ҚДКБҚ | КФГД
322 subscribers
1.01K photos
64 videos
3 files
577 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Казахстанский фонд гарантирования депозитов (КФГД) опубликовал отчет о результатах своей деятельности за 2023 год.

В документе предоставлена информация о значимых событиях в системе гарантирования депозитов, достигнутых результатах и направлениях укрепления деятельности Фонда на ближайшую перспективу.

С полной версией документа можно ознакомиться на сайте КФГД, пройдя по данной ссылке:

https://www.kdif.kz/kfgd/otchetnost/
2024 жылдың 7 тамызынан бастап, банк салымы және банк шоты шартының мазмұнына және рәсімделуіне қатысты ерекше талаптар күшіне енді, – деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ).

🟦 Енді банктер шартқа қол қою барысында клиенттерге банк шотының немесе салымының негізгі талаптары туралы кестелік және түсінуге қолайлы нысанда мәлімдеуге міндетті. Бұл жаңа енгізілімді салымшыларға қолайлы ету және халыққа депозиттердің талаптары туралы ақпарат беру жүйесін жақсарту мақсатында енгізу бойынша бастаманы Қор ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесе отырып көтерген болатын.

🟢 Клиенттер бұл жаңа нысандағы мәлімдемеден нақты банк өнімі жайында максималды кепілді өтем сомасын, салымның түрі мен оның қай валютада ашылғандығын, салым бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесі мен сыйақы төлеу талаптарын, сондай-ақ қаражатты қайтарып алу және салымның мерзімін ұзарту талаптарын және тағы басқаларды көре алады. Банк бұл маңызды мәліметтерді клиент банк шоты немесе салымы шартын жасасу барысында қол қоятын өтініштің немесе жекелеген құжаттың бірінші (негізгі, бастапқы) бетінен бастап көрсетеді. Шарт қандай нысанда жасалса да – жазбаша немесе электронды түрде болсын, аталған ақпараттар көрсетілуі тиіс.
С 7 августа 2024 года введены в действие особые требования к содержанию и оформлению договора банковского вклада и банковского счета, сообщает Казахстанский фонд гарантирования депозитов (КФГД).

🟦 Теперь банки обязаны при подписании договора уведомлять клиентов о ключевых условиях банковского счета или вклада в табличной и удобной к восприятию форме. Данное нововведение было инициировано Фондом совместно с Агентством РК по регулированию и развитию финансового рынка для удобства вкладчиков и улучшения системы информирования населения об условиях депозитов.

🟢 В новой форме уведомления клиенты смогут видеть максимальную сумму гарантийного возмещения по конкретному банковскому продукту, вид и валюту вклада, процентную ставку вознаграждения и условия выплаты вознаграждения по вкладу, условия изъятия средств и пролонгации по вкладу и так далее. Эти сведения отображаются банками в заявлении или отдельном документе, подписываемом клиентом при заключении договора банковского счета или вклада начиная с первой (заглавной, титульной) страницы. Информация должна отображаться вне зависимости от формы заключения договора - в письменном или электронном виде.
Бүгінде уақытты басқаруға әркімнің-ақ таласы бар. Оны дұрыс жоспарлауға, барлығына үлгеруге және барлық тірлікті тез арада бітіруге ұмтылады. Бұл үшін кейбіреулер тіпті тайм-менеджмент курсынан өтеді. Қалай ойлайсыз, салымшы өз банкінің лицензиясынан айырылғаны туралы бір күнде естіп, сол күні-ақ ҚДКБҚ-дан өтем ақшасын алуы мүмкін бе? Төлем рәсімі қалай өтетіндігін талдап көрелік.

🟦 Банк лицензиясынан айырылған күні салымшыларға кепілді өтем төлеу мүмкін емес. Өйткені оның алдында мынадай шаралар өткізіледі:

1 қадам: банк лицензиясынан айырылған күннен бастап, 25 жұмыс күні ішінде оның уақытша әкімшілігі депозиторлардың тізілімін қалыптастырады және әрі қарай ол бұл тізілімді кепілді өтемді төлеуді ұйымдастыру үшін ҚДКБҚ-ға береді. Депозиторлардың тізілімі банк лицензиясынан айырылған күнге қарай жасалады.

2 қадам: ҚДКБҚ төлемді ұйымдастыру үшін барлық қажетті шараларды өткізеді: депозиторлардың тізілімін тексереді және қабылдайды, агент банкті таңдайды, одан әрі онымен келісім жасасады және әрі қарай агент банк Қор атынан салымшыларға кепілді өтем төлей бастайды.

3 қадам: ҚДКБҚ банк лицензиясынан айырылған күннен бастап, 30 жұмыс күні ішінде салымшыларды төлемдердің басталу күні, агент банк және төлемдердің кезеңі мен орындары туралы хабардар етеді. Бұл ақпарат ресми баспасөз басылымдарында, ҚДКБҚ мен ҚНРДА сайттарында, сондай-ақ телеарналарда, интернетте және әлеуметтік желілерде жарияланады.

4 қадам: салымшылардан өтем алуға өтініш ҚДКБҚ хабарламасы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қабылдана бастайды.

Айтпақшы, Қор іс жүзінде 2020-2021 жылдары лицензиясынан айырылған банктерде кепілді өтемді төлеуді 6-8 жұмыс күні ішінде бастады. Яғни сақтандыру жағдайы туындаған кезде ҚДКБҚ өтем төлеу үдерісін барынша сапалы ұйымдастырып, өтем төлеуді 35 жұмыс күнінен барынша ерте бастауға күш салады.

🟨 Тағы нені есте сақтау қажет?

Салымшылар төлем басталған күннен бастап, 1 жыл ішінде кепілді өтем алуға өтініш бере алады. Егер салымшы осы мерзім ішінде кепілді өтем алуға өтініш бермесе, Қор оның талап етпеген өтем сомасын сол салымшының БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шотына аударады. Қор кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталуға жарты жыл және 30 жұмыс күні қалғанда салымшыларды төлемнің аяқталатын күні, сондай-ақ талап етілмеген ақшаның БЖЗҚ-ға аударылатыны туралы хабарлайды.
Атап өту керек, төлем мерзімі аяқталып, талап етілмеген ақшалар БЖЗҚ-ға аударылып болған соң да, салымшылар өтем алуға Қорға өтініш бере алады. Бұл үшін оның төлем мерзімі барысында өтем алуға өтініш беруге кедергі келтірген «дәлелді себебі» болуы керек және ол құжат жүзінде расталуы тиіс.


🟩 ҚДКБҚ «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Эксимбанк Қазахстан» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ және «Asia Credit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларынан дәлелді себептер бойынша өтініштер қабылдауды жалғастыруда. Оларға күні бүгінге дейін 114 млрд теңгеден астам өтем төленіп қойылды. Олардың ішінде 113,5 млрд теңге төлем мерзімі барысында, ал дәлелді себептер бойынша 60,2 млн теңге төленді.
Сегодня все хотят управлять временем. Правильно планировать его, все успевать и завершать любые свои дела за один день. Для этого многие даже скупают и проходят курсы по тайм-менеджменту. А как вы думаете, может ли вкладчик в один день узнать о лишении своего банка лицензии и сразу же получить возмещение от КФГД? Давайте разберемся, как происходит процесс выплат.

🟦 Итак, выплата гарантийного возмещения не может произойти в день лишения банка лицензии, поскольку ей предшествуют следующие мероприятия:

1 шаг: временная администрация банка в течение 25 рабочих дней с даты лишения его лицензии формирует реестр депозиторов, далее она передает список в КФГД для организации выплаты гарантийного возмещения. Вся информация, которая собрана в реестре депозиторов, составляется на дату лишения банка лицензии.

2 шаг: КФГД проводит все необходимые мероприятия по организации выплат, проверяет и принимает реестр депозиторов, выбирает банк-агент, далее заключает с ним соглашение для выплаты гарантийного возмещения вкладчикам от имени Фонда.

3 шаг: КФГД уведомляет депозиторов о дате начала выплаты, о банке-агенте, периоде и местах выплаты не позднее 30 рабочих дней с даты лишения банка лицензии. Эта информация публикуется в официальных печатных изданиях, на сайте КФГД и регулятора (АРРФР). Также объявление транслируется в новостях на телевидении, в интернете и социальных сетях.

4 шаг: заявления на выплату возмещения принимаются не позднее 5 рабочих дней после объявления КФГД.

Кстати, на практике, вкладчикам банков, лишенных лицензии в 2020-2021 годах, Фонд обеспечил выплаты в течение 6-8 рабочих дней. То есть, при страховом случае КФГД старается качественно организовать процесс выплаты и максимально ускорить срок его начала – раньше 35 рабочих дней.

🟨 Что еще нужно запомнить?

Обратиться за выплатой гарантийного возмещения вкладчики могут в течение 1 года с даты начала выплаты. Если вкладчики за это время не востребуют возмещение, то КФГД перечислит невостребованные суммы в ЕНПФ на их индивидуальные пенсионные счета.

Не переживайте, Фонд за полгода с даты начала выплаты возмещения, за 30 рабочих дней до истечения срока выплаты информирует вкладчиков о дате завершения выплат, а также о том, что невостребованные суммы будут переведены в ЕНПФ.
Отмечаем, что после истечения годичного срока выплаты и перевода средств в ЕНПФ, вкладчики вправе обратиться за возмещением непосредственно в Фонд, если положенное время выплаты они пропустили по «уважительной причине».

🟩 КФГД продолжает принимать заявления «по уважительной причине» от вкладчиков АО: «Валют-Транзит Банк», «Казинвестбанк», «Delta Bank», «Qazaq Banki», «Эксимбанк Казахстан», «Банк Астаны», «Tengri Bank» и «Asia Credit Bank (АзияКредит Банк), которым уже было выплачено более 114 млрд тенге возмещения. Из них в течение всего срока выплаты они получили – 113,5 млрд тенге, а «по уважительной причине» – 60,2 млн тенге.
Достар, біз Қазақстанда депозиттерге кепілдік беру жүйесі қалай жұмыс істейтіндігі туралы постарды жариялауды жалғастырамыз. Банк ицензиясынан айырылған жағдайда бейрезидент салымшылар ҚДКБҚ-дан кепілді өтем алуға үміт арта ала ма? Міне, осы жөнінде әңгімелейтін боламыз.

Шет мемлекеттердің азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар бейрезидент болып саналады. ҚР заңнамасына сәйкес қазақстандық банк барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылған жағдайда басқа салымшылармен бірге бейрезидент салымшылар да өздерінің депозиттері бойынша кепілді өтем алуға құқылы. Кепілді өтем төлеу салымшының азаматтығына қарамастан жүзеге асырылады.

Бейрезидент салымшылар төлем басталған күннен бастап, 1 жыл ішінде өздерінің депозиттері бойынша өтем алуға өтініш бере алады. Бұл үшін жеке басын куәландыратын құжатты қоса ұсынады. Олар да Қазақстан азаматтары секілді төлем мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алған жағдайда өтем алуға өтініш бере алады. Бұл үшін дәлелді себептерді растайтын құжаттарды қоса ұсынады.

Егер құжаттары шет тілінде жазылған болса, олардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылған және нотариус куәландырған нұсқалары өтінішке қоса тіркеледі.

Қазақстаннан тысқары жерде берілген құжаттар ұсынылған жағдайда Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге көзделмесе, мұндай құжаттар консулдық заңдастыру немесе апостиль қою рәсімдерінен өткізіліп барып ұсынылады.

Еске саламыз, ҚДКБҚ жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің ислам банктерін қоспағанда, барлық қазақстандық банктерде орналастырылған қаражаттарын қорғайды.

Әрбір салым түрі бойынша максималды кепілдік сомасы заңнама жүзінде белгіленген:

🟢 ұлттық валютадағы жинақ салымдар (депозиттер) бойынша – 20 миллион теңгеден;
🟢 ұлттық валютадағы өзге депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеден;
🟢 шетел валютасындағы депозиттер бойынша (банк лицензиясынан айырылған күнге қарай белгіленген валюта бағамы бойынша теңгелік баламада) – 5 миллион теңгеден асырылмайды.

Егер салымшының бір банкте әрқалай валютада әртүрлі бірнеше салымы ашылған болса, сақтандыру жағдайы туындаған кезде өтем сомасы әрбір салым бойынша белгіленген кепілдік сомасын ескере отырып есептеледі, бірақ салымшыға берілетін жалпы өтем сомасы 20 млн теңгеден асырылмайды.

☑️ Депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы толыққанды ақпаратпен ҚДКБҚ kdif.kz сайтынан танысып шығуға болады, сұрақтарды info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask telegram-чатына жолдауға немесе 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласуға мүмкіндік бар.
Друзья, а мы продолжаем серию постов о том, как работает система гарантирования депозитов в Казахстане. И сегодня мы хотим рассказать могут ли вкладчики-нерезиденты получить гарантийное возмещение от КФГД при лишении банка лицензии. Сохраняйте пост и делитесь с близкими.

Нерезидентами являются граждане иностранных государств или лица без гражданства. Согласно законодательству РК, нерезиденты, наравне с другими вкладчиками, вправе получить гарантийное возмещение по депозитам, открытым в казахстанском банке, в случае лишения его лицензии на проведение всех банковских операций. То есть, выплата гарантийного возмещения осуществляется вне зависимости от гражданства вкладчика.

Вкладчики-нерезиденты могут обратиться за возмещением по своим депозитам в течение 1 года с даты начала выплат, заполнив заявление и предоставив документ, удостоверяющий личность. Как и граждане Казахстана, они имеют право обратиться за возмещением даже если пропустили установленный срок выплат по уважительной причине.

В данной ситуации им необходимо предоставить документы, подтверждающие факт нахождения депозитора за пределами Казахстана в течение всего срока выплаты гарантийного возмещения.

Если документы составлены на иностранном языке, к заявлению прилагаются нотариально заверенные переведенные версии на казахский или русский язык.

В случае предоставления документов, выданных за пределами Казахстана, то тогда они предоставляются после прохождения процедур консульской легализации или апостилирования, если иное не предусмотрено международными договорами, ратифицированными Казахстаном.

Напоминаем, что КФГД защищает средства физических лиц и индивидуальных предпринимателей, размещенные во всех казахстанских банках, за исключением исламских.

Максимальный размер суммы гарантии по каждому виду депозита установлен законодательством:

🟢 по сберегательным вкладам (депозитам) в национальной валюте – 20 млн тенге;
🟢 по карточкам, счетам и другим депозитам в национальной валюте – 10 млн тенге;
🟢 по карточкам, счетам и депозитам в иностранной валюте - 5 млн тенге (в эквиваленте по курсу обмена валют, установленному на дату лишения банка лицензии).

Когда у вкладчика в одном банке размещено несколько депозитов, различных по виду и валюте, то КФГД выплачивает по ним совокупную сумму гарантийного возмещения, но не более 20 млн тенге, с учетом пределов, установленных по каждому виду депозита.

☑️ С подробной информацией системе обязательного гарантирования депозитов можно ознакомиться на официальном сайте КФГД — www.kdif.kz. Обратную связь по интересующим вопросам можно также получить в Telegram-чате Фонда KDIF_ask.
Шетелге барар алдында біз әдетте жүретін жолдарымызды алдын ала белгілеп, билет алып, қонақ үйлерді брондап, валютаны айырбастап алуға тырысамыз. Тіпті шұғыл қызметтерді қандай нөмірлер бойынша шақыруға болатынын анықтайтындар да бар. Мұндай тәсіл туристерге бөтен елде өздерін емін-еркін, қолайлы сезінуге және қауіпсіздік талапарын сақтауға көмектеседі. Банкке ақша салуды ниет еткен салымшылар да дәл осылай әрекет жасаулары тиіс. Өйткені шартқа қол қоймас бұрын, жинақ ақшаның молаятындығын ғана емес, оның сенімді түрде сақталатындығына көз жеткізуі керек.

Біріншіден, банктер заңнама талаптарына сәйкес банк шоты және (немесе) банк салымы шартын жасаудан алдын, клиенттерді депозиттің ең маңызды талаптары туралы хабардар етеді. Олар:

• депозиттің атауы, түрі және валютасы;
• депозиттің түрі мен валютасына қарай максималды кепілдік сомасы;
• пайыздық сыйақы мөлшерлемесі, депозит бойынша сыйақы төлеу талаптары;
• депозиттегі қаражатты мерзімінен бұрын толық/ішінара қайтарып алу;
• шарттың қолданылу мерзімі, келесі мерзімге ұзартылу талаптары;
• басқа да маңызды талаптар.

Бұл ақпарат салымшы банкпен арадағы шартты қандай әдіспен болсын, – мейлі онлайн түрінде немесе банктің мобильді қосымшасында не болмаса оның бөлімшесіне келіп жасағандығына қарамастан, оған міндетті түрде жеткізілуі тиіс. Аталмыш ақпарат шотты (салымды) ашу барысында клиентке ұсынылатын өтініштің, шарттың немесе өзге де құжаттың бастапқы бетінде көрсетіледі.

Екіншіден, банк шоты және (немесе) банк салымы шартын жасасу барысында банктер Қор белгілеген бөлек нысандағы құжатта клиенттерді банк лицензиясынан айырылған жағдайда кепілді өтем төлеу тәртібі мен мерзімі, оның ішінде кепілдік сомасын есептеу ерекшеліктері туралы хабарлайды. Хабарландыру жазбаша/қашықтан/банктік қызмет көрсетудің кешенді шартына қосылу жолымен жүзеге асырылады (әдетте банктер өз сайттарында орналастырады). Банктердің депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысатындығы туралы жазылған мәлімдеменің арнайы нысанымен ҚДКБҚ сайтының «Банктер/Құжаттар» бөлімінде танысып шығуға болады.

Осылайша бүгінде депозит бойынша бүкіл ақпарат оны ашқанған дейін салымшыларға толығымен қолжетімді. Бұл депозит бойынша маңызды талаптарды алдын ала зерделеуге және банк лицензиясынан айырылған жағдайда кепілді өтемді дұрыс есептеуге көмектеседі.

ҚДКБҚ салымшыларды банк салымын жасасқанған дейін сол ашатын депозиті бойынша маңызды талаптарға, олардың ішінде кепілдік сомасына назар аударуға шақырады. Депозиттегі ақша кепілдік берілген сомадан асып кеткен жағдайда, ҚДКБҚ қаражатты дер кезінде әртараптандыру керектігін ескертеді. Яғни оларды кепілдік берілген максималды мөлшерден асырмастан, басқа банктердегі салымдарға орналастырған жөн. Өйткені Қор кепілді өтемді әрбір банк бойынша жеке-жеке төлейді.

Кепілді өтем төлеу бойынша толыққанды ақпаратпен ҚДКБҚ kdif.kz сайтынан танысып шығуға болады, сұрақтарды info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask telegram-чатына жолдауға немесе 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласуға мүмкіндік бар.
Перед поездкой за границу мы всегда стараемся заранее составить маршрут, выкупить билеты, забронировать отели, обменять валюту и даже узнать, по каким номерам можно вызвать экстренные службы. Такой подход помогает туристам безопаснее и комфортнее чувствовать себя в чужой стране. Также должны поступать те, кто намеревается открыть вклад в банке. Ведь перед подписанием договора необходимо знать о том, что сбережения не только приумножаться, но и будут находиться в безопасности.

Во-первых, согласно требованиям законодательства, банки до заключения договора банковского вклада и (или) счета информируют своих клиентов о ключевых условиях депозита. Это:

• наименование, вид и валюта депозита;
• максимальная сумма гарантии в зависимости от вида и валюты депозита;
• процентная ставка вознаграждения, условия выплаты вознаграждения по депозиту;
• условия полного/частичного досрочного изъятия средств;
• срок действия договора, условия пролонгации по депозиту;
• иные ключевые условия.

Данная информация должна быть доведена до вкладчика вне зависимости от того, каким способом он заключает договор с банком – онлайн на сайте или в мобильном приложении банка либо в его отделении. Информация указывается на первых страницах заявления на открытие продукта, договора или иного документа, представляемого клиенту на этапе открытия счета (вклада).

Во-вторых, при заключении договора банковского вклада и(или) счета банки в отдельной форме, установленной Фондом, уведомляют клиентов о сроках и порядке выплаты возмещения в случае лишения банка лицензии, в том числе об особенностях расчета суммы гарантии. Информирование осуществляется письменно/дистанционно/путем присоединения к комплексному договору банковского обслуживания (обычно размещается банками на их сайте). Более подробно со специальной формой уведомления, по которой банки информируют вкладчиков о своем участии в системе гарантирования депозитов, можно ознакомиться на сайте КФГД в разделе «Банкам/Документы».

Таким образом, сегодня вся необходимая информация по депозиту доступна вкладчикам до момента его открытия. Это позволяет заранее оценить ключевые условия по депозиту и рассчитать размер гарантийного возмещения в случае лишения банка лицензии.

КФГД настоятельно рекомендует вкладчикам до заключения банковского договора обращать внимание на ключевые условия по открываемым им депозитам, в том числе максимальную сумму гарантии. В случае превышения лимитов гарантии, КФГД рекомендует своевременно диверсифицировать средства. То есть разместить их в нескольких банках в пределах установленных законодательством максимальных размеров, поскольку средства в разных банках гарантируются по отдельности.

По любым вопросам, связанным с выплатой возмещения, всегда можно получить ответы, обратившись по бесплатному номеру call-центра КФГД 1460 либо направить вопросы на info@kdif.kz или в Telegram-чат @kdif_ask.
Бүгінде адамдардың көпшілігі сауда-саттықта, көрсетілетін әртүрлі қызметтердің ақысын төлеуде қолма-қол ақшасыз әдісті пайдаланғанды жөн санайды. Бұл үшін біз банк картасын, мобильді аударымдарды пайдаланамыз. Күнделікті өмірде қолма-қол ақша есеп айырысуға аз қолданылатын болды. ҚДКБҚ слымшыларға кепілді өтем төлеу үшін қандай әдісті пайдаланады? Бүгінгі пост осы туралы болмақ.

Сонымен банк лицензиясынан айырылған жағдайда оның салымшылары депозиттері бойынша кепілді өтемді қолма-қол ақшамен де қолма-ақшасыз да ала алады. Кепілді өтемді ҚДКБҚ және агент банк жүзеге асырады.

Агент банк кепілді өтемді төлем басталған күннен бастап 1 жыл бойы төлейді. Бұл ретте салымшылар өтем ақшаларын мына әдістермен:

🔷 касса арқылы қолма-қол ақшамен;
🔷 басқа банктегі қолданыстағы шотқа банктік аударым жасау;
🔷 агент банкте жаңа депозит ашып, кейіннен өтем ақшаны соған аудару;
🔷 агент банкте бұрыннан ашылған шотқа аудару арқылы алу мүмкіндігіне ие.

Төлем мерзімін дәлелді себептер бойынша өткізіп алған салымшылардың өтем ақшаларын ҚДКБҚ:

салымшының берген өтінішінде көрсетілген банк шотына тек қолма-қол ақшасыз аудару арқылы төлейді.

Егер осы тақырып бойынша сұрақтарыңыз болса, оларды info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask telegram-чатына жолдауға немесе жауап алу үшін 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласуға мүмкіндігіңіз бар.

Біз сіздерді депозиттерге кепілдік беру жүйесі және өтем төлеу тәртібі туралы хабардар етуді әрі қарай жалғастырамыз.
Сегодня большинство из нас, делая покупки, выплачивая зарплату, оплачивая различные услуги, предпочитает безналичный способ оплаты. Для этого мы применяем банковские карты, используем мобильные переводы. Немногие в повседневных расчетах используют наличные. А какие способы применяет КФГД для выплаты гарантийного возмещения вкладчикам? Об этом наш сегодняшний пост.

Итак, если банк лишается лицензии, его вкладчики могут получить гарантийное возмещение по депозиту как безналичным, так и наличным путем. Выплата возмещения осуществляется КФГД, в том числе через привлеченный банки-агент.

Банк-агент выплачивает возмещение в течение 1 года с даты начала выплаты, где у вкладчиков есть следующий выбор возврата средств:

🔷 получить деньги наличными в кассе;
🔷 осуществить банковский перевод на действующий счет в другом банке;
🔷 открыть новый депозит в банке-агенте с последующим переводом средств на новый депозит;
🔷 перевести деньги на счет, уже имеющийся в банке- агенте.

КФГД выплачивает возмещение после истечения срока выплаты гарантии (1 год с даты начала выплаты) и при обращении вкладчиков, пропустивших указанный срок по уважительным причинам:

только безналичный способ путем перевода денег на банковский счет, указанный вкладчиком в заявлении на выплату.

Если у вас есть вопросы по данной теме, вы можете задать их по бесплатному номеру нашего call-центра 1460, направить их на info@kdif.kz или в Telegram-чат @kdif_ask.

Мы будем продолжать информировать вас о системе гарантирования депозитов и порядке выплаты возмещения.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚДКБҚ-дағы инвестициялау және активтерді есепке алу секторы туралы.

🔷🔷🔷

О секторе инвестирования и учёта активов в КФГД.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кепілдіктен жоғары сомалары бар банк салымшылары үшін қандай тәуекелдер бар, ҚДКБҚ түсіндіреді.

🟢🟢🟢

Какие есть риски для вкладчиков банков с суммами сверх гарантии, объясняли в КФГД.
Қазақстандықтардың көпшілігі кепілді өтемнің ең жоғары мөлшері туралы жақсы біледі. Бұған Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жүргізген сауалнамасының көрсеткіштері дәлел.

Бұл зерттеу 2023 жылы ҚДКБҚ әлеуметтік желілердегі алаңшаларында ұйымдастырылған болатын. Мақсат – халықтың банк салымдарының қорғанысы туралы хабардарлық деңгейін зерттеу және оған баға беру. Сауалнамаға барлық ниет білдірушілер жасына, біліміне және тұрғылықты жеріне қарамастан қатысуға мүмкіндік алды. Қор әлеуметтік платформада сұхбат алуды тұңғыш рет тәжірибе ретінде жүргізді.

Сауалнама 2023 жылдың наурызынан желтоқсанға дейінгі мерзімде өткізілді. Нәтижелер ай сайын Instagram және Telegram әлеуметтік желілерінде қазақ және орыс тілдерінде жарияланып отырды. Әлеуметтік желілер 376 507 адамды қамтығанымен, әрбір термесауалға (оны орналастыру ерекшелегі мен уақытты және контенттің кезеңділігін ескерсек), орта есеппен 30-дан 100 адамға дейін қатысты.

Аталмыш зерттеу депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы пікірлерді топтастыруға және салымшылармен кері байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Одан басқа, бұл әдіс Қорға әлеуметтік желілердегі өз аудиториясын жақсы ұғынуға және қоғаммен дұрыс, нәтижелі байланыс орнату үшін қандай құралдарды пайдалану керектігін анықтауға көмектесті. Сілтеме арқылы өтіп, материалмен толығырақ танысып шығуға болады:

https://www.kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/aza-standy-tar-depozitterge-atysty-kepildikter-turaly-anshaly-ty-zha-sy-biledi-dkb-any-tap-k-rgen-ed/
Большинство казахстанцев знают о максимальном размере гарантийного возмещения. Это показали результаты опроса Казахстанского фонда гарантирования депозитов.

Исследование было организовано в 2023 году на площадках КФГД в социальных сетях с целью изучения и оценки уровня осведомленности населения о защите банковских вкладов. Принять участие могли все желающие независимо от возраста, образования и местоположения. Интервьюирование на социальных платформах проводилось Фондом впервые в качестве эксперимента.

Опрос проходил с марта по декабрь 2023 года. Результаты фиксировались каждый месяц в социальных сетях Instagram и Telegram на казахском и русском языках. Несмотря на то, что социальные сети показали охват в 376 507 человек, в каждом опросе, учитывая время, специфику размещения и периодичность контента, в опросе участвовало в среднем от 30 и до 100 человек.

Исследование позволило собрать мнения о системе гарантирования депозитов и обратную связь от вкладчиков. Кроме того, данный метод помог Фонду лучше понять свою аудиторию именно в социальных сетях и определить, какие инструменты необходимо использовать для продуктивной коммуникации с обществом. Подробнее с материалом можно ознакомиться здесь:

https://www.kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/kfgd-vyyasnil-chto-znayut-kazakhstantsy-o-garantii-po-depozitam/
Қайырлы таң, құрметті жазылушылар!

Күн шуақты жаздың соңғы аптасы да басталды. Оны сәтті, нәтижелі өткізулеріңізге тілектеспіз! Көпшілік үшін ол Конституция күні құрметіне орай мерекелік демалыс күніне байланысты қысқа болмақ.

Бүгінгі поста біз Қордың кері байланысы мен коммуникация арналары туралы тағы да еске салғымыз келеді. Сіздерге ең өзекті байланыс жолдарын айтамыз. Солар арқылы депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы өздеріңізді қызықтырған сұрақтарды қоюларыңызға болады.

ҚДКБҚА-да кері байланыс үшін бірнеше алаңша бар.

Біз өзіміздің www.kdif.kz ресми сайтымызда маңызды ақпараттық хабарламаларды, баспасөз релиздерін, талдамалық мақалаларды, жылдық есепті және басқа да пайдалы материалдарды жариялаймыз.

Мына төмендегі байланыс арналары арқылы сұрақтар қойып, Қордың өкілдерінен уақтылы жауаптар алуға болады:

1460 тегін қысқа нөмірі;
KDIF_ask Telegram-чаты;
info@kdif.kz электрондық поштасы.

🟢 Сонымен қатар Қордың Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде deposit.kz деп аталатын ресми аккаунты бар. Оған қоса, Telegram KDIF-_info-да арнамыз жұмыс істейді. Онда да баспасөз релиздерін, үндеулер жариялап тұрамыз.

Қордың бас кеңсесі Алматыда орналасқан. Сондай-ақ Астана қаласында өкілдігі бар. Біздің мекенжайларымыз:

🔹 Алматы қ., Алмалы ауданы, Әйтеке би көшесі, 67;
🔹 Астана қ., Байқоңыр ауданы, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 18, 1 қабат, №5 кеңсе.

Қордың жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма күндері таңғы сағат 09:00-дан 18.30-ға дейін, ал түскі ас – 13:00-ден 14.30-ға дейінгі аралықта.

Біздің парақшаларымызға жазылып, барлық жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып жүріңіздер!
Доброе утро, уважаемые подписчики!

Вот и началась последняя неделя солнечного лета. Желаем продуктивно ее провести. Для большинства из нас она будет короткой из-за праздничного выходного в честь Дня Конституции.

В сегодняшнем посте мы еще раз хотим напомнить о нашей обратной связи и каналах коммуникации. Напоминаем вам актуальные контакты, по которым вы всегда можете задавать интересующие вопросы о системе гарантирования депозитов.

У КФГД есть несколько площадок для обратной связи.

На своем официальном сайте www.kdif.kz мы публикуем актуальные информационные сообщения, пресс-релизы, аналитические статьи, годовые отчеты и другие полезные материалы.

Задавать вопросы, своевременно получать на них ответы от представителей КФГД можно:

по бесплатному короткому номеру 1460;
в Telegram-чате KDIF_ask;
по электронной почте на адрес: info@kdif.kz.

🟢 КФГД также имеет официальные аккаунты в социальных сетях Instagram и Facebook под названием deposit.kz. Дополнительно у нас есть канал в Telegram KDIF¬_info, где мы тоже публикуем обращения, пресс-релизы.

Головной офис Фонда располагается в Алматы. Также у нас есть представительство в Астане. Наши адреса:

🔹 г. Алматы, Алмалинский район, улица Айтеке би, 67.
🔹 г. Астана: район Байконыр, улица Малика Габдуллина, 18, 1 этаж, офис №5.

График работы Фонда: понедельник – пятница с 09:00 до 18.30, обед с 13:00 до 14.30.

Подписывайтесь на наши страницы и будьте всегда курсе всех новостей и событий.
Қайырлы күн, достар!

ҚДКБҚ банк лицензиясынан айырылған жағдайда кепілді өтемді алу тәртібі қалай болатындығы жайында түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастырады. Бұл жолы мерзімдер тақырыбын қозғаймыз. Кез келген өмірлік процесстер үшін нақты кестенің болуы өте маңызды. Бұл депозиттерге кепілдік беру жүйесіне де қатысты. Мұнда белгіленген мерзімдер бар. Оларды білу заман талабы. Осы жадынаманы сақтап, жақындарыңызбен бөлісіңіздер.

🟢 ҚДКБҚ жеке тұлғалардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қорғайды. Банк лицензиясынан айырылған жағдайда Қор ондағы депозиторлардың шоттарында, салымдарында және төлем карточкаларында орналастырылған қаражаттарын депозиттің түрі мен валютасына қарай белгіленген максималды кепілдік мөлшері шегінде кепілді өтем төлейді.

🟦 Салымшылар қандай мерзім ішінде кепілді өтем алуға жүгіне алады?

Салымшылар өтем алу үшін тиісті өтінішпен ҚДКБҚ-ға (агент банк арқылы) төлем басталған күннен бастап, 1 жыл ішінде жүгіне алады. Қор өтінішті және растаушы құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде қарайды.

🟦 Кепілді өтем төлеу мерзімінің қашан аяқталатындығын қалай білуге болады?

Бұл туралы ҚДКБҚ салымшыларды төлем мерзімі аяқталғанға жарты жыл және 30 күн қалғанда өз сайты және әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.

🟦 Кепілді өтемді төлеу қашан басталады?

Банк лицензиясынан айырылған күннен бастап, 35 жұмыс күні ішінде басталады. Алайда іс жүзінде бұған дейінгі жылдарда (2020-2021 жылдар – «Tengri Bank» АҚ және «Asia Credit Bank (АзияКредит Банк) АҚ-тың лицензиядан айырылуы) туындаған сақтандыру жағдайлары кезінде салымшылар өздерінің қаражаттарына 6-8 жұмыс күні ішінде-ақ қол жеткізді.

Егер салымшы белгілеген мерзім ішінде (төлем басталған күннен бастап 1 жыл) өтем алуға әрекет жасамаса, талап етпеген өтем ақшысы төлем мерзімі аяқталған соң, күнтізбелік 30 күн ішінде оның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотына ерікті зейнетақы жарнасы ретінде аударылады. Бұл туралы толығырақ келесі жарияланымдарда әңгімелейтін боламыз.

Егер сұрақтарыңыз болса, Сіз 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласуыңызға болады немесе сұрақтарды info@kdif.kz поштасына не @kdif_ask Telegram-чатына жолдауға мүмкіндігіңіз бар.
Друзья, всем доброго дня!

КФГД продолжает объяснять, как устроен порядок получения гарантийного возмещения при лишении банка лицензии. В этот раз мы затронем тему сроков. Расписание, четкий график важны для любых жизненных процессов. Тоже самое и в системе гарантирования депозитов. Здесь также есть установленные сроки, о которых нужно помнить. Сохраняйте себе эту памятку и делитесь с близкими.

🟢 КФГД защищает интересы вкладчиков-физических лиц, а также субъектов индивидуального предпринимательства. При лишении банка лицензии Фонд возвращает депозиторам средства, которые были размещены на счетах, платежных карточках и во вкладах в пределах установленных законом максимальных размеров гарантии в зависимости от вида и валюты депозита.

🟦 В течение какого времени вкладчики могут обратиться за гарантийным возмещением?

Чтобы получить возмещение вкладчики могут обратиться с заявлением в КФГД (через банк-агент) в течение 1 года с даты начала выплаты. Заявление вместе с необходимыми подтверждающими документами рассматриваются в течение 5 рабочих дней (не более) со дня подачи.

🟦 Как узнать, когда завершается срок выплаты возмещения?

Об этом КФГД проинформирует вкладчиков через официальные коммуникации в СМИ и на своем сайте, и в социальных сетях за полгода и за 30 дней до истечения срока выплаты.

🟦 Когда начинается выплата возмещения?

Не позднее 35 рабочих дней с даты лишения банка лицензии. Однако на практике прошлых страховых случаев (2020-2021 год – отзыв лицензии у «Tengri Bank», «Asia Credit Bank (АзияКредит Банк)» и «Capital Bank Kazakhstan») вкладчики получили доступ к своим средствам уже в течение 6-8 рабочих дней.

Необходимо запомнить, что если вкладчик не обратился за выплатой в установленный срок (1 год с даты начала выплаты), то невостребованную им сумму гарантии в течение 30 календарных дней после завершения срока выплаты КФГД перечислит на его пенсионный счет в ЕНПФ. Более подробно об этом мы расскажем в следующих публикациях.

Если у вас остались вопросы по данной теме, вы можете задать их и получить обратную связь по бесплатному короткому номеру 1460, в Telegram-чате KDIF_ask и по электронной почте info@kdif.kz.
Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!

Баршаңызға мықты денсаулық, молшылық, ашық аспан тілейміз! Еліміз өркендеп, дами берсін!

Құрметпен, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.

🌸🌸🌸

Дорогие казахстанцы!

Поздравляем вас с Днем Конституции Республики Казахстан!

Желаем вам мира и добра, а нашей стране – процветания и новых свершений!

С уважением, Казахстанский фонд гарантирования депозитов.