UKIMET
18.5K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
February 11
February 11
Премьер-министр фермерлерді қажетті көлемде қол жетімді тыңайтқыштармен қамтамасыз етуді тапсырды

«Көктемгі дала жұмыстарында агротехнологияларды қатаң сақтап, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын уақтылы қолдану керек. Әзірге ол жоспардың 59%-ын құрап отыр. Министрдің айтуынша, 2023 жылы аталған көрсеткіш 21%-ды құраса, былтыр 40%-ға жеттік, биыл 59%-ға дейін жеткіземіз. Алдағы жылдары біз 100%-ға жетуіміз керек»,

— деп атап өтті Премьер-министр.

🔵 Елімізде тыңайтқыш шығаратын 10-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

«Егіншілерді қолжетімді тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Өнеркәсіп министрлігінің жұмыстарын үйлестіру қажет»,

— деп тапсырды Олжас Бектенов.

🔵 Тағы бір маңызды мәселе – ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы бүгінде шамамен 75%-ды құрайды.
Жаппай егін егу жұмыстары басталғанға дейін бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу тапсырылды.



Обеспечить фермеров доступными удобрениями в нужном объеме поручил Премьер-министр


«В ходе посевных работ необходимо строгое соблюдение агротехнологий, своевременное внесение удобрений и применение средств защиты растений.
Пока план внесения удобрений составляет 59% от научно обоснованной нормы. Как доложил министр: в 2023 году он составил 21%, в прошлом году мы достигли 40%, в этом году доведем до 59%. В ближайшие годы мы должны достичь 100%»,

— отметил Премьер-министр.

🔵 В стране функционирует более 10 предприятий по их производству.

«Требуется координация работы министерств сельского хозяйства и промышленности по обеспечению фермеров доступными удобрениями в нужном объеме»,

— поручил Олжас Бектенов.

🔵 Другим важным вопросом отмечена техническая готовность сельхозтехники, которая на сегодня составляет порядка 75%. К началу массовых посевных работ поручено довести этот показатель до 100% уровня.

📱
@KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 11
Бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуы әкімдіктердің тұрақты бақылауында болуы тиіс — Олжас Бектенов АӨК-ті қолдау туралы

Биыл дала жұмыстарын қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

«Жұмыстарды нәтижелі әрі ұйымдасқан түрде жүзеге асыруымыз қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдетілген несиені тиімділігі мен жауапкершілігі жоғары диқандарды қолдауға ғана беруі керек. Бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуы әкімдіктердің тұрақты бақылауында болуға тиіс»,

— деп атап өтті Премьер-министр.



Акиматы должны постоянно контролировать целевое использование выделенных средств - Олжас Бектенов о поддержке АПК


В текущем году объем финансирования полевых работ увеличен до 700 млрд тенге.

«Важно обеспечить их эффективную и организованную реализацию. Министерству сельского хозяйства необходимо направлять льготное кредитование только на поддержку эффективных и добросовестных аграриев. Акиматы должны постоянно контролировать целевое использование выделенных средств»,

— подчеркнул Премьер-министр.

📱
@KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 11
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов шаруаларға тиесілі арзандатылған жанар-жағармайдың мақсатсыз жұмсалуына жол бергендерге қатаң шаралар қабылдауды тапсырды

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов шаруаларға жанар-жағармайдың бөлінуін бақылау мәселесіне баса назар аударды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазірдің өзінде 400 мың тоннадан астам жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінген.

«Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен өңір әкімдері арзандатылған отынның тиісті көлемін жеткізуді бақылауда ұстасын.
Әкімдіктер бір апта мерзімде өңірлік операторлар бойынша толық деректерді берсін.
Шаруаларға тиесілі отынның сатылып кетуіне жол беретін компаниялар мен жеке тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылдауды тапсырамын»,

— деп атап өтті Премьер-министр.



Олжас Бектенов поручил принимать жесткие меры за нецелевую реализацию выделенного для аграриев удешевленного ГСМ


📌 Премьер-министр Олжас Бектенов акцентировал внимание на контроль за распределением топлива для аграриев. По данным Министерства энергетики, уже выделено свыше 400 тыс. тонн льготного ГСМ.

«Министерствам энергетики, сельского хозяйства и акиматам областей обеспечить контроль за поставками удешевленного топлива в установленных объемах.
Акиматам в недельный срок представить полные данные по региональным операторам.
В отношении компаний и физических лиц, допускающих нецелевую реализацию распределенного топлива, поручаю принимать самые жесткие меры»,

— подчеркнул он.

📱
@KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 11
Премьер-министрдің 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу жөніндегі тапсырмалары:

🔵 Ауыл шаруашылығы министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, егіншілерді тиімді мемлекеттік қолдау мақсатында несие мен субсидия беру рәсімдерін оңтайландыру және жеңілдету шараларын қабылдасын. Дихандар оларды алу өте қиын деп шағым айтуда.

🔵 Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдетілген несиені тиімділігі мен жауапкершілігі жоғары дихандарды қолдауға ғана беруі керек. Бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуы әкімдіктердің тұрақты бақылауында болуға тиіс.

🔵 Егіншілерді сапалы және тексеруден өткен тұқым қорымен қамтамасыз ету маңызды.

🔵 Жаппай егін егу жұмыстары басталғанға дейін бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу қажет.

🔵 Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен өңір әкімдері арзандатылған отынның тиісті көлемін жеткізуді бақылауда ұстауы қажет. Әкімдіктер бір апта мерзімде өңірлік операторлар бойынша толық деректерді беруі керек. Шаруаларға тиесілі отынның сатылып кетуіне жол беретін компаниялар мен жеке тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылдау тапсырылды.

🔵 Су ресурстары министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, дихандарды егіндік сумен үздіксіз қамтамасыз ету шараларын қабылдауы қажет.



Поручения Премьер-министра по весенне-полевым работам-2025

🔵 Министерству сельского хозяйства совместно с Холдингом «Байтерек» поручено принять меры по оптимизации и упрощению процедур кредитования и субсидирования. Именно на их сложность жалуются фермеры.

🔵 Министерству сельского хозяйства необходимо направлять льготное кредитование только на поддержку эффективных и добросовестных аграриев. Акиматы должны постоянно контролировать целевое использование выделенных средств.

🔵 Обеспечить аграриев достаточными запасами качественных и проверенных семян.

🔵 К началу массовых посевных работ довести показатель технической готовности сельхозтехники до 100%.

🔵 Министерства энергетики, сельского хозяйства и акиматам областей должны обеспечить контроль за поставками удешевленного топлива в установленных объемах. Акиматам в недельный срок следует представить полные данные по региональным операторам. В отношении компаний и физлиц, допускающих нецелевую реализацию распределенного топлива, поручено принимать жесткие меры.

🔵 Министерству водных ресурсов совместно с Министерством сельского хозяйства и акиматами необходимо принять меры по бесперебойному обеспечению фермеров поливной водой.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 11
Қазақстанда аграрлық секторда заманауи цифрлық шешімдер белсенді енгізілуде

📌 Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

🔵 Ол ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру ауыл шаруашылығы саласының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Жаһандық өзгерістер мен технологиялық трансформация жағдайында біз цифрлық шешімдерді белсенді түрде енгізілуде.

Бүгінгі таңда аграрлық секторды цифрландыру төрт ақпараттық жүйені қамтиды:

🔵Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесі;

🔵 «E-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі;

🔵 Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі;

🔵 «Ауыл Аманаты» халыққа неисе берудің ақпараттық жүйесі.

«Өсімдік шаруашылығын қадағалаудың ақпараттық жүйесі әзірленуде»,

— деп толықтырды Айдарбек Сапаров.



В Казахстане активно внедряются современные цифровые решения в аграрном секторе

📌 Министр сельского хозяйства Айдарбек Сапаров на заседании Правительства доложил о проводимой работе по цифровизации аграрного сектора.

🔵 Он отметил, что цифровизация аграрного сектора является важным направлением в повышении эффективности сельскохозяйственного производства. В условиях глобальных изменений и технологической трансформации в республике активно разрабатываются и внедряются современные цифровые решения.

На сегодняшний день цифровизация аграрного сектора охватывает четыре информационные системы:

🔵 Единая государственная информационная система субсидирования;

🔵 Идентификация сельскохозяйственных животных;

🔵 Единая автоматизированная система управления отраслями агропромышленного комплекса «e-Agriculture»;

🔵 Информационная система кредитования населения «Ауыл Аманаты».

«В разработке находится информационная система прослеживаемости растениеводства»,

— добавил Айдарбек Сапаров.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 11
Мал шаруашылығы саласын цифрландыру инфекцияларды жедел анықтауға және ауру ошақтарын оқшаулауға мүмкіндік берді – АШМ

📌 Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

🔵 Ол мал шаруашылығында қадағалауды қамтамасыз ету үшін министрлік барлық өмірлік циклін автоматтандыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. АЖС базасына 7 қосымша сервис әзірленіп, қосылды, бұл мал шаруашылығы саласында қадағалауды қамтамасыз ететін болады.

Бұрын ауылшаруашылық жануарларын есепке алу негізінен қолмен жүргізілді. Асыл тұқымды мал шаруашылығы, зертханалық зерттеулер, аса қауіпті аурулардың ошақтары туралы, сондай-ақ жануарларды сатып алу-сату мәмілелері туралы ақпарат қағаз түрінде жасалды.

«Мал шаруашылығы саласындағы есепке алу процестерін автоматтандыру – ауыл шаруашылығы жануарларымен жұмыстың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Процестерді цифрландырғаннан кейін жануарларды тіркеу және зертханалық зерттеулер жануар туралы мәліметтерді енгізуді автоматтандыру есебінен едәуір жеделдетілді. Бұл ветеринарлық қызметтерге инфекцияларды жедел анықтауға және ауру ошақтарын оқшаулауға мүмкіндік береді, аурудың ерте басталуын болдырмайды, сонымен қатар инфекциялар мен өнімділіктің жоғалу қаупін азайтады»,

— деп атап өтті Айдарбек Сапаров.



Цифровизация животноводческой отрасли позволила оперативно выявлять инфекции и локализовать очаги заболеваний – МСХ

📌 Министр сельского хозяйства Айдарбек Сапаров на заседании Правительства доложил о проводимой работе по цифровизация животноводческой отрасли.

🔵 Он отметил, что для обеспечения прослеживаемости в животноводстве министерство планомерно ведет работу по автоматизации всего жизненного цикла. К базе ИСЖ были разработаны и подключены 7 дополнительных сервисов, что будет обеспечивать прослеживаемость в сфере животноводства.

Ранее учет сельскохозяйственных животных велся преимущественно вручную. Информация о племенном животноводстве, лабораторных исследованиях, очагах особо опасных заболеваний, а также о сделках купли-продажи животных проводились в бумажном формате.

«Автоматизация учетных процессов в сфере животноводства позволила обеспечить прозрачность и эффективность работы с сельхозживотными. После цифровизации процессов, регистрация животных и лабораторные исследования значительно ускорились за счет автоматизации внесения сведений по животному. Это позволяет ветеринарным службам оперативно выявлять инфекции и локализовать очаги заболеваний, предотвращая вспышки на ранней стадии, а также снижает риск инфекций и потери продуктивности»,

— подчеркнул Айдарбек Сапаров.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 11
Қазақстанда өсімдік шаруашылығын қадағалаудың ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда

📌 Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында Қазақстанда өсімдік шаруашылығын қадағалаудың ақпараттық жүйесін әзірлеу басталғанын хабарлады.

🔵 Ол АШМ өсімдік шаруашылығын қадағалаудың жаңа ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жұмысты бастағанын атап өтті.

«Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қолданыстағы қадағалануы партияға ілеспе құжаттарды беру кезінде ғана пайда болады, бұл толық қадағалауды қамтымайды. Осыған байланысты министрлік өсімдік шаруашылығын қадағалаудың ақпараттық жүйесін әзірлеуді бастады»,

— деп түсіндірді Айдарбек Сапаров.

🔵 Бұл жүйе ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен шығу циклін «егістіктен дастарханға дейін» қағидаты бойынша экспортқа дейін қадағалауға, сондай-ақ өткізілетін өнімнің бақылауы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.



Информационную системы прослеживаемости растениеводства планируют внедрить в РК

📌 Министр сельского хозяйства Айдарбек Сапаров на заседании Правительства сообщил, что в Казахстане начата разработка информационной системы прослеживаемости растениеводства.

🔵 Он отметил, что МСХ начало работу по внедрение новой информационной системы прослеживаемости растениеводства.

«Существующая прослеживаемость растениеводческой продукции возникает только при выдаче сопроводительных документов на партию, что не охватывает полную прослеживаемость. В этой связи, министерством начата разработка информационной системы прослеживаемости растениеводства»,

— пояснил Айдарбек Сапаров.

🔵 Отмечено, что данная система позволит проследить цикл производства и происхождения сельхозпродукции до экспорта по принципу «от поля до стола», а также позволит обеспечить контроль и безопасность перемещаемой продукции.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 11
Қазақстанда жерді басқарудың зияткерлік жүйелері енгізілуде

📌 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

🔷 Ол ауыл шаруашылығын цифрландыру – жерді тиімдірек пайдалануға және фермерлердің жұмысын жеңілдетуге көмектесетінін атап өтті.

«Ол үшін біз жерді басқарудың интеллектуалды жүйелерін енгіземіз. Үлкен деректерден құнды ақпаратты аламыз. Осының нәтижесінде экономика өсуде, ал өнім өндірушіден сатып алушыға тезірек және оңай жетеді»,

— деді Дмитрий Мун.

🔵 Бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қызметтің 93 түрін көрсетеді. Оның 98%-ы онлайн режимінде ұсынылады. 2024 жылы 2,6 млн-нан астам электрондық қызмет көрсетілді.



Интеллектуальные системы управления землей внедряют в Казахстане

📌 Вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Дмитрий Мун на заседании Правительства доложил о проводимой работе по цифровизации сферы сельского хозяйства.

🔷 Он отметил, что цифровизация сельского хозяйства помогает использовать земли более эффективно и облегчить работу фермеров.

«Для этого мы внедряем интеллектуальные системы управления землей. Извлекаем ценную информацию из больших данных. В результате экономика растет, а продукция быстрее и проще доходит от производителя к покупателю»,

— сказал Дмитрий Мун.

🔵 Отмечено, что на сегодня Министерство сельского хозяйства оказывает 93 государственные услуги. Из них 98% предоставляются онлайн. В 2024 году было оказано более 2,6 миллиона электронных услуг.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 11
Спутниктік мониторингте Қазақстанның 116 млн га ауыл шаруашылығы жері бар

📌 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун Үкімет отырысында Қазақстанда жердің спутниктік мониторингі жүргізіліп жатқанын атап өтті.

🔵 Ол бұрын жерді ұтымды пайдалануды тексеру қиын болғанын түсіндірді. Инспекторлар өздері сол жерлерге барып, бәрін қолмен тексеретін. Барлық жұмыс қағаз жүзінде жүргізілді. Мемлекеттік базалар арасында байланыс болмады. Бүгінгі таңда бұл үдеріс цифрландырудың арқасында жеңілдетілген. «Жер инспекторы» жүйесі іске қосылды, оның шеңберінде келесідей шаралар қабылданды:

🔵Спутниктік мониторинг енгізілді - қазір елдің барлық аумағы бақылауда.

🔵Жер иелері SMS және жеке кабинеттер арқылы автоматты түрде хабарлама алады.

🔵Барлық мемлекеттік органдарға қолжетімді бірыңғай деректер базасы құрылды.

«Қазір 116 млн га ауыл шаруашылығы жерлерінің мониторингі жүргізілуде. 2022 жылдан бастап жерді тиімсіз пайдалану салдарынан 12 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. 2025 жылы тағы 2 млн гектар жерді қайтару жоспарлануда. Жергілікті тұрғындар үшін 5 млн га ауыл шаруашылығы жерлері қайта бөлінді»,

— деді Дмитрий Мун.



Под спутниковым мониторингом находится 116 млн га сельхозземель в Казахстане

📌 Вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Дмитрий Мун на заседании Правительства отметил, что в Казахстане ведется спутниковый мониторинг земель.

🔵 Он пояснил, что раньше проверка рационального использования земель была сложной. Инспекторы выезжали на места и проверяли все вручную. Вся работа велась на бумаге. Государственные базы не были связаны между собой. На сегодня этот процесс упрощен благодаря цифровизации. Запущена система «Жер Инспектор», в рамках которой предприняты следующие меры:

🔵Введен спутниковый мониторинг – теперь вся территория страны под контролем.

🔵Землевладельцы получают автоматические уведомления через SMS и личные кабинеты.

🔵 Создана единая база данных, доступная всем госорганам.

«Сейчас под мониторингом 116 млн га сельхозземель. С 2022 года в госсобственность возвращено 12 млн га земель из-за неэффективного использования. В 2025 году планируется вернуть еще 2 млн га. Для местного населения перераспределено 5 млн га сельхозземель»,

— сообщил Дмитрий Мун.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 11
Қазақстанда цифрлық технологияларды енгізудің арқасында ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыруға ниетті

📌 Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун ауыл шаруашылығын цифрландырудың артықшылықтары туралы айтты.

🔵 Ол ауыл шаруашылығын цифрландырудың үлкен артықшылықтар беретінін атап өтті. Атап айтқанда, спутниктік мониторинг пен геоаналитиканы, автономды роботтар мен дрондарды пайдалану, дұрыс болжау өнімділікті 10-15%-ға арттыруға, суды тұтынуды 25%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

«Мұндай технологиялар, мысалы, әлемдегі ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты бойынша екінші орынды иемденетін ел – Нидерландыда кеңінен қолданылады»,

— деп толықтырды Дмитрий Мун.



Увеличить урожайность в сельском хозяйстве благодаря внедрению цифровых технологий намерены в Казахстане

📌 О преимуществах цифровизации сельского хозяйства рассказал на заседании Правительства вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Дмитрий Мун.

🔵 Он отметил, что использование спутникового мониторинга и геоаналитики, автономных роботов и дронов, правильное прогнозирование позволяет увеличить урожайность на 10-15%, уменьшить потребление воды до 25%.

«Такие технологии широко используются, например, в Нидерландах – второй стране в мире по экспорту сельхозпродукции»,

— добавил Дмитрий Мун.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 11
Қазақстанда ауыл шаруашылығында топырақты талдаудың зияткерлік жүйесін пайдалану жоспарлануда

📌 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун Үкімет отырысында Қазақстанда ауыл шаруашылығындағы негізгі процестерді автоматтандыру үшін ЖИ агенттерін енгізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Енгізуге жоспарланған негізгі жобалардың қатарында:

🔵 Ауылшаруашылық өтінімдерін субсидиялау үшін ЖИ элементтері бар Чат-бот көмекшісі – ЖИ өтінімдерді автоматты түрде тексереді және қате деректерге байланысты ауытқу пайызын төмендетеді (қателер 30%-дан 5%-ға дейін азаяды).

🔵 Топырақты талдаудың интеллектуалды жүйесі – қол еңбегін 75-80%-ға төмендетеді, ұсыныстардың дәлдігін 95%-ға дейін арттырады.

🔵 Зиянкестермен күресуге арналған ЖИ дрондары – егін шығынын 25-30%-ға азайтады.

Бұл жобаларды іске асыру 2025-2026 жылдарға жоспарланған.



Интеллектуальную систему анализа почвы планируют использовать в сельском хозяйстве РК

📌 Вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Дмитрий Мун на заседании Правительства сообщил, что в Казахстане планируют внедрять ИИ-агентов для автоматизации ключевых процессов в сельском хозяйстве.

В числе основных проектов, планируемых к внедрению:

🔵Чат-бот-ассистент с элементами ИИ для субсидирования сельскохозяйственных заявок – ИИ автоматически проверяет заявки и снижает процент отклонений из-за некорректных данных.

🔵 Интеллектуальная система анализа почвы – снижает ручной труд на 75-80%, повышает точность рекомендаций до 95%.

🔵 Дроны с ИИ для борьбы с вредителями – сокращают потери урожая на 25-30%.

Реализация этих проектов запланирована на 2025-2026 годы.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 11
Astana Hub ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізуге көмектеседі – ЦДИАӨМ

📌 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун Үкімет отырысында Astana Hub ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізуге белсенді түрде көмектесетінін айтты.

🔵 Ол Astana Hub стартаптары 4,7 млрд теңгеден астам табыс тапқанын атап өтті.

«Жаңа жұмыс орындары құрылды. Мұндай жобаларды кеңейту ауыл шаруашылығын дамыту үшін маңызды»,

— деп толықтырды Дмитрий Мун.

🔷 Оның айтуынша, қазір ведомствода жергілікті деректер негізінде ұсыныстық модельді дамытуға баса назар аударылған. Егін өсіру және мал шаруашылығы процесінде фермерлерде егін мен шаруашылықтың өнімділігіне тікелей әсер ететін маңызды сұрақтар туындайды. Алдағы бірнеше маусымда жасанды интеллектіні дамыту ЦДИАӨМ үшін басты басымдық болмақ.



Astana Hub помогает внедрять цифровые технологии в сельское хозяйство – МЦРИАП

📌 Вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Дмитрий Мун на заседании Правительства сообщил, что Astana Hub активно помогает внедрять цифровые технологии в сельское хозяйство.

🔵 Он отметил, что стартапы из Astana Hub заработали более 4,7 млрд тенге.

«Созданы новые рабочие места. Масштабирование таких проектов важно для развития сельского хозяйства»,

— добавил Дмитрий Мун.

🔷 По его словам, сейчас в ведомстве сосредоточены на развитии рекомендательной модели на основе локальных данных. В процессе выращивания культур и ведения животноводства у фермеров возникают критически важные вопросы, от ответов на которые зависит урожай и продуктивность хозяйства. В ближайшие несколько сезонов развитие искусственного интеллекта станет ключевым приоритетом МЦРИАП.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 11
Қаражат мөлшері, егіс алқабы және мал басы туралы деректердің нақтылығы: Олжас Бектенов АӨК саласына «ақылды» технология элементтерін енгізуді тапсырды

📌 Үкімет отырысында Премьер-министр ауыл шаруашылығы саласына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу қажеттігін атап өтті.

«Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында агроөнеркәсіп кешенін одан әрі цифрландыруды тапсырды. Осыған байланысты Үкімет ауыл шаруашылығының барлық салаларына “ақылды” технология элементтерін енгізуге басымдық беріп отыр. Нақты мақсат-міндеттер мен негізгі бағыттар айқындалды.
Цифрлық құралдарды қолдану арқылы қажетті қаражат мөлшері, есеп беру, егіс алқабы, мал басы туралы деректердің нақтылығын қамтамасыз еткен жөн.
Цифрландыру мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



Точность данных о финансах, посевных площадях и поголовье скота: Олжас Бектенов поручил внедрять «умные» технологии в АПК


📌 На заседании Правительства Премьер-министр подчеркнул необходимость более широкого внедрения цифровых технологий и искусственного интеллекта в сельском хозяйстве.

«На первом форуме работников сельского хозяйства Глава государства поставил задачу цифровой трансформации агропромышленного комплекса. В этой связи Правительство уделяет особое внимание внедрению элементов «умных» технологий во всех отраслях сельского хозяйства. Определены конкретные цели и ключевые направления.

Через применение цифровых инструментов следует обеспечить точность данных о потребности в финансовых средствах, отчетности, посевных площадей, поголовья скота.

Цифровизация должна способствовать повышению прозрачности и эффективности мер господдержки»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 11
Премьер-министр ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді есепке алуда IT-құралдарын енгізуді тапсырды

📌 Үкімет отырысында Премьер-министр АӨК саласының тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдерді белсенді енгізу қажеттігін атап өтті.

«Ауыл шаруашылығы жерлерін есепке алуда IT-құралдарын енгізу маңызды. Оларды цифрландыру алқаптар мен жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануға, егіс егу жұмыстарын тиімді жоспарлауға ықпал етуі қажет.

Осыған орай, барлық ауыл шаруашылығы алқаптарына ғарыштық бақылауды кеңінен қолданып, дрондар пайдалану керек»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



Внедрить IT-инструменты в учете земель сельскохозяйственного назначения поручил Премьер-министр

📌 Премьер-министр на заседании Правительства подчеркнул необходимость активного внедрения цифровых решений для повышения эффективности сферы АПК.

«Важно внедрить IT-инструменты в учете земель сельскохозяйственного назначения. Необходимо, чтобы их оцифровка способствовала рациональному использованию земли и пастбищ, сбалансированному планированию посевных работ.

В этой связи надо шире применять космический мониторинг всех сельхозугодий и использовать дроны»,

— отметил Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 11
Климаттық тәуекелдерді, астық түсімін болжау және егінді суаруды оңтайландыру: Премьер-министр агростатистиканың деректердің нақтылығы үшін жасанды интеллектіні кеңінен пайдалануды тапсырды

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов климаттық тәуекелдерді, астықтың түсімін және азық-түлік өнімдерінің нарықтық бағасын болжау үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдануды тапсырды.

🔵 Сонымен қатар жасанды интеллектті қолдана отырып, егінді суару, өсімдіктерді қорғау құралдары мен тыңайтқыштарды қолдану, жем-шөп тұтыну, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникалары паркін басқару процестерін оңтайландыру қажет.

«Бүгінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, тұрақтандыру қорлары мен қоймалардағы астық пен өнім қорларын есепке алу, топырақтың ылғалдылығын анықтау және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша статистикалық деректердің нақтылығы өзекті мәселе күйінде қалып отыр.
Осы мәселелердің бәрін есепке алу жүйесін толық цифрландыру арқылы шешу керек»,

— деді Премьер-министр.



Прогнозирование климатических рисков, объемов урожайности и оптимизация поливов: Премьер-министр поручил использовать ИИ для точности агростатистики


📌 Шире использовать цифровые решения и искусственный интеллект в прогнозировании климатических рисков, объемов урожайности и рыночных цен на продукты питания поручил Премьер-министр Олжас Бектенов.

🔵 Кроме того, необходимо оптимизировать процессы полива, использования средств защиты растений и удобрений, потребления кормов, а также управления парком сельхозтехники с применением ИИ.

«Остается актуальной проблема точности статистических данных в сферах животноводства, растениеводства, учета запасов зерна и продукции в стабилизационных фондах и хранилищах, определения влажности почвы и обеспечения ветеринарной безопасности. Все эти вопросы должны быть решены путем полной цифровизации системы учета данных»,

— заявил руководитель Правительства.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 11
Премьер-министрдің АӨК саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмалары:

📌 Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр Агроөнеркәсіп кешені саласын цифрландырудың негізгі бағыттарын айқындады. Цифрландыру мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс.

Цифрлық құралдарды қолдану арқылы қажетті қаражат мөлшері, есеп беру, егіс алқабы, мал басы туралы деректердің нақтылығын қамтамасыз еткен жөн.

➡️ Ауыл шаруашылығы жерлерін есепке алуда IT-құралдарын енгізу маңызды. Оларды цифрландыру алқаптар мен жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануға, егіс егу жұмыстарын тиімді жоспарлауға ықпал етуі қажет. Осыған орай, барлық ауыл шаруашылығы алқаптарына ғарыштық бақылауды кеңінен қолданып, дрондар пайдалану тапсырылды.

Тағы бір маңызды мәселе – мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін сәйкестендіру жүйесі. Бұл жүйе өндірілген өнімді есепке алуға, оның сапасына кепілдік беруге, биологиялық және ветеринарлық қауіпсіздікті бақылауға бағытталуы тиіс.

📌 Климаттық тәуекелдерді, астықтың түсімін және азық-түлік өнімдеріНің нарықтық бағасын болжау үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті кеңінен қолдану тапсырылды. Жасанды интеллект егінді суару, өсімдіктерді қорғау құралдары мен тыңайтқыштарды қолдану, жем-шөп тұтыну,ауыл шаруашылығы техникалары паркін басқару үшін де қолданылуы керек.

Астық қорларын есепке алу, топырақтың ылғалдылығын анықтау және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы статистикалық деректердің нақтылығы өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Осы мәселелердің бәрін есепке алу жүйесін толық цифрландыру арқылы шешу керек.


Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында отандық IT-компаниялар белсенді түрде тартылады.

Премьер-министр Ауыл шаруашылығы және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктеріне бірқатар тапсырма берді:

🔵Өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің цифрлық картасын әзірлесін.

🔵Әкімдіктермен бірге осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін өсімдік шаруашылығында қадағалау жүйесін әзірлеу жұмыстарын аяқтасын.

🔵Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жоспарланып отыр. Санақ қортындысының нәтижелерін толық цифрландырып, оған талдау жүргізу қажет. Содан кейін деректер базасы үнемі жаңартылып отыруға тиіс.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 11