UKIMET
18.5K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.28K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Қазақстанда туризм саласын мемлекеттік қолдау кеңейтілді

⚡️⚡️⚡️

✔️ Биыл мемлекеттік қолдауға мақұлданған өтінімдер көлемі 3 есеге артты. Тек 2024 жылдың өзінде 37 туристік нысан мен 6 туристер тасымалдайтын автобусқа 2,1 млрд теңге мақұлданды.

2024 жылдың соңына дейін жалпы құны 120,4 млрд теңгені құрайтын 119 инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр, бұл 1 319 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Негізгі бастамалар қатарына:

⚡️ Түркістандағы «Medina Palace» қонақ үйінің құрылысы;

⚡️ жаңа қонақ үй нысандарын қосу арқылы «Ақсу – Жабағылы» шипажайын жаңғырту кіреді.

✔️ Глемпинг алаңдары мен қонақ үйлерін құру арқылы 10 мың ауыл тұрғынын қосымша жұмыспен қамтамасыз ететін агротуризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ұлттық парктер аумақтарындағы инфрақұрылымды дамытуға арналған қонақүйлерді жіктеу жүйесін жаңарту және жергілікті атқарушы органдар өкілеттіктерін кеңейту жоспарланып отыр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қазақстанда туризм саласын мемлекеттік қолдау кеңейтілді ⚡️⚡️⚡️ ✔️ Биыл мемлекеттік қолдауға мақұлданған өтінімдер көлемі 3 есеге артты. Тек 2024 жылдың өзінде 37 туристік нысан мен 6 туристер тасымалдайтын автобусқа 2,1 млрд теңге мақұлданды. 2024 жылдың…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Казахстане расширена государственная поддержка туристической отрасли 

⚡️⚡️⚡️

✔️ В этом году объем одобренных заявок на государственную поддержку увеличился в 3 раза. Только за 2024 год на 37 туристских объектов и 6 туравтобусов было одобрено 2,1 млрд тенге.

✔️ До конца 2024 года планируется завершение 119 инвестиционных проектов общей стоимостью 120,4 млрд тенге, что создаст 1 319 рабочих мест. Среди ключевых инициатив:

⚡️ строительство отеля «Medina Palace» в Туркестане;

⚡️ модернизация санатория «Аксу-Жабаглы» с добавлением новых гостиничных объектов.

✔️ Особое внимание уделяется развитию агротуризма, который обеспечит дополнительную занятость для 10 тыс. сельских жителей через создание глемпингов и гостевых домов. Планируется обновление системы классификации гостиниц и расширение полномочий местных исполнительных органов для развития инфраструктуры на территориях национальных парков.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа жыл қарсаңында бағаны ұстап тұру үшін аймақтардағы тұрақтандыру қорларынан өнімдер алу басталды

📌Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте 11 айдағы инфляция қорытындылары мен 2024 жылғы болжамдар қаралды.

📈 Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қараша айында азық-түлік емес тауарлардың баға индексі 0,7%, ақылы қызметтердің баға индексі – 0,8%, азық-түлік өнімдері – 1,1% болды.

🔵Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне аймақтармен бірлесіп, негізгі азық-түлік өнімдерінің, соның ішінде жылыжайда өсірілген көкөністердің бағасын тұрақтандырып, жаңа жыл қарсаңында олардың жеткілікті мөлшерде сауда сөрелерінде болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



Разбронирование стабфондов для стабилизации цен в предновогодние дни началось в регионах

📌На совещании в Правительстве под председательством заместителя Премьер-министра Серика Жумангарина рассмотрели итоги инфляции за 11 месяцев и прогнозы за 2024 год.

📈 По данным Бюро национальной статистики, за ноябрь индекс цен на непродовольственные товары составил 0,7%, на платные услуги – 0,8%, на продовольственные товары – 1,1%.

🔵Серик Жумангарин поручил Министерству сельского хозяйства совместно с регионами обеспечить стабильность цен и наличие на прилавках необходимого объема основных продуктов, в том числе тепличных, особенно в предпраздничные дни.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📍Сейсенбі, 10 желтоқсан күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

• Құрылыс саласын дамыту;

• Трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері.

📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.



📍Во вторник, 10 декабря, в 10.00 часов в Үкімет үйі состоится заседание Правительства.

На повестке заседания вопросы:

• развитие строительной отрасли;

• развитие трансграничных хабов.

📢📢 Заседание Правительства будет транслироваться в режиме онлайн на сайте PrimeMinister.kz, официальном YouTube-канале, в социальной сети Facebook, на Telegram-канале UKIMET

По итогам заседания состоится пресс-конференция с участием вице-министра торговли и интеграции Кайрата Торебаева, вице-министра промышленности и строительства Куандыка Кажкенова, председателя правления АО «Отбасы банк» Ляззат Ибрагимовой.

Онлайн-трансляция пресс-конференции будет на официальном YouTube-канале и в социальной сети Facebook.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream started
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 11 айда 10,3%-ға өсіп, 6,9 трлн теңгеге жетті

📌 Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев құрылыс саласындағы негізгі жетістіктер туралы баяндады. Бүгінгі таңда оның үлесі еліміздің жалпы ЖІӨ-нің 5,6%-ын құрайды. Салада 670 мыңнан астам адам жұмыс істейді, 53 мыңға жуық кәсіпорын қызмет етеді, оның 2 903-і құрылыс материалдарын өндіреді.

📈 Министрдің айтуынша, биылғы 11 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 6,9 трлн теңгеге жеткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3%-ға артық. 2024 жылдың соңына дейін рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қараша айының қорытындысы бойынша 16,3 млн шаршы метр тапсырылды, жыл соңына дейін тағы 1,7 млн шаршы метр пайдалануға беру жүргізілуде.

«Салаға қаражатты инвестициялаудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін Министрлік тұрғын үй құрылысын ынталандыру бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдады. Осы жылы барлық көздер есебінен аталған мақсаттарға шамамен 965 млрд теңге жоспарланған, бұл 160 мыңнан астам азаматтың 41 мың жаңа пәтерге қоныстануын қамтамасыз етеді. Мұқтаж азаматтарға қолжетімді құралдарды ұсынуға ерекше көңіл бөлінеді», — деді Қанат Шарлапаев.


➡️ Биыл мемлекеттік қолдау есебінен 22 мыңнан астам жалға берілетін пәтер сатып алуға 330 млрд теңге қарастырылып, әкімдіктерге 305 млрд теңге аударылды. Жыл соңына дейін мемлекеттік бағалы қағаздар шығару есебінен 165 млрд теңге сомасында 10 мыңнан астам пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. 2% және 5% бойынша жеңілдетілген ипотекалық қарыздар есебінен бүгінгі күні 94,5 млрд теңге сомасына 7 861 қарыз берілді. Тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік желілерді тартуға 83 млрд теңге бөлінді.

🔵 Осы жылдың мамыр айынан бастап «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. 2024 жылға 300 млрд теңге сомасына 12 мың қарыз беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 172 млрд теңгеге 6 мыңнан аса қарыз берілді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 11 айда 10,3%-ға өсіп, 6,9 трлн теңгеге жетті 📌 Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев құрылыс саласындағы негізгі жетістіктер туралы баяндады. Бүгінгі таңда оның үлесі еліміздің жалпы ЖІӨ…
Объем строительных работ в Казахстане за 11 месяцев вырос на 10,3%, достигнув 6,9 трлн тенге

📌 На заседании Правительства министр промышленности и строительства Канат Шарлапаев доложил о ключевых достижениях в строительной отрасли. Сегодня ее доля составляет 5,6% от общего ВВП страны. Около 670 тыс. человек работают в сфере, действуют порядка 53 тыс. предприятий, 2 903 из них производят строительные материалы.

📈 По словам министра, за 11 месяцев текущего года объем строительных работ доведен до 6,9 трлн тенге, что на 10,3% больше по сравнению с прошлым годом. Ожидается, что до конца 2024 года будут введены рекордные 18 млн кв. метров жилья. По итогам ноября сдано 16,3 млн кв. метров, до конца года введут в эксплуатацию еще 1,7 млн кв. метров.
«Для достижения высоких показателей инвестирования средств в отрасль, Министерством приняты беспрецедентные меры по стимулированию жилищного строительства. В текущем году за счет всех источников на эти цели запланировано порядка 965 млрд тенге, которые обеспечат заселение в 41 тыс. новых квартир более 160 тыс. граждан. Особое внимание уделяется предоставлению нуждающимся гражданам доступных инструментов», — сказал Канат Шарлапаев.


➡️ В текущем году за счет государственной поддержки на приобретение более 22 тыс. арендных квартир предусмотрено порядка 330 млрд тенге. До конца года запланирован ввод в эксплуатацию более 10 тыс. квартир кредитного жилья за счет выпуска государственных ценных бумаг в сумме 165 млрд тенге. За счет льготных ипотечных займов по 2%-5%, на сегодняшний день уже выдано 7 861 займов на сумму 94,5 млрд тенге. На строительство инженерных сетей к районам жилой застройки выделено 83 млрд тенге.

🔵 С мая текущего года запущена новая жилищная программа «Наурыз». На 2024 год планируется выдача 12 тыс. займов на сумму 300 млрд тенге. На сегодня выдано более 6 тыс. займов на 172 млрд тенге.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның тұрғын үй және құрылыс саясатындағы реформалар

📌 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында Қазақстанның тұрғын үй саясатын реформалауға және құрылыс саласын дамытуға бағытталған шаралар туралы баяндады.

🔹 Мәселен, тұрғын үйді есепке қою және бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функцияларын Ұлттық даму институты болып қайта құрылған Отбасы банкіне беруді көздейтін Заң қабылданды. Тұрғын үйді бөлу есепке қою күні мен азаматтардың табыс деңгейі негізінде жүзеге асырылатын болады, бұл бірінші кезекте ұзақ уақыт кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Маңызды жаңалықтардың бірі – сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру құқығы, бұл 50 мыңнан астам адамға әсер етеді. Тұрғын үйді жекешелендіруге қатысты нормалар 4 желтоқсаннан бастап күшіне енді, ал басқа жаңа енгізілімдер 2025 жылдың мамырынан бастап күшіне енеді

➡️ Министр жыл басында қала құрылысы сараптамасы институтын енгізуге де назар аударды. Бұл механизм қала құрылысын жоспарлау сатысында сәулет нормаларынан ауытқулардың алдын алуға, жобаларды бекіту кезінде бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді. Енді олардың барлығы «Мемсараптама» РМК-да міндетті сараптамалық тексеруден өтеді. Мұндай шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін едәуір төмендетеді және бастапқы рұқсат беру құжаттамасын беру кезінде адами фактордың ықпалын болдырмауға көмектеседі.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қазақстанның тұрғын үй және құрылыс саясатындағы реформалар 📌 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында Қазақстанның тұрғын үй саясатын реформалауға және құрылыс саласын дамытуға бағытталған шаралар туралы баяндады. 🔹 Мәселен,…
Реформы в жилищной и строительной политике Казахстана

📌 Министр промышленности и строительства Канат Шарлапаев на заседании Правительства доложил о мерах, направленных на реформирование жилищной политики и развитие строительной отрасли Казахстана.

🔹 Так, принят Закон, предусматривающий передачу функций местных исполнительных органов по постановке на учет и распределению жилья, в Отбасы банк, преобразованный в Национальный институт развития. Распределение жилья будет осуществляться на основе даты постановки на учет и уровня доходов граждан, что позволит в первую очередь обеспечить жильем тех, кто долгое время находится в очереди. Одним из значимых нововведений является право приватизации арендного жилья без права выкупа, что затронет более 50 тыс. человек. Нормы, касающиеся приватизации жилья, уже вступили в силу с 4 декабря, а другие нововведения будут действовать с мая 2025 года.

➡️ Министр также акцентировал внимание на внедрении института градостроительной экспертизы в начале года. Этот механизм позволяет предотвращать отклонения от архитектурных норм на стадии градостроительного планирования, исключать нарушения при утверждении проектов. Теперь все они будут проходить обязательную экспертную проверку в РГП «Госэкспертиза». Такие меры значительно снизят коррупционные риски и помогут избежать влияния человеческого фактора, например, при выдаче исходно-разрешительной документации.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау 640,3 млрд теңгені құрады

📌 «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Үкімет отырысында 2024 жылы тұрғын үй құрылысын қолдау бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы баяндады.

➡️ Оның айтуынша, биыл «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ құралдары есебінен тұрғын үй құрылысын қолдаудың жалпы сомасы 640,3 млрд теңгені құрайды. Осы жылдың 11 айында 604,2 млрд теңгеге жобаларға қолдау көрсетілді.

Жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үй

🔹 ЖАО облигацияларын сатып алу есебінен қаржыландырудың жалпы жоспары 17,3 мың пәтер сатып алу үшін 272 млрд теңгені құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ қаражаты есебінен әкімдіктердің 248,5 млрд теңгеге облигациялары сатып алынды, бұл жылдық жоспардың 91%-ын құрайды. 2024 жылғы 17 желтоқсанда 23,5 млрд теңге мөлшерінде соңғы траншты беру жоспарланып отыр.

Несиелік тұрғын үй

🔹 Облигацияларды сатып алу арқылы қаржыландырылатын несиелік тұрғын үй бағдарламасы бойынша әкімдіктер 165,1 млрд теңгеге қаражат бөлді, бұл жоспарланған көлемнің 100%-ын құрайды. Тұрғын үйді пайдалануға берудің күтілетін жоспары – 10 мың пәтер, оның ішінде бүгінгі күні 5,7 мың пәтер тапсырылды.

Бұдан басқа, Астана қаласында қайта жаңарту бағдарламасын қаржыландыру үшін биылғы шілде айында ЖАО-ның 25 млрд теңгеге облигациялары сатып алынды.

Әлеуметтік тұрғын үй құрылысының қарқынын қолдау мақсатында 2025 жылы Ұлттық банктің бөлінген қаражатын және Ұлттық қордың қайтарымды қаражатын араластыру тетігін іске қосу ұсынылды. Бұл облигациялық қарыздар арқылы өңірлерге жылдық 4,25% орташа мөлшерлеме бойынша шамамен 160 млрд теңге бағыттауға мүмкіндік береді.

Үлестік құрылысқа кепілдік беру және құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетіктері

🔹 2024 жылы 165,6 млрд теңгеге жобалар қолдау тапты, бұл жоспарланған көлемнің 93%-ын құрайды. Жыл соңына дейін жобаларды қолдаудың жалпы көлемі 178,2 млрд теңгеге жетеді, бұл коммерциялық тұрғын үй құрылысына қатысатын 7 мың азаматтың қаражатын қорғауды қамтамасыз етеді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау 640,3 млрд теңгені құрады 📌 «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Үкімет отырысында 2024 жылы тұрғын үй құрылысын қолдау бағдарламаларының іске асырылу барысы…
Поддержка жилищного строительства за счет АО «Казахстанская Жилищная Компания» составила 640,3 млрд тенге

📌 Председатель правления Холдинга «Байтерек» Рустам Карагойшин доложил на заседании Правительства о ходе реализации программ поддержки жилищного строительства в 2024 году.

➡️ По его словам, в этом году общая сумма поддержки жилищного строительства за счет инструментов АО «Казахстанская Жилищная Компания» составит 640,3 млрд тенге. За 11 месяцев текущего года поддержаны проекты на 604,2 млрд тенге.

Арендное жилье с правом приватизации

🔹 Общий план финансирования за счет выкупа облигаций МИО составляет 272 млрд тенге для приобретения 17,3 тыс. квартир. За счет средств АО «Самрук Казына» уже выкуплены облигации акиматов на 248,5 млрд тенге, что составляет 91% от годового плана. Запланированное предоставление последнего транша в размере 23,5 млрд тенге ожидается 17 декабря 2024 года.

Кредитное жилье

🔹 По программе кредитного жилья, финансируемой через выкуп облигаций, акиматам уже предоставлено фондирование на 165,1 млрд тенге, что составляет 100% от запланированного объема. Ожидаемый план ввода жилья - 10 тыс. квартир, из которых на сегодняшний день сдано 5,7 тыс. квартир.

Кроме того, для финансирования программы реновации в г. Астане в июле текущего года были выкуплены облигации МИО на 25 млрд тенге.

В целях поддержания темпов строительства социального жилья в 2025 году предложено задействовать механизм микширования уже выделенных средств Национального банка и возвратных средств Национального фонда. Это позволит через облигационные займы направить в регионы около 160 млрд тенге по средневзвешенной ставке 4,25% годовых.

Механизмы гарантирования долевого строительства и субсидирования кредитов застройщиков

🔹 В 2024 году поддержаны проекты на 165,6 млрд тенге, что составляет 93% от запланированного объема. До конца года общий объем поддержки проектов составит 178,2 млрд тенге, что обеспечит защиту средств 7 тыс. граждан, участвующих в строительстве коммерческого жилья.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар және қолданыстағы тетіктер бойынша қаржыландыру көлемін арттыру — Үкімет тұрғын үй секторын одан әрі ынталандыру мақсатында қосымша шараларды іске асырды. 2024 жылы 16 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында құрылыс саласын дамыту мәселелері қаралды.

🔹 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев биылғы қаңтар-қараша айларында 16 млн шаршы метр тұрғын үй салынғанын, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 107%-ды құрайтынын айтты.

🔻 Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс индустриясы – ел экономикасындағы негізгі салалардың бірі екенін, оның тұрғын үймен қамту, инфрақұрылымды дамыту және жұмыс орындарын құруға тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін жаңадан 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндетін қойды. Бұл міндет жүйелі негізде және кезең-кезеңімен орындалуы тиіс.

Біз өткен жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын қайта қарадық. Онда азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды іс-шаралар қамтылған. Қазіргі таңда нәтижесі жаман емес. Жаңа тұрғын үй құрылысы жыл сайын ұлғайып келеді.

Биыл Үкімет аталған секторды одан әрі ынталандыру мақсатында қосымша шараларды іске асырды. Атап айтқанда, Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң қабылданды. Ол баспанамен қамтамасыз етудің ашық әрі түсінікті жүйесін құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар іске қосылып, қаржыландыру көлемі артты», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар және қолданыстағы тетіктер бойынша қаржыландыру көлемін арттыру — Үкімет тұрғын үй секторын одан әрі ынталандыру мақсатында қосымша шараларды іске асырды. 2024 жылы 16 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді …
Новые льготные ипотечные программы и увеличение финансирования по действующим механизмам – Правительство реализует меры дополнительного стимулирования жилищного сектора. В 2024 году введено 16 млн м2 жилья

📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены вопросы развития строительной отрасли.

🔹 Министр промышленности и строительства Канат Шарлапаев должил, что за январь-ноябрь т.г. уже построено 16 млн кв. м, что составляет 107% от соответствующего показателя прошлого года.

🔻 Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул, что строительная отрасль является одной из ключевых в экономике Казахстана, напрямую влияет на решение жилищных вопросов, развитие инфраструктуры и создание рабочих мест.

«Главой государства была поставлена задача по вводу до 2029 года 111 млн кв. метров нового жилья. Исполнение этой задачи требует системного и поэтапного подхода.

В прошлом году была актуализирована Концепция развития жилищно-коммунальной инфраструктуры. В ней предусмотрен большой набор инструментов и механизмов по улучшению жилищных условий наших граждан. Многие из них уже хорошо себя зарекомендовали. Благодаря этому ежегодно повышаются объемы строительства нового жилья.

В этом году Правительством был также реализован комплекс мер по дополнительному стимулированию жилищного сектора. В частности, принят Закон по реформированию жилищной политики, который создаст прозрачную и понятную каждому систему жилищного обеспечения. Кроме того, были запущены новые льготные ипотечные программы и увеличено финансирование по действующим механизмам», – подчеркнул Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов: Баспана кезегінде, тұрғын үйге шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек

📌 Үкімет отырысында Премьер-министр баспана кезегінде тұрғандардың қолданыстағы тізімін өзектендіру мәселесіне назар аударды.

«Мен тізімдерді түгендеп, бір жүйеге келтіруді тапсырған болатынмын. Бірақ, бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Сондықтан оны тездету керек. Баспана кезегінде, шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов: Баспана кезегінде, тұрғын үйге шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек 📌 Үкімет отырысында Премьер-министр баспана кезегінде тұрғандардың қолданыстағы тізімін өзектендіру мәселесіне назар аударды. «Мен тізімдерді түгендеп, бір жүйеге…
Олжас Бектенов: В очередях на жилье должны быть реально нуждающиеся граждане

📌 На заседании Правительства Премьер-министр акцентировал внимание на вопросе актуализации списков действующих очередников на жилье.

«Я поручал провести инвентаризацию списков. Она еще не завершена. Эту работу нужно ускорить.
В очередях на жилье должны быть, в первую очередь, реально нуждающиеся граждане», – отметил Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Құрылыс сапасын бақылауды күшейту және сәулеттік қадағалаудың тиімділігін арттыру – Олжас Бектенов саладағы сапаны жақсартуға бағытталған шаралар туралы

📌 Премьер-министр құрылыс саласында жаңа нысандар салу және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз еті бойынша үйлестірілген жұмыстың маңыздылығын баса айтты. Сонымен қатар, құрылыс сапасына ерекше назар аудару керек.

«Соңғы жылдары ереже талаптарының бұзылуына және құрылыс нысандарының уақтылы іске қосылмауына қатысты шағымдар саны көбейіп барады. Бұл мәселелерді жүйелі түрде шешу қажет. Жаңа Құрылыс кодексінің жобасында құрылыс сапасына бақылауды күшейту, саланы цифрландыру, сәулеттік қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешені көзделді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM