UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.84K videos
8.29K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ДДҰ Қазақстанның аурулардың алдын алудағы жетістіктерін атап өтті

📌 Қазақстан созылмалы инфекциялық емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізген әлемдегі 10 елдің біріне айналды. ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге бұл ретте мемлекеттік қолдау шаралары маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

«Қазақстан – жүрек-қан тамырлары аурулары, онкологиялық және басқа да созылмалы жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізген әлемдегі он елдің бірі. Қазақстанның алдын алу саласында қабылдап жатқан шаралары үлкен әсер етті: вейптерге тыйым салынды, алкогольге қатысты қатаң саясат жүргізілуде, адам папилломасы вирусына қарсы екпе салу бағдарламасы жүзеге асырылуда»,

— деп атап өтті Ханс Клюге.

🔹 Ол сондай-ақ көп ұзамай ДДҰ қамқорлығымен Қазақстан мен ДДҰ Еуропалық бюросы арасындағы ынтымақтастық аясында жоғары білікті кадрларды даярлау жүзеге асырылатын Алғашқы медициналық-санитарлық көмек академиясын ашу жоспарланып отырғанын айтты. Жас мамандар алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде оқып, медициналық қызмет көрсететін болады.



ВОЗ отметила достижения Казахстана в профилактике заболеваний

📌 Казахстан стал одной из 10 стран мира, добившихся снижения преждевременной смертности от хронических неинфекционных заболеваний. Директор Европейского регионального бюро ВОЗ Ханс Клюге отметил, что важную роль в этом сыграли меры государственной поддержки.

«Казахстан одна из 10 стран мира, где мы смогли добиться снижения преждевременной смертности от хронических неинфекционных заболеваний. Так и как сердечно-сосудистые, онкологические заболевания и другие. Огромную роль в этом сыграло то, что Казахстан принимает меры во области профилактики заболеваний. Это запрет вейпов, строгая политика в отношении алкоголя, а также программа вакцинации от вируса папилломы человека»,

— отметил Ханс Клюге.

🔹 Он также добавил, что вскоре под эгидой ВОЗ планируется открытие Академии по первичной медико-санитарной помощи, где в рамках сотрудничества между Казахстаном и Европейским бюро ВОЗ будет осуществляться подготовка высококвалифицированных кадров. Молодые специалисты пройдут обучение на уровне первичной медико-санитарной помощи и будут оказывать медицинские услуги.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Түркістан облысындағы ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

📌 Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жобаларын жүзеге асыруда. 

✔️ Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы магистралды су құбырын реконструкциялау жұмыстарын аяқтау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жоба 260 мыңнан астам тұрғыны бар 66 ауылды сумен қамтамасыз етуге бағытталған.

🔵 Жобаның жалпы құны шамамен 6,5 млрд теңгені құрайды. Онда 34,3 шақырым желі құрылысы қарастырылған, оның 20,8 шақырымы бұрын бөлінген қаражат аясында төселген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік қалалық жерлерде 99,4%-ды, ауылдық елді мекендерде 97,8%-ды құрайды. Түркістан облысы бойынша қала – 100%, ауылдар 98,1% ауызсумен қамтылған.

🔷 Қазіргі таңда Арнаулы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру сияқты салалардағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ инженерлік желілер мен су құрылыстарын жаңарту үшін қаражат бөлінді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Түркістан облысындағы ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді 📌 Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жобаларын жүзеге асыруда.  ✔️ Түркістан…
Свыше 2,5 млрд тенге выделено на обеспечение водоснабжением жителей сел Туркестанской области

📌
В соответствии с поручением Главы государства Правительство реализует проекты по развитию социальной инфраструктуры за счет незаконного выведенных из страны активов. 

✔️ Из Специального государственного фонда на завершение реконструкции магистрального водовода в Сарыагашском районе Туркестанской области выделено свыше 2,5 млрд тенге. Проект направлен на подключение 66 сел с населением свыше 260 тыс. человек к водоснабжению.

🔵 Общая стоимость проекта составляет порядка 6,5 млрд тенге. По нему предусмотрено строительство 34,3 км сетей, из которых в рамках ранее выделенных средств уже проложено 20,8 км.

В настоящее время в Казахстане доступ к услугам водоснабжения в городских населенных пунктах составляет 99,4%, в сельских населенных пунктах – 97,8%. По Туркестанской области, город - 100%, в селах 98,1%.

🔷 На текущий момент из Специального государственного фонда выделены средства для реализации проектов в таких сферах, как образование, здравоохранение, спорт, социальное обеспечение, а также для обновления инженерных сетей и водных сооружений.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкімет еліміздің астық саласын қолдауға 40 млрд теңге бөлді

✍️ Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін резервтен 40 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

🌾 Қаражатты көктемгі егіс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету, 2025 жылдың өнімін қабылдау үшін астық қоймаларын босату, қазақстандық астық экспортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ жаңа өткізу нарықтарын игеру сияқты кешенді міндеттерді шешуге бағыттау жоспарланып отыр.

Өздеріңізге белгілі, 2024 жылы елімізде дәнді дақылдар бойынша 25,2 млн тонна көлемінде рекордтық өнімі жиналды. Жоғары өнімділікке агротехнологияны дұрыс қолдану нәтижесінде және қолайлы ауа райының арқасында қол жеткізілді.

Сонымен қатар ішкі нарық сұранысы шамамен 10 млн тоннаны құрайды.

🔷 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында атап өткендей, Қазақстанның дәнді дақылдар бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тоннаны құрайды. Бұл – ауқымды көлем және үлкен жауапкершілік. Үкіметтің басты міндеті – шаруаларға өз өнімдерін шетелдік нарықтарда өткізуде жан-жақты қолдау көрсету.

✔️ Бүгінде бұл экспорттық әлеуеттің 10 млн тоннасы бағыттары әзірленген дәстүрлі өткізу нарықтарына, ал 2 млн тоннасы алыс бағыттар мен жаңа нарықтарда сату үшін жөнелтілді.

Осылайша, тасымалдау шығындарын азайтуды субсидиялау шаруаларға астықты жаңа нарықтарға дер кезінде экспорттауға және астық қоймаларын жаңа өнімге дайындауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы деректер бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен сәуір айына дейін астық экспорты 6,9 млн тоннаны құрады, ол 2023-2024 жылдардың ұқсас кезеңінен 54%-ға артық.

⚡️ Бүгінде экспорттың дәстүрлі бағыттары – Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан. Иран мен Әзербайжанға жеткізу көлемі ұлғайды. Транзиттік жолдар Ресей, Латвия, Литва, Эстония, Әзербайжан, Грузия, Түркіменстан және Қытай аумақтары арқылы өтеді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкімет еліміздің астық саласын қолдауға 40 млрд теңге бөлді ✍️ Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін резервтен 40 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов…
40 млрд тенге выделено Правительством для поддержки зерновой отрасли страны

✍️ В рамках реализации поручений Главы государства Правительством из резерва выделено 40 млрд тенге для поддержки сельхозтоваропроизводителей. Соответствующее постановление подписано Премьер-министром Олжасом Бектеновым

🌾 Средства планируется направить на решение комплекса задач, среди которых обеспечение качественного проведения весенне-полевых работ, высвобождение элеваторных ёмкостей для приёма урожая 2025 года, повышение конкурентоспособности казахстанского экспорта зерновых, а также освоение новых рынков сбыта.

Как известно, в 2024 году в стране был собран рекордный урожай зерновых культур в объеме 25,2 млн тонн. Высокая урожайность была достигнута в результате правильного применения агротехнологий и благодаря благоприятным погодным условиям.

Вместе с тем, потребность внутреннего рынка составляет порядка 10 млн тонн.

🔷 Как отметил Глава государства Касым-Жомарт Токаев на первом Форуме работников сельского хозяйства в 2024 году, экспортный потенциал Казахстана по зерновым культурам составляет 12 млн тонн – это большой объем и огромная ответственность. Приоритетная задача Правительства – оказать всестороннюю поддержку фермерам в сбыте их продукции на зарубежных рынках.

✔️ На сегодня из этого экспортного потенциала 10 млн тонн направляются на традиционные рынки сбыта, по которым уже отработаны маршруты. 2 млн — на реализацию по дальним направлениям и новые рынки.

Таким образом, субсидирование удешевления стоимости затрат на транспортировку позволит аграриям своевременно экспортировать зерно на новые рынки и подготовить элеваторы к новому урожаю.

Напомним, по последним данным с сентября 2024 года по апрель текущего экспорт зерна составил 6,9 млн тонн или на 54% больше аналогичного периода 2023-2024 года.

⚡️ На сегодня традиционными маршрутами экспорта являются Узбекистан, Таджикистан, Кыргызстан, Афганистан. Увеличены поставки в Иран и Азербайджан. Транзитные пути пролегают через территории России, Латвии, Литвы, Эстонии, Азербайджана, Грузии, Туркменистана и Китая.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET.POINTS
✍️ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асан Көбентайұлы Дарбаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.



✍️ Постановлением Правительства Республики Казахстан Дарбаев Асан Кобентаевич назначен на должность вице-министра национальной экономики.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қызылорда қаласында ыстық сумен жабдықтау жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді

✍️ Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысының бюджетіне ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін Үкімет резервінен нысаналы трансферттер түрінде шамамен 5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

💧 Бүгінде Қызылорда қаласы – орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі жоқ республикадағы жалғыз облыс орталығы.

Қаладағы көп қабатты үйлер электр жылыту немесе газ жылыту құрылғылары арқылы ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін.

📌 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 10 қазанда өңірге жұмыс сапары барысында қаланы 2025 жылдың соңына дейін орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырған болатын.

✔️ Жалпы құны 26,2 млрд теңгені құрайтын тиісті жобаны екі кезең бойынша жүзеге асыру жоспарланған. Бірінші кезеңде – 2024 жылы 187 тұрғын үйді су жүйесімен қамту жұмыстары басталса, екінші кезеңде – биыл 236 тұрғын үй су жүйесіне қосылады.

2024 жылы бірінші кезеңге Үкімет резервінен 11 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды.

🔷 Аталған қаулы негізінде Үкімет резервінен бөлінген 5 млрд теңге биыл екінші кезеңнің бірінші кезектегі жұмыстары үшін пайдаланылады.

Осылайша, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Қызылорда қаласының 423 көп қабатты тұрғын үйі орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қызылорда қаласында ыстық сумен жабдықтау жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді ✍️ Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысының бюджетіне ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін Үкімет резервінен…
5 млрд тенге выделено из резерва Правительства для проведения горячего водоснабжения в г. Кызылорда

✍️ В рамках реализации поручений Главы государства из резерва Правительства выделено порядка 5 млрд тенге в виде целевых трансфертов бюджету Кызылординской области для строительства сетей горячего водоснабжения. Соответствующее постановление подписал Премьер-министр Олжас Бектенов.

💧 На сегодняшний день город Кызылорда является единственным областным центром в республике, где отсутствует централизованная система горячего водоснабжения.

Многоэтажные дома в городе обеспечиваются горячей водой посредством электронагревательных или газовых отопительных устройств. Это, в свою очередь, может привести к чрезвычайным ситуациям.

📌 В ходе своей рабочей поездки в регион 10 октября 2023 года Глава государства Касым-Жомарт Токаев поручил решить вопрос по обеспечению города централизованной системой горячего водоснабжения до конца 2025 года.

✔️ Реализация соответствующего проекта на 26,2 млрд тенге запланирована в два этапа. Первый этап — для 187 домов начат в 2024 году. По второму этапу в текущем году будет подключено 236 домов.

В 2024 году для первого этапа из резерва Правительства было направлено более 11 млрд тенге.

🔷 Выделенные настоящим постановлением из резерва Правительства 5 млрд тенге будут использованы для первоочередных работ второго этапа в текущем году.

Таким образом, в результате реализации проекта к системе централизованного горячего водоснабжения будут подключены 423 многоэтажных жилых дома города Кызылорды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытын салу үшін Инвестициялар туралы келісімді екі апта мерзімінде дайындауды тапсырды

📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Shanghai SUS Environment Co., Ltd. компаниялар тобының президенті – басқарма төрағасы Лун Цзишэнмен 2024 жылғы қарашада Қытайға жұмыс сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Алматы қаласында қоқыс өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға назар аударылды.

🔷 Кездесуге қатысушылар Қазақстанда қалдықтарды электр энергиясына айналдыруға бағытталған Waste-to-Energy технологиясын енгізудің келешегін талқылады. Shanghai SUS Environment Co., Ltd. басқарма төрағасы Лун Цзишэн Алматыдағы тәулігіне 2 мың тоннаға жуық қалдықты қайта өңдейтін және 60 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіретін қоқыс өңдеу зауытының жобасын таныстырды. Тікелей инвестиция көлемі $270 млн-ды құрайды.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, аталған зауыттың іске қосылуы мегаполистің қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға деген қажеттілігін өтеп, 2029 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 80%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

🔘 Лун Цзишэн компанияның қалдықтарды энергия көзіне айналдыру саласында ҚХР-да көшбасшы екенін, оның қытай нарығындағы үлесі қазірдің өзінде 40%-ды құрап отырғанын айтты. Сонымен қатар компания бірқатар елде қайта өңдеу және экологиялық өнеркәсіптік парктер бағытында 84 жобаны жүзеге асырды. Қолданылатын технологиялар экологиялық қауіпсіздіктің әлемдік ең жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

🔻 Премьер-министр халық саны мен қажеттіліктердің өсуі жағдайында экология мәселелерін шешудің маңыздылығын атап өтті.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға 2029 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу көлемін 38%-ға жеткізу міндетін қойды.

Жыл сайын елімізде 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық түзіледі. Сондықтан, қоқыс өңдеу зауытын салу – қажетті жоба.

Электр энергиясын өндіру арқылы қалдықтарды экологиялық кәдеге жарату қайта өңдеуді дамытудағы маңызды қадам болмақ. Үкімет аталған жобаны мақұлдап, қажетті қолдау көрсетуге дайын. Біз байыпты инвесторлармен ұзақмерзімді ынтымақтастыққа мүдделіміз»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Салалық министрліктер мен Алматы қаласының әкімдігіне екі апта мерзімінде зауыт құрылысын осы жылдың маусым айында бастау үшін Инвестициялар туралы келісімнің жобасын дайындауды қамтамасыз ету тапсырылды.

🔵 Сонымен қатар кездесу барысында кадр даярлау мәселесі де сөз болды. Жоба аясында 500 жұмыс орны, оның ішінде – 100 тұрақты жұмыс орны ашылады. Лун Цзишэн жергілікті мамандар жұмысқа басым тәртіппен тартылатынын атап өтті.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытын салу үшін Инвестициялар туралы келісімді екі апта мерзімінде дайындауды тапсырды 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Shanghai SUS Environment Co., Ltd. компаниялар тобының президенті…
Олжас Бектенов поручил в двухнедельный срок подготовить Соглашение об инвестициях для строительства завода по экоутилизации отходов в Алматы

📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов обсудил с председателем правления – президентом группы компаний Shanghai SUS Environment Co., Ltd. Лун Цзишэном сотрудничество в рамках договоренностей, достигнутых в ходе рабочего визита в КНР в ноябре 2024 года. Внимание уделено вопросам реализации инвестиционного проекта по строительству мусороперерабатывающего завода в городе Алматы.

🔷 Участники встречи обсудили перспективы внедрения в Казахстане технологии Waste-to-Energy, направленной на преобразование отходов в электроэнергию. Председатель правления Shanghai SUS Environment Co., Ltd. Лун Цзишэн представил проект мусороперерабатывающего завода в Алматы с суточным объемом переработки около 2 тыс. тонн отходов и генерацией до 60 МВт электроэнергии. Объем прямых инвестиций составит $270 млн.

По данным акимата города Алматы, запуск данного завода закроет потребности мегаполиса в утилизации ТБО и позволит довести долю переработки отходов до 80% к 2029 году.

🔘 Лун Цзишэн сообщил, что компания является лидером КНР в области переработки отходов в энергию, занимая 40% доли на китайском рынке по своей специализации. Кроме того, в разных странах компанией реализовано 84 проекта по переработке, т.н. экологические промышленные парки. Применяемые технологии соответствуют самым высоким мировым стандартам экологической безопасности.

🔻 Премьер-министр обозначил важность решения вопросов экологии на фоне растущего населения и потребностей.
«Президент Касым-Жомарт Токаев поставил перед нами задачу — довести объемы переработки коммунальных отходов до 38% к 2029 году.

Ежегодно в нашей стране образуется более 4,5 млн тонн коммунальных отходов. Поэтому строительство мусороперерабатывающего завода является нужным проектом.

Экологическая утилизация отходов с генерацией электроэнергии станет важным этапом в развитии переработки. Правительство поддерживает данный проект и готово оказать необходимую поддержку. Мы привержены долгосрочному сотрудничеству с серьезными инвесторами»,

— отметил Олжас Бектенов.

Отраслевым министерствам и акимату города Алматы поручено обеспечить подготовку проекта Соглашения об инвестициях в двухнедельный срок для запуска строительства завода в июне текущего года.

🔵 Кроме того, в ходе встречи обсужден вопрос подготовки кадров. В рамках реализации проекта будет создано 500 рабочих мест, в том числе постоянных - 100. Лун Цзишэн отметил, что в приоритетном порядке будут привлекаться местные специалисты.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 8,7%-ға өсті

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов ел экономикасын дамыту мәселесі жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Өнеркәсіптің өсуін қамтамасыз ету шараларына назар аударылды.

🔷 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысының өндіріс көлемін ұлғайту мен өсу үрдісін бекіту бойынша тапсырмаларын орындау аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

✔️ Биылғы қаңтар-наурыз айларында өңдеу өнеркәсібінде тұрақты оң серпін 8,7% деңгейінде сақталып отыр. Негізгі өсім машина жасау (17,7%), тамақ өндірісі (13,2%), машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдары (28,7%) салаларындағы көрсеткіштердің өсуі арқасында қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тау-кен өнеркәсібінде өсім (6,1%) байқалды.

Құрылыс саласында тоқсандық қорытынды негізінде өсу көрсеткіші 16,9%-ға жетті. Мектептер, автокөлік жолдары, теміржол желілері, инженерлік инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыс көлемінің артуы туралы баяндалды.

📌 Премьер-министр отандық өндірістермен, оның ішінде Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде өзара іс-қимылды арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Анықтама:
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, биылғы қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ды құрады. Нақты көлем индексі көлік саласында – 21%-ды, құрылыста – 16,9%-ды, өнеркәсіпте – 6,6%-ды, саудада – 6,3%-ды құрайды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 8,7%-ға өсті 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов ел экономикасын дамыту мәселесі жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Өнеркәсіптің өсуін қамтамасыз ету шараларына назар аударылды. 🔷 Өнеркәсіп және құрылыс министрі…
Объем производства обрабатывающей промышленности с начала года вырос на 8,7%

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел рабочее совещание по вопросу развития экономики страны. Внимание уделено мерам по обеспечению роста промышленности.

🔷 Министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев доложил о проводимой работе по исполнению поручений Главы государства в части закрепления тенденции роста и увеличения объема производства.

✔️ В январе-марте текущего года сохраняется устойчивая положительная динамика в обрабатывающей промышленности – на уровне 8,7%. Основной прирост обеспечен увеличением показателей в машиностроении (17,7%), производстве продуктов питания (13,2%), готовых металлических изделий, за исключением машин и оборудования (28,7%). Кроме того, отмечен рост в горнодобывающей промышленности (6,1%).

В строительной отрасли по итогам квартала показатель роста достиг 16,9%. Доложено об увеличении объемов работ по строительству школ, автомобильных дорог, железнодорожных линий, инженерной инфраструктуры.

📌 Премьер-министр дал ряд поручений по наращиванию взаимодействия с отечественными производствами, в том числе в рамках реализации Национального проекта по модернизации энергетического и коммунального секторов.

Справочно: по предварительным данным Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК, ВВП в январе-марте текущего года составил 5,8% по сравнению с соответствующим периодом прошлого года. ИФО в транспортной отрасли составляет 21%, строительстве – 16,9%, промышленности – 6,6%, торговле – 6,3%.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Экономикалық өсу жөніндегі штабта KEGOC, Қазақтелеком және Самұрық-Энергоның ірі инвестициялық жобалары қаралды

📌 Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсу жөніндегі штаб отырысында энергетика мен телекоммуникация саласындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі қаралды.

Жоспарлар:
• KEGOC – энергия жүйелерін біріктіру, 500 кВ желілерін салу, Астана мен өңірлерді электрмен қамтуды күшейту.
• Қазақтелеком – дата-орталық салу, 2028 жылға дейін 5G және талшықты интернет желісін кеңейту.
• Самұрық-Энерго – 32 жоба, оның ішінде ЖЭО, СЭС және ГРЭС құрылысы мен жаңғырту.

Күтілетін нәтижелер:
• Ел экономикасының жалпы қосылған құнының өсуі.
• Инфрақұрылым мен цифрлық технологиялардың дамуы.
• «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ экономикалық тиімділігін арттыру.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.


На штабе по экономическому росту рассмотрены крупные инвестпроекты KEGOC, Казахтелекома и Самрук-Энерго

📌 Под председательством вице-премьера Серика Жумангарина на заседании штаба по экономическому росту рассмотрена реализация крупных инвестпроектов в энергетике и телекоммуникации.

Планы:
• KEGOC – объединение энергосистем, строительство линий 500 кВ, усиление электроснабжения Астаны и регионов.
• Казахтелеком – строительство дата-центра, внедрение 5G и оптоволокна до 2028 года.
• Самрук-Энерго – 32 проекта, включая строительство и модернизацию ТЭЦ, ГЭС и ГРЭС.

Что ожидается:
• Рост валовой добавленной стоимости экономики.
• Развитие инфраструктуры и цифровых технологий.
• Усиление роли ФНБ «Самрук-Казына» в экономике.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM