UKIMET
18.3K subscribers
10.3K photos
1.76K videos
8.24K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
📌 Отырыс барысында металлургия, ауыл шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету және басқа да салаларда қызмет ететін кәсіпкерлер өзара іс-қимылды жақсарту бойынша идеялары мен ұсыныстарын бөлісті.

«АЭМЗ» ЖШС бас директоры Марат Ахметжанов тарифтік саясаттың өңірдің металлургия саласына әсері мәселесін көтерді. Ол ірі жобаларды іске асырудың барлық кезеңіне арналған электр энергиясына жеңілдігі бар инвестициялық тарифті бекітуді жеделдетуді сұрады. Оның пікірінше, бұл әлемдік нарықтарда экспортқа бағдарланған өнімнің бәсекеге қабілеттілігін сақтауға, Қазақстанға жаңа инвесторлар тартуға және металлургия өндірісінің орталығы ретінде еліміздің имиджін нығайтуға мүмкіндік береді.

«Едіге Шоң» ЖШС бас директоры Тоғжан Мұзапаров АӨК бағдарламаларын мысалға ала отырып, жеңілдігі бар пайыздық мөлшерлемемен тікелей қаржыландыру тетігін енгізуге қатысты ұсынысын айтты. Кәсіпкердің пікірінше, бұл қолдау алуды жеделдетіп, кәсіпкерлердің қаржылық тұрақтылығын күшейтеді әрі бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасайды.

«Галицкое» ЖШС директоры Александр Касицин пайыздық мөлшерлемелерді тікелей субсидиялауды және жылдық 6%-бен «тазаланған» қарыздар беруді қосқанда, аграрлық секторды мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ кәсіпкер Президенттің өндіріс көлемін ұлғайтуға, өнім сапасын жақсартуға және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірыңғай ауыл шаруашылығы салығын енгізу туралы бастамасын қолдады. Сонымен қатар ол диқандар көктемгі дала жұмыстарына тиісті қаражатты толық көлемде ала бастағанын және қажетті ЖЖМ-ның жартысын жеткізгенін атап өтті. Алдын ала егіске қаражат бөлінетін бұл тәжірибені Үкімет былтыр алғаш рет енгізген болатын.

«ECO CITY PAVLODAR» ЖК басшысы Махаббат Анаева Павлодар облысында 56 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі барын, олардың жартысы әйелдер екенін атап өтті. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылды, бұл қоғамның бірқатар маңызды әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

«Fonet Er-Tai AK Mining» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Азамат Әлжапаров Павлодар облысында құны 9,4 млрд теңгені құрайтын катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауыттың құрылысы туралы хабарлады. Бүгінгі таңда компания геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, электр беру желісі салынды. Сонымен қатар кәсіпкер экологиялық құжаттарды келісу бойынша рәсімдердің ұзақтығын атап өтті.

«ЭкоДом-Павлодар» ЖШС директоры және Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі салалық кеңесінің мүшесі Марина Рейдина мемлекеттік қолдаудың, атап айтқанда жеңілдетілген несиелеудің, субсидиялардың және акселерациялық бағдарламаларға қатысудың арқасында төрт жыл ішінде шағын өндіріс сүт өнімдерінің 150-ден астам түрін шығаратын заманауи кәсіпорынға айналғанын айтты.

🔵 Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр Павлодар облысының әкімдігіне, Ұлттық экономика министрлігіне және басқа да мемлекеттік органдарға «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесіп айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 В ходе заседания своими идеями и предложениями по улучшению взаимодействия поделились предприниматели, представляющие разные сферы: металлургию, сельское хозяйство, торговлю, услуги, обрабатывающая и др.

Вопрос влияния тарифной политики на металлургическую отрасль региона поднял генеральный директор ТОО «АЭМЗ» Марат Ахметжанов. Он обратился с просьбой ускорить утверждение льготного инвестиционного тарифа на электроэнергию для крупных проектов на весь период их реализации. По его мнению, это позволит сохранить конкурентоспособность экспортно-ориентированной продукции на мировых рынках, привлечь новых инвесторов в Казахстан и укрепит имидж страны как центра металлургического производства.

Генеральный директор ТОО «Едіге Шон» Тогжан Музапаров озвучил предложение касательно внедрения механизма прямого финансирования по льготной процентной ставке на примере программ АПК. По мнению предпринимателя, это ускорит получение поддержки, повысит финансовую устойчивость предпринимателей и создаст более благоприятные условия для развития бизнеса.

Директор ТОО «Галицкое» Александр Касицин подчеркнул важность господдержки аграрного сектора, включая прямое субсидирование процентных ставок и предоставление «очищенных» займов под 6% годовых. Также предприниматель поддержал инициативу Президента о введении единого сельскохозяйственного налога, которая позволит увеличить объемы производства, улучшить качество продукции и обеспечить продовольственную безопасность страны. Кроме того, он отметил, что аграрии начали уже получать запрашиваемые средства на весенне-полевые работы в полном объеме и завезли половину необходимого ГСМ. Такую практику, когда средства выделяются на посевную заранее, Правительство ввело впервые в прошлом году.

Руководитель ИП «ECO CITY PAVLODAR» Махаббат Анаева отметила, что в Павлодарской области насчитывается более 56 тыс. субъектов предпринимательства, половина из которых – женщины. Предложено расширить возможности госпрограмм, направленных на поддержку женского предпринимательства, что позволит решить ряд важных социальных вопросов общества.

И.о. генерального директора ТОО «Fonet Er-Tai AK Mining» Азамат Альжапаров сообщил о строительстве в Павлодарской области гидрометаллургического завода по производству катодной меди стоимостью 9,4 млрд тенге. Компания уже провела геологоразведку и построила линию электропередач. Вместе с тем, предприниматель отметил длительность процедур по согласованию экологических документов.

Директор ТОО «ЭкоДом-Павлодар» и член отраслевого совета по развитию женского предпринимательства Палаты предпринимателей Павлодарской области Марина Рейдина рассказала, что благодаря господдержке, а именно льготному кредитованию, субсидиям и участию в акселерационных программах, за четыре года небольшое производство выросло в современное предприятие, выпускающее более 150 видов молочных изделий.

🔵 По итогам обсуждения Премьер-министр поручил акимату Павлодарской области, Министерству национальной экономики и другим госорганам совместно с Нацпалатой «Атамекен» проработать озвученные предложения.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент тапсырмасымен ашылған Екібастұздағы «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы 9 мың жас талантты қабылдауға лайықталған

📌 Президент тапсырмасымен Екібастұзда ашылған «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы қала балаларына шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше мүмкіндіктер ұсынады. Орталық 9 мыңнан астам жас талантты, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды да қабылдай алады.

✔️ «Самғау» орталығында түрлі шеберлік сабақтары мен шығармашылық дәрістер өткізетін 50-ден астам білікті педагог жұмыс істейді. Орталық Екібастұз қаласы балаларының 70%-на дейін қосымша біліммен қамтып, олардың қабілеттерін ашып, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі.

🔵 Бірінші қабатта би және театр залдары, сондай-ақ жеке музыка дәрістеріне арналған бөлмелер мен 275 орындық көрермен залы орналасқан. Балалар хореографиямен, театр өнерімен, вокалмен және аспапта орындау шеберлігімен айналыса алады.

🔵 Екінші қабатта биология зертханасы, ландшафтық архитектура мен флористикалық дизайн студиялары, дебат және медиа орталықтар, сондай-ақ fashion-студия бар. Үшінші қабат толығымен IT-технологияларға арналған: мұнда робототехника мен компьютерлік модельдеу клубтары орналасқан.

Сонымен қатар Орталықта психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттері, үстел теннисі аймақтары және жаттығу залы бар.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM