UKIMET
18.4K subscribers
10.3K photos
1.76K videos
8.24K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны қаупі бар аймақтар тексерілді

⚡️ Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша вице-премьер Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болып, су тасқыны қаупі бар аймақтарды аралады.

🔘 Шал ақын ауданына қарасты Сергеевка қаласында Қанат Бозымбаев Сергеев су торабының жағдайын тексерді. Бұл нысан – Есіл өзенінің ағынын реттейтін және су ресурстарымен қамтамасыз ететін стратегиялық нысан. Өткен жылдан бері мұнда нығайту, түбін тереңдету және жағалауларды шайылудан қорғау жұмыстары жүргізілуде. Қазір су тасқынының екінші толқынының шарықтау кезеңі өтіп жатыр.

Сонымен қатар, вице-премьер Есіл өзенінің бойында орналасқан Николаевка, Покровка, Явленка, Большая Малышка және Соколовка ауылдарындағы жағдайды тексерді. Облыс бойынша су басу қаупі бар 116 елді мекен бар. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, жағдай тұрақты бақылауда.

🔷 Облыста су тасқынына қарсы 109 іс-шарадан тұратын инженерлік жұмыстар жоспары іске асырылуда. Нәтижесінде 60 елді мекенде су басу қаупі төмендеді. 47 шақырым жаңа бөгет салынып, 41 шақырым қорғаныс біліктері нығайтылды. Автожолдарға 108 су өткізу құбыры орнатылып, 10 шақырым су бұру арықтары тереңдетілді, 4 шақырым кіші өзен арналары тазартылып, 200 шақырым нөсер кәріз желісі тазарды.

Су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен ТЖМ-ге тәулік бойы тәуекел аймағындағы елді мекендерде, әсіресе саяжай алқаптарында мониторинг жүргізуді, су қоймаларындағы су деңгейін реттеуді және халықты су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы уақтылы хабардар етуді тапсырды.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



В Северо-Казахстанской области проверены паводкоопасные зоны

📌
По поручению Премьер-министра вице-премьер Канат Бозумбаев посетил Северо-Казахстанскую область с рабочей поездкой и осмотрел паводкоопасные зоны.

🔘 В городе Сергеевка (район Шал акына) вице-премьер проверил состояние Сергеевского гидроузла, ключевого регулятора стока реки Есиль. С прошлого года здесь ведутся работы по укреплению, углублению дна и защите берегов от размыва. Сейчас проходит пик второй волны паводков.

Также вице-премьер проверил ситуацию в селах Николаевка, Покровка, Явленка, Большая Малышка, Соколовка, расположенные вдоль русла Есиля. В зоне риска по области — 116 населенных пунктов. По словам акима области Гауеза Нурмухамбетова, ситуация под контролем.

🔷 В области реализуется План инженерных работ (109 мероприятий), в результате чего снижена угроза подтопления в 60 населенных пунктах. Возведено 47 км и укреплено 41 км защитных дамб и валов, установлено 108 водопропускных труб, углублено 10 км арыков, расчищено 4 км русел малых рек, очищено 200 км ливневой канализации.

Для безопасного прохождения пика паводка в регионе, Вице-премьер поручил акимату Северо-Казахстанской области и МЧС организовать круглосуточное наблюдение за ситуацией в населенных пунктах в зоне риска, в частности в дачных массивах, регулировать уровень воды в водохранилищах, а также своевременно оповещать население о проводимых противопаводковых мероприятиях.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Орталық – Батыс күре жолының құрылысы және Арқалық әуежайын қалпына келтіру: Президенттің көлік-транзиттік әлеуетті күшейту жөніндегі тапсырмасы қалай жүзеге асырылып жатыр

📌 Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасы аясында Үкімет ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

⚡️ Қостанай облысында Астананы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағытымен байланыстыратын автожолын салу жоспарлануда. Сондай-ақ Арқалық әуежайын қалпына келтіру жоспарланып отыр.

🔘 Көлік министрі Марат Қарабаев Қостанай облысында «Орталық – Батыс» автожолын салу жобасы бойынша дайындық барысын тексерді. Бүгінгі таңда жобалық құжаттама әзірлеу жұмыстары басталды.

🔷 «Орталық – Батыс» жаңа бағыты Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарының шалғай аудандарындағы жол мәселесін шешеді. Қостанай облысының Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандары, Ақмола облысының Егіндікөл және Жарқайың аудандары, сондай-ақ Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы мен Астана арасындағы жол қатынасы жақсарады. Бұл жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасына айтарлықтай әсер етеді.

Жалпы, автожол жобасын іске асыру әлеуметтік-экономикалық дамуға оң әсерін тигізеді.

✔️ Қашықтық пен жол жүру уақыты қысқарады. Қазіргі уақытта Астанадан батыс аймақтарға дейінгі аралық «Астана – Атбасар – Есіл – Қостанай – Қарабұтақ – Ырғыз» бағыты 1 438 шақырымды құрайды. Жантеке, Егіндікөл, Арқалық және Торғай арқылы өтетін жаңа бағыт жолды 865 шақырымға дейін, ал қолданыстағы бағытты 560-тан астам шақырымға қысқартады. Көлік желісі 70 мың тұрғыны бар 13 елді мекенді қамтиды. Жол ені 8 метр болатын 2 жолақтан тұрады. Қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 3 мың автокөлікті құрайды.

✔️ Транзиттік әлеует айтарлықтай артады. Автожол Қазақстанның орталық өңірлерінен Транскаспий халықаралық көлік бағытына шығуды қамтамасыз етеді, Қазақстанның позициясын нығайтады әрі халықаралық тасымалдаудағы бәсекеге қабілеттілікті күшейтеді.

Тағы бір маңызды жоба – қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары аяқталып жатқан Арқалық әуежайын қалпына келтіру.

✔️ Аталған жұмыс шеңберінде жалпы ауданы 3 200 м2 болатын, сағатына 70 жолаушыға қызмет көрсетуге қабілетті екі қабатты жаңа әуежай кешенін салу көзделіп отыр. Ұзындығы 2,5 мың метр ұшу-қону жолағы, такси жолы мен перрон жөнделеді. Сондай-ақ аэронавигациялық және метеорологиялық жабдықтарды сатып алуға қаражат көзделген. Қостанай, Астана және Алматыға қолжетімді бағамен субсидияланатын рейстерді іске қосу жоспарлануда. Әуежайдың құрылысы аңшылық туризмді дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Орталық – Батыс күре жолының құрылысы және Арқалық әуежайын қалпына келтіру: Президенттің көлік-транзиттік әлеуетті күшейту жөніндегі тапсырмасы қалай жүзеге асырылып жатыр 📌 Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында…
Строительство магистрали «Центр-Запад» и восстановление аэропорта Аркалыка: как реализуются поручения Президента по укреплению транзитно-транспортного потенциала

📌 В рамках поручения Главы государства, данного на IV заседании Национального курултая в марте т.г., Правительством ведется работа по реализации масштабных инфраструктурных проектов.

⚡️ В Костанайской области предусматривается строительство автомобильной дороги, которая соединит Астану с Транскаспийским международным транспортным маршрутом через Аркалык, Тургай и Иргиз. Также планируется восстановить аэропорт в Аркалыке.

🔘 Министр транспорта Марат Карабаев в Костанайской области проверил ход подготовительных работ по проекту строительства автодороги «Центр-Запад». На сегодняшний день приступили к разработке проектной документации.

🔷 Новый маршрут «Центр-Запад» решит вопрос с транспортной доступностью отдаленных районов Акмолинской, Костанайской и Актюбинской областей. Улучшится связанность города Аркалык, Амангельдинского, Жангельдинского районов Костанайской области, Егиндикольского и Жаркаинского районов Акмолинской области, а также Иргизского района Актюбинской области со столицей. Это существенно повлияет на качество жизни местных жителей.

В целом реализация автодорожного проекта положительно отразится на социально-экономическом развитии.

✔️ Будет сокращено расстояние и время в пути. В настоящее время маршрут от Астаны до западных областей составляет 1 438 км и выглядит следующим образом: «Астана – Атбасар – Есиль – Костанай – Карабутак – Иргиз». Новый маршрут через Жантеке, Егиндиколь, Аркалык и Торгай сократит этот путь до 865 км, что уменьшит действующий маршрут на более 560 км. Транспортная сеть охватит 13 населенных пунктов, где проживает 70 тыс. человек. Дорога будет представлять собой 2 полосы шириной 8 метров. Интенсивность движения составит 3 тыс. авто в сутки.

✔️ Значительно возрастет транзитный потенциал. Автодорога обеспечит выход из центральных регионов Казахстана на Транскаспийский международный транспортный маршрут, укрепив позиции Казахстана и усилив конкурентоспособность в международных перевозках.

Другим значимым проектом станет восстановление аэропорта города Аркалык в этом году. На данный момент завершается разработка проектно-сметной документации.

✔️ В рамках работ предусматривается строительство нового двухэтажного аэровокзального комплекса общей площадью 3 200 м2, с пропускной способностью 70 пассажиров в час. Будет проведен ремонт взлетно-посадочной полосы длиной 2,5 тыс. м, рулежной дорожки и перрона. Также предусмотрены средства на закуп аэронавигационного и метеорологического оборудования. Планируется запуск субсидируемых рейсов по доступной цене в Костанай, Астану и Алматы. Ожидается, что строительство аэропорта поспособствует развитию охотничьего туризма.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау тетіктерін және цифрлық теңгені енгізу жөнінде кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының 2024 жылғы ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген экономиканы цифрлық трансформациялауға қатысты тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

🔷 Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту, цифрлық теңге арқылы бюджет қаражатын жұмсаудың қадағалануын және тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларды іске асырудың ағымдағы жағдайы мен алдағы жоспарлары қаралды. ҚР Ұлттық банкі төрағасы Тимур Сүлейменов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Асхат Жұмағалидің қатысуымен қаржы экожүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, тұтынушылар құқығын қорғау, алаяқтық транзакциялармен күресу шаралары талқыланды.

✔️ Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Бинұр Жәленов қаржы инфрақұрылымының негізгі құрамдас бөліктерін – банкаралық төлем карточкалары жүйесін, Open API, Антифрод-орталық, цифрлық теңгені дамыту тәсілдерін ұсынды. Бүгінгі таңда Банк жүйелері арқылы еліміздегі барлық төлем айналымының 90%-ын және цифрлы биометриялық сәйкестендіруге 30 млн-ға жуық сұранысты өңделуде. Антифрод-орталық уақтылы бұғаттаған заңсыз транзакциялар көлемі 2 млрд теңгені құрады, жалпы 36 мыңнан астам оқиға анықталды. Технологиялық платформаға 108 ұйым, оның ішінде барлық екінші деңгейлі банк, ірі төлем ұйымдары мен микро қаржы ұйымдары қосылған. Сондай-ақ биылғы шілде айында екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, QR арқылы банкаралық төлем қызметін іске қосу жоспарланып отыр.

🔵 Мемлекет қаражатының жұмсалуын қадағалау мақсатында 2024 жылы іске қосылған цифрлық теңгені қолданатын пилоттық жоба барысы талқыланды.

✔️ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали цифрлық теңге жобасы сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім салаларда сынақтан өтіп жатқанын айтты. Бүгінде барлығы 250 млрд-қа жуық цифрлық теңге айналымға енгізілген. Әзірлеушілер әр ақша бірлігіне бірегей цифрлық белгілерді байланыстыруды қарастырады, бұл қаражаттың бөлінуден бастап толық игерілуіне дейінгі барлық кезеңде қолданылуын бақылауға мүмкіндік береді. Аталған әдістің АӨК-тегі тиімділігі Ақмола облысындағы шаруа қожалықтарының қатысуымен «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру барысында қаралды. Арнайы бағдарламаланған цифрлық теңге фермерлердің мал басын сатып алуына несие беру кезінде пайдаланылды әрі жалған мәмілелер мүмкіндігін жойып, процестің толық ашық өтуін қамтамасыз етті.

🚧 Бекітілген Жол картасы шеңберінде жобаны іске асыру биыл Қарағанды, Павлодар және Атырау облыстарында теміржол және автомобиль жолдарын салу кезінде жалғасады. Айта кету керек, отандық кәсіпкерлер апробацияға өз еркімен қатысады, бұл олардың Open Book қағидаты бойынша бизнесті ашық жүргізуге бейілділігін көрсетеді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM