ҚДКБҚ | КФГД
323 subscribers
1.01K photos
64 videos
3 files
577 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
2023 жылдың 20 қаңтарындағы жағдай бойынша банктер теңгелік салымдар бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеуге 304,4 млрд теңгеге өтініштер қабылдады. Бұл мемлекет тарапынан төленуге жататын өтемақының әлеуетті сомасының 92,3%-ын құрайды, деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ).
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, өтемақы төлеуге өтініш беру мерзімі ұзартылды. Енді салымшылар банктерге соңғы күнін қоса алғанда 2023 жылдың 10 ақпанына дейін жүгіне алады.

ҚДКБҚ-да 5 миллионнан астам депозиторлардың салымдары өтемақы төленуге жататындығы атап өтілді. Статистика бойынша депозиттерінде 1 миллион теңгеден астам ақшасы бар азаматтардың 94%-ы өтемақы алуға өтініш берген.

Толығырақ бейіндегі сілтеме бойынша оқыңыз:

https://kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/bankter-depozitter-boyynsha-tema-y-t-leuge-304-4-mlrd-te-gege-tinishter-abyldady/
По состоянию на 20 января 2023 года банки приняли заявления на выплату компенсации (премии) по тенговым вкладам на 304,4 млрд тенге. Это составляет 92,3% от потенциальной суммы компенсации, положенной государством, сообщает Казахстанский фонд гарантирования депозитов (КФГД).

Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2022 года был продлен срок подачи заявлений на выплату компенсации, теперь вкладчики могут обратиться в банки до 10 февраля 2023 года включительно.

Всего компенсации подлежат вклады более 5 млн депозиторов, отмечают в КФГД. По статистике, 94% граждан, владеющих депозитом на сумму более 1 млн тенге, подали заявления на получение компенсации.

Более подробную информацию можно прочитать по ссылке:

https://kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/banki-prinyali-zayavki-na-vyplatu-kompensatsii-po-depozitam-na-304-4-mlrd-tenge/
Құрметті жазылушылар, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының Астанадағы өкілдігінің қаңтардан бастап, жаңа мекенжайға орналасқандығын хабарлаймыз.

Енді сіз ҚДКБҚ Астанадағы кеңсесіне мына мекенжай бойынша келе аласыз: Байқоңыр ауданы, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 18, 1 қабат, №5 кеңсе.

Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Сондай-ақ мына телефон нөмірі арқылы ақыл-кеңестер алып, сұрақтар қоюға болады: +7 (7172) 72-98-25.

Еске саламыз, Алматы қаласында «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ кеңсесі мына мекенжайда орналасқан: Қаныш Сәтбаев көшесі, 30/8, 4 қабат, телефон: +7 (727) 312-24-49.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы толыққанды ақпарат алу үшін сұрақтарды info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask telegram-чатына жолдауға немесе 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласуға болады.
Уважаемые подписчики, сообщаем, что представительство Казахстанского фонда гарантирования депозитов в Астане с начала января располагается по новому адресу.

Теперь вы можете посетить офис КФГД в Астане по адресу: район Байконыр, улица Малика Габдуллина, 18, 1 этаж, офис №5.

График работы: понедельник – пятница с 09:00 до 18:30, обед с 13:00 до 14:30.

Получить консультацию и задать интересующие вопросы можно также по номеру телефона: +7 (7172) 72-98-25.

Напоминаем, что в городе Алматы офис АО «Казахстанский фонд гарантирования депозитов» расположен по адресу: улица Каныша Сатпаева, 30/8, 4 этаж, телефон: +7 (727) 312-24-49.

Более подробную информацию о системе гарантирования депозитов всегда можно узнать, направив свои вопросы на почту info@kdif.kz, в telegram-чат @kdif_ask или обратиться в call-центр КФГД по бесплатному номеру – 1460.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры IADI Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығының Еуропалық өңірлік комитетінің мүшесі болып сайланды. ҚДКБҚ үшін барлық қатысушылар бірауыздан дауыс берді.

Еуропалық өңірлік комитетке қатысу Қордың Еуроодақтың салымдарын сақтандырушылармен ынтымақтастығын нығайтуға септігін тигізеді. Мұндай тәжірибе алмасу IADI халықаралық қағидаларын қолдана отырып, банк салымдарына кепілдік беру жүйесін дамытуға оң әсер етеді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Еуразия және Азия-Тынық мұхит аймақтарының екі комитетіне қатысушы мәртебесіне ие. Қор Еуропалық өңірлік комитет аясында отандық депозиттерге кепілдік беру жүйесін одан әрі жетілдіруге өз үлесін қосуды жалғастырады. 

Анықтамалық: Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығы (IADI) сақтандырушылардың ғаламдық форумы. Оның мақсаты ұсыныстар тарату және халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы салымдарға кепілдік беру тиімділігін арттыру. IADI 2022 жылы коммерциялық емес қауымдастық ретінде құрылды. Штаб-пәтері Швейцарияның Базель қаласында орналасқан. Бүгінде IADI құрамында 92 қатысушы бар. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2003 жылы IADI мүшесі атанды.
Казахстанский фонд гарантирования депозитов избран членом Европейского регионального комитета Международной ассоциации страховщиков депозитов IADI. За вступление КФГД единогласно проголосовали все участники.

Участие в Европейском региональном комитете будет способствовать укреплению сотрудничества Фонда со страховщиками вкладов Евросоюза. Такой обмен опытом позитивно влияет на развитие системы гарантирования банковских вкладов с использованием международных принципов IADI.

Казахстанский фонд гарантирования депозитов имеет статус участника двух комитетов Евразийского и Азиатско-Тихоокеанского регионов. В рамках Европейского регионального комитета Фонд продолжит вносить свой вклад в совершенствование отечественной системы гарантирования депозитов.

Справочно: Международная ассоциация страховщиков депозитов (IADI) является глобальным форумом страховщиков, призванным повышать эффективность гарантирования вкладов посредством распространения рекомендаций и развития международного сотрудничества. IADI учреждена в 2002 году в качестве некоммерческой ассоциации со штаб-квартирой в городе Базель, Швейцария. На текущее время в IADI состоят 92 участника. Казахстанский фонд гарантирования депозитов стал членом IADI в 2003 году.
Бүгінгі поста біз «қарсы талап» термині туралы әңгімелейміз. Бұл ұғым лицензиясынан айырылған банктерде жиі қолданылады. 

«Қарсы талапты» «өзара есепке алу» деп те атайды. Лицензиясынан айырылған банктің клиент алдында бір мезгілде депозитті төлеу бойынша міндеттемесі және сол клиентке қатысты қарыз немесе өзге де берешектер бойынша талабы болған кезде осындай өзара есепке алу жағдайы туындайды.  

Заң бойынша банктің уақытша әкімшілігі клиенттің салымындағы сомасын және банктің оған қарсы талаптарын есепке алуды жүзеге асырады. Мұнда клиент қарыз алушы/тең қарыз алушы немесе банк алдындағы қандай да бір міндеттемелер бойынша кепілгер ретінде жүреді. 

«Өзара есепке алу» нәтижесі мынадай болуы мүмкін:

• егер салымшының қарызы оның депозитінде жатқан ақшасынан артық болса, өзара есепке алу жүргізілген кезде ол кредит бойынша қалған бөлігін банкке міндетті түрде төлеуі керек;
• егер салымшының депозитіндегі сомасы қарызынан артық болса, өзара есепке алу жүргізілген соң, ҚДКБҚ қарыз төленгеннен кейін депозитте қалған қалдық ақшаны өтейді. Ал егер депозиттегі сома кепілдік берілген өтемнен жоғары болса, салымшы банктің кредиторы секілді кепілді өтем төленгеннен кейін қалған ақшаны заңнамада бекітілген кезектілік тәртібі бойынша алады.

Білу маңызды: банк лицензиясынан айырылса да, кредитіңіз бойынша жоспарлы төлем күндерін өткізіп алуға немесе ұмытуға әсте болмайды. Банктің лицензиясынан айырылуы, борышкерді кредит бойынша міндеттемелерден және бекітілген кестеге сәйкес кредит бойынша тұрақты  төлемдерді жүзеге асырып тұру қажеттілігінен босатпайды. Бұл ретте: 

• қарыздың шарты сақталады және банк лицензиясынан айырылғанға дейін жасалған кредит шартына сәйкес бұрынғы күйінде қалады;
• қарыз шарты кредит/қарыз өтелгенге дейін жарамдылығын сақтайды;
• қарызды таратылатын банктің сайтында көрсетілген деректемелер бойынша төлеу қажет. Егер деректер өзгеретін болса, тарату комиссиясы бұл туралы қарызгерге алдын ала хабарлайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тоғыз банкте тарату үдерісі жүргізілуде. Бұл «Қазинвестбанк» АҚ, «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ және «Capital Bank Kazakhstan» АҚ. Олар бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу 2022 жылдың 1 мамырында және 3 шілдесінде («Capital Bank Kazakhstan» АҚ) аяқталды. ҚДКБҚ таратылатын банктердің салымшыларына 114,3 млрд астам теңге төледі. 

Егер сіздің қосымша сұрақтарыңыз болса, ақпарат алу үшін банктердің тарату комиссиясына жүгінуіңізге болады. Олардың мекенжайлары мен телефон нөмірлерін ҚДКБҚ сайтының «Таратылатын банктер» бөлімінен және таратылатын банктердің сайттарынан таба аласыз. ҚДКБҚ-дан кері байланысты @kdif_ask telegram-чатынан алуға мүмкіндік бар. Мамандардың ақыл-кеңестері 1460 қысқа тегін нөмірі арқылы қолжетімді.
В сегодняшнем посте мы хотим поговорить о термине «встречные требования». Это понятие часто можно встретить в банках, лишенных лицензии.

«Встречные требования» также называют «взаимозачетом». Такой взаимный зачет случается, когда у банка, лишенного лицензии, одновременно есть обязательство перед клиентом по выплате депозита и требование к нему же по займу или иной задолженности.

По закону временная администрация банка осуществляет зачет сумм вклада клиента и встречных требований банка к нему же, выступающему в данной ситуации в качестве заемщика/созаемщика или гаранта по каким-либо обязательствам перед банком.

Результаты «взаимозачета» могут быть следующими:

• если у вкладчика заём превышает сумму, которая находилась на его депозите, то в случае взаимозачета ему непременно нужно оплатить банку оставшуюся часть по кредиту;
• если у вкладчика сумма по депозиту превышает заём, то после взаимозачета, КФГД возместит остаток денег на депозите в сумме разницы. А если сумма на депозите превысит размер гарантийного возмещения, вкладчик вправе, как кредитор банка, получить оставшиеся после выплаты гарантийного возмещения деньги в порядке очередности, установленной законодательством.

Важно знать: даже если банк лишен лицензии, пропускать и забывать о плановых датах платежей по своим кредитам ни в коем случае нельзя. Необходимо помнить, что лишение лицензии банка не освобождает должника от обязательств по кредиту и необходимости осуществления по нему регулярных платежей в соответствии с установленным графиком. При этом:

• условия займа сохраняются и остаются прежними согласно кредитному договору, который был заключен до лишения лицензии банка;
• договор займа действителен до тех пор, пока не будет погашен кредит/заём;
• оплачивать заём нужно будет по тем реквизитам, которые указаны на сайте ликвидируемого банка. Если данные будут изменены, то ликвидационная комиссия уведомит об этом заемщика заранее.

Для сведения, на сегодняшний день в Казахстане на стадии ликвидации находятся девять банков. Это АО «Казинвестбанк», АО «Валют-Транзит Банк», АО «Delta Bank», АО «Qazaq Banki», АО «Эксимбанк Казахстан», АО «Банк Астаны», АО «Tengri Bank», АО «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» и АО «Capital Bank Kazakhstan». По ним выплаты гарантийного возмещения завершились 1 мая и 3 июля 2022 года (по АО «Capital Bank Kazakhstan»). КФГД выплатил вкладчикам ликвидируемых банков более 114,3 млрд тенге.

Если у вас возникли дополнительные вопросы, за информацией можно обратиться в ликвидационные комиссии банков. Адреса и номера телефонов можно найти на сайте КФГД в разделе «Ликвидируемые банки» и на сайтах самих ликвидируемых банков. Обратную связь от КФГД можно получить в telegram-чате @kdif_ask. Консультация специалистов также доступна по короткому бесплатному номеру 1460.
Теңгелік депозиттер бойынша 2023 жылдың наурызына қарасты шекті мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және ақпандағы мәндік деңгейде сақталды.  

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорында (бұдан әрі - ҚДКБҚ) атап көрсетілгеніндей, екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшері жайында өз бетімен шешім қабылдайды. 

Депозиттердің түрі мен мерзімділігіне сәйкес ҚДКБҚ шекті мөлшерлемелерімен мына кестеден танысып шығуға болады.
Предельные ставки по депозитам в тенге на март 2023 года остались без изменений и были сохранены на уровне февральских значений.

В Казахстанском фонде гарантирования депозитов (далее – КФГД) напомнили, что банки второго уровня самостоятельно принимают решения о размерах ставок вознаграждения по своим депозитным продуктам.

С предельными ставками КФГД по депозитам в зависимости от их вида и срока можно ознакомиться в таблице.
Қазақстандағы таратылатын банктердің салымшылары қандай да бір себептермен кепілдік берілген соманы төлеу мерзімін өткізіп алғандығы жайында мысалдар жетіп артылады. Мұндай жағдайда заңнамалық мерзімдер аяқталған соң, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының салымшылар алдындағы міндеттемесі де тоқтатылады. Алайда дәлелді себептерге негізделген ерекше жайттер бар.

Қандай дәлелді себептер бар? Төлем алуға өтініш берген кезде не нәрсеге назар аударған жөн? Түсіну үшін мысалдар келтірейік, толығырақ бейіндегі сілтеме бойынша оқыңыз:

https://kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/taratylatyn-bankterdegi-depozitter-boyynsha-temdi-d-leldi-sebeptermen-alay-alu-a-bolady/
Есть немало примеров, когда вкладчики ликвидируемых казахстанских банков по той или иной причине пропускали срок выплаты гарантируемой суммы. В такой ситуации истечение законодательных сроков влечет прекращение обязательств Казахстанского фонда гарантирования депозитов перед вкладчиками, но есть исключения, обуславливаемые уважительными причинами.

Какие бывают уважительные причины, и на что необходимо обратить внимание при обращении за выплатой? Разберем на примерах, подробнее читайте по ссылке:

https://kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/kak-po-uvazhitelnym-prichinam-poluchit-vozmeshchenie-po-depozitu-v-likvidiruemom-banke/
Салымшылардың назарына! Еске саламыз, ағымдағы жылдың 10 ақпанында теңгелік депозиттер бойынша 10% мөлшерінде өтемақы (сыйлықақы) төлеуге өтініштер қабылдау аяқталады.

Салымшы депозиті бойынша сыйлықақы алу үшін шоты ашылған банкке барып, өтініш беруі қажет. Мұны 2023 жылдың 10 ақпанынан кешіктірмеуі тиіс. Қазіргі уақытта банктер өтемақы төлеуге өтініштерді онлайн режімінде де, өздерінің бөлімшелерінде де қабылдап жатыр. Барлық ақпаратты банк менеджерлерінен сұрап біліңіз.  

Өтемақы алу шарттарының бірі – соңғы күнін қоса алғанда 2022 жылдың 23 ақпанына дейін ашылған және қазір қолданыстағы депозиттің болуы.   

Өтелуі мүмкін максималды сома бір банкте 20 млн теңгені құрайды. Атап өту керек, 10% мөлшеріндегі біржолғы сыйлықақы банктің салым бойынша төлейтін пайыздық сыйақы мөлшерлемесінің үстінен қосымша есептеледі.  
 
Сыйлықақы алуға жинақ, мерзімді, мерзімсіз, білім беру жинақтау салымдары және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесіндегі жинақ қаражаттың иелері үміт арта алады.

Атап өту керек, банктер өтемақыны 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін төлей бастайды. ҚДКБҚ депозиторларды осы мүмкіндікті пайдаланып, салымдары бойынша сыйлықақыны алуға шақырады.

Салымшылар төлем рәсімі бойынша қосымша ақпаратты салым орналасқан банктерден біле алады немесе сауалдарын info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask Тelegram-чатына жолдауларына болады немесе 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ-ның байланыс орталығына хабарласа алады.