UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.85K videos
8.3K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Наурыз» және «Отау» тұрғын үй бағдарламаларына бюджеттен 220 млрд теңге бөлінді

Үкімет үйінде Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев 5,5 мың жас жаңа үй алғанын атап өтті.

«Сондай-ақ жастарды қолдау мақсатында да кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Оның ішінде негізгі мәселе – жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. “Наурыз” және “Отау” тұрғын үй бағдарламаларына бюджеттен 220 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 5,5 мың жас жаңа үй алды», —

деді Ермек Көшербаев. 

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары биыл жұмысшы жастарды демеу үшін «Наурыз жұмыскер» банк өнімі іске қосылғанын атап өтті. Облыстарда жас мамандарға арналған өңірлік ипотекалық бағдарламалар жастарға үлкен мүмкіндік беруде. Үкімет бұл жұмыстарды әрі қарай жүйелі түрде жалғастыратын болады.



В рамках Года рабочих профессий на жилищные программы «Наурыз» и «Отау» из бюджета выделено 220 млрд тенге


В Казахстане 5,5 тыс. молодых людей получили новое жилье. Об этом на пресс-конференции в Правительстве сообщил заместитель Премьер-министра РК Ермек Кошербаев.

«Реализуется комплекс мер по поддержке молодежи. В частности, основной вопрос - обеспечение жильем молодежи. На жилищные программы «Наурыз» и «Отау» из бюджета выделено 220 млрд тенге. В результате 5,5 тыс. молодых людей получили новое жилье» —

сказал Ермек Кошербаев.

Вице-премьер также отметил, что в этом году запущен банковский продукт «Наурыз жұмыскер» для поддержки рабочей молодежи. Региональные ипотечные программы для специалистов в областях дают большие возможности молодежи. Правительство будет системно продолжать эту работу.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Лицензиясыз жұмыс істеген 66 мектептің бар-жоғы 18-і қалды - Ғани Бейсембаев

Үкімет үйінде Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясы өтуде. Онда вице-премьер Ермек Көшербаев және бірқатар салалық министрлік өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Журналисттердің бірі оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елімізде 66 мектептің лицензиясыз жұмыс істегені туралы сұрақ қойған болатын.

«Жалпы мектептер сапалы және оқушыларға жайлы орта қалыптастыруы үшін лицензиямен жұмыс істеу өте маңызды. Лицензиясыз жұмыс бастамау туралы біз жергілікті атқарушы билікке үнемі ескертіп отырамыз. Жаңағы сіз айтқан лицензиясыз жұмыс істеген 66 мектептің бар-жоғы 18-і қалып отыр. Оларды да оқу жылының басына дейін бюарлық жергілікті атқарушы органдар қалыпқа келтіруге үлкен жұмыс жасап жатыр. Лицензиясыз мектептердің пайда болуы туралы айтсам, жыл сайын 200-ден аса жаңа мектептер іске қосылуда. Сол кейбір жағдайдарда әкімдіктер немесе мектептер лицензия алып үлгермей жатады. Сондықтан біз қазір заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіп, лицензия алмас бұрын мектептерді алдын ала толық дайындықтан өту мәселесін көтерудеміз. Мұндай мәселені келісі жылдары түбегейлі болдырмау мақсатында нақты шаралар қабылданып жатыр», —

деді ол.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ужесточение ответственности за нападение на медработников: проект поправок в Уголовный кодекс внесут в Парламент в сентябре

В рамках исполнения поручения Главы государства разработан пакет норм, направленных на усиление ответственности за нападения на медицинских работников. Об этом на пресс-конференции в Правительстве сообщила министр здравоохранения Акмарал Альназарова. По ее словам, проект изменений в Уголовный кодекс получил предварительные положительные заключения Генеральной прокуратуры и МВД.

«То есть в Уголовный кодекс будут внесены отдельные статьи, касающиеся именно нападения на медицинских работников. Это будет новая статья 158-1, которая предусматривает от ограничения до лишения свободы. Ограничения свободы до 2 лет в случае даже угрозы насилия, если она будет зафиксирована, а если произошло насилие в отношении одного доктора, медицинского работника - это наказание от 2 до 7 лет. Если это произошло в условиях ЧС до 10 лет. Если это угроза несет в себе угрозу для группы медицинских работников, от одного и более лиц, то до 15 лет лишения свободы. Поэтому это достаточно адекватные меры для защиты наших медицинских работников. И в сентябре месяце они будут внесены в Парламент», -

рассказала Акмарал Альназарова.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Біздің мақсатымыз – әр отбасыны қиын жағдайдан шығару

Үкімет үйінде Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты жауап берді.

«Атаулы әлеуметтік көмек жалғасады. Жағдайы төмен отбасылар оның ішінде, жұмыс істемейтін әкесі немесе анасы болса Атаулы әлеуметтік көмек алады. Мемлекет тарапынан ондай қолдау болады. Біздің мақсатымыз – әр отбасыға талдау жасап, оның ішінде жұмысқа жарамды адам болса жұмысқа орналастырып, сол отбасыны қиын жағдайдан шығару», —

деді ол.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Дәрігер қабылдауына электронды қосымшалар арқылы жазылу 70%-дан асты

Үкімет үйінде Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша өткен баспасөз конференциясында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрігер қабылдауына жазылу мәселесі министрліктің бақылауында екенін айтты.

«Емханалардың қызметтерін жетілдіру бойынша біз былтыр жұмыс бастаған болатынбыз. Денсаулық сақтау министрлігінің біраз бұйрықтарына өзгерістер енгізілді. Стандарттар өзгертілді. Оның ішінде ем алушылар бағдарын барыншы оңтайландыру бойынша шаралар қабылданды. Сонымен қатар өздігінен қабылдауға жазылу мәселесі былтырдан бастап біздің бақылауымызға алынды. Оның ішінде электронды қосымшалар арқылы жазылу 4%-дан аспайтын. Бүгінгі таңда 70%-дан асты. Сондай-ақ хроникалық диспансерлік есепте тұратын науқастарды дәрігерге барудан бұрын медбике толығымен тексеріп, барлық анализдерімен жібереді. Және де ауруханаларға жату үшін анализдердің санын азайттық. Халықаралық стандарттарға сүйеніп берілген анализдердің жарамдылық мерзімін ұзарттық. Аталған стандарттардың жергілікті жерлерде жұмыс істеуі әлі де күрделі болып отыр. Сондықтан биылдан бастап біз 20 өңірге мониторингтік топ жібердік. Бұл тек тексеру емес, жұмысты жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді»,

— деді министр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мақсат - цифрландыру арқылы алаяқтыққа жол бермеу - Ермек Көшербаев

🔺Журналисттер қойған сұрақтың бірі жәрдемақыны 6 санатқа бөліп жатқаны туралы болды. «Жәрдемақылардың қатары қысқарып кетпей ме?» деп сұрады олар.

«Республикалық бюджеттен 41 әлеуметтік төлемдер жасады. Бірақ жүріп жатқан жоба оған әсер етпейді. Одан бөлек жергілікті атқарушы органдарда мектепте тамақтандыру, жатақханадан бөлме беру сияқты 11 қосымша мемлекеттік қолдау көресетіледі. Қазір біз осы көмектерді цифрландырып жатырмыз. Ондағы мақсат - мемлекеттік қолдау нақты мұқтаж отбасыларға берілуі керек. Мұнда 6 кластер белгіленген. Мәселен, төтенше қажеттілік, жәй қажеттілік, салыстырмалы тұрақтылық деп кете береді. Ең соңғы 6-кластер мұндай көмекке мұқтаж емес отбасылар санатын білдіреді, яғни, жоғары әл-ауқатты деп айқындалады да, олар мемлекеттік қолдауды алмайды. Сондықтан мұндағы өзгерістер тек мемлекеттік қосымша қолдауға қатысты жасалып жатыр. Үрдістер цифрландыру және барлық уәкілетті органдардың бірыңғай платформада жұмыс істеуі мақсатында»,

деп жауап берді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев.

⚫️Оны Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев толықтырды. Ол мұндағы мақсат - ең бірінші әлеуметтік әділдікті орнату, екінші әлеуметтік алаяқтықты тоқтату екенін атап өтті.

«Өзіңіз білесіз, бізде мемлекеттік органдар бар, орталық немесе жергілікті органдар болсын цифрландыру аяғына дейін жеткізілмеген. Кімнің не істеп жатқанын базасы арқылы тексере алмаймыз. Көп нәрсені қағазбен алып келеді. Оны жоба бойынша тексергенде бірқатар мәселелер анықталып жатады. Мысалы,бір отбасы жағдайы қиын деп саналып, жергілікті бюджеттен, орталық бюджеттен және сақтандыру қорынан да ақша алып отырған. Ал оны қалай істеген? Әуелде оны біреу «үйі жоқ, машинасы жоқ, көп балалы отбасы» деп жазып берген. Оны апарып ХҚКО арқылы тіркеген. Ал цифрландыру жүріп бірте-бірте деректер базасы бір біріне қосылғанда олардың екі қабатты үйі бар, екі машинасы бар екені анықталған. Көптеген тұрмыстық техника алған несиелері болған. Міне, мұндағы мақсат осындай жағдайларға жол бермеу, цифрландыру және сол арқылы оңтайландыра отырып, алаяқтыққа жол бермеу», —

деді ол.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады
 
📌Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Онда жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
     
🔵Кездесу барысында тараптар стратегиялық әріптестік пен одақтастыққа негізделген Қазақстан мен Ресей арасындағы сенім мен сындарлы диалогтің жоғары деңгейін атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $27,8 млрд-қа жетті, 2025 жылғы қаңтар-мамырда $9,6 млрд-ты құрады.
     
«Мемлекеттер басшыларының тапсырмасы бойынша біз өзара сауда көлемін $30 млрд-қа дейін ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Инвестициялық ынтымақтастықта зор мүмкіндіктер бар. Жалпы, екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын шешуде ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тиімді қызметін атап өткім келеді», –

деді Олжас Бектенов.
     
🔺Екі мемлекет арасындағы әріптестікті тереңдету аясында осы жылдың күзінде Орал қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумының дайындық барысына ерекше назар аударылды.

✔️Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық басым бағыттар бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін жеткізді.



Олжас Бектенов и Михаил Мишустин обсудили ход реализации договоренностей, достигнутых на высшем уровне
 
📌
Состоялась встреча Премьер-министра Республики Казахстан Олжаса Бектенова с Председателем Правительства Российской Федерации Михаилом Мишустиным. Обсуждены вопросы практической реализации достигнутых договоренностей на высшем уровне.

🔵В ходе встречи стороны отметили высокий уровень доверия и конструктивного диалога между Казахстаном и Россией, основанного на стратегическом партнерстве и союзничестве. По итогам 2024 года объем взаимной торговли достиг $27,8 млрд, за январь-май 2025 года составил $9,6 млрд.

«По поручению Глав наших государств мы ведем целенаправленную работу по увеличению объема взаимной торговли до 30 миллиардов долларов. Имеются значительные возможности инвестиционного сотрудничества.  В целом хотел бы отметить эффективную деятельность Межправительственной комиссии по сотрудничеству в решении широкого круга вопросов двустороннего взаимодействия», –

отметил Олжас Бектенов.

🔺В рамках углубления партнерства между двумя государствами особое внимание также было уделено ходу подготовки XXI Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России, который пройдет осенью текущего года в городе Уральске.

✔️По итогам встречи стороны подтвердили готовность к дальнейшему углублению взаимовыгодного экономического сотрудничества между двумя странами по всем приоритетным направлениям.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Роман Скляр Инвестштабтың кезекті отырысын өткізді
 
Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті, оның барысында, сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері де қаралды.

Мәселен, агроөнеркәсіптік сектордағы екі жоба бойынша инвестициялар туралы келісімдердің негізгі шарттары мақұлданды. Бірінші жобада Tiryaki Agro түрік компаниясының қатысуымен астықты терең өңдеу кешенінің құрылысы қарастырылған. Оның жоспарланған өндірістік қуаттылығы жылына 250 мың тонна өңделген бидай мен 80 мың тонна бұршақты құрайды. Инвестициялардың жалпы көлемі - шамамен 160 млрд теңге.

📃Жиында екінші жобаның да шарттары бекітілді, ол – келесі бір түрік компаниясы YDA Group-тың  қатысуымен тыңайтқыштар мен пестицидтер өндіретін агрохимиялық кешен салу. Өндіріс қуаттылығы – жылына 150 мың тонна, инвестиция көлемі – 168 млрд теңге.

🔺Екі жоба да ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, импортты алмастыруға және қосылған құны жоғары өнім ассортиментін кеңейтуге бағытталған.

🌾Қазақстанда астық дайындаудың жыл сайынғы көлемі 16-17 млн тонна деңгейінде екенін және үштен бір бөлігі экспортқа кететінін ескере отырып қолға алынған өнімнің 260 түрін қамтитын ішкі өңдеуді дамыту бастамасы экономиканы әртараптандыру және агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуы үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

✔️Сонымен қатар инвестициялық штаб қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстарды да жалғастыруда. Басты назар нормативтік базаны жетілдіруге, әкімшілік кедергілерді азайтуға және экономиканың басым салаларында инвестициялық бастамаларды іске асыру үшін тұрақты жағдайлар қалыптастыруға салынған.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Роман Скляр Инвестштабтың кезекті отырысын өткізді   Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті, оның барысында, сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды…
Роман Скляр провел очередное заседание Инвестштаба

В Правительстве состоялось заседание Совета по привлечению инвестиций под председательством первого заместителя Премьер-министра Романа Скляра, в ходе которого также рассмотрены вопросы реализации инвестиционных проектов в агропромышленном комплексе.

В ходе заседания одобрены основные условия Соглашений об инвестициях по двум проектам в агропромышленном секторе. Первый проект предусматривает строительство комплекса по глубокой переработке зерна с участием турецкой компании «Tiryaki Agro». Планируемая производственная мощность составит 250 тыс. тонн переработанной пшеницы и 80 тыс. тонн гороха в год. Общий объем инвестиций – порядка 160 млрд тенге.

📃Утверждены условия по второму проекту – строительство агрохимического комплекса по производству удобрений и пестицидов с участием другой турецкой компании «YDA Group». Мощность производства составит 150 тыс. тонн продукции в год, при объеме инвестиций в размере 168 млрд тенге.

🔺Оба проекта направлены на развитие глубокой переработки сельхозсырья, повышение уровня продовольственной безопасности, импортозамещение и расширение ассортимента продукции с высокой добавленной стоимостью. 

🌾 При ежегодных объемах заготовки зерна в Казахстане на уровне 16-17 млн тонн и учетом того, что порядка трети идет на экспорт, развитие внутренней переработки, охватывающей до 260 видов продукции, открывает дополнительные возможности для диверсификации экономики и устойчивого роста агропромышленного комплекса.

✔️Кроме того, Инвестштаб продолжает системную работу по формированию благоприятного инвестиционного климата. В фокусе – совершенствование нормативной базы, снижение административных барьеров и обеспечение стабильных условий для реализации инвестиционных инициатив в приоритетных отраслях экономики.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов: «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық қозғалысқа және қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда сөз сөйледі.

⚫️Пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде Олжас Бектенов экологиялық қауіпсіздік әлемдік «жасыл» күн тәртібінің бір бөлігі ғана емес, кез келген елдің орнықты дамуы үшін маңызды шарт екенін атап өтті.

📍Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жүйелі түрде қабылданады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Бүгінде ол ауқымды экологиялық қозғалысқа және қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды. Табиғатқа, туған жерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл бастама аясында табиғи аумақтарды, су қоймаларының жағалауларын тазарту және ағаш отырғызу бойынша экоакциялар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

🔺Сондай-ақ, Үкімет экологиялық заңнаманы жаңғыртуда, табиғат қорғау саласына озық технологияларды енгізуде, экологиялық бақылауды цифрландыруда. Биоалуантүрлілікті қорғау қоры құрылуда, ерекше қорғалатын аумақтар желісі дамытылуда, тоғай бұғысы, құлан, арқар, қарақұйрық және қар барысы сияқты сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің популяциясы қалпына келтірілуде. Тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысын реинтродукциялау жұмыстары жүргізілуде.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов: «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық қозғалысқа және қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық…
Олжас Бектенов: «Таза Қазақстан» стала масштабным экологическим движением и неотъемлемой частью повседневной жизни казахстанцев

Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов выступил на первой Международной экологической конференции в г. Манжерок, Республика Алтай (Российская Федерация).

⚫️В ходе выступления на пленарном заседании Премьер-министр подчеркнул, что экологическая безопасность является не просто частью «зеленой» мировой повестки, а важным условием для устойчивого развития любой страны.

📍В Казахстане системно принимаются меры по защите окружающей среды. По поручению Президента Касым-Жомарта Токаева активно реализуется программа «Таза Қазақстан», которая стала масштабным экологическим движением и неотъемлемой частью повседневной жизни казахстанцев. Она направлена на формирование культуры бережного отношения к природе, родной земле: на постоянной основе организуются экоакции по очистке природных территорий, берегов водоемов и высадке деревьев.

🔺Также Правительством модернизируется экологическое законодательство, внедряются передовые природоохранные технологии, проводится цифровизация экологического контроля. Создается Фонд охраны биоразнообразия, развивается сеть особо охраняемых территорий, восстанавливается популяция редких и исчезающих видов животных, таких как тугайный олень, кулан, архар, джейран и снежный барс. Идет работа по реинтродукции туранского тигра и лошади Пржевальского.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Каспий маңы елдерін Каспийдің таяздануына қарсы күресте ынтымақтастыққа шақырды

Олжас Бектенов бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда сөз сөйлеу кезінде Каспий теңізінің таяздану проблемасын аймақтың негізгі сын-қатерлерінің бірі ретінде атап өтті.

🔺Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне назар аудартылып, Каспий маңы мемлекеттері арасындағы аймақтық өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін айтты.

«2000-шы жылдардың басынан бері Каспий теңізі деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Осы және өзге де проблемаларды зерттеу үшін Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылды. Ғалымдардың болжамдары көңіл көншітпейді. Осынау бірегей су айдынын сақтап қалу үшін барлық Каспий маңы мемлекеттерінің батыл үйлестірілген іс-қимылы қажет», —

деді Премьер-министр.

💧Су тақырыбына қатысты сөйлеген сөзінде Олжас Бектенов Арал маңындағы жағдайға да назар аударды. Бүгінде Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарады. Елімізде оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, Көкарал бөгеті нығайтылуда, Сырдария сағасы қайта қалпына келтірілуде, балық саласын қолдау және бұрынғы теңіздің кеуіп қалған түбін көгалдандыру бойынша жобалар іске асырылуда.

🔺Премьер-министр, сондай-ақ, мұздықтарды сақтауға бағытталған жұмыстардың да маңыздылығын атап өтті. Сарапшылардың болжамынша, 2100 жылға қарай Орталық Азия мұздықтарының көлемі айтарлықтай кішірейеді. Осыған байланысты Қазақстан Президентінің бастамасымен Эр-Рияд саммитінде мұздықтарды зерттеу және қорғау бойынша күш-жігерді біріктіретін «Су мұнаралары серіктестігін» құру ұсынылды. Алматыда ЮНЕСКО қамқорлығымен құрылып, өңірлік зерттеулердің жетекші платформасына айналған Орталық Азиялық өңірлік гляциологиялық орталық жұмыс істеп тұр.

Бұл ретте Қазақстанның су қоймаларын реттеуден бастап суды есепке алуды автоматтандыруға дейінгі бірлескен гидротехникалық жобаларды іске асыруға дайын екендігі атап өтілді.

💬 Премьер-министр форум өтіп жатқан орынның символдық мәніне де назар аудартты. Алтай өлкесі - түркі өркениетінің бесігі, әрі мәдени-гуманитарлық өзара әріптестіктің маңызды элементі.

✔️Пленарлық отырысқа Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Премьер-министрі Адылбек Касымалиев, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, сондай-ақ Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Нокергулы Атагулыев қатысты. Жиында Каспийдің таяздануы, мұздықтардың еруі және биоалуантүрлілікті сақтау мәселелерімен қатар қоршаған ортаны қорғау саласында заманауи технологияларды қолдану, су ресурстарын басқаруға инновациялық шешімдерді енгізу және трансшекаралық экотуризмді дамыту жайы талқыланды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM