UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.84K videos
8.29K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
📍Сейсенбі, 19 қараша күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

• Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында берген тапсырмаларын орындау;

• Ішкі нарықтағы тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен сапасын жоғарылату шаралары.

📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.



📍Во вторник, 19 ноября, в 10.00 часов в Үкімет үйі состоится заседание Правительства.

На повестке заседания вопросы:

• реализация поручений Главы государства, данных на первом Форуме работников сельского хозяйства;

• меры по обеспечению безопасности и повышению качества товаров на внутреннем рынке.

📢📢 Заседание Правительства будет транслироваться в режиме онлайн на сайте PrimeMinister.kz, официальном YouTube-канале, в социальной сети Facebook, на Telegram-канале UKIMET

По итогам заседания состоится пресс-конференция с участием министра торговли и интеграции Армана Шаккалиева, вице-министра сельского хозяйства Азата Султанова.

Онлайн-трансляция пресс-конференции будет на официальном YouTube-канале и в социальной сети Facebook.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов британдық SEFE компаниясы өкілімен орман климаттық жобасының басталуын талқылады

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов британдық SEFE Marketing&Trading Limited компаниясының активтерді басқару жөніндегі вице-президенті Александр Демидовпен және қазақстандық «SAFC» ЖШС директоры Юрий Киммен кездесу өткізді. Қазақстандағы алғашқы орман климаттық жобасын іске асыру мысалында ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президентінің қатысуымен 2023 жылғы желтоқсанда Дубайда өткен СОР 28 Дүниежүзілік климаттық саммиті аясында жасалған меморандум шеңберінде бүгін Астана қаласында британдық компанияның 30 жыл бойы орман отырғызуға және көміртегі бірліктерін шығаруда инвестицияларын көздейтін SEFE Marketing & Trading Ltd. және «SAFC» ЖШС арасында келісімге қол қойылды.

Жоба Алматы облысында 1500 га аумақта орман экожүйесін құруға бағытталған. Терек, қарағаш және ілеспе тұқымдарды (тораңғы, қайың, ерен ағашы, итмұрын, шырғанақ және басқалары) қоса алғанда, 3,3 млн ағаш отырғызу жоспарлануда. Іске асыру су үнемдеу технологиялары мен қарқынды агротехниканы пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады. Болжам бойынша, ластаушы заттардың шығарылуының орташа жылдық төмендеуі гектарына 26 тонна CO₂ құрайды. Небәрі 30 жыл ішінде 1,2 млн тонна көмірқышқыл газы жойылады, бұл гектарына 780 тонна CO₂-ға тең. Сонымен қатар агроорман шаруашылығын дамыту, экотуризм және жұмыс орындарын ашу тұрғысынан тиімді нәтиже күтілуде.

🔻 Премьер-министр экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету бойынша бизнеспен бірлескен жұмыстың маңызына тоқталды.

«Мемлекет басшысы Жолдауында экология, Қазақстанның табиғи байлығын сақтау және көбейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Ормандардың көбеюі біз үшін өте маңызды. Біз экологиялық жобаларға шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Үкімет экожүйені қалпына келтіруге, көміртегі ізін азайтуға, жасыл экономиканы дамытуға және басқа да негізгі мәселелерге бағытталған жобаларды қолдайды», — деп атап көрсетті Олжас Бектенов.


• SEFE вице-президенті Александр Демидов пен «SAFC» ЖШС директоры Юрий Ким әңгімелесу барысында жобаның Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін бірегейлігі мен маңызын атап өтті. Бастама – бизнестің, мемлекеттің және халықаралық әріптестердің тиімді өзара іс-қимылының үлгісі.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов британдық SEFE компаниясы өкілімен орман климаттық жобасының басталуын талқылады 📍 Премьер-министр Олжас Бектенов британдық SEFE Marketing&Trading Limited компаниясының активтерді басқару жөніндегі вице-президенті Александр Демидовпен және…
Олжас Бектенов обсудил старт лесоклиматического проекта с представителем британской компаний SEFE

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов провел встречу с вице-президентом по управлению активами британской компании SEFE Marketing&Trading Limited Александром Демидовым и директором казахстанского ТОО «SAFC» Юрием Кимом. Обсуждены вопросы сотрудничества на примере реализации в Казахстане первого лесоклиматического проекта.

В рамках Меморандума, заключенного в присутствии Президента Казахстана на полях Всемирного климатического саммита СОР 28 в Дубае в декабре 2023 г., сегодня в г. Астане состоялось подписание Соглашения между SEFE Marketing & Trading Ltd. и ТОО «SAFC», предусматривающего инвестиции британской компании в посадку леса и выпуск углеродных единиц в течение 30 лет.

Проект нацелен на создание лесной экосистемы в Алматинской области на территории площадью 1500 га. Планируется высадка 3,3 млн деревьев, включая тополя, вязы и сопутствующие породы (туранга, береза, ясень, шиповник, облепиха и др.). Реализация будет осуществляться с использованием водосберегающих технологий и интенсивной агротехники. Согласно прогнозам, среднегодовое сокращение выбросов составит 26 тонн CO₂ на гектар. Всего за 30 лет будет удалено 1,2 млн тонн углекислого газа, что эквивалентно 780 тонн CO₂ на гектар. Кроме того, ожидается эффект в виде развития агролесоводства, экотуризма и создания рабочих мест.

🔻 Руководитель Правительства отметил важность совместной с бизнесом работы по обеспечению экологического баланса.
«Глава государства в Послании особое внимание уделил вопросам экологии, сохранения и приумножения природных богатств Казахстана. Воспроизводство лесов имеет для нас первостепенное значение. Мы стремимся создать благоприятные условия для привлечения иностранных инвестиций в экологические проекты. Правительство поддерживает проекты, направленные на восстановление экосистем, снижение углеродного следа, развитие зеленой экономики и другие ключевые направления», — подчеркнул Олжас Бектенов.


• Вице-президент SEFE Александр Демидов и директор ТОО «SAFC» Юрий Ким в ходе беседы обозначили уникальность и важность проекта не только для Казахстана, но и всего региона Центральной Азии. Инициатива является примером эффективного взаимодействия бизнеса, государства и международных партнеров.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қапшағай маңындағы орман климаттық жобасы: Алматы облысында тұрақты 100 жұмыс орны ашылады

🔹 Пилоттық орман климаттық жобасы Алматы облысы Қапшағай көлінің маңында іске асырылады. «SAFС» ЖШС директоры өңір үшін жаңа жұмыс орындары мен қосымша табыс түріндегі болжанып отырған әлеуметтік-экономикалық тиімділік туралы айтып берді.

«Біз бүгін осындай экологиялық жобаларға инвестиция салатын халықаралық компаниямен келісімге қол қойдық. Алматы облысында Қапшағай көлінің маңындағы тозған жайылымдар орман экожүйесі болып қайта құрылады. Бұл экожүйе көмірқышқыл газын сіңіреді және 30 жыл ішінде біз көміртегі бірліктерін сатамыз әрі қосымша табыс табамыз. Сынақ режимінде 200 мың ағаш егілді, осы аумақта барлығы 3,3 млн жергілікті тұқымның көшеті отырғызылады.
Біз тек сынақ екпелерін жүргізген кезде 30-ға жуық маусымдық жұмыс орындарын аштық. Алдағы үш жылда жергілікті тұрғындар арасында 100-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады», — деп атап өтті Юрий Ким.




Лесоклиматический проект вблизи Капшагая: В Алматинской области будет создано 100 постоянных рабочих мест


🔹 Пилотный лесоклиматический проект будет реализован вблизи озера Капшагай Алматинской области. Директор ТОО «SAFС» рассказал о прогнозируемом социально-экономическом эффекте для региона в виде новых рабочих мест и дополнительной выручки.

«Мы подписали сегодня соглашение с международной компанией, которая инвестирует в такие экологические проекты. В Алматинской области вблизи озера Капшагай в лесную экосистему будут переустроены деградированные пастбища. Эта экосистема поглотит углекислый газ, и в течение 30 лет мы будем продавать углеродные единицы и получать дополнительную выручку. В тестовом режиме посадили 200 тыс. деревьев, всего на этой территории будет высажено 3,3 млн саженцев местных пород. Мы создали около 30-ти сезонных рабочих мест только на тестовых посадках. В течение следующих трех лет будет создано около 100 постоянных рабочих мест среди местного населения», – отметил Юрий Ким.


📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream started
UKIMET
📍Сейсенбі, 19 қараша күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде: • Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында берген тапсырмаларын орындау; • Ішкі нарықтағы тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз…
📢📢 Қазақстан Үкіметінің отырысы (19.11.2024.)

Күн тәртібінде:

• Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында берген тапсырмаларын орындау;

• Ішкі нарықтағы тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен сапасын жоғарылату шаралары.

🎞 https://www.youtube.com/watch?v=uGIr68hZ8G0

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру биылғы қараша айында басталады

📍 Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы желтоқсан айында Президенттің 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды бастау туралы тапсырмасын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

🔹 Ол 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды 700 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Аталған көлемде қаражатты қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта 2025 жылға арналған бюджет жобасында 45 млрд теңге көзделген. Биылғы желтоқсан айында қаржыландыруды бастау туралы Президенттің тапсырмасын орындау үшін Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, ол Үкімет отырысының қарауына шығарылды.

«Бұл шешімді күтпестен Аграрлық несие корпорациясы 29 қарашадан бастап 100 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды бастайды. Қазірдің өзінде 500-ден аса ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден өтінімдер келіп түсті. Қаражат екінші деңгейдегі банктер, несие серіктестіктері, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Аграрлық кредиттік корпорацияның өзі арқылы фермерлерге қолжетімді болады», — деді Азат Сұлтанов.


📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру биылғы қараша айында басталады 📍 Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы желтоқсан айында Президенттің…
Финансирование весенне-полевых и уборочных работ 2025 года начнется в ноября текущего года

📍 Вице-министр сельского хозяйства Азат Султанов на заседании Правительства под председательством Премьер-министра РК Олжаса Бектенова доложил о проводимой работе по исполнению поручения Президента о начале финансирования весенне-полевых и уборочных работ 2025 года уже в текущем году.

🔹 Он отметил, что финансирование весенне-полевых и уборочных работ 2025 года планируется довести до 700 млрд тенге. В целях обеспечения средств в указанном объеме в настоящее время в проекте бюджета на 2025 год предусмотрено 45 млрд тенге. Для исполнения поручения Президента о начале финансирования в декабре текущего года разработан проект постановления Правительства, который вынесен на рассмотрение.

«Аграрная кредитная корпорация начнет финансирование с 29 ноября в объеме 100 млрд тенге. В настоящее время уже поступили заявки от более 500 СХТП. Средства будут доступны фермерам через банки второго уровня, кредитные товарищества, социально-предпринимательские корпорации и саму Аграрную кредитную корпорацию», — сказал Азат Султанов.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азық-түлік корпорациясы фермерлерден 1,2 млн тонна астық сатып алады

📍 Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында биыл алынған өнімнің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Ол қазіргі уақытта лицензияланған элеваторлардың жүктемесі 43%-ды құрайды деп хабарлады. Элеваторлардың қызметі тәулік бойы жұмыс істеуге ауыстырылды. Астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 7,2 млн тонна астық, оның ішінде 5,2 млн тонна бидай түсті.

«Жиналған астықтың қалған көлемі фермерлерде сақталуда. Биыл форвардтық келісімшарттар бойынша, сондай-ақ өткен жылғы ұзартуларды ескере отырып, Азық-түлік корпорациясы 1,2 млн тонна астық сатып алатын болады. Қазіргі уақытта 550 мың тонна немесе 46% астық сатып алынды», — деп атап өтті Азат Сұлтанов.


• Вице-министр Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жаңа өнімнің астығын тікелей сатып алу жүзеге асырылатынын айтты. Үкіметтің резервінен 10 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу есебінен бірінші кезеңде нарықтық құны бойынша 150 мың тонна өнім сатып алу ұсынылады.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Азық-түлік корпорациясы фермерлерден 1,2 млн тонна астық сатып алады 📍 Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында биыл алынған өнімнің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Ол қазіргі уақытта лицензияланған…
Продкорпорацией будет приобретено 1,2 млн. тонн зерна у фермеров

📍 Вице-министр сельского хозяйства Азат Султанов на заседании Правительства доложил о принятых мерах по обеспечению сохранности полученного в текущем году урожая.

Он сообщил, что в настоящее время загруженность лицензированных элеваторов составляет 43%. Работа элеваторов переведена на круглосуточный режим. Всего из нового урожая на хлебоприемные предприятия поступило порядка 7,2 млн тонн зерна, в том числе 5,2 млн тонн пшеницы.

«Оставшийся объем собранного зерна хранится у фермеров. По форвардным контрактам текущего года, а также с учетом пролонгации прошлого года Продкорпорацией будет приобретено 1,2 млн тонн зерна. На текущий момент поступило 550 тыс. тонн зерна или 46%» — отметил Азат Султанов.


• Вице-министр добавил, что в рамках исполнения поручения Главы государства будет также осуществлен прямой закуп зерна нового урожая. За счет выделения средств из резерва Правительства в объеме 10 млрд тенге предлагается закупить 150 тыс. тонн продукции по рыночной стоимости на первом этапе.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президенттің тапсырмаларын іске асыру: Қазақстан көлік желісін ірі жаңғыртуды іске қосады

📍 Қазақстан алдағы жылдары тасымалдау көлемінің айтарлықтай ұлғаюын күтуде. Болжам бойынша, экспорттық теміржол тасымалының көлемі 130 млн тоннаға дейін, автомобиль транзиті – 6 есе артады. Президенттің инфрақұрылымды жаңғырту және көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы Үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров баяндады.

Еліміздің аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді, оның 5 теміржол және 8 автомобиль дәліздері. Инфрақұрылымдағы «кедергілерді» жою бойынша шаралар қабылдануда. Оның ішінде жеткізудің жаңа бағыттары пысықталып, жүктердің жедел өтуі үшін цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. ТХКБ бағыты бойынша, сондай-ақ «Солтүстік–Оңтүстік» көлік дәлізі бойынша тасымалдаудың оң динамикасы байқалады. 2030 жылға қарай оның өткізу мүмкіндігі 20 млн тоннаға дейін артады деп күтілуде.

2027 жылға дейін 1,3 мың км жаңа теміржол салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта «Достық» стансасының өткізу мүмкіндігін жылына 35 млн тоннаға дейін арттыруға, Алматы стансасы арқылы жүк өткізу уақытын қысқартуға, Сарыағаш стансасын босатуға және Қытай бағытына қосымша 20 млн тоннаға дейін жүк өткізу қуатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Тасымалдардың үздіксіздігін және магистральдық теміржолдардың қуатын арттыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек, оның 2,8 мың шақырымында тиісті жұмыстар аяқталды. Бұдан бөлек, Құрық теңіз порты арқылы жүк тасымалын арттыру бойынша шаралар қабылдаудамыз. Құрық портында астық терминалын іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, Abu Dhabi Ports компаниясымен бірлесіп, «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының құрылысын жүзеге асыру қолға алынды. Нәтижесінде, Қазақстан порттарының өткізу мүмкіндігі жылына 30 млн тоннаға дейін артатын болады», — деп мәлімдеді вице-министр.


2027 жылға дейін 12 мың шақырым жолды салу және реконструкциялау жоспарлануда, оның 7 мың шақырымы 2024 жылы аяқталады, оның ішінде төрт негізгі автодәліз қайта жаңартылады.

Сондай-ақ өткізу пунктері жаңғыртылатын болады. 2029 жылға дейін 36 өткізу пунктін кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарланған, 2025 жылы алты пунктте жөндеу жұмыстары басталады.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Президенттің тапсырмаларын іске асыру: Қазақстан көлік желісін ірі жаңғыртуды іске қосады 📍 Қазақстан алдағы жылдары тасымалдау көлемінің айтарлықтай ұлғаюын күтуде. Болжам бойынша, экспорттық теміржол тасымалының көлемі 130 млн тоннаға дейін, автомобиль…
Реализация поручений Президента: Казахстан запускает крупнейшую модернизацию транспортной сети

📍 Казахстан ожидает значительное увеличение объемов перевозок в ближайшие годы. По прогнозам, объем экспортных железнодорожных перевозок возрастет до 130 млн тонн, автомобильного транзита – в 6 раз. О реализации поручений Президента по модернизации инфраструктуры и развитию транспортно-логистического потенциала доложил на заседании Правительства вице-министр Максат Калиакпаров.

В стране функционируют 13 международных транспортных коридоров, включая 5 железнодорожных и 8 автомобильных. Принимаются меры по устранению «узких» инфраструктурных мест. В том числе прорабатываются новые маршруты доставки, внедряются цифровые решения для ускоренного прохождения грузов. Положительная динамика перевозок наблюдается по маршруту ТМТМ, а также транспортному коридору «Север-Юг». К 2030 году ожидается увеличение его пропускной способности до 20 млн тонн.

До 2027 года в Казахстане построят 1,3 тыс. км железной дороги. Уже начато строительство проектов, которые позволят увеличить пропускную способность станции Достык до 35 млн тонн в год, сократить время прохождения грузов через станцию Алматы, разгрузить станцию Сарыагаш и увеличить пропускную мощность в направлении Китая до 20 млн тонн.

«В целях обеспечения бесперебойных перевозок и увеличения мощности магистральных железных дорог в рамках поручения Главы государства до 2029 года планируется провести ремонт на 11 тыс. км железнодорожных участков, выполнен ремонт более 2,8 тыс. км пути. Принимаются меры по наращиванию грузоперевозок через морской порт Курык. Планируется запуск зернового терминала. С компанией Abu Dhabi Ports (ОАЭ) ведется реализация проекта по созданию многофункционального морского терминала “Саржа”. В результате пропускная способность портов Казахстана увеличится до 30 млн тонн в год», — доложил вице-министр.


До 2027 года планируется обновить 12 тыс. км автодорог, из которых 7 тыс. км будут завершены в 2024 году, включая реконструкцию четырех основных автокоридоров.

Также будут модернизировать пункты пропуска. До 2029 года планируется поэтапная модернизация 36 объектов, в 2025 году начнется обновление шести пунктов.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде жеке тұлғалар кірістері мен мүлкін міндетті декларациялаудан босатылды

Премьер-министр Олжас Бектенов қаржы министрінің осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-ын декларациялаудан босату туралы ұсынысын қолдады

📍 Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында берген тапсырмалары аясында жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мәселесі қаралды.

🔹 Қаржы министрі Мәди Такиев бүгінде алғашқы үш кезеңде жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4,8 млн адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, коммерциялық ұйымдар, квазимемлекеттік сектор басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары енгенін хабарлады.

• Қалған санаттағы азаматтардың (жеке құрылымдар қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа да тұлғалар) 8 млн-ға жуық адамның декларация тапсыру міндеттеріне қатысты қаржы министрі деректер базасын цифрландыруды және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуды ескере отырып, аталған санаттағы азаматтарды активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырудан босатуды ұсынды.

🔹 Босату осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-дан астамына әсер етеді. Декларациялауды келесі санаттағы тұлғалар үшін сақтау ұсынылады: ҚР тысқары жерлерде активтері бар; бір жыл ішінде құны 20 мың АЕК (74 млн теңге) астам сомаға сатып алулар жасаған; дербес салық салынатын табыс алған.

Азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы берілетінін атап өткен жөн.

🔻 Премьер-министр Олжас Бектенов аталған ұсынысты қолдап, Қаржы, Ұлттық экономика және Әділет министрліктеріне үш күн ішінде заңнамаға қажетті түзетулер дайындауды және оларды Парламенттің қарауына енгізуді тапсырды.
«Қазір декларацияны 4 млн-нан астам адам тапсырады. Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор мен бизнес өкілдері бар. 2025 жылы барлық қалған санаттағы азаматтар декларация тапсырады деп жоспарланған болатын. Бұған халық алаңдаушылық білдірді, сондықтан аталған мәселеге Мемлекет басшысы өзінің назарын аударды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың деректер базасы барынша цифрландырылған. Қаржылық және валюталық бақылау күшейтілді. Халықаралық келісімдер шеңберінде шоттар бойынша деректер алмасу жолға қойылды. Цифрлық қызметтер кең таралған. Сондықтан жалпы алғанда, жеке тұлғалардың активтері бойынша барлық ақпарат бар.
Қаржы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері тіркеу және салықтық бақылау үшін барлық цифрлық базалардан, оның ішінде екінші деңгейлі банктерден мәліметтер алуды қамтамасыз еткені жөн. Сондықтан мен 2025 жылы азаматтардың қалған санаттарын активтер туралы декларацияларды міндетті түрде тапсырудан босату туралы қаржы министрінің ұсынысын қолдаймын», — деп атап өтті Премьер-министр.


📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM