UKIMET
18.4K subscribers
10.7K photos
1.82K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаяды

📌 Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу шеңберінде 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаятынын хабарлады.

🔷 Оның айтуынша, қазіргі күні жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес 1 студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, енді ол орта есеппен 912 мың теңгені құрайтын болады.

«Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандыру бөліктерінен тұрады, бұл ретте ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі. Қаржыландырудың жаңа жүйесі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материал-техникалық құралдармен жабдықтауға және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді Ғани Бейсебаев.




Объем подушевого финансирования для организаций технического и профессионального образования увеличат в Казахстане

📌 Министр просвещения Гани Бейсембаев на заседании Правительства сообщил, что в рамках проведения Года рабочих профессий для организаций технического и профессионального образования с 1 сентября 2025 года увеличится объем подушевого финансирования.

🔷 Он отметил, что согласно действующей методике подушевого нормативного финансирования, средний размер средств, выделяемых на обучение 1 студента составляет 437 тыс. тенге, теперь он составит в среднем 912 тыс. тенге.

«Новый норматив финансирования состоит из основной и стимулирующей частей, при этом стимулирующие выплаты предоставляются колледжам, достигшим конкретных показателей. Новая система финансирования позволит подготовить конкурентоспособных специалистов, оснастить организации образования современным материально-техническим оборудованием, организовать курсы повышения квалификации педагогов», — пояснил Гани Бейсембаев.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлейді

📌 Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында республикада техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту үшін бизнес-құрылымдар мен инвесторларды тарту жоспарланып отырғанын хабарлады.

🔷 Ол бұл дуальды оқыту жүйесін дамытуға және кәсіпорындардың тапсырысы негізінде экономикаға қажетті мамандарды мақсатты түрде даярлауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

🔵 Қазіргі таңда небәрі 518 кәсіпорын колледждерге шефтік қамқорлық көрсетіп отыр. Алдағы уақытта колледждермен ынтымақтастық орнатып, олардың қызметіне қолдау көрсететін кәсіпорындар санын 4000-ға жеткізу жоспарлануда.

«Биыл колледждер жұмыс берушілермен бірге 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлейді, 1,5 мың педагог өндіріс базасында тағылымдамадан өтеді. Нәтижесінде бизнеспен ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп, колледждер нақты экономика салалары үшін жұмысшы маман даярлаудың негізгі буынына айналады», — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.




Колледжи совместно с работодателями разработают более 2 тыс. образовательных программ в РК

📌 Министр просвещения Гани Бейсембаев на заседании Правительства сообщил, что для развития системы технического и профессионального образования в республике планируется привлечение бизнес-структуры и инвесторов.

🔷 Он отметил, что это позволит развить систему дуального обучения и обеспечить целевую подготовку необходимых для экономики специалистов на основе заказа предприятий.

🔵 В настоящее время шефство над колледжами оказывают лишь 518 предприятий. В дальнейшем планируется довести количество предприятий, сотрудничающих с колледжами и поддерживающих их деятельность, до 4 тыс.

«В этом году колледжи и работодатели разработают более 2 тыс. образовательных программ, на производственной базе пройдут стажировку 1,5 тыс. педагогов. В результате сотрудничество с бизнесом выходит на новый уровень, а колледжи станут основным драйвером профессиональной подготовки рабочих кадров для конкретных отраслей экономики», — подчеркнул Гани Бейсембаев.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда Ұлттық құзыреттер орталығы құрылады

📌 Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында Астанада 2025 жылы Ұлттық құзыреттер орталығы құрылатынын хабарлады.

🔷 Ол орталық кәсіби құзыреттерді, жаңа технологиялық шешімдерді және заманауи кәсіби дағдыларды дамытуға және өндіріске енгізуге ықпал ететінін атап өтті. Осындай орталықтар әлемнің алдыңғы қатарлы индустриалдық мемлекеттерінде бар.

«Ұлттық құзыреттер орталығы базасында жыл бойы халықаралық чемпионаттарға арналған оқу-жаттығу лагерлері, республикалық чемпионат, педагогтерге арналған салалық курстар өткізілетін болады», — деп толықтырды Ғани Бейсембаев.




Национальный центр компетенций создадут в Казахстане

📌 Министр просвещения Гани Бейсембаев на заседании Правительства сообщил, что в Астане создадут Национальный центр компетенций в 2025 году.

🔷 Он отметил, что центр будет способствовать развитию и внедрению профессиональных компетенций, новых технологических решений и современных профессиональных навыков. Подобные центры существуют в ведущих промышленных странах мира.

«На базе Национального центра компетенций в течение года будут организовываться учебно-тренировочные лагеря по подготовке к международным и республиканским чемпионатам, а также отраслевые курсы для педагогов», — добавил Гани Бейсембаев.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда еңбек нарығы мен кадр даярлау тиімділігін талдау онлайн режимінде жүргізіледі

📌 Кадрларды даярлауды тиімді жоспарлау, сондай-ақ жұмыспен қамту саласындағы ахуалды талдау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жобалардың Инновациялық навигаторын әзірледі.

✔️ Бүгінде платформада 755 инвестициялық жоба қамтылып, 150 мың жұмыс орнын құру жоспарланған. Еңбекақы төлеу қорының мөлшері, жалақыны уақтылы төлеу, әлеуметтік аударымдар, жұмыс орындарының саны сияқты көрсеткіштер негізінде іске асырылып жатқан жобалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға болады.

➡️ Талдау әртүрлі аймақтардағы еңбек нарығының қажеттіліктері мен колледж студенттері (ТжКБ) түлектерінің арасындағы үлкен алшақтықты көрсетті. Ең үлкен айырмашылық құрылыс саласында және өнеркәсіпте байқалады. Сонымен қатар кадр тапшылығы өңірлер бойынша біркелкі емес екені анықталды.

Сондай-ақ жобалардың Инновациялық навигаторын Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау аяқталды. Олардан деректер түскеннен кейін кадрларды даярлауды мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын жобалармен үндестіру мүмкіндігі пайда болады.

📎 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету шеңберінде жұмысшы мамандықтар бойынша 1,6 мың кәсіби стандарт жаңартылды.

✔️ Дайындық сапасын қамтамасыз ету үшін жұмысшы мамандықтар бойынша 1,6 мың кәсіптік стандарт жаңартылды. Олардың негізінде білім беру бағдарламаларының 87%-ы жаңартылды. Бұған қоса ЕО елдерінің стандартын қолдана отырып, 12 мыңнан астам дағдыны қамтитын Электрондық дағдылар банкі құрылды. Биыл тағы 100 кәсіптік стандарт әзірленіп, жаңартылатын болады.

✔️ Бүгінгі таңда барлық жұмыс істейтін қазақстандықтардың жартысынан астамының (52%) кәсіптік немесе техникалық білімі бар екенін атап өту маңызды. Бұл 2,3 млн-ға жуық адам, олар 2 мыңнан астам жұмысшы мамандығы бойынша жұмыс істейді. Мұндай мамандарға деген сұраныстың жоғары екендігін бос жұмыс орындарының көптігі растайды – былтыр ол 270 мыңнан астам орынды құрады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қазақстанда еңбек нарығы мен кадр даярлау тиімділігін талдау онлайн режимінде жүргізіледі 📌 Кадрларды даярлауды тиімді жоспарлау, сондай-ақ жұмыспен қамту саласындағы ахуалды талдау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жобалардың…
Анализировать рынок труда и эффективность подготовки кадров в Казахстане будут онлайн

📌 С целью эффективного планирования подготовки кадров, а также анализа ситуации в сфере занятости Министерством труда и социальной защиты населения в рамках Года рабочих профессий разработан Инновационный навигатор проектов.

✔️ На сегодня платформой охвачено 755 инвестиционных инициатив с планом создания 150 тыс. рабочих мест. На основе таких показателей как размер фонда оплаты труда, своевременной выплаты заработной платы, социальных отчислений, количество рабочих мест можно осуществлять оценку эффективности реализуемых проектов.

➡️ Анализ показал серьезный дисбаланс между потребностями рынка труда в различных регионах и реальным выпуском студентов колледжей (ТиПО). Наибольший разрыв наблюдается в строительной сфере и промышленности. Кроме того, наблюдаются неравномерное распределение дефицита кадров по регионам.

В тоже время, завершена интеграция Инновационного навигатора проектов с информационными системами Министерства финансов. После поступления от них данных, появится возможность синхронизировать подготовку кадров с проектами, реализуемыми за счет государственного бюджета.

📎 В рамках обеспечения экономики квалифицированными кадрами по поручению Главы государства, обновлено 1,6 тыс. профессиональных стандартов по рабочим профессиям. На их базе обновлено 87% образовательных программ. Кроме того, сформирован электронный Банк навыков, включающий более 12 тыс. навыков с применением стандарта стран ЕС. В текущем году будут разработаны и обновлены еще 100 профессиональных стандартов.

✔️ Важно отметить, что на сегодня более половины всех работающих казахстанцев (52%) имеют профессиональное или техническое образование. Это около 2,3 млн человек, занятых по более чем 2 тыс. рабочих специальностей. Высокий спрос на таких специалистов подтверждается большим количеством вакансий – более 270 тыс. в прошлом году.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream finished (1 hour)
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс саласында кадрлық әлеуетті дамыту

📌 39 мыңнан астам адам – бұл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін салалар бойынша кадрларға деген қажеттілік. Бұл деректерді министр Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты.

Оның айтуынша, ең үлкен тапшылық құрылыс пен сумен жабдықтауда (17 мыңнан астам маман қажет), сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде (6,8 мың), металлургияда және тау-кен өндірісінде (4,6 мың) байқалады.

🔵 Аталған мәселені шешу үшін Жаңа мамандықтар атласына 75 жаңа мамандық енгізілді. Мысалы, роботтандырылған тау-кен техникасының операторы, виртуалды прототиптеу жөніндегі маман және «Ақылды үй» жобалаушысы. Бизнес-процестерді автоматтандыру үдерісінде 40-тан астам мамандық түрлендірілді.

✔️ Биыл индустрияландыру картасының 190 жобасы шеңберінде машина жасауда 8 жаңа мамандық пайда болады: 3D-басып шығару және дәнекерлеу жөніндегі инженер, роботтандырылған бояу жүйелерінің операторы және басқалары бар. Олар Алматы мен Қостанайдағы негізгі өндірістік жобаларда жұмыс істейтін болады.

✔️ 336 кәсіпті қамтитын сегіз салада жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, 60 кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өнеркәсіп саласында дуальды оқытуды пайдалана отырып, кадр даярлау 284 колледжде жүргізіледі, 700-ден астам кәсіпорын жұмылдырылған. Шарттар мен меморандумдар шеңберінде олар 30-дан астам білім беру бағдарламасын іске асыруда. Жыл сайын 13 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Геолог мамандығын дәріптеу мақсатында «Жас геолог» қоғамдық қоры құрылды, «Еңбек сіңірген геолог» наградасы ведомстволықтан мемлекеттік мәртебеге қайта ауыстырылды. Құрылыс саласында да жұмыс жүргізілуде.

2019 жылдан бастап Отбасы банкі жұмысшыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі корпоративтік бағдарламаны іске асыруда. Соңғы 2 жылда кәсіпорындардың 122 қызметкері пәтер кілтіне ие болды. Ауылдан кадрлардың кетуін азайту үшін өз қызметкерлеріне тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындары субсидияланады. Сонымен қатар 400-ден астам маман «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» және BI University біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Өткен жылы WorldSkills Kazakhstan чемпионатында 108 жеңімпаз еліміздің жетекші компанияларынан жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар алды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс саласында кадрлық әлеуетті дамыту 📌 39 мыңнан астам адам – бұл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін салалар бойынша кадрларға деген қажеттілік. Бұл деректерді министр Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында…
Развитие кадрового потенциала в промышленности и строительстве Казахстана

📌 Более 39 тыс. человек – такова потребность в кадрах по отраслям, курируемым Министерством промышленности и строительства. Эти данные озвучил министр Канат Шарлапаев на заседании Правительства.

По его словам, наибольший дефицит наблюдается в строительстве и водоснабжении (требуется более 17 тыс. специалистов), а также в обрабатывающей промышленности (6,8 тыс.), металлургии и горной добыче (4,6 тыс.).

🔵 Для решения данного вопроса в Атлас новых профессий включили 75 новых специальностей. К примеру, оператор роботизированной горной техники, специалист по виртуальному прототипированию и проектировщик «Умного дома». Более 40 профессий трансформированы в процессе автоматизации бизнес-процессов.

✔️ В текущем году в рамках 190 проектов карты индустриализации появятся 8 новых профессий в машиностроении: инженер по 3D-печати и сварке, оператор роботизированных окрасочных систем и другие. Они будут работать на ключевых производственных проектах в Алматы и Костанае.

✔️ Ведется работа по разработке и актуализации 60 профессиональных стандартов с применением технологий искусственного интеллекта в восьми отраслях, охватывающих 336 профессий.

В сфере промышленности подготовка кадров с использованием дуального обучения проводится в 284 колледжах, задействовано более 700 предприятий. В рамках договоров и меморандумов с ними реализуется более 30 образовательных программ. Ежегодно постоянной работой обеспечиваются более 13 тыс. молодых специалистов.

В целях популяризации специальности геолога создан Общественный фонд «Жас геолог», пересмотрен статус награды с ведомственной на государственный «Еңбек сіңірген геолог». Также ведется работа в строительной отрасли.

С 2019 года Отбасы банк реализует корпоративную программу по обеспечению трудящихся доступным жильем. За последние 2 года ключи получили 122 работника предприятий. Для снижения оттока кадров из села, субсидируются расходы работодателей, построивших жилье для своих сотрудников. Кроме того, более 400 специалистов прошли курсы повышения квалификации «Ассоциации Застройщиков Казахстана» и BI University. В прошлом году 108 победителей в чемпионате WorldSkills Kazakhstan получили предложения о трудоустройстве от ведущих компаний страны.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мұнай-газ саласында техникалық мамандықтар үшін 22 мыңға жуық жұмыс орны ашылады – Энергетика министрлігі

📌 Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

🔵 Ол бүгінгі таңда республиканың отын-энергетикалық кешені саналатын 1671 кәсіпорында 303 мыңнан астам түрлі кәсіп қызметкерлері жұмыс істейтінін атап өтті.

✔️ 2030 жылға дейін ОЭК салаларында құрылыс кезеңінде де, тұрақты жұмыс орындарында да 83 мыңнан астам сапалы жұмыс орындарын құра отырып, 99 жобаны іске асыру жоспарлануда.

➡️ Мұнай-газ саласындағы жобаларды іске асыру мұнай-газ саласының да, аралас салалардың да техникалық мамандықтары үшін шамамен 22 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

➡️ Мұнай-газ химиясына 6 ірі жобаға 21 мыңнан астам қызметкер тартылатын болады, оның ішінде 18 мыңы уақытша және 3 мыңнан астамы тұрақты жұмыс.

➡️ Электр энергетикасында 72 жобада, оның ішінде 32 жаңартылатын энергетика жобасында 41 мыңнан астам жұмыс орны, уақытша 35 мыңнан астам және тұрақты 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

«Атом электр стансасын салу жобасы бойынша 2030 жылға қарай 5 мыңға жуық адам, ал 2032 жылы құрылыстың шарықтау кезеңінде 10 мыңға жуық адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады. Пайдалану кезеңінде жоба кемінде 2 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Жаңа жобалардан басқа, жұмыс істеп тұрған ОЭК кәсіпорындарында 2025-2029 жылдар кезеңінде кадрларға жалпы қажеттілік қосымша 16 мыңға жуық жұмыс орнын құрайды», — деп толықтырды Алмасадам Сәтқалиев.




В нефтегазовой отрасли будет создано порядка 22 тыс. рабочих мест для технических профессий - Минэнерго

📌 Министр энергетики Алмасадам Саткалиев на заседании Правительства доложил о работе проводимой в рамках проведения Года рабочих профессий.

🔵 Он отметил, что на сегодня топливно-энергетический комплекс республики представляет 1671 предприятий, где трудятся более 303 тыс. работников различных профессий.

✔️ До 2030 года в отраслях ТЭК планируется реализация 99 проектов с созданием более 83 тыс. качественных рабочих мест как на этапе строительства, так и постоянных.

➡️ Реализация проектов в нефтегазовой отрасли позволит создать порядка 22 тыс. рабочих мест для технических профессий как нефтегазовой отрасли, так и смежных отраслей.

➡️ В нефтегазохимии на 6 крупных проектах будет задействовано более 21 тыс. работников, из них временных 18 тыс. и постоянных более 3 тыс.

➡️ В электроэнергетике на 72 проектах, в том числе 32 проектах возобновляемой энергетики, будет создано более 41 тыс. рабочих мест, временных более 35 тыс. и постоянных порядка 6 тыс. рабочих мест.

«По проекту строительства атомной электростанции к 2030 году рабочими местами будут обеспечены около 5 тыс. человек, а в пике строительства в 2032 году около 10 тыс. человек. На этапе эксплуатации проект обеспечит рабочими местами не менее 2 тыс. человек. Кроме новых проектов, на действующих предприятиях ТЭК общая потребность в кадрах в период 2025-2029 годы дополнительно составляет около 16 тыс. рабочих мест», — добавил Алмасадам Саткалиев.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Колледждер базасында АЭС-терге персоналды даярлау үшін мамандықтар ашылатын болады

📌 Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында Қазақстанда жұмысшы мамандықтарының 43 кәсіби стандарты өзектендірілгенін, жаңа мамандықтар мен біліктіліктер анықталғанын, кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестердің жұмысы жандандырылғанын хабарлады.

🔷 Ол биыл энергетика саласында жаңа мамандықтар бойынша 4 кәсіби стандарт әзірленетінін және 29 кәсіби стандарт, оның ішінде атом саласында жаңартылатынын атап өтті.

🔵 Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, 61 жоғары оқу орны мен 200-ден астам колледжді қамтитын кадрлар даярлау жұмыстары құрылды, онда ОЭК мамандарын даярлау жүргізілуде.

🔵 Энергетика үшін кадр даярлауды 40 жоғары оқу орны мен 215 колледж жүзеге асырады, онда электр энергетикасы, жылу энергетикасы, жаңартылатын энергия саласындағы 7 мамандық бойынша 19 мыңға жуық студент оқиды.

🔵 Электр генерациясының жаңа нысандарының құрылысын, тұтынудың белсенді өсуін және экономиканың дамуын ескере отырып, 2030 жылға дейін сұранысқа ие мамандықтардың тек энергетикаға деген қажеттілігі 20 мыңнан асады деп болжануда.

🔵 АЭС құрылысын қолдау мақсатында отандық колледждер базасында АЭС үшін персонал даярлау үшін мамандандырылған мамандықтар ашылатын болады.
«Электротехника колледждерімен тығыз ынтымақтастықты Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары – Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институты жүзеге асырады, олар колледж студенттерінің ядролық мамандықтар бойынша өндірістік тәжірибе өткізу базасы болып саналады», — деп нақтылады Алмасадам Сәтқалиев.




На базе колледжей будут созданы специальности для подготовки персонала для АЭС


📌 Министр энергетики Алмасадам Саткалиев на заседании Правительства сообщил, что в Казахстане актуализированы 43 профессиональных стандарта рабочих профессий, определены новые специальности и квалификации, активизирована работа Отраслевых советов по профессиональным квалификациям.

🔷 Он отметил, что на текущий год в сфере энергетики будут разработаны 4 профессиональных стандартов по новым профессиям и актуализированы 29 профстандартов, в том числе в атомной отрасли.

🔵 Совместно с Министерством просвещения выстроена работа по подготовке кадров, включающая 61 высшее учебное заведение и более 200 колледжей, где ведется подготовка профессий ТЭК.

🔵 Подготовку кадров для энергетики осуществляют 40 высших учебных заведений и 215 колледжей, где обучается порядка 19 тыс. студентов по 7 специальностям в сфере электроэнергетики, теплоэнергетики, возобновляемой энергии.

🔵 С учетом строительства новых объектов электрогенерации, активного роста потребления и развития экономики прогнозируется, что до 2030 года потребность востребованных профессий только в энергетике может составить более 20 тыс.

🔵 В поддержку строительства АЭС на базе отечественных колледжей будут созданы специализированные специальности для подготовки персонала для АЭС.

«Тесное сотрудничество с электротехническими колледжами осуществляют подведомственные организации - Национальный ядерный центр и Институт ядерной физики, представляющие базу для производственных практик студентов колледжей по ядерным специальностям», — уточнил Алмасадам Саткалиев.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы: Үкімет еңбек адамының мәртебесін көтеру үшін жүйелі шаралар қабылдайды

«Ұзақмерзімді және тұрақты экономикалық өсу факторларының бірі – адами капиталды дамыту. Экономиканың дамуы және азаматтар әл-ауқатының артуы өз кәсібін жетік меңгерген мамандарға байланысты. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеру үшін тиісті іс-шараларды кезең-кезеңмен қабылдаймыз. Осыған байланысты Мемлекет басшысы тарапынан 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды», — деп атап өтті Үкімет отырысында Олжас Бектенов.




Объявленный Президентом Год рабочих профессий: Правительство будет принимать последовательные меры для повышения статуса человека труда


«Развитие человеческого капитала является одним из важных факторов долгосрочного и устойчивого экономического роста. Именно благодаря профессионалам своего дела развивается экономика и повышается благосостояние всех граждан. Поэтому мы будет принимать последовательные меры для повышения статуса человека труда. В этой связи 2025 год объявлен Главой государства Годом рабочих профессий» — отметил на заседании Правительства Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қазақстанда еңбек нарығы мен кадр даярлау тиімділігін талдау онлайн режимінде жүргізіледі 📌 Кадрларды даярлауды тиімді жоспарлау, сондай-ақ жұмыспен қамту саласындағы ахуалды талдау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жобалардың…
Олжас Бектенов қауіпсіз еңбек жағдайының сақталуына қатаң бақылау жүргізуді, кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізуді тапсырды

📌 Мемлекет басшысы жариялаған жұмысшы мамандықтарын іске асыру мәселелері жөніндегі Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың жұмысшы кадрларды қолдау шаралары туралы баяндамасын тыңдап, еңбек заңнамасының, еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігінің сақталуына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
«Кәсіпорындарда еңбек дауларына жол бермеу үшін алдын алу шаралары қабылдануға тиіс.
Сізге жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларының сақталуына қатаң мониторинг жүргізуді, соның ішінде кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


🔵 Салалық министрліктерге лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету және тиісті конвенцияларды ратификациялау үшін Халықаралық еңбек ұйымымен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз ету тапсырылды.



Олжас Бектенов поручил усилить контроль за соблюдением безопасных условий труда и внедрить цифровую карту предприятий

📌 На заседании Правительства по вопросам реализации объявленного Главой государства Года рабочих профессий Премьер-министр Олжас Бектенов, заслушав доклад министра труда и социальной защиты населения Светланы Жакуповой о мерах поддержки рабочих кадров, обозначил важность усиления контроля за соблюдением трудового законодательства, условий труда и безопасности.

«Нужно принимать превентивные меры по недопущению трудовых конфликтов на предприятиях.
Поручаю Вам вести жесткий мониторинг за соблюдением безопасных условий труда рабочих, в том числе внедрить цифровую карту предприятий», - отметил Олжас Бектенов.


🔵 Профильному министерству поручено обеспечить тесное взаимодействие с Международной организацией труда для продвижения принципов достойного труда и ратификации соответствующих конвенций.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады

📌 Еліміздің көлік-логистикалық кешенінің қарқынды дамуын ескере отырып, орта мерзімді перспективада 25 жаңа мамандық қажет болады деп күтілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы іс-шаралар жоспары қаралды, деп хабарлады көлік министрі Марат Қарабаев.

➡️ Атап айтқанда, ол жаңа жобаларды іске асыру кезінде жобаның цифрлық аналогын және 3D-модельдеуді пайдалануды көздейтін BIM технологиясы бойынша автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялауды жобалау көзделгенін хабарлады. Бұл бағытта «ақылды жолдар» бойынша тиісті инженер-жобалаушылар, BIM технологиясында жұмыс тәжірибесі бар прорабтар, құрылыс роботтарының операторы және цифрлық жобалаушы қажет болады. Көлік-логистика саласындағы ірі тораптарды басқару үшін цифрлық логистикалық карталар конструкторы мен операторы керек.

🔵 Азаматтық авиацияда сыртқы пилоттандырылатын авиациялық жүйелердің пилоттары сұранысқа ие болады. Осыған орай, алдағы уақытта уәкілетті орган мен білім беру мекемелерімен бірге осы мамандықтарды ашу мәселесі қарастырылады.

Бүгінгі таңда 9,7 млн жұмыспен қамтылған халықтың 772 мыңы көлік секторында жұмыс істейді, оның басым бөлігі теміржол және автомобиль көлігі, логистика және қоймалау салаларына тиесілі.



25 новых профессий в сфере транспортно-логистического комплекса появится в Казахстане

📌 С учетом стремительного развития транспортно-логистического комплекса страны, в среднесрочной перспективе ожидается необходимость в 25 совершенно новых профессиях. Об этом на заседании Правительства, где рассматривался План мероприятий в рамках Года рабочих профессий, сообщил Министр транспорта Марат Карабаев.

➡️ В частности, он сообщил, что при реализации новых проектов предусмотрено проектирование строительства и реконструкции автомобильных дорог по BIM технологии, предусматривающее использование цифрового аналога проекта и 3D-моделирование. В данном направлении потребуются соответствующие инженера-проектировщики «умных дорог», прораб с навыком работы BIM, оператор строительных роботов и цифровой проектировщик. Для управления крупными транспортно-логистическими узлами необходимы конструктор и оператор цифровых логистических карт.

🔵 В гражданской авиации станет востребован внешний пилот дистанционно пилотируемых авиационных систем. В этой связи совместно с образовательными учреждениями будет проработано открытие данных специальностей.

На сегодня среди 9,7 млн занятого населения 772 тыс. человек трудятся в транспортном секторе, где преобладающую часть занимают работники железнодорожного и автомобильного транспорта, логистики и складирования.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Премьер-министр авиация, теміржол және кеме қатынасында қажетті мамандар даярлауды, сондай-ақ ауылдық жерлерге мамандар тарту жоспарын әзірлеуді тапсырды

📌 Үкімет отырысында Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын жүзеге асыру аясында көлік саласындағы, атап айтқанда, авиация, теміржол және кеме қатынасы сияқты жоғары технологиялық салалардағы кадр тапшылығы мәселелеріне назар аударылды. Көлік министрлігіне компаниялармен бірлесіп осы салалар үшін мамандар даярлаудың нақты жоспарын әзірлеу тапсырылды.

🔷 Агроөнеркәсіп кешенін орнықты дамыту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, ауылдағы мамандарға тартымды жағдай жасау мәселелерін белсенді түрде пысықтап, осы бағытта жаңа бағдарламаларды іске қосуы қажет.

🔷 Энергетика министрлігі компаниялармен бірлесе жер қойнауын пайдаланушылармен, жұмыс берушілермен, салалық колледждермен өзара тығыз қарым-қатынас жасай отырып, жұмысшы кадрлар даярлау бойынша үлкен жұмыс жүргізу керек.

🔵 Сонымен қатар кадр даярлау және қайта даярлау процесіне бизнес те белсенді атсалысуы қажет. Елімізде жұмыс беруші есебінен біліктілігін арттыруға баратын қызметкерлер үлесі тек 6%-ды құрайды. Сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 48%-ға жетеді. Осыған байланысты Премьер-министр бизнесті жұмысшы кадрлардың біліктілігін арттыруға, оларды әлеуметтік қолдауға және лайықты еңбек жағдайларын жасауға күш салуға шақырды.



Премьер-министр поручил разработать план подготовки кадров в авиации, железной дороге и судоходстве, а также привлечения специалистов в сельскую местность

📌 В рамках реализации объявленного Президентом Года рабочих профессий в ходе заседания Правительства внимание уделено вопросам дефицита кадров в транспортной отрасли, в частности, в таких высокотехнологичных сферах, как авиация, железная дорога и судоходство. Министерству транспорта совместно с компаниями поручено разработать конкретный план подготовки специалистов для данных отраслей.

🔷 Для успешного развития агропромышленного комплекса Министерству сельского хозяйства совместно с акимами регионов необходимо активно проработать вопросы обеспечения привлекательных условий для специалистов на селе и запустить новые программы в данном направлении.

🔷 Министерству энергетики совместно с компаниями - провести большую работу по подготовке рабочих кадров в тесном взаимодействии с недропользователями, работодателями, профильными колледжами.

🔵 Кроме того, бизнесу необходимо активнее вовлекаться в процесс подготовки и переподготовки кадров. Доля работников, повышающих квалификацию за счет работодателя, в РК составляет только 6%. При этом в странах ОЭСР этот показатель достигает 48%. В этой связи Премьер-министр призвал бизнес сосредоточить усилия на повышении квалификации рабочих кадров, их социальной поддержке и создании достойных условий труда.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АӨК-ке 595 мың жұмысшы маман жұмылдырылды – АШМ

📌 Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде 1,1 млн адамды жұмыспен қамтамасыз ететін 300 мыңнан астам өндіруші, оның ішінде жұмысшы мамандарының 595 мыңы немесе 55%-ы жұмыс істейтінін хабарлады.

🔵 Ол отбасылық коэффициентін ескере отырып, салада жұмыс істейтін әрбір маман орта есеппен үш адамды табыспен қамтамасыз ететініне тоқталды. Осылайша, ауыл шаруашылығы 4 млн адамның қаржылық әл-ауқатына тікелей немесе жанама түрде әсер етеді, бұл оны әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі көздерінің біріне айналдырады.

«Халықты жұмысшы мамандықтарына тарту үшін фермерлерге басқа салалармен қатар тұрғын үй құнын, жас мамандардың жалақысын және “ұрпақтар келісімшарты” бойынша субсидиялау сияқты мемлекет жүзеге асыратын ынталандыру шаралары қолжетімді. Министрлік тарапынан Аграрлық несие корпорациясы, ҚазАгроҚаржы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар желісі бойынша түрлі мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.




595 тыс. специалистов рабочих профессий задействовано в АПК - МСХ

📌 Министр сельского хозяйства Айдарбек Сапаров на заседании Правительства сообщил, что в агропромышленном комплексе Казахстана сегодня функционируют более 300 тыс. производителей, которые обеспечивают занятостью 1,1 млн. человек, в том числе специалистов рабочих профессий 595 тыс. человек или 55%.

🔵 Он отметил, что с учетом коэффициента семейственности, каждый занятый в отрасли специалист обеспечивает доходом в среднем три человека. Таким образом, сельское хозяйство прямо или косвенно влияет на финансовое благополучие 4 млн человек, что делает его одним из ключевых источников социальной стабильности.

«Для вовлечения населения в рабочие профессии фермерам доступны реализуемые государством меры стимулирования, наряду с другими отраслями, такие как субсидирование стоимости жилья, заработной платы молодым специалистам и по «контракту поколений». Со стороны министерства также оказываются различные меры государственной поддержки по линии Аграрной кредитной корпорации, Казагрофинанс, социально-предпринимательских корпораций», — отметил Айдарбек Сапаров.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
АӨК-ке 595 мың жұмысшы маман жұмылдырылды – АШМ 📌 Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде 1,1 млн адамды жұмыспен қамтамасыз ететін 300 мыңнан астам өндіруші, оның ішінде жұмысшы мамандарының…
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы жаңа жұмыс дағдыларын талап етеді – АШМ

📌 Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы соңғы жылдары жаңғыртылып, неғұрлым технологиялық және өнімділігі жоғары болғанын атап өтті.

Ол ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мәртебесі де қатар өсіп келе жатқанын, оны жалақыны көтеру, ауыл тұрғындарының әлеуметтік төлемдеріне ұлғайтылған коэффициентті қолдану есебінен одан әрі көтеру қажеттігіне тоқталды.

🔵 Бұдан басқа, ауылда тұрғын үй құрылысын субсидиялау нормативін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

🔵 Ұсынылған шаралар ауыл шаруашылығы жұмысшы мамандарының беделін арттыруға және азаматтардың ауылға тұрақтап қалуына мүмкіндік береді.

🔵 Заманауи ауыл шаруашылығы негізгі кәсіптік-техникалық білімнің болуымен қатар цифрлық жүйелермен және жоғары технологиялық жабдықтармен, соның ішінде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің жаңа дағдыларын меңгеруді талап етеді.

«Кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында 2025 жылы 9 кәсіби стандарт, сондай-ақ даярлаудың аграрлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары әзірленіп, жаңартылатын болады. Бұл мамандарды машинамен сауу, дрондар, астық өңдеу операторлары сияқты заманауи мамандықтарға және жоғары технологияларды қолдануға байланысты басқа да бағыттар бойынша оқытуға мүмкіндік береді», — деп толықтырды Айдарбек Сапаров.




Современное сельское хозяйство требует новых навыков работы - МСХ

📌 Министр сельского хозяйства Айдарбек Сапаров на заседании Правительства отметил, что за последние годы современное сельское хозяйство модернизировалось и стало более технологичным, и высокопроизводительным.

Он отметил, что параллельно растет и статус работников сельского хозяйства, который необходимо и дальше поднимать за счет повышения заработной платы, применения увеличенного коэффициента к социальным выплатам жителей сел.

🔵 Кроме того, предлагается рассмотреть возможность увеличения норматива субсидирования строительства жилья на селе.

🔵 Предлагаемые меры позволят повысить престиж сельскохозяйственных рабочих профессий и закрепить людей на селе.

🔵 Современное сельское хозяйство наряду с базовыми профессионально-техническими знаниями требует новых навыков работы с цифровыми системами и высокотехнологичным оборудованием, в том числе с искусственным интеллектом.

«В целях повышения качества подготовки кадров в 2025 году будут разработаны и актуализированы 9 профессиональных стандартов, а также образовательные программы по аграрным направлениям подготовки. Это позволит обучать специалистов современным профессиям, таким как операторы машинного доения, дронов, переработки зерна и другие направления, связанные с применением высоких технологий», — добавил Айдарбек Сапаров.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов кадр даярлау туралы: Кәсіптік бағдар беру ісінде жаңа тәсілдерді жүзеге асырып, мектептер, колледждер, кәсіпорындар арасында өзара іс-қимыл моделін құру керек

📌 Премьер-министр Үкімет отырысында экономиканың басты өндірістік қуаты – кәсібін жетік меңгерген жұмысшы мамандар екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Оны іске асыруға нақты сектор субъектілерінің барлығы, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар мен салалық қауымдастықтар тартылды.

Экономиканың басты өндірістік қуаты – кәсібін жетік меңгерген мамандар. Қазіргі жұмысшылар жоғары технологиялық жабдықтармен, автоматтандырылған жүйелермен жұмыс істейді. Бұл біліктілікті арттырып, интеллектуалдық әлеуетті және цифрлық сауаттылықты, жеке құзыреттілікті үздіксіз дамытып отыруды талап етеді.

Бізге мыңдаған білікті жұмысшы қажет. Сонымен қатар жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан болашақтағы дағдылар мен құзыреттерді болжау үшін әкімдіктердің барлығы кәсіптердің өңірлік атласын жасауы қажет. Әзірге тек 9 өңірде осындай құжаттар бар.

Жастардың жұмысшы кәсіптерін саналы түрде таңдауы үшін кәсіптік бағдар беру ісінде жаңа тәсілдерді жүзеге асыру керек. Болашақ маман өзінің кәсібтік перспективаларын көріп отыруы үшін мектептер, колледждер, кәсіпорындар арасында өзара іс-қимыл моделін құру қажет. Бұл бағытта Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру саласына сапалы өзгерістер енгізуі қажет.

Нарықта жаңа маман иелеріне сұраныс жоғары», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан колледждерде оқытуды қаржыландыру 2 есе ұлғайтылды. Халықаралық талаптарға сай жаңа білім беру бағдарламалары енгізілуде. Сондай-ақ Астана қаласының әкімдігімен бірге құзыреттер орталығын құру жоспарланып отыр. Премьер-министр бизнес, жұмыс берушілер, инвесторлар тарапынан да тиісті шаралар қабылдануы тиіс екенін, сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры белсенді жүргізуі қажет екенін баса айтты.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов кадр даярлау туралы: Кәсіптік бағдар беру ісінде жаңа тәсілдерді жүзеге асырып, мектептер, колледждер, кәсіпорындар арасында өзара іс-қимыл моделін құру керек 📌 Премьер-министр Үкімет отырысында экономиканың басты өндірістік қуаты – кәсібін…
Олжас Бектенов о подготовке кадров: Необходимо реализовать новые подходы в профориентационной работе и выстроить модель взаимодействия между школами, колледжами и предприятиями

📌 Премьер-министр на заседании Правительства подчеркнул, что профессиональные рабочие кадры являются главной производительной силой экономики.

«По поручению Главы государства Правительством утвержден План мероприятий по проведению Года рабочих профессий. В его реализацию вовлечены все субъекты реального сектора, государственные и местные исполнительные органы, национальные компании и отраслевые ассоциации.

Профессиональные рабочие кадры – это главная производительная сила экономики. Современные рабочие управляют высокотехнологичным оборудованием, автоматизированными системами. Это требует непрерывного процесса повышения квалификации, развития интеллектуальных, цифровых и личностных компетенций.

Нам нужны тысячи квалифицированных рабочих. Каждый год появляются новые специальности. Поэтому для прогнозирования будущих навыков и компетенций необходимо всем акиматам сформировать региональные атласы профессий. Пока только 9 регионов имеют такие документы.

Для осознанного выбора молодежью рабочих профессий необходимо реализовать новые подходы в профориентационной работе. Надо выстроить модель взаимодействия между школами, колледжами, предприятиями, чтобы будущий специалист видел свои профессиональные перспективы. Для этого Министерству просвещения надо качественно провести трансформацию сферы технического и профессионального образования.

Новые специалисты должны быть востребованы на рынке», — подчеркнул Олжас Бектенов.


На сегодня со стороны государства в 2 раза увеличено финансирование обучения в колледжах. Внедряются новые образовательные программы с учетом международных требований. Совместно с акиматом города Астаны планируется создать центр компетенций. Премьер-министр отметил, что соответствующие меры должны приниматься и со стороны бизнеса, работодателей, инвесторов, а также активную работу в данном направлении необходимо вести фонду «Самрук-Казына».

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырды

«Жұмысшы кадрларды әлеуметтік қолдаудың үздік корпоративтік тәжірибесін кеңінен таратып, жаңа ынталандыру шараларын енгізу керек. Өнеркәсіп, Энергетика, Көлік, Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және Отбасы банкімен бірлесіп, жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырамын», — деді Үкімет отырысында Олжас Бектенов.


📌 Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдар, әкімдіктер, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі салалық және өңірлік жоспарлардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Барлық іс-шаралар жүйелі, нәтижелі және олардың әлеуметтік-экономикалық ұзақмерзімді әсері болуы тиіс.

🔷 Үкімет Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу мәселелерін үнемі бақылауда ұстайды, деп атап өтті Олжас Бектенов.



Олжас Бектенов поручил проработать вопросы запуска льготных программ ипотечного и арендного жилья для рабочих кадров


«Нужно транслировать лучшие корпоративные практики социальной поддержки рабочих кадров, расширять и вводить для них новые стимулы. Поручаю министерствам промышленности, энергетики, транспорта, сельского хозяйства, водных ресурсов, совместно с предприятиями, акиматами и Отбасы банком проработать вопросы запуска льготных программ ипотечного и арендного жилья для рабочих кадров», — отметил на заседании Правительства Олжас Бектенов.


📌 По итогам рассмотрения вопроса Премьер-министр поручил заинтересованным государственным органам, акиматам, нацкомпаниям и предприятиям обеспечить качественную реализацию отраслевых и региональных планов по проведению Года рабочих профессий, объявленного Президентом Касым-Жомартом Токаевым. Все мероприятия должны быть системными, результативными и иметь долгосрочный социально-экономический эффект.

🔷 Правительство будет держать вопросы проведения Года рабочих профессий на постоянном контроле, подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM