UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.84K videos
8.29K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
Олжас Бектенов Президенттің көші-қон саласындағы тапсырмасының орындалуы туралы: Өңіраралық диспропорция және көші-қон ағындарын бірыңғай есепке алудың болмауы сияқты барлық өзекті мәселелер бойынша жүйелі әрі кешенді шешімдер қабылдануы тиіс Премьер-министр…
Премьер-министр 2025 жылдың 1 қарашасына дейін барлық дерекқорларды толығымен интеграциялай отырып, көші-қон процестерін есепке алудың Бірыңғай цифрлық платформасын енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды

Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов көші-қон процесстерін ашық және дәл есепке алуды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

«Айта кету керек, соңғы 2 жылда Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктердің саны бір жарым есеге артқан. Заңды бұзу фактілері де бар.
Мәселен, осы жылдың мамыр айында жедел профилактикалық шаралар барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды. Мұндай жағдайлардың уақтылы жолын кесу керек.
Ол үшін цифрлық құралдарды белсенді түрде енгізу қажет. Мигранттардың қозғалысын жүйеге келтіріп, толыққанды мониторинг жүргізу үшін шекарадан өткен кезде берілетін көшіп-қонушының ID-картасын енгізу жұмысын жеделдеткен жөн»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Еңбек және цифрлық даму министрліктеріне осы жылдың 1 қарашасына дейін барлық дерекқорларды толығымен интеграциялай отырып, көші-қон процестерін есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасын енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.



Премьер-министр поручил запустить Единую цифровую платформу учета миграционных процессов с полной интеграцией всех баз данных до 1 ноября 2025 года

В ходе заседания Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул важность обеспечения прозрачного и точного учета миграционных процессов

«Необходимо отметить, что за 2 года выросло в полтора раза число постоянно проживающих иностранцев в Казахстане. Имеются факты нарушений.
К примеру, только в мае текущего года в ходе оперативно-профилактических мероприятий было выявлено свыше 7 тысяч нарушений миграционного законодательства. Это нужно своевременно пресекать.
Требуется активное внедрение цифровых инструментов. Для систематизации и сквозного мониторинга передвижения мигрантов следует ускорить работу по внедрению ID-карты мигранта, которая будет выдаваться при пересечении границы»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

Министерствам труда и социальной защиты населения, цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности поручено обеспечить запуск Единой цифровой платформы учета миграционных процессов с полной интеграцией всех баз данных до 1 ноября текущего года.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Президенттің көші-қон саласындағы тапсырмасының орындалуы туралы: Өңіраралық диспропорция және көші-қон ағындарын бірыңғай есепке алудың болмауы сияқты барлық өзекті мәселелер бойынша жүйелі әрі кешенді шешімдер қабылдануы тиіс Премьер-министр…
Жұмысқа орналастырумен айналысатын жеке агенттіктер лицензия бойынша жұмыс істеуі тиіс – Олжас Бектенов еңбек миграциясын реттеу тетіктері туралы

Үкімет отырысында қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастырумен айналысатын жеке агенттіктердің қызметін реттеу мәселесіне назар аударылды.


Премьер-министр мұндай жеке агенттіктердің қызметін қадағалау тетіктерінің жоқтығына баса назар салды. Олардың жауапкершілік параметрлері белгіленбеген.

«Жыл соңына дейін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін лицензиялау бөлігінде тиісті заңнамалық өзгерістер әзірленуі қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



Частные агентства занятости должны работать по лицензии – Олжас Бектенов об инструментах регулирования трудовой миграции

На заседании Правительства внимание уделено вопросу регулирования деятельности частных агентств, занимающихся трудоустройством казахстанцев за рубежом.


Премьер-министр акцентировал внимание на том, что в настоящее время отсутствуют инструменты контроля за работой таких агентов, не установлены параметры ответственности.

«Необходимо до конца текущего года разработать соответствующие законодательные изменения по лицензированию деятельности частных агентств занятости»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Президенттің көші-қон саласындағы тапсырмасының орындалуы туралы: Өңіраралық диспропорция және көші-қон ағындарын бірыңғай есепке алудың болмауы сияқты барлық өзекті мәселелер бойынша жүйелі әрі кешенді шешімдер қабылдануы тиіс Премьер-министр…
Үкіметте өңірлік дамуға басымдық беретін ҚР Көші-қон және демографиялық саясат тұжырымдамасының жобасы әзірленбек

Үкімет отырысының соңында Премьер-министр бірқатар тапсырма берді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 1 қазанына дейін Үкіметке Қазақстан Республикасының көші-қон және демографиялық саясат тұжырымдамасының жобасын енгізу тапсырылды. Ол әзірленіп жатқан 2030 жылға дейінгі өңірлік саясат тұжырымдамасымен сәйкес болуы тиіс.

Этникалық көшіп-қонушыларға елге келгенге дейін алдын ала сауалнама жүргізу құралдарын енгізу міндеті қойылды. Бұл қандастардың жеке және кәсіби артықшылықтарын бағалауға мүмкіндік береді. Оларды еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге назар аудартылды.

ІІМ мен барлық мүдделі мемлекеттік органдарға көші-қон заңнамасын бұзған үшін әкімшілік жауапкершілік шараларын қатаңдату тапсырылды. Одан бөлек, жалпы көші-қон саласындағы қауіпсіздік мәселелерін күшейту қажет.


В Правительстве разработают Концепцию миграционной и демографической политики РК с учетом приоритетов регионального развития

По завершении заседания Правительства Премьер-министр дал ряд поручений.


Министерству труда и социальной защиты населения совместно с заинтересованными госорганами до 1 октября текущего года необходимо внести в Правительство проект Концепции миграционной и демографической политики Республики Казахстан с учетом необходимости гармонизации с разрабатываемой Концепцией региональной политики до 2030 года.

Поставлена задача по внедрению инструментов предварительного опроса этнических мигрантов до их прибытия в страну для оценки личных и профессиональных предпочтений кандасов. Внимание уделено важности информационно-разъяснительной работы по их привлечению в северные и восточные регионы страны.

МВД и всем заинтересованным госорганам поручено обеспечить ужесточение мер административной ответственности за нарушение миграционного законодательства. Кроме того – в целом усилить вопросы безопасности в сфере миграции.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесін арттыруда жалғастыруда – Олжас Бектенов 📈 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі үлкен экспорттық әлеуетке ие екенін атап өтті. Бүгінде…
Қазақстанда металлургиялық кәсіпорындарда цифрлық шешімдер енгізілуде

Металлургиялық кәсіпорындарды цифрландыру – күрделілігі жоғары, кешенді үдеріс. ERG бұл жұмысты іргетасынан бастады. Бүгінде металлургиялық зауыттарда 250 мыңнан астам сигнал цифрлық жүйеге жинақталды. Сол негізде өндірісті басқарудың MES цифрлық жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгізілді. Бұл туралы компанияның бас директоры Серік Шахажанов мәлімдеді.

💻 Мәселен, Ақтөбе ферроқорытпа зауытында нақты уақыттағы негізгі параметрлерді көрсете отырып, цифрлық егіз құрылды. 2026 жылы «Зияткерлік цех» пилоттық жобасын іске қосу жоспарлануда.

📉 ERG кәсіпорындарында машиналық көру жүйелері кеңінен қолданылып, елеулі нәтижелер беруде. Мысалы, Дөң кен-байыту комбинатында енгізілген интеллектуалды конвейер жүйесі жабдықтардың қызып кетуіне байланысты тоқтап қалу уақытын 75%-ға қысқартқан. «Восточный» кенішінде бұл технология экскаватор шөмішінің тістерінің сынуын, кен мен көмірдің тым ірі кесектерін автоматты түрде бақылайды.

📍 Ал Ақсу ферроқорытпа зауытында машиналық көру технологиясы тәулігіне 900 вагонға дейін қызмет көрсететін вагондар паркін басқарады.



В Казахстане внедряются цифровые решения на металлургических предприятиях

На металлургических заводах группы «ERG» собрано более 250 тыс. сигналов для создания системы оперативного управления производством - MES, которая сегодня является основным цифровым советчиком для металлургов. Об этом сообщил генеральный директор компании Серик Шахажанов.

💻 Так, например, на актюбинском заводе ферросплавов создан цифровой двойник с отображением ключевых параметров в реальном времени. В 2026 году планируется запуск пилотного проекта «интеллектуального цеха».

📉 Значительные результаты демонстрирует и применение систем машинного зрения. На Донском ГОКе на 75% сократились простои конвейерных лент, вызванные перегревом. На разрезе «Восточный» система отслеживает поломки ковшей, а на Аксуском заводе автоматизировано управление движением до 900 вагонов в сутки.

📍Кроме того, технологии машинного зрения используются для мониторинга безопасного поведения сотрудников, что повышает уровень промышленной безопасности на предприятиях группы.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Президенттің көші-қон саласындағы тапсырмасының орындалуы туралы: Өңіраралық диспропорция және көші-қон ағындарын бірыңғай есепке алудың болмауы сияқты барлық өзекті мәселелер бойынша жүйелі әрі кешенді шешімдер қабылдануы тиіс Премьер-министр…
Бір жыл ішінде көші-қон саласында 2,4 миллион қызмет цифрлы форматта көрсетілді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысы барысында көші-қон саласын цифрландыру жайы туралы баяндады.

💬 Оның айтуынша, есепті жылы азаматтар мен ұйымдар үшін көші-қон саласында 23 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 13-і онлайн режимде қолжетімді болған. Барлығы бір жыл ішінде цифрлық форматта 2,4 миллион қызмет көрсетілді.

🔹Келесі мемлекеттік қызметтер анағұрлым көп сұранысқа ие болып отыр:

▪️ҚР азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру (қағаз түрінде);
▪️ҚР азаматтарын тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу;
азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;
▪️ҚР-да шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру;
▪️уақытша жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН жасау және түзету.



2,4 млн госуслуг в сфере миграции оказано в цифровом формате за год

Министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев на заседании Правительства доложил о ходе цифровизации в сфере миграции.

💬Он отметил, что в отчетном году гражданам и организациям доступно 23 госуслуги в сфере миграции, из которых 13 в онлайн формате. Всего за год в цифровом виде оказано 2,4 млн услуг.

🔹Наибольшим спросом пользуются следующие госуслуги:

▪️выдача паспортов и удостоверений личности гражданам РК (в бумажном формате);
▪️ регистрация по месту жительства граждан РК;
▪️снятие с регистрации по месту жительства граждан;
▪️ выдача иностранцам и лицам без гражданства разрешения на временное проживание в РК;
▪️формирование и корректировка ИИН иностранцам и лицам без гражданства, временно пребывающим.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Президенттің көші-қон саласындағы тапсырмасының орындалуы туралы: Өңіраралық диспропорция және көші-қон ағындарын бірыңғай есепке алудың болмауы сияқты барлық өзекті мәселелер бойынша жүйелі әрі кешенді шешімдер қабылдануы тиіс Премьер-министр…
Жоғары білікті IT-мамандарын Қазақстанда жұмыс істеуге тарту жалғасуда

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысы барысында жоғары білікті IT-мамандары үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

💬 Ол жоғары білікті IT-мамандары үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру және олардың еліміздің экожүйесіне интеграциялануы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Digital Nomad Residence және Digital Nomad Visa бағдарламалары іске қосылғанын атап өтті.

🔹Бірінші бағдарлама тұруға ықтиярхатты толығымен онлайн-форматта алуға мүмкіндік береді. Бұған дейін бұл үшін елімізге өз аяғымен келуі, ЖСН мен электрондық цифрлық қолтаңба алуы және кірісін растауы талап етілетін. Бүгінде бұл процесс толықтай қашықтан жүзеге асатын болды. Өтініш беру astanahub.com және egov.kz сайттары арқылы жүзеге асырылады. ЖСН мен ЭЦҚ-ны шетелдік мекемелер арқылы да рәсімдеуге болады, кірісті растау енді талап етілмейді. Бұл шетелдік ІТ-мамандардың кіруін және заңдастыру мәселелерін айтарлықтай жеңілдетті.

🔹Екінші бағдарлама – цифрлық көшпенділерге арналған мамандандырылған виза. Бағдарлама Қазақстанда өз мамандығы бойынша 1 жыл мерзімде жұмыс істеуге және елде әрі қарай тұруға ыхтиярхат алуға мүмкіндік береді. Ол онлайн рәсімделеді және ел аумағында алғаш рет цифрлық көшпенділердің еңбек қызметін заңдастырып отыр.

✔️Бүгінде бағдарламаға қатысуға 204 өтінім түсті. Алжир мен Ботсван азаматтарына алғашқы 2 виза берілді.

«Бұл бағдарламалар – цифрлық таланттарды тартуға бағытталған заманауи және технологиялық көші-қон саясатын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам»,

- деді Жаслан Мәдиев.



Высококвалифицированных IT-специалистов привлекают работать в Казахстан

Министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев на заседании Правительства доложил о проводимой работе по повышению привлекательности Казахстана для высококвалифицированных IT-специалистов.

💬 Он отметил, что в целях повышения привлекательности Казахстана для высококвалифицированных IT-специалистов и создания комфортных условий для их интеграции в экосистему страны были запущены программы Digital Nomad Residency и Digital Nomad Visa.

🔹Первая программа позволяет получить вид на жительство полностью в онлайн-формате. Ранее для этого требовалось личное прибытие в страну, получение ИИН и ЭЦП, а также подтверждение дохода. Сегодня процесс стал полностью дистанционным. Подача осуществляется через сайты astanahub.com и egov.kz. ИИН и ЭЦП можно оформить через загранучреждения, подтверждение дохода больше не требуется. Это значительно упростило въезд и легализацию для иностранных IT-специалистов.

🔹Вторая программа – специализированная виза для цифровых кочевников. Программа позволяет работать в Казахстане по своей профессии сроком до 1 года с возможностью дальнейшего получения ВНЖ. Оформляется онлайн и впервые легализует трудовую деятельность цифровых кочевников на территории страны.

✔️На сегодняшний день получены 204 заявки на участие в программах. Выданы первые 2 визы гражданам Алжира и Ботсваны.

«Эти программы – важный шаг на пути формирования современной и технологичной миграционной политики, ориентированной на привлечение цифровых талантов»,

— добавил Жаслан Мадиев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Президенттің көші-қон саласындағы тапсырмасының орындалуы туралы: Өңіраралық диспропорция және көші-қон ағындарын бірыңғай есепке алудың болмауы сияқты барлық өзекті мәселелер бойынша жүйелі әрі кешенді шешімдер қабылдануы тиіс Премьер-министр…
Шетелдіктер бизнес ашу үшін елге келмей-ақ АХҚО-ның юрисдикциясында тіркеле алады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысы барысында Қазақстанға келген шетелдіктерге қолайлы жағдай туғызу үшін жасалып жатқан мобильді қосымшалар туралы айтып берді.

📲 Соның ішінде министр QazETA қосымшасын мысалға келтірді.
Бұл Қазақстандағы шетелдіктерге арналған мобильді қосымша, ол оларға бірқатар сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Олардың ішінде:

▪️цифрлық мемлекеттік қызметтер бөлігінде – виза алу, болу орны бойынша тіркелу және өзге де көші-қон сервистері;
▪️туризм бөлігінде – көрікті жерлер, турлар, қонақүйлерді брондау, билеттерді сатып алу және т.б.;
байланыс және көлік бөлігінде – SIM-карталарды сатып алу, авто, такси жалдау, қоғамдық көліктің кестесі мен төлемі;
▪️бизнес және инвестициялар бөлігінде – Astana Hub, Астана халықаралық қаржы орталығы, сондай-ақ B2B-қызметтер туралы ақпаратқа қол жеткізу;
▪️қауіпсіздік бөлігінде – шұғыл байланыстар, медициналық қызметтер туралы ақпараттар бар.

«2025 жылғы 15 шілде күні пилоттық жоба аясында QazETA мобильді қосымшасы Playmarket-те орналастырылды. AppStore алаңында қосымшаны орналастыруды осы айдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарлануда. Бұдан басқа, биылғы қазан айында қосымша шеңберінде 2 жаңа процесс іске қосылады. Олар – ETA (Electronic Travel Authorization) - визасыз елдерге кіруге рұқсат беру; E-residency – шетелдіктер үшін жаңа мүмкіндік. Қазір бұл екеуі бойынша заңнамаға пысықтау жүргізіліп жатыр. Соңғысы (E-residency) Эстония мен Сейшелдің тәжірибесіне сай, бизнес ашу үшін елге келмей-ақ Астана халықаралық қаржы орталығы юрисдикциясында резиденттікті тіркеуге мүмкіндік береді»,

— дейді Жаслан Мәдиев.



Иностранцы смогут регистрироваться в юрисдикции МФЦА для открытия бизнеса без посещения страны

Министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев на заседании Правительства рассказал о разрабатываемых мобильных приложениях для удобства пребывания иностранцев в Казахстане.

📲 В частности, министр в качестве примера привел мобильное приложение QazETA. Это приложение по онбордингу иностранцев в Казахстане, которое предоставляет им доступ к ряду сервисов.

Среди них:

▪️Цифровые госуслуги - получение визы, регистрация по месту пребывания и иные миграционные сервисы.
▪️Туризм - информация о достопримечательностях, турах, бронирование гостиниц, покупка билетов и другое.
▪️Связь и транспорт - покупка SIM-карт, аренда авто, такси, график и оплата общественного транспорта.
▪️Бизнес и инвестиции - доступ к информации об Astana Hub, МФЦА, а также B2B-услугам.
▪️Безопасность - экстренные контакты, медицинские услуги.

«15 июля 2025 г. в рамках пилотного проекта мобильное приложение QazETA было размещено в Playmarket. На площадке AppStore размещение приложения планируется осуществить до конца этого месяца. Кроме этого, в октябре текущего года в рамках приложения будут запущены 2 новых процесса, по которым идет проработка законодательства: ETA (Electronic Travel Authorization) - выдача разрешений на въезд для безвизовых стран; E-residency – новая возможность для иностранцев, на примере опыта Эстонии и Сейшел – предоставление возможности регистрации резидентства в юрисдикции МФЦА для открытия бизнеса без посещения страны»,

— добавил Жаслан Мадиев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жұмысшы мамандықтары жылы: Ақмола облысында Республикалық жастар слеті басталды

🔺Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Республикалық слет өз жұмысын бастады. Еліміздің барлық өңірінен келген 100-ден астам белсенді жастар жұмысшы мамандықтарының болашағын талқылап, шеберліктерін шыңдап, жаңа серпін мен шабыт алуға жиналды. Іс-iараның ашылуына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және т. б. қатысты.

✔️Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев слет қатысушыларын құттықтап, жұмысшы мамандықтарының ел дамуындағы маңызды рөлін атап өтті:

«Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Мұнда мәселе тек бір саланың мамандарын даярлау туралы ғана емес, жалпы еңбекке деген көзқарасты қайта қарау туралы болып отыр. Ұзақ уақыт бойы жұмысшы кәсіптеріне қатысты қоғамда стереотиптер қалыптасып келді. Бүгінде жағдай өзгерді. Қазіргі жұмысшы — жаңа технологияларды меңгерген, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман. Мемлекет ретінде біз еңбекті қадірлеу дәстүрін қайта жаңғыртып, жұмысшы еңбегіне лайықты құрмет қайтару үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Өйткені индустриялық даму, өндірісті жаңғырту, экономикалық тұрақтылық – бәрі ең алдымен сіздердің еңбектеріңізге тікелей байланысты. Осы өзгерістердің өзегінде – сіздер, жас мамандар тұрсыздар»,

— деді Ермек Көшербаев.



Год рабочих профессий: в Акмолинской области стартовал Республиканский слет молодежи

🔺В Щучинске стартовал Республиканский слет студентов организаций технического и профессионального образования. Более 100 активных и перспективных ребят со всех регионов страны собрались, чтобы обсудить перспективы рабочих профессий, прокачать навыки и получить вдохновение на будущее. В открытии мероприятия приняли участие заместитель Премьер-министра Ермек Кошербаев, министр просвещения Гани Бейсембаев, аким Акмолинской области Марат Ахметжанов, депутаты Мажилиса Парламента РК и др.

✔️Заместитель Премьер-министра Ермек Кошербаев поприветствовал участников слета, отметив ключевую роль рабочих профессий в развитии страны:

«Глава государства объявил  2025 год - Годом рабочих профессий.  Речь идет не просто о подготовке кадров для одной отрасли, а о переосмыслении роли профессий, на которых держится вся экономика страны. Долгое время отношение к рабочим специальностям формировалось через стереотипы. Но сегодня ситуация изменилась. Рабочий – это современный, высококвалифицированный специалист, владеющий технологиями, востребованный на рынке труда. И мы, как государство, делаем все, чтобы вернуть труду заслуженное уважение, потому что без них невозможно индустриальное развитие, модернизация производства и экономическая устойчивость. В центре этой трансформации – вы, молодые профессионалы»,

– отметил Ермек Кошербаев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту жөніндегі шаралар кешенін дайындайды

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту және денсаулық сақтау мекемелеріндегі қауіпсіздікті арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді.

Оған Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ішкі істер министрі Ержан Сәденов және әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова қатысты.

🔺Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдан бері Қазақстанда дәрігерлерге, фельдшерлерге, медбикелерге және басқа да денсаулық сақтау қызметкерлеріне жасалған шабуылдардың 170-тен астам фактісі тіркелген.

💬 Ал денсаулық сақтау министрі хабарлағандай, дәрігерлерге жасалған шабуылдарды құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жеке басына қауіп төндіру әрекетімен теңестіру, сондай-ақ медиктерге смарт-бейнежетондар беру, ауруханаларда кешенді күзет жүйелерін енгізу және қабылдау бөлімшелерінде тәулік бойғы полиция бекеттерін орналастыруды көздейтін бірқатар заңнамалық түзетулерді дайындау басталған.

✔️Олжас Бектенов медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалуын қамтамасыз ету қажет. Дәрігерлерге шабуыл жасалған мұндай оқиғалар құқықтық әдістермен қатаң түрде тоқтатылуы керек. Осыған байланысты денсаулық сақтау, ішкі істер, әділет министрліктеріне он күн мерзім ішінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны үшін қылмыстық жаза қарастыру бойынша заңнамалық түзетулер әзірлеп, енгізуді тапсырамын», —

деді Премьер-министр.

🚨Ішкі істер министрінің мәліметінше, ауруханалар мен перинаталдық орталықтардың қабылдау бөлмелерінде тәулік бойғы полиция бекеттері қойылған. Барлығы 115 денсаулық сақтау нысаны қорғауға алынды. Кикілжіңдерге жедел ден қою мақсатында маршруттық патрульдер көрсетілген мекемелерге жақын орналастырылды. Қазіргі уақытта медициналық мекемелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жекелеген шаралар қабылданды.

Бұдан бөлек, халық арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту жөніндегі шаралар кешенін дайындайды Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту және денсаулық сақтау мекемелеріндегі…
По поручению Главы государства Правительство подготовит комплекс мер по усилению защиты медработников

Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание о ходе исполнения поручений Президента Касым-Жомарта Токаева по усилению защиты медицинских работников и повышению безопасности в учреждениях здравоохранения. 

В совещании приняли участие заместитель Премьер-министра Ермек Кошербаев, министры здравоохранения Акмарал Альназарова, внутренних дел Ержан Саденов и вице-министр юстиции Лаура Мерсалимова.

🔺По данным Министерства здравоохранения, с 2019 года в Казахстане зарегистрировано более 170 фактов нападений на врачей, фельдшеров, медсестер и других работников здравоохранения.

💬 По словам Акмарал Альназаровой, начата подготовка ряда законодательных поправок, предусматривающих приравнивание нападений на медиков к посягательствам на сотрудников правоохранительных органов, а также внедрение смарт-видеожетонов, комплексных систем охраны в больницах и размещение круглосуточных полицейских постов в приемных отделениях. 

✔️Олжас Бектенов акцентировал внимание на важности обеспечения безопасности медработников.

«Необходимо обеспечить исполнение поручения Главы государства. Подобные инциденты с нападением на медиков должны решительно пресекаться правовыми методами. В этой связи поручаю министерствам здравоохранения, внутренних дел, юстиции в десятидневный срок разработать и внести законодательные поправки по уголовному наказанию за применение насилия в отношении медицинских работников при исполнении служебных обязанностей», —

отметил Премьер-министр.

🚨По информации министра внутренних дел, в приемных покоях больниц и перинатальных центров выставлены круглосуточные посты полиции. Всего взято под охрану 115 объектов здравоохранения. В целях оперативного реагирования на инциденты маршруты патрулирования приближены к указанным учреждениям. На данный момент отдельные меры по обеспечению безопасности в медицинских учреждениях уже предприняты.

Кроме того, дополнительно поручено усилить профилактическую и разъяснительную работу среди населения. 

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Президенттің тапсырмаларын орындау аясында авиация саласын дамыту және ұлттық жүк авиатасымалдаушыны құру мәселелері бойынша жиын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов авиация саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. Президенттің Қазақстанның авиациялық хаб ретіндегі рөлін күшейту, атап айтқанда, әуе тораптарын дамыту, жерүсті инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы қаралды. Ұлттық жүк авиатасымалдаушыны құру мәселесіне ерекше назар аударылды. 

🔸Көлік министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық авиакомпаниялар 7,2 млн жолаушы тасымалдаған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық. Әуежайларда жолаушыларға қызмет көрсету көлемі 14,4 млн адамға дейін артты. Қазіргі уақытта ішкі авиатасымалдар жалпы жиілігі аптасына 849 рейс болатын 61 бағдар бойынша орындалады.

🚧 Соңғы жылдары Қазақстанда 20 ұшу-қону жолағы, 19 терминал реконструкцияланды, Түркістанда жаңа әуежай салынды. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев биыл әуе кемелері паркін 16 бірлікке толықтыру күтіліп отырғанын, оның 6-уы бүгінде сатып алынғанын баяндады. Жалпы, 2030 жылдың соңына дейін флот 221 бірлікке дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ 2025 жылы 36 бағдарды ашу және жаңарту жоспарлануда. Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде авиация саласына барлығы шамамен $2,9 млрд тарту көзделіп отыр. Қаражатты ірі жобаларды жүзеге асыруға, атап айтқанда, Катонқарағай, Зайсан, Кендірлі, сондай-ақ Арқалық туристік аймақтарында жаңа әуежайлар салу, 10 ұшу-қону жолағы мен 10 терминалды реконструкциялау, арнайы техника паркін жаңарту жұмыстарына жұмсалмақ.

✈️ Жиында сондай-ақ жүк авиакомпаниясын құру жөніндегі бастаманың іске асырылу барысы қаралды. Бұл жоба әлемдік жүк авиатасымалы нарығының тұрақты өсуіне байланысты қолға алынғалы отыр. Бүгінгі таңда ондағы көлем 57,7 млн тоннаны құрайды, бұл ретте тасымалдардың шамамен 15%-ы Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы өтеді.

✔️«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов әлемдік тәжірибеге сәйкес бастапқы кезеңде үш әуе кемесін жалға алып, кейіннен флотты он бірлікке дейін кеңейту көзделіп отырғанын баяндады. Ұлттық жүк авиатасымалдаушының операторлығымен алғашқы рейсті іске қосу 2026 жылдың басына жүзеге аспақ. Жоба өзін өзі ақтауы үшін отынмен қамтамасыз етудің кепілдендірілген көлемі қарастырылуда.

Премьер-министр жүк авиатасымалдаушыны құру бойынша барлық дайындық процестерін барынша жеделдетуді тапсырды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды аймақтағы жетекші авиациялық хаб ретінде күшейту міндетін қойды. Қазіргі таңда әуежай инфрақұрылымын және ішкі тасымалдарды дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Соның ішінде жүк авиатасымалдаушыны құру –  негізгі жобалардың бірі. Оны жүзеге асыру транзиттік жүк ағындарын Қазақстанға қарай бұруға мүмкіндік береді және жүк авиатасымалы нарығындағы біздің ұстанымымызды күшейтеді», —

деп атап өтті Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM