UKIMET
18.2K subscribers
10K photos
1.72K videos
8.09K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
📌 Өткен аптаны дәстүрлі жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз
 
Үкімет отырысы:

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және вегетациялық кезеңді өткізу мәселелері қаралды:

✔️ Премьер-министр Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткеге қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды.
✔️ Олжас Бектенов жоспарланған ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүзеге асыру шеңберінде егіс науқанын уақтылы аяқтау қажеттігін атап өтті.
✔️ Премьер-министр ішкі нарық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жергілікті тыңайтқыш өндірушілерді қолдау шараларын күшейтуді тапсырды.
✔️ Премьер-министр облыс әкімдіктеріне жүйелі мониторинг жүргізуді және шаруаларды ЖЖМ-мен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген дизель отынының жөнелтілген және қалған көлемі туралы өзекті ақпаратты апта сайын Энергетика министрлігіне ұсынуды тапсырды.

✔️ Олжас Бектенов климаттық сын-қатерлердің күшеюі мен қолжетімді су қорларының қысқаруы жағдайында диқандарды қажетті су ресурстарымен қамтамасыз етуге жүйелі тәсіл қажеттігіне назар аударды.
 
🔸 Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді. Жиында негізгі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін қысқарту мәселелері және өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері қаралды.
 
Арқалыққа жұмыс сапары:

🔸 Олжас Бектенов Қостанай облысында көлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының жүзеге асырылу барысын тексерді, жылумен үздіксіз қамтамасыз ету және өңірді жаңа жылыту маусымына дайындау жөніндегі шаралармен танысты.
 
🔸 Премьер-министр Қостанай облысының ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерімен агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.
 
🔸 Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының білім беру мен денсаулық сақтау салаларының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының іске асырылуын тексерді.
 
🔸 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Еліміздегі инвесторлар қызметінің өзекті мәселелері, олардың елішілік құндылықты дамытуға қосқан үлесі қаралды.
 
🔸 $10 млрд көлемінде инвестиция және 8,7 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны: Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен кеңес өтті, онда химия және металлургия салаларындағы ірі өнеркәсіп жобаларын жүзеге асырылу барысы қаралды.
 
🔸 Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен өткізген кездесуде экономиканы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Инвестиция, сауда және өңдеу өнеркәсібі салаларына назар аударылды.
 
🔸 ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Fufeng Group компания тобының президенті Ли Сюэчуньмен Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеуге арналған тікелей интеграцияланған өнеркәсіптік парк салу бойынша ауқымды инвестициялық жобаны іске асыру мәселесін талқылады, сондай-ақ Мемлекет басшысының шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғырту және логистикалық маршруттардың тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Нұр Жолы»  өткізу пунктінің инфрақұрылымы және өндірістік қызметімен танысты.
 
🔸 Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев министрліктермен, облыстық және қалалық әкімдіктермен жаңа Бюджет кодексі шеңберінде Өңірлік стандарттар жүйесін түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Сондай-ақ Дүниежүзілік банк басшылығымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының жүзеге асырылуын талқылады.
 
🔸 Серік Жұманғарин Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесін ашты, онда Қазақстанның барлық өңірінен келген 350 өндіруші өз өнімдерін ұсынды.

🔸 Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев тау шаңғысы туризмін дамыту мәселелері бойынша халықарылық Bartholet және ABEST компанияларының өкілдерімен кездесті, сондай-ақ Үкіметте кәмелетке толмағандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Подводим итоги прошедшей недели в воскресном дайджесте

Заседание Правительства:

Рассмотрены вопросы проведения весенне-полевых работ и прохождения вегетационного периода:

✔️ Премьер-министр поручил усилить меры по борьбе с саранчой в Туркестанской и Жамбылской областях.
✔️Олжас Бектенов подчеркнул необходимость своевременного завершения посевной кампании в рамках реализации запланированных сельхозмероприятий.
✔️Руководитель Правительства поручил усилить поддержку местных производителей удобрений для покрытия потребности внутреннего рынка.
✔️Премьер-министр поручил акиматам областей обеспечить системный мониторинг и на еженедельной основе представлять Министерству энергетики актуализированную информацию об отгруженных и остаточных объемах льготного дизтоплива для бесперебойного снабжения фермеров ГСМ.
✔️Олжас Бектенов обратил внимание на необходимость системного подхода к обеспечению аграриев водными ресурсами в условиях нарастающих климатических вызовов и сокращения водных запасов.

🔸 Олжас Бектенов провел совещание по исполнению поручений Главы государства, данных на заседании Совета Безопасности. Затронуты вопросы сокращения сроков реализации инфраструктурных проектов и модернизацию пропускных пунктов с соседними странами.

Рабочая поездка в Аркалык:

🔸 Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по развитию транспортной и энергетической инфраструктуры в Костанайской области, ознакомился с мерами по обеспечению бесперебойного теплоснабжения и подготовке региона к новому отопительному сезону.

🔸 Руководитель Правительства на полях Костанайской области обсудил с фермерами актуальные вопросы развития сельского хозяйства.

🔸 Премьер-министр в ходе рабочей поездки в Костанайскую область проверил реализацию поручений Главы государства по развитию инфраструктуры сфер образования и здравоохранения.

🔸 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел промежуточное заседание Совета иностранных инвесторов. Рассмотрены актуальные вопросы деятельности инвесторов в стране, их вклад в развитие внутристрановой ценности.

🔸 Свыше $10 млрд инвестиций и более 8,7 тыс. новых рабочих мест: в Правительстве под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова прошло совещание, где рассмотрели ход реализации крупных промышленных проектов в химической и металлургической отраслях.

🔸 Премьер-министр Олжас Бектенов провел встречу с экспертами, в ходе которой были обсуждены актуальные вопросы развития экономики. Внимание было уделено инвестиционному, торговому направлениям, а также обрабатывающей промышленности.

🔸 Первый заместитель Премьер-министра РК Роман Скляр и президент группы компаний Fufeng Group Ли Сюэчун обсудили реализацию масштабного инвестиционного проекта по строительству вертикально интегрированного промышленного парка по глубокой переработке кукурузы в Жамбылской области, а также ознакомились с инфраструктурой и производственной деятельностью пункта пропуска «Нур Жолы» в рамках исполнения поручений Главы государства по модернизации приграничной инфраструктуры и повышению эффективности логистических маршрутов.

🔸 Заместитель Премьер-министра Канат Бозумбаев провел совещание с министерствами, областными и городскими акиматами по разъяснению Системы региональных стандартов в рамках нового Бюджетного кодекса. Также обсудил реализацию Нацпроекта по модернизации коммунального и энергетического секторов с руководством Всемирного банка.

🔸 Серик Жумангарин открыл выставку отечественных производителей Ulttyq ónim – 2025, где свою продукцию представили 350 производителей со всех регионов Казахстана.

🔸 Заместитель Премьер-министра Ермек Кошербаев встретился с представителями международных компаний Bartholet и ABEST по вопросам развития горнолыжного туризма, а также провел совещание в Правительстве по вопросам обеспечения безопасности, защиты прав и профилактики правонарушений среди несовершеннолетних.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM