UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.84K videos
8.29K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
#аптаның_айшықты_оқиғалары

📌 Өткен аптаны қорытындылаймыз. Дайджесте Үкіметтің негізгі жаңалықтарын түзіп шықтық.

🔸Үкімет отырысы: Президенттің бірінші агрофорумда берген тапсырмаларын орындау
✔️ Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде жеке тұлғалар кірісі мен мүлкін міндетті декларациялаудан босатылды
✔️ Олжас Бектенов 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмысын табысты жүргізу үшін биылғы 1 желтоқсанынан бастап фермерлерге қарыз беру тетігін іске қосуды тапсырды
✔️ Премьер-министр Президенттің мектеп асханаларында тамақ сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Бірыңғай тамақтану стандартын әзірлеп, қабылдауды жүктеді
✔️Олжас Бектенов отандық тауарлардың сапасын қамтамасыз ету үшін зертханалық және ғылыми зерттеулердің деңгейін арттыруды тапсырды

🔸 Активтерді қайтару жөніндегі комиссияның жұмысы: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаражат әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға бағытталады
✔️ Үкімет Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға 7,8 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады – 300 ерекше бала тәрбиемен және түзету көмегімен қамтамасыз етіледі
✔️ Риддерде аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді – қалада 200 төсек-орындық стационар және ауысымда 500 адамды қабылдай алатын емхана пайдалануға беріледі

🔸 Олжас Бектенов Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысын өткізді: экономика үшін басым бағыттар бойынша 2025-2027 жылдарға арналған 113 ғылыми-техникалық тапсырманы жүргізуге қаражат бөлінді

🔸Олжас Бектенов италиялық Maire Tecnimont және Ansaldo Energia компанияларының басшылығымен өндірісті локализациялау келешегін талқылады

🔸Олжас Бектенов америкалық EPAM Systems компаниясының басшысы Аркадий Добкинмен бірлескен IT шешімдердің дамуын талқылады
#главное_за_неделю

📌 Подводим итоги прошедшей недели. Собрали в дайджесте главные новости Правительства

🔸Заседание Правительства: исполнение поручений Президента, данных на первом агрофоруме
✔️В рамках исполнения поручений Главы государства физлица освобождены от обязательного декларирования доходов и имущества
✔️Олжас Бектенов поручил запустить выдачу займов аграриям с 1 декабря текущего года для успешного проведения весенне-полевых и уборочных работ 2025 года
✔️Премьер-министр поручил разработать и принять единый Стандарт питания в рамках реализации задач Президента по повышению качества еды в школьных столовых
✔️Олжас Бектенов для обеспечения качества отечественных товаров поручил повышать уровень лабораторных и научных исследований

🔸Работа Комиссии по возврату активов: по поручению Главы государства средства направляются на реализацию социально важных проектов
✔️Правительством принято решение о выделении 7,8 млрд тенге на строительство специального детского сада для особенных детей в г. Актобе – 300 особых детей будут обеспечены воспитанием и коррекционной помощью
✔️Более 28 млрд тенге выделено на завершение строительства больничного комплекса в Риддере – в городе появится стационар на 200 коек и поликлиника на 500 посещений в смену

🔸Олжас Бектенов провел заседание Высшей научно-технической комиссии: выделены средства на проведение 113 научно-технических заданий на 2025–2027 годы по приоритетным для экономики направлениям

🔸Олжас Бектенов обсудил с руководством итальянских компаний Maire Tecnimont и Ansaldo Energia перспективы локализации производства

🔸Олжас Бектенов обсудил с главой американской компании EPAM Systems Аркадием Добкиным развитие совместных IT решений
📍 Өткен апта – 18-24 қараша аралығын қорытындыладық. Еліміздің аймақтарында болған ең маңызды оқиғаларды бөлісеміз.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📍 Подводим итоги прошедшей недели – с 18 по 24 ноября. Делимся самыми значимыми событиями, которые произошли в разных регионах страны.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Білім беру және медицина қызметтерімен қамтуды арттыру, тіркеуді алып тастау және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес: Үкіметте цифрлық жобалар қаралды 

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларында цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

📌Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыруды және «Әлеуметтік әмиян» жобасын пилоттық енгізу арқылы халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтерді цифрландырудың оң тәжірибесі қаралды.

✔️ Ваучерлік қаржыландыру жүйесі мектепке дейінгі білім берудің барлық мекемелеріне олардың талаптарына сәйкес келген жағдайда мемлекеттік тапсырысқа қол жеткізуге жол ашады, ата-аналарға балабақшаны өз еркімен таңдауға мүмкіндік береді, «білім беру мекемесіне емес, қаражатты баланың соңынан ілестіру» қағидаты бойынша үдерістің ашықтығын қамтамасыз етеді. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларының мектепке дейінгі ұйымдарында жобаны сынақтан өткізу туралы хабардар етті. Бұл ретте алдын ала нәтижелер жоспарланған трансформацияның нақты тиімділігін көрсететіні атап өтілді. Мысалы, Таразда бұған дейін бірнеше жыл кезекте тұрған екі жастан асқан 23 мыңнан астам сәби балабақшаларда орынмен қамтамасыз етілді. Бұрын мемлекеттік тапсырыс алмаған 19 қалалық балабақша тізімге енгізілді. Небары 2 айда балаларды қабылдау фактісі бойынша қаржыландыру есебінен 600 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді. Түркістанда жобаны іске асырудың 2 аптасында 740 ваучер берілді, балабақшаларға кезек нөлге дейін азайтылды. Шымкентте де оң нәтижелер бар. Тұтастай алғанда, бүгінде жобаны аталған өңірлердің қалалары мен аудандарында іске қосу жоспарланып отыр, әрі қарай бүкіл еліміз бойынша кеңейтіледі. 

🔹«Әлеуметтік әмиян» жобасына емханалар жанында жұмыс істейтін 726 мемлекеттік дәріхана немесе олардың 100%-ы қосылды.

🔹947 мың рецепт өңделіп, берілді, бұл дегеніміз жартысынан көбі.

🔹Тиісті санаттағы балаларды тегін тамақтандыру үшін «Әлеуметтік әмиянды» пайдалану Астана, Маңғыстау, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының 215 мектебінде жүзеге асырылады.

🔹2025 жылы «Әлеуметтік әмиян» арқылы спорттық және шығармашылық тапсырыстарды, сондай-ақ демалыс лагерьлеріне жолдама бөлу жоспарлануда.

Дәрілік заттарды таңбалау нәтижелерін қарау кезінде Премьер-министрге 5,5 мыңнан астам субъектінің есепке алу жүйелерінің толық интеграциясы туралы баяндалды. Таңбаланған дәрілік заттардың өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін жетуіне автоматтандырылған мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі таңда 88,5 млн дәрілік зат таңбаланған.

📌Олжас Бектенов цифрландыруды енгізу тіркеуді алып тастауға, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға және бюджет қаражатын жұмсауға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Өңір әкімдеріне ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жобаны іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ мектептерді «Әлеуметтік әмиянмен» интеграцияланған аппараттық-бағдарламалық кешендермен жабдықтау қажет. Денсаулық сақтау және қаржы министрліктері «Қазақтелекоммен» бірлесіп — бақылауды күшейтуі және айналымда таңбаланбаған дәрілік заттарды өткізуге жол бермеуі тиіс.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Сондай-ақ салықтық, кедендік әкімшілендіруді цифрландыру, бюджетті жоспарлау және атқару мәселелеріне назар аударылды. Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов цифрлық шешімдерді енгізу және жаңа жобаларды іске қосу бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Қаржы министрлігі мемлекеттік бюджеттің орындалуын қадағалауға, қаражаттың тиімді жоспарлануы мен жұмсалуына бақылауды күшейтуге бағытталған «Онлайн бюджеттік мониторинг» жобасын іске асыруда. Егер бұрын тексерулер «қолмен басқару режимінде» жүргізілсе, қазір жүйеде 150 млн-нан астам төлем өңделуде. Ішкі мемлекеттік аудит комитеті тәуекелді төлемдер бөлігінде алдын алу шараларын талдап, қабылдайды. Осы жұмыс аясында бюджетке 4 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды.

🌐 Мемлекеттік мүлікті қайта бөлу және бюджет қаражатын үнемдеу үшін пилоттық режимде Tapsyru сервисі іске қосылды. Платформа ұйымдарға баланстан балансқа беру рәсімін және бірлескен шарттар тетігін одан әрі жеңілдете отырып, талап етілмеген мүліктің бірыңғай тізілімін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Topsyru-да 721 қатысушы және 313 мыңнан астам актив тіркелген.

✔️ Бұдан басқа, 2025 жылы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерінің жеке кабинеттеріне қол жеткізуге қосатын «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» порталын іске қосу жоспарлануда. Бірыңғай интерфейс қызметтердің бытыраңқылығы мен деректердің қайталануы мәселесін шешуге бағытталған. Сонымен қатар ол бизнес-жағдайларды басқару және мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимыл үдерістерін едәуір жеңілдетеді.

Премьер-министр цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар көлеңкелі экономикаға қарсы күресте нақты әсер етуі, салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруы, сондай-ақ бюджет қаражатын ұтымды жоспарлау мен жұмсауды қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ведомстволарға барлық жобаны толыққанды әрі сапалы іске қосу бойынша жұмысты жеделдету тапсырылды.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM