UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.86K videos
8.3K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер лицензиялаудан өтетін болады

🔹 ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялау енгізілетінін хабарлады.

• Ол халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті лицензиар болып белгіленгенін атап өтті. Процесс толығымен цифрланған.

«Меншік нысанына қарамастан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық субъектілер лицензиялаудан өтеді», — деп нақтылады Светлана Жақыпова.


• Аталған мәліметтерге сәйкес, бүгінде Қазақстанда 1021 ұйымда 110 мың адам арнаулы әлеуметтік қызмет алады, оның ішінде бұл қызметтерді мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін 177 үкіметтік емес ұйым да көрсетеді.

Сондай-ақ жаңа жылдан бастап Қазақстанда әрбір көрсетілетін қызметті алушының дербестендірілген қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік көмек пен қолдаудың қажетті көлемін айқындауға мүмкіндік беретін жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі басталады.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер лицензиялаудан өтетін болады 🔹 ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі…
Предоставляющие специальные соцуслуги для лиц с особыми потребностями субъекты будут проходить лицензирование в РК

🔹 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра РК Олжаса Бектенова министр труда и социальной защиты населения Светлана Жакупова сообщила, что с 1 января 2025 года вводится лицензирование субъектов, предоставляющих специальные социальные услуги для лиц с особыми потребностями.

• Она отметила, что лицензиаром определен Комитет регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения. Процесс полностью оцифрован
«Лицензированию будут подлежать все субъекты, предоставляющие специальные социальные услуги, независимо от формы собственности», — уточнила Светлана Жакупова.


• Согласно озвученным данным, на сегодня в Казахстане 110 тыс. чел. получают специальные социальные услуги в 1021 организации, в том числе эти услуги оказываются и 177 неправительственными организациями, работающими по государственному социальному заказу.

Также с нового года в Казахстане стартует система подушевого финансирования, которая позволит определять необходимые объемы социальной помощи и поддержки с учетом персонализированных потребностей каждого услугополучателя.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасын бағалаудың жаңа моделі енгізіледі

📍 Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде мүгедектігі бар адамдарды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

🔸 Министр жыл соңына дейін алты оңалту орталығын, 2025 жылы үш ерте араласу орталығын ашу жоспарланғанын атап өтті.

• Соңғы 5 жылда ересек тұрғындардың мүгедектік құрылымы өзгеріссіз қалды. Бірінші орында қан айналымы жүйесінің аурулары, екінші орында – қатерлі ісіктер, үшінші орында – психикалық аурулар тұр.

«Созылмалы инфекциялық емес аурулардың асқынуларын ерте диагностикалау және алдын алу мақсатында жыл сайын МСАК деңгейінде 3,4 млн ересек адам қан айналымы жүйесінің ауруларына, қант диабетіне, онкологияға ауруларды ерте анықтау скринингімен қамтылады. Бұл пациенттер динамикалық бақылаумен және тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі», — деді Ақмарал Әлназарова.


Айтылған мәліметтерге сәйкес, елімізде жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға көмек көрсету үшін 83 инсульт және 48 коронарография орталығы жұмыс істейді. Ересектерге медициналық оңалту жеті бейін бойынша көрсетіледі: кардиология, кардиохирургия, невропатология, нейрохирургия, травматология, ортопедия және 2024 жылдан бастап қатерлі ісіктер. Соңғы 3 жылда 772 денсаулық сақтау ұйымдарында оңалтуға бейінделген төсек қорының саны 2 есе артып, 8 мыңға дейін жеткізілді.

➤ Қызмет көрсетушілерге қойылатын талаптарды арттыру үшін оңалту көмегін көрсету және жарақтандырудың ең төменгі стандарт талаптары қайта қаралды.

2025 жылдан бастап созылмалы жұқпалы емес аурулардың асқынуларын ерте анықтау және алдын алу бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасын бағалаудың жаңа моделі енгізілуде, бұл мүгедектікті азайтуға мүмкіндік береді, деп атап өтті министр.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасын бағалаудың жаңа моделі енгізіледі 📍 Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде мүгедектігі бар адамдарды қолдау…
Новую модель оценки системы качества первичной медико-санитарной помощи внедрят в Казахстане

📍 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова министр здравоохранения Акмарал Альназарова доложила о принимаемых в стране мерах по поддержке людей с инвалидностью.

🔸 Министр отметила, что до конца текущего года запланировано открытие шести реабилитационных центров, в 2025 году трех центров раннего вмешательства.

• За последние 5 лет структура инвалидности взрослого населения остается неизменной. На первом месте находятся болезни системы кровообращения, на втором – злокачественные новообразования, на третьем – психические заболевания.

«В целях ранней диагностики и профилактики осложнений хронических неинфекционных заболеваний, ежегодно на уровне ПМСП 3,4 млн взрослого населения охватываются скринингами на болезни системы кровообращения, сахарный диабет, онкологию. Данные пациенты обеспечиваются динамическим наблюдением и бесплатными амбулаторными лекарственными средствами», — сказала Акмарал Альназарова.


Согласно озвученным данным, в стране функционируют 83 инсультных и 48 центров коронарографии, для оказания помощи пациентам с сердечно-сосудистыми заболеваниями. Медицинскую реабилитацию взрослым оказывают по семи профилям: кардиология, кардиохирургия, невропатология, нейрохирургия, травматология, ортопедия и с 2024 года злокачественные новообразования. За последние 3 года в 2 раза увеличено количество реабилитационных коек, до 8 тысяч в 772 организациях здравоохранения.

➤ Стандарты оказания реабилитационной помощи и минимальных требований оснащения пересмотрены для повышения требований к поставщикам услуг.

С 2025 года вводится новая модель оценки системы качества первичной медико-санитарной помощи по раннему выявлению и профилактике осложнений хронических неинфекционных заболеваний, что позволит снизить инвалидизацию, отметила министр.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream finished (39 minutes)
9 мың арнайы педагог мүгедек балалармен жұмыс істейді – Оқу-ағарту министрлігі

📍 Мүгедектігі бар тұлғаларды оқыту туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндады. Бүгінгі таңда психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) есебінде 203 мың мүгедектігі бар бала тұр, олардың 66 мыңы – мектеп жасына дейінгі, 137 мыңы – мектеп жасындағы балалар. Аталған санаттағы балалар саны жыл сайын артуда.

Арнайы қолдауға мұқтаж балаларды оқыту, тәрбиелеу, оңалту 496 мамандандырылған білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту үшін мектепке дейінгі ұйымдардың 69%-да, мектептердің 88%-да, колледждердің 80%-да жағдай жасалған. Мектептерде 1071 арнайы жабдықталған кабинет бар. Мүмкіндігі шектеулі балалармен қазіргі таңда 9 мың арнайы педагог жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымдарда да «педагог-ассистент» лауазымы енгізілуде.

«Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалар үшін мектепте «жеке көмекші» лауазымы енгізілуде. «Педагог» кәсіптік стандартына мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс бойынша жаңа мамандықтар енгізілуде. Педагогтердің біліктілігін арттыру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Биыл курстардан 5 мың педагог өтті. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өсуіне байланысты 3,5 мың арнайы педагогқа қажеттілік бар. Келесі оқу жылынан бастап «педагог-ассистенттер» колледждерде дайындалады, тиісті бұйрық қабылданды», — деді министр.


🔹 Психологиялық-педагогикалық қолдаудың қол жетімді болуын арттыру мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру механизмі енгізілді. Ол 5 өңірде жүзеге асырылып, 2 мың бала қамтылып отыр. Мүгедектігі бар балалар үшін колледжге түсу квотасы 1%-дан 10%-ға ұлғайтылды. Скрининг нәтижелерімен алмасу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базасымен интеграция жүргізілуде. ПМПК-ға жазылу автоматтандырылуда.

➤Тұрақты бұзушылықтары бар балалар үшін осы консультацияны қорытындылау мерзімі ұзартылады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде арнайы қолдаумен қамтылған ерекше қажеттіліктері бар балалардың үлесі 84%-ды құрады.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
9 мың арнайы педагог мүгедек балалармен жұмыс істейді – Оқу-ағарту министрлігі 📍 Мүгедектігі бар тұлғаларды оқыту туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндады. Бүгінгі таңда психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК)…
9 тыс. специальных педагогов работают с детьми с инвалидностью – Министерство просвещения

📍 Об обучении лиц с инвалидностью доложил на заседании Правительства министр просвещения Гани Бейсембаев. Так, на учете психолого-медико-педагогической консультации (ПМПК) состоит 203 тыс. детей с инвалидностью, из них 66 тыс. – дошкольного, 137 тыс. – школьного возраста с ежегодным ростом.

Обучение, воспитание, реабилитация детей, нуждающихся в специальной поддержке осуществляется в 496 специализированных организациях образования. Для обучения детей с особыми образовательными потребностями созданы условия в 69% дошкольных организаций, 88% школ, 80% колледжей. В школах имеется 1071 специально оборудованный кабинет. С детьми данной категории работают 9 тыс. специальных педагогов. Должность «педагогов-ассистентов» вводится и в детсадах.

«Для детей с нарушением опорно-двигательного аппарата в школе вводится должность “индивидуального помощника”. В профессиональный стандарт “Педагог” вводятся новые направления профессий по работе с детьми с особыми потребностями. На постоянной основе ведется работа по повышению квалификации педагогов. В текущем году курсы прошли 5 тыс. педагогов. В связи с ростом детей с особыми образовательными потребностями имеется потребность в 3,5 тыс. специальных педагогов. Со следующего учебного года “педагогов-ассистентов” будут готовить в колледжах, соответствующий приказ принят», — сообщил министр.


🔹 В целях обеспечения доступности психолого-педагогической поддержки введен механизм размещения государственного образовательного заказа. На сегодня он реализуется в 5 регионах, охвачено 2 тыс. детей. Квота на поступление в колледж для детей с инвалидностью увеличена с 1% до 10%.

➤ Для обмена результатами скрининга проводится интеграция с базой данных Министерства здравоохранения. Автоматизируется запись в ПМПК. Для детей со стойкими нарушениями будет продлен срок заключения данной консультации.

В результате принятых мер доля детей с особыми потребностями, охваченных специальной поддержкой, составила 84%.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қолданыстағы нормативтік базада мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы орта құру бойынша қажетті талаптар бар – ӨҚМ

📍 Мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылымды және кедергісіз ортаны қамтамасыз ету мәселелері бойынша Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов баяндады.

🔹 Оның айтуынша, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілді. Қолданыстағы нормативтік база мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы орта құру бойынша барлық қажетті талаптарды қамтиды.

Атап айтқанда:

➤ сәулет-жоспарлау тапсырмасында және жобалауға арналған тапсырмада қолжетімділік бойынша міндетті талап;

➤ жобада сараптама сатысында қолжетімділік шарттары болмаған кезде жобаны пысықтауға жіберу;

➤ құрылыс кезінде кедергісіз орта бойынша талаптарды орындау;

➤ құрылыс барысында кедергісіз ортаны қамтамасыз ету бойынша авторлық және техникалық қадағалау тарапынан бақылау;

➤ абаттандыру кезінде кедергісіз ортаны қамтамасыз ету;

➤ қол жетімділік жағдайларын жасау үшін көршілермен пәтерді қайта құру туралы келісу қажеттілігін жою;

➤ қол жетімділік бойынша жобалау-сметалық құжаттамадағы жеке бөлім;

➤ мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді растау үшін объектілерді қабылдау кезінде әлеуметтік қорғау органдарының қатысуы;

➤ бюджет есебінен тұрғын үйлерді жоспарлау және салу кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін пәтерлердің кемінде 5%-ын қамтамасыз ету жөніндегі міндет орындалды.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қолданыстағы нормативтік базада мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы орта құру бойынша қажетті талаптар бар – ӨҚМ 📍 Мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылымды және кедергісіз ортаны қамтамасыз ету мәселелері бойынша Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс…
Действующая нормативная база содержит необходимые требования по созданию благоприятной среды для лиц с инвалидностью – МПС

📍 По вопросам обеспечения инфраструктуры и безбарьерной среды для лиц с инвалидностью доложил на заседании Правительства вице-министр промышленности и строительства Куандык Кажкенов.

🔹 По его словам, внесены поправки в действующее законодательство в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности. Действующая нормативная база содержит все необходимые требования по созданию благоприятной среды для лиц с инвалидностью.

В частности, установлено:

➤ обязательное требование по доступности в архитектурно-планировочном задании и задании на проектирование;

➤ отправка проекта на доработку при отсутствии в проекте условий доступности на стадии экспертизы;

➤ выполнение при строительстве требований по безбарьерной среде;

➤ контроль со стороны авторского и технадзора по обеспечению безбарьерной среды в ходе строительства;

➤ обеспечение безбарьерной среды при благоустройстве;

➤ исключение необходимости согласования с соседями перепланировки квартиры для создания условий доступности;

➤ отдельный раздел в проектно-сметной документации по доступности;

➤ участие органов соцзащиты при приемке объектов для подтверждения обеспечения доступности для лиц с инвалидностью;

➤ обязанность по обеспечению не менее 5% квартир для лиц с инвалидностью при планировании и строительстве жилых домов за счет бюджета.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
9 айдың қорытындысы бойынша 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға төмендетілген мөлшерлемелер бойынша 851 жеңілдікті ипотекалық қарыз берілді

📍 Тұрғын үй қатынастары саласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары көзделеді. Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов тұрғын үй алуға кезекте 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар 56 мың адам және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 25 мың отбасы тұрғанын баяндады.

«Жеңілдетілген ипотекалық қарыздар бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға тұрғын үй сертификаттары беріледі, олардың ең жоғарғы мөлшері жергілікті бюджет есебінен іске асырылатын 1,5 млн теңгені құрайды. 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар азаматтарға 474,8 млн теңгеден астам сомаға 423 сертификат және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жалпы сомасы шамамен 344,1 млн теңгеге 305 сертификат берілді», — деп мәлімдеді Қуандық Қажкенов.


2022 жылдан бастап Президенттің тапсырмасы бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына жеке сектордағы тұрғын үйді жалға алу құнының бір бөлігі субсидияланады. 9955 отбасы төлем алады, оның ішінде 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар 854 адам және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 703 отбасы.

Бұдан бөлек, кезекте тұрған азаматтар жеңілдетілген ипотекалық қарыздарды Отбасы банкі арқылы 2% және 5% төмендетілген мөлшерлемемен ала алады. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жеңілдікпен кредит беру тетігі бойынша 5 746 кезекте тұрғандар тұрғын үй сатып алды, 1 және 2 топтағы мүгедек адамдарға 851 қарыз, сондай-ақ мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 644 қарыз берілді.

Қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларымен қатар тұрғын үй саясатын реформалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Заң жобасына сәйкес 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар коммуналдық тұрғын үйді тегін жекешелендіре алады, бірінші кезекті тұрғын үй алу құқығын беру қарастырылған.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
9 айдың қорытындысы бойынша 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға төмендетілген мөлшерлемелер бойынша 851 жеңілдікті ипотекалық қарыз берілді 📍 Тұрғын үй қатынастары саласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары…
По итогам 9 месяцев лицам с инвалидностью 1 и 2 группы выдан 851 льготный ипотечный займ по сниженным ставкам

📍 В сфере жилищных отношений предусматривается ряд мер государственной поддержки для граждан с особыми потребностями. На заседании Правительства вице-министр промышленности и строительства Куандык Кажкенов доложил, что в очереди на получение жилья состоят 56 тыс. лиц с инвалидностью 1 и 2 групп, и 25 тыс. семей, воспитывающих детей с инвалидностью.

«Для покрытия части первоначального взноса по льготным ипотечным займам гражданам выдаются жилищные сертификаты, максимальный размер которых составляет 1,5 млн тенге, реализуемых за счет местного бюджета. Лицам с инвалидностью 1 и 2 групп выдано
423 сертификата на сумму 474,8 млн тенге, и семьям, имеющих или воспитывающих детей с инвалидностью 305 сертификатов на общую сумму 344,1 млн тенге», — доложил Куандык Кажкенов.


С 2022 года по поручению Президента субсидируется часть стоимости аренды жилья в частном секторе отдельным категориям граждан. 9955 семей получают выплаты, из них 854 лица с инвалидностью 1 и 2 группы, и 703 семьи, воспитывающих детей с инвалидностью.

Кроме того, граждане, состоящие в очереди на жилье могут получить льготные ипотечные займы по сниженным ставкам 2% и 5% через Отбасы банк. По итогам 9 месяцев текущего года по механизму льготного кредитования 5 746 очередников приобрели жилье, лицам с инвалидностью 1 и 2 группы выданы 851 займ, а также 644 займа семьям, имеющим или воспитывающих детей с инвалидностью.

Наряду с действующими мерами господдержки ведется работа по реформированию жилищной политики. Согласно Законопроекту, лица с инвалидностью 1 и 2 группы смогут приватизировать коммунальное жилье безвозмездно, предусматривается предоставление первоочередного права получения жилья.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкіметте мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау шаралары қаралды. Еліміздің бірқатар өңірінде оңалту орталықтары ашылады

📍 Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары қаралды.

• Бүгінде елімізде мүгедектігі бар 732 мың адам тіркелген. Үкімет аталған санаттағы азаматтарды қолдау шаралары кешенін іске асырып келеді. Осыған орай, Әлеуметтік кодекс қабылданды, Отбасының цифрлық картасы іске қосылды. Бұдан басқа, мүгедектікті ресімдеу тәртібі жеңілдеп, проактивті форматқа ауыстырылды, қазір сырттай тағайындалады. Әлеуметтік қызметтер көрсету порталының арқасында бүгінде мүгедектігі бар адамдар қажетті техникалық құралдар мен оҢалту қызметтерін таңдау мүмкіндігіне ие болып отыр.

Өңірлерде Оңалту орталықтары ашылуда. Өткен жылы Абай, Жамбыл және Түркістан облыстарында оңалту орталықтары ашылды. Батыс Қазақстан облысындағы Орталық жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ақтөбе облысы әкімдігіне Оңалту орталығының құрылысын аяқтау үшін жұмыс қарқынын күшейту тапсырылды. Осындай орталықтарды Ақмола, Атырау, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласында салу жоспарланып отыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мүгедектігі бар жандарға қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыру бағытында жоспарлы жұмыс жүріп жатыр. Осы санаттағы азаматтарды мемлекет тарапынан қолдау жүйесін тұрақты түрде жетілдіріп келеміз», — деді Олжас Бектенов.


📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкіметте мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау шаралары қаралды. Еліміздің бірқатар өңірінде оңалту орталықтары ашылады 📍 Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары қаралды.…
В Правительстве рассмотрены меры по соцзащите лиц с инвалидностью. Реабилитационные центры откроются еще в ряде регионов страны

📍В ходе заседания Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены меры по социальной защите лиц с ограниченными возможностями.

• Всего в Казахстане зарегистрировано 732 тыс. лиц с инвалидностью. Правительством реализуется комплекс мер поддержки данной категории граждан. Так, принят Социальный кодекс, запущена Цифровая карта семьи. Кроме того, упрощен и переведен в проактивный формат порядок оформления инвалидности, внедрено его заочное установление. В рамках работы Портала социальных услуг доступна возможность выбирать необходимые технические средства и процедуры для реабилитации.

В регионах открываются реабилитационные центры. В прошедшем году подобные объекты появились в области Абай, Жамбылской и Туркестанской областях. До конца года будет введен в эксплуатацию центр в Западно-Казахстанской области. Акимату Актюбинской области поручено активизировать работу по завершению строительства. Далее открыть подобные социальные учреждения планируется в Акмолинской, Атырауской областях, Жетісу и Шымкенте.
«По поручению Главы государства ведется планомерная работа по созданию благоприятной и комфортной среды для людей с ограниченными возможностями. Система поддержки со стороны государства этой категории граждан постоянно совершенствуется», – отметил Олжас Бектенов и дал ряд поручений.


📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Әлеуметтік қызметкерлер даярлау және оңалтуға арналған техникалық құралдар, инватакси: Олжас Бектенов мүгедектігі бар жандарды қолдау бойынша оң тәжірибені кеңінен таратуды тапсырды

📍 Үкімет отырысы барысында Премьер-министр бірқатар өңірдің инклюзивті қалалық орта қалыптастыру және мүгедектігі бар адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыратын түрлі қызметтер ұсынудағы тәжірибесіне назар аударды.

«Еліміздің 14 университетінде әлеуметтік қызметкерлер даярланады. Павлодар, Қызылорда, Абай облыстарында және Шымкент қаласында мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту үшін инновациялық техникалық құралдарды іріктеу жүргізілуде. Бұл тәжірибені басқа өңірлерде де қолдану керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


📌 Премьер-министр әкімдіктерге инватакси қызметін қолдап, азаматтар кезек күтпеу үшін осындай автокөлік паркін көбейтуге көмектесуді тапсырды. Бүгінде елімізде мүгедектігі бар жандарды тасымалдауға арналған 150-ге жуық инватакси қызметі жұмыс істейді.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Әлеуметтік қызметкерлер даярлау және оңалтуға арналған техникалық құралдар, инватакси: Олжас Бектенов мүгедектігі бар жандарды қолдау бойынша оң тәжірибені кеңінен таратуды тапсырды 📍 Үкімет отырысы барысында Премьер-министр бірқатар өңірдің инклюзивті…
Подготовка соцработников и технические средства для реабилитации, инватакси: Олжас Бектенов поручил масштабировать положительный опыт по поддержке лиц с инвалидностью

📍 В ходе заседания Правительства Премьер-министр обратил внимание на опыт ряда регионов по формированию инклюзивной городской среды и предложению различных услуг, отвечающих потребностям лиц с инвалидностью.

«В 14 университетах страны ведется подготовка социальных работников. В Павлодарской, Кызылординской, области Абай и Шымкенте ведется подбор инновационных технических средств для непрерывной реабилитации детей с инвалидностью в домашних условиях. Этот опыт надо использовать и в других регионах», – подчеркнул Олжас Бектенов.


📌 Руководитель Правительства поручил акиматам оказывать поддержку службам инватакси и содействовать увеличению парка таких автомобилей, чтобы люди не ожидали очереди на поездку. На сегодня в Казахстане функционирует почти 150 служб по услугам перевозки людей с инвалидностью.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Премьер-министр кедергісіз орта құру туралы: Қолданыстағы құрылыс стандарттарын қайта қарау, нормалардың сақталуын бақылау қажет

📍 Бүгінде елімізде инфрақұрылымның 45%-ы мүгедектігі бар жандар қажеттіліктеріне бейімделген.

🔻 Премьер-министр нақты нәтижеге қол жеткізу үшін осы бағытта сапалы жұмыс жүргізу маңызды екенін атап өтті.

«Кейбір пандустар мен ауыспа жолдардан өтер кезде бесік арбамен жүрген ата-аналар да әлекке түсіп жатады. Арнайы лифтілер мен көтергіштер жұмыс істемейді. Биік бордюрлер жолды кесіп өтуге кедергі келтіреді. Яғни, қолайлы орта қалыптастыру бойынша жасалып жатқан жұмыстарда көзбояушылық көп. Нысандарды мүгедектігі бар адамдардың, қарттардың ыңғайына қарай бейімдеу жұмысын күшейту қажет. Бұл, әсіресе әлеуметтік объектілерге, дәріханаларға, азық-түлік дүкендері мен сауда орталықТарына қатысты.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне құрылыстың сапасы мен жауапкершілікті арттыру үшін қолданыстағы стандарттарды қайта қарауды тапсырамын. Нормалардың сақталуын бақылау қажет», — деді Олжас Бектенов.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Премьер-министр кедергісіз орта құру туралы: Қолданыстағы құрылыс стандарттарын қайта қарау, нормалардың сақталуын бақылау қажет 📍 Бүгінде елімізде инфрақұрылымның 45%-ы мүгедектігі бар жандар қажеттіліктеріне бейімделген. 🔻 Премьер-министр нақты…
Премьер-министр о создании безбарьерной среды: Нужно пересмотреть действующие стандарты строительства, усилить контроль за соблюдением норм

📍 На сегодня в Казахстане к потребностям лиц с инвалидностью адаптировано 45% инфраструктуры.

🔻 Премьер-министр подчеркнул, что важно проводить качественную работу в этом направлении для достижения реального эффекта.

«Некоторые пандусы и спуски не смогут преодолеть родители с детскими колясками. Специальные лифты и подъемники не работают. Перейти дорогу мешают высокие бордюры. Получается, что работа для улучшения среды для людей с инвалидностью ведется, но много в ней формализма. Необходимо активизировать работу по адаптации объектов под нужды лиц с инвалидностью, пожилых людей. Особенно это касается социальных объектов, аптек, продуктовых магазинов и торговых центров.
Министерству промышленности и строительства поручаю пересмотреть действующие стандарты, чтобы повысить качество и ответственность участников строительства. Нужен контроль за соблюдением норм», – отметил Олжас Бектенов.


📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Премьер-министр әлеуметтік қызметтерге мүгедектігі бар адамдардың мәселелерін шешуде жеке көзқарас қалыптастыруды тапсырды

📍 Ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік органдарға мүгедектігі бар адамдардан 16 мыңнан астам өтініш түсті. Премьер-министр шағымдардың негізгі бөлігі сараптамаға, қайта куәландыруға, оңалтуға және жұмысқа орналасуға тиесілі екенін атап өтті.

• Олжас Бектенов мүгедектігі бар адамдарға қатысты әрбір мәселені шешуде жеке көзқарастың қажеттілігін атап өтіп, әлеуметтік қызметтер жұмысын жандандыруды тапсырды. Үкімет басшысы мүгедектігі бар жандармен өзара іс-қимылды неғұрлым сапалы әрі тиімді құруға мүмкіндік беретін шешімдерді мысалға алды.

«Мәселен, Еңбек министрі мен Алматы қаласының әкімі мүгедектігі бар штаттан тыс кеңесшімен жұмыс істейді, ол осы санаттағы азаматтарДың проблемаларын шешуге көмектеседі. Бұл тәжірибені барлық өңірлер мен мүдделі мемлекеттік органдар пайдалануға тиіс. Әлеуметтік саясаттың жаңа стандарттарын жасау мен ілгерілету жұмысын жалғастыру қажет.
Инновациялық технологияларды әзірлеу және оларды әлеуметтік қамсыздандыру мен қорғау жүйесіне енгізу – өте өзекті мәселе. Оның барлығы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан Инклюзивті саясат жөніндегі тұжырымдамада көрініс табуға тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


📌 Премьер-министр Еңбек министрлігіне Тұжырымдама жобасын Үкіметке 15 қарашаға дейін енгізуді тапсырды.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Премьер-министр әлеуметтік қызметтерге мүгедектігі бар адамдардың мәселелерін шешуде жеке көзқарас қалыптастыруды тапсырды 📍 Ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік органдарға мүгедектігі бар адамдардан 16 мыңнан астам өтініш түсті. Премьер-министр шағымдардың…
Премьер-министр поручил социальным службам выстроить индивидуальный подход в решении вопросов лиц с инвалидностью

📍 С начала текущего года в государственные органы поступило свыше 16 тыс. обращений от лиц с инвалидностью. Премьер-министр отметил, что основная часть жалоб приходится на экспертизу, переосвидетельствование, реабилитацию и трудоустройство.

📌 Олжас Бектенов поручил социальным службам активизировать работу, отметив необходимость индивидуального подхода в решении вопросов лиц с инвалидностью. Руководитель Правительства привел в пример решения, позволяющие более качественно и эффективно выстроить взаимодействие с людьми с ограниченными возможностями.

«Например, у министра труда и акима города Алматы имеются внештатные советники с инвалидностью, которые помогают решать проблемы этой категории граждан. Этот опыт нужно использовать всем регионам и заинтересованным госорганам.
Необходимо продолжить работу по созданию и продвижению новых стандартов социальной политики. Наиболее актуальным является разработка и внедрение инновационных технологий в систему социального обеспечения и защиты.
Все эти вопросы должны быть аккумулированы в разрабатываемой по поручению Главы государства Концепции по инклюзивной политике», – подчеркнул Олжас Бектенов.


📌 Премьер-министр поручил Министерству труда внести в Правительство проект концепции к 15 ноября.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Медициналық-әлеуметтік сараптама сапасын арттыру, ерте диагностикалауды жақсарту және әлеуметтік қызметкерлер даярлау — Олжас Бектенов инклюзивті орта құруға баса назар аударуды тапсырды

• Ақтөбе облысының әкімдігі мүгедектігі бар жандарға арналған оңалту орталығы құрылысын аяқтау үшін жұмыс қарқынын күшейтуі қажет. Өткен жылы Абай, Жамбыл және Түркістан облыстарында оңалту орталықтары ашылды. Мұндай орталықтарды Ақмола, Атырау, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласында салу жоспарланып отыр. Олардың барлығы мерзімінде аяқталуы тиіс;

• Денсаулық сақтау және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері медициналық-әлеуметтік сараптама сапасын одан әрі арттыру мақсатында ақпараттық жүйелерді толық интеграциялауы қажет;

• Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі - мердігерлік ұйымдар жауапкершілігі мен құрылыс сапасын арттыру, инклюзивті орта құру жөніндегі нормалардың сақталуын бақылауды күшейту үшін қолданыстағы стандарттарды қайта қарауы тиіс;

• Денсаулық сақтау министрлігі мүгедектіктің алдын алу, сырқатты ерте диагностикалау және ерте ем көрсету жұмыстарын сапалы тұрғыда жақсартсын;

• Оқу-ағарту және Ғылым және жоғары білім министрліктері мүгедектігі бар балалармен жұмыс істейтін педагогтер даярлауды түбегейлі жақсарту қажет;

• Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойыншаәзірленетін инклюзивті саясат жөніндегі тұжырымдама жобасын Үкіметке 15 қарашаға дейін енгізсін.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM