UKIMET
18.5K subscribers
10.6K photos
1.81K videos
8.26K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
#аптаның_айшықты_оқиғалары

📌 Өткен аптадағы негізгі оқиғаларды еске түсірейік. Ең маңыздысы – жексенбілік дайджесте


🔸 Қазақстанда тұрғындардың әл-ауқатын шын мәнінде жақсарту критерийі бойынша әкімдердің жұмысын нақты бағалау үшін KPI енгізіледі

🔸 Олжас Бектеновтің жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасы: жаяу жүргіншілер өтпесін бағдаршаммен жарақтандыру, аяқталмаған объектілерде қауіпсіздік шараларын күшейту, автомектептер мен ТБ пункттерін бақылау

🔸 Үкімет басшысы: орман шаруашылықтарын материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі жұмысты жандандыру маңызды

🔸 Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 4 790 салынған және сатып алынған үй мен пәтерлер берілді

🔸Олжас Бектенов FIDE Халықаралық шахмат федерациясының 100 жылдығы мен 45-ші Олимпиадаға арналған алау эстафетасына қатысты

🔸 Премьер-Министрдің Атырау облысына жұмыс сапары: Президенттің мұнай-газ химиясы мен өнеркәсіпті дамыту, Құлсары қаласында тұрғын үйді қалпына келтіру жөніндегі тапсырмаларының орындалуы тексерілді, өңір тұрғындарын жұмыспен қамту шараларымен танысты
#аптаның_айшықты_оқиғалары

📍Аптаның айшықты оқиғалары мен маңызды жаңалықтары қамтылған жексенбілік дайджестпен аптаны бірге қорытындылайық!

🔸Жыл соңына дейін барлық білім беру мекемесі қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталуы тиіс — Премьер-Министр

🔸Елімізде күрделі жөндеуден өткен  222 мектеп 1 қыркүйекке дейін пайдалануға беріледі

🔸Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысу үшін Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан президенттері Астанаға келді

🔸Олжас Бектенов жапондық JBIC банкінің төрағасы Хаящи Нобумицумен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады

🔸Үкімет басшысы «Орталық Азия + Жапония»  диалогы бизнес-форумында сөз сөйледі: біздің елдеріміз ынтымақтастықты үдемелі кеңейту үшін зор әлеуетке ие

🔸Өңделген алқап көлемі 3,1 млн га: Қазақстанның барлық өңірінде шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары аяқталды

🔸Қазірдің өзінде су тасқынынан зардап шеккен 5 239 отбасыға арнайы салынған және сатып алынған үйлер мен пәтерлер берілді