ҚДКБҚ | КФГД
327 subscribers
1.02K photos
64 videos
3 files
589 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Сегодня мы привыкли расплачиваться за ужин, оплачивать покупки в магазине и даже услуги в больнице через QR-код. Его использование уже стало привычным для нас. Также с помощью QR можно быстро находить нужную информацию. Именно по этой причине КФГД для удобства населения разместил QR-код в свои листовки, которые Вы можете найти во всех отделениях банков. Через него можно напрямую перейти на официальный сайт КФГД и получить ответы на вопросы о гарантии по депозитам.

🔸Листовки с QR-кодом распределены во всех филиалах и отделениях казахстанских банков второго уровня, которые входят в систему гарантирования депозитов.

Листовки напечатаны на двух языках – государственном и русском. Продукция сама по себе максимальна информативна. Она содержит ключевые сведения об объектах и субъектах гарантирования, также в ней указаны официальный сайт КФГД, адреса его аккаунтов в социальных сетях и бесплатный номер call-центра.

Что касается более детальной информации о системе гарантирования депозитов, то ее можно получить, отсканировав QR-код, изображенный на листовках. Для того, чтобы воспользоваться кодом, достаточно иметь при себе смартфон с подключенным интернетом.

Через камеру мобильного телефона вы можете отсканировать код и далее автоматически попасть на сайт КФГД. Перейдя через меню на разделы «Депозиты и гарантия» или «Финансовая грамотность», можно подробно ознакомиться, например, с тем, какие виды вкладов бывают, как лучше выбрать депозит, какой размер гарантии по ним, какие банки являются участниками системы гарантирования депозитов.

🔴 Еще раз напоминаем – листовки КФГД можно найти в отделениях банков второго уровня. Пользуйтесь и будьте в курсе наших новостей!
Термесауал. Банкті лицензиясынан айырды. Кепілді өтем неше күннен кейін төлене бастайды?
Final Results
0%
Бір аптадан кейін
0%
6 айдан кейін
75%
35 жұмыс күнінен кейін
0%
20 күннен кейін
25%
30 күннен кейін
Опрос. Банк лишили лицензии. Через сколько дней начинается выплата возмещения?
Final Results
5%
Через неделю
27%
Через 6 месяцев
36%
Максимум через 35 рабочих дней
0%
Через 20 дней
32%
Через 30 дней
Қайырлы таң, құрметті жазылушылар!

Мінеки, қасиетті жұма күні де келіп жетті! Мүбәрак болсын! Қажырлы еңбек аптасы аяқталып, демалыс күндері жақындап келеді! Сәтті өтуіне тілектеспіз! 

Бүгінгі жарияланымда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кері байланыс арналары туралы тағы да естеріңізге салмақпыз.  

ҚДКБҚ халықпен өзара байланыс жасауға арналған бірнеше алаңқайы бар. 

Өзекті ақпараттық хабарламаларды, баспасөз релиздерін және басқа да пайдалы материалдарды ҚДКБҚ өзінің ресми www.kdif.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялайды.

Өздеріңізді қызықтырған сұрақтарға мына байланыс арналары арқылы Қор өкілдерінен дер кезінде жауап алуға болады: 

🔸 1460 тегін қысқа нөмірі;
🔸
@KDIF_ask Telegram-чаты;
🔸
info@kdif.kz электронды поштасының мекенжайы.

🔷 Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде ҚДКБҚ-ның deposit.kz деп аталатын ресми аккаунты бар. Біздің парақшаларымызға жазылып, барлық жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып жүріңіздер.

🟠 ҚДКБҚ басшылығы бекітілген кестеге сәйкес өзінің бас кеңсесінде мына мекенжай бойынша тұрғындарды ай сайын қабылдайтындығын қосымша еске саламыз: Алматы қаласы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 30/8, 4 қабат. Қабылдау алдын ала телефон немесе электронды пошта бойынша жазылу арқылы жүзеге асырылады. Өтінімді электронды түрде беру барысында ТАӘ, ЖСН (БСН, компания атауы) және қандай мәселемен жүгінетіндігін көрсету қажет.
Доброе утро, уважаемые подписчики!

Сегодня пятница, а это значит, что у многих закончилась трудовая неделя и наступают выходные! Мы желаем всем приятно провести это время.

В сегодняшней публикации хотим снова напомнить о каналах обратной связи Казахстанского фонда гарантирования депозитов.

КФГД имеет несколько площадок для коммуникаций и обращений населения.

Актуальные информационные сообщения, пресс-релизы, аналитические статьи и другие полезные материалы КФГД публикует на своем официальном сайте www.kdif.kz и социальных сетях.

Задать интересующие вопросы и своевременно получить обратную связь от представителей КФГД можно:

🔸по бесплатному короткому номеру 1460;
🔸 в Telegram-чате KDIF_ask;
🔸по электронной почте на адрес:
info@kdif.kz.

🔷 Отмечаем, что у КФГД есть официальные аккаунты в социальных сетях Instagram и Facebook: deposit.kz. Подписывайтесь на наши страницы и будьте в курсе всех новостей и событий.

🟠 Дополнительно напоминаем, что руководство КФГД ежемесячно осуществляет прием населения в головном офисе по адресу г. Алматы, улица Каныша Сатпаева, 30/8, 4 этаж, в соответствии с установленным графиком. Прием осуществляется по предварительной записи по телефону или посредством электронной почты. При подаче электронной заявки необходимо указать ФИО, ИИН (БИН, название компании) и тему обращения.
Достар, біз депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысты терминдер мен ұғымдарды түсіндіруге қатысты постар сериясын жалғастырамыз. Бүгінгі жарияланым тақырыбы – «Агент банк».
 
🔹 Банкті лицензиясынан айырған жағдайда ҚДКБҚ өзі және агент банк арқылы  депозиторларға кепілді өтем төлейді.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы кез келген банк агент банк бола алады. Бұл үшін банк пен ҚДКБҚ арасында келісім жасалады.   

Басты мақсат – салымшылардың өз ақшаларына қол жеткізуін шұғыл түрде қамтамасыз ету болғандықтан, агент банкті таңдау екі кезеңде жүргізіледі. 

🟦 ҚДБКҚ ең алдымен әр жарты жылда – 1 қаңтар мен 1 шілдеге дейін әлеуетті агент банктердің алдын ала тізімін бекітеді. Бұл жерде банктердің қаржылық орнықтылығына баса назар аударылады. Мысалы, банктің пруденциялдық нормативтерді орындау көрсеткіштері, капиталының жеткіліктілігі, табыстылығы және кредиттік рейтингі ескеріледі. 

Әрі қарай сақтандыру жағдайы туындаған кезде алдын ала бекітілген тізімнен агент банк таңдап алынады. 

Лицензиясынан айырылған банктің депозиторларына тұрғылықты жерлері арқылы өтініш берулеріне мүмкіндік жасау үшін ҚДКБҚ үміткер банктің филиалдары мен бөлімшелерінің орналасу ерекшеліктерін сараптайды. Сондай-ақ халыққа шұғыл әрі үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін банктің өткізгіштік қабілеті де ескеріледі. Бұл әсіресе төлем басталған күндері маңызды. Өйткені бұл күндері халық өтем алуға көптеп келеді.   

🟢 Атап өту керек, агент банктің бөлімшесіне тікелей бара алу мүмкіндігі дәстүрлі банктік қызмет көрсету тәсілін қалайтын клиенттер үшін ғана емес, сондай-ақ депозитордың өкілі, мысалы, мұрагерлері үшін де өте ыңғайлы. Өйткені олардан қосымша растаушы құжаттар талап етілуі мүмкін.  

Агент банк өтінішті және растаушы құжаттарды 5 жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте агент банк стандартты банктік қызметтерді ұсынатын банк болғандықтан, клиент мына кепілді өтемді алу әдістерінің бірін таңдай алады:

🔸 кассадан қолма-қол ақшамен;
🔸 кез келген банктегі қолданыстағы шотқа аудару арқылы;
🔸 агент банкте ашылған жаңа шотқа аудару арқылы алу.

Агент банктерді таңдау тәртібі және олардың алды ала тізімімен www.kdif.kz сайтынан танысып шығуға болады. Егер қосымша сұрақтарыңыз болса, оларды осы жарияланымның төменгі жағына жолдай аласыз.
Друзья, мы продолжаем серию публикаций, где расшифровываем значение терминов, аббревиатур и понятий из мира страхования депозитов. Сегодня темой поста станет определение «банк-агент».

🔹 Как известно, при лишении банка лицензии, КФГД осуществляет выплату гарантийного возмещения его депозиторам, в том числе, через банки-агенты.

Банком-агентом может стать любой действующий банк-участник системы гарантирования депозитов, который выплачивает возмещение на основании соглашения, заключенного с КФГД.

Так как главной целью при выплате является обеспечение оперативного доступа депозиторов к своим средствам, а также надежного и удобного канала обращения, отбор банка-агента осуществляется в два этапа.

🟦 Первоначально КФГД каждое полугодие до 1 января и 1 июля утверждает предварительный перечень потенциальных банков-агентов. Список отбирается по параметрам, больше направленным на показатели финансовой устойчивости банков-претендентов. Так, например, КФГД учитываются показатели выполнения банком пруденциальных нормативов, достаточность капитала, доходность, наличие соответствующего кредитного рейтинга.

Далее при наступлении страхового случая банк-агент выбирается в оперативном порядке уже из заранее утвержденного предварительного перечня.

На данном этапе КФГД проводит анализ местоположения филиалов и отделений банков-претендентов, чтобы депозиторы банка, лишенного лицензии, могли обратиться за выплатой по месту своего нахождения, в том числе, например, в отдаленных районах. Также в целях обеспечения оперативного и бесперебойного обслуживания населения учитывается пропускная способность отделений банка-претендента. Это важно, особенно в первые дни выплат, на которые приходится основная доля обращений.

🟢 Следует отметить, что возможность личного обращения депозиторов в отделение банка-агента удобна не только для клиентов, предпочитающих традиционное банковское обслуживание, но и для случаев, когда вместо депозитора за выплатой обращается его представитель, например, наследник, от которого требуется предоставление дополнительных подтверждающих документов.

Банк-агент рассматривает заявление и подтверждающие документы в течение 5 рабочих дней. При этом ввиду того, что банк-агент является традиционным банком, предоставляющим стандартные банковские услуги, клиент может выбрать наиболее удобный для себя способ получения гарантийного возмещения:

🔸 наличными в кассе;
🔸 переводом на действующий счет в любом банке;
🔸 перечислением средств на новый депозит, открытый в банке-агенте.

Подробнее о порядке отбора банков-агентов, а также с актуальным предварительным перечнем банков-агентов можно ознакомиться на www.kdif.kz.

Если у Вас остались дополнительные вопросы, можете задать их прямо здесь, под публикацией.
Термесауал. Депозиттер бойынша максималды кепілдік мөлшері қандай екендігін білесіз бе?
Final Results
0%
15 млн теңге
0%
25 млн теңге
91%
20 млн теңге
9%
Дұрыс жауап жоқ
Опрос. Знаете ли Вы, какой максимальный размер гарантии по депозитам?
Final Results
24%
15 млн тенге
0%
25 млн тенге
69%
20 млн тенге
7%
Нет верного ответа
Қайырлы күн, достар! Жұмыс аптасы қызып тұр. Ал ҚДКБҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесін түсіндіруін жалғастыруда. Бүгін біз депозиттегі ақша кепілдік мөлшерінен асатын болса, не істеу керектігі туралы айтатын боламыз.

Егер банк лицензиясынан айырылса, оның депозиторларына кепілді өтем төлеуге ҚДКБҚ жауап беретіндігін білесіздер. Алайда төлемдер заңнамада бектілген мына максималды кепілдік сомаларынан асырылмайды:

🔸 20 млн теңге – теңгелік жинақ депозиттер бойынша;
🔸 10 млн теңге – теңгедегі өзге салымдар, карточкалар, шоттар бойынша;
🔸 5 млн теңге – валюталық салымдар, карточкалар мен шоттар бойынша.

Егер депозитте жатқан жинақ ақша максималды кепілдік сомасынан асатын болса, онда бұл артық ақшаны салымшылар банктің тарату комиссиясынан кезектілік тәртібімен алуға құқылы.

Кредитарлардың кезектілігі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңында белгіленген. Жалпы 10 кезектілік бар. Депозиттерінде ақшалары кепілдік көлемінен асатын жеке тұлғалардың талаптары 4-ші кезекпен өтеледі.

Осылайша салымшы депозитіндегі кепілдік мөлшерінен асатын ақшасын алу үшін тарату комиссиясына жүгінеді. Ал комиссия жұмысына Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жауап береді. Тарату комиссияларының байланыс нөмірлері және кредиторлардың талаптарын орындауға қатысты ағымдағы кезектілік Агенттік сайтында көрсетілген (Қаржы нарықтары – Банк секторы – Тарату үдерісі).

Егер Сіздің жинақ ақшаңыз максималды кепілдік мөлшерінен асатын болса, ҚДКБҚ депозитті бір емес, бірнеше банкте ашуға кеңес береді. Өйткені кепілдік берілген өтем ақша әрбір банк бойынша жеке-жеке төленеді.

ТК бірінші кезекте мына талаптарды қанағаттандырады:

🔹 жалақыдан және (немесе) өзге кірістен ұсталған алименттерді төлеу бойынша өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілгені үшін өздерінің алдында банк жауапты болатын жеке тұлғалардың талаптары;
🔹 банк қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және оларға өтемақы төлеу;
🔹 зейнетақылық және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ медициналық сақтандыру бойынша аударымдар.

Екінші кезекте:

🔹 ҚДКБҚ-нің депозиттер бойынша төлеген (төлейтін) өтем сомасына қатысты талаптары.

Үшінші кезектің талаптары:

🔹 таратылатын банк мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кепіл мүлкінің құнынан аспайтын мөлшердегі талаптар.

Төртінші кезекте қанағаттандырылатын талаптер:

🔹 депозиттерінде кепілдік берілген шекті сомадан артық ақшалары бар жеке тұлғалар;
🔹 зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер, сақтандыру ұйымдарының «өмірді сақтандыру» саласы бойынша тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған депозиттері жөніндегі талаптар.

Бесінші кезекте:

🔹 коммерциялық емес қайырымдылық ұйымдармен, ҰОС және басқа елдер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің ұйымдарымен, мүгедектігі бар тұлғалардың қоғамдарымен есеп айырысулар.

Алтыншы кезекте қанағаттандырылатын талаптар:

🔹 заңды тұлғалардың депозиттері бойынша.

Жетінші кезекте өтелетін борыштар:

🔹 салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
🔹 республикалық бюджеттің қаражаты және ҚР Ұлттық қорының қаражаты есебінен берілген қарыздар.

Сегізінші кезекте жүзеге асырылатын есеп айырысулар:

🔹 басқа кредиторлармен, оның ішінде мәжбүрлеп таратылатын банк мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша үшінші кезекке сәйкес кепіл мүлкінің құнынан асатын талаптар.

Тоғызыншы кезекте қанағаттандырылатын талаптар:

🔹 банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысы бар жеке және заңды тұлғалардың кепілдік берілген шекті сомадан асатын ақшалары.

Оныншы кезекте жүзеге асырылатын есеп айырысулар:

🔹мәжбүрлеп таратылатын банктің субординарлық борышы және мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есеп айырысулар.
Добрый день, друзья! Рабочая неделя началась, а вместе с ней КФГД продолжает объяснять, как устроена система гарантирования депозитов. Сегодня мы поговорим о том, что делать, если сумма на депозите превышает размер гарантии.

Вы уже знаете, если банк лишается лицензии, за выплату гарантийного возмещения по депозитам физических лиц отвечает КФГД. Однако выплата будет осуществлена на сумму, не превышающую максимальные размеры гарантии, установленные законодательством:

🔸 20 млн тенге – по сберегательным депозитам в тенге;
🔸 10 млн тенге – по карточкам, счетам и другим депозитам в тенге;
🔸 5 млн тенге – по карточкам, счетам и депозитам в иностранной валюте.

Если сумма сбережений на депозитах в банке превышает максимальную сумму гарантии, то данную сумму превышения вкладчики вправе получить от ликвидационной комиссии банка в порядке очередности.

Очередность требований кредиторов определена Законом РК «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан». Существует 10 очередей – требования физических лиц, у которых на депозитах находились суммы сверх гарантии, удовлетворяются в 4 очередь.

Таким образом, для предъявления требований по остаткам, превышающим размер гарантийного возмещения, вкладчик должен обратиться в ликвидационную комиссию. Отмечаем, что за деятельность ликвидационных комиссий отвечает Агентство Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка. Контакты ликвидационных комиссий и текущая очередь удовлетворения требований кредиторов по каждому ликвидируемому банку указаны на сайте Агентства (в разделе Финансовые рынки – Банковский сектор – Ликвидационный процесс).

КФГД, в свою очередь, рекомендует, в случае превышения суммы Ваших сбережений максимального размера гарантии, открывать депозиты в нескольких банках, так как установленный размер гарантии распространяется на депозиты отдельно по каждому банку.

Итак, в первую очередь ЛК удовлетворяет требования:

🔹 физлиц, перед которыми банк несет ответственность за причинение вреда жизни или здоровью, по уплате удержанных из заработной платы и (или) иного дохода алиментов;
🔹 по оплате труда и выплате компенсаций работникам банка;
🔹 по пенсионным, социальным отчислениям и отчислениям по медицинскому страхованию.

Во второй очереди:

🔹требования КФГД по сумме выплаченного (выплачиваемого) ею возмещения по депозитам.

К требованиям третьей очереди относятся:

🔹 обязательства, обеспеченные залогом имущества ликвидируемого банка в пределах суммы залога.

В четвертой очереди удовлетворяются требования:

🔹 физлиц, у которых на депозитах находились сверх гарантируемые суммы;
🔹 по депозитам, осуществленным за счет пенсионных активов, по вкладам страховых организаций, внесенным за счет средств, которые были привлечены по отрасли «страхование жизни».

В пятую очередь:

🔹 осуществляются расчеты с некоммерческими благотворительными организациями, организациями ветеранов ВОВ и боевых действий на территории других стран, обществами лиц с инвалидностью.

В шестую очередь удовлетворяются требования:

🔹 по депозитам юридических лиц.

В седьмую очередь погашается задолженность по:

🔹 налогам, сборам и другим обязательным платежам в бюджет;
🔹 займам, выданных за счет средств республиканского бюджета и средств Национального фонда РК.

В восьмую очередь производятся расчеты:

🔹 с прочими кредиторами, в том числе по обязательствам, обеспеченным залогом имущества принудительно ликвидируемого банка, в части, превышающей сумму залога в соответствии с третьей очередью.

В девятую очередь удовлетворяются требования:

🔹 по сверх гарантируемым суммам возмещения физическим и юридическим лицам, связанным с банками особыми отношениями.

В десятую очередь производятся расчеты:

🔹 по субординированному долгу и бессрочным финансовым инструментам принудительно ликвидируемого банка.
Әрбір ата-ана баласының болашағы туралы уайымдайды. Сондықтан ересектердің көпшілігі балаларына ерте бастан: білімге, пәтер сатып алуға, қала берді жалпы болашағына деп ақша жинай бастайды. Олар бұл үшін әдетте банк депозитін таңдап, кәмелетке толмаған балаларына шот ашады. ҚДКБҚ ондай салымдарды қорғай ма? Бүгінгі поста осы сұраққа жауап беретін боламыз.

🟢 Ислам банктерін қоспағанда, екінші деңгейдегі банктердегі барлық депозиттер, сондай-ақ ағымдағы және карточкалық шоттар ҚДКБҚ кепілдігіне алынған. Білу маңызды: егер банк лицензиясынан айырылса, балаларға ашылған депозиттер бойынша да Қор кепілді өтем төлейді.

Бұл ретте ҚДКБҚ төлейтін кепілдік берілген өтем мөлшері заңнамада бекітілген мына максималды кепілдік сомаларынан асырылымайды:

🔷 теңгелік жинақ депозиті бойынша – 20 млн теңге;
🔷 жинақтан басқа, теңгедегі кез келген депозиттер, сондай-ақ ағымдағы және карточкалық шоттар бойынша – 10 млн теңге;
🔷 шетел валютасындағы депозиттер, ағымдағы және карточкалық шоттар бойынша – 5 млн теңге.

Айталық, егер ата-аналар балаларының оқуына қаражат жинағылары келсе, AQYL білім беру депозитін аша алады. Ол бойынша максималды (шекті) кепілдік сомасы 10 млн теңгеден асырылмайды.

Егер кәмелетке толмаған балаға теңгелік жинақ салым ашылған болса, ол бойынша максималды (шекті) кепілдік сомасы 20 млн теңгеден асырылмайды.

Атап өту керек, егер салымшының бір банктте әртүрлі бірнеше депозиті бар болса, олар бойынша берілетін жиынтық өтем 20 млн теңгеден жоғары болмайды. Бұл ретте әрбір салым түрі бойынша шекті кепілдік мөлшері ескеріледі.

Сондай мына қағидаға назар аударуларыңызды сұраймыз, кепілдік лимиттері бір банкте бір депозиторға қолданылады. Яғни максималды кепілдік сомалары ата-анаға бөлек, балаға бөлек есептеледі.

🔴 Еске саламыз, депозиттер бойынша кепілдік туралы барлық сұрақтар бойынша ҚДКБҚ байланыс орталығының 1460 тегін нөміріне хабарласуға болады немесе қосымша ақпаратты www.kdif.kz сайтынан алуға мүмкіндік бар.