UKIMET
18.5K subscribers
10.5K photos
1.79K videos
8.25K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Олжас Бектенов кәсіпкерлермен көлік-логистика саласын дамытудың өзекті мәселелері мен келешегін талқылады

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов салалық министрліктер мен мемлекеттік ұйымдар басшылығының қатысуымен ҚР Көлік және логистикалық инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөніндегі отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізді.

🔷 Автомобиль, теміржол, су және авиация көлігі салаларындағы ағымдағы жағдай мен күрделі мәселелерге қатысты сындарлы диалог өтті. Бизнес өкілдері жеке инвестицияларды енгізуге және саладағы жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысындағы әкімшілік кедергілер туралы мәлімдеді.

➤ «Конкурент-Б» ЖШС бас директоры Бақытбек Қадыров теміржол саласына жеке инвестицияларды тартуға қатысты ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, инфрақұрылымы жоқ, бірақ экономикалық өсу үшін әлеуеті бар өңірлерде жаңа жолдар салу жөнінде бастама көтерді. Бұл инфрақұрылымдағы кедергілерді жеңілдетуге, елішілік аумақтық байланыстың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

🔘 Премьер-министр теміржол құрылысына жеке инвестицияларға қатысты бастаманы қолдап, Көлік министрлігіне биылғы 1 наурызға дейін инвестицияларды қайтару тетігі бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

➤ Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағының президенті Мақсат Сақтағанов көліктегі бақылау тақырыбын көтерді. Ұсыныс ретінде автомобиль көлігінде валюталық бақылауды енгізу идеясы айтылды. Сондай-ақ оның пікірінше, рұқсат беру құжаттарының түпнұсқалығын тексеру рәсімі бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу қажет.

➤ Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров рұқсат беру құжаттарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қолдан жасауға жол бермеу үшін QR-кодтарды енгізу жоспары туралы баяндады.

➤ «Victory trans» ЖШС директоры Қуанышбек Садырбаев отандық тасымалдаушыларды қолдау мақсатында Қазақстанда халықаралық тасымалдарда автомобиль көлігіне рұқсат беру жүйесін қолдану ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізу туралы бастама көтерді.

➤ Еліміздің 60 ірі және 40 шағын автобус тасымалдаушыларын біріктіретін «Қазақстан автомобиль конвенциясы» қауымдастығының президенті Марат Берқалиев Қазақстан Республикасында автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі 3 жылға арналған шаралар кешенін бекітуге қатысты ұсыныстарын айтты, онда тасымалдаушылардың шығындарын толық субсидиялау, паркті жаңарту және басқа да мәселелер көзделген.

🔘 Премьер-министр бұл ұсынысты қолдап, Көлік министрлігіне тиісті тапсырма берді.

➤ «Сары-Арқа» халықаралық әуежайы» АҚ бас директоры Ерлан Оспанов шағын авиация инфрақұрылымы үшін әуе хабтарын дамыту бойынша бірқатар шара ұсынды. Әуежайларды жүйелі дамыту, олардың экономикалық тұрақтылығын арттыру қажеттігіне баса назар аударылды.

🔘 Премьер-министр бастамаларға қолдау білдіріп, әуежайлардың жұмысы үшін бәсекеге қабілетті жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Аталған мәселеге қатысты егжей-тегжейлі пысықтау және шешім қабылдау үшін қосымша кездесулер өткізіледі.

🔷 Кездесу қорытындысы бойынша Олжас Бектенов көлік инфрақұрылымын дамыту мемлекет пен бизнестің белсенді өзара іс-қимылын қажет ететінін баса айтты. Мемлекеттік бюджет саланың барлық қажеттілігін өтей алмайды, сондықтан жеке инвестициялар тартуға басымдық беріледі.

Үкіметтің «Атамекен» ҰКП-мен ел экономикасын тиімді дамыту мақсатында бизнес пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нығайту жөніндегі бірлескен жұмысы жалғасуда.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов кәсіпкерлермен көлік-логистика саласын дамытудың өзекті мәселелері мен келешегін талқылады 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов салалық министрліктер мен мемлекеттік ұйымдар басшылығының қатысуымен ҚР Көлік және логистикалық инфрақұрылымын дамыту…
Олжас Бектенов обсудил с предпринимателями проблемы и перспективы развития транспортно-логистической отрасли

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития транспортной и логистической инфраструктуры РК с участием руководства отраслевых министерств и государственных организаций.

🔷 Состоялся конструктивный диалог о текущей ситуации и проблемах в области автомобильного, железнодорожного, водного и авиационного транспорта. Представители бизнеса заявили об имеющихся административных барьерах, которые препятствуют вливанию частных инвестиций и реализации новых инфраструктурных проектов в отрасли. Озвучены предложения о совершенствовании регуляторных норм для улучшения бизнес-климата в стране.

➤ Генеральный директор ТОО «Kонкурент-Б» Бакытбек Кадиров выступил с предложениями касательно привлечения частных инвестиций в железнодорожную отрасль. В частности, по строительству новых путей в регионах, где отсутствует инфраструктура, но есть потенциал для экономического роста. Это позволит расширить узкие места в инфраструктуре, обеспечит развитие территориальной связанности внутри страны.

🔘 Премьер-министр поддержал инициативу касательно частных инвестиций в строительство железных дорог и поручил Министерству транспорта до 1 марта т.г. внести конкретные предложения по механизму возврата инвестиций.

➤ Президент Союза международных автомобильных перевозчиков Максат Сактаганов поднял тему контроля на транспорте. В качестве предложения озвучена идея ввести валютный контроль на автомобильном транспорте. Также, по его мнению, необходимо внести изменения в законодательство по процедуре проверки подлинности разрешительных документов.

➤ Вице-министр транспорта Максат Калиакпаров доложил о планах по введению QR-кодов в целях обеспечения прозрачности разрешительных документов для недопущения подделок.

➤ Директор ТОО «Victory trans» Куанышбек Садырбаев инициировал ряд изменений правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в РК в международном сообщении для поддержки отечественных перевозчиков.

➤ Президент ассоциации «Автомобильный конвент Казахстана», объединяющей 60 крупных и 40 мелких автобусных перевозчиков страны, Марат Беркалиев выступил с предложениями касательно утверждения Комплекса мер развитию пассажирских перевозок на автомобильном транспорте в РК на 3 года, которые предусмотрят вопросы полного субсидирования убытков перевозчиков, обновления парка и т.д.

🔘 Премьер-министр поддержал предложение и дал соответствующее поручение Министерству транспорта.

➤ Генеральный директор АО «Международный аэропорт «Сары-Арка» Ерлан Оспанов предложил ряд мер по развитию авиахабов и инфраструктуры малой авиации. Акцент был сделан на необходимости системного развития аэропортов, повышения их экономической устойчивости.

🔘 Премьер-министр выразил поддержку инициативам и подчеркнул важность создания конкурентных условий для работы аэропортов. По данному вопросу будут дополнительно проведены встречи для детальной проработки и принятия решений.

🔷 По итогам встречи руководитель Правительства отметил, что развитие транспортной инфраструктуры требует активного взаимодействия государства и бизнеса. Государственный бюджет не может покрыть все потребности отрасли, поэтому привлечение частных инвестиций является приоритетной задачей.

Совместная работа Правительства с НПП «Атамекен» по укреплению взаимодействия бизнеса и государственных органов в целях эффективного развития экономики страны продолжается.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6 мың жұмыс орнын ашу, экспорттың өсуі және ішкі құн үлесі: Олжас Бектенов «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің отырысын өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Премьер-министрге холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қолданыстағы құралдар шеңберінде отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша 2024 жылғы инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы баяндалды.

🔷 «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин экономиканың шикізаттық емес секторын жалпы құны 4,09 трлн теңгеге қаржыландыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Өткен жылмен салыстырғанда қолдау көлемі 52%-ға артты. Барлығы 58 мыңға жуық квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жатпайтын жеке компаниялар мен ұйымдар қамтылды. Мемлекеттік қолдау шараларын арттыру нәтижесінде өңірлерде 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Өндірушілер 7,3 трлн теңгенің өнімін шығарды және қызмет көрсетті. Сондай-ақ экспорт көлемі үштен бір есеге артып, 1,046 трлн теңгеден асты.

🔘 Еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осылайша, холдинг құралдары және оның құрылымдары арқылы шаруалар 10,5 мың данадан астам ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын сатып алды. Сондай-ақ көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын нарық жағдайында облигациялық қарыздарды тарту есебінен қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. «Жасыл» экономиканы дамыту мақсатында энергетика саласында құны 14,5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба қолдау тапты.

✔️ Премьер-министрге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобының тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудағы ішкі құн үлесін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. Жұмыстарда үлес 2023 жылы 97,9%-дан 2024 жылы 99,9%-ға дейін, қызметтерде 94%-дан 96%-ға дейін, тауарларда 3%-дан 48%-ға дейін өсті. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобы бойынша өткен жылы сатып алудың жалпы көлемі 54 млрд теңгені құрады. Бұл ретте отандық өндірушілерден 46 млрд теңгеге немесе 85%-ға тауарлар мен жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алынды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
6 мың жұмыс орнын ашу, экспорттың өсуі және ішкі құн үлесі: Олжас Бектенов «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің отырысын өткізді 📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысы…
Создание 6 тыс. рабочих мест, рост экспорта и доли внутристрановой ценности: Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров холдинга «Байтерек»

📌 Под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова состоялось заседание Совета директоров АО «Национальный управляющий холдинг «Байтерек».

Руководитель Правительства был проинформирован о результатах инвестиционной и финансовой деятельности холдинга и его дочерних организаций за 2024 год в части поддержки отечественных товаропроизводителей, оказываемой в рамках действующих инструментов.

🔷 Председатель Правления НУХ «Байтерек» Рустам Карагойшин доложил о принятых мерах по финансированию несырьевого сектора экономики на общую сумму 4,09 трлн тенге. По сравнению с предыдущим годом объем поддержки увеличился на 52%. Всего охвачено порядка 58 тыс. частных компаний и организаций, не относящихся к субъектам квазигосударственного сектора. В результате увеличения мер господдержки в регионах создано более 6 тыс. новых рабочих мест. Производителями выпущено продукции и оказано услуг на сумму 7,3 трлн тенге. При этом объем экспорта вырос на более чем на треть и достиг свыше 1,046 трлн тенге.

🔘 Особое внимание уделено развитию агропромышленного комплекса страны. Так, посредством инструментов холдинга и его структур аграриями приобретено более 10,5 тыс. единиц сельхозтехники и оборудования. Кроме того, запущена программа финансирования весенне-полевых и уборочных работ за счет привлечения облигационных займов на рыночных условиях. В целях развития «зеленой» экономики поддержано 3 проекта в области энергетики на сумму 14,5 млрд тенге.

✔️ Руководителю Правительства было доложено о принятых мерах по увеличению доли внутристрановой ценности в закупках товаров, работ и услуг группы компаний АО «НУХ «Байтерек». В работах доля выросла с 97,9% в 2023 году до 99,9% в 2024, в услугах с 94% до 96%, в товарах с 3% до 48%. Общий объем закупок по группе компаний АО «НУХ «Байтерек» в прошлом году составил 54 млрд тенге. При этом у отечественных производителей товаров, работ и услуг закуплено на 46 млрд тенге, или 85%.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкімет Президенттің тапсырмасымен өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды күшейтеді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының қауіпті өндіріске тартылған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

🔷 Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа тәсілдер және еңбек қауіпсіздігі саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Кеңеске еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері қатысты.

🔘 Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясында нысандарды цифрландыруды ескере отырып, нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралады, өнеркәсіп қауіпсіздігін, ғылымды дамытуды және тиісті орталықтар құруды қамтамасыз ететін нысандарға қойылатын, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторының кадрлық әлеуеті мен құқықтық мәртебесін арттыру жөніндегі талаптар күшейтілді.

Қазіргі уақытта өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша жекелеген талаптар қайта қаралып жатыр. Осылайша, азаматтық қорғау туралы заң жобасы шеңберінде апаттық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптар қатаңдатылады, өндірістік бақылау стандарттары күшейтілуде, қауіпті өндірістік нысандар иелеріне жабдықтарды жаңарту және жаңғырту бойынша жаңа міндеттер көзделген.

➤ Сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік нысандары паспорттарын жасауға, апаттарды есепке алуды және басқа да процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін «Е-ӨҚК» ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарланып отыр.

📌 Премьер-министр өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы бақылау тетігіне ерекше назар аударды. Төтенше жағдайлар министрлігі ӨҚМ және ЕХӘҚМ-мен бірлесіп, тексеру қорытындысы бойынша өнеркәсіптік нысандар меншік иелері мен басшыларының қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жауапкершілігін күшейту жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесіп, өнеркәсіп қауіпсіздігі шараларын уақтылы қаржыландыру үшін жер қойнауын пайдаланушылардың тау-кен жұмыстарын талдау жүргізіп, бақылауға алуы қажет.
Өнеркәсіп және құрылыс, Төтенше жағдайлар министрліктері газдар шығарындыларымен байланысты тәуекелдерді азайту үшін шахталарды алдын ала газсыздандыру нормативтерін әзірлеуі қажет.

🔵 ЦДИАӨМ отандық IT-мамандармен бірлесіп, өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шешімдер әзірлеу тапсырылды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкімет Президенттің тапсырмасымен өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды күшейтеді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының қауіпті өндіріске тартылған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге…
По поручению Президента Правительством будут усилены требования по обеспечению промышленной безопасности

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел рабочее совещание о реализации поручений Главы государства по вопросам обеспечения безопасности граждан, задействованных на опасных производствах.

🔷 Министры по чрезвычайным ситуациям Чингис Аринов, промышленности и строительства Канат Шарлапаев доложили о проводимой работе в сфере безопасности труда и новых подходах. Участие в совещании также приняли министры труда и социальной защиты населения, а также цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности.

🔘 В рамках Концепции промышленной безопасности будут пересмотрены нормативно-правовые акты с учетом цифровизации объектов, усилены требования к объектам по обеспечению промышленной безопасности, развитию науки и созданию соответствующих центров, а также повышению кадрового потенциала и правового статуса государственного инспектора труда.

В настоящее время уже пересматриваются отдельные требования по промышленной безопасности. Так, в рамках законопроекта по гражданской защите ужесточаются требования к аварийно-спасательным службам, усиливаются нормативы по производственному контролю, а также предусмотрены новые обязанности владельцев опасных производственных объектов по обновлению и модернизации оборудования.

➤ Кроме того, планируется запуск информационной системы «Е-КПБ», которая позволит создать паспорта объектов промышленной безопасности, автоматизировать учет аварий и другие процессы.

📌 Особое внимание Премьер-министр уделил механизму контроля в сфере промышленной безопасности. МЧС совместно с МПС и МТСЗН поручено по итогам ревизии внести предложения по усилению ответственности владельцев и руководителей промышленных объектов за обеспечение безопасных условий труда.

Министерству промышленности совместно с министерствами по чрезвычайным ситуациям, экологии и природных ресурсов нужно провести анализ и взять на контроль планы горных работ недропользователей на предмет своевременного финансирования мероприятий промышленной безопасности.
Министерствам промышленности, по чрезвычайным ситуациям необходимо выработать нормативы проведения заблаговременной дегазации шахт для снижения рисков, связанных с выбросами газов.

🔵 МЦРИАП совместно с отечественными IT-специалистами поручено выработать новые решения по обеспечению промышленной безопасности.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM