UKIMET
18.4K subscribers
10.7K photos
1.82K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттік сатып алу рәсімін оңайлату: жыл басынан бері бес есе көп келісімшарт жасалды

🔷 Биылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң күшіне енді, ол мерзімдерді қысқартуға және оларды өткізу кезіндегі рәсімдерді оңайлатуға бағытталған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жасалған келісімшарттар көлемі бес есеге өсіп, 1 трлн теңгеге жетті.

«Жасалған келісімшарттардың көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бес есе өсті. Егер өткен жылы шарттар 200 млрд теңге сомасына жасалған болса, биыл 1 трлн теңгеге жуық шарт жасалды. Бес есе өсім. Сондай-ақ сатып алу мерзімі екі айдан 10 күнге дейін қысқартылды. Рейтингтік-балдық жүйе құралы енгізілді. Ол жүйеге адам қатыспайды. Мердігер мәліметтер базасын пайдалану арқылы анықталады. Жергілікті мердігерлерді, жергілікті компанияларды қолдау шарасы енгізілді. Шартты балл бір балдан екі балға дейін ұлғайтылды. Бүгінгі таңда біз оң нәтижелерге қол жеткіздік. Бес жұмыс күні ішінде көптеген салада әлеуметтік маңызы бар нысандар бойынша мердігерлер анықталды. Бұл мердігерлер жергілікті компаниялар. Ол біздің мемлекеттік органдарымыздың, тапсырыс берушілеріміздің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді тезірек сатып алу ісіндегі үлкен ілгерілеушілік. Оған қоса, әрине, бұл біздің отандық тауар өндірушілерімізді қолдау»,

– деп атап өтті ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Упрощение процедуры госзакупок: с начала года заключено контрактов в пять раз больше

🔷 С 1 января текущего года вступил в силу новый Закон «О государственных закупках», направленный на сокращение сроков и упрощение процедур при их проведении. По сравнению с аналогичным периодом прошлого года объём заключённых контрактов вырос в пять раз, достигнув почти 1 трлн тенге.

«Объем заключенных контрактов по сравнению с аналогичным периодом прошлого года вырос в пять раз. Если в прошлом году было заключено договоров на сумму 200 млрд тенге, то в текущем году уже заключены договоры на почти 1 трлн тенге. Рост в пять раз. Также сроки проведения закупок сокращены с двух месяцев до 10 дней. Внедрен инструмент рейтинго-бальной системы. В ней нет никакого человеческого участия. Подрядчик определяется путем использования баз данных. Внедрена мера поддержки местных подрядчиков, местных компаний. Увеличен условный балл с одного до двух баллов. На сегодняшний день мы уже имеем положительные результаты. В течение пяти рабочих дней во многих областях определены подрядчики по социально значимым объектам. Эти подрядчики — местные компании. Это большой прогресс в том, чтобы наши государственные органы, наши заказчики быстрее закупали товары, работы и услуги. И, конечно же, это поддержка наших отечественных товаропроизводителей»,

- отметил вице-министр финансов РК Даурен Кенбеил.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі отырысын өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған міндеттерді ескере отырып, Қордың 2024 жылғы жұмысының қорытындылары және оны одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов инвестициялық жобаларды іске асыру туралы баяндады.

🔷 Үздіксіз электрмен жабдықтау мақсатында Екібастұз ГРЭС-1 №1 энергия блогы тоқтап, қуаты 4000 МВт-қа дейін ұлғайтылды. Экологияны жақсарту жұмыстары аясында Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін газ инфрақұрылымын құру жобасы іске асырылды. Қарашығанақ кен орны жұмысының тиімділігін арттыру үшін бесінші кері айдау компрессоры енгізілді. Көлік-логистикалық бағытта Сиань қаласында жүк терминалы салынды, ол жүктерді жеткізу мерзімін қысқартуға және қазақстандық бағыттардың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар 250 шақырымнан астам газ құбыры мен 500 шақырым теміржол желісі тартылып, екінші «Достық – Мойынты» жолының 132 шақырымында пойыз қозғалысы іске қосылды. Сондай-ақ есепті кезеңде Қазақстан үшін бірегей жобалар: гидроаккумуляциялық станса мен Астана қаласындағы алғашқы цифрлық қосалқы стансаның құрылысы басталды.

🔵 Жалпы тізімге қазіргі уақытта мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика, көлік-логистика және басқа да салалар бойынша құны 33,3 трлн теңгені құрайтын инвестициялық 46 жоба енгізілген.

➡️ Биыл «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын пайдалануға берудің арқасында Жетісу өңіріндегі 66 елді мекенді газбен қамту жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Кендірліде қуаттылығы тәулігіне 50 мың м3 теңіз суын тұщыту зауытын іске қосу арқылы Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысындағы су тапшылығы мәселесін шешу жоспарлануда. Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) және «Достық – Мойынты» теміржол желісі учаскесінің өткізу қабілетін арттыру транзитті дамытуға елеулі серпін береді. Ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ПМХЗ-да дизель отынын гидротазарту орнатылады және CASPI BITUM-да битум өндірісі кеңейтіледі. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млрд м3 дейін арттыруға мүмкіндік беретін екінші учаскесінің құрылыс барысына ерекше назар аударылып, бірлескен инвестициялау құралдары талқыланды.

Жобалар бойынша жергілікті қамтудың болжамды үлесі секторға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, көлік-логистика секторындағы жобалар бойынша бұл көрсеткіш 85%-ды, энергетикалық жобалар бойынша – 60%-ды, су тұщыту зауытын, «ҰИМТ» АЭА инфрақұрылымын, жайлы мектептер мен 5G желісін салу және ТОБЖ төсеуді қоса алғанда, басқа да жобалар бойынша – 80%-ды құрайды.

✔️ Сондай-ақ 2024 жылы отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша қосымша шаралар қарастырылған. Осының арқасында 1,1 трлн теңгеге ОТӨ-мен шарттар жасалып, өсім 2023 жылмен салыстырғанда 76%-ды құрады. 191 млрд теңгеге офтейк-келісімшарттар жасалды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 10 есеге көп. Сонымен қатар Қордың сатып алу жүйесі алғаш рет ЕҚДБ, АДБ және ЭЫДҰ үздік стандарттарына сәйкес деп танылды.

🔻 Премьер-министр еліміз үшін маңызды жобаларды іске асыруға жеке инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігіне тоқталды.

«Мемлекет басшысы біздің жұмысымыздың басым бағыты ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды, көлік пен логистиканы дамыту, сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект болуы тиіс екенін атап өткен болатын. Үкімет еліміз үшін маңызды жобалардың іске асырылу жағдайын бақылауда ұстайды. Мемлекеттің экономикадағы үлесін біртіндеп азайта отырып, бірлескен инвесторларды белсенді тарту қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔘 Сонымен қатар Премьер-министр үдерістерді оңтайландыру және кешіктіруге әрі негізсіз қымбаттауға жол бермеу үшін жобаларды іске асыру мерзімдерінің сақталуын қатаң бақылау қажеттілігіне аударды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі отырысын өткізді 📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында…
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына». Рассмотрены итоги работы Фонда за 2024 год и вопросы его дальнейшего развития с учетом задач, поставленных Президентом Касым-Жомартом Токаевым в ходе расширенного заседания Правительства.

О реализации инвестиционных проектов доложил председатель Правления АО «ФНБ «Самрук-Қазына» Нурлан Жакупов.

🔷 В целях обеспечения бесперебойного электроснабжения восстановлен энергоблок №1 Экибастузской ГРЭС-1 с увеличением мощности до 4000 МВт. В рамках работы по улучшению экологии реализован проект по созданию газовой инфраструктуры для алматинских ТЭЦ-2 и ТЭЦ-3. Для повышения эффективности работы месторождения Карачаганак введен пятый компрессор обратной закачки. В транспортно-логистическом направлении построен грузовой терминал в городе Сиань, позволивший сократить сроки доставки грузов и повысить привлекательность казахстанских маршрутов. Кроме того, уложено более 250 км газопровода и 500 км железнодорожных путей, запущено движение поездов на 132 км вторых путей «Достык-Мойынты». Также за отчетный период инициированы уникальные для Казахстана проекты: строительство гидроаккумулирующей станции и первой цифровой подстанции города Астаны.

🔵 Всего в настоящее время в перечень входят 46 инвестиционных проектов в нефтегазовом, нефтехимическом, энергетическом, транспортно-логистическом и других секторах на совокупную сумму 33,3 трлн тенге.

➡️ В текущем году запланировано завершение работ по газоснабжению 66 населенных пунктов области Жетісу благодаря вводу в эксплуатацию магистрального газопровода «Талдыкорган-Ушарал». Проблему дефицита воды в городе Жанаозен и Мангистауской области планируется решить посредством запуска в Кендерли опреснительного завода морской воды мощностью 50 тыс. м3/сутки. Серьезный импульс развитию транзита даст увеличение пропускной способности Транскаспийского Международного Транспортного Маршрута (ТМТМ) и участка ж/д линии «Достык-Мойынты». Для обеспечения потребностей внутреннего рынка будет установлена гидроочистка дизельного топлива на ПНХЗ и расширено производство битума на CASPI BITUM. Отдельное внимание уделено ходу строительства второго участка магистрального газопровода «Бейнеу-Бозой-Шымкент», который увеличит пропускную способность до 15 млрд м3 газа в год, в т.ч. обсуждены инструменты соинвестирования.

Прогнозная доля местного содержания по проектам варьируется в зависимости от сектора. К примеру, по проектам в транспортно-логистическом секторе данный показатель составляет 85%, по энергетическим проектам – 60%, по прочим проектам, включая опреснительный завод, инфраструктуру СЭЗ «НИНТ», комфортные школы, строительство сети 5G, прокладка ВОЛС – 80%.

✔️ Также в 2024 году были предусмотрены дополнительные меры поддержки отечественных товаропроизводителей. Благодаря этому с ОТП заключены договоры на 1,1 трлн тенге, рост в сравнении с 2023 годом составил 76%. Заключены офтейк-контракты на 191 млрд тенге, что в 10 раз больше, чем за 2023 год. Кроме того, система закупок Фонда впервые была признана отвечающей передовым стандартам ЕБРР, АБР и ОЭСР.

🔻 Премьер-министр отметил необходимость усиления работы по привлечению частных инвестиций в реализацию важных для страны проектов.

«Как подчеркнул Глава государства, приоритетом нашей работы должны стать крупные инфраструктурные и промышленные проекты, развитие транспорта и логистики, а также цифровизация и искусственный интеллект. Правительство будет контролировать статус реализации важных для страны проектов. Необходимо активно вовлекать соинвесторов, постепенно снижая долю государства в экономике»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

🔘 Руководитель Правительства также акцентировал внимание на необходимости оптимизации процессов и строгого контроля за соблюдением сроков реализации проектов для недопущения затягиваний и необоснованного удорожания.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📍Сейсенбі, 11 ақпан күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

• көктемгі егіс жұмыстарына дайындық;

• АӨК саласын цифрландыру.

📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.



📍Во вторник, 11 февраля, в 10.00 часов в Үкімет үйі состоится заседание Правительства.

На повестке заседания вопрос
:

• подготовка к весенне-полевым работам;

• цифровизация отраслей сельского хозяйства.

📢📢 Заседание Правительства будет транслироваться в режиме онлайн на сайте PrimeMinister.kz, официальном YouTube-канале, в социальной сети Facebook, на Telegram-канале UKIMET

По итогам заседания состоится пресс-конференция с участием министра сельского хозяйства Айдарбека Сапарова, председателя Правления АО «НК «Продкорпорация» Асылхана Джувашев.

Онлайн-трансляция пресс-конференции будет на официальном YouTube-канале и в социальной сети Facebook.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Астанада бизнес өкілдерімен кездесуде ҚҚС сараланған мөлшерлемесі талқыланды

📌 ҚР қаржы министрі Мәди Такиев пен ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бизнес өкілдерімен салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкімет ұсыныстарын талқылады.

🔷 Кездесу «Атамекен» ҰКП қолдауымен ұйымдастырылды, оған бизнестің, қауымдастықтардың, қоғамдық және салалық бірлестіктердің 150-ден астам өкілі қатысты. Олардың қатарында қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығының, өзін-өзі реттейтін қоғамдық тамақтандыру ұйымының өкілдері, Астана кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңестерінің және өңдеу және фармацевтика, медицина өнеркәсібі комитеттерінің, «Атамекен» ҰКП, «Alageum Electric» компаниялар тобының, «Petro mining» қауымдастығының мүшелері және басқалар бар.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық жүйесі теңгерімді болуы тиіс екенін атап көрсетті. Бұл нақты нұсқау болды. Ол бизнес пен мемлекеттің мүдделерін ескеруі керек. Бүгін біз басты мәселелердің бірін талқылау үшін жиналдық, бұл қосылған құн салығына қатысты. Біз өңірлерде Экономика, Қаржы министрліктерінің, «Атамекен» палатасының өкілдері қатысатын көптеген кездесу өткіземіз. Жұмыс үлкен және жан-жақты. Біздің мекен-жайымызға келіп түскен барлық ұсыныстар тыңдалады. Біз бірыңғай ұстанымды қалыптастырамыз, өйткені Салық кодексі өте қарапайым, түсінікті, нақты болуы тиіс»,

— деп атап өтті Мәди Такиев.

➡️ ҚҚС – бұл бюджетті толықтырудың негізгі көздерінің бірі. ҚҚС мөлшерлемесін арттыру және саралау бюджеттің мұнайдан түсетін өзгермелі кірістеріне тәуелділігін азайтуға және мемлекеттік басым жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

🔻 Өз кезегінде ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкіметтің ұсыныстарын айтты.
«Біз мынадай тетікті қарастыруды ұсынамыз: жалпы белгіленген ҚҚС мөлшерлемесі 16%, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан толық босату, ал бірқатар салалар үшін – 10% мөлшеріндегі аралық мөлшерлеме. Осылайша, Үкімет ұсынып отырған мөлшерлемелерді саралау: 16%, 10%, 0% және босату»,

— деп түсіндірді Азамат Әмрин.

🔵 Қазіргі уақытта аграрлық секторда шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейтіні, ал заңды тұлғалар қолда бар жеңілдіктерге байланысты бюджетке төлеуге тиісті салықтардың тек 30%-ын төлейтіні атап өтілді. Жаңа тетіктер бойынша олардың ешқайсысы ҚҚС төлемейтін болады. Бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін (картоп, қызанақ, пияз және басқалары) бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді. 10% мөлшерлеме қолданылатын салалардың түрлері бизнеспен әлі де талқылануда.

Сондай-ақ кездесуде жеңілдетілген декларация мен бөлшек салық режимін, оның мәні – кіріс шегін жылына 600 мың АЕК (2 млрд 359 млн теңге) мөлшерінде сақтай отырып, қайта қарау бойынша ұсыныстар айтылды. Негізгі өзгеріс – бұл режимді тек B2C сегментінде (бөлшек саудада) жүзеге асыру. Жұмысшылар саны бойынша шектеуді алып тастау ұсынылды. Кәсіпкердің сатудан түскен табысы жылына 100 млн теңгеден асатын болса, салық салынатын табысты еңбекақы қоры (еңбекақы төлеу қоры) сомасына азайту мүмкіндігі көзделген. Осылайша, 100 млн теңге шегі жалақыны ақтауға ынталандыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте бөлшек салықтың 4% мөлшерлемесі (мәслихаттардың 50%-ға төмендету мүмкіндігімен) сақталады.

🔵 Салық реформасын іске асыру кезінде ел бюджетіне түсетін салық түсімдері жыл сайын 4-5 трлн теңгеге артады деп күтіледі. Бұл қаражат Ұлттық қорға тәуелділікті азайтуға; мемлекеттік қарыз деңгейін төмендету және инвестициялық жобаларды несиелеуге, даму институттарын нығайтуға, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты, жылу-энергетика жүйесін жаңғыртуға қосымша ресурстарды бағыттауға көмектеседі.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Астанада бизнес өкілдерімен кездесуде ҚҚС сараланған мөлшерлемесі талқыланды 📌 ҚР қаржы министрі Мәди Такиев пен ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бизнес өкілдерімен салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкімет…
Дифференцированную ставку НДС обсудили на встрече с представителями бизнеса в Астане

📌 Министр финансов РК Мади Такиев и вице-министр национальной экономики Азамат Амрин обсудили с представителями бизнеса предложения Правительства по установлению дифференцированных ставок НДС в рамках налоговой реформы.

🔷 Встреча была организована при поддержке НПП «Атамекен», в ней приняли участие более 150 представителей бизнеса, ассоциаций, общественных и отраслевых объединений. В их числе – представители Казахстанской ассоциации налоговых консультантов, саморегулируемой организации общественного питания, члены региональных советов палаты предпринимателей Астаны и комитетов обрабатывающей и фармацевтической, медицинской промышленности, НПП «Атамекен», группы компаний «Alageum Electric», ассоциации «Petro mining» и другие.
«Как подчеркнул Глава Государства Касым-Жомарт Токаев, налоговая система должна быть сбалансированной. Это была четкая установка. Она должна учитывать интересы бизнеса и государства. Сегодня мы с вами собрались, чтобы обсудить один из главных вопросов, наверное, это касается налога на добавленную стоимость. У нас будет много встреч в регионах, в которых будут участвовать представители министерства экономики, финансов, палаты «Атамекен». Работа предстоит большая и комплексная. Все предложения, которые поступают в наш адрес, будут услышаны. Мы с вами выработаем единую позицию, потому что Налоговый Кодекс должен стать очень простым, понятным, четким»,

— отметил Мади Такиев.

➡️ НДС – это один из ключевых источников пополнения бюджета. Повышение и дифференциация ставки НДС позволят уменьшить зависимость бюджета от волатильных нефтяных доходов и финансировать приоритетные государственные проекты.

🔻 В свою очередь вице-министр национальной экономики Азамат Амрин озвучил предложения Правительства по установлению дифференцированных ставок НДС в рамках налоговой реформы.
«Мы предлагаем рассмотреть такой механизм: общеустановленная ставка НДС 16%, полное освобождение от НДС для производителей сельхозпродукции, а для ряда отраслей – промежуточная ставка в размере 10%. Таким образом, предложенная Правительством дифференциация ставок составляет: 16%, 10%, 0% и освобождение»,

— пояснил Азамат Амрин.

🔵 Отмечено, что в настоящее время в аграрном секторе крестьянские хозяйства не платят НДС, а юридические лица в силу имеющихся льгот платят только 30% от положенных к уплате налогов в бюджет. По новым механизмам, никто из них НДС платить не будет. Это позволит сделать казахстанскую сельхозпродукцию (картофель, помидоры, лук и т.д.) более конкурентоспособной. Виды отраслей, на которые будет распространяться ставка в 10%, еще обсуждаются с бизнесом.

Также на встрече были озвучены предложения по пересмотру режима упрощенной декларации и розничного налога при сохранении его сущности – предела дохода в размере 600 тыс. МРП (2 млрд 359 млн тенге) в год. Ключевое изменение – реализация данного режима только в сегменте B2C (в рознице). Предложено снять ограничения по численности работников. В случае, если доход от реализации предпринимателя превышает 100 млн тенге в год, предусмотрена возможность уменьшения облагаемого дохода на сумму ФОТа (фонд оплаты труда). Таким образом, порог в 100 млн тенге позволит стимулировать обеление заработных плат. При этом ставка 4% розничного налога сохраняется (с возможностью снижения маслихатами на 50%).

🔵 При реализации налоговой реформы ожидается рост налоговых поступлений в бюджет страны 4-5 трлн тенге ежегодно. Эти средства помогут сократить зависимость от Национального фонда; снизить уровень государственного долга и направить дополнительные ресурсы на кредитование инвестпроектов, развитие институтов развития, модернизацию ЖКХ, теплоэнергетической системы.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream started
Олжас Бектенов: Осы аптада өңірлерде кәсіпкерлердің, мәслихат депутаттары мен сарапшылардың қатысуымен талқылауды жалғастыру керек

Талқылау қорытындысы бойынша Салық кодексінің жобасына түзетулер 20 ақпанға дейін Мәжілістің қарауына енгізіледі

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында салық реформасы мәселесі қаралды.

«Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде салық реформасын кәсіпкерлермен, депутаттармен және сарапшылармен бірге егжей-тегжейлі талқылауды тапсырды»,

— деді Олжас Бектенов.

🔘 Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады. Мәселен, биылғы 10 ақпанда «Атамекен» палатасымен және кәсіпкерлермен сараланған мөлшерлемелер, арнайы салық режимдері, ҚҚС бойынша есепке қою шегі мәселелері талқыланды.

«Жалпы ұсыныстарды қолдаймыз. Осы аптада өңірлерге барып, халықтың барлық санаттарымен егжей-тегжейлі талқылау керек.
Мен де Астанада және өңірлерге барып, талқылаулар өткіземін.
Осы жұмыстың нәтижесі бойынша Салық кодексінің жобасы мен ілеспе заң жобасына түзетулерді 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізу керек. Ары қарай Мәжілісте талқылауды жалғастырамыз»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔘 Бүгіннен бастап Үкімет бастамаларын өңірлердегі бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен талқылайтын алты жұмыс тобы өз жұмысын бастайды.



Олжас Бектенов: На текущей неделе - провести обсуждение в регионах с участием предпринимателей, экспертов, депутатов маслихатов


По итогам обсуждений поправки в проект Налогового кодекса будут внесены на рассмотрение в Мажилис до 20 февраля

📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос налоговой реформы.

«Глава государства на встрече с предпринимателями поручил тщательно обсудить с бизнесом, депутатами, экспертами вопросы налоговой реформы»,

— отметил Олжас Бектенов.

🔘 О проводимой работе доложил заместитель Премьер-министра - министр национальной экономики Серик Жумангарин. Так, 10 февраля т.г. состоялось обсуждение с палатой «Атамекен» и предпринимателями вопросов дифференцированных ставок и специальных налоговых режимах, порога постановки на учет по НДС.

«В целом одобряем предложенные подходы.
На текущей неделе надо провести обсуждение в регионах со всеми категориями граждан.
Я тоже проведу встречи с бизнесом в Астане и в регионах.
По итогам этой работы надо до 20 февраля внести в Мажилис поправки в проект Налогового кодекса и сопутствующий законопроект. Далее продолжим обсуждение в Мажилисе»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

🔘 С сегодняшнего дня стартует работа шести рабочих групп, которые будут обсуждать инициативы Правительства с бизнес-сообществами в регионах.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкімет Салық кодексіне енгізілген түзетулерді бизнеспен талқылау үшін жұмыс топтарын аймақтарға жібереді

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің салық заңнамасына жаңа түзетулер ұсынылды.

🔘 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС мөлшерлемесін салалар бойынша саралаумен 12%-дан 16%-ға дейін ұлғайту, арнаулы салық режимдерін реформалау, ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылып отырғанын айтты. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласы үшін 10% төмендетілген мөлшерлеме ұсынылады.

🔘 Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңды тұлғалар бюджетке төлеуге тиісті ҚҚС-ның 30%-ын төлейтін. Енді олар төлемейтін болады.

🔷 Бүгіннен бастап өңірлердегі бизнес-қоғамдастықпен Үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобының жұмысы басталады. Қазіргі уақытта топтар өңірлерге шығып, жергілікті жерлерде бизнеспен кездесулер өткізуде.

Жаңа Салық кодексінің жобасына түзетулерді осы жылдың 20 ақпанына дейін Мәжіліске енгізу жоспарлануда.



Правительство направляет рабочие группы в регионы для обсуждения с бизнесом поправок в Налоговый кодекс


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова представлены новые поправки в налоговое законодательство страны.

🔘 Заместитель Премьер-министра - министр национальной экономики Серик Жумангарин рассказал, что предлагается увеличение ставки НДС с 12% до 16% с дифференциацией по отраслям, реформирование специальных налоговых режимов, снижение порога для обязательной постановки на регистрационный учет по НДС с 80 млн тенге до 15 млн тенге. Также предлагается пониженная ставка 10% для сферы здравоохранения.

🔘 Юридические лица сельхозтоваропроизводители платят НДС 30% от положенного к уплате в бюджет. Теперь платить не будут.

🔷 С сегодняшнего дня стартует работа шести рабочих групп, которые будут обсуждать инициативы Правительства с бизнес-сообществом в регионах. На данный момент группы уже выехали и на местах проведут встречи с бизнесом.

Поправки в проект нового Налогового кодекса планируется внести в Мажилис до 20 февраля текущего года.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 518 мың гектарға ұлғаяды

📌 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстары аясында 23,8 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 518 мың гектарға артық. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров хабарлады.

🔵 Сондай-ақ егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі Жол картасын іске асыру жалғасады. Бағдарлама майлы дақылдардың көлемін 365 мың гектарға ұлғайтуды қоса алғанда, жоғары тиімділікті дақылдарға баса назар аудара отырып, шамамен 1 млн гектарды қамтиды.

Бидайға тәуелділікті төмендету маңызды қадам болып қала береді: екі жыл ішінде оның алаңы 730 мың гектарға қысқарды. Зығыр мен рапс бағасы тоннасына 200 мың теңгеге жеткенде, нарықта сұранысы жоғары майлы және бұршақ дақылдарына баса мән берілді.

«Бұл АӨК табыстылығын арттырып қана қоймай, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының құрылымын жақсартуға мүмкіндік береді»,

— деді АШМ басшысы.



Площадь посевов сельхозкультур увеличат на 518 тыс. га

📌 В рамках проведения весенне-полевых работ в 2025 году планируется посеять сельхозкультуры на площади 23,8 млн га, что на 518 тыс. га больше, чем в прошлом году. Об этом на заседании Правительства сообщил министр сельского хозяйства Айдарбек Сапаров.

🔵 Также продолжится реализация Дорожной карты по диверсификации посевных площадей. Программа охватит около 1 млн га, с акцентом на высокорентабельные культуры, включая увеличение площади масличных на 365 тыс. га.

Важным шагом остается снижение зависимости от пшеницы: за два года ее площадь сократилась почти на 730 тыс. га. Акцент на масличные и бобовые культуры, которые пользуются высоким спросом на рынках, с ценами на лен и рапс, достигающими 200 тыс. тенге за тонну.

«Это не только повысит рентабельность агробизнеса, но и улучшит структуру посевов, обеспечивая устойчивое развитие сельского хозяйства»,

– отметил руководитель МСХ.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Фермерлер ӘКК арқылы жеңілдікпен несие алу мүмкіндігіне ие болды

➡️ Ауыл шаруашылығы министрлігі Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) арқылы кредиттеудің жаңа арналарын қоса алғанда, 2025 жылға арналған далалық жұмыстарды ерте қаржыландырудың іске қосылатынын жариялады. Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, бұл тұқым себу науқаны кезінде қаржылық қиындықтарды болдырмауға көмектеседі. Сонымен қатар фермерлердің қызығушылығының артуына қарамастан әзірге тек 2 ӘКК аграршыларды қаржыландыруға белсенді қатысуда.

✔️ Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан ерте қаржыландыруға түскен өтінімдер көлемі 205 млрд теңгеге жетті, оның 125,6 млрд теңгесі қаржыландырылды. Бұған қоса, биыл жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлу жоспарлануда, бұл техниканы жаңартуға және ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға ықпал етуі тиіс.



Фермеры получили возможность льготного кредитования через СПК

➡️ Министерство сельского хозяйства анонсировало запуск раннего финансирования полевых работ на 2025 год, включая новые каналы кредитования через социально-предпринимательские корпорации (СПК). По словам министра сельского хозяйства, это поможет избежать финансовых проблем во время посевной кампании. В тоже время, пока только 2 СПК активно участвуют в финансировании аграриев. Несмотря на повышенный интерес фермеров.

✔️ На сегодня сумма заявок на раннее финансирование со стороны сельхозтоваропроизводителей уже достигла 205 млрд тенге, из которых 125,6 млрд тенге уже профинансировано. В дополнение к этому, в текущем году планируется выделение 200 млрд тенге на льготный лизинг, что должно способствовать обновлению техники и увеличению производительности в сельском хозяйстве.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM