ҚДКБҚ | КФГД
325 subscribers
1.02K photos
70 videos
3 files
591 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Вклад и депозит — два близких понятия, которые часто заменяют в обыденной жизни. Однако на самом деле отличия есть, давайте разберемся – в чем именно.

Для начала стоит запомнить, что вклад является депозитом, а депозит вкладом – не всегда. Почему?

Вклад — это деньги, которые клиент размещает в банке, чтобы их сохранить и приумножить за счет начисленных процентов. Вкладчик получает доходность от своих сбережений, а банк использует эти деньги для кредитования других клиентов или инвестирования.

Вклады могут быть различных типов, например, с фиксированной или переменной процентной ставкой, с возможностью досрочного снятия или без такой возможности, с ограничениями на сумму вклада и т.д.

Депозит – понятие более широкое, включающее в себя и понятие вклада. Это деньги, которые размещены не только на банковском вкладе, но и на банковском счете. То есть к депозиту, помимо вклада, также относятся текущие (карточные) счета.

Они, как правило, есть у любого гражданина и используются для проведения расчетов с поставщиками услуг, начисления зарплаты и других операций.

Вклад всегда предполагает, что денежные средства размещаются для получения прибыли и на какой-то срок. По депозиту же – не обязательно, ведь по текущим (карточным) счетам, в отличие от вклада, не предусмотрено начисление вознаграждения и не установлен определенный срок.

Деньги с текущего (карточного) счета вкладчик может снять в любое время.
ҚДКБҚ жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің теңгедегі және шетел валютасындағы салымдарына, сондай-ақ төлем карточкалары мен банк шоттарында жатқан ақшаларына кепілдік береді.

Бұл ретте банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болуы керек.

Бүгінде елімізде ислам банктерін қоспағанда, депозиттік өнімдері бар барлық екінші деңгейдегі банктер осы жүйеге қатысады.

Максималды кепілдік сомасы салымдардың түрі мен валютасына тікелей байланысты. Бұл ұлттық валютадағы жинақ салымдар бойынша – 20 млн теңгені, ұлттық валютадағы өзге салымдар, карточкалар мен шоттар бойынша – 10 млн теңгені және шетел валютасындағы салымдар, карточкалар мен шоттар бойынша – 5 млн теңгені құрайды.

Өтем сомасы, оның ішінде шетел валютасында ашылған депозиттер бойынша тек қана теңгемен төленеді.

Бұл жағдайда есептеу үшін банк лицензиясынан айырылған күнге қарай белгілі болған нарықтық валюта айырбастау бағамы қолданылады.

Айта кетелік, кепілдік аясында салымдар бойынша банк барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақылар да төленеді.    

Егер бір банкте түрі мен валютасына қарай әртүрлі бірнеше депозит (салымдар) орналастырылған болса, барлық депозиттер бойынша жиынтық қалдық сомаға кепілдік беріледі.

Бірақ әрбір салым түрі бойынша белгіленген кепілдік сомасын ескере отырып, салымшыға берілетін жиынтық максималды өтем сомасы 20 млн теңгеден асырылмайды.
ҚДКБҚ кепілдік берілген максималды сомадан асырмау керектігін ескертеді.

Ал егер жинақ ақшаңыз шекті сомадан асатын болса, сол артық ақшаға басқа банктен қосымша депозит ашқан жөн.

Өйткені егер салымшының бiр емес, бірнеше банкте әрқалай валютада әртүрлі бірнеше салымы бар болса, оларға қатысты өтем сомасы әрбір банк бойынша жеке-жеке төленеді.
 
👍1
КФГД гарантируются: вклады, деньги физических лиц и ИП, находящиеся на платежных карточках и банковских счетах – как в тенге, так и в иностранной валюте.

При этом банк должен быть участником системы обязательного гарантирования депозитов. Сегодня это все банки второго уровня за исключением исламских.

Максимальная сумма гарантии зависит от вида и валюты вклада. Она составляет 20 млн тенге – по сберегательным вкладам в нацвалюте, 10 млн тенге – по карточкам, счетам и другим вкладам в нацвалюте, и 5 млн тенге – по карточкам, счетам и вкладам в иностранной валюте.

Сумма возмещения выплачивается только в тенге, в том числе по депозитам, открытым в иностранной валюте (по рыночному курс обмена на дату лишения банка лицензии).

В рамках гарантии выплачивается также вознаграждение, начисленное на дату лишения банка лицензии на проведение всех банковских операций.

Если в одном банке размещено сразу несколько депозитов (вкладов), различных по видам и валюте, то гарантируется совокупный остаток суммы по всем депозитам, но не более максимальной суммы гарантийного возмещения – 20 млн тенге, с учетом пределов по каждому виду депозита.

КФГД рекомендует не превышать максимальную сумму гарантирования, и если ваши сбережения выше этой суммы, то лучше дополнительно открыть депозит в другом банке – ведь средства, размещенные в нескольких банках, гарантируются отдельно по каждому.
 
👍1
Егер сіз кепілді өтем алуға өтініш беру мерзімін (1 жыл) қандай да бір дәлелді себеп бойынша өткізіп алған болсаңыз, онда лицензиясынан айырылған банктегі қаражатыңызды қайтарып алуға мүмкіндігіңіз бар. Бұл туралы  бұған дейін де талай рет айтқанбыз. Ол үшін әрине, ҚДКБҚ-ға өтінішпен жүгінсеңіз жеткілікті.
 
Дәлелді себептер бойынша төлем алуға өтініш арнайы нысан бойынша беріледі. Оны ҚДКБҚ сайтынан жүктеп алуға болады. Салымшы өтінішті қағазға түсіріп, өз қолымен толтырып, дәлелді себептердің бар екендігін растайтын және (бар болса) өтем алу құқығын белгілейтін өзге де құжаттарды қоса ұсынуы тиіс.
 
Құжаттар топтамасын мына мекенжайлардың бірі бойынша тікелей ҚДКБҚ-ға әкеліп тапсыру керек:
• Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев көшесі, 30/8, 3 қабат;
• Астана қ., Z01А5АF2, Байқоңыр ауданы, М. Ғабуддлин көшесі 18, 1 қабат, №5 кеңсе.
 
Сонымен қатар құжаттарды ҚДКБҚ-ның пошталық мекенжайына да жолдауға болады. Бірақ мұндай жағдайда салымшының өтініштегі қолы нотариалды жолмен куәландырылуы тиіс.
 
Өтінішті қандай мерзім ішінде беруге болады?

1) банк бойынша тарату үдерісі толығымен аяқталғанға дейін (яғни,  банкті мәжбүрлеп тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күнге дейін);
2) салымшының Әлеуметтік кодекске сәйкес БЖЗҚ-дан ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы басталғанға дейін (төлем мерзімі аяқталған соң, салымшының талап етпеген өтем сомасы БЖЗҚ-ға аударылған жағдайда).
👍1
Даже если вы пропустили срок подачи заявления на получение гарантийного возмещения (1 год) по уважительной причине, то у вас все еще есть возможность вернуть свои средства, которые хранились в банке, лишенном лицензии. Для этого достаточно обратиться в КФГД с заявлением.
 
Оно подается по специальной форме, которую можно скачать с сайта КФГД. Необходимо заполнить ее собственноручно и приложить к ней документы, подтверждающие наличие уважительной причины и иные документы (при наличии), определяющие право на получение возмещения.
 
Пакет документов нужно передать лично в КФГД по одному из адресов:
 
·          г. Алматы, A15P5B5, ул. Сатпаева, 30/8, 3 этаж;
·          г. Астана, Z01А5АF2, ул. М. Габдуллина, 18, 1 этаж, н.п.№5.
 
Документы можно также отправить на почтовый адрес КФГД, но тогда потребуется нотариально заверить подпись вкладчика в заявлении.
 
В какие сроки можно подать заявление?
 
1) до полного завершения ликвидационного процесса по банку (то есть до даты внесения сведений о принудительной ликвидации банка в Национальный реестр бизнес-идентификационных номеров);
2) до наступления права вкладчика на получение от ЕНПФ пенсионных выплат за счет добровольных пенсионных взносов в соответствии с Социальным кодексом (в случае, если после истечения срока выплаты невостребованная им сумма возмещения была перечислена в ЕНПФ).
👍1
Өтем алу үдерісі қарапайым және айқын: ҚДКБҚ-ға, сондай-ақ Қор  таңдаған агент банкке тиісті өтінішпен жүгініп, жеке куәлікті ұсынса жеткілікті.    

Салымшы қандай да бір себептерге байланысты өзі жүгінуіне мүмкіндігі болмай жатса, мына тұлғалар (өтініш берушілер) өтініш беруге құқылы:

✓ салымшының сенімхат бойынша өкілдері;
✓ салымшының заңды өкілдері (ата-анасы, асырап алушысы, қорғаншысы, қамқоршысы);
✓ салымшының мұрагерлері;
✓ кепілді өтем алу құқығына ие өзге де тұлғалар.

Өтініш берушілердің әрбір санатына өтем алу жөніндегі өтінішке қоса басқа да құжаттар тапсыру талап етіледі.

Мысалы, салымшының сенімхат бойынша өкілі жеке басын куәландыратын құжат пен нотариус куәландырған сенімхатты ұсынуы тиіс.

Егер кепілді өтем алуға салымшының заңды өкілі (ата-анасы, асырап алушысы, қорғаншысы, қамқоршысы) жүгінетін болса, басқа құжаттар топтамасы талап етіледі;

кәмелетке толмаған, жасы 14-ке жетпеген салымшының ата-анасы – атына депозит ашылған баланың туу туралы куәлігін және өзінің жеке басын куәландыратын құжатты (жеке куәлігін) ұсынады;
салымшының қорғаншысы немесе қамқоршысы – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатын, сондай-ақ бала асырап алғаны немесе қыз асырап алғаны туралы құжаттар ұсынады.

Кепілді өтемді салымшының мұрагері алатын жағдайда ол растаушы құжаттар ретінде мұрагердің мұра алу құқықтарын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариус куәландырған көшірмелерін (мұраға құқық туралы куәлік) және өзінің жеке басын растаушы құжатты ұсынады.

Егер өтініш беруші салымшының депозиті бойынша кепілді өтемді алу құқығына ие өзге тұлға болса, онда кепілді өтем алу үшін ол жеке басын куәландыратын құжатты және кепілді өтемді алу құқығын растайтын құжаттарды (мысалы, сот шешімі) ұсынады.
👍1
Процесс получения возмещения прост и прозрачен: достаточно обратиться в КФГД, в том числе через выбранный им банк-агент с соответствующим заявлением и предъявить удостоверение личности.
 
Если вкладчик не имеет возможности лично обратиться за получением гарантии, то с заявлением вправе обратиться следующие лица:

✓ представители вкладчика по доверенности;
✓ законные представители вкладчика (родитель, усыновитель, опекун, попечитель);
✓ наследники вкладчиков;
✓ иные лица, обладающие правом на получение гарантийного возмещения.

Для каждой категории заявителей в дополнение к заявлению на выплату требуются различные документы.

К примеру, представителям вкладчика по доверенности необходимо приложить нотариально удостоверенную доверенность и документ, удостоверяющий его личность.

Если за получением гарантийного возмещения обращается законный представитель вкладчика (родитель, усыновитель, опекун, попечитель) требуется иной пакет документов:

родитель несовершеннолетнего вкладчика до 14 лет – предоставляет свидетельство о рождении ребенка, на имя которого открыт депозит, и документ, удостоверяющий личность заявителя;

опекун или попечитель вкладчика – представляет документ, удостоверяющий личность заявителя, а также документы об усыновлении или удочерении.

В случае, если выплату возмещения получает наследник вкладчика, то подтверждающими документами служат оригинал или нотариально засвидетельствованные копии документов, подтверждающих его право на наследство и документ, подтверждающий личность наследника.

Если заявитель является иным лицом, обладающим правом на получение гарантийного возмещения по депозиту вкладчика, то для получения гарантии ему необходимо представить документ, удостоверяющий его личность, а также документы, служащие подтверждением его права на получение возмещения (например, решение суда).
👍1
Құрметті қазақстандықтар!

Наурыз - Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Зор денсаулық, мол бақыт және жаңа жеңістер тілейміз! Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!


Дорогие казахстанцы!

Искренне поздравляем вас с прекрасным праздником Наурыз!

Желаем крепкого здоровья, счастья и новых достижений!
Пусть крепнет и процветает наш общий дом Казахстан!
🥰1
ҚДКБҚ студенттер үшін меймандық дәрістер сериясын жалғастыруда. Бұл жолы оқыту дәрісі Алматы экономикалық колледжінің 2 курс студенттері арасында өткізілді.

Шара барысында студенттер депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құнды тәжірибелік дағдыларды меңгерді.      
ҚДКБҚ баспасөз хатшысы Нұргүл Салықжанова банк қызметіне қатысты ықтимал тәуекелдер жағдайында меншікті қаржыны қорғау қажеттігіне байланысты маңызды мәселелерді көтерді.

Ол студенттерге Қордың атқаратын қызметері мен міндеттері, сондай-ақ банк қаржылық қиындықтарға тап болған жағдайда салымшыларға кепілді өтем төлеу механизмдері жайында жан-жақты әңгімелеп берді.    
Банк лицензиясынан айырылған жағдайда оған салынған ақшаны жойылу қаупінен қорғау тақырыбы дәрістің басты сұрағына айналды.

Баспасөз хатшысы қолда бар ақшаны сақтау және молайту үшін сенімді қаржы институтын таңдаудың және Қор үнемі айтып келе жатқан әртараптандыру қағидаларын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Ол депозиттердің жиынтық сомасы Қор тарапынан кепілдік берілген шекті сомадан асатын болса, қаражатты сол шекті сомадан асырмай, әртүрлі банктерде сақтау керектігін еске салды.

Өйткені бірнеше қаржы институтында орналастырылған қаражаттарға әрбір банк бойынша жеке-жеке кепілдік беріледі.

Егер бір банкте түрі мен валютасына қарай әртүрлі бірнеше депозит орналастырылған болса, барлық депозиттер бойынша жиынтық қалдық сомаға кепілдік беріледі – ол 20 млн теңгеден асырылмайды.

Дәрістің интерактивті бөлігінде студенттер белсенділік танытты. Олар сұрақтар қойып, ұсынылған ақпаратты қызу талқылады. Болашақ жас мамандардың ерекше қызығушылық танытуы қаржылық мәселелерді терең түсінгендіктерін және өздерінің қаржылық қауіпсіздігіне байыппен қарайтындықтарын білдіреді.

Дәріс жаңа білім көзіне айналып қана қоймай, студенттер арасында қаржылық сауаттылықты дамытуға серпін берді. Олардың белсенді қатысуы болашақта осындай шараларды тағы да өткізу қажеттігін растайды.

Бұл студенттердің қаржылық құқықтар мен міндеттер туралы өз түсініктерін жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар қаржылық шешімдерге жауапкершілікпен қарауға үндейді.
🥰1
КФГД продолжает серию гостевых лекций для студентов. На этот раз она была проведена для учащихся 2 курса Алматинского экономического колледжа.  

В ходе мероприятия студенты не только углубили свои знания о системе гарантирования депозитов, но и приобрели ценные практические навыки по обеспечению финансовой безопасности.

Пресс-секретарь КФГД Нургуль Салыкжанова подняла важные вопросы, связанные с необходимостью защиты собственных финансов в условиях возможных рисков, связанных с банковской деятельностью. Она предоставила студентам подробный обзор функций и обязанностей КФГД, включая механизмы возмещения потерь вкладчикам в случае финансовых трудностей банка.

Центральным вопросом лекции стала тема защиты собственных средств при возникновении риска потери денег при лишении банка лицензии.

Пресс-секретарь подчеркнула важность выбора надежных финансовых институтов для размещения средств и следования принципу диверсификации, провозглашаемому КФГД. Она напомнила, что если совокупная сумма депозитов выше гарантируемой Фондом, то лучше хранить средства в разных банках, потому что средства, размещенные в нескольких финансовых институтах, гарантируются отдельно по каждому.

Если же в одном банке размещено сразу несколько депозитов (вкладов), различных по видам и валюте, то гарантируется совокупная сумма по всем депозитам – до 20 млн тенге, с учетом пределов по каждому виду депозита.

Одним из важных моментов стала интерактивная часть лекции, во время которой студенты задавали много вопросов и активно обсуждали представленную информацию.

Их высокий уровень заинтересованность говорит о глубоком понимании финансовых вопросов и серьезном отношении к собственной финансовой безопасности.

Лекция стала не просто источником новых знаний, но и послужила стимулом для развития финансовой грамотности среди студентов. Их активное участие подтверждает необходимость проведения подобных мероприятий и в будущем.

Они не только улучшают понимание студентами своих финансовых прав и обязанностей, но и способствуют формированию ответственного отношения к финансовым решениям.
👍1