ҚДКБҚ | КФГД
325 subscribers
1.02K photos
64 videos
3 files
588 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Егер салымшы белгіленген мерзім ішінде (төлем басталған күннен бастап, 1 жыл) депозиті бойынша өтем алуға өтініш бермесе, өтем ақшасы оның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жеке зейнетақы шотына ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) ретінде аударылады.  
БЖЗҚ-ға аударылған кепілді өтем сомасын салымшы Әлеуметтік кодексте қарастырылған тәртіпте және мерзімде алады.
Сонымен БЖЗҚ-дан ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға мына тұлғалар құқылы:
• елу жасқа толған;
• мүгедектігі бар адам болып табылатын;
• егер заңдарда және еліміз ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге жайттар көзделмесе, Қазақстаннан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
Сонымен қатар тағы да еске саламыз, егер салымшы белгіленген мерзім ішінде қандай да бір дәлелді себептерге байланысты өтем алып үлгермесе, онда ол БЖЗҚ-дан ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындағанға дейін немесе банк бойынша тарату үдерісі толығымен аяқталғанға дейін ҚДКБҚ-ға жүгіне алады.
Толығырақ мына сілтемеде: https://www.kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/d-leldi-sebepter-boyynsha-alay-tinish-beruge-bolady-zh-ne-kepildi-temdi-aludy-zholdary-anday/
 
КФГД напоминает о том, что, если вкладчик не обратился с заявлением на выплату гарантии по депозиту в установленный срок (1 год с даты начала выплаты), его деньги будут переведены на его индивидуальный пенсионный счет в ЕНПФ в качестве добровольных пенсионных взносов (ДПВ).
 
Переведенную в ЕНПФ сумму гарантийного возмещения вкладчик получит в порядке и сроки, предусмотренные Социальным кодексом. Так, правом на пенсионные выплаты за счет ДПВ обладают лица:
• достигшие 50-летнего возраста;
• лица с инвалидностью;
• выехавшие на ПМЖ за пределы Казахстана иностранцы и лица без гражданства, если иное не предусмотрено законами и ратифицированными страной международными договорами.
 
Вместе с тем напоминаем, что если у вкладчика имеются уважительные причины, в силу которых он не мог обратиться за выплатой в установленный срок, то он может обратиться в КФГД до наступления права вкладчика на получение пенсионных выплат за счет ДПВ от ЕНПФ или до полного завершения ликвидационного процесса по банку. Подробнее – по ссылке https://www.kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/kak-podat-zayavlenie-i-poluchit-vyplatu-garantiynogo-vozmeshcheniya-po-uvazhitelnoy-prichine-/.
 
 
ТЕРМЕСАУАЛ. Кепілдік мөлшері салымның түрі мен валютасына тәуелді ме?
Anonymous Poll
88%
Иә, тәуелді
13%
Жоқ, тәуелді емес
0%
Валютасына тәуелді
0%
Түріне тәуелді
Өздеріңіз білгендей, банк лицензиясынан айырылған жағдайда оның салымшыларына ҚДКБҚ арнайы резервінің қаражаты есебінен кепілді өтем төленеді.

Арнайы резервті қалыптастыруда маңызды қаржы көздерінің бірі – банктердің тарату комиссияларынан алынатын түсімдер.
Енді осы механизмді толығырақ қарап шығалық.  

Уәкілетті орган лицензиясынан айырған банктердің салымшыларына ҚДКБҚ кепілді өтем төлейді. Кейін кепілді өтемді төлеуге жұмсалған қаражатты тарату комиссиясы таратылып жатқан банктің активтерінен өндіріп алады.    

ҚДКБҚ банкті тарату үдерісі жүріп жатқан шақта оған кері талап қоюға құқылы. Бұл дегеніміз, ҚДКБҚ салымшыларға кепілді өтем төлеп болған соң, бұл қаражатты таратылатын банктен талап етеді.

Бұл механизм ҚДКБҚ-ға салымшыларға төленген қаражаттың бір бөлігін қалпына келтіруге және оларды арнайы резервті толықтыруға жұмсауға мүмкіндік береді.

Тарату комиссияларынан аударылатын түсімдер ҚДКБҚ-ның арнайы резервін қалыптастырудың маңызды қаржы көздерінің бірі болып табылады. Бұл өз кезегінде Қордың шұғыл төлемдер жасауға дайындығын арттырады және салымшылардың жинақ ақшаларының сенімді сақталуын қамтамасыз етеді.  

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру жүйесі құрылған уақыттан бері күні бүгінге дейін, таратылу үдерісіне түскен банктер ҚДКБҚ өтем ретінде төлеген 115,4 млрд теңгенің 62,5 млрд теңгесін қайтарған. Бұл олардың ҚДКБҚ алдындағы міндеттемелерінің 54,1%-ын құрайды.
Как вы знаете, при лишении банка лицензии выплаты гарантийного возмещения его вкладчикам производятся из средств специального резерва КФГД. Одним из важнейших источников для его формирования являются средства, получаемые от ликвидационных комиссий банков. Давайте рассмотрим этот механизм подробнее.

КФГД выплачивает гарантированное возмещение вкладчикам банков, у которых уполномоченный орган отозвал лицензию. После этого средства, направленные в оплату гарантированного возмещения, взыскиваются ликвидационной комиссией из активов ликвидируемого банка.

КФГД имеет право на предъявление регрессных требований к банку в процессе его ликвидации. Это означает, что после выплаты возмещения вкладчикам КФГД требует возврат этих средств от ликвидируемого банка. Этот механизм позволяет КФГД восстановить часть средств, выплаченных вкладчикам, и направить их на пополнение специального резерва.

Поступление средств от ликвидационных комиссий является одним из ключевых источников формирования специального резерва КФГД. Что, в свою очередь, повышает готовность Фонда к оперативным выплатам и обеспечивает гарантию вкладчикам на надежную защиту их средств.

За всю историю существования системы гарантирования депозитов банки, находящиеся в процессе ликвидации, вернули КФГД 62,5 млрд. тенге из 115,4 млрд. тенге, что составляет порядка 54,1% от их обязательств перед КФГД.
Подробнее: https://www.kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/formirovanie-spetsialnogo-rezerva-za-schet-postupleniy-ot-likvidatsionnykh-komissiy/
Кепілді өтемді төлеу Заңында белгіленген лимиттер шегінде жүзеге асырылады:      
- 20 миллион теңге – теңгедегі жинақ депозиттер бойынша;
- 10 миллион теңге – теңгедегі өзге депозиттер, карточкалар және шоттар бойынша;
- 5 миллион теңге – шетел валютасындағы депозиттер, карточкалар және шоттар бойынша.
 
20 миллион теңгелік максималды кепілдік сомасы жинақ салымы үшін белгіленген. Мұндай салым белгілі бір мерзімге ашылады және одан ішінара ақша алу мүмкіндігі қарастырылмаған.

Бірақ мұндай депозиттен мерзімінен бұрын тек толығымен ақша алуға болады. Бұл үшін банкті ақша алардан күнтізбелік 30 күн бұрын ескерту қажет. Мұндай жағдайда жинақ салымы бойынша жинақталған сыйақы толығымен дерлік жойылады және шот жабылады.  
 
Депозиттердің басқа түрлері бойынша (талап етілмелі салымдар, шартты салымдар, мерзімді салымдар, мерзімсіз салымдар, ағымдағы және карточкалық шоттардағы қаражаттар) бойынша максималды кепілдік сомасы 10 миллион теңгені құрайды.
 
Бұл ретте мерзімді салымдар жинақ салымдарға қарағанда өздерінің икемділігімен ерекшеленеді. Оларды толықтыруға және олардан азайтуға болмайтын қалдық шегінде ішінара ақша алуға болады. Бұл ретте шот жабылмайды және есептелген сыйақылар толығымен емес, ішінара жойылады.
 
Шартты салымдар банк салымы шартында белгіленген мән-жайлар туындағанға дейін салынады, ал талап етілмелі салымдағы ақшаны салымшы кез келген уақытта толықтыруға және одан толығымен немесе жартылай ақша алуға құқылы.    
 
Шетел валютасындағы депозиттерге банк лицензиясынан айырылған күнге қарай белгіленген валюта бағамы бойынша 5 миллион теңге шегінде кепілдік беріледі және мұндай депозиттер бойынша кепілді өтем тек теңгемен төленеді.  
 
Егер сіздің ақшаларыңыз бір банкте түрі мен валютасына қарай бірнеше теңгелік депозитте, оның ішінде жинақ салымында орналастырылған болса, онда барлық депозиттері бойынша, оның ішінде жинақталған сыйақыларды қосқанда жиынтық кепілді өтем сомасы 20 миллион теңгеден асырылмайды. Бұл ретте әрбір салым түрі бойынша белгіленген кепілдік сомасы ескеріледі.
 
Выплата гарантийного возмещения осуществляется в пределах лимитов, установленных законом:

- 20 миллионов тенге по сберегательным депозитам в тенге;
- 10 миллионов тенге по карточкам, счетам и другим депозитам в тенге;
- 5 миллионов тенге по карточкам, счетам и депозитам в иностранной валюте.
 
Максимальная сумма гарантии в 20 миллионов тенге установлена для сберегательного вклада. Вносится такой вклад на определенный срок и частичное изъятие средств с такого вклада не предусмотрено, но досрочно снять деньги с такого депозита возможно, уведомив об этом банк за 30 календарных дней. При этом вкладчик практически полностью потеряет начисленное вознаграждение.
 
По другим видам депозита (вклады до востребования, условные вклады, срочные вклады, несрочные вклады, средства на текущих и карточных счетах) максимальная сумма гарантии составляет 10 миллионов тенге.
 
При этом надо понимать, что срочные вклады отличаются от сберегательного вклада большей «гибкостью», их можно пополнять и частично снимать, а при досрочном изъятии таких вкладов потеря начисленного вознаграждения не такая существенная как по сберегательному вкладу.
 
Несрочные депозиты также можно в любое время пополнять и снимать в пределах неснижаемого остатка.
 
Условные вклады вносятся до наступления определенных договором банковского вклада обстоятельств, а вклады до востребования подлежат возврату полностью или частично по первому требованию вкладчика.
 
Депозиты в иностранной валюте гарантируются в пределах 5 миллионов тенге по курсу на дату лишения банка лицензии и гарантийное возмещение по таким депозитам выплачивается только в тенге.  
 
Если ваши деньги размещены в одном банке на нескольких депозитных продуктах различных по виду и валюте, включая сберегательные вклады в тенге, то совокупная сумма гарантийного возмещения по всем вашим депозитам, включая накопленное вознаграждение, составит не более 20 миллионов тенге, с учетом максимальных пределов, установленных для каждого вида депозита.
 
«ҚДКБҚ» ұжымы Ұлттық валюта мен қаржы саласы қызметкерлерінің күнімен
шын жүректен құттықтайды!

Сіздерге амандық пен қаржылық тұрақтылық, кәсіби салада жаңа блестерді бағындыруды тілейміз!


Коллектив «КФГД» от всей души поздравляет с Днем национальной валюты и работников финансовой сферы!

Желаем стабильности и процветания, новых высот в профессиональной жизни, а также финансового благополучия!
ТЕРМЕСАУАЛ. Жинақ ақшаңызды қайда сақтағанды жөн санайсыз?
Anonymous Poll
100%
Тек банктерде
0%
Үйде, сейфте
0%
Асыл металлда
0%
Артық ақша жоқ
0%
Валюта аламын
Ағымдағы жылдың үшінші тоқсаны қаржы нарығында әртүрлі уақиғаларға толы болды – инфляциялық үдерістердің бәсеңдеуі және кейін соған байланысты ақша нарығында мөлшерлемелердің төмендеуі, тұтынушылық кредиттерге шектеу қою және тауарлардың бағасын бөліп төлеу мәселелеріне жіті көңіл бөлінуі, сондай-ақ теңгенің айырбас бағамының құбылмалылығы.

Соңғысы қазақстандықтардың көпшілігінің жүйкесін жұқартты. Алайда АҚШ долларының жайғасымы нығайып, ұлттық валютаның уақытша әлсірегеніне қарамастан, бұл кезеңде салымшылардың іс-қимылы, ұстанымы таңданыс тудырды – халық бұл кезеңде өздерінің теңгелік жинақ ақшаларын валюталық депозиттерге аударған жоқ, керісінше ұлттық валютадағы депозиттерінің көлемін арттыра түсті.

Бұл азаматтарымыздың ішкі валютаға деген адалдығы мен сенімін және ой-санасының өзгеріп жатқандығын білдіреді.

Нәтижесінде есепті тоқсанда жеке тұлғалардың депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жинақ ақшалары 628 млрд теңгеге артып (+3,5%), 2023 жылдың 01 қазанына қарай 18,6 трлн теңгеге жетті. Өсім жылдық есепте 27,0%-ды құрады.

Депозиттердің көлемінің ұлғаюын бір жағынан халықтың атаулы табыстарының (2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2023 жылдың 8 айында +16%) өскендігіне, екінші жағынан салымдарға қатысты ағымдағы тартымды мөлшерлемелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің есептелуімен түсіндіруге болады.  

Есепті тоқсанда ұлттық валюта әлсірегенімен, теңгелік депозиттер тоқсан ішінде жоғары өсу қарқынын паш етті: тоқсан ішінде – 5,6%, ал жылдық тұрғыда – 37,9%. Осы ретте 2023 жылдың басынан байқалған, валюталық депозиттердің жылыстауы одан әрі жалғасты: III-тоқсанда 1,3%-ға, ал жыл басынан бері 6,1%-ға жетті.

Валюталық депозиттер үлесінің төмендеуі теңгелік депозиттер бойынша ұлттық валютаның әлсіреу деңгейінен асатын жоғары табыстылықтың ғана емес, бұқара халықтың ой-санасының өзгеруінің нәтижесі болып табылады.

Қазіргі уақытта ақша жинау бойынша валюта таңдауда айырбас бағамы халық үшін шешуші фактор болудан қалды.