ҚДКБҚ | КФГД
321 subscribers
1.01K photos
64 videos
3 files
577 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
🏔 Алматыдағы конференция аясында Армения, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Ресей Федерациясының салымдарды сақтандыру бойынша ұйымдарының өкілдері баяндама жасады.

Қазақстан тарапынан сөз алған ҚРҰБ және ҚНРДА өкілдері шетелдік сарапшыларды еліміздегі қаржылық тұрақтылық мәселелеріне қатысты стратегиялық тәсілдер, ХВҚ және Дүниежүзілік Банктің отандық қаржы секторына жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындылары, ақша және қор нарықтарын дамыту, сондай-ақ инвестициялық басқару үшін ҚДКБҚ арнайы резервінің активтерін бәсекелі ортаға беру тәжірибесі туралы хабардар етті. ҚДКБҚ Төрағасы Әділ Өтембаев пен Төраға орынбасары Алмас Құдайбергенов пікірсайысқа модератор болды.

Шара аясында ЕЭО елдерінің Салымдарды (депозиттерді) сақтандыру (кепілдік беру) ұйымдарының басшылары кеңесінің отырысы да өтті
🏔 С докладами в рамках конференции в Алматы выступили представители Фонда гарантирования возмещения вкладов Республики Армения, Агентства по гарантированному возмещению банковских вкладов (депозитов) физических лиц Республики Беларусь, Агентства по защите депозитов Кыргызской Республики, Агентства по страхованию вкладов Российской Федерации.
С казахстанской стороны, представители Национального Банка и АРРФР проинформировали иностранных экспертов о стратегических подходах к вопросам финансовой стабильности в нашей стране, итогах проведения независимой оценки казахстанского финансового сектора МВФ и Всемирным Банком, развитии денежного и фондового рынка, об опыте передачи активов специального резерва КФГД для инвестиционного управления в конкурентную среду. Модераторами дискуссий выступили председатель КФГД Адиль Утембаев и заместитель председателя Алмаз Кудайбергенов.
В рамках мероприятия прошло также заседание Совета руководителей организаций по страхованию (гарантированию) вкладов (депозитов) стран ЕАЭС
🖋 23 қазанда Алматыда ұйымдастырылған халықаралық шара барысында ҚДКБҚ мен Азаматтардың банктердегі салымдарына кепілдік беру қоры (Өзбекстан Республикасы) арасында меморандумға қол қойылды
🖋 В ходе международного мероприятия 23 октября в Алматы подписан меморандум между Фондом гарантирования вкладов граждан в банках (Республика Узбекистан) и КФГД

Тараптар ортақ мүдде салаларында әріптестік қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстан мен Өзбекстанның депозиттерге кепілдік беру жүйелерін дамытуда бірлесе атқаратын қызметтерді өзара үйлестіруге келісті

Стороны договорились развивать партнерские взаимоотношения и сотрудничество в сферах общего интереса и координировать совместную деятельность в развитии систем гарантирования депозитов в Узбекистане и Казахстане
Құрметті отандастар!

Сіздерді Республика күнімен құттықтаймыз! 

Отбасыларыңызға амандық, ынтымақ, құт-береке тілейміз!
Еліміз нығайып, гүлдене берсін!  

Құрметпен, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры!

🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Дорогие соотечественники!

Поздравляем вас с Днем Республики!

Желаем, чтобы мир, спокойствие и стабильность царили в каждом доме, а наша страна крепла и процветала!

С уважением, Казахстанский фонд гарантирования депозитов!
Достар, қайырлы күн!

Бүгінде көп адамның долларда да, еурода да жинақ ақшалары бар. Ал басқалар ақшаларын ұлттық валютада сақтағанды жөн санайды. Ақшаларын алтынға, жылжымайтын мүлікке салатындар да баршылық. Яғни ақша жинау мәселесіне келгенде әркімнің өз тәсілі бар. Ал банк лицензиясынан айырылған жағдайда оның салымшыларына ҚДКБҚ кепілді өтемді қандай валютада төлейтіндігі туралы осы постан оқисыздар.

Бірден айта кетелік, банк лицензиясынан айырылған кезде оның салымшыларына кепілді өтем тек ұлттық валюта – теңгемен төленеді. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтем төлеу үшін де осы тәсіл қолданылады. Тек бұл ретте Қор банк лицензиясынан айырылған күнге қарай белгілі болған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдаланады. Бұдан басқа атап өту керек, ҚДКБҚ төлейтін өтем сомасы шектеулі және оның мөлшері салымның түрі мен валютасына тікелей байланысты:

🔷 теңгедегі жинақ депозиттер бойынша – 20 млн теңге;
🔷 теңгедегі басқа депозиттер, карточкалар және шоттар бойынша – 10 млн теңге;
🔷 шетел валютасындағы барлық депозиттер, карточкалар және шоттар бойынша – 5 млн теңге.

Еске саламыз, жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің ислам банктерінен басқа, депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы барлық екінші деңгейдегі банктердегі жинақ ақшалары Қордың қорғауына алынған.

ҚДКБҚ салымдарда, ағымдағы шоттарда және төлем карточкаларында жатқан қаражаттарға, олардың қандай валютада ашылғандығына қарамастан кепілдік береді.

Айтпақшы, салымшылар Қор сайтының «Депозиттер және кепілдіктер» бөліміне кіріп, арнайы калькулятордың көмегімен өз депозиттерінің кепілді өтемдерін оп-оңай есептей алады.

Егер ҚДКБҚ қызметі және кепілді өтем төлеу тәртібі туралы білгіңіз келсе, онда Қордың 1460 қысқа тегін нөміріне хабарласуға немесе сұрақтарыңызды @kdif_ask Тelegram-чатына жолдауыңызға болады.
Друзья, всем доброго дня.

Сегодня у многих есть сбережения, как в долларах, так и в евро, другие же отдают предпочтение только национальной валюте. Также нельзя забывать и про категорию людей, которые вкладывают средства в золото, недвижимость. У каждого свой подход к накоплению, расчетам, выплатам. А какую валюту использует КФГД, когда выплачивает гарантийное возмещение вкладчикам при лишении банка лицензии – читайте в посте.

Хотим сразу подчеркнуть, что выплата гарантийного возмещения при лишении банка лицензии осуществляется только в национальной валюте – тенге. Этот же подход применяется к выплате возмещения по депозитам в иностранной валюте. Только в данной ситуации Фонд применяет рыночный курс обмена валют на дату лишения банка лицензии. Кроме этого отмечаем, что сумма возмещения КФГД лимитирована и зависит не только от валюты, но и от вида депозита:

🔷 20 млн тенге по сберегательным депозитам (вкладам) в национальной валюте;
🔷 10 млн тенге по карточкам, счетам и другим депозитам в национальной валюте;
🔷 5 млн тенге по карточкам, счетам и депозитам в иностранной валюте.

Напоминаем, что под защитой Фонда находятся депозиты физических лиц, в том числе индивидуальных предпринимателей, которые размещены во всех банках второго уровня, за исключением исламских.

КФГД гарантирует средства, которые размещены во вкладах, на счетах, платежных карточках, вне зависимости от валюты сбережений.

Кстати, рассчитать гарантийное возмещение по своим депозитам можно на сайте КФГД в разделе «Депозиты и гарантия» с помощью специального калькулятора.

Если вы хотите получить дополнительную информацию о порядке выплаты возмещения и деятельности КФГД, то можно позвонить на бесплатный номер нашего call-центра 1460 или направить вопросы в Telegram-чат @kdif_ask.
ҚДКБҚ кепілдігі жеке тұлғалардың депозиттік шоттарының 100% -на таралады және халықаралық нормаларда белгіленгендей салымшылардың жалпы санының 90-95% шегінде толық қамту көрсеткішіне толық сәйкес келеді. Қазақстандық салымшылардың барлық шоттарының 99,8% -ы толық сомаға қорғалған.

Кепілдік әрбір сегмент бойынша шоттардың басым көпшілігін қамтуға мүмкіндік береді:

🟢 Кепілдікпен толық қамтылған 20 млн теңгеге дейінгі қалдықтары бар жинақ депозиттері бар шоттар саны 93% -ын құрайды.
🟢 Кепілдікпен толық қамтылған 10 млн теңгеге дейінгі қалдықтары бар депозиттік шоттар саны 99,8% -ын құрайды.
🟢 5 млн теңгедегі валюталық депозиттер бойынша кепілдік деңгейі (баламасы шамамен 10 мың АҚШ доллар) салымшылардың көптеген шоттарын өтеу үшін жеткілікті болып табылады, өйткені мұндай шоттардың 99,7% -ы кепілдікпен толығымен өтеледі.

ХВҚ зерттеулеріне сәйкес кепілдік деңгейі жан басына шаққанда 1-2 ЖІӨ-нен асуы керек. Себебі экономиканың даму деңгейі мен халықтың табысы жинақтардың өсуіне әсер етіп, кепілдік мөлшерін анықтайды. Көптеген елдер депозиттер бойынша кепілдік мөлшерін жан басына шаққандағы ЖІӨ-нен 2-3 есе асатындай етіп белгілейді. ЕАЭО-ның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы кепілдік мөлшері ең жоғары (44 мың АҚШ доллары) болып табылады және жан басына шаққандағы ЖІӨ-нен 3 есе асады.

🟦 Сілтеме арқылы өтіп, материалмен толығырақ танысып шығуға болады:

https://kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/kfgd-v-polnom-obeme-garantiruet-99-8-vsekh-schetov-vkladchikov-kazakhstanskikh-bankov/
Гарантия КФГД распространяется на 100% депозитных счетов физических лиц и полностью соответствует установленному международными нормами показателю полного покрытия в пределах 90–95% от общего числа вкладчиков. На полную сумму защищено 99,8% всех счетов казахстанских вкладчиков.

Гарантия по каждому отдельному сегменту позволяет охватывать подавляющее большинство счетов:

🟢 Количество счетов со сберегательными депозитами с остатками до 20 млн тенге, полностью покрываемых гарантией, составляет 93%.
🟢 Количество депозитных счетов с остатками до 10 млн тенге, полностью покрываемых гарантией, составляет 99,8%.
🟢 Уровень гарантии по валютным депозитам в 5 млн тенге
(эквивалент почти 10 тыс. долл США) является достаточным для покрытия большинства счетов вкладчиков, так как 99,7% таких счетов полностью покрываются гарантией.

В целом гарантией КФГД в полном объеме покрывается 99,8% всех счетов вкладчиков.

Уровень гарантии должен превышать 1-2 ВВП на душу населения согласно исследованиям МВФ. Это связано с тем, что уровень развития экономики и доходы населения влияют на рост сбережений и определяют размер гарантии. Большинство стран устанавливают размер гарантии по депозитам, превышающий ВВП на душу населения в 2-3 раза. В сравнении с другими странами ЕАЭС, размер гарантии в Казахстане является одним из самых высоких (44 тыс. долл. США) и превышает ВВП на душу населения в 3 раза.

🟦 Подробно ознакомиться с материалом можно здесь:

https://kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/kfgd-v-polnom-obeme-garantiruet-99-8-vsekh-schetov-vkladchikov-kazakhstanskikh-bankov/