UKIMET
18.5K subscribers
10.5K photos
1.79K videos
8.25K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Орталық – Батыс күре жолының құрылысы және Арқалық әуежайын қалпына келтіру: Президенттің көлік-транзиттік әлеуетті күшейту жөніндегі тапсырмасы қалай жүзеге асырылып жатыр

📌 Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасы аясында Үкімет ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

⚡️ Қостанай облысында Астананы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағытымен байланыстыратын автожолын салу жоспарлануда. Сондай-ақ Арқалық әуежайын қалпына келтіру жоспарланып отыр.

🔘 Көлік министрі Марат Қарабаев Қостанай облысында «Орталық – Батыс» автожолын салу жобасы бойынша дайындық барысын тексерді. Бүгінгі таңда жобалық құжаттама әзірлеу жұмыстары басталды.

🔷 «Орталық – Батыс» жаңа бағыты Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарының шалғай аудандарындағы жол мәселесін шешеді. Қостанай облысының Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандары, Ақмола облысының Егіндікөл және Жарқайың аудандары, сондай-ақ Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы мен Астана арасындағы жол қатынасы жақсарады. Бұл жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасына айтарлықтай әсер етеді.

Жалпы, автожол жобасын іске асыру әлеуметтік-экономикалық дамуға оң әсерін тигізеді.

✔️ Қашықтық пен жол жүру уақыты қысқарады. Қазіргі уақытта Астанадан батыс аймақтарға дейінгі аралық «Астана – Атбасар – Есіл – Қостанай – Қарабұтақ – Ырғыз» бағыты 1 438 шақырымды құрайды. Жантеке, Егіндікөл, Арқалық және Торғай арқылы өтетін жаңа бағыт жолды 865 шақырымға дейін, ал қолданыстағы бағытты 560-тан астам шақырымға қысқартады. Көлік желісі 70 мың тұрғыны бар 13 елді мекенді қамтиды. Жол ені 8 метр болатын 2 жолақтан тұрады. Қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 3 мың автокөлікті құрайды.

✔️ Транзиттік әлеует айтарлықтай артады. Автожол Қазақстанның орталық өңірлерінен Транскаспий халықаралық көлік бағытына шығуды қамтамасыз етеді, Қазақстанның позициясын нығайтады әрі халықаралық тасымалдаудағы бәсекеге қабілеттілікті күшейтеді.

Тағы бір маңызды жоба – қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары аяқталып жатқан Арқалық әуежайын қалпына келтіру.

✔️ Аталған жұмыс шеңберінде жалпы ауданы 3 200 м2 болатын, сағатына 70 жолаушыға қызмет көрсетуге қабілетті екі қабатты жаңа әуежай кешенін салу көзделіп отыр. Ұзындығы 2,5 мың метр ұшу-қону жолағы, такси жолы мен перрон жөнделеді. Сондай-ақ аэронавигациялық және метеорологиялық жабдықтарды сатып алуға қаражат көзделген. Қостанай, Астана және Алматыға қолжетімді бағамен субсидияланатын рейстерді іске қосу жоспарлануда. Әуежайдың құрылысы аңшылық туризмді дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
April 2
UKIMET
Орталық – Батыс күре жолының құрылысы және Арқалық әуежайын қалпына келтіру: Президенттің көлік-транзиттік әлеуетті күшейту жөніндегі тапсырмасы қалай жүзеге асырылып жатыр 📌 Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында…
Строительство магистрали «Центр-Запад» и восстановление аэропорта Аркалыка: как реализуются поручения Президента по укреплению транзитно-транспортного потенциала

📌 В рамках поручения Главы государства, данного на IV заседании Национального курултая в марте т.г., Правительством ведется работа по реализации масштабных инфраструктурных проектов.

⚡️ В Костанайской области предусматривается строительство автомобильной дороги, которая соединит Астану с Транскаспийским международным транспортным маршрутом через Аркалык, Тургай и Иргиз. Также планируется восстановить аэропорт в Аркалыке.

🔘 Министр транспорта Марат Карабаев в Костанайской области проверил ход подготовительных работ по проекту строительства автодороги «Центр-Запад». На сегодняшний день приступили к разработке проектной документации.

🔷 Новый маршрут «Центр-Запад» решит вопрос с транспортной доступностью отдаленных районов Акмолинской, Костанайской и Актюбинской областей. Улучшится связанность города Аркалык, Амангельдинского, Жангельдинского районов Костанайской области, Егиндикольского и Жаркаинского районов Акмолинской области, а также Иргизского района Актюбинской области со столицей. Это существенно повлияет на качество жизни местных жителей.

В целом реализация автодорожного проекта положительно отразится на социально-экономическом развитии.

✔️ Будет сокращено расстояние и время в пути. В настоящее время маршрут от Астаны до западных областей составляет 1 438 км и выглядит следующим образом: «Астана – Атбасар – Есиль – Костанай – Карабутак – Иргиз». Новый маршрут через Жантеке, Егиндиколь, Аркалык и Торгай сократит этот путь до 865 км, что уменьшит действующий маршрут на более 560 км. Транспортная сеть охватит 13 населенных пунктов, где проживает 70 тыс. человек. Дорога будет представлять собой 2 полосы шириной 8 метров. Интенсивность движения составит 3 тыс. авто в сутки.

✔️ Значительно возрастет транзитный потенциал. Автодорога обеспечит выход из центральных регионов Казахстана на Транскаспийский международный транспортный маршрут, укрепив позиции Казахстана и усилив конкурентоспособность в международных перевозках.

Другим значимым проектом станет восстановление аэропорта города Аркалык в этом году. На данный момент завершается разработка проектно-сметной документации.

✔️ В рамках работ предусматривается строительство нового двухэтажного аэровокзального комплекса общей площадью 3 200 м2, с пропускной способностью 70 пассажиров в час. Будет проведен ремонт взлетно-посадочной полосы длиной 2,5 тыс. м, рулежной дорожки и перрона. Также предусмотрены средства на закуп аэронавигационного и метеорологического оборудования. Планируется запуск субсидируемых рейсов по доступной цене в Костанай, Астану и Алматы. Ожидается, что строительство аэропорта поспособствует развитию охотничьего туризма.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
April 2
Олжас Бектенов бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау тетіктерін және цифрлық теңгені енгізу жөнінде кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының 2024 жылғы ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген экономиканы цифрлық трансформациялауға қатысты тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

🔷 Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту, цифрлық теңге арқылы бюджет қаражатын жұмсаудың қадағалануын және тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларды іске асырудың ағымдағы жағдайы мен алдағы жоспарлары қаралды. ҚР Ұлттық банкі төрағасы Тимур Сүлейменов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Асхат Жұмағалидің қатысуымен қаржы экожүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, тұтынушылар құқығын қорғау, алаяқтық транзакциялармен күресу шаралары талқыланды.

✔️ Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Бинұр Жәленов қаржы инфрақұрылымының негізгі құрамдас бөліктерін – банкаралық төлем карточкалары жүйесін, Open API, Антифрод-орталық, цифрлық теңгені дамыту тәсілдерін ұсынды. Бүгінгі таңда Банк жүйелері арқылы еліміздегі барлық төлем айналымының 90%-ын және цифрлы биометриялық сәйкестендіруге 30 млн-ға жуық сұранысты өңделуде. Антифрод-орталық уақтылы бұғаттаған заңсыз транзакциялар көлемі 2 млрд теңгені құрады, жалпы 36 мыңнан астам оқиға анықталды. Технологиялық платформаға 108 ұйым, оның ішінде барлық екінші деңгейлі банк, ірі төлем ұйымдары мен микро қаржы ұйымдары қосылған. Сондай-ақ биылғы шілде айында екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, QR арқылы банкаралық төлем қызметін іске қосу жоспарланып отыр.

🔵 Мемлекет қаражатының жұмсалуын қадағалау мақсатында 2024 жылы іске қосылған цифрлық теңгені қолданатын пилоттық жоба барысы талқыланды.

✔️ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали цифрлық теңге жобасы сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім салаларда сынақтан өтіп жатқанын айтты. Бүгінде барлығы 250 млрд-қа жуық цифрлық теңге айналымға енгізілген. Әзірлеушілер әр ақша бірлігіне бірегей цифрлық белгілерді байланыстыруды қарастырады, бұл қаражаттың бөлінуден бастап толық игерілуіне дейінгі барлық кезеңде қолданылуын бақылауға мүмкіндік береді. Аталған әдістің АӨК-тегі тиімділігі Ақмола облысындағы шаруа қожалықтарының қатысуымен «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру барысында қаралды. Арнайы бағдарламаланған цифрлық теңге фермерлердің мал басын сатып алуына несие беру кезінде пайдаланылды әрі жалған мәмілелер мүмкіндігін жойып, процестің толық ашық өтуін қамтамасыз етті.

🚧 Бекітілген Жол картасы шеңберінде жобаны іске асыру биыл Қарағанды, Павлодар және Атырау облыстарында теміржол және автомобиль жолдарын салу кезінде жалғасады. Айта кету керек, отандық кәсіпкерлер апробацияға өз еркімен қатысады, бұл олардың Open Book қағидаты бойынша бизнесті ашық жүргізуге бейілділігін көрсетеді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
April 3
UKIMET
Олжас Бектенов бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау тетіктерін және цифрлық теңгені енгізу жөнінде кеңес өткізді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының 2024 жылғы ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген экономиканы цифрлық…
Олжас Бектенов провел совещание по внедрению цифрового тенге и механизмов контроля за целевым использованием бюджетных средств

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам реализации поручений Главы государства касательно цифровой трансформации экономики, данных на расширенном заседании Правительства в феврале 2024 года.

🔷 Рассмотрена текущая ситуация и дальнейшие планы развития Национальной цифровой финансовой инфраструктуры, реализации проектов, направленных на обеспечение прослеживаемости и повышения эффективности расходования бюджетных средств посредством цифрового тенге. С участием председателей Национального Банка РК Тимура Сулейменова, Агентства по противодействию коррупции Асхата Жумагали обсуждены меры по обеспечению открытости финансовой экосистемы, защиты прав потребителей, противодействию мошеннических транзакций.

✔️ Подходы к развитию ключевых компонентов финансовой инфраструктуры — межбанковской системы платежных карточек, Open API, Антифрод-центру, цифровому тенге — представил советник Председателя Национального Банка Бинур Жаленов. На сегодня системами Банка обрабатываются 90% всего платежного оборота в стране и порядка 30 млн запросов на цифровую биометрическую идентификацию. Объем своевременно заблокированных Антифрод-центром незаконных транзакций составил 2 млрд тенге, всего выявлено свыше 36 тыс. таких инцидентов. К технологической платформе подключены 108 организаций, включая все банки второго уровня, крупные платежные организации и МФО. Также в июле т.г. совместно с банками второго уровня планируется запуск сервиса межбанковских платежей по QR.

🔵 Обсужден ход реализации пилотного проекта с использованием цифрового тенге, запущенного в 2024 году в целях прослеживаемости расходования государственных средств.

✔️ Председатель Агентства по противодействию коррупции Асхат Жумагали сообщил, что проект апробируется в наиболее подверженных коррупции сферах. Всего на сегодня эмитировано порядка 250 млрд цифровых тенге. Разработчиками предусмотрена привязка уникальных цифровых меток к каждой денежной единице, что позволяет отслеживать их использование на всех этапах — от выделения до полного освоения средств. Эффективность данного метода в АПК рассмотрена на примере реализации программы «Ауыл Аманаты» с участием фермерских хозяйств Акмолинской области. Специально запрограммированные цифровые тенге использовались при кредитовании закупа фермерами сельскохозяйственных животных и обеспечили полную прозрачность процесса, с исключением возможности фиктивных сделок.

🚧 В рамках утвержденной Дорожной карты реализация проекта в текущем году продолжится при строительстве железных и автомобильных дорог в Карагандинской, Павлодарской и Атырауской областях. Следует отметить, что отечественные предприниматели принимают участие в апробировании добровольно, что свидетельствует об их приверженности к открытому ведению бизнеса по принципу Open Book.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
April 3
Машина жасау саласындағы локализация: John Deere компаниясы Қостанайда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін іске қосады

📌 Үкімет Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелеріне басымдық беруде. Былтыр отандық өндірісті қолдау мақсатында импорттық тракторлар мен комбайндарды субсидиялаудан бас тарту машина жасау саласын дамытуға үлкен серпін беріп, өндірісті локализациялауға ықпал етті. Бұған Қостанай қаласындағы Локализация орталығы базасында америкалық John Deere компаниясының өздігінен жүретін, тіркемелі және аспалы техника өндірісін іске қосу мысал бола алады. Бұл отандық машина жасау саласын дамытудағы және Қазақстанның аграрлық секторына озық технологияларды енгізудегі маңызды қадам болды.

🔷 John Deere – ауылшаруашылық техникасын өндіруде әлемдегі көшбасшы кәсіпорын, оның өнімдерін Қазақстанда локализациялау саланы дамытудың негізгі кезеңі болмақ. Өндіріс Agromash зауытының Локализация орталығында іске қосылады. Бұл жоғары өндіріс деңгейі мен техникалық қолдауды қамтамасыз ететін еліміздегі ауыл шаруашылығы техникасы саласындағы ең ірі локализацияланған өнеркәсіп алаңы болып саналады.

✔️ John Deere өндірісін іске қосу Қазақстан фермерлері үшін жаңа мүмкіндіктер ашу, жергілікті жағдайларға бейімделген тракторлар мен комбайндар ассортиментін кеңейтуді, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары негізінде оларды сатып алуға қол жеткізу арқылы ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді. Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер отандық өндіріс техникасын қолжетімді шарттар бойынша сатып ала алатынын атап өту маңызды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, елімізде жылдық 5%-бен отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі бағдарламасы іске қосылды, оған 120 млрд теңге бөлінді. Биыл 3,2 мың қазақстандық фермер жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында өз автопарктерін жаңартуға мүмкіндік алады.

🔘 Agromash зауытының президенті Динара Шүкіжанова елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалардың арқасында америкалық John Deere брендімен өндірістік кооперация құруға мүмкіндік туғанын атап өтті. Осындай жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде елімізде жаңа жұмыс орындары ашылып қана қоймай, инновациялық технологияларды енгізуге, инженерлік тұрғыда ойлай алатын жоғары білікті мамандар даярлауға баса назар аударылуда.

John Deere брендінің Қазақстандағы ресми өкілі – «Eurasia Group» компаниясы. Жоба аясында олар ауылшаруашылық техникаларын Қазақстанда өндірілген өнімдер ретінде сатуды жалғастырып, сонымен қатар сервис қызметтерін көрсетуді және аграрлық секторға цифрлық шешімдерді енгізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жобаны жүзеге асыру экономика мен білім саласының дамуына қосымша ресурстар жұмсауды, оның ішінде ауыл шаруашылығында қызмет көрсету және арнайы мамандарды, агрономдар, инженерлер, механизаторлар және IT мамандарын даярлауды көздейді. Алдағы 5 жылда үш заманауи сервис орталығы салынып, олар цифрлық технологияларды енгізу және агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыру үшін негізгі алаңдарға айналатын болады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
April 3