ҚДКБҚ | КФГД
323 subscribers
1.01K photos
64 videos
3 files
577 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Друзья, вот и остались позади выходные, началась новая рабочая неделя, и мы желаем вам продуктивного дня! Ну, а цикл лекций по финансовой грамотности от нас продолжается.

Представитель КФГД Айбота Жаппарберген провел ее для
студентов Алматинского экономического колледжа.

Специалист подчеркнул необходимость быть финансово грамотными людьми вне зависимости от выбранной профессии. В первую очередь на встрече участникам напомнили об объектах гарантии и ее максимальных суммах. Она составляет:

• 20 млн тенге - по сберегательным вкладам (депозитам) в национальной валюте;
• 10 млн тенге - по карточкам, счетам и другим депозитам в национальной валюте;
• 5 млн тенге - по карточкам, счетам и депозитам в иностранной валюте (в эквиваленте по курсу обмена валют, установленному на дату лишения банка-участника лицензии).

Подробно во время гостевой лекции остановились на теме защиты сбережений в банке. Учащимся колледжа напомнили, что на страже накоплений казахстанцев всегда стоит КФГД. Было отмечено для чего сбережения лучше хранить в разных банках. Ведь если в одном банке размещено несколько депозитов, различных по видам и валюте, то при страховом случае гарантируется совокупный остаток суммы по всем депозитам, но не более максимальной суммы гарантийного возмещения – 20 млн тенге, учитывая пределы по каждому виду депозита.

В мероприятии приняли участие студенты различных специальностей. Молодые люди с огромным интересом слушали лекции, вступали в дискуссии, задавали вопросы.
Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн әрбір отбасына бақыт, шаттық және береке-бірлік алып келсін!

Сіздерге мықты денсаулық, амандық, тыныштық және жетістіктер тілейміз!

Құрметпен, сіздің Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорыңыз.

🌸🌸🌸

Дорогие соотечественники!

Поздравляем вас с Днем единства народа Казахстана!

Пусть в каждом доме царит атмосфера гармонии и взаимопонимания!

Желаем крепкого здоровья, благополучия, мира и процветания!

С уважением, ваш Казахстанский фонд гарантирования депозитов.
Қазақстанның қаржы секторы тұрақты және орнықты сипатта дамып келеді. Банктерді бірінен-соң бірін лицензиясынан айыру кезеңі артта қалды деуге болады. Дегенмен біз сақтандыру жағдайы туындаған кезде салымдарды сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейтіндігі туралы ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастырамыз.    

Сонымен сіз шетелде жүрсіз немесе бір алыс туысыңыздың сізге мұра қалдырғаны белгілі болды делік. Сіз осы мәселемен енді айналысар кезде банкіңіз аяқ астынан лицензиясынан айырылды да қалды. Соның салдарынан сіз депозитіңіз бойынша кепілді өтем алу мерзімін өткізіп алдыңыз. Соған қарамастан, салымыңызды қайтарып алуға болады. Қалай екенін түсіндіреміз. 

Бірінші кезекте мына ақпаратқа назар аударсаңыз, таратылатын банктің салымшыларына өздерінің депозиттері бойынша кепілді өтем алуларына бір жыл уақыт беріледі. Бекітілген төлем мерзімі аяқталған соң, депозиторлардың талап етпеген өтем ақшалары олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылады. Егер салымшылар төлем мерзімін дәлелді себептерге байланысты өткізіп алған болса, ақшаларын қайтарып алуларына мүмкіндік бар.

Сілтеме арқылы өтіп, материалмен толығырақ танысып шығуға болады:

https://www.kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/bankti-litsenziyasynan-ayyru-tem-t-leu-merzimin-tkizip-al-an-salymshy-a-shasyn-alay-aytaryp-alady/
Казахстанский финансовый сектор продолжает демонстрировать стабильность и устойчивость, и череда отзывов банковских лицензий давно позади, однако мы продолжаем рассказывать о том, как работает система гарантирования депозитов при страховом случае.

Итак, представим, что вы находитесь за границей или же внезапно объявился дальний родственник, который оставил вам наследство и нужно срочно заняться этим вопросом, а у вашего банка в это время отозвали лицензию. В силу жизненных обстоятельств вы не смогли вовремя обратиться за гарантийным возмещением по своему депозиту и пропустили срок выплат. Несмотря на это, вернуть свой вклад можно. Рассказываем, каким образом.

Обратите внимание, вкладчики ликвидируемого банка могут подать заявление на получение гарантийного возмещения по своему депозиту в течение одного года. После завершения установленного срока выплат невостребованные депозиторами суммы автоматически переводятся на их индивидуальные пенсионные счета в ЕНПФ в виде добровольных взносов. Вкладчики имеют право востребовать их, если они пропустили срок выплаты гарантии по «уважительным причинам».

Более подробно ознакомиться с материалом можно, пройдя по ссылке:


https://www.kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/lishenie-banka-litsenzii-mozhet-li-vkladchik-vernut-depozit-esli-propustil-srok-vyplat/
Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күнімен құттықтаймыз!

Қажыр-қайраттарыңыз бен батылдықтарыңыз үшін сіздерге алғыс білдіреміз!

Сіздерге мықты денсаулық, зор жетістіктер, отбасыларыңыз бен туған-туыстарыңызға амандық тілейміз!

Құрметпен, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.

***

Дорогие казахстанцы!

Поздравляем вас с Днем защитника Отечества!

Благодарим вас за силу и мужество!

Желаем вам крепкого здоровья, успехов, благополучия вашим родным и близким.

С уважением, Казахстанский фонд гарантирования депозитов.
Құрметті отандастар!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Барша қазақстандықтарға амандық-саулық, ашық аспан, ал соғыс және еңбек ардагерлеріне мықты денсаулық және ұзақ өмір тілейміз!

Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметпен, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.

🌷🌷🌷

Уважаемые соотечественники!

Искренне поздравляем вас с Днем Победы!

От всего сердца желаем всем казахстанцам благополучия, мирного неба над головой, а нашим ветеранам войны и труда крепкого здоровья и долгих лет!

С Днем Победы!

С уважением, Казахстанский фонд гарантирования депозитов.
Сауатты жасалған қаржылық жоспардың өте маңызды екендігін соңғы кездері жиі естиміз. Біреулер ақшаны үнемдеуге, жинауға, үлестіруге енді-енді үйреніп жатса, басқалар өздерінің «қауіпсіздік көпшігін» барынша толықтыру үстінде. Ақшаны жинаудағы мақсат айқындалған соң, оны қалай жинау және сақтау мәселесі туындайтыны белгілі.

Әрине, ақшаны жинаудың жолдары көп. Мысалы, ақшаны жастықтың астына тығып та жинауға болады. Бірақ бүгінде көпшілік мұның қауіпті әрі инфляция тұрғысынан алғанда тиімсіз екендігін жақсы түсінеді. Сол үшін де көбінесе банк салымын таңдайды. Өйткені ол ақшаны сенімді сақтауға және молайтуға мүмкіндік беретін бірден-бір қауіпсіз жол.

Енді осы салымдардың қалай сақтандырылатыны, егер банк аяқ астынан төлемге қабілетсіз болып, лицензиясынан айырылса, ақшаны кім және қалай қайтаратыны туралы материалдан оқыңыздар:

https://www.kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/a-shany-depozitte-sa-tau-anshaly-ty-auipsiz/
Все чаще мы слышим про важность грамотного финансового планирования. Одни только начинают учиться распределять, экономить и копить деньги, а другие уже активно пополняют свою «подушку безопасности». Как правило, после того как цель – для чего копить сбережения – поставлена, возникает вопрос, где их хранить и собирать?

Условно, деньги можно держать и в наличной форме под подушкой. Но сегодня многие понимают, что это рискованно и невыгодно с точки зрения инфляционных потерь, и предпочитают банковские депозиты. Они позволяют безопасно и надежно хранить деньги, увеличивая доход.

Как застрахованы эти вклады, и кто обеспечит возврат средств, если у банка отзовут лицензию, читайте в материале:

https://www.kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/bezopasno-li-derzhat-dengi-na-depozite/
Адамдар өздерінің жинақ ақшаларын сақтау, инфляциядан қорғау және молайту үшін оларды әртүрлі инвестициялау құралдарына жұмсайды. Қазіргі уақытта қаржылық қызметтер нарығында артық ақша қаражаттарын инвестициялаудың көптеген әдістері бар. Мысалы: банк депозиттері, депозиттік сертификаттар, бағалы қағаздар, инвестициялық қорлар, асыл металдар, балама инвестициялар (өнер туындылары, антиквариат, коллекциялық автокөліктер және монеталар), жылжымайтын мүліктер және т. б.

Бүгін біз инвестициялаудың екі түрі туралы әңгіме қозғамақпыз. Олар бір қарағанда бір-біріне өте ұқсас секілді, бірақ шын мәнісінде олар бір-біріне мүлдем ұқсамайтын әртүрлі қаржы құралдары және сәйкесінше әрқайсысының тәуекел деңгейі әрқалай.

Депозит – бұл салымшының табыс алу мақсатында белгілі бір мерзімге екінші деңгейдегі банкке орналастырған ақшалай қаражаты. Жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы барлық банктердегі (ислам банктерін қоспағада) депозиттер «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) қорғауына алынады және қандай да бір банк лицензиясынан айырылған жағдайда олар бойынша өтем төленеді.  

Банктік депозиттік сертификат – бұл бағалы қағаз. Банк оны ұстаушының (иеленушінің) атына шартта белгіленген атаулы бағамен және сыйақы мөлшерлемесімен белгілі бір мерзімге шығарады. Осы мерзім аяқталған соң, банк депозиттік сертификатты өзіне қайта сатып алады. Ал оны уақытша иеленген салымшыға сыйақы төлейді.

Сілтеме арқылы өтіп, материалмен толығырақ танысып шығуға болады:

https://www.kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/depozit-zh-ne-depozittik-sertifikat-ayyrmashyly-y-nede/
Для того, чтобы сохранить и приумножить свои сбережения, а также уберечь их от инфляции люди прибегают к различным инструментам инвестирования. На сегодняшний день на рынке финансовых услуг имеется множество способов инвестировать свободные денежные средства, к примеру, это могут быть: банковские депозиты, депозитные сертификаты, ценные бумаги, инвестиционные фонды, драгоценные металлы, альтернативные инвестиции (предметы искусства, антиквариат, коллекционные автомобили и монеты), недвижимость и прочие.

Сегодня мы хотели бы рассказать подробнее о двух видах инвестиций, которые на первый взгляд очень схожи друг с другом, но если разобраться, то это асболютно разные финансовые инструменты, и, соответсвенно, по ним разные уровни риска.

Депозит – это денежные средства, размещенные вкладчиком в банке второго уровня на определенный срок для получения прибыли. Все депозиты в банках-участниках системы гарантирования депозитов (все банки второго уровня, за исключением исламских банков) подлежат гарантии АО «Казахстанский фонд гарантирования депозитов» (далее – Фонд), в случае лишения банка-участника лицензии на проведение всех банковских операций.

Банковский депозитный сертификат – это ценная бумага, выпускаемая банком на имя держателя на определенные договором номинальную стоимость, срок и ставку вознаграждения. По истечении данного срока банк выкупает депозитный сертификат обратно с выплатой причитающегося вознаграждения.

Более подробно ознакомиться с материалом можно, пройдя по ссылке:

https://www.kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/depozit-i-depozitnyy-sertifikat-v-chem-otlichiya/
Қауіпсіздік сезімі – психологиялық тұрғыдағы жайлылығымыз бен аман-есендегіміздің негізі. Біз қай жерде болмасын: үйде, далада, жұмыста болсын өзіміздің жалғыз еместігімізді, қорғанышымыз бар екендігін үнемі сезініп жүруіміз керек. Бұған Қазақстанның депозиттерге кепiлдiк беру қоры жауап береді (ҚДКБҚ, Қор). Өйткені депозиторлардың жинақ ақшаларын қорғау – ҚДКБҚ үшін маңызды міндеттердің бірі.  

Ислам банктерінен басқа банктердің барлығы депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кіреді (олардың ішінде шетелдік банктердің қазақстандық филиалдары да бар).  Қор тарапынан сақталуына кепілдік берілген қаржы құралдары:

• мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдар (ҚДКБҚ жіктеліміне сәйкес)
• талап етілмелі салымдар;
• шартты салымдар;
• тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі салымдар;
• салымдар бойынша банк лицензиясынан айырылған күніне қарай есептелген сыйақылар;
• ағымдағы шоттар;
• төлем карточкаларындағы ақшалар.

Естеріңізде болсын: ҚДКБҚ кепілді өтемді теңгемен төлейді және оның көлемі әрбір салымның түрі мен валютасына қарай шекті соманы құрайды: 

• теңгелік жинақ депозиттер бойынша – 20 млн теңге;
• теңгедегі өзге депозиттер, шоттар, карточкалар бойынша – 10 млн теңге;
• валюталық депозиттер, шоттар, карточкалар бойынша – 5 млн теңге.

Қазақстанның бейрезидент банктеріне де осындай көлемде кепілдік сомалары қолданылады.

Тағы да еске сала кетелік, егер салымшының бір банкте түрі мен валютасына қарай бірнеше депозиті ашылса (салымдардың арасында жинақ салымы да бар болған жағдайда), сақтандыру жағдайы туындаған кезде әрбір депозит түрі бойынша максималды кепілдік сомасын ескере отырып, баролық депозиттер бойынша жалпы жиынтық өтем сомасы төленеді, бірақ ол 20 млн теңгеден асырылмайды.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы толыққанды ақпаратты ҚДКБҚ  kdif.kz ресми сайтынан алуға болады. Қосымша сұрақтар бойынша 1460 тегін нөміріне хабарласуға мүмкіндік бар.
Чувство безопасности – это основа нашего психологического комфорта и благополучия. Ощущение защищенности мы должны испытывать везде: дома, на работе, на улице. Не менее безопасно должны себя ощущать и вкладчики в банке. А за это отвечает Казахстанский фонд гарантирования депозитов (КФГД). Ведь защита сбережений депозиторов является ключевым приоритетом организации.

В систему гарантирования депозитов входят все банки (в том числе казахстанские филиалы зарубежных банков), за исключением исламских. Под защитой КФГД находятся:

• сберегательные, срочные и несрочные депозиты (согласно классификации КФГД);
• депозиты до востребования;
• условные депозиты;
• вклады в системе жилстройсбережений;
• образовательные вклады с премией государства AQYL;
• деньги на текущих счетах и платежных карточках;
• начисленное вознаграждение по депозитам.

Важно помнить: Фонд выплачивает гарантийное возмещение в тенге и в пределах максимальных сумм:

• по сберегательным депозитам в тенге – 20 млн;
• по карточкам, счетам и другим депозитам в тенге – 10 млн;
• по карточкам, счетам и депозитам в иностранной валюте – 5 млн.

Такой же объем возмещения Фонда распространяется и на нерезидентов Казахстана.

Не стоит забывать, что если у вкладчика в банке есть сразу несколько депозитов, которые отличаются друг от друга по виду и валюте, то при страховом случае КФГД возместит совокупный остаток суммы по всем депозитам, но не более 20 млн тенге, с учетом пределов по каждому виду депозита.

Более подробную информацию о системе гарантирования депозитов всегда можно узнать на сайте КФГД - www.kdif.kz. С дополнительными вопросами также можно обратиться по номеру 1460.