ҚДКБҚ | КФГД
326 subscribers
1.02K photos
64 videos
3 files
591 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Қарсы талап деген не?

Достар, біз «Апта термині» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Онда күрделі ұғымдарды қарапайым тілмен жеткізуге тырысамыз. Бүгін қарсы талап туралы әңгімелемекпіз.

Бұл салымшының банк алдындағы ақшалай міндеттемесі, яғни ол – борышкер. Бір сөзбен айтқанда банкте депозитіңіз де бар және одан алған кредитіңіз де бар деген сөз.

Егер банкіңіз лицензиясынан айырылса, салымыңыз бойынша өтем ақша банктің алдыңыздағы міндеттемесі мен қарсы талабы, дәлірек, салымыңыз бен берешегіңіздің арасындағы айырма сомасына қарай есептеледі.  

Мысалы, 20 миллион теңге көлемінде жинақ салымыңыз бар делік, және оған қоса, банктен тұрғын үй сатып алуға кредит алғансыз. Банк лицензиясынан айырылған күнге қарай, ондағы берешегіңіздің сомасы 6,3 миллион теңгені құрады.

Қордың кепілдігі депозитіңіздегі 20 миллион теңге болатын бүкіл ақшаңызды өтейтіндігіне қарамастан, қолыңызға тиетін ақша 13,7 миллион теңгені құрайды. Өйткені қалған бөлігі берешегіңізді жабуға жұмсалды.    

Егер сізге берілетін кепілді өтем ақша банк алдындағы берешегіңіздің сомасынан аз болып шықса, онда кредитіңіздің қалған бөлігін заңнама талаптарына сәйкес таусылғанша арнайы кесте бойынша өтей бересіз.

Бұл ретте қарсы талаптарды өзара есепке алу бойынша операцияны лицензиясынан айырылған банктің уақытша әкімшілігі өз бетімен жүзеге асырады.
 
Друзья, мы продолжаем рубрику «Термин недели», где говорим просто о сложном. Хотим рассказать сегодня о том, что такое встречные требования.

Это денежные обязательства вкладчика перед банком, при которых вкладчик является его должником. Проще говоря, это ситуация, когда вы имеете кредит в банке, где храните свой депозит.  

Если ваш банк лишится лицензии, размер возмещения по вкладу будет определен исходя из разницы между суммой обязательств банка перед вами и суммой встречных требований банка к вам, то есть между суммой вашего вклада и вашей задолженностью по кредиту.

К примеру, у вас есть сберегательный вклад в размере 20 миллионов тенге, и вы также взяли в этом же банке кредит на покупку недвижимости. По состоянию на день, когда банк лишился лицензии, ваша задолженность по кредиту составила 6,3 миллиона тенге.

Несмотря на то, что гарантия покрывает все ваши сбережения на сберегательном депозите в размере 20 миллионов тенге, учитывая вашу задолженность, сумма выплаты составит 13,7 миллиона тенге.

Если размер вашей гарантийной выплаты меньше суммы задолженности по кредиту и, соответственно, ее недостаточно для погашения кредита, то вам нужно будет продолжать погашать остаток кредита согласно требованиям законодательства.

При этом отмечаем, что операция по взаимозачету встречных требований производится временной администрацией банка, лишенного лицензии, самостоятельно.
 
2023 жылдың 01 қарашасына қарай Қазақстанда жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемі 18.7 трлн теңгені құрады. Оларды ішінде ұлттық валютадағы депозиттер – 13,5 трлн теңгеге жетсе, шетел валютасындағы депозиттер – 5,2 трлн теңге болды. Қазақстандықтардың көпшілігі ақшаны жинау және арттыру құралы ретінде банк салымдарын таңдайды. Мұның бір себебі – олардың сенімділігі. Оның үстіне оларға Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) тарапынан кепілдік берілген.      
ҚДКБҚ қандай қаржы құралдарына кепілдік беретіндігін және бермейтіндігін тағы да еске саламыз.  
 
ҚДКБҚ кепілдік беретін қаржы құралдары
 
Сонымен жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің депозиттерге кепілдік беру жүйесіне (ДКБЖ) қатысушы банктердегі шоттарында жатқан ұлттық және шетел валютасындағы қаражаттары ҚДКБҚ кепілдік объектілері болып табылады.
ҚДКБҚ кепілдіктері депозиттерден (салым) басқа, олар бойынша банк лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақыларға да қолданылады. Сонымен қатар жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары мен карточкалық шоттарындағы ақшалары да ҚДКБҚ қорғауына алынған.  
 
ҚДКБҚ қандай қаржы құралдарының сақталуына кепілдік бермейді
 
ҚДКБҚ кепілдіктері мына қаржы құралдарына қолданылмайды:
 
•         жеке тұлғалардың металл шоттары;
•         банк ұяшықтарында орналастырылған ақшалар мен құнды заттар;
•         депозиттік сертификаттар;
•         заңды тұлғалардың депозиттері;
•         ислам банктерінде, олардың ішінде Қазақстан аумағында ашылған, шетелдік ислам банктерінің филиалдарында орналасқан депозиттер.
На 01.11.2023 г.  объем депозитов физических лиц в Казахстане составил 18,7 трлн тенге, из них депозитов в национальной валюте – 13,5 трлн. тенге, в иностранной – 5,2 трлн. тенге. Депозиты как инструмент хранения и приумножения своих средств выбирают все большее количество казахстанцев. И одна из причин – это их надежность, гарантированная КФГД.

Что гарантирует КФГД
 
Итак, объектами гарантии КФГД являются средства физлиц и ИП в национальной и иностранной валюте, которые находятся на счетах в банках-участниках системы гарантирования депозитов.
Помимо самих депозитов, гарантия КФГД распространяется также и на вознаграждение по ним, начисленное на дату лишения банка-участника лицензии. Кроме того, под защитой КФГД находятся деньги на текущих счетах и платежных карточках.
 
Что не гарантирует КФГД
 
Под защиту Казахстанского фонда гарантирования депозитов не подпадают:
 
•          металлические счета физических лиц;
•          деньги и ценности, размещенные в банковских ячейках;
•          депозитные сертификаты;
•          депозиты юридических лиц;
•          депозиты, размещенные в исламских банках, в том числе в филиалах иностранных исламских банков, открытых на территории Казахстана.
Может ли ИП рассчитывать на возмещение депозита?
Anonymous Poll
41%
Нет, только физлица
14%
Могут и ИП, и ТОО
45%
Да, как и физлица
Растаушы құжаттар жеткілікті дәрежеде рәсімделмеген болса немесе тіпті жоқ болған жағдайда кепілді өтемді төлеуден бас тартылуы мүмкін.

Мысалы:
• өтем төлеуге берілген өтініш дұрыс толтырылмаған не болмаса толық көлемде толтырылмаған (деректердің қоса тіркелген құжаттарға сәйкес келмеуі немесе деректемелердің, дәлелді себептердің, қолдардың және т.б. жоқтығы);

• құжаттар ҚР заңнамасының талаптарын бұза отырып рәсімделген (белгіленген нысан бойынша ұсынылмаған);

• тапсырылған құжаттар салымшыға өтінішті бүкіл төлем мерзімі барысында беруге кедергі келтірген дәлелді себептерді растамайды (мысалы, өтініш беруші өтем алуға банк бойынша төлем мерзімі аяқталғанға дейін берілген Мұраға құқық туралы куәлікпен жүгінген, яғни салымшының төлем мерзімі барысында-ақ өтініш беріп, өтем алуға мүмкіндігі болған);

• бүкіл төлем мерзімі барысында өтініш беруге кедергі келтірген мән-жайларды растайтын құжаттар тапсырылмаған немесе толық көлемде тапсырылмаған.

Салымшының әрбір өтінішін ҚДКБҚ жеке тәртіпте қарайды. Бұл ретте өтем төлеуден бас тартылған жағдайда, оның себептері және түзету бойынша ұсынымдар салымшыға жазбаша хабарлама түрінде ұсынылады.
В выплате гарантийного возмещения может быть отказано при ненадлежащем оформлении или отсутствии подтверждающих документов.

Например:
• заявление на выплату заполнено некорректно или заполнено не в полном объеме (несоответствие данных приложенным документам либо отсутствие реквизитов, уважительной причины, подписи и др.);

• документы оформлены с нарушением требований законодательства РК (представлены не по установленным формам);

• представленные документы не подтверждают наличие уважительной причины, препятствовавшей подаче вкладчиком заявления в течение всего срока выплаты (например, заявитель обратился за выплатой со свидетельством о праве на наследство, выданным до завершения срока выплат по банку – то есть фактически вкладчик мог обратиться за выплатой возмещения и получить его в течение срока выплат и др.);

• не представлены документы, подтверждающие обстоятельство, препятствовавшее подаче заявления в течение всего срока выплаты или представлены не в полном объеме.
 
Каждое обращение вкладчика рассматривается КФГД в индивидуальном порядке, и, в случае отказа, письменно предоставляется полная информация о причине с рекомендациями по исправлению.
 
Кейде салымшы қандай да бір жағдайларға байланысты тікелей өзі кепілді өтем алу үшін өтініш беруге мүмкіндігі болмай жатады.

Салымшының орнына кімнің өтініш және басқа қандай құжаттардың негізінде өтем алуына болатындығын жан-жақты талқылап көрелік.  

Салымшының сенімхат бойынша өкілдері

Мұндай өтініш беруші жеке басын куәландыратын құжат пен нотариус куәландырған сенімхат ұсынады.

Егер сенімхат шет тілінде рәсімделген болса, онда оның мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылған және нотариус арқылы куәландырылған аудармасы да ұсынылады. Сонымен қатар кейбір жағдайларда мұндай сенімхаттарға апостиль қою немесе консулдық заңдастыру талап етілуі мүмкін.

Салымшының заңды өкілі (ата-ана, бала асырап алушы, қорғаншы, қамқоршы)

Кәмелетке толмаған, жасы 14-ке жетпеген салымшының атынан өтем алу үшін оның ата-анасының бірі жүгінеді. Бұл жағдайда ата-ана баланың туу туралы куәлігін және өзінің жеке басын куәландыратын құжатты (жеке куәлігін) ұсынады.  

Ал 14 жастан 18 жасқа дейінгі аралықтағы кәмелетке толмаған салымшының атына ашылған депозит бойынша өтемді кәмелетке толмаған жасөспірімнің өзі ата-анасының немесе ата-анасының бірінің жазбаша рұқсатымен ала алады.  

Салымшының мұрагерлері

Мұрагерлер мұра алу құқықтарын немесе мұра берушінің ақшасын пайдалану құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариус куәландырған көшірмелерін ұсынулары қажет.  

Салымшының депозиті бойынша кепілді өтемді алу құқығына ие өзге де тұлғалар

өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты және кепілді өтемді алу құқығын растайтын құжаттарды (мысалы, сот шешімі) ұсынады.
Бывают случаи, когда вкладчик в силу различных обстоятельств не может обратиться лично за выплатой возмещения по вкладу.

Кто и на основании каких документов, помимо заявления, может получить возмещение вместо него?

Представители вкладчика по доверенности

Заявители представляют нотариально удостоверенную доверенность и документ, удостоверяющий их личность.

Если доверенность составлена на иностранном языке, то представляется также и ее нотариально засвидетельствованный перевод на государственный или русский язык.

При этом в определенных случаях может потребоваться апостилирование или консульская легализация такой доверенности;

Законный представитель вкладчика (родитель, усыновитель, опекун, попечитель)

От имени несовершеннолетнего вкладчика до 14 лет за выплатой возмещения обращается один из родителей. Он представляет свидетельство о рождении ребенка и документ, удостоверяющий его личность.

Возмещение по депозитам, открытым на ребенка от 14 до 18 лет, может получить сам несовершеннолетний с письменного разрешения родителей, либо один из его родителей.

Наследники вкладчиков

Наследникам необходимо представить оригинал или нотариально засвидетельствованные копии документов, подтверждающих право на наследство или право использования денег наследодателя, и документ, подтверждающий личность наследника.

Иные лица, обладающие правом на получение гарантийного возмещения по депозиту вкладчика,

представляют документы, подтверждающие их право на получение гарантийного возмещения (например, решение суда) и документ, удостоверяющий личность заявителя.