UKIMET
18.5K subscribers
10.5K photos
1.79K videos
8.26K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Шымкент кәсіпкерлері ұсынылып отырған салық реформаларын талқылады

📌 Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдері ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергеновпен кездесті. Жиында алдағы салық реформалары, соның ішінде ҚҚС мөлшерлемесін арттыру мәселелері талқыланды. Басқосуға әкімдіктің, мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері және мәслихат депутаттары қатысты.

🔘 Кездесу барысында кәсіпкерлердің салалық кеңестерінің өкілдері бизнес атынан сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Атап айтқанда, Шымкент қаласы ӨКП Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Керемет-Оңтүстік «бөбекжай бағы» ЖШС басшысы Диана Қараманова әлеуметтік мекемелерді ҚҚС-тан босатуды немесе қызметтердің қолжетімді болуы үшін салықтық жеңілдіктер беруді ұсынды.

➡️ Қорытындылай келе, вице-министр Бауыржан Құдайбергенов барлық ұсыныс жинақталып, сарапталып, жұмыс барысында ескерілетініне сендірді.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



Предлагаемые налоговые реформы обсуждены с предпринимателями Шымкента

📌 В Палате предпринимателей города Шымкент состоялась встреча представителей бизнеса с вице-министром национальной экономики Бауыржаном Кудайбергеновым. Основной темой обсуждения стали предстоящие налоговые реформы. Во встрече также приняли участие представители акимата, департамента госдоходов и депутаты маслихата.

🔘 В ходе встречи представители отраслевых советов предпринимателей выступили с вопросами и предложениями от лица бизнеса.

В частности, член Регионального совета РПП г. Шымкент, руководитель ТОО «Ясли сад «Керемет-Оңтүстік» Диана Караманова предложила освободить соцучреждения от НДС или предоставить налоговые льготы, чтобы услуги оставались доступными.

➡️ Подытоживая, вице-министр Бауыржан Кудайбергенов заверил, что все предложения будут собраны, проанализированы и учтены в работе.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 Кездесуге қатысушыларға Қаржы министрлігінің үлкен деректерді талдау жүйесі ұсынылды, онда 55 мемлекеттік деректер базасы жүктелді, жыл соңына дейін олардың саны 100-ге дейін артады. Осы ақпарат негізінде салық төлеушілердің цифрлық профильдері қалыптасады. Қазіргі уақытта 569 мың заңды тұлғаның және 1,8 млн-нан астам жеке кәсіпкерлердің профилі жасалды. Цифрландырудың арқасында салық төлеушіге толық мәліметтерді, соның ішінде еңбекақы қорын, уақытша жұмысшылар санын, салық салу нысандарыні, жылжымайтын мүлік, көлік құралдары және басқа да мәліметтерді алуға болады.

🔷 Қаржы министрлігінің басшылығы енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер мен олардың тиімділігіне баса назар аудара отырып, Мемлекеттік кірістер комитеті жанындағы әзірлемелермен таныстырды. Осылайша, тәуекелі жоғары салық төлеушілердің электронды шот-фактура (ЭШФ) жүйесінде биометриялық сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда Тemu, Pinduoduo және Alibaba Group сияқты 101 онлайн сауда платформасы салықтық есепке алынды. Олар Қазақстан жеке тұлғаларына электронды түрде тауар саудасымен айналысатын және электронды нысанда қызметтер көрсететін шетелдік компанияларға 75 млрд теңге ҚҚС немесе салық төледі.

🔘 Салық реформасы аясында жалған мәмілелерді жою мақсатында ЖШС-лар мен ЖК-лерді тіркеуге бақылауды күшейту ұсынылып отыр. Face ID арқылы кәсіпкерлерді сәйкестендіру шаралары қарастырылуда. Сонымен қатар жалған тұлғалардың атына тіркелу қаупін азайту үшін ақпарат тексерілетін болады. 2024 жылы 1 мыңнан астам осындай компания анықталды. Тағы бір бастама – құрылтайшының кәсіпорындары жұмыс істемесе, салық берешегі болса немесе елеулі салықтық бұзушылықтарға жол берген жағдайда жаңа компанияларды тіркеуге тыйым салу.

Қаржы секторын цифрландырудың жеке құралы – бақылау-кассалық машиналар болып саналады. 2024 жылы кассалық машиналардың 39%-ы (453 мың бірлік) түбіртек басып шығармаған. Бұл бағытта бірқатар шаралар әзірленуде.

🔘 Түрлі интернет-платформаларда жұмыс істейтін азаматтар санының өсуін ескере отырып, салықтық әкімшілендірудің маңызды қадамы платформалық жұмыспен қамтуды реттеу болды.

Мысалы, «Яндекс такси» платформалық жұмыспен қамту бойынша салықтық әкімшілендірудің пилоттық жобасы аясында 2024 жылдың қыркүйегінен бастап жүргізушілер үшін 378 млн теңге көлеміндегі жеке табыс салығын, сондай-ақ 1 млрд теңгеге жуық әлеуметтік төлемдер аударылды. Жеке кәсіпкер ретінде 50 мың такси жүргізушісі тіркелді Осылайша, Яндекс салықтар бюджетке қосымша процедуралық мәселелермен ауыртпалықсыз тікелей төленеді. Биылғы бірінші тоқсанның соңына дейін Қаржы министрлігі жобаның қолданысын 30-дан астам платформаға кеңейтуді жоспарлап отыр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM