необходимые условия для ведения полноценного учебного процесса.

«Жаңа мектеп салу мәселесі 4-5 жылдан бері көтеріліп келеді. Біздің мектебіміз тар, үзіліс кезінде балаларға қозғалу қиын. Қазір мұнда шамамен 120 бала оқиды, ал ғимарат мұндай көлемге арналмаған. Бар мәселе қаржыландыруға кеп тіреледі. Жобалық-сметалық құжаттама дайын. Бір гектар жер учаскесі бөлінді. Мектептің және оған арналған басқа нысандарды салатын орын анықталды. Бұл елді мекен үшін жаңа мектеп өте қажет. Бұл мәселе шешіледі деп сенеміз», — деді Жаңаарқа ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бекеев.
➖
Вопрос строительства новой школы на станции Манадырь поднимается уже на протяжении 4-5 лет – отдел образования Жанааркинского района области Ұлытау
📍 Выделение свыше 1,2 млрд тенге из Специального государственного фонда в рамках Закона «О возврате государству незаконно приобретенных активов» на строительство средней школы в станции Манадырь области Ұлытау решит вопрос обеспечения надлежащих условий для обучения местных детей. В действующей школе нет условий для полноценного ведения учебного процесса, отсутствуют спортивный зал. Строительство новой школы позволит разгрузить действующую школу и решит вопрос дефицита мест, а также создаст необходимые условия для ведения полноценного учебного процесса.
«Вопрос строительства новой школы поднимается уже на протяжении 4-5 лет. В нашей школе тесно, во время перемены детям даже сложно передвигаться. На сегодня здесь обучается около 120 детей, здание на это количество не рассчитано. Вопрос упирается в финансирование. Проектно-сметная документация уже готова. Выделен и земельный участок в 1 га. Определено место для строительства и других объектов для школы. Для этого населенного пункта очень необходима новая школа. Мы верим, что этот вопрос решится», — отмечает и.о. руководителя отдела образования Жанааркинского района Нурбек Бекеев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Еліміздегі экономикалық трансформация: басым салалардағы ірі 17 жоба негізінде 25 мың жұмыс орны ашылады
📌 Президент өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашуға жүйелі күш салу қажеттігін баса айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізімін атап өтті.
⏩ Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды. Жобалар экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бағдарламасы шеңберінде іріктелді. Олар металлургия, химия, мұнай-химия, автокөлік, туризм, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты негізгі салаларды қамтиды.
Жобалар тізімі негізгі критерийлер бойынша таңдалды:
➡️ өнімді қайта бөлудің орташа және жоғары деңгейі;
➡️ экспортқа және импортты алмастыруға бағдарлану;
➡️ өндірілетін өнімге нарықтық сұраныс;
➡️ ел немесе аймақ экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығы – мультипликативті әсер.
➤ Аталған жобаларға инвестиция көлемі шамамен 15 трлн теңгені құрап, 25 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Күтілетін экономикалық тиімділік экспорт көлемінің 6 трлн теңгеге артуы және импортқа тәуелділіктің 1,5 трлн теңгеге төмендеуін қамтиды.
📱 @KZgovernment
Жобалар тізімі негізгі критерийлер бойынша таңдалды:
➤ Аталған жобаларға инвестиция көлемі шамамен 15 трлн теңгені құрап, 25 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Күтілетін экономикалық тиімділік экспорт көлемінің 6 трлн теңгеге артуы және импортқа тәуелділіктің 1,5 трлн теңгеге төмендеуін қамтиды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Еліміздегі экономикалық трансформация: басым салалардағы ірі 17 жоба негізінде 25 мың жұмыс орны ашылады 📌 Президент өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін…
Экономическая трансформация Казахстана: 17 крупных проектов в приоритетных отраслях создадут 25 тыс. рабочих мест
📌 В Послании народу страны «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм» Президент подчеркнул необходимость системных усилий для раскрытия промышленного потенциала страны. Касым-Жомарт Токаев отметил перечень из 17 крупных проектов с особым акцентом на освоение высоких переделов.
⏩ Важным моментом является максимальное использование отечественного сырья и комплектующих, а также развитие смежных производств вокруг крупных предприятий. Проекты отобраны в рамках программы диверсификации экономики и стимулирования конкурентоспособности обрабатывающей промышленности. Они охватывают ключевые сферы, такие как металлургия, химия, нефтехимия, автомобилестроение, туризм, сельское хозяйство и пищевая промышленность.
Перечень проектов отобран по основным критериям:
➡️ средний и высокий уровень передела продукции;
➡️ ориентированность на экспорт и импортозамещение;
➡️ востребованность на рынке производимой продукции;
➡️ стратегическая значимость для экономики страны или региона – мультипликативный эффект.
➤ Общий объем инвестиций в эти проекты составляет около 15 трлн тенге, будут созданы более 25 тыс. рабочих мест. Ожидаемый экономический эффект включает увеличение объема экспорта на 6 трлн тенге и снижение зависимости от импорта на 1,5 трлн тенге.
📱 @KZgovernment
Перечень проектов отобран по основным критериям:
➤ Общий объем инвестиций в эти проекты составляет около 15 трлн тенге, будут созданы более 25 тыс. рабочих мест. Ожидаемый экономический эффект включает увеличение объема экспорта на 6 трлн тенге и снижение зависимости от импорта на 1,5 трлн тенге.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Өңдеу өнеркәсібі: негізгі көрсеткіштер
🔹 Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өңдеу өнеркәсібі көлемі жағынан 47%-дық көрсеткішпен 45% деңгейіндегі шикізат секторынан асып түсті. Ондағы негізгі өсім бірден бірнеше секторда байқалады:
➡️ Машина жасау: 4,8% өсім, бұған компьютерлік жабдықтар, электр аспаптары мен көлік құралдары өндірісінің ұлғаюы ықпал етті.
➡️ Қара металлургия: өсім 10,9%-ды құрады. Бұл ферроқорытпа (+15,1%), болат (+13%) және шойын (+13,5%) өндірісі көбеюінің нәтижесі.
➡️ Түсті металлургия: мыс (17,5%), қорғасын (14,9%) және алюминий (1,4%) өндірісінің өсуіне байланысты өндіріс көлемі 5,3%-ға өсті.
➡️ Химия өнеркәсібі: 8,9% өсім тіркелді, полипропилен (+60%) және натрий бихроматы (+41%) өндірісінің ұлғаюы айтарлықтай үлес қосты.
➤ Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінің жиынтық көрсеткіші 5%-ға жуық оң динамика көрсетті. Осылайша, Мемлекет басшысының экономиканың өңдеуші секторын дамыту арқылы еліміздің өнеркәсіптік негізін нығайту жөніндегі тапсырмалары дәйекті жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар оның одан әрі өсуі мақсатында саланы тиісті бағамен, қажетті шикізатпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Бұл алюминий мен мыс өңдеуді бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Бұл кабель, алюминий сым және басқа да өндірістің өсуіне де әсер етті.
• Шикізат экспортын азайту үшін өңдеу өнеркәсібінде ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп келеді. Мәселен, темір рудасы бойынша Қостанай облысында ыстық брикеттелген темір өндіру («ССКӨБ» АҚ, 920 млрд теңге, 500 жұмыс орны, 2027 ж., қуаты: 4 млн тонна (2 кезең) және Павлодар облысындағы металлургиялық кластер ( «Mineral Product International» ЖШС, 1,25 трлн теңге, 3,8 мың жұмыс орны, 2027-2030 жж, өнімдер: ферроқорытпа, ыстық брикеттелген темір және болат) өндіру жоспарланып отыр. Мыс кені бойынша Абай облысында мыс балқыту зауытын салу ( «KAZ Minerals Smelting» ЖШС ҚАЗ Минералс Смэлтинг/NFC, 587,8 млрд теңге, 1,1 мың жұмыс орны, 2028 ж., қуаты: 314 мың тонна катодты мыс), сондай-ақ Қазақмыс кәсіпорындары (Жезқазған және Балқаш мыс балқыту зауыттары) базасында Айдарлы және Көксай кен орындарынан шикізатты қайта өңдеу жоспарланған.
📱 @KZgovernment
🔹 Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өңдеу өнеркәсібі көлемі жағынан 47%-дық көрсеткішпен 45% деңгейіндегі шикізат секторынан асып түсті. Ондағы негізгі өсім бірден бірнеше секторда байқалады:
➤ Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінің жиынтық көрсеткіші 5%-ға жуық оң динамика көрсетті. Осылайша, Мемлекет басшысының экономиканың өңдеуші секторын дамыту арқылы еліміздің өнеркәсіптік негізін нығайту жөніндегі тапсырмалары дәйекті жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар оның одан әрі өсуі мақсатында саланы тиісті бағамен, қажетті шикізатпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Бұл алюминий мен мыс өңдеуді бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Бұл кабель, алюминий сым және басқа да өндірістің өсуіне де әсер етті.
• Шикізат экспортын азайту үшін өңдеу өнеркәсібінде ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп келеді. Мәселен, темір рудасы бойынша Қостанай облысында ыстық брикеттелген темір өндіру («ССКӨБ» АҚ, 920 млрд теңге, 500 жұмыс орны, 2027 ж., қуаты: 4 млн тонна (2 кезең) және Павлодар облысындағы металлургиялық кластер ( «Mineral Product International» ЖШС, 1,25 трлн теңге, 3,8 мың жұмыс орны, 2027-2030 жж, өнімдер: ферроқорытпа, ыстық брикеттелген темір және болат) өндіру жоспарланып отыр. Мыс кені бойынша Абай облысында мыс балқыту зауытын салу ( «KAZ Minerals Smelting» ЖШС ҚАЗ Минералс Смэлтинг/NFC, 587,8 млрд теңге, 1,1 мың жұмыс орны, 2028 ж., қуаты: 314 мың тонна катодты мыс), сондай-ақ Қазақмыс кәсіпорындары (Жезқазған және Балқаш мыс балқыту зауыттары) базасында Айдарлы және Көксай кен орындарынан шикізатты қайта өңдеу жоспарланған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Өңдеу өнеркәсібі: негізгі көрсеткіштер 🔹 Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өңдеу өнеркәсібі көлемі жағынан 47%-дық көрсеткішпен 45% деңгейіндегі шикізат секторынан асып түсті. Ондағы негізгі өсім бірден бірнеше секторда байқалады: ➡️ Машина жасау: 4,8%…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Обрабатывающая промышленность: ключевые показатели
🔹 Согласно статистике, обрабатывающая промышленность по объему превысила сырьевой сектор, 47% против 45%. Основной рост в ней наблюдается сразу в нескольких секторах:
➡️ Машиностроение: Рост на 6,9%, чему способствовало увеличение производства компьютерного оборудования, электрических приборов и транспортных средств.
➡️ Черная металлургия: Рост составил 10,8%. Это результат увеличения выпуска ферросплавов, стали и чугуна.
➡️ Цветная металлургия: Объем производства увеличился на 4,8%, благодаря росту производства меди, свинца и алюминия.
➡️ Химическая промышленность: Зафиксирован рост на 8,4%, значительный вклад внесло увеличение производства полипропилена и бихромата натрия.
➤ Совокупный показатель обрабатывающей отрасли, за отчетный период, продемонстрировал положительную динамику, составив почти 5%. Таким образом, идет последовательное выполнение поручения Главы государства по укреплению промышленного каркаса страны через развитие обрабатывающего сектора экономики. Кроме того, в целях ее дальнейшего роста, принято решение об обеспечении отрасли необходимым сырьем по адекватным ценам. Это позволило в разы увеличить переработку алюминия и меди. Также это отразилось на росте производства кабеля, алюминиевой проволоки и т.д.
• Для сокращения сырьевого экспорта активно ведется работа по реализации крупных проектов в обрабатывающей промышленности. Например, по железной руде планируется производство горячебрикетированного железа в Костанайской области (АО «ССГПО») и металлургический кластер в Павлодарской области (ТОО «Mineral Product International», продукция: ферросплавы, ГБЖ и сталь). По медной руде планируется строительство медеплавильного завода в области Абай (ТОО «KAZ Minerals Smelting» КАЗ Минералс Смэлтинг/NFC), а также переработка сырья с месторождений Айдарлы и Коксай на базе предприятий Казахмыс (Жезказганский и Балхашский медеплавильные заводы).
📱 @KZgovernment
🔹 Согласно статистике, обрабатывающая промышленность по объему превысила сырьевой сектор, 47% против 45%. Основной рост в ней наблюдается сразу в нескольких секторах:
➤ Совокупный показатель обрабатывающей отрасли, за отчетный период, продемонстрировал положительную динамику, составив почти 5%. Таким образом, идет последовательное выполнение поручения Главы государства по укреплению промышленного каркаса страны через развитие обрабатывающего сектора экономики. Кроме того, в целях ее дальнейшего роста, принято решение об обеспечении отрасли необходимым сырьем по адекватным ценам. Это позволило в разы увеличить переработку алюминия и меди. Также это отразилось на росте производства кабеля, алюминиевой проволоки и т.д.
• Для сокращения сырьевого экспорта активно ведется работа по реализации крупных проектов в обрабатывающей промышленности. Например, по железной руде планируется производство горячебрикетированного железа в Костанайской области (АО «ССГПО») и металлургический кластер в Павлодарской области (ТОО «Mineral Product International», продукция: ферросплавы, ГБЖ и сталь). По медной руде планируется строительство медеплавильного завода в области Абай (ТОО «KAZ Minerals Smelting» КАЗ Минералс Смэлтинг/NFC), а также переработка сырья с месторождений Айдарлы и Коксай на базе предприятий Казахмыс (Жезказганский и Балхашский медеплавильные заводы).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Геология саласын дамыту перспективалары
✔️ Қазақстан перспективалы аумақтарды зерделеу және геология саласына инвестициялар тарту үшін шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуде. Бүгінгі таңда минералды-шикізат базасы қатты пайдалы қазбалардың 987 кен орнын қамтиды және оларды барлау динамикасы оң күйінде қалып отыр. Сонымен қатар Қазақстанда жерде сирек кездесетін металдардың перспективалы алаңдары табылды. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде 12 учаскеде іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
🔹 2024 жылғы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша құрамында минералды қоры мен ресурстары бар 17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды.
📍 Сонымен қатар жерасты суларының алты кен орны есепке алынды: Долинное, Жыланды, Бала-Үрпек, Дарбазин топтық су құбыры, Торғай Палеозой және Королевское.
📱 @KZgovernment
🔹 2024 жылғы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша құрамында минералды қоры мен ресурстары бар 17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды.
📍 Сонымен қатар жерасты суларының алты кен орны есепке алынды: Долинное, Жыланды, Бала-Үрпек, Дарбазин топтық су құбыры, Торғай Палеозой және Королевское.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Геология саласын дамыту перспективалары ✔️ Қазақстан перспективалы аумақтарды зерделеу және геология саласына инвестициялар тарту үшін шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуде. Бүгінгі таңда минералды-шикізат базасы қатты пайдалы қазбалардың…
Перспективы развития геологической отрасли
✔️ Казахстан активно расширяет сотрудничество с зарубежными партнерами для изучения перспективных территорий и привлечения инвестиций в геологическую отрасль. Сегодня минерально-сырьевая база включает 987 месторождений твердых полезных ископаемых и динамика их разведки остается положительной. К тому же, в Казахстане обнаружены перспективные площади редкоземельных металлов. В рамках государственного геологического изучения недр проводятся поисковые работы на 12 участках.
🔹 По результатам геологоразведочных работ в 2024 году на государственный учет поставлены 17 месторождения, содержащие минеральные запасы и ресурсы.
📍 Кроме того, учтены 6 месторождений подземных вод: Долинное, Жиланды, Бала-Урпек, Дарбазинский групповой водопровод, Тургай Палеозой и Королевское.
📱 @KZgovernment
🔹 По результатам геологоразведочных работ в 2024 году на государственный учет поставлены 17 месторождения, содержащие минеральные запасы и ресурсы.
📍 Кроме того, учтены 6 месторождений подземных вод: Долинное, Жиланды, Бала-Урпек, Дарбазинский групповой водопровод, Тургай Палеозой и Королевское.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
🇰🇿 🇷🇺 Мәскеуде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Іс-шара Бауман атындағы ММТУ алаңында өтті, онда делегация мүшелеріне Ресей жоғары оқу орындарында оқитын ТМД елдері студенттерінің инженерлік жобалары мен ғылыми әзірлемелері таныстырылды.
🔵 Кеңес отырысына ТМД-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары: Әзербайжан Республикасы – Әли Асадов, Беларусь Республикасы – Роман Головченко, Қырғызстан Республикасы – Ақылбек Жапаров, Ресей Федерациясы – Михаил Мишустин, Тәжікстан Республикасы – Кохир Расулзода, Өзбекстан Республикасы – Абдулла Арипов, сондай-ақ, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян; Достастықтың қауымдастырылған мүшесі ретінде Түрікменстан Республикасының ТМД жарғылық және өзге органдары жанындағы Тұрақты өкілі Назаркұлы Шакулыев, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев қатысты.
📎 Сауда-экономикалық кооперацияны нығайту, көлік дәліздерін дамыту және жеткізілім көлемін ұлғайту, қоршаған ортаны сақтау, мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыру және ғылыми әлеуетті іске асыру мәселелері қаралды.
➡️ Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту Достастыққа мүше мемлекеттер үшін басым міндет болып қала береді. Кеңес отырысында сөз сөйлеген Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның сыртқы саудасының төрттен бір бөлігі ТМД елдері нарығына тиесілі екеніне тоқталды. Осыған байланысты кедергілерді жүйелі түрде анықтау және жою қажеттілігі туындап отыр. Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Достастық жәрмеңкесі» мемлекетаралық бағдарламасын құру ТМД елдері арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
➡️ Көлік дәліздерін кеңейту сауда-экономикалық кооперацияны дамытудың маңызды факторы саналады. Олжас Бектенов ТМД-ға трансқұрлықтық көлік ағындарында, атап айтқанда «Батыс – Шығыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттарында алатын орны ерекше екеніне тоқталды. Қазақстан тарапы әзірлеген ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін күре жолдарды өзара ұштастыру тұжырымдамасы 2024 жылдың қазан айында ТМД-ның Атқару комитетіне жолданды. Аталған жоба Достастық елдерінің көлік өткізу мүмкіндігін арттыруға серпін береді.
📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты 🇰🇿 🇷🇺 Мәскеуде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Іс-шара Бауман…
📌 Олжас Бектенов экология саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесіне ерекше назар аударды. Климаттық сын-қатерлердің алдын алу және олардың салдарын жою аймақтық және жаһандық тұрақты дамуға ықпал етеді.
⏩ Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа, оның ішінде азаматтық кеме жасау мен кеме жинақтаушы жабдықтарын өндіруді дамытудағы, көлік кешенін цифрлық трансформациялау саласындағы ынтымақтастық туралы және басқа да құжаттарға қол қойылды.
🔵 Н.Э. Бауман атындағы ММТУ ғимаратында делегация басшылары студенттердің жобаларымен және әзірлемелерімен танысты. «Квантум паркі» ғылыми-зерттеу кластері кванттық, фотондық және флюидтік технологиялардың түйіскен жерінде практикалық мәселелерді шешу үшін арнайы жобаланып, салынған. Ұсынылған жобалардың авторлары ТМД елдерінің студенттері мен аспиранттарының «Шекарасыз Университет: әркімнің идеясы – баршаның болашағы» стратегиялық сессиясының финалистері болды. Бауман атындағы ММТУ студенті, Орынбасар Жантөреев таныстырған «Каспий орбитасы» жобасы әлемдегі ең ірі жабық су айдынының таяздану проблемаларын шешу үшін ғарыштық мониторинг және ұтымды трансшекаралық су пайдалану технологияларын енгізуді көздейді. «Жасыл киберферма» әзірлемесін Мәскеу авиация институтының студенті, Әмина Жексембаева таныстырды. Жоба тұрақты, жоғары тиімді ауыл шаруашылығына арналған жаңартылатын энергетикалық роботтық платформаны ұсынады.
⚡️ ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің келесі отырысы 2025 жылдың мамыр айында Душанбе қаласында өтеді.
📱 @KZgovernment
«“Алтай” трансшекаралық биосфералық резерваты бірегей табиғи экожүйелерді сақтау бойынша өңірлік табысты кооперацияның мысалы бола алады. Ол “Қатонқарағай ұлттық табиғи паркі” және “Катун биосфералық қорығы” базасында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен күш-жігерінің арқасында құрылды. 2017 жылы ол Азиядағы алғашқы бірлескен резерват болып, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне қосылды. Бүгінгі таңда осы бірегей жоба негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, конференциялар өткізілуде, бірігіп істеу және тәжірибе алмасу жолға қойылған. Осылайша, Алтайда ерекше қорғалатын аумақтар базасында табиғи құндылықтарды сақтау саласындағы трансшекаралық ынтымақтастықтың бірегей моделі пысықталды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты 🇰🇿 🇷🇺 Мәскеуде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Іс-шара Бауман…
Олжас Бектенов принял участие в заседании Совета глав правительств СНГ в Москве
🇰🇿 🇷🇺 В Москве Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов принял участие в заседании Совета глав правительств Содружества независимых государств. Мероприятие прошло на площадке МГТУ имени Баумана, где членам делегаций также презентовали инженерные проекты и научные разработки студентов стран СНГ, обучающихся в российских вузах.
🔵 В заседании Совета участвовали главы правительств государств-членов СНГ: Республики Азербайджан – Али Асадов, Республики Беларусь – Роман Головченко, Республики Кыргызстан – Акылбек Жапаров, Российской Федерации – Михаил Мишустин, Республики Таджикистан – Кохир Расулзода, Республики Узбекистан – Абдулла Арипов, вице-премьер Республики Армения Мгер Григорян; а также от ассоциированного члена Содружества принял участие Постоянный полномочный представитель Республики Туркменистан при уставных и других органах СНГ Назаркулы Шакулыев, Генеральный секретарь СНГ Сергей Лебедев.
📎 Рассмотрены вопросы усиления торгово-экономической кооперации, развития транспортных коридоров и наращивания объема поставок, сохранения окружающей среды, укрепления культурно-гуманитарных связей и реализации научного потенциала.
➡️ Расширение торгово-экономических связей остается приоритетной задачей для государств-членов Содружества. Выступая на заседании Совета, Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул, что четверть внешней торговли Казахстана приходится на рынки стран СНГ. В связи с этим существует необходимость системного выявления и устранения существующих барьеров. Руководитель Правительства отметил, что учреждение инициированной Президентом Касым-Жомартом Токаевым межгосударственной программы «Ярмарка Содружества», будет способствовать укреплению экономических связей между странами СНГ.
➡️ Важным фактором развития торгово-экономической кооперации является расширение транспортных коридоров. Олжас Бектенов акцентировал внимание на том, что СНГ отводится особая роль в трансконтинентальных транспортных потоках, в частности, в направлении «Запад-Восток» и «Север-Юг». Разработанная казахстанской стороной Концепция сопряжения главных транспортных артерий СНГ направлена в Исполнительный комитет СНГ в октябре 2024 года. Данный проект позволит повысить транспортную пропускную способность стран Содружества.
📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM