UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.84K videos
8.29K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Премьер-министр Президенттің тапсырмалары шеңберінде Ұлытау облысының ЖЭО және тазарту нысандарын реконструкциялау барысын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.


🛠Жезқазған ЖЭО алаңында Премьер-министр алдағы 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымын ескере отырып, стансаны жөндеу жөніндегі жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Президенттің жылу көздерін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Жезқазған ЖЭО 2024 жылы «қызыл аймақтан» шығарылған болатын. Онда 2023-2024 жылдары қазандық пен турбиналық цехтарды күрделі жөндеу нәтижесінде жабдықтардың тозуы төмендетілді.

⚡️ Белгіленген қуаты 252 МВт және жылу қуаты 564 Гкал/сағат болатын электр стансасы қазіргі уақытта 175 МВт электр энергиясы мен 363 Гкал/сағат жылу беріп тұр. Өнеркәсіп кәсіпорындары да, тұрғындар да электрмен және жылумен қамтылған.

💬 «Қазақмыс Энерджис» ЖШС бас директоры Темірлан Өтегенов техникалық тозуды азайту үшін негізгі жабдықтарға, оның ішінде екі қазандық пен екі турбинаға күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілгенін хабарлады. Қазіргі уақытта №7 қазандық пен №7 турбинада жұмыстар жалғасуда. Жөндеу жұмыстары, соныңм ішінде, тарифтердің кезең-кезеңімен өсуінің арқасында да жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында біз Жезқазған ЖЭО-да ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүзеге асырып жатырмыз. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жа жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда тарифтер өзін-өзі ақтап отыр, стансамыздағы бірде-бір учаскеде шығынға батыратын тарифтер жоқ, биыл қызметкерлердің жалақысы 10-15%-ға өсті. Біз Жезқазған учаскесінде кадр тұрақсыздығын азайту мақсатында жас отбасылар үшін тұрғын үй салмақпыз. 2026 жылы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз»,

- деді Темірлан Өтегенов.

📌 Премьер-министр тұрақты энергиямен қамтамасыз ету мәселелерінде жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Электр тұтыну қажеттілігін жабу және энергия жүйесінің маневрлігін арттыру үшін ЖЭО аумағында қуаты 75 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы басталды. Жоба аясында 80 жаңа жұмыс орны ашылады.

🚰 Жұмыс сапары барысында Олжас Бектенов Жезқазғанның шаруашылық және ауыз су тазарту нысандарын жаңғырту барысымен танысты.

💬 Қала әкімі Қайрат Шайжанов қазіргі уақытта өнімділігі тәулігіне 66 мың текше метр болатын кері осмосты мембраналық технологияны енгізу көзделген екінші кезең аяқталып жатқанын баяндады. Жобаның жалпы дайындығы 47%-ды құрайды, құрылыс 2026 жылдың соңында аяқталады деп күтілуде. Оны жүзеге асыру Жезқазғанды тұрақты және сапалы сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ тазарту нысандарының тозуын 90%-дан 37%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Жалпы өңірді сумен жабдықтау жерүсті және жерасты су көздері – Кеңгір су қоймасы мен Үйтас-Айдос кен орны есебінен жүзеге асырылатыны атап өтілді. Тазарту нысанының өндірістік қуаты тәулігіне 124 мың текше метрді құрайды.
⚙️ Сондай-ақ Премьер-министрдің назарына сорғы станцияларын, Есқұла су құбыры мен су тарту құрылыстарын қайта жаңартуды қоса алғанда, барлық сумен жабдықтаудың жүйесін жаңғыртуға бағытталған ілеспе жобалар ұсынылды.

ℹ️ Әкімдіктің ақпараты бойынша, шаруашылық және ауыз су нысандарын жаңғырту жобасы кестеден 125 күн кешіккен және жұмысшылар санының жетпеуіне байланысты жөндеу қарқыны төмен екенін атап өтілді. Мәселен, бұған дейін жария етілген 300-ден астам адамның орынына 30-ға жуық адам жұмыс істеуде. Премьер-министр шұғыл түрде мердігерге қатысты шара қабылдауды және жобаны көрсетілген сапалық көрсеткіштеріне сай етіп мерзімінде аяқтауды тапсырды.

«Сенімді жылу және электрмен жабдықтау, сапалы ауыз су – Президенттің тіршілікті қамтамасыз ету және өңірлерді орнықты дамыту мәселелерін шешуде қойған негізгі міндеттері. Барлық инфрақұрылымдық жобалар белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс. Бұл үшін жауапкершілік әр кезеңде тиісті қадағалауды қамтамасыз етуге міндетті әкімдіктерге де, салалық мемлекеттік органдарға да жүктеледі»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

📍Премьер-министр сондай-ақ «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытында болып, кәсіпорын өнімдерімен танысып, өндірістік цехтарды аралады.

📋 Жұмыс сапарының қорытындысында Премьер-министр барлық инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы аяқтау, сондай-ақ реконструкциялаудың жаңа кезеңдерін қаржыландыру мәселесін пысықтау жөнінде бірқатар тапсырма берді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛠Премьер-министр проверил ход реконструкции ТЭЦ и очистных сооружений области Ұлытау в рамках поручений Президента

Премьер-министр Олжас Бектенов в рамках рабочей поездки в область Ұлытау проверил исполнение поручений Президента по модернизации энергетической и коммунальной инфраструктуры.

🛠На площадке Жезказганской ТЭЦ Премьер-министр ознакомился с ходом реализации проекта по ремонту станции с учетом предстоящего отопительного сезона 2025 - 2026 годов. В рамках реализации поручений Президента по модернизации теплоисточников Жезказганская ТЭЦ была выведена из «красной зоны» в 2024 году благодаря снижению износа оборудования по итогам капитальных ремонтов котельного и турбинного цехов в 2023–2024 годах.

⚡️Электростанция с установленной мощностью 252 МВт и тепловой – 564 Гкал/час в настоящее время выдает 175 МВт электроэнергии и 363 Гкал/час тепла. Электро- и теплоснабжение обеспечивается как для промышленных предприятий, так и для населения.

💬 Генеральный директор ТОО «Казахмыс Энерджи» Темирлан Утегенов сообщил, что для снижения технического износа проведены капитальные и текущие ремонты ключевого оборудования, в том числе двух котлов и двух турбин. В настоящее время продолжаются работы на котле №7 и турбине №7.

«По поручению Президента мы проводим масштабную модернизацию Жезказганской ТЭЦ. В рамках реализации программы «Тариф в обмен на инвестиции» ведутся работы. Тарифы сегодня достаточно рентабельные, убыточных сейчас на станции ни на одном нашем участке уже нет.
В этом году также подняли заработную плату сотрудникам – рост от 10 до 15%. Приступаем к посадке (стадия планирования для последующего строительства) жилого дома для молодых семей, чтобы снизить кадровую текучку на Жезказганском участке. В 2026 году планируем начать строительство»,

– отметил Темирлан Утегенов.

📌Премьер-министр подчеркнул важность системной работы в вопросах обеспечения устойчивого энергоснабжения. Для покрытия электрической потребности и повышения маневренности энергосистемы начато строительство парогазовой установки мощностью 75 МВт на территории ТЭЦ. В рамках проекта будет создано 80 новых рабочих мест.

🚰 В ходе рабочей поездки Олжас Бектенов также ознакомился с ходом модернизации хозяйственно-питьевых очистных сооружений Жезказгана.

💬 Аким города Кайрат Шайжанов доложил, что в настоящее время завершается вторая очередь, в рамках которой предусмотрено внедрение мембранной технологии обратного осмоса производительностью 66 тыс. м3 в сутки. Общая готовность проекта составляет 47%, завершение ожидается в конце 2026 года. Его реализация позволит обеспечить стабильное и качественное водоснабжение Жезказгана, а также снизить износ очистных сооружений с 90% до 37%. Отмечено, что в целом водоснабжение региона осуществляется за счет поверхностных и подземных источников – Кенгирского водохранилища и Уйтас-Айдосского месторождения. Производственная мощность очистных сооружений составляет 124 тыс. м3 в сутки.
UKIMET
🛠Премьер-министр проверил ход реконструкции ТЭЦ и очистных сооружений области Ұлытау в рамках поручений Президента Премьер-министр Олжас Бектенов в рамках рабочей поездки в область Ұлытау проверил исполнение поручений Президента по модернизации энергетической…
⚙️ Премьер-министру также были представлены сопутствующие проекты, направленные на модернизацию всей системы водоснабжения, включая реконструкцию насосных станций, Эскулинского водовода и водозаборных сооружений.

ℹ️ По информации акимата, по проекту модернизации хозяйственно-питьевых очистных сооружений отмечается отставание от графика в 125 дней и низкая интенсивность ремонта из-за недостаточного количества рабочих – порядка 30 вместо заявленных свыше 300 человек. Премьер-министр поручил незамедлительно принять меры в отношении подрядчика и обеспечить завершение проекта в срок согласно указанным качественным показателям.

«Надежное тепло- и электроснабжение, качественная питьевая вода – ключевые задачи, поставленные Президентом в вопросах жизнеобеспечения и устойчивого развития регионов. Все инфраструктурные проекты должны быть завершены в установленные сроки. Ответственность за это лежит как на акиматах, так и на профильных государственных органах, которые обязаны обеспечить надлежащий контроль на каждом этапе», — подчеркнул Олжас Бектенов.

– подчеркнул Олжас Бектенов.

📍Премьер-министр также посетил Жезказганский медеплавильный завод ТОО «Kazakhmys Smelting», где ознакомился с продукцией предприятия и осмотрел производственные цеха.

📋 По итогам рабочей поездки Премьер-министр дал ряд поручений по своевременному завершению всех инфраструктурных проектов, а также проработке вопроса финансирования новых этапов реконструкции.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM