ҚДКБҚ | КФГД
327 subscribers
1.02K photos
64 videos
3 files
586 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
May 14, 2024
May 14, 2024
May 14, 2024
May 14, 2024
May 17, 2024
May 17, 2024
May 17, 2024
May 17, 2024
May 20, 2024
Цифрлар нумерологтар мен астрологтар үшін ерекше мәнге ие. Олардың пікірінше әрбір сандық кодтың өзіне тән энергиясы және бағыт-бағдары бар және ол адам өмірінде белгілі бір орын алады. Қазақстанның депоиттерге кепілдік беру қорында (ҚДКБҚ, Қор) да ерекше маңызды цифрлық көрсеткіштер баршылық. Олар 19,5,10 және 20 сандары. Енді соларға толығырақ тоқталайық.

Ендеше «19» санынан бастайық. Қазіргі уақытта дәл осынша банк депозиттерге кепілдік беру жүйесіне (ДКБЖ) қатысады. Олардың қатарында ислам банктері жоқ. ҚДКБҚ www.kdif.kz/kz/ сайтының «Депозиттер және кепілдіктер» бөлімінде ДКБЖ-ға қатысушы банктердің тізімі орналастырылған. Біз оларды осы жерге де жариялауды ұйғардық:

1. «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ
2. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ
3. «НҰРБАНК» АҚ
4. «KASPI BANK» АҚ
5. «СИТИБАНК ҚАЗАҚСТАН» АҚ
6. «ALTYN BANK» (CHINA CITIC BANK CORPORATION LIMITED ЕБ) АҚ
7. «ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» АҚ
8. «FIRST HEARTLAND JUSAN BANK» АҚ
9. «FORTEBANK» АҚ
10. «BEREKE BANK» АҚ
11. «ОТБАСЫ БАНК» АҚ
12. «ҚЗХ БАНКІ» ЕБ» АҚ
13. «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙ БАНКІ» ЕБ» АҚ
14. «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚЫТАЙ САУДА-ӨНЕРКӘСІП БАНКІ» АҚ
15. «HOME CREDIT BANK» АҚ
16. «ШИНХАН БАНК ҚАЗАҚСТАН» АҚ
17. БАНК ВТБ (ҚАЗАҚСТАН) АҚ ЕҰ
18. «БАНК ФРИДОМ ФИНАНС ҚАЗАҚСТАН» АҚ
19. «BANK RBK» АҚ

Ал енді «5,10,20» сандарына өтелік. ДКБЖ-да олар қандай рөл атқарады және салымшылар оларды не үшін есте сақтаулары тиіс?

Өздеріңіз білетіндей, депозиттер банктерде ашылған сәттен бастап ҚДКБҚ қорғауына алынады. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде (банк лицензиясынан айырылған жағдайда) Қор салымшыларға кепілді өтем төлейді. Ол максималды кепілді өтем сомасы шегінде теңгемен төленеді:

• 20 млн теңге – ұлттық валютадағы жинақ салымдар (депозиттер) бойынша;
• 10 млн теңге – ұлттық валютадағы өзге депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша;
• 5 млн теңге – шетел валютасындағы депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша (банк лицензиясынан айырылған күнге қарай валюта айырбастау бағамы бойынша теңгелік баламада).

Атап өту керек, егер салымшының бір банкте бірнеше депозиті бар болса және олар түрі мен валютасына қарай әртүрлі болып келсе, барлық депозиттер бойынша жиынтық өтем сомасы төленеді. Бірақ ол 20 млн теңгеден асырылмайды. Бұл ретте әрбір салым түрі бойынша шектеулі лиметтер шегі ескеріледі.

Осы посты сақтаңыздар және достарыңызбен бөлісіңіздер.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы қосымша ақпарат алу үшін сұрақтарды info@kdif.kz поштасына не @kdif_ask Telegram-чатына жолдауға болады. Біз оларға тез және толыққанды жауап беруге әрекет жасаймыз.
May 20, 2024
May 20, 2024
May 20, 2024
May 22, 2024
May 22, 2024
May 24, 2024
May 24, 2024
May 24, 2024
May 24, 2024
May 27, 2024
May 27, 2024