UKIMET
18.5K subscribers
10.7K photos
1.83K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Олжас Бектенов Алматы тау кластерін одан әрі дамыту тәсілдерімен танысты

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді. Сонымен қатар жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшылығы және отандық, халықаралық сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен саланы одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, тау шаңғысы индустриясының әлемдік жетекші компанияларының өкілдері: Horwath HTL (АҚШ) серіктесі Синиша Топалович, Stem International (Франция) бас директоры Винсент Тассар, PGI management (Андорра) президенті Жоан Виладомат тау туризмін дамыту жоспарларын таныстырды.

🔷 Алматы тау кластерін кешенді дамыту мақсатында кешенді жоспар әзірленді, оған сәйкес Түргеннен Қаскелеңге дейінгі келешегі зор 3 басым аймақ – шығыс, орталық және батыс аймақтары айқындалды. Онда әлемдік деңгейдегі инфрақұрылым және халыққа қолжетімді 300-ден 700 шақырымға дейінгі тау шаңғысы трассаларын салу көзделген. Бір ғана орталық аймақта көтергіштер санын 16-дан 58-ге дейін көбейту жоспарланып отыр. Мұндай шаралар нәтижесінде өткізу қабілетін 5,6 есеге – тәулігіне 6 мың адамнан 34 мың адамға дейін арттырып, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу күтілуде. Алматы тау кластері 2029 жылға қарай Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады деп жоспарлануда.

Америкалық Horwath HTL компаниясының серіктесі Синиша Топалович жоспарды жүзеге асыру Алматыны жыл бойына жұмыс істейтін, әлемдегі жетекші курорттармен салыстыруға болатын тау туризмі бағытына айналдыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Стратегиялық мақсат – табиғат, бос уақыт, спорт пен мәдениетті біріктіретін Almaty Mountains Destination бірегей туристік брендін қалыптастыру. Басым бағыттардың бірі – көрнекті туристік объектілер құру, аспалы жолдар жүйесін, қонақ үй және спорт инфрақұрылымын дамыту.

Премьер-министр Шымбұлақ, Ой-Қарағай, Пионер, Қимасар және Бутаковка сияқты орталық аймақты дамыту жоспарларымен танысты. Француздық Stem International компаниясының бас директоры Винсент Тассар қысқы туризммен қатар жазғы инфрақұрылымды дамытуға – вело және жаяу жүргіншілер жолдарын қалыптастыруға, белсенді демалыс орындарын, глампинг, этно-қонақүйлер нысандарын салуға және экологиялық таза көлікті іске қосуға баса назар аударылғанын атап өтті. Орнықты даму стандарттарын, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды және қоршаған ортаның цифрлық мониторингін енгізу жоспарланып отыр.

PGI Management компаниясының президенті Жоан Виладомат жалпы ұзындығы 65 шақырымнан асатын трассалары бар Құмбел шыңы мен «Көк-Жайлау» шатқалын қамтитын тау шаңғысы курорты Almaty SuperSki тұжырымдамасын таныстырды.

Almaty SuperSki жобасының жетекшісі Томас Тор Йенсен барлық трассаның жартысына жуығы шаңғы тебуді бастаған жаңадан үйренушілерге арналатынын, бұл жаппай шаңғы мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайтынын атап өтті. Сонымен қатар құрылыстың экологиялық тазалығы мен инклюзивті инфрақұрылымды қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.
«Тұрақты даму – біздің компанияның маңызды басымдықтарының бірі. Біз табиғат пен экологияны сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан біз қазу жұмыстарын барынша азайтамыз, көтергіштер мен трассалар салу кезінде экожүйені бұзбай, табиғи ландшафтты сақтаймыз.

Біз тау шаңғысы курорты баршаға – балаларға, ересектер мен мүгедектігі бар жандарға қолжетімді болуы керек деп есептейміз. Барлық көтергіштер барлық санаттағы адамдар пайдалана алатындай етіп жасалады»,

— деп атап өтті Томас Тор Йенсен.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Алматы тау кластерін одан әрі дамыту тәсілдерімен танысты 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді. Сонымен қатар жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшылығы…
📌 Тұсаукесерден кейін Алматы тау кластерінің даму перспективалары бойынша пікір алмасу өтті. Сарапшылар қауымының атынан «Қазақстан Республикасының Ұлттық шаңғы қауымдастығы» ЗТБ бас хатшысы Асқар Уәлиев, «PANA ASIA» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы Нұржан Ниязалиев, «ECO Network» негізін қалаушы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің және ECOJER қауымдастығының мүшесі Евгений Мұхамеджанов сөз сөйледі.

Асқар Валеев жұмыс істеп тұрған тау шаңғысы курорттарының, атап айтқанда, Шымбұлаққа келушілер санының шамадан тыс артқанын атап өтті, бұл спортшылардың кәсіби дайындық мүмкіндіктерін шектейді. Халықаралық жарыстарды өткізу және жаттығулар үшін заманауи инфрақұрылым құру қажеттігі атап өтілді.
«Көк-Жайлау жобасы ерекше назар аударуға лайық. Ол экологиялық орнықты даму қағидаттарына, табиғи ресурстарды сауатты пайдалануға негізделген. Бүгінде бүкіл әлем осы бағытта жылжып келеді.

Соңғы талқылаудан кейін «Көк-Жайлау» жобасы тоқтатылды, бірақ соған қарамастан біз бүкіл әлемде, әсіресе, біздің өңірде үлкен дамудың жүріп жатқанын білеміз. Шешуші қадам жасайтын уақыт жетті. Шымбұлақ пен Ой-Қарағай тау курорттарын біріктірейік, олардың арасында орналасқан шағын демалыс орындарының барлығын дамытайық. Біз Алматы тау кластерін, оның ішінде «Көк-Жайлау» жобасын дамытамыз»,

— деп атап өтті Асқар Валиев.

Нұрлан Ниязалиев туристер ағынының артуы экожүйені сақтауға, келушілердің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ табиғи аумақтарға жүктемені біркелкі бөлуге мүмкіндік беретін заманауи және ойластырылған шешімдерді талап ететінін атап өтті.

Евгений Мұхамеджанов тау кластеріндегі жобаларды жүзеге асыру кезінде экологиялық аспектілерді ескеру қажеттігіне тоқталды. Барлық процестің ашықтығын, табиғатты қорғау нормаларының сақталуын және жұртшылықпен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету маңызды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 Тұсаукесерден кейін Алматы тау кластерінің даму перспективалары бойынша пікір алмасу өтті. Сарапшылар қауымының атынан «Қазақстан Республикасының Ұлттық шаңғы қауымдастығы» ЗТБ бас хатшысы Асқар Уәлиев, «PANA ASIA» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы Нұржан Ниязалиев…
📌 Жиынды қорытындылай келе, Премьер-министр Алматы тау кластерін дамыту бойынша ұсынылған тәсілдерді де оң атап өтті. Мемлекет құрылыс кезінде, сапа мен бақылауды қамтамасыз ету, оның ішінде экологиялық мәселелер бойынша жауапкершілікті өзіне алады. Инфрақұрылымның инклюзивтілігіне ерекше назар аударылды.

✔️ Бүгінгі таңда туризм және саяхат секторының әлемдік ЖІӨ-ге қосқан үлесі 10%-дан асады, ақшалай түрде бұл $11 трлн-нан жоғары. Сондай-ақ 300 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр, яғни, әрбір төртінші жаңа жұмыс орны – осы секторға тиесілі.

«Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізді жаңғырту, оның ішінде экономиканы әртараптандыру, шикізатқа тәуелділіктен арылу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта жоғары деңгейде өңделген өнім өндіру бойынша көптеген өнеркәсіптік ірі жобалар, сондай-ақ ауқымды инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Осыған орай, менің ойымша, туризм саласының қарқынды дамуы байқалады.

Қазақстан лайықты туристік бағыттардың біріне айналуға мүдделі. Оның үстіне бізде үлкен артықшылық бар – бұл біздің тауларымыз. Әлемдік сарапшылар Алматының таулары әлемдегі ең үздік таулардың бірі екенін атап өтті. Сондықтан таяу жылдары әлемдік деңгейдегі биік таулы демалыс орнын салу шараларын қолға алуды көздеп отырмыз.

Қазір жоспарлар таныстырылды. Кешенді жоспарда Алматы тау кластерін шығыстан батысқа қарай Талғардан бастап Қаскелеңге дейін дамыту көзделген. Жалпы, бұл таулардың әлеуеті бізге 700 шақырымға дейін шаңғы трассаларын салуға мүмкіндік береді.

Мемлекет инфрақұрылымды: көлік инфрақұрылымын, жолдар, коммуникациялар, тау шаңғысы инфрақұрылымын салу бойынша шығындарды өз мойнына алады. Сонда дайын инфрақұрылымға бизнес пен инвестиция міндетті түрде келеді. Мамандардың айтуынша, тау инфрақұрылымына салынған 1 доллар курорттық инфрақұрылымға 2 доллар жеке инвестиция тартады. Бұл – экономикамызды әртараптандыруға зор мүмкіндік. Аталған жоба Алматы қаласы мен Алматы облысының ғана емес, бүкіл еліміздің экономикалық ландшафтын түбегейлі өзгертеді.

Қазірдің өзінде құрылысты жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар істі инфрақұрылымы барынша дамыған Орталық аймақтан бастаған жөн дейді.

Орталық аймақ, өз кезегінде, қазір жұмыс істеп тұрған Oi-Qaragai демалыс аймағынан бастап, Пионер, Бутаковка, Қимасар шатқалы, Шымбұлақпен байланыстыруға мүмкіндік береді. Шымбұлақ дамудың екінші кезеңін бастайды. Біз бұл жұмысты мұздықтарға жақынырақ көтеріліп, батысқа қарай – Құмбел шыңы мен Көк Жайлау шатқалына дейін жеткіземіз. Бұл – өте ауқымды жоба болмақ»,

— деді Олжас Бектенов.

✔️ Бүгінгі таңда туризм Алматының жалпы өңірлік өнімінің 3,9%-ын құрайды, 83 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. 2024 жылы қала 2,3 млн-нан астам туристі қабылдады, оның 680 мыңнан астамы – шетелдіктер. Туризм секторы экономикасында да тұрақты өсім байқалады: туристік қызмет көрсету көлемі 30%-ға, салық түсімдері екі есеге артты. Ауқымды жобаларды жүзеге асыру және заманауи инфрақұрылымды құру қала мен еліміздің өңірдегі жетекші туристік орталық ретіндегі ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді.

Алматы тау кластері жыл бойы жұмыс істейтін туризмнің алғашқы ірі жобасы болмақ. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында тау шаңғысы курорттарын одан әрі дамыту жоспарлануда.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 Жиынды қорытындылай келе, Премьер-министр Алматы тау кластерін дамыту бойынша ұсынылған тәсілдерді де оң атап өтті. Мемлекет құрылыс кезінде, сапа мен бақылауды қамтамасыз ету, оның ішінде экологиялық мәселелер бойынша жауапкершілікті өзіне алады. Инфрақұрылымның…
📌 Мұнда Медеу ЭКО паркі кешені тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба Алматының халық ең көп келетін көрікті жерлерінің бірін кешенді абаттандыруға бағытталған. Келушілер санының болжамды өсуін ескере отырып, отбасылық және белсенді демалыс үшін толыққанды инфрақұрылымы бар заманауи ландшафттық саябақ құру көзделген.

🔘 Сонымен қатар Олжас Бектеновке заманауи туризм инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған жобалар ұсынылды. «Горельник» келушілер орталығы іске қосылды және Jumbaq Jol жаяу жүргіншілер жолы ашылды. Өткізу қабілеті бар аспалы көпір салу жұмыстары жүргізілуде.
Көпірдің жүк көтеру қабілеті 20 тонна, жүргіншілер саны – тәулігіне 10 мың адам. Нысанды осы жылдың шілде айында аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірі бар оқушылардың спорт клубы, автобустармен тасымалдау кешені, ЕСО Resort және қонақ үйлер салынады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Алматы тау кластерін одан әрі дамыту тәсілдерімен танысты 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді. Сонымен қатар жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшылығы…
Олжасу Бектенову представлены подходы по дальнейшему развитию Алматинского горного кластера

📌 В ходе рабочей поездки в Алматы Премьер-министр Олжас Бектенов совершил облет территории Алматинского горного кластера и провел совещание по вопросам его дальнейшего развития с участием руководства ответственных государственных органов и организаций, представителей отечественного и международного экспертного сообщества.

​С презентацией о планах по развитию горного туризма выступили аким Алматы Ерболат Досаев, председатель правления АО НУХ «Байтерек» Рустам Карагойшин, представители мировых компаний-лидеров горнолыжной индустрии: партнер Horwath HTL (США) Синиша Топалович, генеральный директор Stem International (Франция) Винсент Тассар, президент PGI management (Андорра) Жоан Виладомат.

🔷 ​В целях комплексного развития Алматинского горного кластера разработан Мастер-план, в соответствии с которым определены 3 перспективные зоны от Тургеня до Каскелена – восточная, центральная и западная. Имеются перспективы развития от 300 до 700 км горнолыжных трасс с инфраструктурой мировых стандартов и доступностью для населения. Только в центральной зоне планируется увеличение количества подъемников с 16 до 58. В результате данных мер ожидается повышение пропускной способности в 5,6 раза — с 6 до 34 тыс. человек в день, создание более 10 тыс. новых рабочих мест. Планируется, что Алматинский горный кластер к 2029 году станет крупнейшим всесезонным туристическим проектом в Центральной Азии.

Партнер американской компании Horwath HTL Синиша Топалович отметил, что реализация Мастер-плана позволит превратить Алматы в круглогодичное направление для горного туризма, сопоставимое с ведущими мировыми курортами. Стратегическая цель — формирование уникального туристического бренда Almaty Mountains Destination, объединяющего природу, досуг, спорт и культуру. Одним из ключевых направлений является создание знаковых туристических объектов, развитие системы канатных дорог, гостиничной и спортивной инфраструктуры.

​Премьер-министр ознакомился с планами по развитию центральной зоны, к которой относятся Шымбулак, Ой-Қарағай, Пионер, Кимасар и Бутаковка. Генеральный директор французской компании Stem International Винсент Тассар подчеркнул, что наряду с зимним туризмом внимание уделено развитию летней инфраструктуры — формированию велосипедных и пешеходных маршрутов, строительству объектов активного отдыха, глэмпинга, этно-отелей и запуску экологически чистого транспорта. Планируется внедрение стандартов устойчивого развития, включая использование возобновляемых источников энергии и цифровой мониторинг окружающей среды.

​Президент компании PGI Management Жоан Виладомат представил концепцию Almaty Superski – горнолыжного курорта, включающего в себя пик Кумбель и урочище Кок-Жайлау, с трассами общей протяженностью более 65 км. Реализация проекта позволит создать свыше 5 тыс. новых рабочих мест.

Руководитель проекта Almaty SuperSki Томас Тор Йенсен также отметил, что около половины всех трасс будут предназначены для начинающих лыжников, что создаст условия для формирования массовой лыжной культуры. При этом особое внимание уделяется экологичности строительства и формированию инклюзивной инфраструктуры.
«Устойчивое развитие — один из важнейших приоритетов нашей компании. С самого начала мы понимали, насколько важно сохранять природу и экологию. Поэтому мы минимизируем земляные работы, сохраняем природный ландшафт, не нарушая экосистему при строительстве подъёмников и трасс.

Мы считаем, что горнолыжный курорт должен быть доступен абсолютно для всех — для детей, взрослых, людей с ограниченными возможностями. Все подъёмники будут спроектированы так, чтобы ими могли пользоваться любые категории людей»,

– подчеркнул Томас Тор Йенсен.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжасу Бектенову представлены подходы по дальнейшему развитию Алматинского горного кластера 📌 В ходе рабочей поездки в Алматы Премьер-министр Олжас Бектенов совершил облет территории Алматинского горного кластера и провел совещание по вопросам его дальнейшего…
📌 По итогам презентации состоялся обмен мнениями по перспективам развития АГК. От экспертной общественности с поддержкой озвученных инициатив выступили генеральный секретарь ОЮЛ «Национальная Лыжная Ассоциация Республики Казахстан» Аскар Валиев, председатель наблюдательного совета ТОО «PANA ASIA» Нуржан Ниязалиев, основатель «ECO Network», член Общественного Совета г. Алматы и ассоциации «ECOJER» Евгений Мухамеджанов.

Аскар Валиев отметил высокую загрузку действующих горнолыжных курортов, в частности Шымбулака, что ограничивает возможности для профессиональной подготовки спортсменов. Подчеркнута необходимость создания собственной современной инфраструктуры для тренировок и проведения международных соревнований.
«Отдельного внимания заслуживает проект по Кок-Жайлау. Он основан на принципах экологического устойчивого развития, грамотном использовании природных ресурсов. Весь мир сегодня движется в этом направлении.

После прошлого обсуждения проект Кок-Жайляу был приостановлен, но тем не менее мы знаем, что во всём мире, особенно в нашем регионе, идёт большое развитие. Наступило время решительных действий. Давайте этим займемся. Давайте соединим горные курорты Шымбулак и Ой-Қарағай, разовьем все эти небольшие курорты, которые находятся между ними. Будем развивать Алматинский горный кластер и в том числе проект Кок-Жайлау»,

— отметил Аскар Валиев.

Нуржан Ниязалиев подчеркнул, что рост потока туристов требует современных и продуманных решений, позволяющих сохранить экосистему, обеспечить комфорт и безопасность посетителей, а также равномерно распределить нагрузку на природные территории.

Евгений Мухамеджанов акцентировал внимание на необходимости учитывать экологические аспекты при реализации проектов в горном кластере. Важно обеспечить открытость всех процессов, соблюдение природоохранных норм и взаимодействие с общественностью.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 По итогам презентации состоялся обмен мнениями по перспективам развития АГК. От экспертной общественности с поддержкой озвученных инициатив выступили генеральный секретарь ОЮЛ «Национальная Лыжная Ассоциация Республики Казахстан» Аскар Валиев, председатель…
📌 Подводя итоги совещания, Премьер-министр также положительно отметил презентованные подходы по развитию Алматинского горного кластера. Государство берет на себя ответственность по обеспечению качества и контроля во время строительства, в том числе экологического характера. Особое внимание уделено инклюзивности инфраструктуры.

✔️ Сегодня сектор туризма и путешествий вносит более 10% в мировой ВВП, в денежном выражении это свыше 11 трлн долларов США. Обеспечивает работой более 300 млн человек, это каждое четвертое новое рабочее место.
«В Казахстане под руководством Президента Касым-Жомарта Токаева идет масштабная работа по модернизации страны, в том числе по диверсификации экономики, отходу от сырьевой зависимости. Сейчас реализуется очень много промышленных крупных проектов по производству продукции высокого передела, также масштабные инфраструктурные проекты. В одном ряду с этим, на мой взгляд, стоит динамичное развитие туристической отрасли.

Казахстан заинтересован в том, чтобы стать одной из достойных туристических дестинаций. Тем более у нас есть огромное преимущество – это наши горы. Все мировые эксперты отмечают, что Алматинские горы – одни из лучших гор в мире. Поэтому мы намерены принять в ближайшие годы меры по строительству высокогорного курорта мирового класса.

Сейчас были презентованы планы. Мастер-план предусматривает развитие Алматинского горного кластера с востока на запад, начиная от Талгара до Каскелена. И в целом потенциал этих гор позволяет нам построить до 700 км горнолыжных трасс.

Государство возьмет на себя затраты по строительству инфраструктуры: это транспортная инфраструктура, дороги, коммуникации, горнолыжная инфраструктура. Затем на готовую инфраструктуру в обязательном порядке придет бизнес и инвестиции. По оценкам экспертов, 1 доллар, вложенный в горную инфраструктуру, привлекает 2 доллара частных инвестиций в курортную инфраструктуру. Это огромные возможности нашей экономики для диверсификации. Этот проект полностью поменяет экономический ландшафт не только города Алматы и Алматинской области, но и всей страны.

Сейчас уже идет проектирование строительства. Специалисты говорят, что целесообразно начать с Центральной зоны, которая имеет достаточно развитую инфраструктуру.

Центральная зона, в свою очередь, позволит нам соединить, начиная от курорта Oi-Qaragai, уже сегодня функционирующего, с Пионером, Бутаковкой, ущельем Кимасар, Шымбулаком. Шымбулак получит вторую фазу развития. Мы уйдем вверх, ближе к ледникам, и в сторону запада будет это развитие – до пика Кумбель и урочища Кок-Жайлау. Это очень серьезный масштабный проект»,

– отметил Олжас Бектенов.

✔️ На сегодня туризм формирует 3,9% валового регионального продукта Алматы, обеспечивая занятость более 83 тыс. человек. В 2024 году город принял свыше 2,3 млн туристов, из которых более 680 тыс. — иностранцы. Устойчивый рост наблюдается и в экономике сектора: объем туристских услуг увеличился на 30%, налоговые поступления удвоились. Реализация масштабных проектов и создание современной инфраструктуры позволят укрепить позиции города и страны как ведущего туристического центра региона.

Алматинский горный кластер станет первым крупным проектом всесезонного туризма. По данным Министерства туризма и спорта, в дальнейшем планируется развитие горнолыжных курортов в городе Риддер Восточно-Казахстанской области.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 Подводя итоги совещания, Премьер-министр также положительно отметил презентованные подходы по развитию Алматинского горного кластера. Государство берет на себя ответственность по обеспечению качества и контроля во время строительства, в том числе экологического…
📌 Здесь же была презентована концепция комплекса Медеу ЭКО парк. Проект направлен на комплексное благоустройство одной из наиболее посещаемых достопримечательностей Алматы. С учетом прогнозируемого роста числа посетителей предусмотрено создание современного ландшафтного парка с полноценной инфраструктурой для семейного и активного отдыха.

🔘 Кроме того, Олжасу Бектенову представлены проекты, направленные на формирование современной туристической инфраструктуры. Запущен визит-центр «Горельник», открыта пешеходная тропа Jumbaq Jol. Ведутся работы по строительству подвесного моста с пропускной способностью 10 тыс. человек в сутки и грузоподъемностью 20 тонн. Завершить объект планируется в июле текущего года. Также в рамках реализации инвестпроекта будут построены спортивный клуб школьников с подвесным пешеходным мостом, автобусный пересадочный комплекс, гостевые дома ЕСО Resort и гостиница.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Алматы тау кластерінің орталық аймағы екі жетекші: Шымбұлақ және Oi-Qaragai курорттық аймақты қамтиды. Бұл екі курорт та жыл бойы жұмыс істейтін курорттар ретінде танылған. Жобаны іске асыру екі курортты аспалы жол, велосипед және жаяу жүргіншілер жолдары, сондай-ақ электр шаттлдары арқылы тікелей қосуға мүмкіндік береді. Бұл туристердің орташа болу ұзақтығы мен көбірек қаржы шығаруына ықпал ететін біртұтас туристік кеңістік жасайды. Жоба жыл бойына лайықталған. Одан бөлек, қыс мезгілінде болатын ұсыныс та барын атап өту маңызды. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметі бойынша, ол үлкен экономикалық қайтарымдылығымен ерекшеленеді – бір адамға $334 және өткізу мүмкіндігін бүгінгі 6 мыңнан болашақта күніне 24 мыңға дейін арттыру көзделген»,


— деп атап өтті «Stem International» комапниясының бас директоры Тассар Винсант.


«Центральная зона Алматинского горного кластера включает в себя две ведущие курортные зоны: Шымбулак и Oi-Qaragai. Эти оба курорта уже зарекомендовали себя как круглогодичные курорты. Реализация проекта позволит напрямую соединить их с
помощью канатной дороги, велосипедных и пешеходных маршрутов, а также электрических шатлов. Это создаст единое туристическое пространство, способствующее увеличению средней продолжительности пребывания и расходов туристов. Проект позиционируется как круглогодичный. Еще важно отметить зимнее
предложение. Оно отличается большей экономической отдачей - $334 на человека, поданным Всемирной туристской организации, и увеличение пропускной способности с
6 тыс. на сегодня до 24 тыс. в день в будущем»,


– отметил гендиректор компании «Stem International» Тассар Винсант.

🎥
@KZgovernment
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Партнер компании «Horwath HTL» Синиша Топалович рассказал, на чем сосредоточатся при реализации проекта по строительству горного кластера.

«Центральная Азия станет ведущим направлением для горного туризма, и этот проект будет основан на широком ассортименте туристических продуктов. В рамках круглогодичного предложения мы сосредоточимся на международных рынках и различных сегментах аудитории. Мы интегрируем казахские культурные ценности и местные особенности»,

— сказал он.

По его словам, что планировать преокт будут с расчетом на долгосрочную устойчивость.

«И, наконец, но не менее важно — мы будем строго придерживаться принципов природной и экологической устойчивости. Вопрос экологии всегда стоит особенно остро, когда речь идет о горах: любое развитие в таких районах должно планироваться с расчетом на долгосрочную устойчивость. Все ресурсы, используемые в горах, должны управляться надлежащим образом и с соблюдением стандартов охраны окружающей среды»,

— отметил Синиша Топалович.

🎥
@KZgovernment
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Біз 2025 жылы не істей аламыз? Біріншіден, сізде көтергіш және жылына 1,5 миллион келуші бар. Сондай-ақ, Шымбұлақта салыстырмалы түрде шағын демалыс аймағы бар екенін көріп отырмыз, мұнда келгісі келетіндер көп. Мұның бәрі бірнеше жыл бұрын жобаланған және жабдықталған. Қазір біз оны Алматы супер шаңғы базасы деп атаймыз. Медеуден үстіртке көтеріле аламыз. Сондай-ақ сізде жаңадан бастаушыларға арналған түсулер бар және бұл көптеген тау шаңғышыларын тартатын аймақ ретінде Шымбұлақ үшін тамаша. Оны одан әрі ұйымдастыруға көптеген мүмкіндіктер бар. Мұнда шамамен 1,5 миллион келуші келетінін ескерсек, мұны істеу қиын емес.Біз 65 шақырым беткейлерді көреміз, ал аймақтың өзінің өткізу қабілеті 10 мыңға жуық. Мұнда Орталық Азиядағы ең үлкен демалыс аймағын құруға болады деп есептейміз»,

— деп есептейді PGI management Президенті Джоан Виладомат.


«Что же мы можем сделать в 2025 году? Прежде всего, у вас здесь есть подъемник и 1,5 млн посетителей в год. Мы также видим, что на Шымбулаке относительно небольшая зона отдыха, а желающих приехать сюда гораздо больше. Это все было спроектировано и обустроено много лет назад. Сейчас мы это называем алматинской супер горнолыжной базой. С Медео можно подняться на плато. У вас также есть спуски для начинающих и это здорово для Шымбулака, как зоны, которая привлекает многих горнолыжников. Есть много возможностей для ее дальнейшего обустройства. Это не так сложно сделать учитывая, что сюда по оценкам приезжает около 1,5 млн посетителей. Мы видим 65 км спусков, а пропускная способность самой зоны где-то 10 тыс. Здесь можно сделать самую крупнейшую зону отдыха в Центральной Азии»,

— считает президент PGI management Жоан Виладомат.

🎥
@KZgovernment