ҚДКБҚ | КФГД
326 subscribers
1.02K photos
64 videos
3 files
587 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Қайырлы күн, құрметті достар!

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) салымдарды сақтандыру саласының маңызды тетіктері жайлы ақпарат беруді одан әрі жалғастырады. Бүгінгі әңгімеде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру жүйесіне (ДКБЖ, Жүйе) қандай банктер кіретіндігін еске салғымыз келеді.

🔷 ДКБЖ Қазақстанда 1999 жылы құрылды. Мақсат – банк депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Жүйенің маңызды қағидаларының бірі – оған ислам банктерінен басқа банктердің барлығы, сондай-ақ Қазақстанның бейрезидент-банктерінің филиалдары қатысуға міндетті.

Банк қаржы реттеушісінен депозиттерді қабылдау, жеке тұлғаларға шоттар ашу және оларды жүргізуге лицензия алған соң, ҚДКБҚ-ға Жүйеге қосылу жөнінде өтінішті және лицензияның нотариус куәландырған көшірмесін тапсырады. Қор оған қатысушы банк куәлігін беріп, бұл туралы ақпаратты Жүйеге қатысушы банктердің бірыңғай тізіліміне енгізеді.

🔴 Қазіргі уақытта Жүйеге 19 банк кіреді. Галереяға кіріп, олардың тізімімен танысып шығуға болады. Сонымен қатар ол туралы ақпарат Қор сайтының «Қатысушы-банктер» бөлімінде де орналастырылған.

Банк Жүйеден заңнамада бекітілген тәртіп бойынша шығарылады. Оның қызметі қандай себеппен тоқтатылғанына қарай, салымшыларға шоттарындағы қаражаттарын қайтарудың тиісті тәртібі қарастырылған. Мысалы, банк лицензиясынан айырылған жағдайда Қордың заңнамада бекітілген максималды кепілдік мөлшерінде: депозиттің түрі мен валютасына қарай 5, 10 және 20 млн теңгеге дейінгі көлемде кепілді өтем төлеуі. Бұл туралы Қордың www.kdif.kz сайтының «ҚДКБҚ кепілдіктері» бөлімінен толығырақ оқып білуге болады.

🟦 Сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы ақпаратты 1460 тегін қысқа нөміріне хабарласып немесе info@kdif.kz электронды поштасына не болмаса @kdif_ask telegram-чатына сауал жолдау арқылы біле аласыздар.
Друзья, всем доброго дня!

КФГД продолжает рассказывать о самом важном из мира страхования вкладов. В сегодняшней публикации мы хотим напомнить, какие банки участвуют в казахстанской системе гарантирования депозитов (СГД или система).

🔷 СГД в Казахстане была создана в 1999 году для защиты прав и интересов депозиторов банков. Одним из основных принципов системы является обязательное участие в ней всех банков и филиалов банков-нерезидентов Казахстана (кроме исламских банков).

Как только банк получает от финансового регулятора лицензию на прием депозитов, открытие и ведение банковских счетов физических лиц, он направляет заявление о его присоединении к СГД и нотариально засвидетельствованную копию лицензии в КФГД. КФГД выдает такому банку свидетельство банка-участника и вносит информацию о нем в единый реестр банков-участников системы.

🔴 На текущее время в систему входят 19 банков. Пролистав галерею, Вы можете ознакомиться с их полным списком. Также он размещен на сайте КФГД в соответствующем разделе «Банки-участники».

Исключение банка из СГД происходит на основаниях, определенных законодательством. В зависимости от основания прекращения деятельности банка предусмотрен соответствующий порядок возврата средств депозиторов. Например, в случае лишения банка лицензии – это выплата КФГД гарантийного возмещения в пределах максимального размера, установленного законодательством: 5, 10 и 20 млн тенге, в зависимости от вида и валюты депозита. Подробнее об этом можно прочитать на сайте Фонда www.kdif.kz в разделе «Гарантия КФГД»

🟦 Дополнительные сведения о системе гарантирования депозитов можно узнать, набрав бесплатный короткий номер 1460, либо направив запрос по электронной почте info@kdif.kz или в Telegram-чате @kdif_ask.
Қайырлы таң, құрметті достар!

Жұмыс аптасы басталды, ал бірақ алдымызда демалыс күні күтіп тұр. Барлықтарыңызды келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз! Жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болып, берген садақаларыңызға сауаптар жазылсын! Ал ҚДКБҚ (Қор) халық арасында депозиттерге кепілдік беру жүйесінің маңызды қағидаларын түсіндіруді одан әрі жалғастырады.

Біз бұл поста кепілді өтем қай валютада төленетіндігі туралы әңгімелейміз.

Өздеріңіз білетіндей, Қор жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің ислам банктерінен басқа барлық банктердегі депозиттерін қорғайды. Кепілдіктер салымдарда, шоттарда және төлем карточкаларында кез келген валютада орналастырылған қаражаттарға қолданылады. Алайда максималды өтем сомасы депозиттің түрі мен валютасына тікелей тәуелді екендігін ұмытпаған жөн:

🔷 ұлттық валютадағы жинақ депозиттер (салымдар) бойынша – 20 млн тенге;
🔷 ұлттық валютадағы өзге депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша – 10 теңге;
🔷 шетел валютасындағы депозиттер, шоттар және карточклар бойынша -5 млн теңге.

🟢 Пост тақырыбына қайта оралып, назарларыңызды мына тәртіпке аударғымыз келеді: банк лицензиясынан айырылған жағдайда кепілдік берілген өтем тек ұлттық валюта – теңгемен төленеді. Өтем сомасы банк лицензиясынан айырылған күнге қарай есептеледі және Қор шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтемді есептеу үшін банк лицензиясынан айырылған күнге қарай белгіленген нарықтық валюта айырбастау бағамын қолданады.

Салымшыларға ыңғайлы болуы үшін Қор сайтында «Калькулятор» орналастырылғандығын еске саламыз. Сол арқылы кепілді өтемнің сомасын есептей аласыздар.

🟦 Депозиттер бойынша кепілдіктер және өтем төлеу тәртібі туралы ақпаратты 1460 тегін қысқа нөміріне хабарласып немесе info@kdif.kz электронды поштасына не болмаса @kdif_ask telegram-чатына сауал жолдау арқылы біле аласыздар.
Друзья, всем доброго утра!

Рабочая неделя только началась, а уже впереди – выходной. Поздравляем Вас с наступающим праздником Курбан айт! Вместе с тем КФГД продолжает освещать важные аспекты системы гарантирования депозитов, которые необходимо знать вкладчикам.

В данном посте мы расскажем, в какой валюте осуществляется выплата гарантийного возмещения.

Как Вы знаете, КФГД защищает депозиты физических лиц, в том числе индивидуальных предпринимателей, во всех банках второго уровня, за исключением исламских. Гарантия распространяется на средства, находящиеся на вкладах, счетах, платежных карточках, вне зависимости от валюты сбережений. Однако здесь важно помнить, что от вида и валюты депозита зависит максимальная сумма возмещения:

🔷20 млн тенге по сберегательным депозитам (вкладам) в национальной валюте;
🔷10 млн тенге по карточкам, счетам и другим депозитам в национальной валюте;
🔷 5 млн тенге по карточкам, счетам и депозитам в иностранной валюте.

🟩 Возвращаясь к теме поста, обращаем Ваше внимание, что при лишении банка лицензии, гарантийное возмещение выплачивается только в национальной валюте – тенге. Так как сумма возмещения к выплате рассчитывается на дату лишения банка лицензии, для расчета по депозитам в иностранной валюте Фонд применяет рыночный курс обмена валют на дату лишения банка лицензии.

Также напоминаем, что для удобства вкладчиков на сайте КФГД размещен «Калькулятор», с помощью которого Вы можете рассчитать размер гарантийного возмещения.

🟦 Дополнительную информацию о гарантии по депозитам и порядке выплаты возмещения можно узнать, позвонив по бесплатному номеру нашего call-центра 1460, направив вопросы на info@kdif.kz или в Telegram-чат @kdif_ask.
Достар, біз «Апта тақырыбы» айдарын жүргізуді одан әрі жалғастырамыз. Онда қаржы саласы бойынша терминдердің, ұғымдардың және қысқарған сөздердің мағынасын түсіндіреміз. Бұл жолы Сіздерге «Purchase and Assumption» (P&А) рәсімі туралы әңгімелейміз. Оның нені білдіретіндігін және бұл операция не үшін қажет екендігін білетін боласыздар.

P&A операциясы проблемалық банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін немесе толық көлемде басқа, істеп тұрған банкке өткізуді білдіреді.

P&A операциясын жүргізу банк клиенттеріне қызмет көрсетуді үздіксіз жалғастыруға мүмкіндік береді. Өйткені банк операциялары мәміле жасала салысымен, банк операциялары қайта жалғасады. Сәйкесінше халық өз ақшаларына тез қол жеткізеді.

🔷 Қазақстанда P&A операциясын жүргізу мүмкіндігі заңнама деңгейінде банк лицензиясынан айырылғанға дейін және төлемге қабілетсіз банкті консервациялау, сондай-ақ одан кейін де қарастырылған. Бұл рәсім үшін Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жауапты.

Банк лицензиясынан айырылған жағдайда P&A өткізу туралы шешімді оның уақытша әкімшілігі Агенттіктің келісімін ала отырып қабылдайды. Егер оң шешім қабылданатын болса, ҚДКБҚ-дан кепілді өтем төлеу талап етілмейді. Өйткені P&A операциясы барысында жеке тұлғалардың депозиттері сатып алушы банкке толық көлемде өткізіледі.

🟢 «Purchase and Assumption» рәсімі туралы толығырақ ҚДКБҚ сайтының жаңалықтар бөлімінде «Р&А рәсімі банк салымшыларына несімен тиімді? атты материалдан оқып білуге болады.
Друзья, мы продолжаем вести свою рубрику «Тема недели», в которой объясняем термины, понятия и аббревиатуры из финансовой сферы. В этот раз мы решили рассказать Вам о процедуре «Purchase and Assumption» (P&А). В посте Вы узнаете, что означает P&А, и для чего данная операция необходима.

Операция P&A подразумевает одновременную передачу части или в полном объеме обязательств и активов проблемного банка здоровому действующему банку.

Проведение P&A позволяет обеспечить непрерывность обслуживания клиентов банка, так как банковские операции возобновляются сразу после завершения сделки, и, соответственно, население в оперативном порядке получает доступ к своим средствам.

🔷 Возможность проведения операции P&A предусмотрена в Казахстане на законодательном уровне как до лишения банка лицензии, на стадии консервации неплатежеспособного банка, так и после. За данную процедуру отвечает Агентство по регулированию и развитию финансового рынка Казахстана (Агентство).

В случае лишения банка лицензии решение о проведении P&A принимается временной администрацией банка по согласованию с Агентством. Если принимается положительное решение, выплата гарантийного возмещения КФГД не требуется, так как при P&A депозиты физических лиц передаются банку-приобретателю в полном объеме.

🟢 Более подробно о процедуре «Purchase and Assumption» можно прочитать на сайте КФГД в новостном разделе - «Чем выгодна для вкладчиков банка процедура Р&А?».
ҚДКБҚ теңгелік депозиттердің барлық түрлері бойынша 2023 жылдың тамызына арналған шекті мөлшерлемелерді шілдедегі мәнінде өзгеріссіз қалдырды.

Екінші екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдеріне қатысты сыйақы мөлшерлемелерінің көлемі қандай болатындығы туралы шешімді өз бетімен қабылдайды. Осыған байланысты банктер өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға берілетін ішкі бағаларды ескере отырып, өздерінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол ҚДКБҚ бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін.

🟦 Депозиттердің түрі мен мерзімділігіне сәйкес ҚДКБҚ шекті мөлшерлемелері мына кестеде көрсетілген.
КФГД оставил без изменения предельные ставки по всем видам депозитов в тенге на август 2023 года и сохранил их на уровне июльских значений.

Вместе с тем, банки второго уровня самостоятельно принимают решения о размерах ставок вознаграждения по своим депозитным продуктам. В связи с чем банки, в зависимости от своих потребностей в ликвидности, а также в соответствии с внутренней оценкой финансовой и экономической ситуации, вправе устанавливать иные размеры по своим депозитным продуктам, которые могут существенно отличаться от установленных КФГД предельных ставок вознаграждения.

🟦 Предельные ставки КФГД по депозитам в зависимости от их вида и срока представлены в таблице.