UKIMET
18.4K subscribers
10.3K photos
1.76K videos
8.24K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында энергетиканы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Президенттің энергетика саласына қатысты тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Олжас Бектенов Екібастұзда ГРЭС-1-ді жаңғырту нәтижелерімен, таза көмір технологиясын пайдалана отырып, ГРЭС-2-ні реконструкциялау және ГРЭС-3 стансасы құрылысы жобаларын жүзеге асырудың басталуымен танысты. Мұнда экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктері, жаңа өндіріс орындарын іске қосу және белсенді цифрландыру аясында саланы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті.

🔘 Болат Нұржанов атындағы ГРЭС-1 және ГРЭС-2 құрамына кіретін Екібастұз энергия торабы нысандарының жалпы белгіленген қуаты 5 мың МВт-қа жетеді, бұл Екібастұзды электр энергиясын өндіруде стратегиялық маңызды орталыққа айналдырады. Жалпы, Павлодар облысы республикадағы электр энергиясының 40%-дан астамын өндіреді. ГРЭС-1-ді жаңғырту аясында өткен жылдың желтоқсан айында қуаты 540 МВт болатын №1 энергоблок қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді. 2026-2028 жылдары отынмен қамтамасыз ету жүйелерін реконструкциялау және жаңа түтін мұржасын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар процестерді автоматтандыру, шығарындыларды бақылау және қандай да бір оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша баяндама жасалды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM