ҚДКБҚ | КФГД
325 subscribers
1.02K photos
70 videos
3 files
591 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Многие из нас доверяют свои сбережения банкам, ожидая не только их сохранности, но и возможности получить гарантийное возмещение в случае, если банк лишится лицензии.

Что делать, если по каким-то причинам вы не успели обратиться за выплатой в установленный законом срок и как правильно подать заявление на получение возмещения «по уважительным причинам»?

Заявление подается по специальной форме, которую можно скачать с сайта КФГД.

Необходимо ее заполнить собственноручно и приложить к ней документы, подтверждающие наличие уважительной причины.
 
К ним относятся:
- при поступлении вкладчика на воинскую службу – документы воинского учета либо сведения о подтверждении прохождения воинской службы, предоставленные органами военного управления Министерства обороны Республики Казахстан;

- при нахождении вкладчика за пределами РК – паспорт гражданина РК с отметкой о пересечении границы либо иные документы, которые подтверждают факт нахождения за пределами страны;

- при принятии наследства вкладчика и иных причинах, связанных с приобретением или открытием наследства – документы, подтверждающие принятие наследства, приобретение или открытие наследства, в том числе судебные акты;

- при нахождении вкладчика в местах лишения свободы –приговор суда, документ об отбытии наказания или освобождении от него;

- при иных обстоятельствах, установленных судом – решение суда, устанавливающее наступление иного обстоятельства, препятствовавшего подаче заявления в течение установленного срока выплаты.
 
Пакет документов на бумажном носителе необходимо:

• представить непосредственно ответственному работнику КФГД или его представительства по следующим адресам:
A15P5B5, г. Алматы, ул. Сатпаева, 30/8, 4 этаж;
г. Астана, Z01А5АF2,
ул. М. Габдуллина, 18, 1 этаж, офис №5;

• либо направить на почтовый адрес КФГД в Алматы и Астане (адреса указаны выше) (в этом случае подпись на заявлении подлежит обязательному нотариальному удостоверению).
Банк лицензиясынан айырылған жағдайда оның салымшыларына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ, Қор) арнайы резервінен кепілді өтем төленеді. Арнайы резерв – бұл депозиттердің мүдделерін қорғауға арналған өзіндік бір сақтандыру капиталы. Сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда ондағы қаражат жеткілікті бола ма?
 
ҚДКБҚ құрылып, жұмыс істегелі бері Қор салымшылар алдындағы өз міндеттемелерін толыққанды орындап келеді. Қор құрылғаннан бері күні бүгінге дейін салымшыларға барлығы 115 млрд астам теңгеге өтем төленді.  
 
2023 жылы ҚДКБҚ арнайы резерві 165 млрд теңгеге өсті. Бұл 2022 жылға қарағанда 17%-ға жоғары. Арнайы резервтің өсімі қатысушы банктердің тоқсан сайынғы жарналары (44 млрд теңге), ҚДКБҚ-ның бұрын төлеген өтемдері бойынша талаптарын қанағаттандыру үшін тарату комиссияларынан келіп түскен ақшалар (5 млрд теңге) және әрине, арнайы резервтің өзінің қаражаттарын инвестициялаудан түскен табыстардың (116 млрд теңге) арқасында орын алды. Нәтижесінде 2024 жылдың басына қарай, арнайы резервтің көлемі ҚДКБҚ жарғылық капиталының 70%-ын ескере отырып, 1 134 млрд теңгеге жетті. Бұл қатысушы банктерде кепілдік берілген барлық депозиттердің 5,6%-ын құрайды, яғни заңнамада белгіленген 5%-дық деңгейден жоғары.  
 
Қор арнайы резервінің тұрақты өсуі депозиттерге кепілдік беру жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етеді. Егер оның мөлшеріңн депозиттерді сақтандыру бойынша шетелдік қорлармен салыстырар болсақ, ол жеткілікті жоғары деңгейде және әлемдік тәжірибеге толығымен сәйкес келеді.  
 
При лишении банка лицензии выплаты гарантийного возмещения его вкладчикам производятся из специального резерва КФГД – своего рода страхового капитала для защиты интересов депозиторов. Достаточно ли имеющихся в нем средств при наступлении страхового случая?
 
За время своей деятельности Фонд в полной мере исполнял свои обязательства перед вкладчиками. А совокупные выплаты гарантийного возмещения с начала создания КФГД по сегодняшний день составили более 115 млрд тенге.
 
За 2023 год специальный резерв КФГД увеличился на 165 млрд тенге, что на 17% выше, чем за 2022 год. Прирост специального резерва произошел за счет доходов от инвестирования средств специального резерва (116 млрд тенге), ежеквартальных взносов банков-участников (44 млрд тенге) и поступлений от ликвидационных комиссий в счет удовлетворения требований КФГД по ранее выплаченному возмещению (5 млрд тенге). В результате на начало 2024 года специальный резерв с учетом 70% уставного капитала КФГД достиг 1 134 млрд тенге и составляет 5,6% от совокупной суммы гарантируемых депозитов в банках-участниках, что превышает законодательно установленный минимум в 5%.
 
Стабильный рост средств Фонда обеспечивает надежность системы гарантирования депозитов. Если сравнить объем средств в зарубежных фондах страхования депозитов, то уровень резервов КФГД является достаточно высоким и соответствует мировой практике.
Банк лицензиясынан айырылған жағдайда оның салымшыларына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ, Қор) арнайы резервінен кепілді өтем төленеді. Арнайы резерв – бұл депозиттердің мүдделерін қорғауға арналған өзіндік бір сақтандыру капиталы.
 
ҚДКБҚ құрылып, жұмыс істегелі бері Қор салымшылар алдындағы өз міндеттемелерін толыққанды орындап келеді. Қор құрылғаннан бері күні бүгінге дейін салымшыларға барлығы 115 млрд астам теңгеге өтем төленді.  
 
2023 жылы ҚДКБҚ арнайы резерві 165 млрд теңгеге өсті. Бұл 2022 жылға қарағанда 17%-ға жоғары. Арнайы резервтің өсімі қатысушы банктердің тоқсан сайынғы жарналары (44 млрд теңге), ҚДКБҚ-ның бұрын төлеген өтемдері бойынша талаптарын қанағаттандыру үшін тарату комиссияларынан келіп түскен ақшалар (5 млрд теңге) және әрине, арнайы резервтің өзінің қаражаттарын инвестициялаудан түскен табыстардың (116 млрд теңге) арқасында орын алды. Нәтижесінде 2024 жылдың басына қарай, арнайы резервтің көлемі ҚДКБҚ жарғылық капиталының 70%-ын ескере отырып, 1 134 млрд теңгеге жетті. Бұл қатысушы банктерде кепілдік берілген барлық депозиттердің 5,6%-ын құрайды, яғни заңнамада белгіленген 5%-дық деңгейден жоғары.  
 
Қор арнайы резервінің тұрақты өсуі депозиттерге кепілдік беру жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етеді. Егер оның мөлшеріңн депозиттерді сақтандыру бойынша шетелдік қорлармен салыстырар болсақ, ол жеткілікті жоғары деңгейде және әлемдік тәжірибеге толығымен сәйкес келеді.
При лишении банка лицензии выплаты гарантийного возмещения его вкладчикам производятся из специального резерва КФГД – своего рода страхового капитала для защиты интересов депозиторов.
 
За время своей деятельности Фонд в полной мере исполнял свои обязательства перед вкладчиками. А совокупные выплаты гарантийного возмещения с начала создания КФГД по сегодняшний день составили более 115 млрд тенге.
 
За 2023 год специальный резерв КФГД увеличился на 165 млрд тенге, что на 17% выше, чем за 2022 год. Прирост специального резерва произошел за счет доходов от инвестирования средств специального резерва (116 млрд тенге), ежеквартальных взносов банков-участников (44 млрд тенге) и поступлений от ликвидационных комиссий в счет удовлетворения требований КФГД по ранее выплаченному возмещению (5 млрд тенге). В результате на начало 2024 года специальный резерв с учетом 70% уставного капитала КФГД достиг 1 134 млрд тенге и составляет 5,6% от совокупной суммы гарантируемых депозитов в банках-участниках, что превышает законодательно установленный минимум в 5%.
 
Стабильный рост средств Фонда обеспечивает надежность системы гарантирования депозитов. Если сравнить объем средств в зарубежных фондах страхования депозитов, то уровень резервов КФГД является достаточно высоким и соответствует мировой практике.
ҚДКБҚ ақпан айының басында «Табыс тарихы: Ресейдің салымдарды сақтандыру жүйесіне 20 жыл» атты Халықаралық конференцияға қатысты.

Оны ұйымдастырған – РФ «Салымдарды сақтандыру жөніндегі агенттік» мемлекеттік корпорациясы (ССА). Аталмыш шара заң шығарушы және атқарушы биліктің, банктік және сараптамалық ортаның, сондай-ақ 20 мемлекеттің, олардың ішінде ЕЭО-ға мүше мемлекеттер, сондай-ақ Индонезия, Иран, Малайзия, Сербия секілді елдердің депозиттерді сақтандырушы-ұйымдары өкілдерінің басын қосты. Айта кетелік, олардың арасында БҰҰ тарапынан танылмаған Абхазия республикасының өкілдері де болды.

Салымшылардың салымдарын қорғау механизмдерін жетілдіру – конференцияның басты тақырыбына айналды. «Салымдарды сақтандыру жөніндегі ұйымдардың қызметін цифрлық түрлендіру» деп аталатын алғашқы сессия аясында жасанды интеллектіні дамыту және оны қаржы секторында пайдалану бойынша пікірсайыс өтті. Сессия барысында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ, Қор) Төрағасы Әділ Өтембаев баяндама жасады.

Өз сөзінде ҚДКБҚ басшысы салымдарды сақтандырушыларға арналған цифрлық сервистер, ҚР Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясының әзірлемесі – цифрлық теңгені қосқанда, орталық банктердің цифрлық валюталары және салымдарды сақтандырушы ұйымдарға олардың әсері, сондай-ақ жасанды интеллект пен машиналық оқытудың депозиттерді сақтандырушыларға қалай көмектесуі мүмкін екендігі туралы әңгімеледі.
В начале февраля КФГД принял участие в международной конференции «История успеха: 20 лет российской системе страхования вкладов», организатором которой выступила государственная корпорация «Агентство по страхованию вкладов» (АСВ) (РФ).

Мероприятие объединило представителей законодательной и исполнительной власти, банковского и экспертного сообщества, организаций-страховщиков депозитов из 20 стран, в том числе ЕАЭС, Абхазии, Индонезии, Ирана, Малайзии, Монголии, Сербии.

Главной темой стало совершенствование механизмов защиты сбережений вкладчиков. В рамках первой сессии «Цифровая трансформация деятельности организаций по страхованию вкладов» прошла дискуссия по развитию искусственного интеллекта и его применению в финансовом секторе.

В ходе сессии Председатель Казахстанского фонда гарантирования депозитов (КФГД) Адиль Утембаев выступил с докладом и рассказал о цифровых сервисах для страховщиков вкладов, цифровых валютах центральных банков и их влиянии на страховщиков вкладов, включая передовой опыт в разработке Национальной платежной корпорации Нацбанка РК – цифрового тенге, а также о том, как искусственный интеллект и машинное обучение могут помочь страховщикам депозитов.
Өздеріңіз білетіндей, банк лицензиясынан айырылған жағдайда ҚДКБҚ салымшыларға кепілдік берілген депозиттері бойынша өтем төлейді.

Салымшылар көп жағдайда бұл үшін қайда жүгіну керектігін, өтем төлеу үшін деректер қалай жиналатындығын және әрбір депозитор бойынша кепілді өтем қалай есептелетіндігін біле бермейді. Сол үшін осы жолы депозиторлардың кепілді өтем төлеуге арналған тізілімі дегеніміз не екендігін және ол қалай қалыптастырылатындығы туралы әңгімелейміз.    

Қазақстанның ислам банктерінен басқа, барлық екінші деңгейдегі банктері депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады және өз клиенттерінің (жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер) салымдарда, ағымдағы шоттар мен төлем карточкаларындағы ақшалай қаражаттарының автоматтандырылған есебін жүргізуге міндетті.

Банктер салымшылардың қаражаттарын орталықтандырылған күнделікті негізде есепке алуға міндетті және депозиторлардың кепілді өтемі есептелген тізілімін кез келген күнге қалыптастыра алатындай мүмкіндігі болуы керек.  

Бұл тізілімді банк салымшыларының тізімі деуге болады және онда сәйкестендіруші деректерден басқа, мынадай деректер қамтылған:    
• салымшылардың ұлттық және шетелдік валютадағы шоттары/салымдары бойынша ақша қалдықтары (егер салымшының бір банкте бірнеше шоттары/салымдары бар болса, онда олар топтастырылады);
• салымдар бойынша есептелген сыйақылар;
• салымшылардың банк алдындағы берешектері (мысалы, кредиттер, тұрақсыздық айыптары, (айыппұлдар) бойынша);
• шоттың/салымның түрі мен валютасына қарай Депозиттерге кепілдік беру туралы заңда белгіленген максималды кепілдік мөлшері шегінде қорытынды (жиынтық) кепілді өтем сомаларының есебі.  

Мұндай тізілімді жасауға салымшылардың қатысуы талап етілмейді. Клиент және оның депозиттері бойынша барлық өзгерістерді банк клиенттердің банктік көрсететін қызметтері бойынша жүгінгеніне қарай автоматты түрде есепке алады.
 
Как вы знаете, в случае лишения банка лицензии КФГД выплачивает вкладчикам возмещение по гарантируемым депозитам. Зачастую они не знают, нужно ли им для этого куда-то специально обращаться, каким образом формируются данные для выплаты и как рассчитывается размер гарантии по каждому депозитору.

Рассказываем, что такое реестр депозиторов для выплаты, что он в себе содержит и как формируется.

Все казахстанские банки второго уровня (кроме исламских) являются участниками системы обязательного гарантирования депозитов и обязаны вести автоматизированный учет средств своих клиентов (физических лиц и индивидуальных предпринимателей), размещенных во вкладах, на текущих счетах и платежных карточках. Они обязаны иметь возможность сформировать реестр депозиторов с расчетом гарантийного возмещения на любую дату.

Реестр представляет собой список вкладчиков банка, в котором помимо их идентификационных данных, содержатся:

• остатки средств по счетам/вкладам в национальной и иностранной валютах (если у вкладчика в одном банке имеется несколько счетов/вкладов, то все его средства группируются);
• начисленное вознаграждение;
• задолженность вкладчиков перед банком (например, по кредиту, неустойкам (штрафам));
• расчет итоговой (совокупной) суммы гарантийного возмещения к выплате в зависимости от вида и валюты счета/вклада, в пределах максимальных размеров, установленных Законом о гарантировании депозитов.

Участия вкладчиков в формировании такого реестра не требуется. Все изменения по клиенту и его депозитам учитываются банком автоматически по мере обращения клиента за банковской услугой.
 
Қазақстанда салымдардың 3 түрі бар: мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдар.

Сіз осы салымдардың ішінен мақсатыңызға ең қолайлы түрін таңдай аласыз.  
 
Егер сізге күтпеген жағдайлар үшін ақшалай қор (қандай да бір қауіпсіздік көпшігі) қажет болса, мерзімсіз салымды таңдаңыз. Бұл депозиттен кез келген уақытта ақша алуға және оған ақша салуға болады. Алайда сыйақысы басқа – мерзімді және жинақ салымдарға қарағанда төмен.
     
Егер ірі сомада ақша жинағыңыз келсе, бірақ оны мерзімінен бұрын алу мүмкіндігіне ие болуды қаласаңыз, мерзімді салымды таңдаңыз. Бұл ретте ақшаңызды мерзімінен бұрын алған жағдайда сыйақысы ішінара жойылады, бірақ шот жабылмайды. Ал егер ақшаңызды мерзімі аяқталғанша сақтасаңыз, көтеріңкі сыйақы мөлшерлемесі көрген шектеулеріңізді өтейді.  
 
Егер де сіз барынша көп ақша жинағыңыз келсе, ең жоғары сыйақысы бар жинақ салымды таңдаңыз. Бұл жерде ең жоғары сыйақы – салымға қатысты қатаң шектеулердің жемісі. Бұл салымнан мерзімінен бұрын ақша алынар болса, біріншіден, салымшының сұраған ақшасы оған 30 күннен кейін беріледі, екіншіден, барлық есептелген сыйақы толығымен дерлік жойылады. Сондықтан салымның бұл түрі ақшасын ұзақ мерзімге салуды жоспаралған және оны мерзімінен бұрын алмайтындығына сенімді салымшылар үшін өте қолайлы.            
 
Сонымен қатар депозиттерді таңдауда кепілдік мөлшерін де ұмытпаған жөн – жинақ депозиттер үшін кепілдік мөлшері ең жоғары – 20 миллион теңгені құрайды; депозиттердің теңгедегі басқа түрлері бойынша кепілдік мөлшері – 10 миллион теңге.  
 
Және естеріңізде болсын: салымды ашпас бұрын, банк салымы шартын мұқият оқып шығыңыз. Тек сонда ғана салымыңызға қатысты талаптарды түсіне аласыз.
 
В Казахстане существует 3 вида вкладов: несрочные, срочные и сберегательные.
Из этих трех видов вкладов вы можете выбрать тот, который наиболее оптимально подходит под ваши личные цели.
 
Если вам нужен денежный резерв (некая подушка безопасности) на непредвиденные расходы – выбирайте несрочный депозит – пополнение и снятие денег по таким депозитам осуществляется без ограничений, однако ставка вознаграждения ниже, чем по срочным и сберегательным.
 
Если вы хотите собрать крупную сумму, но при этом сохранить за собой возможность досрочного изъятия – выбирайте срочный вклад. Средства можно снимать досрочно, но с частичной потерей вознаграждения. Однако, если вы храните деньги до окончания срока, то повышенная ставка вознаграждения компенсирует эти ограничения.
 
Если же вы хотите максимально приумножить сбережения – выбирайте сберегательный вклад с самой высокой ставкой вознаграждения. Высокая ставка – это компенсация за строгие ограничения: досрочное снятие денег с этого вклада возможно, во-первых, только через 30 дней после запроса вкладчика, во-вторых, при этом теряется практически вся сумма начисленного вознаграждения. Поэтому такой вид вклада подойдет тем, кто планирует вложить средства на определенный срок и не пользоваться ими в течение этого периода.
 
Также при выборе депозитов необходимо помнить о размере гарантии – для сберегательных депозитов размер гарантии самый высокий – 20 миллионов тенге; для остальных видов депозитов в тенге – это 10 миллионов тенге.
 
И помните: внимательно изучайте договор банковского вклада до открытия вклада. Именно из него вы сможете понять условия конкретно по вашему вкладу.