ҚДКБҚ | КФГД
327 subscribers
1.02K photos
64 videos
3 files
589 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Channel created
Добро пожаловать в Telegram- канал Казахстанского фонда гарантирования депозитов!

Здесь будет публиковаться информация
📌по актуальным вопросам системы гарантирования депозитов,
📌о выплате гарантийного возмещения,
📌о рекомендуемых ставках вознаграждения.

Мы ответим на все ваши вопросы о гарантии по депозитам в чате: @kdif_ask
Қазақстандағы депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы 🏆

✏️ Депозиттерге кепілдік беру жүйесі – халықтың қаржы жүйесіне деген сенімін арттыру және банк жүйесіне жинақты тарту мақсатымен 1999 жылы Мемлекет басшысының қаулысы бойынша құрылған болатын.

✏️ Бастапқыда, 2000 жылы, Ұлттық Банктің халықаралық стандарттарға көшуді мойындаған екінші деңгейдегі банктер депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кірді.
Заңнамаға сәйкес жеке тұлғалардың тек мерзімді салымдарына кепілдік берілді. Қазақстанның қолданыстағы 55 банк ішінен ең ірі 16 банк қана қатысушы болды.

✏️ 2003 жылдан бастап Ұлттық банктен жеке тұлғалардан депозит қабылдауға лицензия алған барлық банктер депозиттерге кепілдік беру жүйесінің міндетті қатысушысы болды. 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап жеке тұлғалар депозиттерінің барлық түрлері кепілдіктің нысаны айналды. Кепілдіктің ең жоғарғы сомасы 400 мың теңгені құрады. Кейінірек, 2007 жылы, бұл сома 700 мың теңгеге артты; 2008 жылы – 5 миллионға дейін алдымен уақытша, содан кейін тұрақты негізде өсті.

📍 Қазіргі уақытта, 2015 жылдан бастап, кепілдіктің ең жоғарғы сомасы теңгедегі депозиттер бойынша 10 миллион теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллон теңгені құрайды.

Кепілдік беріледі:
📌жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер салымдарының барлық түрлеріне,
📌төлем карталары мен ағымдағы шоттардағы ақшаға,
📌 Ұлттық банктен жеке тұлғалардан депозит қабылдауға лицензия алған барлық банктерге.

✏️ ҚДКБҚ-ның қаражаты есебінен салымшыларға өтемді төлеуді бастау мерзімі банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні болып табылады.