UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.84K videos
8.29K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Жыл басынан бері теңгенің бағамы 1%-ға нығайды - ҚР ҰБ

Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында теңгенің айырбастау бағамының динамикасы туралы баяндады.

Ол жыл басынан бері теңгенің бағамы бір доллар үшін 519,73 теңгеге дейін, яғни 1%-ға нығайғанын хабарлады.

Сыртқы факторлар бойынша әлемдік сауда соғыстарына байланысты нарықтағы құбылмалылық және Ресей рублінің нығаюы байқалады. Сонымен қатар, мұнай бағасы шамамен бір баррель үшін $70 доллар деңгейінде қалыптасты.

Ішкі факторлар бойынша жылдың алғашқы айларында ұлттық валютаны қолдауға импорттық сатып алудың қысқаруы мен экспорттаушылардың салық төлемдері есебінен валюта ұсынысының ұлғаюы әсер етті.

Сонымен бірге, өткен айдың екінші жартысынан бері валюта нарығында сұраныстың артуына байланысты теңгенің айырбастау бағамының маусымдық өзгерісі байқалады. Оған халық арасында демалыс кезеңінің басталуы, бюджеттік бағдарламалар мен мемлекеттік сатып алуды белсенді іске асыруға байланысты заңды тұлғалар жағынан долларға деген сұранысының өсуі негізгі факторы болды. Десе де, бұл өзгерістер қысқа мерзімді және бірқалыпты сипатқа ие.

«Жалпы сыртқы орта қалыпты. Ал ішкі факторлар маусымдық сипатқа ие. Бұл жағдайда айырбастау бағамының айтарлықтай өзгеруі үшін негіз жоқ. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады»,

— деді Тимур Сүлейменов.



С начала года курс тенге укрепился на 1% - Нацбанк РК


Председатель Национального банка РК Тимур Сулейменов на заседании Правительства доложил о динамике обменного курса тенге.
Он сообщил, что с начала года курс тенге укрепился на 1% до 519,73 тенге за доллар США
.

Со стороны внешних факторов наблюдается рыночная волатильность на фоне торговых войн в мире и укрепления российского рубля. Вместе с тем, цены на нефть формируются на уровне около $70/баррель.

Со стороны внутренних факторов в первые месяцы года поддержку национальной валюте оказывало снижение спроса на иностранную валюту вследствие сокращения импортных закупок и увеличение предложения валюты за счет налоговых выплат со стороны экспортеров.

В то же время, со второй половины июня на валютном рынке наблюдаются сезонные колебания обменного курса тенге на фоне увеличения спроса на иностранную валюту. Основными факторами являются начавшийся период отпусков среди населения и рост спроса на доллар со стороны юридических лиц, связанный с активной фазой реализации бюджетных программ и государственных закупок. Вместе с тем, данные изменения носят умеренный и краткосрочный характер.

«Учитывая сезонный характер внутренних факторов, благоприятный внешний фон, существенных предпосылок для значительного изменения обменного курса в текущих условиях не наблюдается. Национальный Банк продолжит придерживаться режима гибкого курсообразования, который исключает накапливание дисбалансов»,

— добавил Тимур Сулейменов.
Жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бері 7,4%-ға өсті - ҚР ҰБ

Жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бері 7,4%-ке өсіп, маусым айынгың соңында 112,3 млрд доллар болды. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында хабарлады.

Ол Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері жыл басынан бері 52 млрд долларға дейін яғни 13,5%-ке ұлғайғанын атап өтті.

Ұлттық қордың активтері жыл басынан 2,6%-ке ұлғайып, 60,3 млрд долларды құрады.

«Ұлттық қорға түсетін түсімдер жыл басынан 1,8 трлн теңге, ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт көлемі 3,1 трлн теңге болды. Ұлттық қордың 6 айдағы инвестициялық табысы 7,8% немесе 4,7 млрд доллар құрағанын атап өту қажет»,

— деді Тимур Сүлейменов.



Валовые международные резервы с начала года выросли на 7,4% - Нацбанк РК


Валовые международные резервы на конец июня т.г. составили $112,3 млрд, рост с начала года на 7,4%. Об этом сообщил председатель Национального банка РК Тимур Сулейменов на заседании Правительства.

Он отметил, что золотовалютные резервы Нацбанка увеличились с начала т.г. на 13,5% до $52 млрд.

Активы Национального фонда увеличились с начала т.г. на 2,6%, составив $60,3 млрд.

«Сумма поступлений в фонд с начала года составила 1,8 трлн тенге, а объем трансфертов из Нацфонда в республиканский бюджет – 3,1 трлн тенге. Отдельно отмечу, что инвестиционный доход Нацфонда за 6 месяцев т.г. составил 7,8% или $4,7 млрд»,

— добавил Тимур Сулейменов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда қаржы заңнамасына реформа жасалмақ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Қазақстанда қаржы заңнамасын реформалаудың үлкен пакеті дайындалуда. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында мәлімдеді.


Ол Ұлттық Банк макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыра беретінін атап өтті.

Инфляцияның өсу тәуекелін азайту үшін республикада дезинфляциялық саясат жүргізілмек. Ақша-кредит саясаты құралдарынан бөлек қосымша шаралар қабылданады.

✔️Алтын сатып алу шеңберінде валюталық операцияларды теңдестіру жалғаспақ.

✔️ Жеке тұлғалардың несиелері бойынша контрциклдік капитал буферін енгізу туралы шешім қабылданды.

✔️Банктер үшін міндетті резервтердің ең төменгі талаптарын арттыру жұмысы пысықталуда.

✔️ Активтерді басқару аясында Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының портфелінде жоғары кірістілікке ие активтердің үлесін ұлғайту көзделіп отыр.

✔️ Қаржы секторының цифрлық трансформациясы жалғасады. Цифрлық теңгені масштабтау жұмыстары жүргізіледі. Бұл цифрлық теңгені мемлекеттік қаржының жаңа бағыттарында енгізу мүмкіндіктерін пысықтауды қамтитын болады.

✔️Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің қаржы заңнамасы бойынша ауқымды реформалар топтамасы әзірленуде. Бұл топтамада банктер, төлемдер, бағалы қағаздар нарығын дамыту және басқа да мәселелер қамтылған. Оған қоса Цифрлық қаржы активтерін реттеуді және Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын енгізу жоспарлануда. Төлем нарығын одан әрі дамытуды жалғастырамыз. Аталған шаралар қаржы секторының экономиканы дамытуға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға қосып жатқан үлесін арттырады, оның дәстүрлі секторларына да, жаңа салаларға да серпін береді.



Реформу финансового законодательства проведут в Казахстане


В соответствии с поручением Главы государства в этом году в Казахстане готовится большой пакет реформ финансового законодательства. Об этом сообщил председатель Национального банка РК Тимур Сулейменов на заседании Правительства.

Он отметил, что Национальный Банк продолжит поддержание макроэкономической и финансовой стабильности, особенно в условиях растущей волатильности.
В республике будет проводиться дезинфляционная политика.

Помимо инструментов денежно-кредитной политики будут использоваться дополнительные меры:

✔️Продолжится зеркалирование валютных операций в рамках покупки золота.

✔️Принято решение о внедрении контрциклического буфера капитала по кредитам физлиц.

✔️. Активно ведется работа над инициативой по повышению минимальных резервных требований для банков.

✔️В рамках управления активами будет увеличиваться доля высокодоходных классов активов в Нацфонде и ЕНПФ.

✔️Продолжится цифровая трансформация финансового сектора. Будет проведено масштабирование цифрового тенге, в том числе путем внедрения в новых сферах государственных финансов.

✔️В соответствии с поручением Главы государства в этом году готовится большой пакет реформ финансового законодательства, в котором охвачены вопросы банковского сектора, платежей, рынка ценных бумаг и др. Также планируется введение регулирования цифровых финансовых активов, внедрение Национальной цифровой финансовой инфраструктуры и дальнейшее развитие платежного рынка. Это повысит вклад финансового сектора в развитие экономики и благосостояния граждан, даст толчок как его традиционным компонентам, так и новым секторам.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бюджет кірісі жоспардан асып түсті

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кірістердің орындалу қорытындыларын ұсынды.

Оның айтуынша, мемлекеттік бюджеттің кірісі шамамен 11 трлн теңгені немесе жоспарға 106,4% құрады.Республикалық бюджет 31 млрд теңгеден аса артығымен орындалып, 100,5% атқарылды. Бұл импортқа салынатын қосылған құн салығы, шикі мұнайға экспорттық кедендік баж және корпоративтік табыс салығы түсімдерінің есебінен қамтамасыз етілді.

Жергілікті бюджеттер де сенімді өсім көрсетті: кірістер 117% немесе 656,6 млрд теңгеге атқарылды. Жоспардың артығымен орындалуы жеке табыс салығы, корпоративтік табыс салығы және әлеуметтік салық есебінен қалыптасты. Өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда кірістердің өсу қарқыны мемлекеттік бюджет бойынша 118,8%, оның ішінде республикалық бюджет бойынша 122% және жергілікті бюджет бойынша 114,3% құрады.

Сонымен қатар, салықтық, кедендік әкімшілендірудің арқасында 492 млрд. теңге қосымша түсімдер қамтамасыз етілді. Жыл басынан бері қосылған құн салығын қайтару көлемі, өткен жылдың деңгейінен 12% артық орындалып, 768 млрд теңгені құрады.

«Бұл жай ғана цифрлардың өсуі емес – бұл экономикаға өтімділіктің нақты ағыны, экспорттаушыларды, өндірушілерді және аграрийлерді қолдау болып саналады. Мұндай серпінге, қосымша құн салығын қайтарудың жеңілдетілуімен және экспорттаушылардың өтінімдерін басымдық бере отырып қараумен қол жеткізілді. 2025 жылы өтемақылар/дың жалпы көлемі, шамамен 2 трлн теңге деңгейінде болжануда»,

– деді Мәди Тәкиев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бюджет кірісі жоспардан асып түсті Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кірістердің орындалу қорытындыларын ұсынды. Оның айтуынша, мемлекеттік…
📍 Доходы бюджета в первом полугодии 2025 года превысили план

На заседании Правительства под председательством Премьер-министра итоги исполнения доходов за первое полугодие 2025 года представил министр финансов Мади Такиев.

📊 По его словам, доходы государственного бюджета составили порядка 11 трлн тенге или 106,4% к плану.

💼 Республиканский бюджет исполнен на 100,5%, с перевыполнением более чем на 31 млрд тенге и обеспечен за счет НДС на импорт, ЭТП на сырую нефть и КПН.

📈 Местные бюджеты также показали уверенный рост: исполнение по доходам на 117% или на 656,6 млрд тенге.

🔺Перевыполнение плана сложилось за счет ИПН, КПН и социального налога.

🚀 Темп роста доходов по государственному бюджету к аналогичному периоду прошлого года составил 118,8%, по республиканскому бюджету 122% и по местному бюджету 114,3%.

💻 Наряду с этим, за счет мер по цифровизации, аналитическому отбору и контролю – обеспечены дополнительные поступления в размере 492 млрд тенге.

🔹С начала года объем возврата НДС составил 768 млрд тенге, или на 12% больше уровня прошлого года.

«Это не просто рост цифр – это реальный приток ликвидности в экономику, поддержка экспортеров, производителей и аграриев. Такая динамика обусловлена упрощением возврата и приоритетным рассмотрением заявок экспортеров. Общий объем возмещений в 2025 году прогнозируется на уровне порядка 2 трлн тенге»,

— сообщил Мади Такиев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бюджеттің негізгі шығыстары әлеуметтік блокқа бағытталған

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы шығыстардың орындалу қорытындыларын ұсынды.

Министр атап өткендей, мемлекеттік бюджет шығыстары 92%-ға, республикалық бюджет шығыстары 91,5%-ға, жергілікті бюджет шығыстары 96,3%-ға орындалды.

Республикалық бюджеттің негізгі шығыстары келесі салаларға бағытталды:

▪️әлеуметтік блокқа – 4,3 трлн теңге;
▪️өңірлерді қолдауға – 3,6 трлн теңге;
▪️нақты секторға – 800 млрд теңге бөлінді.

Барлық негізгі әлеуметтік міндеттемелер толығымен орындалды, соның ішінде:

▪️зейнетақы мен жәрдемақы – 3,2 трлн. теңге;
▪️өңірлерге субвенциялар – 2,9 трлн. теңге;
▪️міндетті медициналық сақтандыру қорына бағытталған нысаналы жарна сомасы – 794 млрд. теңгені құрады.

Жергілікті бюджеттер әлеуметтік сала мен негізгі қызметтердің басымдық бере отырып қаржыландырылды. Жалпы сома 8 трлн. теңгені құрады.



Основные расходы бюджета направлены на социальный блок


На заседании Правительства под председательством Премьер-министра итоги исполнения расходов за первое полугодие 2025 года представил министр финансов Мади Такиев.

Как отметил министр, Расходы государственного бюджета исполнены на 92%, республиканского - на 91,5%, местных бюджетов на 96,3%.

Основные расходы республиканского бюджета направлены на:

▪️социальный блок – 4,3 трлн тенге
▪️поддержку регионов – 3,6 трлн тенге;
▪️реальный сектор – 800 млрд тенге.

Исполнены все ключевые социальные обязательства, включая:

▪️пенсии и пособия - 3,2 трлн тенге;
▪️субвенции регионам – 2,9 трлн тенге;
▪️целевой взнос ФОМС – 794 млрд тенге.

Местные бюджеты обеспечили приоритетное финансирование социальной сферы и базовых услуг. Всего на 8 трлн тенге.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда заңсыз шығарылған активтер қаражаты есебінен 400 ден астам нысан салынуда

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев елге заңсыз шығарылған активтерді қайтару және осы қаражат есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс туралы баяндады.


Оның деректері бойынша мемлекетке қайтарылған активтер қаражаты есебінен Арнаулы мемлекеттік қорға 434,3 млрд теңге түсті.

Бүгінгі таңда осы қаражаттың ішінен 318,1 млрд теңге сомасына 406 әлеуметтік маңызы бар жоба қаржыландырылды, оның ішінде:

▫️Сумен жабдықтау және су бұру желісінің 230 жобасы;
▫️162 денсаулық сақтау жобасы;
▫️Білім беру саласындағы 10 жоба;
▫️Спорт саласындағы 4 жоба.



Более 400 объектов строятся в Казахстане за счет незаконно выведенных активов


На заседании Правительства под председательством Премьер-министра министр финансов Мади Такиев доложил о работе по возврату в страну незаконно выведенных активов и реализации за счет этих средств социально-значимых проектов.

По его данным, за счет возвращенных государству активов в Специальный государственный фонд поступило 434,3 млрд тенге.

На сегодня из этих средств профинансировано 406 социально-значимых проектов на сумму 318,1 млрд тенге, в том числе:

▫️230 проектов сети водоснабжения и водоотведения;
▫️162 проекта здравоохранения;
▫️10 проектов в сфере образования;
▫️4 проекта в сфере спорта.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның мемлекеттік қарызы белгіленген лимит шегінде қалады

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев мемлекеттік борыштың өзекті жай-күйі және оны басқару жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Оның деректері бойынша, 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 31,9 трлн теңгені немесе ЖІӨ-ге 21,1%-ды құрап, жыл басынан бері 40 млрд теңгеге ұлғайды.

Негізгі өсу факторы – республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және бұдан бұрын тартылған қарыздарды игеру болып табылады.

Бұл ретте, жалпы ішкі өнімнің өсімі қарқынының арқасында, мемлекеттік борыштың жалпы ішкі өнімге қатынасы төмендеуі жалғасуда:

▫️2020 жылғы 29,2%-дан
▫️2024 жылы 23,5%-ға дейін.

Осылайша, 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқару тұжырымдамасында белгіленген жалпы ішкі өнімге 32% көлеміндегі мемлекеттік борыш лимиті сақталып отыр.

Бұдан басқа, осы жылдың 24 маусымында Қаржы министрлігі $2,5 млрд сомасына евробондтар орналастырды. Бұл жиынтық борышты ұлғайтпай, 2015 жылғы сыртқы міндеттемелер бойынша алдағы төлемдерді толығымен қайта қаржыландыруға мүмкіндік берді.

Осылайша, сыртқы нарықта квазимемлекеттік сектор субъектілері/нің болашақта қарыз алуы үшін кірістілік бағдары айқындалды.



Госдолг Казахстана остается в пределах установленного лимита

На заседании Правительства под председательством Премьер-министра министр финансов Мади Такиев доложил об актуальном состоянии государственного долга и мерах по его управлению.

По его данным, госдолг по состоянию на 1 июля составил 31,9 трлн тенге или 21,1% к ВВП, увеличившись с начала года на 40 млрд тенге.
Основной фактор роста - финансирование дефицита республиканского бюджета и освоение ранее привлеченных займов.

При этом, благодаря опережающим темпам роста ВВП, отношение госдолга к ВВП продолжает снижаться:

▫️с 29,2% в 2020 году
▫️до 23,5% в 2024 году.

Таким образом, лимит госдолга в 32% к ВВП, установленный Концепцией управления государственными финансами до 2030 года соблюдается.

Кроме того, размещение 24 июня т.г. Министерством финансов евробондов на сумму 2,5 млрд долл. позволило полностью рефинансировать предстоящие выплаты по внешним обязательствам 2015 года – без увеличения совокупного долга.

Тем самым, получен ориентир доходности для будущих заимствований субъектов квазигосударственного сектора на внешнем рынке.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Автомобиль өткізу пункттері жыл соңына дейін 100% жаңғыртылады – Қазақстандағы үдерістерді жеңілдетеді және шекарадағы бақылауды күшейтеді

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту барысы қаралды. Қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндағандай, инфрақұрылымды жаңарту тұрақты логистика мен кедергісіз сыртқы сауда ағынын қамтамасыз етудің негізгі элементі болып саналады.

Бүгінгі таңда, Қапланбек, Атамекен, Көлжат және Алакөл сияқты төрт пункт пайдалануға берілді.

Жылдың соңына дейін қалған 5 пункт «Қазығұрт», «Тәжен», «Темір баба», «Майқапшағай» және «Бақты» кезең-кезеңімен іске қосылатын болады. Осылайша, жаңғырту еліміздің сыртқы шекарасындағы тиісті пунктерді 100% қамтиды. Бүгінгі таңда, өткізу қабілеті орта есеппен 25%, оның ішінде Қытаймен шекарада – 37%-ға ұлғайды. Пунктердегі өту уақыты 9 сағаттан 3 сағатқа дейін қысқарды»,

— деп атап өтті Қаржы министрі.

Ол CargoRuqsat электронды кезек іске қосылып, 55 мың жүргізуші мен 145 мың көлік құралы тіркелгенін атап өтті. Жаңғырту аяқталғаннан кейін, барлық өткізу пункттері бизнес пен азаматтардың жылдам, қауіпсіз және ашық өтуін қамтамасыз ететін, сыртқы шекараны басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесіне қосылатын болады.



100% автопереходов модернизируют до конца года – в Казахстане упрощают процессы и усиливают контроль на границах

На заседании Правительства под председательством Премьер-министра был рассмотрен ход модернизации автомобильных пунктов пропуска. Как доложил министр финансов Мади Такиев, обновление инфраструктуры – ключевой элемент в обеспечении устойчивой логистики и беспрепятственного внешнеторгового потока.

Уже введены в эксплуатацию 4 пункта: «Капланбек», «Атамекен», «Кольжат» и «Алаколь».

«До конца текущего года поэтапно будут запущены остальные – «Казыгурт», «Тажен», «Темир баба», «Майкапчагай» и «Бахты». Таким образом, модернизация охватывает 100% автопереходов на внешнем контуре страны. Сегодня пропускная способность увеличена в среднем на 25%, в том числе на 37% на границе с Китаем. Время прохождения автотранспорта сократилось с 9 до 3 часов»,

— отметил глава Минфина.

Он добавил, что запущена электронная очередь CargoRuqsat, зарегистрировано 55 тыс. водителей и 145 тыс. транспортных средств.

После завершения модернизации все пункты пропуска будут подключены к единой цифровой системе управления внешней границей, обеспечивающей быстрое, безопасное и прозрачное прохождение для бизнеса и граждан.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандағы нысандардың 70%-дан астамы бәсекелестік ортаға берілген

Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкімет отырысында жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру туралы баяндады.


Министрдің айтуынша, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор нысандарын бәсекелестік ортаға беру жұмыстары жалғасуда.

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары 638 нысанды қамтыды. Бүгінгі таңда 396 нысан немесе 73% бәсекелес ортаға беріліп, түсімдер 922 млрд теңгені құрады.

Қазіргі таңда:


▫️153 нысан – сатылым алдындағы дайындықта;
▫️20 нысан – сатылымда;
▫️69 нысан - тарату үстінде.

Сонымен қатар Ұлттық жекешелендіру офисімен бірлесе отырып, Кешенді жоспарға қосу үшін 475 нысан әзірленді.



Более 70% объектов в Казахстане уже переданы в конкурентную среду

Министр финансов Мади Такиев на заседании Правительства доложил о реализации Комплексного плана приватизации на 2021-2025 годы.

По словам министра, продолжается работа по передаче в конкурентную среду объектов государственного и квазигосударственного сектора.

План охватывает 638 объектов, на сегодня 396 объектов или 73% уже переданы в конкурентную среду и поступления составили 922 млрд тенге.

На данный момент:

▫️на предпродажной подготовке - 153 объекта;
▫️на торгах - 20 объектов;
▫️в реорганизации/ликвидации - 69 объектов.

Наряду с этим, совместно с Национальным офисом по приватизации подготовлен перечень из 475 объектов для последующей актуализации Комплексного плана.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream finished (54 minutes)
Қазақстанда алғашқы жарты жылдықта 7,9 миллион м2 тұрғын үй пайдалануға берілді - өсім 6,6%

2025 жылдың І жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 3,3 триллион теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,4%-ға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. Оң динамика еліміздің 20 өңірінің 19-ында тіркелген.

Басты назар тұрғын үй құрылысына салынып отыр. Биылға жоспар – 19,2 миллион м2 тұрғын үй, оның 7,9 миллионы алғашқы жарты жылдықта пайдалануға беріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мұндағы көрсеткіш 6,6%-ға артты.

Ең көп өсім Түркістан, Ақмола, Ұлытау, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласында тіркеліп отыр.
Министр атап өткендей, жалпы құрылыс саласы 2010 жылдан бері 7% шамасында өсім көрсетіп келеді. Ал соңғы екі жылда нақты көлем индексі тұрақты түрде 115%-дан жоғары болып отыр.



Объем ввода жилья в Казахстане достиг 7,9 млн м2 за полугодие – рост на 6,6%

По итогам первого полугодия 2025 года объем строительных работ достиг 3,3 трлн тенге, увеличившись на 18,4% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Об этом на заседании Правительства сообщил министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев. Положительная динамика зафиксирована в 19 из 20 регионов страны.

Особое внимание – жилищному строительству. План на текущий год составляет 19,2 млн м2 жилья, из которых 7,9 млн м2 уже введены в эксплуатацию за полугодие. Это на 6,6% больше, чем в аналогичном периоде прошлого года.

Наибольший прирост показали Туркестанская, Акмолинская, Ұлытауcкая, Жетісуская области и город Шымкент.

Министр отметил, что сфера строительства демонстрирует устойчивый рост с 2010 года, при этом среднегодовой темп составляет около 7%. За последние два года индекс физического объема стабильно превышает 115%.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM